Көлеңкелі экономика туралы түсінік


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Қорытынды

  1. Көлеңкелі экономикатуралы түсінік
  2. Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес
  3. Қазақстандағы көлеңкелі экономиканың үлесі

Пайдаланылған әдебиеттер

Көлеңкелі экономика (ағыл. shadow economy )

  1. үкіметтің, құзырлы мекемелердің бақылауынан тасада, ішкі жалпы өнім санатына енгізбей тауар-материалдық құндылықтарды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну, ақылы қызметтер көрсету;
  2. жекелеген азаматтар, әлеуметтік топтар тарапынан мемлеккетік, жекеше, акцион және басқа меншік түрлерін жеке бастың пайдасы және топтық мүдделер үшін пайдаланып, мемлекет басқару органдарынан жасырылатын заңсыз әлеуметтік - экономикалық қатынастар орнатуы арқылы жүзеге асырылатын экономикалық қызметтің күллі түрінің әлеуметтік - экономикалық әдебиеттегі атауы.

Көлеңкелі экономиканың бейресми (ашық жүретін, бірақ салықтан табысты жасыратын, ресми ) экономика, қосып жазу, алаяқтық шарттар мен пара алушылық тән жалған экономика, заң тыйым салатын астыртын экономика деп аталатын түрлері бар.

Кеңес Одағы кезінде де болған. Көптеген елдерге тән. Нарықтық экономикаға ауысуға байланысты Көлеңкелі экономика ТМД елдерінде кең етек алды. Көлеңкелі экономика құрылымы экономикалық қатынастардың де, бейқылмыстық тұрпаттарымен де бой көрсетеді.

  • Біріншіден, Әділет министрлігінде, мемлекеттік органдарда тіркелген жекелеген азаматтар және бірлестіктер арасындағы экономикалық қатынастар (“екінші” экономика) .

Олардың қатарына жеке еңбек қызметінің қылмысқа жатпайтын, бірақ рәсімделмеген түрлері, мәселен, қосалқы және үй ш-н жүргізу, тұрғын үйлер, саяжайлар салу және жөндеу; автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және оларға күтім жасау жөнінде дербес қызмет көрсету; жекеше тасымал; мұқтаждарға мед., пед. және тех. көмек көрсету; тұрғын-жайды жалға беру, т. б. жатады.

Шаруашылық заңдарына өзгерістер енгізу нәтижесінде экономиканың бұл секторы жариялық сипат алды. Алайда қаржы және салық қызметтерінің әлсіздігі, экономикалық қатынастарды әкімш. жолмен жосықсыз тәртіптеулер, қоғамдағы әлеум. және экономикалық тұрлаусыздық, т. б. кедергі жасауда.

  • Екіншіден, бұл шаруашылықты жүргізудің қолданыстағы жүйесінің жетілдірілмеуі себепті жеке басылық және топтық мүдделерді қанағаттандыратын бейресми, көбінесе, жалған экономикалық қатынастар.

Мұндай бейресми экономикалық қатынастардың қатарына: қоғамдық өнімнің қайталанған шоты, есеп-қисаптағы қосып жазушылық және басқа бұрмалаушылық, арзан шикізат пайдаланып сапасыз өнім шығарып, асыра бағалап сату, өнімсіз шығыстар мен шығасылар, шикізатты, дайын өнімді, т. б. баспабас айырбастау ретінде көрініс табады, мұның өзі айтарлықтай көлденең кіріс алуға мүмкіндік береді.

Көлеңкелі қатынастардың аталған түрлері ресми экономикалық құрылымдардың ішінде бой тасалап жұмыс істейді және сыбайлас жемқорлықпен, парақорлықпен, қорқытып алушылықпен, т. б. ұштасады.

  • Үшіншіден, бұл заңсыз өндірістік қызметке, қызмет бабын теріс пайдалануға, экономиканың өндірістік және бөлістік аясына пайдакүнемдікпен, зорлықпен басып кіруге негізделген қылмыстық қатынастар.

Көлеңкелі экономика қатынастарының бұл тұрпаты экономикалық қылмыстылықтың көптеген түрлерін, соның ішінде оның неғұрлым қоғамға қауіпті көріністегі пішіні - ұйымдасқан экономикалық қылмысты қамтиды. Ол, көбінесе, адам құқықтарының, еңбек заңының сақталмауымен заңсыз өндірістік қызмет, пайдакүнемдікпен жасалатын лауазымды шаруашылық қылмыстар, есірткі бизнесі, заңсыз құмар ойын бизнесі, аламандық (рэкет), т. б. сипатты құқық бұзушылықтар болып табылады. Табысты және табыстың көлемін салық салудан жасырушылық Көлеңкелі экономиканың кең таралған құбылысына айналады.

Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес

Икемді салық жүйесін жасау, шағын бизнеске, шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан қолдау көрсету, т. б. іс-шаралар арқылы пәрменділік сипат алады.

Көлеңкелі экономика - 1) үкіметтің, құзырлы мекемелердің бақылауынан тасада, ішкі жалпы өнім санатына енгізбей тауар-материалдық құндылықтарды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну, ақылы қызметтер көрсету; 2) жекелеген азаматтар, әлеум. топтар тарапынан мемл., жекеше, акцион. және басқа меншік түрлерін жеке бастың пайдасы және топтық мүдделер үшін пайдаланып, мемл. басқару органдарынан жасырылатын заңсыз әлеуметтік-экономикалық қатынастар орнатуы арқылы жүзеге асырылатын экономикалық қызметтің күллі түрінің әлеуметтік-экономикалық әдебиеттегі атауы. К. э-ның бейресми (ашық жүретін, бірақ салықтан табысты жасыратын, ресми статистикада ескерілмейтін) экономика, қосып жазу, алаяқтық шарттар мен пара алушылық тән жалған экономика, заң тыйым салатын астыртын экономика деп аталатын түрлері бар. Кеңес Одағы кезінде де болған. Көптеген елдерге тән. Нарықтық экономикаға ауысуға байланысты Көлеңкелі экономика ТМД елдерінде кең етек алды. Көлеңкелі экономика құрылымы экономикалық қатынастардың қылмыстық тұрпаттарымен де, бейқылмыстық тұрпаттарымен де бой көрсетеді.

Біріншіден, Әділет министрлігінде, мемлекеттік органдарда тіркелген жекелеген азаматтар және бірлестіктер арасындағы экономикалық қатынастар (“екінші” экономика) . Олардың қатарына жеке еңбек қызметінің қылмысқа жатпайтын, бірақ рәсімделмеген түрлері, мәселен, қосалқы және үй ш-н жүргізу, тұрғын үйлер, саяжайлар салу және жөндеу; автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және оларға күтім жасау жөнінде дербес қызмет көрсету; жекеше тасымал; мұқтаждарға медициналық, педагогикалық және техникалық көмек көрсету; тұрғын-жайды жалға беру, т. б. жатады. Шаруашылық заңдарына өзгерістер енгізу нәтижесінде экономиканың бұл секторы жариялық сипат алды. Алайда қаржы және салық қызметтерінің әлсіздігі, экономикалық қатынастарды әкімш. жолмен жосықсыз тәртіптеулер, қоғамдағы әлеум. және экономикалық тұрлаусыздық, т. б. кедергі жасауда.

Екіншіден, бұл шаруашылықты жүргізудің қолданыстағы жүйесінің жетілдірілмеуі себепті жеке басылық және топтық мүдделерді қанағаттандыратын бейресми, көбінесе, жалған экономикалық қатынастар. Мұндай бейресми экономикалық қатынастардың қатарына: қоғамдық өнімнің қайталанған шоты, есеп-қисаптағы қосып жазушылық және басқа бұрмалаушылық, арзан шикізат пайдаланып сапасыз өнім шығарып, асыра бағалап сату, өнімсіз шығыстар мен шығасылар, шикізатты, дайын өнімді, т. б. баспабас айырбастау ретінде көрініс табады, мұның өзі айтарлықтай көлденең кіріс алуға мүмкіндік береді. Көлеңкелі қатынастардың аталған түрлері ресми экономикалық құрылымдардың ішінде бой тасалап жұмыс істейді және сыбайлас жемқорлықпен, парақорлықпен, қорқытып алушылықпен, т. б. ұштасады.

Үшіншіден, бұл заңсыз өндірістік қызметке, қызмет бабын теріс пайдалануға, экономиканың өндірістік және бөлістік аясына пайдакүнемдікпен, зорлықпен басып кіруге негізделген қылмыстық қатынастар. К. э. қатынастарының бұл тұрпаты экономикалық қылмыстылықтың көптеген түрлерін, соның ішінде оның неғұрлым қоғамға қауіпті көріністегі пішіні - ұйымдасқан экономикалық қылмысты қамтиды. Ол, көбінесе, адам құқықтарының, еңбек заңының сақталмауымен заңсыз өндірістік қызмет, пайдакүнемдікпен жасалатын лауазымды шаруашылық қылмыстар, есірткі бизнесі, заңсыз құмар ойын бизнесі, аламандық (рэкет), т. б. сипатты құқық бұзушылықтар болып табылады. Табысты және табыстың көлемін салық салудан жасырушылық К. э-ның кең таралған құбылысына айналады. К. э-ға қарсы күрес - икемді салық жүйесін жасау, шағын бизнеске, шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан қолдау көрсету, т. б. іс-шаралар арқылы пәрменділік сипат алады.

Қазақстандағы көлеңкелі экономиканың үлесі

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы 2013-2017 жылдарға орташа есептегі болжам жасаған министр: «2013 жылға арналған нақты ЖІӨ көлемі 6 пайыз болмақ. Ал 2014 жылы - 6, 1 пайыз, 2015 жылы - 7, 6 пайыз, 2016 жылы 6, 6 пайыз, 2017 жылы 6, 7 пайызға жетеді. Бұл көрсеткіштер орташа мерзімдік кезеңге шаққанда, экономиканың 7 пайыздық өсімін көрсетеді. ЖІӨ-нің негізгі көзі ішкі тұтынушылық сұранысты орташа есеппен алғанда, жылына 6, 5-6, 8 пайызға дейін арттырудың есебінен болмақ. Сонымен қатар қазақстандық өнімге деген сыртқы сұраныс көлемін де сақтап қалу маңызды. 2013 жылы 36, 6 трлн. теңге болады деп болжанып отырған жалпы ішкі өнім деңгейі 2017 жылы 65, 3 трлн. теңгеге дейін жетеді», - деп мәлімдей келе, 2013 жылы 14 мың АҚШ доллары болатын жан басына шаққандағы ЖІӨ 2017 жылға қарай 24 мың долларға өсетінін жеткізді.
Б. Сағынтаевтың айтуынша, алдағы уақытта өндірістің орташажылдық өсімі 5, 5 пайызға жетсе, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі - 7, 1 пайызға артып, әсіресе қызмет көрсету саласы қарқынды дамитын көрінеді. Келесі жылы 96 млрд. долларға өсетін экспорт көлемі 2017 жылы 116 млрд. долларға жетпек: «Импорт 2013 жылы - 56 млрд. доллар, ал 2017 жылы 92 млрд. доллар болады. 2013-2017 жылдарға арналған инфляция деңгейі 6-8 пайыз аралығымен шектеледі».

Бүгінде ресми мәліметтерге қайшы келетін бейресми мәліметтерде соңғы 5 жылда Қазақстанның көлеңкелі экономикасындағы ақша көлемі ондап емес, жүз миллиардтаған доллармен есептелуде. Бұл еліміздің жалпы ішкі өнімінің көлеміне теңгеріледі. Жуырда 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасының жүзеге асырылу барысын сөз еткен ҚР Президенті Н. Назарбаев жалпы ішкі өнімді жедел арада екі есеге дейін көбейту керектігін айтқан болатын. Сарапшылар қауымы көлеңкелі экономикада жүрген қаражаттың көмегін пайдалануға болатынын айтады. Өйткені салық төленбейтін ақшаға мектеп, аурухана, емхана, балабақша салынбайды, көшелер жөнделмейді, жаңа жұмыс орындары ашылмайды, яғни елдің экономикалық-әлеуметтік дамуына үлес қосылмайды. Отандық БАҚ таратқан деректерге сүйенсек, Қазақстанның көлеңкелі экономикасындағы ақша 2007 жылы 18 млрд. долларға жеткен. Ал Халықаралық қаржы қоры 2011 жылы еліміздің жалпы ішкі өнімі 214, 84 млрд. долларға жеткенін хабарлаған еді. Бұл Жер шарындағы 182 мемлекеттің ішіндегі 53-орын. Мамандар қауымы көлеңкелі бизнес пен экономикадағы қаржы көлемінің артуы қолма-қол ақшаның молдығынан дейді. ҚР Ұлттық банкі 2012 жылдың 1 қаңтарында елдегі қолма-қол қаражат көлемі 14 пайыз екенін айтқан. Дамыған елдердегі бұл көрсеткіш 2 есеге төмен. Негізі солай болуы тиіс. Қаражаттың ағыл-тегіл ағылуына екінші деңгейлі банктердің де қосқан «үлесі» мол. Мысалы 2011 жылы жекеменшік банктер141, 9 млрд. теңгені ақшаға айналдырған. Бұл жерде ақшаға айналдырылған шетелдік валюта туралы айтудың өзі артық. Үкімет заңсыз ақша көлемін банктердегі ақшаға айналдыруға байланысты алынатын төлемді 10-15 есеге дейін (қазіргі төлем - 5 пайыз) көтеру арқылы төмендетуді жоспарлап отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлеңкелі экономиканың экономикаға әсері
Көлеңкелі экономика анықтамасы
Қаржы, ақша айналымы
Қазақстандағы инфляция жағдайы және онымен күресу әдістері
Ұйымдасқан қылмыстың криминологиялық сипаттамасы
Нарық шаруашылық өмірдің басты саласы
Қазақстан Республмкасындағы көлеңкелі экономика
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мәселелері және перспективасы
Ұйымдасқан қылмыстылықтың түсінігі
Нарық, тауар құны туралы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz