Саяси шешімдер қабылдау және оны жүзеге асыру технологиялары
1 Саяси мәдениеттің жіктелуі
2 Саяси мәдениет құрылымы
3 Пайдаланған әдебиеттер
4 Пайдаланған әдебиет
1 Мәдениеттау ғылымы
2 Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы
3 Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесінде мәдениеттанудың алатын орны
4 Мәдениет пен өркениет
4.1 Адамды калыптастыру қызметі.
4.2 Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі.
4.3 Танымдық қызметі.
4.4 Реттеу қызметі.
4.5 Коммуникативтік, қарым.қатынастық қызметі.
5 Тарихи мәдени процесс
6 Мәдениеттің сұхбаттың табиғаты
7 Мәдени коммуникация
8 Тіл және мәдениет
9 Дін және мәдениет
10 Ежелгі Шығыс мәдениеті
11 Пайдаланған әдебиет

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқына жолдаған: «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты биылғы Жолдауында саясат мәселесіне ерекше мән берген. Әсіресе саясатты іске асыру туралы ұсыныстары Қазақстандағы құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру ісін жандандыра түспек. Оның мәнін түсіну үшін ең алдымен саяси шешімдер қабылдау теориясын және оны жүзеге асыру технологияларын терең білу қажет.Қоғамды басқарудың ең күрделі және жауапты элементі саяси шешімдерді талдап жасау және оны қабылдау технологиялары болып табылады. Саяси шешімдерді талдап жасау сатысында әлеуметтанушылармен, заңгерлермен және басқа да саланың мамандарымен қатар саясаттанушылар да белсенді әрекет етеді. Саяси шешімдер қабылдау және оны жүзеге асыру технологиялары саяси ғылымда ең аз зерттелген деуге болады. Саяси өмірде теориялық ілімді, қағидаларды білу ғана маңызды емес, сонымен бірге дұрыс саяси шешімдер қабылдау және саясат іс жүзінде қалай, қандай әдіс-тәсілдермен, қандай технологиялардың көмегімен жүзеге асырылатынын білудің де мәні зор. Саяси шешімдерді қабылдау технологиялары – бұл әр түрлі топтар мен азаматтардың саяси талаптарын, бүкіл қоғам үшін қолайлы әлеуметтік қатынастарды реттеудің құралдары мен әдістерін қайта құрудың орталық элементі болып табылады. Қысқасын айтқанда, шешім қабылдау технологиялары – бұл әлеуметтік процестерді басқаруда саяси билікті технологиялық қайта құру болып табылады. «Шешімдер қабылдау» термині әлеуметтік және ұйымдастыру процестерін децентрилизациялаудың сипаттамасын беру үшін бірінші рет ХХ ғасырдың 30-жылдарында пайда болды.
Қазіргі кезде саяси ғылымдарда саяси шешімдерді қабылдау процесінің технологиясын түсінуге негізінен екі тұрғыдан қарастыру қалыптасқан. Бұлар – нормативтік және мінез-құлықтық теориялар. Нормативтік теория (Р.Абельсон, А.Левин және т.б.) оны күрделі процестерде саяси мақсаттарды ұтымды таңдау процесі ретінде түсіндіреді. Мұндай таңдауды оңтайландырудың маңызды құралы ретінде әр түрлі математикалық моделдеу, операцияларды зерттеу және басқа да инструменттік тәсілдерді пайдалану, сондай-ақ стандарттық схемаларды да пайдалану ұсынылып отыр. Аталған процесті адамдардың ерекше өзара іс-әрекеті ретінде қарастыратын мінез-құлық теориясы (Г.Саймон, Л.Планкетт, Г.Хейл және т.б.) нақты ситуацияларды саяси шешімдердің қабылдауына ықпал ететін әр түрлі факторларда сипаттауға бағытталған.

1 Теориялық саясаттану. Оқулық. — Алматы: Издательский центр ОФППИ «Интерлигал», 2005.
2 Қазақ Энциклопедиясы
Гердер И.Г. Идеи к философии истории человечества. — М., 1977. — С. 252
3 Қазақтың дүниетанымы. Алматы, 1993
Саяси ойлар тарихы
4 Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу

Саяси шешім
Саяси шешім - саясат саласында нақты нәтижеге қол жеткізу мақсатында саяси
іс-қимылдарды жүзеге асыруға бағытталған қаулы. Саяси іс-әрекет
субъектісімен қабылданады. Саяси шешім ғылыми негізделуі, уақыт талабына
сай болуы керек.
Саяси шешім үрдіс ретінде бірнеше кезеңдерді басынан кешіреді: дайындық,
дайындау, қабылданған шешімді таңдау және жүзеге асыру, қол жеткізген
нәтижелерге талдау жасау.
Дайындық кезеңінде саяси шешімді қабылдауға қажет уақыт, ресурс анықталады.
Саяси шешімді дайындау кезеңінде мәселені талдауға көп көңіл бөлінеді.
Мәселенің өзектілігі, шығу себептері, оның салдары, т.б.
Саяси шешімді таңдау кезеңі ақпаратты өңдеуге, оны таңдауды негіздеуге
пайдаланылады. Жүзеге асыру кезеңі саяси шешімді жүзеге асыру іс-
қимылдарынан, оны түсіндіру мен кедергілерден арылудан түрады. Қол
жеткізген нәтижелерді талдау, бағалау соңғы кезең болып табылады. Саяси
шешімді қабылдаудағы бұл сатылық оның тиімділігін арттырады.
САЯСИ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ел халқына жолдаған:
Болашақтың іргесін бірге қалаймыз атты биылғы Жолдауында саясат
мәселесіне ерекше мән берген. Әсіресе саясатты іске асыру туралы ұсыныстары
Қазақстандағы құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру ісін жандандыра түспек.
Оның мәнін түсіну үшін ең алдымен саяси шешімдер қабылдау теориясын және
оны жүзеге асыру технологияларын терең білу қажет.Қоғамды басқарудың ең
күрделі және жауапты элементі саяси шешімдерді талдап жасау және оны
қабылдау технологиялары болып табылады. Саяси шешімдерді талдап жасау
сатысында әлеуметтанушылармен, заңгерлермен және басқа да саланың
мамандарымен қатар саясаттанушылар да белсенді әрекет етеді. Саяси шешімдер
қабылдау және оны жүзеге асыру технологиялары саяси ғылымда ең аз
зерттелген деуге болады. Саяси өмірде теориялық ілімді, қағидаларды білу
ғана маңызды емес, сонымен бірге дұрыс саяси шешімдер қабылдау және саясат
іс жүзінде қалай, қандай әдіс-тәсілдермен, қандай технологиялардың
көмегімен жүзеге асырылатынын білудің де мәні зор. Саяси шешімдерді
қабылдау технологиялары – бұл әр түрлі топтар мен азаматтардың саяси
талаптарын, бүкіл қоғам үшін қолайлы әлеуметтік қатынастарды реттеудің
құралдары мен әдістерін қайта құрудың орталық элементі болып табылады.
Қысқасын айтқанда, шешім қабылдау технологиялары – бұл әлеуметтік
процестерді басқаруда саяси билікті технологиялық қайта құру болып
табылады. Шешімдер қабылдау термині әлеуметтік және ұйымдастыру
процестерін децентрилизациялаудың сипаттамасын беру үшін бірінші рет ХХ
ғасырдың 30-жылдарында пайда болды.
Қазіргі кезде саяси ғылымдарда саяси шешімдерді қабылдау процесінің
технологиясын түсінуге негізінен екі тұрғыдан қарастыру қалыптасқан. Бұлар
– нормативтік және мінез-құлықтық теориялар. Нормативтік теория
(Р.Абельсон, А.Левин және т.б.) оны күрделі процестерде саяси мақсаттарды
ұтымды таңдау процесі ретінде түсіндіреді. Мұндай таңдауды оңтайландырудың
маңызды құралы ретінде әр түрлі математикалық моделдеу, операцияларды
зерттеу және басқа да инструменттік тәсілдерді пайдалану, сондай-ақ
стандарттық схемаларды да пайдалану ұсынылып отыр. Аталған процесті
адамдардың ерекше өзара іс-әрекеті ретінде қарастыратын мінез-құлық
теориясы (Г.Саймон, Л.Планкетт, Г.Хейл және т.б.) нақты ситуацияларды саяси
шешімдердің қабылдауына ықпал ететін әр түрлі факторларда сипаттауға
бағытталған.
