Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелер бойынша жасасқан халықаралық шарттары



Кіріспе
Негізгі бөлім
1 Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің жай.күйі
2 Ұлттық экономиканың барлық салаларын реформалау
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұрынғы Одақ кезінде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі негізінен хаттамалық қызметпен шектеліп, сыртқы саясат мәселелерін ол үшін орталық шешетін. Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын ұлттық-мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады. Ол дүниежүзілік қауымдастыққа дербес субъект ретінде белсене кірісуде. Мұның жарқын дәлелі — Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі болуы. Еліміздің Хельсинки келісіміне қосылуы, Лиссабон хаттамасына қол қоюы және Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа енуі оның халықаралық беделін нығайтып, егемендігін, қауіпсіздігін және шекараларының мызғымастығын баянды етті. Бұған Америка Құрама Штатымен (АҚШ) "Демократиялық серіктестік туралы хартияға" қол коюы, НАТО-ның "Бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік" бағдарламасына қосылу, Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Ресей, Ұлыбритания, Франция және Қытай сияқты ядролы державалардың Қазақстанға берген қауіпсіздік кепілдіктері жәрдемдесті.
Өндіріс орындарының күрт арту кезеңінде, ғылыми-техникалық революцияның дамуына байланысты, қоршаған ортаны сақтау, қорғау және табиғи ресурстарды үнемді пайдалану қазіргі күннің өзекті мәселелелерінің бірі болып отыр. Бұл мәселелерге түсініссіздікпен селсоқ қарау мен техникалық экологиялық саясаттар, қоршаған ортаның ластануына және жер бетіндегі организмдердің қалыптасқан жағдайларына негативті әсерін тигізеді. Қордаланған негізгі мәселелерді шешуде, табиғат пен адамзат қоғамының арасындағы қарым-қатынастардың орны ерекше. Бұл қарым-қатынастардың дұрыс дамымауы адамзатқа үлкен қауіптер туғызуы мүмкін. Табиғат ресурстары мен өзіндік құны арзан қажетті заттарды алу, экономикалық пайда табу, экологияны бұзудың негізгі себептерінің бірі.
Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп отыр. Адам ақыл-ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар, т.б. ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта, жеңілдете түсумен қатар қауіп-қатер туғызуда. Осының бәрі экологиялық сананың жеткіліксіздігінен, адамдардың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін жете сезінбеуінен.

Қолжазба
құқығында

САТЫБЕКОВА МАЛИКА ҚАЙРАТҚЫЗЫ

Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелер бойынша
жасасқан халықаралық шарттары

6N0302 – Халықаралық құқық

мамандығы бойынша

магистрлік диссертация

Авторефераты

Қазақстан Республикасы
Астана, 2011

Диссертациялық жұмыс Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің Халықаралық
құқық кафедрасында орындалды

Ғылыми жетекші: з.ғ.к.,
аға оқытушы

Сарсенова С.Н

Ресми оппонент: з.ғ.к.
Сабыров А.

Қорғау Қазақ Гуманитарлық-Заң Университетінде мемлекеттік аттестациялық
комиссиясының отырысында ____________2011 ж. өтеді. Мекен-жайы: 010000,
Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 8.

Автореферат 2011 жылдың _____ ___________ айында таратылды.

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұрынғы Одақ кезінде Қазақстанның
Сыртқы істер министрлігі негізінен хаттамалық қызметпен шектеліп, сыртқы
саясат мәселелерін ол үшін орталық шешетін. Қазақстан Республикасы егеменді
ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын ұлттық-
мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады. Ол дүниежүзілік қауымдастыққа
дербес субъект ретінде белсене кірісуде. Мұның жарқын дәлелі — Қазақстан
Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі болуы.
Еліміздің Хельсинки келісіміне қосылуы, Лиссабон хаттамасына қол қоюы және
Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа енуі оның халықаралық беделін
нығайтып, егемендігін, қауіпсіздігін және шекараларының мызғымастығын
баянды етті. Бұған Америка Құрама Штатымен (АҚШ) "Демократиялық серіктестік
туралы хартияға" қол коюы, НАТО-ның "Бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік"
бағдарламасына қосылу, Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Ресей, Ұлыбритания,
Франция және Қытай сияқты ядролы державалардың Қазақстанға берген
қауіпсіздік кепілдіктері жәрдемдесті.
Өндіріс орындарының күрт арту кезеңінде, ғылыми-техникалық революцияның
дамуына байланысты, қоршаған ортаны сақтау, қорғау және табиғи ресурстарды
үнемді пайдалану қазіргі күннің өзекті мәселелелерінің бірі болып отыр. Бұл
мәселелерге түсініссіздікпен селсоқ қарау мен техникалық экологиялық
саясаттар, қоршаған ортаның ластануына және жер бетіндегі организмдердің
қалыптасқан жағдайларына негативті әсерін тигізеді. Қордаланған негізгі
мәселелерді шешуде, табиғат пен адамзат қоғамының арасындағы қарым-
қатынастардың орны ерекше. Бұл қарым-қатынастардың дұрыс дамымауы адамзатқа
үлкен қауіптер туғызуы мүмкін. Табиғат ресурстары мен өзіндік құны арзан
қажетті заттарды алу, экономикалық пайда табу, экологияны бұзудың негізгі
себептерінің бірі.
Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені табиғатта тіршілік өсіп-
өнеді. Өзіндегі барды адамға, жан-жануарға, өсімдікке берген. Табиғатта
басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау
үлкен апатқа соқтырады. Бір кездерде табиғатты бағындыруды мақсат тұтып,
ормандар аяусыз балталанды, аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз
жыртылып, топырақта эрозия пайда болды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам
баласына ядролық апаттан гөрі экологиялық апат аса үлкен қауіп төндіріп
отыр. Адам ақыл-ойының нәтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар,
т.б. ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта, жеңілдете түсумен
қатар қауіп-қатер туғызуда. Осының бәрі экологиялық сананың
жеткіліксіздігінен, адамдардың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін жете
сезінбеуінен. Адам өміріне экологиялық зардаптардың әсер ете бастауы
олардың қоршаған ортаға жыртқыштықпен қарауының салдары. XX ғасырдың екінші
жартысындағы қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы негізінде біздің
елімізде күрделі табиғат жағдайы қалыптасты. Материалдық өндірістер
көбейді, барған сайын шикізатқа сұраныстың өсуінің нәтижесінде жерасты мен
үсті қазба байлықтары жеделдетіп игерілді.
Ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде жасалынған табиғатқа
әсер, экожүйенің өзгеруі, дауылдар, су тасқындары, жер сілкіністері сияқты
табиғи құбылыстармен тепе-тең жағдайға жетті, тіпті олардан асып түсті десе
де болады. Олар табиғаттың келеңсіз әсерін шұғыл күшейтіп, биосферадағы
табиғи жағдайдағы энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты
өзгертуі өте қауіпті жағдайға айналды. Бұл құбылыс дүние жүзі бойынша
экологиялық сипат алды.
Көптеген ғалымдар экология ғылымының мәнін, мағынасын, салдарын әр
түрлі түсінеді. Көбі экология ғылымың жаңа ғылымның саласына қосады. Эрнест
Геккельден бұрын да ғылымдар экология жайлы өзіндік зерттеулер жүргізген.
Әйтсе де оның бастауына неміс ғалымы Эрнест Геккель биологиялық экологияға
берген анықтама тұрғысынан қарайды, ал шындығында XXI ғасырдың экологиялық
проблемалары қатыспайтын бірде-бір ғылым саласы жоқ. Сондықтан да экология
ғылымы ғылымдардың ғылымы сипатына айналды. Себебі, олар барлық ғылым
салаларының нәтижесіндегі ғылым жетістіктерінің табиғаттың тепе-теңдігінің
бұзуылуына жауапты бола отырып, оның шешімін табуға ат салысу керек. Бұл
ғаламдық проблема.
Қазақстан қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық
ынтымақтастық саласында белсенді саясатын іске асыруды жалғастырып келеді.
Қазақстан Республикасы ірі жаһандық жəне аймақтық экологиялық форумдарға
қатысып, екіжақты жəне көпжақты ынтымақтастықты жалғастырды, сонымен бірге
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызмет нəтижесінің бірінші Шолуы
жазылған уақыттан бастап бірқатар көпжақты табиғатты қорғау келісімдерін
бекітті. Ұлттық табиғатты қорғау заңнамасын халықаралық норма жəне
стандарттармен, ішінара ЕО Нұсқауымен үйлестіру Қазақстанның саяси
мақсатының бірі болып саналады, осыған орай Қазақстан осы мақсатқа жету
үшін бар күшін салуда. 2007 жылы қабылданған Экологиялық кодекс осы бағытта
жасалған маңызды қадам болып саналады.
Бекітілген конвенциялардың талаптарын орындау мақсатында
атқарылатын қызмет саясаты мен жоспарлары жасалынды немесе жасалу үстінде,
жəне аталған ел оларды іске асыру үшін халықаралық көмекке иек артты.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның сыртқы саясатының,
негізінде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын
қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастыққа енуіне,
республика ішіндегі реформаларды жүзеге асыруға, оның тиімді және өсіңкі
экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлық республика
халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау
мүдделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды
емес, парасатты, салмақты дипломатияға сүйене отырып, саяси құралдарды
пайдалануды мақсат етіп отыр.
Қазақстан Республикасының халықаралық байланыстарының негізінде таяу
және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді саяси, әлеуметтік-экономикалық
мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда маңызды орын алатын құжаттар –
халықаралық шарттар болып табылады.
ҚОҚМ қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұлттық саясатты іске
асыруға жауапты негізгі мемлекеттік орган болып есептеледі. Басқа
министрліктер мен ведомстволар, ішінара Ауыл шаруашылығы министрлігі мен
Төтенше жағдайлар министрлігі де белгілі бір КТҚК жəне жекелеген
экологиялық мəселелеріне тікелей жауап береді немесе олардың орындалу
барысына қатысады. Дегенмен ҚОҚМ жəне басқа да министрліктердің
қызметіндегі ынтымақтастық пен оларды үйлестіру жұмыстары жеткіліксіз
деңгейде болып отыр. Бұған қоса, ҚОҚМ өзге министрліктермен салыстырғанда
аса əлсіз мемлекеттік орган ретінде танылған. ҚОҚМ халықаралық экологиялық
ынтымақтастық саласында ұлттық саясатты іске асыруға қажетті жеткілікті
ресурстары мен əлеуеті жоқ. Қазақстан Республикасының осы саладағы
қызметіне ҚОҚМ жүргізген талдау жұмысы ел үшін, елдің жетістікке жетуі үшін
аса пайдалы екендігін байқатады, алайда мұнда оны жүзеге асырудың
ақтаңдақтары мен кемшіліктеріне сыни баға берілмеген. Қазақстанның көптеген
жаһандық жəне аймақтық экологиялық келісімдерге қосылғандығына қарамастан,
ол осы КТЫ қызмет жағдайын орнататын мыс., БҰҰАӨжШК Киото Хаттамасы, жəне
үлкен арақашықтықтағы ауаның трансшекаралық ластануы туралы Конвенцияның
барлық хаттамаларын бекіту жөнінен қажетті күшін таныта алмады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында неғұрлым өзекті
экологиялық проблемалар әлі күнге дейін климат пен озон қабатының
өзгеруімен, биоалуан түрліліктің қысқаруымен, шөлейттенумен,
су ресурстарының, ауаның ластануымен, өндіріс және тұтыну қалдықтары-
ның жинақталуымен байланысты проблемалар болып отыр.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасының алыс
-жақын шет елдер арсындағы экологиялық мәселелерді шешу мақсатында
жасалатын халықаралық деңгейде ынтымақтастықты нығайту үшін халықаралық
шарттардың мәні мен маңызын, оның іс-жүзінде орындалуын ғылыми тұрғыда
зерттеу. Осы мақсаттың негізінде мынадай міндеттерді көрсетуге болады:
-Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелер бойынша жасасқан
халықаралық шарттарына жалпы сипаттама беру;
-Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелер бойынша жасасқан
халықаралық шарттарының мәнін ашу;
-Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелер бойынша жасасқан
халықаралық шарттарын халықаралық талдау;
-Қазақстан Республикасындағы экологиялық мәселелер бойынша жасасқан
халықаралық шарттардың әрекет етуі және жарамдылығы жөнінде мәлімет-
тер жинау;
-Қазақстан Республикасының шет ел мемлекеттерімен экологиялық мәселелер
бойынша жасасақан халықаралық шарттарына талдау жасау.
Жұмыстың зерттеу обьектісі. Қазақстан Республикасы мен шет еддер
арасындағы экология, қоршаған ортаны қорғау мәселелер бойынша жасасқан
халықаралық шарттар жұмыстың зерттеу обьектісі болып табылады.
Жұмыстың зерттеу пәні. Қазақстан Республикасы 24 халықаралық
конвенцияға қол қойды және оларды іске асыру жұмыстың зерттеу пәні ретінде
қарастырылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация қысқартылған сөздер тізімінен,
кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
Зерттеудің теориялық мәні :
- Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелер бойынша жасасқан
халықаралық шарттарының негізгі мәні, түсінігі айқындалды;
- еліміздің экологиялық мәселерге қатысты басқа мемлекеттермен алда
жоспарға алынған жобалар айқындалды.
Зерттеудің әдістері: еліміздің экологиялық аймақтарын зерттеу,
экологиялық қауіпсіздігінің жай-күйін айқындау, экология мәселесіне
байланысты жарық көрген мемлекеттік, халықаралық құжаттармен танысу, ай-
қындау.
Қорғауға шығарылатын тұжырымдамалар:
- Жасыл даму бағдарламасының мәнін, ерекшеліктерін көрсету. Үкімет 2010-
2014 жылдарға арналған Жасыл даму бағдарламасын бекітті. Бағ- лама жасыл
экономиканы дамытуға, қоршаған орта мен денсаулыққа зиян келтіретін
антропогендік ықпалды азайтуға, табиғи экожүйені қалпына келтіру мен
сақтауға, қоршаған ортаның сапасын жақсартуды басқару жүйесін дамытуға
бағытталып отыр;
- еліміздің экологиялық мәселелеріне қатысты халықаралық шарттарға
қосылуының негізін анықтап, көрсету. Қазақстан, XXІ ғасырдың күн тәртібіне
(Рио-де-Жанейро, 1992ж.) қойылған, Мыңжылдық саммит декларациясында (Нью-
Йорк, 2000ж.), Орнықты даму туралы бүкіләлемдік саммит (Йоханнесбург,
2002ж.) мәселелерін шешу бойынша міндеттерді өзіне алған әлемдік
қоғамдастықтың толық қатысушысы болып табылады. Қазақстан “Еуропа үшін
қоршаған орта” мен “Азия үшін қоршаған орта және орнықты даму”
үдерістерінің белсенді қатысушысы және мүшесі болып табылады;
ЭСКАТО БҰҰ мен ЕЭК БҰҰ комиссиясы деңгейіндегі белсенді рөлді ескере
отырып, Қазақстан Астанада Азия-Тынық мұхиты аумағында 2010 жылы және
Еуропа аумағында 2011 жылы қоршаған ортаны қорғау министрлерінің екі
аумақтық конференцияларын өткізу жөнінде шешім қабылдады. Осы
конференцияларда қоршаған орта мен орнықты даму және олардың бірыңғай
еуразиялық үдерістерге бірігуі бойынша Еуропа мен Азия үдерістерін
жақындастыруды бастау ұсынылатын болады. ШЫҰ, ЕурАзЭҚ, СПЕКА және басқалар
шеңберінде күшінде тұрған өңірлік бағдарламаларды ескере келгенде, мұндай
бастаманы жүзеге асыру барлық мүдделі тараптардың (АҚШ, Ресей, ҚХР және
Еуропа одағын қосқанда) өзара тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастықтары
үшін негіз ретінде Еуразия аумағында көпжақты серіктестік қалыптастыруға
мүмкіндік береді;
- 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы-
ның жай-күйін анықтау. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік
саясаттың негiздерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30
сәуiрдегi өкiмiмен мақұлданған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасына
енгiзiлiп, онда өтпелi кезеңнiң экологиялық басымдықтары, атап айтқанда,
жекешелендiрудiң экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының,
мемлекеттiк бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық
тетiктерiнiң, қоршаған орта мониторингiнiң жүйесiн құру қажеттiлiгiнiң
мәселелерi қарастырылған болатын. Ұлттық экономиканың барлық салаларын
реформалау табиғи ресурстарды пайдалануға көзқарастардың өзгеруiне,
қоршаған ортаны сақтауды ескере отырып, әлеуметтiк-экономикалық дамуды
жүзеге асыруға негiз болды.
- мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін Қоршаған ортаны қорғау
министрлігімен жүзеге асырылатын жан-жақты кешенді, Қоршаған ортаны қорғау
мәселелерін реттейтін өзге де мемлекеттік органдардың құзыретіне қатысты
өзге де жан-жақты кешенді, мемлекет ішінде тәртіпті талап ететін
экологиялық мәселелеріне қатысты жан-жақты кешенді халықаралық шарттарды
ашып, айқындау;
- Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пай-
далану саласындағы халықаралық ынтымақтастығындағы басымдықтарды көрсету.
Қазақстан тұтастай алғанда халықаралық ынтымақтастықта жəне ішінара
қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді қызмет атқаруын жалғастырды.
Экономиканың қарыштап дамуының нəтижесінде аталған ел өзін аймақтық та,
əлемдік деңгейде де ірі қатысушы ретінде таныта білді. Атап айтқанда,
Қазақстан Ресей Федерациясы мен Қытай аралығында орналасқан маңызды
мемлекет бола отырып, Орта-азиялық аймақтағы өз рөлін сақтап келеді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Қазақстан Республикасы мен шет елдер арасындағы
қоршаған ортаны қорғау қатынастары мәселелерінің кейбір аспектілері
қарастырылғанымен де, отандық экологиялық және құқықтық сипаттағы
әдебиеттерде толық баяндалмаған, сондықтан бұл осы институтқа толық зерттеу
жүргізу қажеттігін жоққа шығармайды.

Негізгі бөлім

Кіріспеде тақырыптың таңдау ерекшелігі мен өзектілігі нақтыланып,
жұмыстың нысаны, пәні, мақсат-міндеттері, деректік, методологиялық
негіздері, зерттеу әдістері, ғылыми-танымдық маңызы мен жаңалығы, қолдануға
ұсынылатын негізгі тұжырымдары анықталады.
Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелер жөніндегі шарттарға
қосылуының құқықтық аспектілері деп аталатын диссертациялық зерттеудің
бірінші тарауы екі тармақшадан тұрады.
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің жай-күйі деп
аталатын бірінші тармақшасында теориялық зерттеу мәселесінің ерекшеліктері
ашылған. Қазақстандағы тәуелсiздiк жылдары экологиялық қа-
уiпсiздiктi қамтамасыз етудiң мүлде жаңа мемлекеттiк жүйесiнiң құрылуының
және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау
саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық
таралған жүйесiн - қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды
басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи
ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты
қалыптастыруды және дәйектi iске асыруды қамтамасыз еттi.
Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше
жоғары техногендiк салмақ түсiретiн, табиғат пайдаланудың көбiнесе шикiзат
жүйесi қалыптасты. Сондықтан әзiрге экологиялық жағдайдың түбегейлi
жақсаруы әзiр бола қойған жоқ әрi ол бұрынғысынша биосфераның
тұрақсыздануына, оның қоғамның тiршiлiк әрекетi үшiн қажеттi қоршаған
ортаның сапасын оның қолдау қабiлетiн жоғалтуына апаратын табиғи жүйе-
лердiң тозуымен сипатталады.
Қазақстан өз тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап экологиялық
мәселелерге маңызды көңіл бөліп келеді. Ел Президентінің басшылығымен дүние
жүзіне танымал әлемдегі ірі ядролық полигонды өз еркімен жабуы, Арал
теңізін сақтау және Каспийді қорғау бағдарламаларын халықаралық деңгейде
ынталандыруы, сондай-ақ Қазақстанның басқа да халықаралық деңгейде орын
алатын қоршаған ортаны залалды әсерлерден қорғауға арналған тәжірибелі
еңбектері соның бірден-бір айғақтары болып табылады. Елбасымыздың жыл
сайынғы жолдаулары әдеттегідей жетістіктерімізді саралап, келешегімізді
бағдарлауға, ең бастысы, баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын
бірлесе айқындауымызға бағытталып отыр.
2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы-
ның мәні деп аталатын екінші тармақшада экологиялық қауіпсіздік
тұжырымдамасына толықтай шолу жасалып, қарастырылды.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негiздерi
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 сәуiрдегi өкiмiмен
мақұлданған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасына енгiзiлiп, онда өтпелi
кезеңнiң экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендiрудiң
экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттiк бақылау
және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiнiң, қоршаған
орта мониторингiнiң жүйесiн құру қажеттiлiгiнiң мәселелерi қарастырылған
болатын.
Әлемдiк тәжiрибе көрсететiндей, экологиялық проблемаларды табысты
шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негiзi кез келген мемлекеттiң
әлеуметтiк-экономикалық жүйесiн экологияландыру болып табылатынын
көрсетедi.
Ұлттық қауiпсiздiктiң құрамдас бөлiгi ретiнде экологиялық
қауiпсiздiк тұрақты дамудың мiндеттi шарты болып табылады және табиғи
жүйелердi сақтаудың және қоршаған ортаның тиiстi сапасын қолдаудың негiзi
болады.
Осы Экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасы "Қазақстан - 2030" Стратегиясының
басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға
дейiнгi стратегиялық жоспарына сәйкес және XXI ғасырдағы Күн тәртiбiнiң
негiзгi ережелерi мен Қоршаған орта және даму жөнiндегi 1992 жылғы Рио-де-
Жанейро декларациясының қағидаттарын, сондай-ақ Йоханнесбургге өткен (2002
жыл) Тұрақты даму жөнiндегi дүниежүзiлiк саммиттiң шешiмдерiн ескере отырып
әзiрлендi.
Қоршаған ортаның жай-күйiнiң нормативтiк көрсеткiштерiне қол жеткiзе
отырып, экологиялық қауiпсiздiктiң оңтайлы деңгейiн қамтамасыз ету осы
Тұжырымдаманың ережелерiн кезең-кезеңмен iске асыруды көздейдi.
Бiрiншi кезең (2004 - 2007 жылдар) - қоршаған ортаның ластану деңгейiн
төмендету және оны тұрақтандыру жөнiндегi iс-қимыл жоспарын әзiрлеу.
Екiншi кезең (2008 - 2010 жылдар) - қоршаған ортаның сапа көрсеткiштерiн
тұрақтандыру және табиғат пайдалануға экологиялық талаптарды жетiлдiру.
Yшiншi кезең (2011 - 2015 жылдар) - қоршаған ортаның сапасын жақсарту және
қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу.
Ұлттық экономиканың барлық салаларын реформалау табиғи ресурстарды
пайдалануға көзқарастардың өзгеруiне, қоршаған ортаны сақтауды ескере
отырып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өмірді сақтандыру саласының құқықтық негіздері
Сақтандыру мәселелерінің заңнамалық регламенттелуі
Қазақстан Республикасының Конституциясы сақтандыру құқығы
Сақтандыру қызметі саласындағы құқықтық қатынастар қағидаларының жүйесі
Сақтандыру қызметі субъектілерінің құқықтық қатынастарындағы цессия шартын кешенді түрде зерттеу
Инвестициялық қызметтің халықаралық және ұлттық құқықпен реттелуі
САҚТАНДЫРУ ҚҰҚЫҒЫ пәнінің ЛЕКЦИЯ ЖИНАҒЫ
Сақтандырудың экономикалық категоря ретіндегі ролі және әлеуметтік - экономикалық мәні
Мемлекеттердің кұқық мирасқорлығының процесін сипаттайтын құқықтық аспектілерін ғылыми түсінуі
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру
Пәндер