Қосылған құн салығы бойынша есебі


Жоспар
Кіріспе
І. ҚҚС бойынша есебі
1. 1. Қосылған құн салығы
1. 2. ҚҚС-ғы бойынша есептеу және төлеу тәртібі
1. 3. ҚҚС-ғы бойынша есепке қою
ІІ. ҚҚС бойынша есепке қою тәсілдері.
2. 1. Қосылған құн салығының есебі балама тәсілі
2. 2. ҚҚС бойынша қосымша айырмалар
Қорытынды
Кіріспе
Тарауда өзгеше көзделмесе тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) алушының бюджет жарнасына жатқызылуға тиіс салық сомасын анықтау кезінде, негізгі құралдарды қоса алғанда, алынған тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер салық салынатын айналым мақсатында пайдаланылса немесе пайдаланылатын болса, сондай-ақ, егер мынадай шарттар орындалса:
тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) алушы осы Кодекстің 207-бабының 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болып табылса;
өнім беруші өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) шот-фактурасын ұсынса, егер өнім беруші қосылған құн салығының төлеушісі болып табылмаса, шот-фактура "ҚҚС жоқ" деген белгімен жазылса;
тауарлар импорты жағдайында - қосылған құн салығы бюджетке төленгөн болса;
Кодекстің 221-бабында көзделген жағдайларда - қосылған құн салығы іс жүзінде бюджетке енгізілген болса, олар үшін төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.
Мыналар: қосылған құн салығы бөліп көрсетілген шот-фактуралар бойынша өнім беруші төлеуге тиіс салық сомасы;
Қазақстан Республикасының кеден заңдарына-сәйкес ресімделіл, кедендік жүк декларациясында көрсетілген және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және кеден режимінің шарттарына сәйкес қайтарылуға жатпайтын салық сомасы;
осы Кодекстің 221-бабына сәйкес қосылған құн салығының төленгенін растайтын төлем құжатында көрсетілген салық сомасы;
темір жол немесе әуе көліктерінде берілетін жол жүру билетгерінде көрсетілген салықсомасы;
есеп айырысулары банктер арқылы жүргізілетін, коммуналдық көрсетуші қолданатын құжаттарда көрсетілген салықсомасы;
Кодекстің 208-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, - осы баптың тиісті тармақшаларына сәйкес расталған жағдайда, қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған күнге жасалған тауарлардың қалдықтарын түгендеу тізімдемеде көрсетілген салық сомасы;
тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) қолма-қол есеп айырысу арқылы сатып алған жағдайда, бақылау-касса машинасының чегінде көрсетілген салық сомасы осы баптың 1-тармағына сәйкес есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады. Халықаралық шартқа сәйкес оларға қатысты тауарлардың экспорты мен импортына салық салудың өзгеше тәртібі қолданылатын, Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды берушілерге төленуге тиіс қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен есепке жатқызылады.
Қосылған құн салығы осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) алынған салық кезеңінде есепке жатқызылады.
Қосылған құн салығы осы Кодекстің 221-бабына сәйкес төленген жағдайда, төленген салық бюджетке салық нақты енгізілген салық кезеңінде есепке жатқызылады.
Қосылған құн салығын төлеушіде салық салынатын және салық салынбайтын, оның ішінде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар болған кезде, қосылған құн салығы осы Кодекстің 239-бабында көзделген тәртіппен есепке жатқызылады.
І. ҚҚС бойынша есебі
1. 1. Қосылған құн салығы
Бұл өндіріс процесіне және тауардың (жұмыстың, қызметтердің) айналысына қосылған, сату айналысына салынатын құн бөлігінің бюджетке аударылатын, қосылған құны салығы болып табылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттау кезінде жасалатын аударымдар. Бюджетке төлеуге жататын (тиісті) қосылған құн салығы тауар айналымына қосылған құннан, орындалған жұмыстан, көрсетілген қызметтен ұсталынады.
