Өзін-өзі тану пәні бойынша тренинг-сабақ



ӨЗІН.ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ БОЙЫНША ТРЕНИНГ.САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ
а) Мақсаты
б) Міндеттері
в) Жұмыс жүргізу формалары мен әдістері:
І. «ӨЗІН.ӨЗІ ТАНУ» пәнінің әдіс.тәсілдері
ІІ. ӨЗІН.ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ БОЙЫНША АШЫҚ САБАҚ ӨТКІЗУ
ІІІ. ТРЕНИНГТІК ЖАТТЫҒУЛАР ӨТКІЗУ
Қатысушыларға «Өзін-өзі тану» пәні арқылы рухани адамгершілік білім беру жөнінде қысқаша түсінік беру. «Өзін-өзі тану» пәнінің әдіс-тәсілдерімен таныстыру. «Құдіретті Жер-ана» тақырыбында ашық сабақ жүргізу арқылы педагогтердің ішкі мүмкіндіктері мен ізденістерін анықтау.
Міндеттері:
а) өзін-өзі тану пәнінде қамтылатын жалпы адамгершілік құндылықтар негізінде тиімді педагогикалық қарым-қатынас жасау тәсілдері жөнінде түсінік беру, педагогтердің біліктері мен дағдыларын қалыптастыру және өзінің даму деңгейі туралы іштей зерделеуіне мүмкіндік туғызу;
ә) сабақтың өзіндік ерекшеліктерімен таныстыра отырып, педагогтердің кәсіби шеберліктерін дамыту;
б) өзін-өзі тану пәні мұғалімі мен оқушы аралығындағы рухани-адамгершілікке негізделген қарым-қатынас құру дағдыларын қалыптастыру.
Жұмыс жүргізу формалары мен әдістері:
 жалпы түсінік (мәлімет) беру;
 ашық сабақ өткізу;
 тренингтік жаттығулар өткізу;
 түрлі педагогикалық жағдаяттарға талдау жасау;
 пікірталас жүргізу;
 қорытындылау.
Сабақ-тренинг жалпы білім беру мектептерінің негізгі буын сыныптарындағы өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне арналған. Сабақ шамамен – 4 сағатқа белгіленді.
Күтілетін нәтиже: Өзін-өзі тану адамгершілік білім берудің мақсатын танып-білу, сабақ жүргізу технологиясын меңгеру.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІ БОЙЫНША ТРЕНИНГ-САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ
Мақсаты: Қатысушыларға Өзін-өзі тану пәні арқылы рухани адамгершілік
білім беру жөнінде қысқаша түсінік беру. Өзін-өзі тану пәнінің әдіс-
тәсілдерімен таныстыру. Құдіретті Жер-ана тақырыбында ашық сабақ жүргізу
арқылы педагогтердің ішкі мүмкіндіктері мен ізденістерін анықтау.

Міндеттері:

а) өзін-өзі тану пәнінде қамтылатын жалпы адамгершілік құндылықтар
негізінде тиімді педагогикалық қарым-қатынас жасау тәсілдері жөнінде
түсінік беру, педагогтердің біліктері мен дағдыларын қалыптастыру және
өзінің даму деңгейі туралы іштей зерделеуіне мүмкіндік туғызу;

ә) сабақтың өзіндік ерекшеліктерімен таныстыра отырып, педагогтердің
кәсіби шеберліктерін дамыту;

б) өзін-өзі тану пәні мұғалімі мен оқушы аралығындағы рухани-
адамгершілікке негізделген қарым-қатынас құру дағдыларын қалыптастыру.

Жұмыс жүргізу формалары мен әдістері:

➢ жалпы түсінік (мәлімет) беру;

➢ ашық сабақ өткізу;

➢ тренингтік жаттығулар өткізу;

➢ түрлі педагогикалық жағдаяттарға талдау жасау;

➢ пікірталас жүргізу;

➢ қорытындылау.

Сабақ-тренинг жалпы білім беру мектептерінің негізгі буын
сыныптарындағы өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне арналған. Сабақ шамамен – 4
сағатқа белгіленді.

Күтілетін нәтиже: Өзін-өзі тану адамгершілік білім берудің мақсатын
танып-білу, сабақ жүргізу технологиясын меңгеру.

І. ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ пәнінің әдіс-тәсілдері

Өзін-өзі тану пәнінің сабақтарын көтеріңкі, жақсы көңіл күймен
ұйымдастыру мақсатында сабақтың басында Шаттық шеңбері әдістемелік тәсілі
қолданылады. Мұғалімнің балалармен бірге құрған шеңберінде олар бір-бірімен
еркін қарым-қатынас жасайды, әр түрлі әндер мен өлеңдер айтады.

Мысалы 5-сыныптың АДАМНЫҢ ЖАН СҰЛУЛЫҒЫ сабағында шаттық шеңбері мына
бағытта ұйымдастырылған:

Мұғалім балалардың шеңберге тұрып, сыныптас достарымен қол ұстасып өз
бойларындағы жақсы қасиеттерін таныту мақсатында және алған білімдерін
қорытындылау үшін бір-біріне жүрекжарды тілектерін айтуды ұйымдастырады.
Сонымен бірге Ж.Тұрбековтің сөзіне жазылған Ә.Есбаевтің Бақытты балалық
шақ әнімен сабақты аяқтауға болады.

Бақытты балалық шақ

Сөзі – Ж.Тұрбековтікі

Әні – Ә.Есбаевтікі

Жарастықпен жайнатып өмір көркін,

Гүл-бақшада сайрандап өскен еркін,

Шат көңілді, бақытты ел ұланымыз,

Келешекте ұлы істі меңгеретін. (2 рет.)

Отанымыз әлпештеп анадайын,

Құшақтайды аялап сағат сайын.

Зәулім мектеп, кең сарай, түрлі алаң,

Не керектің біз үшін бәрі дайын. (2 рет.)

Білім шыңын өрлейміз басып алға,

Қиындық жоқ, бөгеліс жолымызда.

Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз,

Көк туымыз желбіреп қолымызда. (2 рет.)

(Ән үнтаспадан жіберіледі.)

Немесе мұғалім шаттық шеңберінде оқушылардың жағымды көңіл күй, шынайы
қарым-қатынастарын қалыптастыру үшін және жақсылыққа жетелеу мақсатында бір-
біріне жақсы сөз, жақсы тілек айтуды ұйымдастырады.

Шаттық шеңберінде әрбір бала өзін еркін сезінетін үлкен достық
шеңберіне қабылданғанын түсінеді, өзіне сенімі артып және өзгелердің де
сеніміне ие болады. Балалардың бір-біріне айтылған ізгі тілек, жақсы ойлары
сабақ тақырыбын ашуға бағытталады.

Әңгімелесу барысында оқушылардың алған білімдерін өз іс тәжірибесімен
салыстыруға мүмкіндік жасау мақсаты қойылады. Ол үшін мұғалім оқулықта
Ойланайық, пікірлесейік айдарымен берілген сұрақтар бойынша пікір алысуды
ұсынады.

5-сыныптағы Қызға – нәзіктік, ұлға – батылдық сабағында
оқушылардың қыз бала мен ер бала арасындағы қарым-қатынастар туралы
түсініктерін анықтап, қорытынды жасау мақсатында оқулықта берілген сұрақтар
бойынша әңгімелесу жүргізіледі.
• Қыз бала мен ер баланың арасында нағыз достық болуы мүмкін бе?
• Қыздарды қандай қасиеттері үшін сыйлайды? Ұлдарды ше?
• Қыздар мен ұлдардың арасында түсінбеушілік болуы мүмкін бе?
Неліктен?
• Қыздар мен ұлдардың арасындағы сыйластыққа қалай қол жеткізуге
болады?
Әңгімеге қорытынды жасау кезінде: Ұлдар мен қыздар бір-бірімен
достасқысы келе ме? Оған не кедергі болады? Ұлдар мен қыздардың дос болуы
дұрыс па ? – деген сияқты қосалқы сұрақтар арқылы оқушыларды қатты
толғандыратын мәселе ұл мен қыз арасындағы достық туралы, оның ешқандай
ерсі еместігі, керісінше ұл-қыз деп бөлудің кері жақтарын айтып, түсіндіру
жұмыстары жүреді.
Мәтінмен жұмыс жүргізуде ─ оқушылардың әңгіме, ертегі, өсиет әңгіме,
өлеңдерді ұжым болып тыңдауына жағымды жағдай туғызатын сөйлеу және ойлау
іс-әрекеттерінің маңызды түрі. Балалар осы әдіс арқылы әңгімені тыңдай және
ести білуді, сезіне алу және сезіммен қабылдауды, ой елегінен өткізу мен
пайымдай алуды үйренеді.

Мысалы 7-сыныптың ҒАЖАПҚА ТОЛЫ ҒАЛАМ сабағында Ұ. Доспанбетовтың
Ғарыш әні әңгімесінен мынадай үзінді берілген:

– ...Жоқ, сөзі әлі жазыла қойған жоқ. Сөзін жазатын ақын менің ойымды
дәл түсінер деп ұғам. Тіл мен үннің туыстығындай жарастық керек-ақ бұл
жерде. Қараңдаршы, сендерге беретін бір уәдем де бар. Бұл ғарыш әні ғой.
Оны тап бүгін ұшқан космонавтар жерге қонған күні бәріңе ойнап беремін. Жай
айта салған сөз деп ойламаңдар. Көкейімде барлық сызуы дайын тұр.

Дәлелхан соңғы клавишаны басып қалып, басын артына серпіп шалқая
берді. Оның мені толғандырған сұраққа музыка үнімен жауап бергенін ұқтым.
Жаңа ғана көз алдымда жанған ғажап суретті қайта тірілтпекке тырысып едім,
бұл жолы еш айқындық болмады. Байқасам, бұл музыка, ол оятқан аталар рухы
мені бұрынғыдан да терең ойға шақырған екен. Көзбен көріп, қолмен
ұстайтындай ешнәрсе ұсынбаған, тек адал бол, қайраттан, көзіңді аш деп
ізденіс жолын ғана нұсқапты. Ағаш тарсылдатқан адамнан мынадай ғажап үн
арқылы ең бір жоғары ой-арманның көзін аша алатын дәрежеге жетуімізге сол
аталарымыз өздерінің от-жалынды өмірі арқылы жол ашқанын айтып, күмбір-
күмбір күйге басқандай. Ендігі жерде жігерсіз, саруайымшыл халіме орын жоқ
еді. Орнымнан тұрдым да, тілін тапсаң қасиет үні төгілетін күйсандық
қасынан кетпей отырған Дәлелханның сыртынан ары-бері ойқастап, не айтуға
білмей біраз жүрдім. Тілге тартып манағы сөздерімді қайта жалғастыруға
батылым бармады. Мынадай музыкадан соң да көкірегіне ешнәрсенің жылуы
жетпеген, басында саңылау жоқ адам боп көрінуден қорықтым.

Мәтінді талдап сабақ тақырыбын ашу мақсатында мұғалім оқушыларға мына
бағытта сұрақтар береді:

• Автор адамның ғарышпен байланысын не арқылы көрсетеді?
• Ғарыш әні қандай болу керек деп ойлайсың?
• Адам айналасындағы әсемдікті түйсінуі үшін не істеуі керек?
Мәтінді талдауда оқушылардың ғарыш туралы түсініктерін дамытып, өз ойларын
ортаға салуға бағыт беріледі.
Өзін-өзі тану сабақтарында оқу материалының мазмұнын эмоционалдық-
сезімдік күймен тиімді қабылдау мақсатында әр түрлі жағдаяттарды балалардың
өздері рөлдерде орындауы арқылы Сахналау ұйымдастырылады.

5-сыныптың Жан сұлулығы сабағын өткен кезде оқушылардың ойларын білу
және жан сұлулығының маңыздылығын түсіндіру мақсатында оқулықта берілген
диалогті сахналау ұсынылады:

Алтынай: Мен ең әдемі қызбын, өскенде де ең сұлу қыз боламын.

Дина: Ия, достым, сен сыныптағы ең әдемі қызсың. Мен сенің әдемілігіңе
қызығамын.

Алтынай: Мына қарияның көзі көрмей ме, қолында таяғы бар?

Дина: Жүр онан да көмектесіп, жолдан өткізіп жіберейік.

Алтынай: Уақыт алғанша жүре бермейміз бе?

Дина: Сізге көмектесейін бе ?

Қария: Көмектесіп жіберші, мейірімді қыз. Көзім көрмейді, қартайдым.
Жолдан да өте алмай тұрғанымды қарашы.

Дина: Жүріңіз.

Қария: Рақмет, қызым. Күн көзіндей сұлу екенсің.

Алтынай: Оның әдемі екенін қайдан білдіңіз? Көзім көрмейді деген жоқсыз
ба?

Қария: Бұл қыздың сұлулығы соқыр адамға да айдан анық көрінеді. Өйткені
оның сұлулығы жүректен тарайды.

Мұғалім сахналауды талдау барысында оқушылардың Алтынай мен Динаның іс
әрекетіне баға беруі, өз ойларын ортаға салуы, жан сұлулығының мәнін
кеңірек ашуы арқылы балалардың нақты тұжырым жасауына мүмкіндік тудырады.
Сахналау сәтінде оқушыларды Бұл қыздың сұлулығы соқыр адамға да айдан
анық көрінеді. Өйткені оның сұлулығы жүректен тарайды, – деген қарияның
сөзін талдау арқылы жан сұлулығының мәні ашыла түседі.

Сабақ барысында Өзін-өзі тану пәнінің басқа пәндерден ерекшелігі
Тыныштық сәті, Өзіммен-өзім релаксация тұрғысындағы әдістемелік
тәсілдері қолданылады.

Мұғалім төменгі сыныпта Арайлап атсын әр таңым сабағында Өзіммен
өзім әдісін ұйымдастыру арқылы тақырыпты түсіндіруіне болады.

Ол үшін оқушыларға үнтаспаға алдын ала жазып алынған ұйқыдан оянатын
таңғы сәттегі тіршілік әрекеттерінен үзінді тыңдатылады. (Онда Тұра ғой,
құлыным!, Қайырлы таң!, Күн жақсы болсын! деп айтылған сөздер, әтештің
шақырғаны, сағат қоңырауының шырылдағаны, малдардың, тағы басқа жан-
жануарлардың үндері, жүріп бара жатқан көліктердің дыбыстары, диктордың
Қайырлы таң! Астана уақыты сағат 7.00 деген даусы және т.б.)

Мұғалім оқушыларға Таңертеңгі көңіл күй мәнін түсіндіруді әңгімелесу
арқылы жалғастырады:

• Үнтаспадағы қандай дыбыстар сендерге таныс?
• Сендерді кімдер оятады немесе ненің дыбысынан оянасыңдар?
• Қандай көңіл күймен оянасыңдар?
• Таңертеңгі қуануыңа не себеп болды?
• Таңертеңгі жабырқауыңа не себеп болды?
Немесе 5-сыныптың Табиғат ғажаптары сабағында Өзіммен өзім
релаксациялық тәсіл оқушыларға табиғат сұлулығын сезіндіру арқылы
адамдардың бойында шабыт, құлшыныс пайда болатынын байқату мақсатында
өткізіледі. Мұғалім әсерлі музыка үнімен сабақтастырып, Өзіммен өзім
әдістемелік тәсілін төмендегі бағытта жүргізуі мүмкін:

– Балалар, ыңғайланып еркін отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да
болады. Біз бәріміз табиғат аясына шықтық. Күзгі күннің шуағы да ерекше.
Алыстан тау жоталары көрінеді. Жаз бойы жайқалған жасыл шөптердің де реңі
өзгергендей. Аққайыңның алтын түстес жапырақтары да көздің жауын алады. Ал
қалың терек арасында өскен көк-жасыл қарағайлар өз бейнесін айқындап
ажарлана түскендей. Көк аспанға көз жіберсең қиқулап, ұшбұрыш түзеп, жылы
жаққа ұшып бара жатқан құстарды көресің. Табиғаттың осындай ғажаптарын
көргенде ерекше сүйсінесің. Осындай сұлулық пен әдемілікке толы ортада
бойыңа ерекше шабыт, қуат алғаныңды сезінесің. Табиғаттың өзіне ғана емес,
барша тіршілік иесіне сый жасайтынын түсініп, ерекше қуанышқа бөленесің.

Енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Мұғалім оқушылардың Өзіммен өзімде көз алдарына елестеткен табиғат
ғажаптары, алған әсерлері туралы өз ойларын ортаға салып айтып беруіне,
суреттер салуына немесе өлең құрастыруына ұсыныс жасауына болады.

Тыныштық сәтінде баланың бір сәт толық тыныштықта жүрек соғу ырғағы
мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді. Ол өз ойын жинақтай алу
мүмкіндігіне ие болады, өзінің ішкі Менін түсіне алады, өзінің сезімі мен
көңіл күйін жақсы сезінеді.

– Балалар, денелерінді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып
отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс
алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен
тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал
енді көздеріңді ашсаңдар да болады.

Мұғалім балаларға осы жаттығуды орындату барысында олардың дене қалпына,
көздерін жұмып ашуына, тыныс алуы мен денесін бос ұстай білуіне баса назар
аударуы тиіс.

Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын
эмоционалдық-бейнелі тұрғыдан қабылдауға ықпал ететін тақырыпқа сәйкес
алынған Сабақтың дәйексөзі, өзін-өзі тану сабақтарының міндетті элементі
болып табылады. Сабақтың дәйексөзі ретінде халық даналығы, халық мақалы,
нақыл сөз, даналық сөз, ұлағатты сөз алынады. Мұғалім дәйексөз мағынасын
балалардың қалай түсінгендері туралы олардың өз пікірлерін ортаға салуына
бағыт беріп, талдап сабақтың негізгі ойын бекітеді.

Мысалы мұғалім 5-сыныптың ЖАҚСЫЛЫҚПЕН ЖАНЫМ ДОС сабағында оқулықта
берілген Кабуснаманың Жақсылық істеуден жалықпа, істеген жақсылығыңа
өкінбе! ─ деген сөзін дәйексөз ретінде талдап төмендегі бағытта
қорытындылайды:

Адамдар бір-біріне жақсылық жасаудан жалықпаса, өмірде сыйластық,
қамқорлық, достық, сүйіспеншілік қарым-қатынаста болатынын, ал қоғамда
татулық, бірлік, ынтымақ орнайтынын түсіндіреді. Әр кезде де жақсылықты
риясыз жасау қажет екеніне мән беріледі.

Шығармашылық жұмыс ─ өзін-өзі тану сабағының маңызды бөлігі.
Шығармашылық жұмыс сурет салу, макеттер, коллаждар мен өлең, әңгіме
құрастыру және т.б. түрінде жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл тәсіл балалардың
шығармашылық шабытын аша түсуге, олардың символдарды, бейнелер мен
әрекеттерді ұғынуы арқылы өзіндік Менін көрсете алуына септігін тигізеді.
Бірлескен шығармашылық әрекет оқушылардың ынтымақтастық, шыдамдылық,
ынталылық сияқты адами қасиеттерді ұғынуына, өзінің пікірін айту мен
басқалардың пікірін құрметтей білу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді,
балалардың өз күшіне сенімділігін, өзінің қабілеттері мен шығармашылық
мүмкіндіктеріне сенімдерін қалыптастырады, жауапкершілікке, дербестілікке
тәрбиелейді.

5-сыныптың Шығармашылық – жетістік бастауы сабағында оқушылардың
шығармашылық туралы білімдерін тереңдету мақсатында шығармашылық тапсырма
ұсынылған. Шығармашылық жұмыс ретінде тапсырмадағы сөзжұмбақты шешуді ойын
түрінде жекелей немесе топпен орындатуға болады. Оқушылар берілген
әріптерді орнына тез қойып, шығармашылық сөзін шешкен болса, ондағы
берілген сөздердің мағынасы туралы өз пікірлерін ортаға салады. Сөзжұмбақты
тез шешкен және сөздердің мағынасын түсіндіріп берген оқушы немесе топ
жеңімпаз атанады.

Тиісті әріптерді орындарына дұрыс қойғанда анықталған ұғымдар: шабыт,
ынта, ғылым, ақыл, жігер, арман, талап, шындық, шаттық, білім, қуаныш,
бақыт сөздерінің мәнін ашатын шағын әңгіме жазуды ұсынуға болады.

Мұғалім сөзжұмбақта анықталған ұғымдардың шығармашылыққа қатысына назар
аудартып, оқушылардың пікірлерін, шағын әңгімелерін түйіндейді.

Сабақ үстінде балалардың жалығуы мен шаршағандығын ұмыттыратын, бойларын
сергіту үшін Сергіту сәті қолданылады. Сергіту жаттығулары бір іс-әрекет
түрінен екіншісіне ауысатын сәтте қысқа ойындар, қимыл-қозғалыстар түрінде
қолданылады. Осы тәсіл топтың көңіл күйін көтереді, оқуға, білуге ынтасын
дамытады, жылдам назар аударуын күшейтеді, ұжымның ұйымшыл болуына ықпал
етеді.

Сергіту сәті балаларды жаңа материалдың келесі бөлігін меңгеруге
дайындайды. Балалардың белсенді әрекеті төмендегі үлгіде жүргізіледі:

Кәнеки, домбыра үнімен көңіл көтерейік.

Үнтаспадан Ермек Қазиевтің орындауында Құрманғазының Бұлбұл күйі
тыңдалады және күй әуеніне оқушылар мұғаліммен бірге билейді.

Немесе сергіту сәті төмендегі мазмұнда қимыл қозғалыстар түрінде
қолданылады:

Бойыңды сергек тік ұста, (Бойларын тік ұстайды.)

Деміңді ішке тез ал да. (Демін ішіне тартады.)

Емін-еркін тыныста. (Терең дем шығарады.)

Сол қолыңды соз алға, (Сол қолын алға созады.)

Қол ұшына қара да (Қолын жоғары көтереді.)

Үшбұрыш сыз ауада. (Сол қолымен үшбұрыш сызады.)

Оң қол да бос тұрмасын, (Оң қолды алға созады.)

Шеңбер жасап зырласын. (Оң қолымен шеңбер сызады.)

Балалардың өмірдің тәлімдік-танымдық жағдайларының мәнін ұғына білу мен
нақты өмірлік жағдаяттарды бағалай білу дағдыларын дамытуға, өзінің ойы мен
ісіне, әрекеттеріне жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал ету мақсатында
Жаттығу-ойлану, Жағдаяттарды талдау әдістемелік тәсілдері қолданылады.

• Мысалы 5-сыныптың АДАЛДЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК тақырыбындағы сабақта оқушыларға
екі түрлі жағдаяттық тапсырма ұсынылған:

1-жағдаят

Ажар мен Алмагүл сабақтан келе жатыр еді. Ажар жарнамадан жаңа фильмнің
басталғанын көріп:

– Менің қалтамда апамның самса алып жерсің деп, берген ақша бар.
Кеттік, кино көрейік, – деді.

Алмагүл:

– Үйден сұранып шыққан жоқпыз. Іздеп қалады ғой, – деп, іркіліп қалды.

– Ештеңе етпес, мектепте болдық деп айта саламыз...

• Ажардың ұсынысына сен қалай жауап берер едің?
2-жағдаят

Менің ең жақын досым мектепте бір баламен достасқан, ол күнделікті
кешке қарай мені өзімен бірге серуендеп жүруге шақырады. Ол: Менің анам,
сенімен бірге жүргенімді білсе, ол қарсы болмайды, – дейді. Досыма үйінде
ата-анасы ұрыспауы үшін, мен бірнеше рет телефон арқылы оларға өтірік
айттым. Басында мен қиналмастан оларды жасырып жүрдім, ал қазір олар мені
пайдаланып жүр, ал мен күнде өтірік айтуды ұнатпайтын болдым. Мен досымнан
ажырағым келмейді. Сонда менің не істеуім керек?

• Сендер баланың сұрағына қала жауап берер едіңдер?
Әр жағдаяттың шешімін талқылау барысында балалар өзін және өзгелерді
бағалауға, адамдармен жағымды өзара әрекеттестік құра білуге үйренеді.
Жағдаяттарды адалдықпен шеше отырып, оқушылар өтірік айтпай, ешкімді
алдамай қай кезде болмасын әділ шешім қабылдай алу керектігін де түйсінетін
болады.

Жаттығу-ойлану тапсырмалары болып нақты өмірлік жағдаяттар, мақал-
мәтелдер, тәлімдік-танымдық мәні бар өлең жолдары табылады. Балалардың
мақал-мәтелдерді өлең жолдарының тәлімдік, өмірлік мәнін талдауы және
жағдаяттарды талқылауы арқылы олардың ойлана білуге, өзін және өзгелерді
бағалай алуға икемділігі артып, адамдармен, айналасымен жағымды қарым-
қатынас жасау дағдылары қалыптасады.

Тапсырма ─ баланың сабақ тақырыбына және сабақта меңгерген білімдері мен
игерген іскерлік, дағдыларын бекітуге, олардың түсініктерін кеңейте түсу
және қызығушылығын арттыру мақсатында тапсырма беріледі.

5-cыныптың 3-сабағында Әбунасыр әл-Фарабидің адамның мінез-құлқы туралы
нақыл сөздерін оқып, түсінгендеріңді айтып беріңдер деген тапсырма
берілген.

1. Мінез-құлықты сөз жүзінде емес, іс жүзінде шыңдау арқылы іске
асыруға болады.

2. Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар
адамшылық қасиеттер болып табылады.

3. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа
байланысты.
Бұл нақыл сөздердің берілу мақсаты – жақсы мінез-құлық адам өмірін
нәрлендіретіндігін, шынайы бақытқа қол жеткізуіне, адами қарым-қатынас
жасауға мүмкіндік беретіндігін оқушыларға ұғындыру.

Тапсырманы жекелей немесе топпен жұмыс түрінде сабақта және үй
тапсырмасы ретінде орындайды. Тапсырманы орындау оқушылардың өз
көзқарастарын пайымдауымен, ойларын ортаға салуға, олардың өзіндік шешім
қабылдауына көмектеседі.

Балалардың танымдық қызығушылықтарын арттыру мен жаңа игерілген
түсініктері мен іскерліктерін бекіту үшін тапсырма Ойын, Жаттығу
түрінде беріледі. Ойын әрекеттері мен жаттығулары арқылы баланың жеке
тәжірибесі негізінде оқу материалының мазмұны жүзеге асырылады. Балалар
ойындар мен жаттығулар нәтижесінде құрбыластарымен жағымды қарым-қатынас
жасау дағдыларына ие болады, өмірлік дағдыларды меңгереді.

Мысалы сабақ барысында Достық көмек ойынын балалардың достық көмек
жасаудың мәнін тереңірек түсініп, бір-біріне көмектесуге әрқашан әзір
болуға тәрбиелеу мақсаты көзделеді.

Оқушылар бір, екі, үш деп санай отырып үш топқа бөлінеді. Тақтаға үш
себеттің сұлбасы ілінеді. Балаларға алманың суреті таратылады. Әр топ
мүшесі досына деген жақсы бір лебізін айтып, себетке алманың суретін апарып
салады. Қай топ алманың суретін көп жинаса, сол топ жеңімпаз атанады.

Ойын-жаттығу оқушылардың сыйластық қарым-қатынас жасай білу дағдыларын
толықтыра түседі.

Оқу ақпаратында берілген жаңа ойлар сабақтың мақсатын айқындап,
оқушылар білімін толықтыра түсуіне, оған тұжырым жасауына, қорытындыға
келуіне көмектеседі.

5-сыныптың МАХАББАТ – ӨМІР ӨЗЕГІ сабағының жаңа ақпаратында
балалардың сүйіспеншілік, махаббат туралы білімдерін бекіту мақсатында
берілген. Жаңа ақпаратты оқи отырып, өз бойларындағы ата-анасына, Отанға,
туған елге деген сүйіспеншілік сезімдерін аңғартады. Әлемдегі бар жақсылық
махаббат арқылы келетінін ұғындырады.

Әрбір адам өзіне, ата-анасына, Отанға, туған елге сүйіспеншілікпен
қарайды.

Ыстық ықылас, шынайы сүйіспеншілік махаббат сезімін тудырады.

Әлемдегі бар жақсылық махаббат арқылы келеді.

5-сыныптың СЕНІМ – МЕНІҢ СЕРІГІМ сабағында оқушылардың мәтін бойынша
берілген сұрақтарға жауабын қорытындылау үшін оқулықта жаңа ақпарат
берілді. Мұғалім оқушылардың назарын адамның өз күшіне, өз мүмкіндіктерімен
қабілеттеріне сене білуі және өзгенің өзіне білдірген сенімі арасындағы
байланысына, арақатынасына аударады.

Адамның өз-өзіне, өзгелерге сенім білдіруі оның өмірге деген үміті мен
қызығушылығын арттырады. Өзіне-өзі сену адамның өз құндылығын түсініп,
мақсат-мүддесіне жетуіне көмектеседі.

Айналадағы адамдардың сенім білдіруі адамның жаупкершілігін арттырып,
өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға ықпал етеді.

Жаңа ақпаратты талдау оқушылардың өз ойларын ортаға салуына, олардың
өз мүмкіндіктерін ой елегінен өткізіп, жалпыадамзаттық құндылықтардың адам
өміріндегі мәнін сезінуге ықпал жасайды.

Сабақтың аяқталу кезеңінде қолданылатын, бір-бірімен пікір алмасуды, бір-
біріне тілектер айтуды немесе бәрі бірге сабақтың негізгі ойын қорытатындай
ән не өлең орындауды қамтитын және мұғалімнің әрбір баланың эмоционалдық
күйін, олардың сабақ мазмұнын түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік туғызатын
әдістемелік тәсілді Жүректен-жүреккедеп атайды.

1-сыныптың МЕН ОҚУШЫМЫН тақырыбында Жүректен- жүрекке мына бағытта
берілген:

Мұғалім ән айтылып жатқан уақытта оқушыларға қоңырау пішініндегі ішіне
тілек жазылған ашықхатты таратып береді. Әр баланың атын атап, жазылған
тілектерді оқып береді. Ашықхатта жазылған тілектер мынадай үлгіде болуы
мүмкін:

– Шоқандай алғыр бол!
– Абайдай дана бол!
– Күндей жарқырап жүр!
– Гүлдей жайнап жүр!
– Достарыңа сыйлы бол!
– Оқуда озат бол!
Ал 5-сыныптың ҚЫЗҒА – НӘЗІКТІК, ҰЛҒА – БАТЫЛДЫҚ сабағында балалар шеңбер
құрып, немесе орындарында отырып, бір-бірінің өздеріне ұнайтын мінездерін
туралы айтады. Мәселен, сен өзіңнің ашықтығыңды жоғалтып алмасаң екен,
сен сияқты батыл болғым келеді немесе сенің қайырымдылығыңа қайран
қаламын, сенің бауырмалдығыңды көріп, ойланып қаламын және т.б.
Оқушылардың өз мінездеріне баға беруге, жақсы мінез-құлықтарының
қалыптасуына бағдар беріледі.

Қорыта айтқанда мұғалім Өзін-өзі тану пәнінің әдіс-тәсілдерін
меңгеріп, тиімді қолдану нәтижесінде оқушыларға жалпыадамзаттық, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойын іс-әрекетінің психологиялық сипаттамасы туралы
Психологияны оқыту әдістемесі психология ғылымының негізгі базалық саласы
Тренинг барысында ұстанатын ережелерді бекіту - кез келген семинардың маңызды бөлімі
Тренердің басты міндеті - семинар тақырыбын тренингке қатысушылардың өздерінің ашықтауына мүмкіндік жасау
Психологияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал
Психологиялық тренинг-оқытудың арнайы ұйымдастырылған формасы
Тренингтік жұмыстар технологиясы
Семинар - тренингтің оқыту кезеңі
Тренинг арқылы тұлға дамуын зерттеудің психологиялық маңызы
Іскерлік қарым - қатынасқа арналған тренинг
Пәндер