Шешімдер қабылдауда қолданылатын технологиялар мен механизмдер терең
сипатталған процестерге, әрекет ету саласымен, ондағы субъектілер
түрлерімен, оның басқа да құрылымдық факторларының тұрақты жағдайларымен
сәйкестендірілген олардың өзгеше ерекшеліктеріне тікелей байланысты
екендігін айтуға тура келеді. Осыған байланысты корпоративтік секторда
жекелеген ұйымдар деңгейінде саяси шешімдер қабылдау технологияларының
процессуалдық ерекшеліктерін ажырату белгіленген.
Саяси шешім – бұл саяси іс-әрекеттің мүмкін деп саналатын кем дегенде екі
вариантының бірін саналы түрде таңдау деген сөз. Әдетте саяси ғылымдарда
саяси шешімдер қабылдау технологияларының процесін әр түрлі көзқарас
тұрғысынан дифференциялауға ұмтылыс жасалуда. Бірақ олардан неғұрлым
қарапайым біреуі үш негізгі кезеңді бөліп көрсету жолымен іріктелінеді:
олар – дайындық (алдын ала), шешімдерді қабылдау және шешімдерді жүзеге
асыру. Әрбір кезең технологиялардағы өзіндік ерекшелігімен белгілі және ол
бірқатар факторлар арқылы анықталады.
Саяси процесс туралы ұғым
Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында
ол коғамның саяси жүйесінің уакыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін
білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір
көлемдегі процесті көрсетеді. Мысалы, қайсыбір партия не қозғалыстың
қалыптасуы, сайлаудын өткізілуі, басқарудың жаңа құрылымының дүниеге келуі
және т. с. с.
Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала — өте күрделі құбылыс. Онда әмір
сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат-мүдделері кейде
қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады. Соған орай күн сайын көптеген
өзгерістер болып, бір саяси нұсқаулар дүниеге келіп, екіншілері өз күшін
сақтап, үшіншілері өшіп дегендей, өзгеріп жататыны белгілі. Осындай саяси
жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін,
қозғалысын саяси процесс дейді. Бұл процесс саяси деп аталғандықган ондағы
өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды
шешім кабылдауға, басқарушылардың қызметін бақылауға және т. с. с.
жұмылдыруға, халықтың саяси белсенділігін артгыруға байланысты болады.
Сондықтан саяси процестің басты мәселесі, азаматтардың әр түрлі мүдделерін
біріктіріп, жи- нақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда.
Жалпы ұжымдық мақсат-мұратты анықтауға, қалыптастыруға ресми органдар,
билік институттары, кәсіподақтар, бейресми ұйымдар, ақпарат құралдары және
т.б. қатысады. Бірақ мұнда басты рөлді жоғарғы мемлекеттік билік
институттары атқарады. Себебі, саяси шешімдерді қабылдап, іске асыратын
негізгі тетік солар. Биліктің шоғырлану дәрежесі, саяси дамудың мақсат-
мұратын айқындауға қатысатын топтардың арасындағы өкілеттілікті бөлу
мәселелері олардың іс-әрекетіне байланысты. Саяси субъектілердің өзара
қатынастары, саяси өзгерістердің екпіні, т.т. да солардың іс-қимылдарымен
айкындалады.
Ұсақ саяси қарарлар күн сайын шығып жатады десе де болады. Ал көпшілік
жұртты қамтитын ірі саяси шешімдер, құжаттар (Конституция қабылдау, сайлау,
референдум өткізу сияқты) қоғам өмірінде сирек кездеседі. Оларды
дайындауға, өткізуге көптеген адамдар тартылып, үлкен оқиғаға, саяси
белеске айналады. Сондықтан саяси процесс белес-белес, циклмен дамиды десе
де болады. Ондай мәселелерді көбіне билік институттары іске асырады.
Демократиялық елдерде саяси процесс әдетте сайлау цикліне байланысты
қалыптасады. Бұрынғы Кеңес өкіметінде СОКП-ның съездері бүкіл саяси жұмысқа
ырғақ беріп, цикл содан басталатын.
Саяси процесті ұйымдастыру түпкі ой, ниет, идеядан басталады. Кейін оны
атқарушы субъект (үкімет, саяси серке т.т.) процестің теориясын немесе
тұғырнамасын жасайды. Мұнда ең алдымен мақсаттандалады. Мақсат түпкілікті
мұрат ретінде және жақын арада нақтылы нәтиже берерлік, жетістікке
жеткізерлік болуы мүмкін. Осыған орай саяси процесті орындау, жүзеге
асырудың құралдары, тәсілдері қарастырылады. Қанша уақыттың көлемінде іске
асыруға болады, қанша адам, кімдер катынасады т.т. ойластырылады.
Орындаушылардың алға қойған талаптарына жауап бере алуымен қатар, олардың
жеткілікті қаржылары болуы керек. Саяси процестің әрбір кезеңі бақайшағына
дейін мұқият тексерілгенінде ғана табысты болады.
Саяси процесс – күрделі құбылыс. Ол күнделікті өзгерістерден бастап,
коғамның саяси жүйесінің түбегейлі өзгерісіне дейінгі аралықты қамтиды.
Саяси жүйені тұтас алсак, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге
болады.
1. Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына
жаңасы келгенде, ол бұрынғы мемлекеттік билікті ауыстыруы немесе оған
дейінгі саяси-құқықтық құрылымдарды жаңарған жағдайға бейімдеуі мүмкін.
Егер көпшілік жұрт жаңа жүйені мойындап, қолдаса, оның легитимді болғанын
білдіреді. Мұндайда саяси жүйе өзін-өзі қалпына келтіретін жағдайға жетеді.
2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы. Бұл да күрделі құбылыс. Жеңіске жеткен
жүйе, бір жағынан, ескінің орныққан элементтерін, ұйымдарын қайта жұмыс
істетеді, екінші жағынан, жаңартып, өзгертеді, жетілдіреді. Жаңа саяси
қатынастар мен институттар құралады, саяси ережелер мен қазыналар, нышандар
пайда болады. Өздеріне тән саяси түсініктері, көзқарастары, іс-қимылдары
бар саяси қатынастардың жаңа субъектісі дүниеге келеді.
3. Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру. Қоғамдағы әр
түрлі адамдардың, топтардың, таптардың, бірлестіктердің қажетгіктері,
мақсаттары сан қилы, бірталай жағдайда қарама-қарсы келіп жатады. Билеуші
элиталар, партиялар өздерінің оппозициялық қарсыластарымен тіл табысып, бұл
қайшылықтарды дер кезінде байқап, асқындырмай, реттеп, халықтың талап-
тілектері мен мүдделерін үйлестіріп, қоғамның тұтастығын, тыныштығын,
тұрақтылығын сақтап, соған жағдай жасауы керек. Бұл — саяси мәселе.
Батыстың көптеген елдерінде биліктің әр тармағының (орталықтағы не
жергілікті жердегі болсын) өз алдына бөлек сарапшы кеңесшілері, көмекші
топтары және т.б. ақыл-кеңес беретін құрылымдары болады. Олар арнайы ғылыми-
талдау жұмыстарын жүргізіп, ең дұрыс, қолайлы шешімдерді қабылдауға
жәрдемдеседі.
4. Саяси жүйенің жағдайымен іс-әрекетін бақылау. Оған саяси жүйе мен саяси
процеске қатысушылардың, элиталардың жұмысында шыға қойған бағдар, мақсат-
мүддеден ауытқушылықты, жан сақ басушылықты түзету, қорытынды жасау
кіреді.Ол екі жолмен жүргізіледі. Біріншісі — мемлекеттік мекемелер, партия
органдары, қоғамдық ұйымдар мен козғалыстардың белгілі бір құрылымдары
арқылы жүзеге асады. Мұнда мемлекет аппаратына қарасты тексеру, қадағалау
қызметтері, партиялық бақылау, ресми баспасөз органдары енеді. Бұл — саяси
жүйедегі бақылау органдарының қызмет бабында атқаратын міндетті жұмысы,
яғни өзін-өзі бақылауы. Екіншісінде, саяси жүйенің жұмысына бақылау жасауға
барлық азаматтардың қатысуына мүмкіндік жасалады. Мұны "төменнен бакылау"
десе де болады. Бұл үшін қоғам демократиялық жолмен дамығанда ғана жағдай
туады, тоталитарлық тәртіпте оған жол берілмейді.