Қосылған құнға салынатын салық объектілері болып, салық салынатын айналым және салық салынатын импорт болып табылады.
Сондай-ақ, еңбек ақы заттай түрде төленген жағдайда берілетін тауарлардың қүнына қосылған құнға салынатын салық енгізіледі.
Салықтан босатылған тауарлардан басқа, сырттан әкелінетін тауарларға салық салынады. "Сату" термині тауарларға қатысты қолданғанда сатуды, айырбастауды, ақысыз беруді немесе кепілге салынған тауарларды кепілдікке зат ұстаушының меншігіне беру және жұмыстар мен қызметтерді орындау деп білеміз.
Қосымша құнға салынатын салық бойынша есепте тұрған немесе тұруға міндетті кәсіпкерлік, яғни заңды тұлғалар салық төлеушілер болып табылады. Қазақстан Республикасының қатысуымен жасалған халықаралық шарттарда түсті және қара металлдардың сынығын қоспағанда, тауарлардың экспортына нольдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Қосымша құнға салынатын салықтың мөлшерлілігі салық салынатын айналымның 16 пайызын құрайды (ҚҚС-нан босатылған айналымды қоспағанда) . Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының (ҚҚС) сомасы сатылған тауарға есептелген ҚҚС сомасы мен, алынған тауар үшін телеуге жататын ҚҚС сомасының арасындағы айырмасынан шығады.
Казақстан Республикасы-ның кедендік заңына сәйкес Қазақстан
Республикасының аймағына тауар әкелуші (импорттаушы) тұлғалар қосылған құн салығынтөлеуші болып табылады
1 МЕК құрайтын тауар айналымы бар кез келген тұлға 15 календарлық күннен кешіктірілмей салық органына есепке тұру үшін өтініш беруі керек. Оның сату бойынша айналымын анықтаған кезде, қосылған құн салығынан босатылған тауардың айналымы, сондай-ақ жеке тұлғаның өз мүлкін сатқандағы айналымын да, егер ол кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмасл есепке алынбайды. Есепке тұрғаннан кейін, оған қосылған құн салығын төлеуші ретінде куәлік беріледі.
Қосылған құн салығын төлеушінің тауарды (жұмысты, қызметті) сатуы бойынша жасаған айналымына салық салынады және ол салық салынатын айналым болып табылады; Салық Кодексімен босатылғандар немесе Қазақстан Республикасы өнімді сатудың орны болып табылмаса, онда олар салық салынатын айналымға кірмейді. Салық салынатын айналымның деңгейін қосылған құн салығының сомасына қоспай, тариф пен тараптардың мәмілесі бойынша белгіленген бағасын қолдана отырып, тауардың (жұмыстың, қызметтің) сатылатын қүнын негізге ала отырып анықтайды. Қазақстан Республикасының аймағына сырттан (импорттан) келген тауарларға салық салынады (қосылған құн салығынан босатылғаннан басқасы) . Оларға салынатын салықтың деңгейі Қазақстан Республикасындағы кеден заңына сәйкес анықталады және оларға кеден құны да қосылады. Қосылған құн салығын анықтау үшін сату орны болып мыналар танылады:
Жұмыс пен қызметтің нақты жүзеге асқан жері, егер олар сол мүліктің қозғалысымен байланысты болса;
Қызмет көрсеткен нақты орны, сол қызметке қатысты болса, мәдениет саласы, өнер, білім, спорт;
Кәсіпкерліктің орны немесе жұмысты, қызметті сатып алушының кез келген қызметі, келесіден жұмыс пен қызметке қатысты болса:
-өз меншігіндегі құқық объектісін пайдалануға берсе;
-кеңес, аудиторлық, инжиниринголық, бухгалтерлік т. б. қызмет көрсетсе;
-қозғалыста болатын мүліктерін жалғаға берсе (транспорттық құралдың транспорттық ұйымға көрсеткен қызметінен басқасы) ;
-тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) алу (немесе табу) бойынша агенттердің қызметі;
-байланыс;
- туризмді ұйымдастыру бойынша
Тауар (жұмыс. қызмет) алушы бюджетке төленетін жарнасы бойынша салық сомасын анықтаған кезде қосылған құн салығының сомасын зачетқа жатқызуға құқығы бар. Зачетқа жатқызылатын айналымды есептеген кезде қосылған құн салығын төлеуші пропорционалды немесе бөлек есептелінетін әдісті таңцай алады. Пропорционалды әдісте қосылған құн салығын жалпы айналымдағы сомадан үлес салмағы бойынша анықтайды және соның деңгейінде зачетқа жатқыза алады. Ал бағалы қағаз бойынша операциясының кезінде сату бойынша айналымына, оның өсімі қосылады. Ал бөлек есептелінетін әдісте салық төлеуші шығыс сомасы бойынша және алынған тауардың (жұмыстың, қызметтің) қосылған құн салығының сомасы бойынша жеке есептеулер жүргізеді және салық салынбайтын айналымның үлес салмағын және олардың сомасын анықтауға көмектеседі. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы айналым бойынша есептелген қосылған құн салығының сомасы мен зачетқа жатқызылған салық сомасының айырмасы ретінде анықталады.
Салық салынатын айналым резидент еместерден алынған жұмыс пен қызмет, қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайды. Егер де ол жұмыс пен қызметтің сату орны Қазақстан Республикасы болса, онда қосылған құн салығын салуға жатады.
Қосылған құн салығы салынатын тауарларды тиеуді, жұмыстарды атқаруды немесе қызмет керсетуді жүзеге асыратын қосымша қүнға салынатын салық бойынша есепте түрған салық төлеуші аталған тауарларды, атқарылған жұмыстарды немесе көрсетілген қызметтерді қабылдап алатын тұлғаға салық шот-фактурасын ұсынуға міндетті. Егер де ҚҚС сомасы шот-фактурасында көрсетілсе, онда оған 331 шоты дебеттеліп, 333, 671, 687 шоттары кредиттеледі.
ҚҚС есептеу кезінде 301 "Алынуға тиісті қарыздар" шоты дебеттеледі де, 633 "Қосылған құн салығы" шоты кредиттеледі.
Содан соң 301 шотының кредитінен 633 шотының дебетіне есепке алынады. Айырмашылығы бюджетке аударылады: 633 шотының дебетінде, 441 "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша" шотының кредитінде көрініс табады.
1. 2. ҚҚС-ғы бойынша есептеу және төлеу тәртібі
Қосылған құн салығы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Мыналар: салық салынатын айналым; салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектілері болып табылады.
Қосылған құн салығын төлеушілер осы Кодекстің 208-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған немесе тұруға міндетті тұлғалар болып табылады.
Тауарлар импорты кезінде қосылған құн салығын төлеушілер Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес осы тауарларды Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын тұлғалар болып табылады. Кез келген (он екі айдан аспайтын) кезеңнің қорытындысы бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізу бойынша айналымның мөлшері осы баптың 3-тармағында белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан асатын болса, тұлға осы кезең аяқталған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш беруге міндетті.
Өткізу бойынша айналымды анықтау кезінде осы Кодекстің 225-бабына сәйкес салықтан босатылатын өткізу бойынша айналым, сондай-ақ жеке тұлғаның жеке мүлкін өткізу бойынша айналым, егер ондай мүлік кәсіпкерлік қызмет мақсатында пайдаланылмаса, есепке алынбайды.
Баптың 1-тармағының мақсаттары үшін шаруа (фермер) қожалығына арналған арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеуші, өткізу бойынша айналым мөлшерін анықтау кезінде осы арнаулы салық режиміне кіретін қызметті жүзеге асырудан түскен өткізу бойынша айналымды есепке алмауына болады.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері болған жағдайда, өткізу бойынша айналым көлемі осы тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелерінің өткізу бойынша айналымдары ескеріле отырып айқындалады. Өткізу бойынша айналымның ең төмен деңгейі осы баптың 1-тармағында көрсетілген кезеңнің соңғы айына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген шамасын құрайды.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылуға жатпайтын, бірақ қосылған құн салығын салуға жататын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) өткізуді жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлаған тұлға қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы өтінішті салық органына ерікті түрде бере алады.
Тұлға қосылған құн салығы бойынша ол есепке қою туралы өтініш беруге міндетті болатын немесе ерікті түрде өтініш берген айдан кейінгі айдың алғашқы күнінен бастап қосылған құн салығын төлеушіге айналады.
Тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш берген жағдайда, мұндай тұлға салық органы оған қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлік берген күннен бастап қосылған құн салығын төлеушіге айналады.
Уәкілетті мемлекеттік орган қосылған құн салығын төлеушінің өтініші бойынша оның құрылымдық бөлімшелерін қосылған құн салығын дербестөлеушілер ретінде қарастыра алады.
Қосылған құн салығын дербестөлеушілер деп танылған қосылған құн салығын төлеуші құрылымдық жері бойынша салық органдарына қосылған құн салығы бойынша оларды есепке қою туралы өтініш беруге (немесе өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тапсырма беруге) міндетті.
Тұлғаны қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезде, оның Кодекстің 235-бабына сәйкес есепке қойылған күніндегі тауарлар (негізгі құралдарды қоса алғанда) қалдығы бойынша қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызуға құқығы бар.
Салық органы көзделген жағдайлар анықталған тұлғаның өтінішінсіз, оны қосылған құн салығы бойынша есепке қоюға құқылы.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезде салық органы тұлғаға оның қосылған құн салығын төлеуші ретінде есепке қойылғаны туралы куәлік беруге міндетті, онда:
тұлғаның атауы және оның деректемелері;
Кодексте 523-бабына сәйкес салық төлеушіге берілетін салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
тұлға Кодекстің 208-бабының 5-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші болған күн көрсетіледі.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің бланкісі қатаң есеп беру бланкісі болып табылады және салық төлеушіге ақша төлетпей беріледі.
Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәліктің нысаны мен оны беру тәртібін осы Кодекске сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаны жөніндегі куәлік қосылған құн салығын төлеушіде сақталады. Қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылған жағдайда куәлік салық органына қайтарылуға тиіс.
Егер қосылған құн салығын төлеушінің соңғы он екі айлық кезеңдегі салық салынатын айналым мөлшері салық салынатын ең төмен айналым мөлшерінен аспаса, ол тіркелген жеріндегі салық органына өзін қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге құқылы.
Қосылған құн салығын төлеуші мұндай құқықты өзін қосылған құн салығы бойынша есепке қойған кезден бастап, кем дегенде екі жыл өткеннен кейін пайдалана алады.
Егер қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын тұлға салық салынатын айналымдарға байланысты қызметін тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлға қызметі тоқтатылған салық кезеңінен кейінгі алты айдың аяқталуынан кешіктірмей, өзін қосылған құн салығы бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге міндетті.
Салық органы қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын әрекетсіз заңды тұлғаны тапқан жағдайда, қосылған құн салығы бойынша есептен шығаруды уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен салық органы жүргізеді.
Қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын заңды тұлға таратылған жағдайда, мұндай тұлға Салық төлеушілердің мемлекеттік тізілімінен алып тасталған күннен бастап қосылған құн салығы бойынша есептен шығарылуға тиіс.
Тұлға қосылған құн салығы бойынша өзін есептен шығару туралы өтініш берген кезеңнен кейінгі салық кезеңінің алғашқы күнінен бастап қосылған құн салығын телеуші болуын тоқтатады.
Тұлғаны қосылған құн салығы бойынша есептен шығару кезінде Кодекстің 235-бабына сәйкес олар бойынша қосылған құн салығы есепке алуға жатқызылған оның тауарларының (соның ішінде негізгі құралдардың) қалдығы салық салынатын айналым ретінде қарастырылады.
Тауарға қатысты өткізу бойынша айналым:
тауарға меншік құқығын беруді, оның ішінде: тауарды сатуды; тауарды тиеп жөнелтуді, оның ішінде басқа тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) алмастыруды; тауар экспортын; тауарды тегін беруді; жарғылық капиталға жарна төлеуді; жұмыс берушінің жалдамалы қызметкерге жалақы есебінен тауар беруін; тауарды төлем мерзімін ұзарту шартымен тиеп жөнелтуді, соның ішінде қаржы лизингіне беруді; комиссия шарттары бойынша тауарды тиеп жөнелтуді; қарызды төлемеген жағдайда кепіл берушінің кепіл ұстаушыға кепілге қойылған мүлкін (тауарын) беруін;
кәсіпкерлік қызмет мақсаты үшін сатып алынған тауарды кәсіпкерлік қызметке жатпайтын шараларды өткізу үшін, сондай-ақ қосылған құн салығын төлеушінің не оныңжалдамалы қызметкерлерінің, қатысушылардың немесе басқада тұлғалардың жеке тұтынуы үшін пайдалануын;
Кодекстің 208-бабының 6-тармағына сәйкес бір заңды тұлғаның қосылған құн салығын дербес төлеушілері болып табылатын бір құрылымдық бөлімшесінің екінші құрылымдық бөлімшесіне тауар жөнелтуін білдіреді.
Жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым кез келген жұмыстар орындауды немесе қызмет көрсетудің, соның ішінде олардың тегін орындалуын, сондай - ақ тауарды өткізуден өзге сыйақы үшін кез келген қызметті, оның ішінде:
мүлікті уақытша иелікке беруді және мүлікті жалдау (жалгерлік) шартымен пайдалануды; санаткерлік меншік объектілеріне, соның ішінде жарғылық капиталға салым ретінде берілетін құқықгар беруді; жұмыс берушінің жалдамалы қызметкерге жалақы есебінен жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуін; Кодекстің 208-бабының 6-тармағына сәйкес қосылған құн салығын дербес төлеушілер болып табылатын бір заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері арасында жұмыстар орындауын, қызметтер көрсетуін білдіреді.
Мыналар: бірлігінің құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын тауарды жарнамалық мақсатта беру не сыйлау; тапсырысшының мердігерге оның дайын өнімді әзірлеу және (немесе) құрастыру және (немесе) жөндеу үшін алыс-беріс тауарларын тиеп жөнелтуі. Аталған тауарлар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде дайындалған және (немесе) Құрастырылған және (немесе) жөнделген жағдайда, егер оларды әкету Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату" режимімен жүзеге асырылса, аталған тауарлардың тиеп жөнелтілуі өткізу бойынша айналым болып табылмайды. Ұқсату режимі экспорт режиміне өзгеотілген жағдайда, бұрын әкетілген алыс-беріс тауарлары немесе оларды ұқсату өзгертілген жағдайда айналым болып табылады;
Құны онымен жіберілетін өнімді өткізу құнына кірмейтін және осы өнімді беру жөніндегі шартта (келісім-шартта) белгіленген талаптармен және мерзімде, бірақ ұзақтығы алты айдан аспайтын мерзімде өнім берушіге қайтарылуға тиіс ыдыс қайтарылатын ыдыс болып табылады. Егер ыдыс белгіленген мерзімде қайтарылмаса, мұндай ыдыс өткізу бойынша айналымға енгізіледі;
тауарды қайтару;
шартта белгіленген талаптар мен мерзімдерде қайта әкелуге жататын тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткізу үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге әкету, егер бұл Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Тауарларды уақытша әкету" кеден режимімен ресімделсе, өткізу бойынша айналым болып табылмайды.
Қосылған құн салығын төлеушінің тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) еткізу бойынша жасаған айналымы салық салынатын айналым болып табылады, оған:
Кодекске сәйкес қосылған құн салығынан босатылған; өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын айналым қосылмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz