Қиын балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселесін теориялық негіздеу
КІРІСПЕ.
ТАРАУ І. ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ.ДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.«Қиын бала» ұғымына түсінік ...
1.2.Қиын балалардың пайда болу себептері
ТАРАУ ІІ. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
2.1. Мұғалімнің қиын балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері.
2.2. Мұғалімнің қазіргі мектептегі қиын балалармен тәрбие жұмысын жүзеге асырудың жолдары.
ҚОРЫТЫНДЫ.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША..

Курстық жұмыстың көкейкестілігі: «Адамның баласын заман өсіреді. Кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі" деп Абай атамыз айтқандай, бала тәрбиесіне бәріміз: мектеп, ұстаз, қоршаған орта, қоғам жауаптымыз.
Орта білім дамыту тұжырымдамасында "Қоғамымыздың ірге тасын нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имаңдылық тәрбиесін көркейту керек" делінген. Сондықтан қоғам талабына сай психология, педагогика ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып, дені сау, ұлттық сана-сезімі жоғары рухани ойлау дүниесі биік, мәдениетті, (еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз. Ол "Қоғамымыздың ірге тасын нығайту мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін көркейту керек" делінген. Сондықтан қоғам талабына сай психология, педагогика ғалымда-рының жетістіктерін пайдалана oтырып, дені сау, ұлттық сана-сезімі жоғары рухани ойлау дүниесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу баршамыздың мінде-тіміз. Ол сондай-ақ тіршілік көшіне ілескісі келіп, жеке басы үшін әрқандай қам-қаракет жасайды, өзін болашаққа бағыттайды. Осындай ұмтылыс әрбір жас жеткіншектен көрінгенімен, оның сапалық дәрежесі әркімде әр түрлі болады. Мысалы, «тәрбиесі қиын балалар» әдетте өмір тәжірибесінің таяздығынан, ерік-күшін аздығынан кездескен қиыншылықты жеңе алмай, тағдырдың тәлкегіне түседі. «Қиын балалар» ұғымы 1920-1930 жылдарда тәрбие мәселесінде пайдаланып жүрді. 1950-1960 жылдары қайтадан қолданыс-қа енді. Ал қазір мұндай жасөспірімдер көп.
«Қиын» оқушыларды екі топқа бөлуге болады: 1) тән кемтарлырғы және жан-жарақаты бар оқушылар; 2) отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке басын қалыптас-тыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспай қалған оқушылар.
Отбасындағы тәрбиеден кеткен кемшіліктер мектеп жағдайында одан да бетер шиеленісе түсетіндігі айқын. Себебі, мектепте кейбір мұғалімдер баланың жеке басын сыйламай, педагогикалық этикаға жат қылықтар көрсетеді.
Оқушының жан-жақты тәлім-тәрбие алуға, олардың ішкі қасиеттерін анықтап, дарынын шыңдап, сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағына жағдай жасауымыз қажет. Оқу-санқырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлігі. Егер ұжым ішінде идеялық, азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік, эстетикалық қарым-қатынастар болған жағдайда оқушылар толық мәнді рухани өмір сүре алады.

1. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. -Астана,1998.
2. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
3. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. -А., Мектеп,1984.
4. Сейталиев К. Тәрбие теориясы. - Алматы., Мектеп,1973.
5. Тілеуова С. С, Әліпбек А. 3. «Педагогика», Шымкент, 2006 ж.
8.Сманов І,. Оңғарбаев Ә. «Педагогика», Шымкент, 2005 ж.
9.Әбиев Ж., Бабаев С, Құдиярова А.Педагогика. - Алматы: Дарын. 2004.
10. Дүйсембекова Ш. Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері. Алматы 2001
11. Бабаев Б.С. Жалпы педагогика. Алматы 2005
12.Жұмабаев М. «Қиын оқушыларды мектеп жағдайында тәрбиелеу мәселелері» Алматы – 1974 ж.
13.Усманова «Трудный подросток» Алматы – 1996 г.
14.Ахметжанова Н. «Қиын» балалар қылығының қыры» //Ұлағат 2000ж.№2
15.Сәттімбекова М. «Мектепке дейінгі тәрбиенің өзекті мәселелері» //Қазақстан мектебі 2000 ж. №5-6
16. Әбенбаев «Сынып жетекшісі» Алматы – 2003 ж.
17. Сухомлинский В.А. «Мектептегі жас директормен сырласу».
18. Қожахметова К.Ж. «Сынып жетекші» Астана – 2002 ж.
19. Макаренко «Ұстаздық дастан» Алматы – 1971 ж.
20. Бейсенбаева Б.Р. «Жеке адамның дамуы, қалыптасуы» Алматы – 1991 ж.
21. Қоянбаев «Жанұя және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі» Алматы – 1990
22. Болдырев «Сынып жетекшісі» Алматы – 1984 ж.
23. Хмель Н.Д., Жанпейісова Қ.Қ. «Педагогика дәріс курсы» Алматы – 2003.
24. Давыдов В.В. «Психическое развитие младших школников» Москва 1990
25. Юсупов И.М. «Психология взаймопонимания» Казан – 1991 г.
26. Трифонов В.В., Керимов Л.К. «Трудный подросок» Алматы – 1989 г.
27. Уманов Г.А., Парфенов А.В. «Бала бақыты» Алматы – 1978 ж.
28. Иляшева Р.Г. «Алкоголизм родителей и здоровье детей» алматы – 1987
29. Серкебаев Қ. «Қиын» балаларға көмек» //Ұлағат 2005 ж. №4-5
30.Ахметжанова «Мінез-құлқы қиын балалар» // Ұлағат 2001 ж. №1
31. Божович Л.И. "Личность и ее формирование в детском возрасте
М., 1968
32. Изард К. "Эмоции человека" М., 1980.
33. Левис Ш. "Ребенок и стресс" СП., 1997.
34.Бютнер К. "Жить с агрессивными детьми" М., Педагогика, 1998.
Мақалалар
35.Ғ. Сапарова. «Қиын» бала деп қырын қарамау керек. //Мектептегі психология. Шымкент.,№ 4., 2009.
36.А. Мұхаметқадемова.»Қиын» оқушыларды анықтауға арналған жаттығулар. // Мектептегі психология. Шымкент., № 7., 2008

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-5
ТАРАУ І. ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ-ДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Қиын бала ұғымына
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .6-9
1.2.Қиын балалардың пайда болу
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..9-15
ТАРАУ ІІ. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
2.1. Мұғалімнің қиын балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16-23
2.2. Мұғалімнің қазіргі мектептегі қиын балалармен тәрбие жұмысын жүзеге
асырудың
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .23-26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 27-29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...30-31
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32-34
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың көкейкестілігі: Адамның баласын заман өсіреді. Кімде-
кім жаман болса, оның замандасының бәрі кінәлі" деп Абай атамыз айтқандай,
бала тәрбиесіне бәріміз: мектеп, ұстаз, қоршаған орта, қоғам жауаптымыз.
Орта білім дамыту тұжырымдамасында "Қоғамымыздың ірге тасын нығайту
мақсатында ең алдымен адамгершілік, ізгілік, имаңдылық тәрбиесін көркейту
керек" делінген. Сондықтан қоғам талабына сай психология, педагогика
ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып, дені сау, ұлттық сана-сезімі
жоғары рухани ойлау дүниесі биік, мәдениетті, (еңбекқор, іскер, бойында
басқа да игі қасиеттері қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу
баршамыздың міндетіміз. Ол "Қоғамымыздың ірге тасын нығайту мақсатында ең
алдымен адамгершілік, ізгілік, имандылық тәрбиесін көркейту керек"
делінген. Сондықтан қоғам талабына сай психология, педагогика ғалымда-рының
жетістіктерін пайдалана oтырып, дені сау, ұлттық сана-сезімі жоғары рухани
ойлау дүниесі биік, мәдениетті, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі
қасиеттері қалыптасқан Қазақстан азаматын тәрбиелеу баршамыздың мінде-
тіміз. Ол сондай-ақ тіршілік көшіне ілескісі келіп, жеке басы үшін әрқандай
қам-қаракет жасайды, өзін болашаққа бағыттайды. Осындай ұмтылыс әрбір жас
жеткіншектен көрінгенімен, оның сапалық дәрежесі әркімде әр түрлі болады.
Мысалы, тәрбиесі қиын балалар әдетте өмір тәжірибесінің таяздығынан, ерік-
күшін аздығынан кездескен қиыншылықты жеңе алмай, тағдырдың тәлкегіне
түседі. Қиын балалар ұғымы 1920-1930 жылдарда тәрбие мәселесінде
пайдаланып жүрді. 1950-1960 жылдары қайтадан қолданыс-қа енді. Ал қазір
мұндай жасөспірімдер көп.
Қиын оқушыларды екі топқа бөлуге болады: 1) тән кемтарлырғы және жан-
жарақаты бар оқушылар; 2) отбасында, мектепте тәрбиелеуден шет қалған, жеке
басын қалыптас-тыруда сыртқы кері факторлардың, әлеуметтік жағдайдың әсері
болған және өтпелі кезеңнің күрделілігінен мінезі дұрыс қалыптаспай қалған
оқушылар.
Отбасындағы тәрбиеден кеткен кемшіліктер мектеп жағдайында одан да бетер
шиеленісе түсетіндігі айқын. Себебі, мектепте кейбір мұғалімдер баланың
жеке басын сыйламай, педагогикалық этикаға жат қылықтар көрсетеді.
Оқушының жан-жақты тәлім-тәрбие алуға, олардың ішкі қасиеттерін анықтап,
дарынын шыңдап, сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағына жағдай жасауымыз
қажет. Оқу-санқырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлігі. Егер ұжым
ішінде идеялық, азаматтық, интеллектуалдық, еңбектік, эстетикалық қарым-
қатынастар болған жағдайда оқушылар толық мәнді рухани өмір сүре алады.
Қазіргі жас ұрпақтардың –болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын
балалардың сана-сезімін, мінез-құлығын, ақыл-ойын дамыту үшін өзін-өзі
басуды нығайтып, ұжымдық шығармашылық істерге дағдыландырудың тәлім-
тәрбиелік маңызы үлкен. Әсіресе, ұстазбен оқушының өзара түсіністігі,
оқушыға сенім көрсету, іс-әрекетке ерік беру, көтермелеу, адамгершілік
қасиет-терін танытуда, өзін-өзі тануға, өзін-өзін тәрбиелеуге жағдай
туғызу. Ең бастысы, тәрбие ісінің нәтижесін бағалап,оны іске асырудың сұрақ-
жауап, дәстүрлі бағалау, ұстазбен оқушының пікірлесуі арқылы іске асыру.
Педагогикалық зерттеу мақсатымен ата-аналарға кешкісін баласының немен
айналысуы жайында анкета жаздырғанда олардың 54 пайызы түнде баласының
қайда жүретінін білмейтінін, 46 пайызы кешкісін жұмыстан шаршап келуіне
байланысты баланы күнделікті қадағалауға мүмкіндігі жоқтығын мойындайды. Ал
"қиын" бала ретінде есепке алынғандардың бос уақытын қалай өткізетінін
сұрағанда, үй шаруасына көмектесетіндері 5, сабақ әзірлейтіндері 3,
спортпен айналысатындары 1,5, театрға баратындары 13, көркем әдебиет
оқитындары 9, кино көретіндері 64, бұзықтық жасайтындары 3 пайыз болып
шықты. Мектептегі оқу бағдарламасына ілесе алмай, үлгермеушілер санын
көбейтетін оқушылардың 85 пайызы осындай "қиын" балалар екені анықталды.
Сондай-ақ, жанұя жағдайында баланың күн режимі дұрыс ұйымдастырылмауы,
сабаққа әзірленуге мүмкіндік жасалмауы да үлгермеуге себепші болды. Бұл
мәселе бірден-бір ата-анаға байланысты, солардан талап етілетін нәрсе.
Мұғалімге қатысты жағына келетін болсақ, әр оқушының өзіне тән табиғи,
физиологиялық және психологиялық ерекшелігін ескермеуден туады. Мәселен,
кейбір оқушы оқу материалын мұғалімнің түсіндіруінен, не оқулықтан оқығанда
ең негізгі ұғым-түсініктерін тез қабылдаса, екінші біреулері түйінді деген
мәселелерді есте ұстауға тырысады. Енді біреулері оқу материалдарын бірден
есіне қабылдай алмай, өте баяу немесе үй тапсырмасын орындау барысында ғана
түсінеді, не нашар түсінеді, немесе тез ұмытып қалады. Баланың мұндай
ерекшелігін әдістемелік шеберлігі күшті мұғалім байқай алады да, ерекше
тәсіл арқылы оның сабақты түсінуіне көмектеседі. Керісінше, баланы тек
ұрсу, ұялту арқылы жәбірлеп, жігерін құм етіп, оны үлгермеуші ғана емес,
оқудан безінетін жағдайға душар ету де өмірде кездеседі. Оған ата-анасы
қосымша болғанда мектептен де, үйден де қаңғудан басқаны естімейтін бала
тыныштық өмірді аңсап, бәрінен безіп шығады, сондайда көшедегі қаңғыбастар
арасынан орын табады. Демек, кей жағдайда "қиын" баланың пайда болуына
көбіне ересектердің өздері себепші болатынын да ескеру жөн.
Тағы бір айта кететін мәселе, ерлі-зайыптылардың ажырасуының бала
психикасына қатты әсері, соның салдарынан әсіресе ұл баланың тәрбиесіне
нұқсан келуі мүмкін.
Алдында үлгі - өнеге алатын, сырласатын, үлкен адамға тән қадір-қасиет,
жүріс-тұрыс, мәнері мен әдеттерін үйренетін, шаруашылыққа икемдейтін әкенің
рөлі ер балаға ауадай қажет. Оның жетіспеуі көңілін құлазытып, ананың талап-
тілектерін құлықсыз орындауға, немесе жүре тыңдауға, томаға-тұйықтыққа,
оқушылар ұжымынан оқшаулануға душар етеді. Осындай көңіл-күйдегі ер бала
өзін жұбатудың жолын темекі тартудан, шарап ішуден, бос қыдырудан іздейді.
Сөйтіп барып мектеп тәртібін бұзып қана қоймай, теріс жолға икемделуі де
ғажап емес.
Педагогика тарихында қиын бала ұғымы ХХ ғасырда кеңінен тарала
бастады. Қиын бала мәселесі Г.А. Умананов, Ә.Ж. Жұмабаев, В. В Трифанов,
Л.К. Керімов сынды бірқатар қазақстандық ғалымдардың да ғылыми зерттеу-
лерінің тақырыбына айналды. Аталған ғалымдар осы топтағы балалардың мінез-
құлық ерекшеліктерін, жүріс-тұрысындағы жат қылықтарды зерттеп, оларды
қайта тәрбиелеу жолдарын көрсетті. Мәселен, Ә. Жұмабаев мектептің қиын
оқушылар мен жұмыс жүргізу жүйесін жасады, В. Трифанов болашақ мұғалімдерді
қиын оқушылармен жұмыс жасай білуге дайындау мәселесін көтерді. Ал Л.К.
Керімов қиын балаларды жеке және топтап қайта тәрбиелеу бағдарламасын
ұсынды. Бұл ғалымдардың зерттеулері қиын оқушылардың пайда болуының бірнеше
себептерін ашып көрсетті.
Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П.Бельский (1917 ж., 1924
ж.) болды, ол өз мінез-қүлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке жасы толмаған
балаларды қарастырады. П.П.Бельский өзінің 30 жыл уақытын заң бұзушы
балалар мен жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге арнады. Бірақ та оның
теориялық позициясы жеткіліксіз болды. Ол Л.И.Петражицскийдің
теориясына сүйенеді (1908), З.Фрейд пен К.Левиннен бірталай мағлұматтар
алды.
Курстық жұмыстың мақсаты:мұғалімнің қиын балалармен тәрбие жұмысын
ұйымдастыру мәселесін теориялық негіздеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
-Қиын бала ұғымы түсінігін зерттеу;
-Қиын балалардың пайда болу себептерін ашу;
-Мұғалімнің қиын балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшелік-терін
зерттеу;
-Мұғалімнің қазіргі мектептегі қиын балалармен тәрбие жұмысын жүзеге
асырудың жолдарын саралай отырып ашу.
ТАРАУ І. ҚИЫН БАЛАЛАРМЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1. Қиын бала ұғымына түсінік
Қиын бала дегеніміз кім? Осы бір сұрақ көптеген ата-ана мен
педагогтарды және жалпы жұртшылықты жиі толғандырады, әрі оған бір-екі ауыз
сөзбен жауап бере салу жеткіліксіз. Өйткені баланың қиын аталуы аз ғана
уақыттың нәтижесі емес.
Әдетте, бала мектепке дейінгі және оқу кезендеріндегі өсу, даму
эволюциясынан өтеді. Сол кездерде жанұядағы тәрбиеде кеткен кемшіліктер мен
оқу-тәрбие жұмысындағы ақаулар ұштасып, баланың қалыпты жағдайдан ауытқуына
себепші болады. Атап айтқанда, ересектер тарапынан баланың саналы деген
талап-тілек, мұқтаждықтарын өнегелі тұрғыдан ескер-меу, олардың жас мөлшері
мен балалық психологиясына көңіл бөлмеу сияқты кемшіліктер байқалмай кетіп
жатады.
Әсіресе, отбасында қалыптасқан микроклимат (жанұя мүшелерінің бір-бірімен
қарым-қатынасы, үй тіршілігіи әр-қайсысының шама-шарқына қарай бөлісіп
атқаруы, адамгершілік қадір-қасиеті, қоршаған ортаға көзкарасы,
дүниетанымы, олардан алатын әсерлері мен күнделікті әдет-дағдылары баланың
мінез - құлқының жақсы, не жаман болып өсуіне көп ықпал етеді. Өкінішке
орай, жанұя біткеннің бәрі бірдей ойдағыдай емес. Дұрыс жанұя болса да,
бала тәрбиесіне қырағылық жасай алмай қалатындары да кездеседі. Біраз
жанұяларда мораль принциптеріне сай келмейтін жағымсыз қылықтар орын алады.
Ендеше қиыи баланың пайда болуындағы объективтік және субъективтік
факторлар ретінде мынадай себептерді айтқан орынды. Біріншіден, білім мен
мәдени өресі төмен ата-аналар баласының ішкі жан-дүниесіне үңілмей,
педагогикалық зандылыққа сыймайтын талап-тілек қояды, әрі оны сөзсіз
орындауын талап етеді. Бұл жердегі қателік балаға қойылған талаптың оның
жасына, қабілетіне, іскерлігіне, мүмкіндігіне сай келу-келмеуін ескермеуде.
Соның салдарынан бала жанұя ортасында адамгершілік қадір-қасиеттері мен
эстетикалық сезім-талғамдары, логикалық ой өрісі жағынан өмір талабына
сай өріс ала алмайды. Оған дәлел, педагогикалық зерттеулердің қорытындысы
бойынша үнемі ұрыс - жанжал, төбелес, бірін-бірі жәбірлеу кездесіп тұратын
жанұяларда өскен балалардың, 40-43 пайызы, ішімдік орын алған ортада өскен
балалардың 30 пайызы, жезөкшелік пен моральға қайшы әдеттермен айналысатын
ата-ана өсірген балалардың 12 пайызы "қиын бала" аталады. Оларға тән
қасиеттер-дәрекілік, қатыгездік, ұрлық, жалқаулық, қиқарлық, тағы басқа
жағымсыз мінездер[1].
Көптеген ата-аналар өндірістік еңбектен бала тәрбиелеуге қолы
босамайтынын, уақыт аздығын сылтау етеді. Соны желеу ететіндердің көпшілігі
баласының кешкісін және бос уақытында немен айналысатынын, кімдермен бірге
жүретінін біле бермейді. Елімізде еңбекпен айналыспайтын адам кемде-кем,
өндірістік міндетін атқара жүріп тәрбиелі, іскер, білімді, мәдениетті ұрпақ
есірген ата-аналар да мыңдап саналады. Олардан үйренетін жақсы дәстүр -
баланы жасынан өзі қызығатын нәрсеге қарай баулып, бос сенделуге жол
бермеуі (музыка, спорт, түрлі үйірме жұмыстары), әрі үйдегі үлкенді-кішілі
мәселенің бәріне баланы араластырып, ортақ мүдде үшін міндеттілікке,
жауапкершілікке тәрбиелеуі.
Баланың жас ерекшелігіне мән берудің зор маңызы бар. Олардың 13-14 жасқа
аяқ басқандағы бір ерекшелігі, жора-жолдастарымен оңаша сұхбаттасуға,
әсіресе кешке қарай қыдыруға әуестігі басталады. Сондай сәтте жолдастары
кім, қай жерде болады, немен айналысады, түнге қарай мектеп режимінде
белгіленген уақыттан аспау сияқты тәртіпті ескермеген ата-анаға баласын
уысынан шығарып алу қиын емес. Ал бетімен жүрген, әсіресе түн жарымға дейін
көше торыған қаңғыбастар қоғам, заң тәртібін бұзуға бейім келеді немесе
баланың сондайлардың ықпалына тез түсуі де ғажап емес.
Ата-аналар көңіл аударатын мәселенің бірі - жанұяда бір,не екі, немесе
көп бала болудың тәрбие ісіндегі орны. Белгілі педагог А.С. Макаренко
жанұяда жалғыз баланы тәрбиелеуден бірнеше баланы тәрбиелеу әлдеқайда жеңіл
екенін дәлелдеген. Өйткені көп балалы үйде ұжымдық, бір-бірімен санасу
сияқты жанұя дәстүрі ұсталып, тәрбие жүйесі жинақталады.
Ағалы- қарындасты, інілі-сіңлілі бауырластар біріне-бірі көмектесіп,
сүйеніш болу арқылы бауырмалдық сезімде, шаруаны бөлісіп атқару арқылы
ұжымшыл ниетте, бір-бірлерінің кемшілігін көргіш, жақсы өнегесінен үйреніп
өседі. Ал жанұядағы жалғыз бала менменшіл, өркекірек, ішінара еңбекке құлқы
жоқ, енжар жан болып қалыптасады. Мұндай балалар алдауға тез түседі,
"алақаны ашық", керек болса жолдастарына қажет нәрсені үйінен тасып береді.
Сөйтіп жүріп "қиын" балалардың ықпалына түсіп қалады.
Еңді осындай жолдармен "қиын" бала аталғандарды қайта тәрбиелеуге бола ма
деген мәселеге тоқтала кетейік. Жанұяда қандай, қай жастағы бала болсын
онымен санасып, оның жеке ерекшелігін ескеріп, ақылдасып отырған мақұл.
Жеткіншек бала өзінің өмір тәжірибесінің аздығына, білімінің әлі таяздығына
қарамай "ересектерден кем білмеймін, қолымнан бәрі келеді" деп есептейді.
Бұл кезенде айтылған құрғақ ақылға құлақ қойғысы келмейді. Баланың осы
кездегі ерекшелігін педагогикалық талапқа сай басқара білмеген адам оны
түзеудің орнына бұзып алуы қиын емес. Мысалы, әке ұлының, шеше қызының жан
дүниесіне үңіліп, жан сырын аша білсе, баланың үлкенге деген сенімі
күшейеді. Зор сенім мен құрметке ие болған ата-ана мен педагог баланы жан-
жақты дамытуға мүмкіндік табады. Сол сияқты әр баланың өзінің ерекшелігі
бар, оны байқай білу де, соны орайына қарай дұрыс бағытқа сілтей білу де
шеберлікті қажет етеді [2].
Қандай қиын бала болса да оның ар-ожданына тимей, жеке ерекшелігін
ескеріп, икемі бар жаққа қарай баули білу, қоғамдық пайдалы істерге икемдеу
тыңдырған ісіне баға беруде де қырағылық таныту, оның алдында айқын мақсат
қойдыра білу және оған көмектесу сияқты сан-саналы, тынымсыз жұмыс арқылы
ғана мақсатқа жетуге болады.
Қиын оқушылардың пайда болуына себепті факторлар.
1.Отбасы тәрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы, яғни тұрмыстағы ұрыс-талас,
дау-жанжал, баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескер-меу, ата-
ананың біреуінің болмауы, т. б. жағдайлар себепті болады. Қоғамдық ұйымдар
мен жұртшылықпен жүргізілетін жұмыстың әсіресе, оқушылар тұратын
микроаудандарда күрт төмендеуі. Қиын балалардың пайда болуына бірден-бір
себепті болатын және жағымсыз жағдай туғызатын-отбасы тәрбиесі. Оның
басшылары: баланың күнделікті жүріс-тұрыстарын қадағаламау; оның көзінше
арақ-шарап ішу, дау-жанжал, ұрыс-керіс туғызу.
1. Тәрбиенің көзі, баланы киіндіру, тамақтандыру, мұң-мұқтаждын қамтамасыз
етуідеп санаушылық.
2. Жастайынан еңбектену әдет – дағдыларын қалыптастырмау, баланың жан
дүниесіне көңіл аудармау, отбасындағы ажырау және жаңа адамның отбасы
мүшесі болып етуіне себеп болады. Мысалы: зерттеулердің қорытындысы
дәлелденгендей тәртібі нашарлаған оқушылардың көбі ата аналардың
моральға жат қылықтарымен өз балаларына теріс әсерлер жасаған. Баланың
тәрбиесіне кері әсер ететін келеңсіз жағдайларда (ұрыс – керіс, дау –
жанжал), бірін – бірі сыйлау сияқты қасиеттердің сезбейтіндігі аян.
Қиын балалармен ұстанымдарын өзгертудегі мұғалімнің атқарытын іс-
әрекеттері:
1) Әрбір қиын баланы жан – жақты зерттеп, мінез – құлықтарының бағыт –
бағдарын айқындау, оның ішіндегі адамгершілік типтегі қасиетін іріктеп алу.
2) Әрбір оқушының адамгершілік сынды тәжірибелердің құра біліп, соның
негізінде тәртіпті, айналасындағы өмірге көзқарасты, ұжымдық қарым-қатынас
дағдыларын қалыптастыруды ұйымдастыру.
3) Әрбір жеке тұлғаның ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне және
шығармашылық талап-тілектеріне орай, қабілеті мен икемдектерін дамыту,
қоғам жұмыстарына қатыстыру.
4) Кейбір қиын оқушылардың оқу-тәрбие процесінде ұжымдық өмір қарым-
қатынастарында ұсқынсыз ауытқушылықтар болса, деп кезінде өол үшін беріп,
одан сақтандыру, оны туғызатын әрекеттерді жою. Әңгімелеу оқу-тәрбие
процесінде ең қажетті құралы. Оқушының жеке басына түскен жағдай, оны
ортаға салуға болмайтындай болса, онда мұғалім тәжірибелі педагог баламен
жеке сырласу арқылы көздерін жеткізеді.
Қиын балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу кезінде таланттар қойылуы
қажет. Одан педагогикалық тәжірибелерге сүйене отырып, әрбір оның баланың
бейім қабілетіне, мінез-құлқына сай онды шығармашылық қасиеттерін
ұйымдастырып отыру қажет. Қиын балалрмен жұмыс істеудің тағы бір әдісі –
олардың, көшен, жолдастарымен жағымсыз байланыстарын үду. Осы әдісті іс
жүзіне асырудың бірнеше жолдары бар. Соның бірі тұрақты мектебін ауыстыру,
мектебін алмастыру, Сондай-ақ ата-ана, мектеп инспекция қызметкерлерінің
күшін біріктіре отырып, көшенің жолдастарының теріс ықпалдарынан бөліп
әкету қажет. Сонымен бірге қиын баланы тәрбиелеуде моральдық тұрғыдан әсері
әрекет ету. Қиын баланың әрбір теріс қылығын, істерін, тәртіпсіздігін т. б.
Оқушының арына тигізбей айыптаса, бұл істер өз нәтижесін береді. Тағы бір
әдіс-қиын баланың бағдарын, мақсаты мен міндетін қайта құру. Ескеретін
мәселелердің, бірі қиын оқушыларды тәрбиелеу процесіндегі әдістік-
тәсілдерді әдістемелік жағынан қолданудағы тәрбиелеу жүйесінің кезеңдері:
- дайындық кезеңі;
- қиын баланың тәртібінің төмендеуіне себепті болған жағдайларда
аңықтау;
- екінші кезең–қиын оқушылар мен көш жора–жолдастары арасын-дағы
байланыстырудың дәрежесін тереңдігін аңықтау.
Үшінші кезең өзгеріс кезеңі. Көптеген қиын оқушылардың ішкі жан
дүниесінде өзгерістер тұл бастайды. Жеткіншіліктердің мінезіндегі теріс қы-
лықтар, әдет дағдылар мен қалыптаса бастаған жаңа адамгершілікті сапалардың
арасында күрес басталады.
Соңғы кезең бекіту кезеңі, әрбір қиын оқушы мінез құлқындағы адамгершілік
мәнді өзгерістер болған сайын, өзін-өзі тәрбиелеуге талаптанып, оңды
қасиеттерді дамытады. Қиын балаларды қайта тәрбиелеу, алдын ала олармен
бірге атқарылатын іс шараларын мектеп ұжымдар мен жұртшылық нақты аңықтап,
оларды дұрыс жолға түсіндіре отырып, аяқтай күрес жүргізулері керек.
1.2.Қиын балалардың пайда болу себептері
Біріншіден отбасында тәрбие ісіне жеткілікті көңіл бөлінбеуден, яғни
тұрмыстағы дау– жанжал, ата–аналарының маскүнемдікке салынуы немесе олардың
біреуінің болмауы кері ықпал жасайды. Осы орайда ғалым–педагог В. В.
Трифанов тәрбиесі нашар балалардың пайда болуына қоршаған шағын ортасы
(микросреда), отбасындағы тәрбиесі ықпал ететіндігін атап көрсете отырып,
өзі жүргізген зерттеу жұмыстарының барысында қиын балалардың 44% - да толық
отбасы болмағанын, 30% - да жақын туыстарының біреуі (әкесі, шешесі немесе
ағасы) заң алдында жауапқа тартылғандар, ал 15% - да әке–шешесінің біреуі
ішімдікке салынғанын анықтаған. Бұдан шығатын қортынды, қиын балалардың
пайда болуының негізгі себебі-отбасы тәрбиесінің дұрыс жолға қойылмауы.
Сонымен бірге, В. Трифонов қиын оқушының пайда болуының физиологиялық,
психосоматиялық негіздері бар екендігін де ескертеді [3].
Қиын балалардың шығу себептеріне ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ
зиялылары да бей-жай қарамаған. Ж.Аймауытов: Адам баласының ұрлық істеу,
өтірік айту, кісі тонау, өлтіру сияқты бұзақылықтарды жасауы тәрбиенің
жетіспегендігінен... баланы бұзуға, яки түзеуге себеп болатын бір шарт–жас
күнінде көрген өнеге. Ол өнеге әке–шешесінің тәрбиесі арқылы қалыптасады
деген орынды пікір арқылы бала тәрбиесіндегі отбасының роліне ерекше мән
берген.
Екіншіден. Мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда мұғалімдердің,
сынып жетекшілерінің, мектеп әкімшілігінің тарапынан жекелеген оқушылар-дың
мінез-құлық ерекшеліктерін, талап-тілектерін, қызығушылықтарын ескермеуден
туындайды. Сондай-ақ, мектеп пен отбасының арасындағы байланыстың дұрыс
жолға қойылмауы да әсер етеді. Үшіншіден, бұқара халықтың, қоғамдық
ұйымдардың тәрбие ісіне немқұрайлы қарауы, оқушылардың бос уақытын тиімді
ұйымдастыруға көңіл бөлінбеуден туындайды.
Қиын балалардың пайда болуының әлеуметтік себептерімен бірге,
экономикалық жақтарын да ескеру керектігі туралы белгілі педагог А. С.
Макаренко былай дейді: Ерекше заң бұзушылар жоқ, тек қиын жағдайға тап
болған адамдар бар, яғни белгілі бір ортасыз, достарынсыз қалған, жанашыры
жоқ, тұрмыстың бар ауыртпалығы бір өзінің мойнына түскен, өмірлік
тәжірибесі жоқ кез-келген бала заң бұзушылыққа барады.
Балалардың мінез-құлқында қиындықтардың пайда болу себебі, біріншіден,
отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу тәрбие жұмысындағы
кемшіліктермен сипатталады. Мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынас
баланың ата-анасына және баланың құрбыларына қарым-қатынасын анықтай
бастайды. Б.Г.Божович, И.С.Славина бұны эксперименттік түрде зерттеп
көрсеткен. Д.Б.Эльконин мұғалім мен балалардың арасындағы қарым-қатынаста
оқушылар өте байқампаз болып келетінін айтады. Егер оқушы мұғалімнің
сыныпта басқаларға қарағанда өзіне жақын тартатын оқушысы бар екенін
байқаса, онда мұғалімнің оқушы алдында беделі жоғалады. Алғашқы кезеңде
оқушылар мұғалімнің айтқанымен жүреді, яғни мұғалімнің айтқаны олар үшін-
заң. Егер де мұғалім оқушылардың бәріне бірдей көзқараста болмаса, баланың
мұғалімге деген оң пікірі іштей бұзыла бастайды. Мұғалімнің өзгелерден
өзіне жақын тартатын оқушысы басқалар-дан өзін жоғары ұстайды да, соның
нәтижесінде сөз тасығыш балалар пайда болады. Бала мектепте өзін жақсы
сезінсе, онда үйде де, құрбыларымен де қарым-қатынасы ойдағыдай болады.
Бүгінгі таңда әрбір жас адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін адамға
берілген мүмкіндіктерді толық пайдалана алу үшін әрбір адамның психикалық
даму ерекшеліктерін ескеру қажет. Осыған орай мектептегі мінез-құлқында
қиындығы бар оқушылармен арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Үлкендер балалармен
дұрыс қарым-қатынас жасай алмайтындықтан, ата-аналардың тәжірибесінің
жетіспеуінен, балада елестету-дің, қиялдау процестерінің жеткіліксіз
дамуынан мінез-құлқының қалып-тасуында қиындықтар пайда болады. Егерде
зерттелу нәтижесінде мінез-құлқында қиындығы бар оқушылармен белгілі
бағытта жұмыстар жүргізсе, баланың психикалық даму деңгейі қалыпты болады.
Көбінесе баланың мінез-құлқының дұрыс қалыптаспауы отбасына байланыс-ты.
Отбасында дұрыс тәрбие бермеуден баланың мінезі қиындай түседі. Бұл -
отбасы кемшілігі [4].
Көптеген ғалымдардың пікірінше бала мінез-құлқының қиындығы 6-8
сыныптарда, әсіресе ұл балаларда байқалады делінген. Мінез-құлқы қиын
оқушылар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер қорытындысы бойынша
үлгермеушілер қатарын жеткіншек жастағы сынып оқушылары толықтырып отыратын
көрінеді.
Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда Выготский
Л.С. (1928ж) еңбектерінде талқыланды, сондай–ақ А.С. Макаренко
тәжірибелерінен де үлкен орын алды. Бұл мәсленің ары-қарай талқылануына
үлес қосқан зерттеушілер қатары да біршама. Баланың жеке қасиеттерінің
психикасының дұрыс дамып жетілуі үшін педагогтік ұжымдардың кәсіптік
білгірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы және осы принциптерге
негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ, нәтижелі жұмыс қажет.
Мысалы, бұл тұрғыда Әль-Фарабидің айтқан пікірі бар. Баланың жасы өскен
сайын, оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Мұның бәрі
оның тіршілік қажетінен туындайды. Мәселен, бала да ең алдымен өсіп өну
қуаты пайда болады. Бұл оның дене бітімінің қалыптасуында үлкен роль
атқарады. Ана құрсағында-ақ тән сүйегі, біртіндеп дән, иіс айыратын
түйсіктер, заттың түрін, түсін, пішінін түйсіне алу қабілеті қалыптасады.
Жан қуаттары өмір барысында, оқу-тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз
бетінше әрекеттенуі, өзіндік белсенділігі ерекше маңызды. Адамның
адамгершілік, имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесінен,
үлкендердің жақсы өнегесінен туындайды. Адам дүниеге ақылды, не ақылсыз,
зұлым, не ақ ниетті болып келмейді, мұның бәрі де жүре пайда болады.
Жеткіншек жас кезеңіндегі оқушының жеке басына тән қасиеттерді тек мен
деген қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге қалайша
бағынады, мінезі, ерік-жігері қандай, ашуланғыш, не сабырлы келе ме,
әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай–осы жөнінен
де алып қарауға болады. Мінез құлқы қиын оқушылар көбінесе ашуланшақ болып
келеді. Баланы үй іші көп еркелетсе, онда ол болмашы нәрсеге тез ашуланып,
күйіп пісетіні кездеседі. Керісінше, күтпеген жағдайда жақсы, өте жақсы
деген баға алса, жұрттың көзінше соған қатты қуанғанын жасыра алмайды [5].
Жеткіншек жас кезеңінде баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиет-терге
жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бұл құрылымдар бұрынғы
психологиялық және физиологиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір-
бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан, көптеген екі жақтылық
орын алады. Сондықтан бала көптеген қиналыстарға ұшырайды: болашақта кім
болатынын, өмірде орындайтын әлеуметтік рөлін, қарым-қатынас ерекшеліктерін
анықтау қажеттілігі туғанынан бала уайым шегіп, өз орнын іздейді.
Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас барысында
жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету
орын алады да, мұндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде
үлкендер мен баланың арасында текетірестік орын алуы мүмкін.
Жеткіншектердің дене мүшелердің дамуында да үлкен үйлеспеушілік орын
алады. Мәселен олардың аяқ-қолдары, бет-мойыны тез ұзарады да, кеудесінің
өсуі, бұлшық еттерінін ұзаруы кешеуілдейді. Дене мүшелерінің біркелкі
дамымауы салдарынан жеткіншекте өзін жарым-жан сезінуі деп аталатын
комплекс пайда болады. Ол денесін тік ұстауға қиналып, көбінесе бүкшейіп
немесе бір жағына қисайып жүреді. Жеткіншек жас кезеңінде балалардың
эндокриналық жүйесі де өзгеріске ұшырайды. Гипофиздік гармондар жыныс
безінің жұмысын әсерлендіріп, күшейтіп, жеткіншекті жыныстық өмірге
дайындайды. Ми қабығының жасушалары жыныс гармон-дарының тітіркендіруіне
әсерленгіш. Сондықтан жеткіншектер көп мәселе-лердің байыбына үңіліп
жатпайды, сөзді аяғына дейін тыңдап болмастан, морт кететін қылықтары
осының салдарынан туады [6].
Жеткіншек жас кезеңіндегі мінездің кейбір көрсеткіштерінің шамадан тыс
дамып кетуін акцентуация деп атайды. Акцентуацияның байқалу ерекшелік-терін
Леонгард жан-жақты зерттеп, оның типологиясын жасаған. Сонымен қатар: осы
жас кезеңінде мазасыздану да бала өмірінде едәуір орын алады. Осы жас
кезеңінің ерекшеліктерін ата-аналар, мектеп мұғалімдері, сынып жетекшісі,
басқа да жеткінішектің, айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барынша
төзімдік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын оңайырақ
көтереді.
Жеткіншек жастың ерекшеліктері: барлық нәрсені өз бетімен орындап,
үлкендердің қамқорлығы мен ақыл-кеңесінен құтылғысы келуі, үйге берілген
тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті етіп айтуға тырысуы;
үлкендерге сын көзбен қарап олардың айтқанын сынап-мінеп, кей кезде өрескел
мінез көрсетуі; жеткіншек істі игеру жағынан әлі бала болса, ал талап қою
жағынан ересек, өз мүмкіндігін жоғары бағалап, бәрін өзі істей алатындай
сезінуі [7].
Жеткіншектердің қырсық мінез көрсетуіне, ересектер талабын оңай
орындамауына негіз болатын бірнеше себептер бар. Олар: балалардың оқудан
басқа айналысатын шаруасының болмауы. Радио, теледидар, басқа да ақпарат
көздерінен ересектерге арналған хабарларды көріп, соған еліктейтін-дігі.
Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-30 жылдары пайда бола
бастады (Блонский П.П.). Бастапқыда ғылым саласында емес, күнделікті өмірде
қолданылып жүрді. Біраз уақыт ұмытылып, 1950-60 жылдардың басында қайтадан
қолданысқа енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми сөздіктерге нақты орын алып
отыр. Сөз етіп отырған бұл мәселе әрдайым социолог, психолог, юрист,
дәрігер, педагог мамандарының зейінін өзіне аударып, оларды алаңдатып
отыратын үлкен мәселе екенін айтып өту керек.
Мінез құлқы қиын балалармен жұмыс істеу барысында олардың психологиялық
ерекшеліктерін есепке алып отыру керек. Конформдық түрге жататын балаларға
қайырымдылық, жақсылық жасалынатын қатынастар, олардың адалдық және
ынталылылықтарын мадақтап, дем беретін қолайлы орта болуы қажет.
Мазасыз түрге жатататын балалар тыныш, қайырымды жағдайды қажетсінеді.
Мұндай балалардың денсаулығына қатты көңіл бөлінгені абзал. Мұғалімдер мен
тәрбиешілер, әсіресе, интровертивті түрге жататын балалардың жеке
ерекшеліктерін есепке алуы шарт, олардың ақыл-ой функцияларын дамытуға
әрекеттенуі, бұл балалармен адамгершілік және әлеуметтік мөлшерді
меңгертуге қабілеттендіру, өз құрбы-құрдастарымен өзара қатынастарын
жақсартуға көмек қолын тигізуі керек.
Инфантильді түрге жататын балалардың тұрақты оқуға деген қызығушы-лығын,
мультивациясы мен дағдысын кеңейту, белсенді ойлау әрекеттері мен ойын
әрекеттеріне еліктіру, қызығушылықтарын арттыру, дербестікке ынталан-дыруды
қалыптастыру қажет. Өзін-өзі бағалау ең алдымен жеке тұлғаның әрекеті
арқылы қалыптасады. Бірақ бағаны әрдайым айналадағы адамдар береді. Өзіне
деген сенімі өзгелердің пікірі арқылы қалыптасады. Егер айналасындағы
адамдар балаға үнемі дұрыс қарым-қатынас жасаса, онда ол өзін осы
сыйластыққа лайық екенмін деп санайды, ал егер керісінше оның жасаған
істерінің кемшіліктерін бетіне басып, ұрсып, жаратпай жатса, оған өзіме
лайық емеспін дегеннен басқа түк қалмайды және бұл жағдайды баланың
реакциясы әр-түрлі (апатия, синизм (шектен шыққан арсыздық), агрессия және
т.б.) болады.
Қазіргі зерттеулерге қарағанда тәртіп бұзуға ең бірінші түрткі болған
оқиға баланы тікелей тәртіпсіздікке әкелмейді, әуелі қайғыға ұшыратады да,
ол қайғы баланы ашуланшақтыққа соқтырады. Міне, тәртіп бұзу содан пайда
болады. Тәртіп бұзушылықтың салдарының негізгі-сабаққа үлгере алмаушылық.
Кейбір оқушы қатар-құрбыларынан сабақта артта қалып қойып тәртіп бұзуын
өзінше батырлық деп санайды. Мұны өзгелердің көзінше көрсеткісі келеді. Бұл
мінез көбінесе менменсуден, бала мінезінің дұрыс тәрбиеленбеуінен болады.
Бірақ осылай болған жағдайда да, тәртіпсіздікті баланың бойына біржолата
сіңіп кеткен әдет деп, барлық себепті содан іздестіруге болмайды. Өйткені
тәртіп бұзу баланың тек өзіне байланысты емес, оның үй ішіндегі жағдайларға
да, айталық ата-ана бірлігінің жоқтығына және баласына қойған талаптың әр
түрлі болып келуіне байланысты.
Бала үнемі жақсы психологиялық жағдайда тәрбиеленуі, оқуы, өсуі қажет.
Сонда балада жағымды мен бейнесі қалыптасады, өзіне деген сенімділігі,
өзіндік сезімі туады. Мұндай мен бейнесі кез-келген баланың жақсы
жағдайда, нәтижеге жетуіне, дұрыс дамуына мүмкіндік береді. Қайта тәрбиелеу
процесін ұйымдастырғанда, оқушылардың психологиялық-педагогикалық ерек-
шеліктерін педагогтер білулері қажет. Себебі, қандай бір педагогикалық
ықпалдар жасалмасын, олар баланың ішкі жан дүниесімен сабақтасып жатуы
тиіс. Оқушының ішкі позициясы жеке адамның дербес қасиеті болып саналады
[8].
Көрнекті психолог С.Л.Рубинштейннің детерминизмді түсіну заңына талдау
беріп, сыртқы себептері ішкі жағдайдың тікелей қатысуымен шешіледі – деуі
ден қоярлық. Өйткені, жеке адамның ішкі жағдайы сыртқы әсерлерге таңдамалы
түрде қарайтындығымен айқындалмақ. Сондықтан, қайта тәрбиелеу процесінің
нәтижелігі педагогикалық ықпалдардың жеке адамның ішкі жағдайларына
байланысты жоспарлы, мақсатты түрде ұйымдастырылуы арқылы шешілмек. Ол
үшін, қиын оқушылардың дара ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу қажет. Осы
мәселе төңірегінде белгілі психолог К.К.Платоновтың көзқарасына жүгінсек,
жеке адамның психологиялық құрылысы төрт бірліктен тұрады екен. Олардың
біріншісі-жеке адамның темперамент, жыныс және жас өзгешеліктері
(физиологиялық ерекшеліктері); екіншісі-адам дамуындағы психологиялық
процестерінің кейбір дербес ерекшеліктері: ес, ерік, түйсіну, эмоция,
қабылдау және ойлау қабілеттері (биологиялық ерекшеліктері) болмақ.
Үшіншісі–баланың күнделікті тәжірибесі, білімі, әдет-дағдысы, іскерлігі мен
ептілігі; ал, төртіншісі–жеке адамның жалпы бағыт-бағдары мен адамгершілік
қадір-қасиеттерінің бірлігі мен тұрмақ.
Жеткіншек-бұл сананың өзіне бағытталу кезеңі, өзінтану психологиялық
құнды құрылым ретінде өзіндік жетілуге жағдай жасайды. "Қиын" балаларды
біршама диагностикалаудың құнды ойларын Л.С.Выготский жасаған болатын. Ол
баланьң дамуындағы сапалы жылжулар идеясын, жаңа құрылымның пайда болуын
және даму кезеңінде функция аралық қатынастардың өзгеру идеясын көрсетті.
Жеткіншек жастағы оқушылардың жеке басын қалыптастыруда үлкен орынды
эмоция иеленеді. Оларда жарқын, күшті көңіл күйлер басым болады. Бірақ та
кейбір жағдайларда, өзіне маңызды болып саналатын іс-әрекеттер
қанағаттандырылмаса, онда балаларда жан-күйзелісті қайғырулар болуы мүмкін.
Мінез-құлқында қиындығы бар балалар үшін жоғары деңгейдегі эмоционалды
қозғыштық тән екендігін байқауға болады. Мінез-құлқында айтырлықтай ауытқуы
бар оқушылардың көпшілігінде, өзінің талаптану, тілек-ықыласы, сезіміне
деген төзімділігі нашар дамыған, сол себепті көп жағдайларда олар ата-
аналарының, мұғалімдерінің, үлкендердің қоятын талаптарына қарсы шығып, дау-
жанжал тудырып жатады. Бұл жастағы балалардың жеке басының дамуына ерекше
көңіл бөлу қажет. Оларға айқайлау, белдікпен ұру, желкеге ұру сияқты
көріністер керек емес, оларға жан-жақты көмек, адамдық сезімнің жылылығы,
шын көңілмен сүю, ұғу қажеттірек. Тіпті жай ғана бір мысалды алып
көрейікші: егер де гүлді күтсең, суарсаң, жақсы қарасаң, онда жайқалып
өседі. Адамдарға өзінің әсемдігін, түсін береді, ал егер оны қарамасаң, оны
күтпесең, таптасаң, ол сарғайып, солып қалады. Міне, бұл қарапайым шындық.
Бірақ та осы шындықты сырт көзбен бақылап қарасаңыз көп отбасында ұмытылып
жатады немесе бұл туралы олардың ойлағысы келмейді. Әрине, мұндай отбасында
тәрбиеленіп жатқан баланың психикасы бұзылады яғни мінез-құлқы бұзыла
бастайды. Мәселен, кей оқушылар ата-ана тарапынан ешқандай жүрек жылуын
көрмей өссе, осыған мектептегі өз сыныбындағы оқушылардың, мұғалімдердің
кері көзқарасы қосылып, ұзаққа созылған қайғыру, ренжу үстінде болса, ол
жүйке ауруларына шалдықтырып, баланың ашуланшақ, ызалы қалыпқа түсуіне әсер
етеді. Екіншіден, сау балалардың адамгершілік қасиеттеріне қандай факторлар
жағымды, ал қандай факторлар жағымсыз әсер стетінін анықтап үшін әңгімелер,
бақылау, сауалнама жүргізу т.б. әдістер қолданылады [9].
Оқушылардың мінез-құлқына айналасындағылардың (мұғалімдердің, туған
туыстарының, ересек жолдастарының) ықпалы күшті. Бұдан балалар мінез-
құлқының бірі еліктегіштікті байқауға болады. Егер бала жақсы өнеге
көрсеткен адамдармен араласса бұл жақсы нәтиже береді. Өкінішке қарай, бала
жаман қылықтарға да еліктейді. Мұғалім балалардың бұл ерекшеліктерін
пайдаланып отырса, оларға тиісті ықпал жасай алады.
Қазақстанда отбасы тәрбиесі мәселесімен шұғылданып жүрген ғалымдар:
Г.А.Уманов,Ж.Қоянбаев бұл авторлар отбасы тәрбие проблемасын әр қырынан
қарастырған. Ата-ананың міндеттері, мектеп пен жұртшылық байланыс
мәселелері және отбасы тәрбиесіне нұқсан келтірген. Оның сапасы бірнеше
деңгейлер, салалар арқылы анықталады. Әлеуметтік-мәдени деңгейі ата-
аналардың мәдени деңгейі мен қоғам өміріне қатысуына, әлеуметтік
экономикалық деңгейі тұрмыстық жағдайға, ата-аналардың жұмыс бастылығына;
техникалық-гигенакалық деңгейі үйінің жабдықталуына, өмір сүру
ерекшеліктеріне; демократиялық деңгейі отбасы құрылымына байланыс-ты. Бала
дамуының қай бағыты, қай жағынан алсақ та, ең басты ролді отбасы атқаратын
анық.
Отбасылық тәрбиенің басты міндеттері:
-бала денсаулығына қамқорлық-оқуына көмек, жетекшілік;
-еңбек тәрбиесі, мамандық тандауға көмек;
-жеке тұлғаны әлеуметтендірудегі көмек;
-адамгершілікке тәрбиелеу;
-ақыл-ойына және жалпы мәдени дамуына ықпал;
-шығармашылық икемділіктері мен қызығуын дамыту [10].

ерекшеліктері
Мұғалімдер мен қиын балалардың арасындағы қарым-қатынас жүйесіндегі
кемшіліктер төмендегіше топтауға болады.
1.Мораль белгілерімен заң нормаларын ұстамауға бейімділігі бар оқушылар-
ды алдын-ала айқындай алмау. Оқушылардың дара ерекшеліктеріне, адамгер-
шілік қасиеттерінің ауытқу себептеріне толық көңіл аудармауы. Ұжым арасын-
дағы қарым-қатынастардағы кемшіліктерді жоймау, балалардың бос уақытта-рын
тиімді ұйымдастырмауы.
2. Тәрбиесі "қиын" оқушылармен тіл табыса алмауы яғни, жеке педагогика-
лық ықпалдар жасай алмаудан барып, педагогтық этикаға жатпайтын тәсілдерді
қолдану: ұрсу, әрбір қылықтарын талдауға алу, орынсыз жазалау, қандай бір
жөнсіз әрекеттер болсын оны сол балаға жабу, кемсіту тағы басқалары дұрыс
қолданылмаған шара жасөспірімдердің ыза кегін туғызып, балаға кері әсерін
тигізеді.
3. Кейбір педагогтердің психологиялық тұрғыдан балалармен жұмыс жүргізуге
дайындығының жеткіліксіздігі, өз пәндерінен білімдерінің таяздығы, тәрбие
жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізуде кәсіби шеберлік дәрежесінің төмен болуы
да себеп болады.
Қиын оқушылардың мәселелерін шешуде мұғалім ең басты оқушылармен
психологиялық түйіспе (контакт) орната білуі керек. Себебі, қандай бір
педагогикалық ықпалдар жасалмасын олар баланың ішкі жан-дүниесімен
сабақтасып жатуы тиіс. Мұғалімдер мен жеткіншектердің арасындағы қатынас
мынадай жағдайларда сәтті дамиды:
1. Егер жеткіншек мұғалімдердің әрекетеріне шын ниетімен қолғабыс
көрсетсе;
2. Егер мұғалімдер жеткіншектерге үлгі бола білсе;
3. Егер мұғалім жеткіншекті өзінің ісіне қатыстырып, керекті ептілікке
үйретсе, қиындықтармен күресуге көмектессе.
Осындай түйіспе жасау үшін мұғалім балалардың әр жағдайдағы қылықтарын
жүріс-тұрысын дұрыс бағалай отырып, соған өзінің әрекеттерін, тұлғалық
сипатын сәйкестендіру қажет.
Мектепте оқушыларға ықпал жасайтын басты тұлғалардың бірі–сынып
жетекшілері. Сынып жетекшілер жүйелі жоспар құрып, шәкірттермен ақылдасып,
ата-аналармен және жұртшылықпен бірлесе отырып, жұмыс істеген жағдайда ғана
үлкен нәтижелерге ғана ие бола алады. Сондықтан әр уақытта оқушыларының
күшті және әлсіз жақтарын ескеріп, нәтижелеріне жүйелі салыстырулар
жүргізіп, нақты талдау жасап отыруы қажет. Ең бастысы әрбір ұстаз өзі
атқаратын тәлім-тәрбие ісін ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, шәкірттерін жан-
жақты біліп, олардың тәрбиелік деңгейін анықтау үшін үздіксіз жұмыс істеу
керек. Бұл ретте ұстаз оқушылардың тәрбиелілігін көрсететін саналылығы,
адамгершілігі мен имандылығы, эстетикалық талғамы, танымдық даму дәрежесі,
қызығуы, қоршаған ортаға өнерге бейімділігін ескеруі керек. Сынып
жетекшілері туралы әдістемелік хатта: сынып жетекшілері әр уақытта
оқушылардың жаңа ұжымын қабылдай отырып, ең алдымен отбасының бала
тәрбиелеу шарттарын зерттейді делінген. Сондықтан тәрбиешінің ең бірінші
міндеті – балалар өсіп тәрбиеленетін ортаны зерттеу. Жас ұрпақ тәрбиесі бір
төмен босаңсуды көтермейтін тіршілік тынымсыздық-тың аса өзекті тетігі
болғандықтан, ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Бір баланы адам етіп
өсіргенше, бір шаһар опат болады,- дейді ертеден келе жатқан көнелер сөзі.
Осы салыстырудың өзі-ақ баланың шынайы мәніндегі адам болып қалыптасуы
қыруар уақыт пен еңбекті қажет ететін аумағы кең жауапкершілігі күрделі
процесс екенін ұқтырса керек.
Жеткіншек жастағы оқушылардың мінез-құлқындағы қиыншылықтарды анықтап
алған соң дер кезінде түзету жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Мінез-құлқында
қиындығы бар оқушылармен түзету жұмыстарын жүргізу кезінде төменгі
факторларды есепке алмайынша істің табысты болмайтыны белігілі: отбасындағы
жағдайы, досы кім, бос уақытын кіммен және қалай өткізеді, сабақ оқытуда
неден қиналады, сынып ұжымымен және ұстаздармен қарым-қөатынасы қалай, оның
өзіндік тұлғалық ерекшеліктері. Осындай ерекшелікте-рін есепке алу-оған
дұрыс диагноз қою мен бірдей. Дұрыс қойылған диагноз аурудың дұрыс ем
қабылдауына оң әсер ететіні белгілі жайт.
Қазіргі мектептердегі оқушы ұстанымдарын зерттеу барысында біз
оқушылардан бойынан мынадай қиындықтарды анықтадық: дұрыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz