М.Жұмабаев поэзиясындағы хандар бейнесі



1 Ақын өлеңдеріндегі қазақ.түрік мемлекеттігі жән хандар туралы толғанысы
2 Өлең мазмұн, идеясы
3 Мағжанның “Батыр Баян” поэмасындағы 4 Абылай хан тұлғасының сомдалуы.
Біз қарастырып отырған тақырыпты арқау еткен ақын өлеңдері санаулы. Солардың ішінен қазақ жеріндегі бес су бойын мекен еткен елдің тарихын жырлайтын “Өткен күн» өлеңі. Алғашқы нұсқасы “Қазақтың кешегі күйі” деген атаумен 1913 жылы шыққан “Ызың” атты қазақ ақындары өлеңі жинағына енген. Кейін бұл өлең едәуір өзгертіліп, жаңғыртылып, 1922 жылғы Қазан жинағында жарық көрді.
Өлеңнің кіріспесі деп алынған бастапқы бөлімінде әлгі бес судың Еділ, Жайық, Сырдария, Ертіс, Жетісу екені, олармен шектескен аймақтың Сарыарқа екені айтылады. Сол аймақтың “Қонысы - жібек, ну тоғай”, Есіл мен Нұрадай тел аққан суы бар, айдын шалқар көлге бай жердің әсем табиғатымен таныстырады.
Келесі бөлімінде осындай тамаша жердің еркіндікте “Туып-өскен баласын
“Айбынды ер алаш” деп аталатыны, ол жұрттың мамыражай өмірі туралы баяндалады.
Бұл құт-берекенің негізі қайыры көп ағайынның татулығы. Соның арқасында «кедейінін
уайымы жоқ”, жаты болсын, жарыны болсын арасында бір тайдың сұраусыз жүретін
асынан тартыну жоқ халқы кең пейілді, жомарт. *
Үшінші бөлімінде осы “қой үстінде бозторғай жүмыртқалағандай жағдайды” туғызып, елдің берекесін келтіріп отырған - ел басқарудагы себептермен таныстыра бастайды. Ақын пайымдауынша оның бірі - ел арасындағы қандай бір дау-дамай іс туа қалса, оны үзатып жібермей “бітімге биге келуі”.
Әрі қарай ақын осы әділ биліктің, қазіргі тілмен тетігін (технологиясын, механизмін) ашады. Олар: тәжірибелі би, “бір тиын пара алу жоқ”, қисыққа күлақ салмайды, “туралық пен шындықты” қатар ұстайды, яғни заңдылықтан “бір бұлтармайды”.
Төртінші бөлімінде биліктің ең биігі хандық биліктің сол замандағы деңгейі айқындалады. Әділдіктің символы Хақназар хан алынады. Ерлік пен жоғары хандық билікті даналықпен ұштастырып, айналасына “Ақ найзаның ұшымен, Ақ білектін күшімен” дүшпанға қысым көрсеткей Қабанбай, Бөгенбай сияқты батырларды, Қаз дауысты Қазыбектей билерді, Жәнібектей палуанды топтастырып, жерін жаудан тазартып. елін бірлікке жұмылдыра білген сұлтанды атайды. Сол ұйысқан елдіктің соңы кешегі “бір сөзі мың ділдәлық» алты алашқа атақты Шөже, Орынбай, Жанақ, Біржан сияқты ақын, серілерді еске алады.
Бесінші бөлімінде ақын осындай биліктің нәтижесі ретінде таш да үшінші бөлімдегідей халқымвйдың соғыссыз, ел тыныш кезеңіндегі әдімі, табжатпен етене жарастықты тұрмысты кеңейтіңкіреп жырлайды. Бұл бөлімнің өлең жолдары Ақтамбердінің қазақ ел тіршілігін, Абайдың «Жазғытұры», «Жаз» өлеңдеріндегі жарастықты ел тұрмысының суреттеулерін көз алдымызға келтіреді. Осы бөлімнің соңғы төрт жолы осыған дейінгі айтылған қазақ тұрмысының түйіні. Бұның бәрін ақын “Кешегі қайран қазақтың” сәулет пен дәулетке толы “өткен күні” деп қарайды.
1. Жұмабаев М. Өткен күн (өлең). // а) Шығармалары. Алматы, «Жазушы», 1989, 65-67 бб.; ә) Шығармалар. Бірінші том. Алматы, «Білім», 1995, 84-85, 186-189 бб.
2. Жұмабаев М. «Ертегі», «Оқжетпестің қиясында», «Батыр Баян», «Жүсіп хан». // Үш томдық шығармалар жинағы. Екінші том. Поэмалар. Алматы, «Білім», 1996, 15-23, 23-26, 29-50, 50-64 бб.
3. Базарбаев М. Мағжан Жұмабаев (Поэмалары). Алғы сөз. // Таңдамалы. Алматы, «Ғылым», 1992, 22-24 б.б.
4. Тәжібаев Ә. Мағжан Жұмабаев. // Мағжан Жұмабаев. Үш томдық шығармалар жинағы. ІІ том. Ақын туралы жазылғандардан. Алматы, «Ғылым», 1992, 464-479 бб.
5. Нұрғалиев Р. Мөлдір сезім, биік парасат. // Мағжан Жұмабаев. Үш томдық шығармалар жинағы. Екінші том. Ақын туралы жазылғандардан. Алматы, «Ғылым», 1992, 491-502 б.б.
6. Елеукенов Ш. Мағжан шығармаларындағы психологизм. «Жұлдыз» журн., № 10-12, 1994, 187-198 б.б.
7. Елеукенов Ш. Поэмалары. «Қамалған қазағына жол таппаққа»… // Мағжан (Өмірі мен шығармагерлігі). Алматы, «Санат», 1995, 242-273 б.
8. Қанарбаева Б. Аңыздан поэмаға. // Жырымен жұртын оятқан. Алматы, «Санат», 1995, 158-207 б.б.
9. Кәкішұлы Т. Мағжан мен Сәкен. Ғылыми эссе. Алматы, «Қазақ университеті», 1999, 449 бет.
10. Сәкенова Р. Батыр Баян қандай бейне? «Қазақ тілі мен әдебиеті» журн., № 8, 2004, 107-116 б.б.
11. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди. Алматы, “Туран”, 2003. – 616 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
М.Жұмабаев поэзиясындағы хандар бейнесі Т.Бораш, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе
мемлекеттік университетінің оқытушысы
Авторы: admin , 5-Қараша, 2010 2 рет қаралған
а) Ақын өлеңдеріндегі қазақ-түрік мемлекеттігі жән хандар туралы
толғанысы.
Біз қарастырып отырған тақырыпты арқау еткен ақын өлеңдері санаулы.
Солардың ішінен қазақ жеріндегі бес су бойын мекен еткен елдің тарихын
жырлайтын “Өткен күн өлеңі. Алғашқы нұсқасы “Қазақтың кешегі күйі” деген
атаумен 1913 жылы шыққан “Ызың” атты қазақ ақындары өлеңі жинағына енген.
Кейін бұл өлең едәуір өзгертіліп, жаңғыртылып, 1922 жылғы Қазан жинағында
жарық көрді.
Өлеңнің кіріспесі деп алынған бастапқы бөлімінде әлгі бес судың Еділ,
Жайық, Сырдария, Ертіс, Жетісу екені, олармен шектескен аймақтың Сарыарқа
екені айтылады. Сол аймақтың “Қонысы - жібек, ну тоғай”, Есіл мен Нұрадай
тел аққан суы бар, айдын шалқар көлге бай жердің әсем табиғатымен
таныстырады.
Келесі бөлімінде осындай тамаша жердің еркіндікте “Туып-өскен баласын
“Айбынды ер алаш” деп аталатыны, ол жұрттың мамыражай өмірі туралы
баяндалады.
Бұл құт-берекенің негізі қайыры көп ағайынның татулығы. Соның арқасында
кедейінін
уайымы жоқ”, жаты болсын, жарыны болсын арасында бір тайдың сұраусыз
жүретін
асынан тартыну жоқ халқы кең пейілді, жомарт. *
Үшінші бөлімінде осы “қой үстінде бозторғай жүмыртқалағандай
жағдайды” туғызып, елдің берекесін келтіріп отырған - ел басқарудагы
себептермен таныстыра бастайды. Ақын пайымдауынша оның бірі - ел арасындағы
қандай бір дау-дамай іс туа қалса, оны үзатып жібермей “бітімге биге
келуі”.
Әрі қарай ақын осы әділ биліктің, қазіргі тілмен тетігін (технологиясын,
механизмін) ашады. Олар: тәжірибелі би, “бір тиын пара алу жоқ”, қисыққа
күлақ салмайды, “туралық пен шындықты” қатар ұстайды, яғни заңдылықтан “бір
бұлтармайды”.
Төртінші бөлімінде биліктің ең биігі хандық биліктің сол замандағы
деңгейі айқындалады. Әділдіктің символы Хақназар хан алынады. Ерлік пен
жоғары хандық билікті даналықпен ұштастырып, айналасына “Ақ найзаның
ұшымен, Ақ білектін күшімен” дүшпанға қысым көрсеткей Қабанбай, Бөгенбай
сияқты батырларды, Қаз дауысты Қазыбектей билерді, Жәнібектей палуанды
топтастырып, жерін жаудан тазартып. елін бірлікке жұмылдыра білген сұлтанды
атайды. Сол ұйысқан елдіктің соңы кешегі “бір сөзі мың ділдәлық алты
алашқа атақты Шөже, Орынбай, Жанақ, Біржан сияқты ақын, серілерді еске
алады.
Бесінші бөлімінде ақын осындай биліктің нәтижесі ретінде таш да
үшінші бөлімдегідей халқымвйдың соғыссыз, ел тыныш кезеңіндегі әдімі,
табжатпен етене жарастықты тұрмысты кеңейтіңкіреп жырлайды. Бұл бөлімнің
өлең жолдары Ақтамбердінің қазақ ел тіршілігін, Абайдың Жазғытұры, Жаз
өлеңдеріндегі жарастықты ел тұрмысының суреттеулерін көз алдымызға
келтіреді. Осы бөлімнің соңғы төрт жолы осыған дейінгі айтылған қазақ
тұрмысының түйіні. Бұның бәрін ақын “Кешегі қайран қазақтың” сәулет пен
дәулетке толы “өткен күні” деп қарайды.
Алтыншы бөлімнің алдыңғы алты жолы осыған дейінгі тамсандырған өткен күнге
контраст түрінде жырланатын бүгінгі Мағжан заманындағы күйбең өмір. Оның
белгілері: күшің кеткен баяулап, жүрсің атсыз жаяулап, елде надандық
жайлаған. Қалған он бір жолы “Басың көтер, тұр енді - деген жолдан бастап,
бүгігі ұрпаққа үндеу және не істеу керек деген сұраққа жауап іздеу. Әзірге
ол көп емес - “Өткенді ойлап қайғырма”, қай уақытта да “әр кәмалға бір
зауал” болмақшы, ескіше тұрма, сондықтан “заманың түлкі болса, тазы болып
шал” деген нақыл сөзді еске салады.
Мағжанның біздің мәселемізге келетін екінші өлеңі — әйгілі “Түркістан”
туындысы. Ақынның 1989 жылғы жинағындағы берген түсінікте бұл өлеңнің де
1923 жылғы жинағында жарық көріп, Түркістан республикасының астанасы
Ташентке келгеннен кейін жазылған. Ол кезде Қазақстанның оңтүстік төрт
облысы сол республикаға қараған болатын.
Өлең мазмұн, идеясы жағынан “Өткен күнмен”сарындас, айырмашылығы
алдыңғы өлеңде тек Қазақ хандығындағы жағдай сөз болса, “Түркістанда”
мәселе кеңейтіліп, түркі-қазақ деңгейіне көтеріледі. 25 шумақтан тұратын
көлемді өлеңнің 19 шумағы қазақтың, түркілердің даңқты, айбынды Тұран
тарихына арналған. Қазақ хандарының тарихын “Ертедегі ертегі хан
Афрасиябтан (Алып Ер Тұңғадан)” бастап, ол санатқа берідегі Ақсақ Темірді,
тіпті кеше ғана қазаққа қатынастығы жөнінен қызу пікірталас туғызған
Шыңғысханды да қосып қояды. Біздіңше қазақ хандары тарихын, Әл-Фараби, Әбу
Әли Ибн-Сина, Ұлықбек сияқты ұлы ғұламалары бар түркі мәдениеті тарихын
әріден бастауының себебі қазақ жерінің бір бөлігі кірген билігінің басында
біраз қазақ зиялылары болған Түркістан республикасын ұлықтап, одан түркі
халықтарының басын біріктірген өткен Ұлы Тұран үлгісіндегі болашақ Үлкен
Түркістанды көргісі келген сияқты.
Шығарманың соңғы алты шумағында әлгі айтылған ұлы Тұранның
бөлшектеніп, кейін “Көп түрік енші алысып тарасқанда, Қазақта қара шаңырақ
қалып”, сол шаңырақ иесі қазақтың құрған хандығы туралы айтылады. Мағжанның
қазақтың төл атымен аталған алғашқы хандығының көсемдерін атамай “Қазақтың
қасқа жолды Қасым ханын” атауының себебі осы хан тұсында қазақ мемлекеті
айналасына танылып, сол өңірдегі қуатты елдер қатарына қосылды. Мұхаммед
Хайдар Дулати “Тарих-и Рашиди” еңбегінде Қасым хан: “Дешті Қыпшақ даласын
толық биледі. Оның әскерінің саны мың-мыңдаған адам еді. Жошы ханнан кейін
ол жұртта одан ұлы хан болған емес” (11, 111( — деп, жазған болатын. “Өткен
күндегідей” бұнда да қазақ хандары ішіндегі әділдіктің үлгісі ретінде тағы
да “Әділ хан аз болады Назардайын”, — деп, Хақназарды атайды. Қазақ
хандығын нығайтуда ерекше еңбегімен танылғандар қатарында бұл өлеңде де
“Алашқа Есім ханның жолы дайын” – деп, “Есім ханның ескі жолын” еске алады.
Қазақ хандығының келесі бір көтерілген биігі бұл Тәуке хан тұсы. Ақын бұл
әз-ханның кезіндегі елде “Жеті Жарғы” негізінде, “Билер кеңесі” институты
ықпалымен халық пен билік арасында түсіністік, тәртіп орнауын, үш жүздің
басын қосып Күлтөбенің басындағы жиындарда (Құрылтайда) ел бірлігі
көкейтесті мәселелерін талқылауы айнала аңдығын жауын жасқап, соғыссыз
өткен жиырма шақты жыл “Тәукедей ханның данышпандығы арқасы деп
түсіндіреді. Мағжан Қазақ хандығының соңғы абыройлы биігі Абылай ханды бұл
өлеңінде де айналып өте алмайды. Ақын оны “Алаштың арыстаны Абылай ер” деп
бағалайды. Бұл ұлы ханның қазақ мемлекеттігінің ең ауыр кезеңдегі
терістіктен Ресей империясы, шығыстан Цин империясының қысымына, осы
екеуінің қаруландырып қолдауымен сол кездегі қуатты мемлекеттердің бірі
Жоңғар хандығының жорықтарына төтеп берген айбатын көруі еді.
Сонымен ақын бұл екі өлеңінде Қазақ хандығының әр кезде абыройын
асқақтатқан Қасым, Хақназар, Есім, Тәуке және Абылай сияқты хандардың
кейбір басты қасиеттерін ғана атап, бейнесінің жалпы нобайын ғана
белгілейді. 1917 жылғы Ресейдегі ақпан, қазан төңкерістерін пайдаланып,
алаш қайраткерлерінің “Алаш автономиясын” құруға талпынысы кезінде
қазақтарды солардың идеясын қолдауға “Арқаның ардагері – қалың алаш” – деп
атап, туған жері, ата қонысы Тұранда орыстан мүмкіндігінше тәуелсіз ел
ретінде көруге әйгілі бес ханның рухымен жігерлендіреді.
2) Мағжанның “Батыр Баян” поэмасындағы Абылай хан тұлғасының сомдалуы.
“Батыр Баян” поэмасы жалғыз Мағжанның ғана емес бүкіл қазақ
поэзиясының рухы, көркемдік шоқтығы биік поэмаларының бірі. ХХ ғасыр
басындағы орыс төңкерістерінен, алаш арыстарының кеңес үкіметі басшыларынан
ел тәуелсіздігін алу үміті өшкен, “жаны күйіп”, рухани жұтаған кезде ақын
елдің еңсесін көтерер тақырып деп ұлтымыздың өткен тарихынан демеу іздеген
сәтте осы поэманың туғаны байқалады. Оны поэманың алғашқы он жолдық
шумағынан анық аңғарылады. Поэма 1923 жылы “Шолпан” журналында жарияланған.
Мағжан жинағының (1989 ж.) поэмаға берген түсінігінде шығарманың тууына
Шоқанның “ХҮІІІ ғасыр батырлары жөніндегі тарихи аңыздар” зерттеуіндегі
Абылай мен Баянға байланысты келтірілген әңгімелердің көбісінің поэмадан
орын алғаны айтылады. Осыдан-ақ шығармаға халық арасына кең тараған аңыздар
негіз болғанын аңғаруға болады.
Зерттеу объектімізге байланысты біз поэмадан негізінен Абылай ханға
байланысты тұстарды қарастырмақшымыз. Ал олар (хан тұлғасына қатысты
тұстары) туындының едәуір бөлігін алады. Ол туралы тағы да Р.Нұрғали
пікіріне сілтеме жасаудың реті келіп тұр: “Поэма сюжеті екі арнада дамиды.
Бірі – Абылай хан, оның айналасындағы белгілі батырлар, олардың қалмақ
шапқыншылығына қарсы бүкіл халықтық күреске қатысуы, Шоқан Уәлиханов
жазатын әйгілі оқиға. Бұл бағыт ақындық шолу қалпында, суретті жөргем
түрінде беріледі. Екінші арна, әділіне келгенде, шығарманың күре тамыры –
батыр Баянның қалмақ елін шауып, Бөбек қызды қолға түсіруі, оған ғашық болу
хикаяты.” Абылайға арналған арнаның екінші, қосалқы планда болғанмен
поэмадағы оқиғаны нақтылауда, бас кейіпкер бейнесін аша түсудегі атқаратын
рөлі айта қаларлықтай.
Екі тараудан тұратын туындының Абылай хан туралы көріністер екеуінде
де бар. Абылай заманынан алынған оқиғаны, оның бас кейіпкері мен хан
бейнесін толығырақ түсінуге кіріспе іспетті поэманың алғашқы екі
шумағындағы ақын монологының орны ерекше болғандықтан алдымен соған тоқтала
кетейік. Шығарманың жазылу тарихына арналған жоғарыдағы кіріспеде ақынның
осы шығармасының дүниеге келуіне түрткі болған саяси жағдайлар туралы ой-
топшылауызды айтқанбыз. Біз кіріспесі деп алған бұл шумақтарда ақын
“жүрегін жаралаған зардың” себебі ашылады. Шындығында кеңестік заманның
жиырмасыншы жылдарының “саналыға” – алаш азаматтарына, көзі ашық, көкірегі
ояу, сол кез жағдайын түсінетін азаматтарға нағыз “абақты” болғаны белгілі.
“Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі” болғандықтан ақынның бар қолынан келері
“сұм өмірдің” – заманның қыспағына “Әдемі ертегідей баяғының” елдің ерлік
тарихын қарсы қою еді. Қазақтың елдік, ерлік тарихынан ақын үш жүздің басын
біріктіріп, алып империялар арасында мемлекеттігін сақтап, жерін
жоңғарлардан тазартқан Абылай билеген тарихи кезеңді әдейі таңдағаны
байқалады.
Бірінші тараудың ақын монологынан кейінгі бірінші бөлігінде Абылай
ханға “ертеде қоныс болған” Бурабайдың көз тартар әсем табиғатын, Бурабай
бауырайындағы қалың ағаш Абылайға орда болғанын, сол орданы “тамам алаштың
Меккедей” қасиет тұтып, “тәуеп қылғанын” ақын жырға қосады. Және осы
тарауда “Екі оттың – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыраулар поэзиясындағы Абылай хан бейнесінің көрінісі
ХVІІІ ҒАСЫРДАҒЫ АҚЫН – ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ АБЫЛАЙ ХАН БЕЙНЕСІ
Қазақ әдебиетінде Абылай хан тұлғасының жасалу ерекшеліктері
Жыраулар шығармашылығы
Жыраулар поэзиясы - тәуелсіз мемлекеттік деңгейде өмір сүрген Қазақ хандығы дәуірінің әдеби мұрасы
Мағжан Жұмабаевтың шығармалары арқылы қазақ халқының рухының мықтылығын дәлелдеуі
Жыраулар поэзиясындағы портрет
М. Жұмабаев
Жыраулар шығармаларындағы ел тағдыры.
Жыраулар поэзиясының даму және қалыптасу кезеңдері
Пәндер