Саяси үрдіс - саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келуі,
ауысуы, өзгеруі, қозғалысы. Бұл үрдіс саяси деп аталғандықтан ондағы
өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу және қайта белуге, азаматтарды
шешім қабылдауға, басқарушылардың қызметін бақылауға, жүмылдыруға, халықтың
саяси белсенділігін арттыруға байланысты болады. Саяси үрдістің басты
белгісі азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп, жинақтайтын саяси
шешім қабылдауда және оны іске асыруда.
Пайдаланған әдебиет
Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - воспитиние,
образование, развитие) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік
қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы. Яғни,
өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан
саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық,
қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған
ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-
өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жүмыс істейтін саяси
мекемелердің мәдениеті кіреді.
Мазмұны
1 Саяси мәдениеттің жіктелуі
2 Саяси мәдениет құрылымы
3 Пайдаланған әдебиеттер
4 Пайдаланған әдебиет
Саяси мәдениеттің жіктелуі
Саяси мәдениеттің жіктелуі - Г.Алмонд пен С.Верба ұсынған саяси мәдениет
түрлері:
"патриархалдық" мәдениет, мұнда жалпыұлттық саясаттың мақсаттары мен
құндылықтары туралы біліктер, сезімдер мен нормативті пайымдаулар жоқтың
қасы. Қатысу мәдениетінің осы типіне негізделген жүріс-тұрыс үлгісі бүкіл
ұлтқа қатысты саяси процеске деген немқұрайлылықпен, бұл саладағы еш
үміттердің болмауымен және жергілікті немесе этникалық ынтымақтастыққа
негізделген бірегей топталумен сипатталады;
"Бағыну, тәуелділік пен табыну" мәдениеті саяси басшылық қадағалауға тиісті
нормалар мен бағынуға тиісті өкімдерді "өндіруші мен сыйлаушы" ретінде
қабылданатын жүріс-тұрыс үлгісін анықтайды. Бұл үлгідегі негізгі
психологиялық мотивтер игіліктерді күтушілік пен жазадан қорқу болып
табылады;
"Қатысу" мәдениеті жүріс-тұрыстың біршама күрделі үлгісіне ие. Оны
әлеуметтік серіктестік ретінде сипаттауға болады, мұнда мемлекеттік
биліктің саналы сипаты мен тиімділігіне қарай бағынуды қажет ететін
нормалар мен өкімдерді "өндіруші" ретінде де, саяси шешімдерді қабылдауға
төменнен келетін қатысушы ретінде де қабылдана алады.
Саяси мәдениет құрылымы
Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі
жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе
мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б.
Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар
жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың
қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі -
адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси
мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді. Ол субъектілердің саяси
құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән
бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде
көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны
зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық
өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін
жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта
және т.б. енеді.
Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен оның институттарының қызмет етуі
кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б. сайлауды ұйымдастыруын, әр
түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік
шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды.
Пайдаланған әдебиеттер
↑ Орысша-қазақша заңдык түсіндірме сөздік-анық тамалық. - Алматы: Жеті
жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6

Саяси мәдениет және саяси практика
Саяси мәдениет қоғамның саяси практикасына айтарлықтай ықпалын тигізеді.
Шынайы саяси практика саяси қатынастар субъектілерінің өзара әрекетімен
сипатталынады, онда соңғысы белгілі бір рөлдер мен функциялар атқарады.Бүл
жағдайда саяси практика процесс ретінде олар арқылы саяси қатынастар
субъектілері мен мемлекеттік биліктің саяси белсенділігі, идеялардеориялар,
көзқарастар, әдістер, саяси акциялар, әрекеттердің апробациялануы жүзеге
асатын және сонымен қатар олардың нәтижелерін бағалау өтетін үйымдастырушы
құрылымдардың өзара әрекетін де қамтиды. "Саяси практиканың процесс
ретіндегі" үғымы кең мағынада, түтастай алғанда қоғамдық организмнің
шеңберіндегі ұзақ уақыттар бойы саяси қатынастардың негізгі субъектілерінің
өзара әрекеттесулерінің сипаты мен ерекшеліктерін қамтиды. Тар мағынасында,
жекелеген әлеуметтік жағдайларда, акцияларда саяси қатынастар
субъектілерінің мүдделерінің жүзеге асуын көрсетеді. Саяси практиканың
ерекшелігінің өзі сонда, ол субъектілердің әрекетінің негізінде өтеді,
өйткені олардың мүдделері саясат сферасында айтарлықтай айқын белгіленген.
Осы мүдделерді саяси түсінуде, оларды саяси шынайылық сферасына ауыстыруда
саяси мәдениет шешуші рөлге ие болады. Саяси мәдениеттің барлық қүрылымдық
элементтері, яғни идеялар, принциптер, теориялық концепциялар, саяси
қызметтің үйымдастыру формалары, әдістері, қүралдары өздерінің шынайы мәні
мен көрінісін саяси практикада табады.
Саясаттанудың қызметі
Саясаттанудың қызметі - қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді
(функцияларды) атқарады. Оған ең алдымен танымдық қызметі жатады. Саяси
білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуғе, олардың саяси мәнін түсінуге және
болашақты болжауға мүмкіндік береді.
Келесі қызметі - бағалау. Ол саяси құрылысқа, институттарға, іс-әрекеттерге
және оқиғаларға саяси баға береді. Демократиялық мемлекеттерде саясаттану
саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық
саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.
Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі -
қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси
өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың
үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді
басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді.
Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым саяси
институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта
қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы
органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық шешімдер
алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда немесе оның жеке
аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады.
Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, оның орнына
бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді, мемлекеттік
басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, әлеуметтік-саяси шиеленістерді
ауыртпалықсыз шешу жолдары мен әдістерін көрсетеді.
Ең соңында саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің
құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол
белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер
жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси
ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда.
Саясаттану әдістері - саясаттану ғылым ретінде жалпы ғылыми әдістердің
белгілі бір қорын пайдаланады. Ғылыми зерттеудің қандай да бір әдістері мен
құралдарының басымдылығы саясаттанудың ғылым ретіндегі пәнінің өзіндік
ерекшелігіне байланысты. Саясаттану әдістері: әлеуметтанулық, тарихи,
салыстырмалы талдау, құрылымдық-функционалдық, бихевиористік, жүйелік.
Әлеуметтанулық әдіс саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік
құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайды.
Тарихи тәсіл саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті, заманына қарай,
бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып қарастырады. Ол
әр түрлі саяси оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт
мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.
Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың
жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді.
Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымның бір бөлігі
ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын,
қызметін айналадағы ортамен, басқа құбылыстармен байланысын зерттейді.
Бихевиористік әдіс жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін, белгілі бір
саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға
негізделеді.
Құрылымдық-функционалдық әдіс - саяси институттардың, саяси қатынас¬тар
субъектілерінің қызметін сараптау жолымен саяси процестерді зерттеу әдісі.
Функция арқылы құрылымдардың әлеуметтік мәні, қоғамдық-саяси процестегі
орны мен рөлі лайықты түрде анықталады.
Пайдаланған әдебиет
Теориялық саясаттану. Оқулық. — Алматы: Издательский центр ОФППИ
Интерлигал, 2005.
4,Мәдениеттану
Мәдениеттану— мәдениет туралы ғылым әрі философиялық ілім. Мәдениеттау жеке
пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптасты. Мәдениеттау пәні
жергілікті және аймақтық мәдениеттердің сапалық ерекшеліктерін, олардың
өзара байланыстары мен мәдениеттің басқа түрлерімен сабақтастығын, қарым-
қатынасын зерттей отырып, адамзат қоғамының біртұтас мәдени даму процесінің
жалпы заңдылықтарын анықтайды.
Мазмұны
1 Мәдениеттау ғылымы
2 Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы
3 Қазіргі заманғы ғылымдар жүйесінде мәдениеттанудың алатын орны
4 Мәдениет пен өркениет
4.1 Адамды калыптастыру қызметі.
4.2 Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі.
4.3 Танымдық қызметі.
4.4 Реттеу қызметі.
4.5 Коммуникативтік, қарым-қатынастық қызметі.
5 Тарихи мәдени процесс
6 Мәдениеттің сұхбаттың табиғаты
7 Мәдени коммуникация
8 Тіл және мәдениет
9 Дін және мәдениет
10 Ежелгі Шығыс мәдениеті
11 Пайдаланған әдебиет
Мәдениеттау ғылымы
Мәдениеттау пәні әр түрлі қоғамның өмір сүруі барысындағы мәдени өмірді жан-
жақты қамтып, мәдени құбылыстарға ғылыми тұрғыдан талдау жасайды.
Мәдениеттауды тек гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы
теоретикалық пәндер қатарына жатқызуға болады, өйткені ол адамзат баласының
мәдени өміріндегі сан алуан құбылыстарды жүйелі түрде қарастырады.
Мәдениеттау мен көптеген ғылым салалары шұғылданады. Оның ғылым ретінде
қалыптасуына антропология, тарих, психология, педагогика секілді ғылым
салалары зор ықпал етті. Мәдениеттау пәнінің негізгі мәселесі адамзаттың
ерекше өмір сүру тәсілі ретінде мәдениеттің қалыптасып дамуы, оның генезисі
болып табылады. Бұл орайда мәдениеттанушылардың басты мақсаты –
дүниежүзілік және ұлттық деңгейдегі тарихи-мәдени процестерді тарихи шындық
тұрғысынан түсіндіре отырып, оларды болжай білу. Кеңес дәуірінде
Қазақстанда Мәдениеттау пәні жүйелі түрде оқытылмай, гуманитарлық ғылымдар
саласында өзінің нақты орнын таба алмады.
Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы
Мәдениет дегеніміз не? деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің
этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне
тоқталуды жөн кәрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың мадавият қала,
қалалық деген сөзінен енген. Бұл ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің
өркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген
көптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға болады.
Бұл жерде алдымен көзге түсетіні мәдениет пен табиғатты культура мен
натураны қарсы қоюшылық. Көне заманда культура деген ұғым жерді өңдеу
деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цицеронның еңбектерінде
(б.э.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп, жанды жетілдіру деген ұғымды
білдірді. Уақыт өткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сөзі білім беру,
даму, қабілеттілік, құрметтеу сияқты мағыналарға ие бола бастады.
Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген:
мәдениет белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының
жиынтығы;
мәдениет адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен
өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, критмикен мәдениеті, қазақ
мәдениеті және тағы басқалары;
мәдениет адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу
мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және тағы басқалары);
агро мәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет және тағы
басқалары).
Ал осы ұғымдардың ішінде мәдениеттану пәніне алғашқы екі ұғымның тікелей
қатысты екендігін аңғаруға болады. Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ
даму жолын өтті, оны алғашқы рет ғылыми тұрғыдан анықтауға ұмтылған
философтар болды. Бірақ, өкінішке орай, XVIII ғасырға, яғни ағартушылық
дәуірі кезеңіне дейін, басты құндылық — адам мен оның ақыл-ойы деген қағида
жүзеге асқанға дейін мәдениет сөзі белгілі бір мойындалған термин ретінде
қолданылмады, бар болғаны жаңа ұғымдардың синонимі ретінде ғана пайдаланды.
Сөзіміз дәлелді болу үшін, мәдениет ұғымын талдауды көне заманнан
бастағанды жөн кәрдік. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей бұл терминнің алғашқы
мағынасы жер-анамен, оны өңдеп-баптаумен тығыз байланысты болды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz