Қоршаған ортамен таныстыруда мектепалды даярлық топ балаларына экологиялық тәрбие беру


МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

1 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері

1. 1 Мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық білім беру мен тәрбиелеу педагогикалық мәселе . . . 7

1. 2 Балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мүмкіндіктері . . . 19

1. 3 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беруді оқыту-тәрбие үдерісінде қалыптастыру . . . 25

2 Қоршаған ортамен таныстыруда мектепалды даярлық топ балаларына экологиялық тәрбие беру мазмұны

2. 1 Мектепалды даярлық топ балаларының экологиялық мәдениетін анықтау . . . 35

2. 2 Қоршаған ортамен таныстыру, экология негіздері ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаларды экологиялық тәрбиелеу мазмұны, нәтижесі . . . 44

2. 3 Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық тәрбиесін қалыптастырудың тиімді формалары мен әдістері . . . 50

Қорытынды . . . 56

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 58

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі . Жалпы адамзаттық құндылықтың маңызын түсінетін, ақыл-ойы дамыған, саналы, білімді, экологиялық мәдениетті тұлғаны қалыптастыру жаңа ғасырдың күн тәртібіндегі басты мәселелерінің бірі болып келеді. Қоршаған ортаны қорғаудың қажеттігі, тіршілік үшін қаншалықты маңызды екенін бүгінде өмір тәжірбиесінде күнделікті байқалып отыр. Қоршаған ортаны немқұрайлы қарауды болдырмаудың жолы- мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастап балада, болашақ қоғам мүшесінде экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу қажеттігі туындайды.

Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жас ұрпақты ізгілікке, эстетикаға, отан сүйгіштікке баулитын экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Себебі, «табиғат- қоғам- адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен «Білім туралы» Заңы (2007), «Айналадағы ортаны қорғау туралы» Заңы (1997), «Қазақстан Республикасы стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030 бағдарламасы» (1998), «Қазақстан Республикасы экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы» (1998), «Экологиялық білім бағдарламасы» (1999), «Қазақстан Республикасы 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздікті сақтау тұжырымдамасы»(2004) және т. б. құжаттар қабылданды. [1-5]

Қазіргі таңда балабақшадан бастап жас ұрпақтардың бастапқы экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру, экологиялық білім мен тәрбие берудің ең тиімді мүмкіндіктерін жолдарын зерттеп, оны орынды пайдалану маңызды мәселе. Жас баланы табиғаттың сұлулығымен сусындандыру, көріністерін таныту, жас өспірімдердің табиғатпен қарым-қатынасын орнықтыру, дүниетанымын дамытуда қазақ халқының ағартушы ғалымдары А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев, Ж. Дулатов еңбектерінің орны ерекше. Соңғы жылдары көптеген философтар, психологтар, педагогтар саналы экологиялық тәрбие және білім беру мәселелерімен шұғылданып, білім мен тәрбие мәселесіне байланысты күрделі міндеттерді шешуге ат салысуда. [21-29]

Жеке тұлғаны тәрбиелеудегі табиғаттың мәнін, маңызын және де табиғат құралдары арқылы балалардың адамгершілік сезімдерінің алғашқы нышандарын қалыптастыру жөніндегі өз ойларын педагогтар Ж. Ж. Руссо, И. Т. Песталоци, К. Д. Ушинский т. б. атап көрсеткен болатын. [20-22]

Халыққа экологиялық білім беру мен табиғат қорғауға тәрбиелеу тарихы 1960-шы жылдардың бас кезінен басталады. Бұл мәселенің негізін педагог - ғалымдар Я. И. Габев, Н. А. Гладков, А. Н. Захлебный, И. Д. Зверев, П. В. Иванов, Б. Г. Иоганзен, И. С. Матрусов, Б. Муканов, Н. А. Рыков, Н. С. Сарыбеков, М. Н. Сарыбеков, К. Ж. Бұзаубақова, А. Т. Болтаев, А. П. Сидельковский, В. Н. Скалон және т. б. зерттеді. [11-16]

Сол сияқты экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін шешуде Республикамыздың басқа танымал ғалымдарының Қ. Аймағамбетова, Ә. Бейсенова, Ә. Бірмағамбетова, Е. Ә. Мәмбетқазиев, М. Н. Сарыбеков, Қ. Ж. Сыбанбеков, А. В. Чигаркин және т. б. ғалымдардың қосқан еңбектерінің зор екенін атап өтеміз. [11-16]

Сонымен қатар, пәнаралық байланыс проблемасын педагогикалық, психологиялық, әдістемелік деңгейде қарастырып, пәнге байланысты негізгі заңдылықтарын аша отырып, оның оқу тәрбие үрдісіндегі мазмұнын ұйымдастырудың түрлі жолдары мен әдістерін ғалымдар А. А. Бейсенбаева, А. Д. Болтаев, В. В. Давыдов, М. Ә. Құдайқұлов, Р. Г. Лемберг, Ө. Мұсабеков, И. Нұғыманов, С. Л. Рубинштейн және т. б. зерттеген. [12, 16, 71]

Экологиялық тәрбие беру мәселесін арнайы зерттеген ТМД елдерінің көрнекті педагог-ғалымдары: Д. Я. Альбрехта (Литва), З. Э. Абашидзе (Грузия), И. Т. Султанова (Азербайжан), Н. Д. Соколова (Москва), Н. М. Бибик (Украин), А. Г. Борш (Москва), Н. Ш. Юсупова (Өзбекстан), Т. Г. Каленникова (Беларуссия), В. И. Демьяненколардың (Брянск, Ресей) мектеп пен балабақшадағы жүргізген зерттеулерінің құнды жағы әр ұлттың табиғат қорғауға байланысты бай тәжірбиесін басшылыққа алып, экологиялық тәрбие дағдысын қалыптастыруда бағыт-бағдар беретіндігінде. [45-50]

Қазақ халқының педагогика саласында сындарлы ой-пікірлер айтқан танымал- педагогы Н. Құлжанова қоршаған ортаны қорғауға байланысты, бала жасына лайықты еңбек машықтарын ұсынғаны белгілі. [35]

Бала психологиясы үшін, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасаудағы экологиялық тәрбиенің психологиялық аспектілері жөнінде Л. С. Выготский, Д. В. Эльконин, А. В. Запарожец т. б. ғалымдар өз еңбектерінде қарастырған. [56, 70, 61]

Ал, республика көлеміндегі психолог- ғалымдардың М. Мұқанов, Қ. Жарықбаев, Х. Беделбаева т. б. еңбектеріндегі ғылыми ой- тұжырымдар басшылыққа алынды. [28]

Ал, мектепке дейінгі тәрбие саласына баланың жас шамасына сәйкес, ұлттық таным, түсінігі қалыптасқан тұлға тәрбиелеу барысында халықтық педагогиканың озық үлгілерін негізге ала отырып, ғылыми-теориялық, әдістемелік тұжырымдар жасаған педагог-ғалымдардан Б. Баймұратова, А. Меңжанова, Т. В. Левченко, Ф. Н. Жұмабекова, Ә. Әмірова, Р. Қ. Керімбаева, К. М. Метербаева, К. И. Исламоваларды атай аламыз. [51-55, 72, 73]

Қазіргі таңда экологиялық проблемалардың күн санап артуы табиғаттың келеңсіз көріністерінен анық байқалуда. Оған себеп- қоршаған ортаға саналы көзқарастың, аялы қамқорлық сезімінің жетіспеушілігі.

Ғылымның дамуы қоршаған табиғи ортаны зерттеп қана қоймай, оның кейбір элементтерін бала санасына сіңіріп, орнықтыруға мүмкіндік береді. Демек, табиғатты қорғап, байлығын үнемді пайдалану экологиялық білімді, мәдениетті қауымның өсуін қажет етеді. Әсіресе, мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие берудің алғашқы кезеңінде, мектепалды даярлық топ балаларының жас ерекшеліктеріне байланысты оны ұтымды ұйымдастырып, басқарудың қажеттілігі мен аталған мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің өмір талабына сай жүргізілмеуі, оны ғылыми- теориялық тұрғыда негізделіп, әдістемелік жағынан нақтыланбауы арасында қарама- қайшылық туындап отыр.

Сонымен қатар, табиғатпен таныстыру және экологиялық түсінігін қалыптастыру мәселесіне бірқатар зерттеу жүргізіліп, қазіргі таңда балабақша тәжірбиесінде тиімділігі артып отыр.

Әдіскер- ғалым К. И. Исламова алғаш рет балабақшаның ересектер тобындағы балалрға экологиялық тәрбие берудің жолдарын, «Экологиялық тәрбие беру» бағдарламасын ұсынып, қағидаларын тұжырымдаған. [73]

Р. Қ. Керімбаева жыл мезгіліндегі табиғат құбылыстарымен таныстыру арқылы балалардың дүниетанымын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін жүйелеген. [72]

А. Салиева бейнелеу өнері арқылы балалрдың табиғат жайындағы білімін жетілдіру жолдары мен әдістерін зерттеген. Аталған ғылыми еңбектердегі ой-тұжырымдарды біз өз зерттеуімізде басшылыққа аламыз. Бірақ, мектепке дейінгі балалардың алғашқы экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастырудың мазмұны, әдістемесі әлі анықталмаған тың көкейкесті мәселе екендігі нақтыланды. [72]

Сол себептен мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие беруді дұрыс жолға қойылуы қажет. Балалардың мектепке дейінгі кезеңнен экологиялық білімі мен тәрбиелеу қажеттілігімен, оның балабақшаларда қазір өмір талабына сай жүргізілмеуі және балалардың мүмкіндіктері мен экологиялық мәдениетке тәрбиелеудің ғылыми-теориялық тұрғыда негізделіп, айқын әдістемелік жағынан нақтыланбауы арасында қарама- қайшылықтар туындап отыр. Аталған қайшылықтарды шешу үшін экологиялық тәрбиенің педагогикалық негіздерін айқындау, зерттеу жұмысымыздың өзекті мәселесі болып саналмақ. Осы жоғарыда келтірілген деректер негізінде біздің тақырыбымыздың «Қоршаған ортамен таныстыруда мектепалды даярлық топ балаларына экологиялық тәрбие беру» деп таңдауға себеп болды.

Зерттеу мақсаты : Қоршаған ортамен таныстыруда мектепалды даярлық топ балаларына экологиялық тәрбие беру жүйесін теориялық әдістемелік тұрғыдан негіздеу.

Зерттеу нысанасы : Балабақшадағы мектепалды даярлық топ балаларын оқыту және тәрбиелеу.

Зерттеу пәні: Мектепалды даярлық топ балаларының алғашқы экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру үрдісі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Мектепалды даярлық топ балаларының алғашқы экологиялық мәдениет негіздерін қалыптастыру ғылыми тұрғыда жүзеге асады, егерде:

-оқу-тәрбие процесінде экологиялық тәрбиелеудің ғылыми- теориялық негізі жасалса;

-экологиялық тәрбие берудің бағдарламалық мазмұны бүгінгі талапқа сай толықтырылса;

- мектепалды даярлық топ балаларын экологиялық тәрбиелеу негіздерін қалыптастырудың тиімді әдіс- тәсілдері жүйеленіп, ғылыми әдістемелік нұсқауы берілсе.

Зерттеудің міндеттері:

- Мектепалды даярлық топ балаларының экологиялық тәрбиесінің негіздерін ғылыми- теориялық негізін айқындау және «экологиялық тәрбие» ұғымына анықтама беру;

- Мектепалды даярлық топ балаларының экологиялық тәрбиесін қалыптастырудың өлшемдерін, көрсеткіштерін, деңгейлерін анықтау;

- Мектепалды даярлық топ балалрына экологиялық білімін, экологиялық тәрбиенім қалыптастыруға арналған жұмыстың мазмұнын құру.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялқ негіздері: «адам- қоғам- табиғат» жүйесінің даму заңдылықтары, таным теориясы, мәдениет, экология туралы философиялық, педагогикалық, психологиялық теориялар.

Зерттеу жұмысының әдістері: философиялық, педагогикалық, экологиялық, әдістемелік зерттеулерге және мектепке дейінгі тәрбие бағдарламаларын талдау, бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу, тәжірбиелік- педагогикалық эксперимент, диагностикалау, математикалық әдістер, алдыңғы қатарлы іс- тәжірбиелерді жинақтап қорыту.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен практикалық мәнділігі:

- Мектепалды даярлық топ балаларнының экологиялық тәрбиелеу негіздерін қалыптастыру ғылыми- педагогикалық тұрғыда негізделеді;

-балабақшадағы мектепалды даярлық топ балаларына экологиялық тәрбие беру моделі, өлшемдері мен көрсеткіштері, деңгейлері анықталды.

-диплом жұмысында қолданылған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жоспарларын, ойын үлгілерін тәжірибеде қолдануға болады.

Зерттеу базасы: Тәжірбиелік эксперименттік жұмыс Тараз қаласының №7, №9 балабақшаларының мектепалды даярлық топ балаларымен өткізілді.

Зерттеудің кезіңдері:

Бірінші кезеңде, тақырып анықталып, зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, ғылыми әдістемелік еңбектерге талдау жасалынып «Мектепалды даярлық топ балаларының экологиялық тәрбиесі» ұғымының анықтамасы айқындалды. Балабақшаларда мектепалды даярлық топ балаларына экологиялық тәрбие беру негіздерін қалыптастырудың ғылыми- теориялық негізі және моделі ұсынылып, өлшем, көрсеткіштері, деңгейлері белгіленді.

Екінші кезеңде, мектепалды даярлық топ балаларын экологиялық тәрбиелеу негіздерін қалыптастыруға байланысты тәжірбиелік жұмысының нәтежиесі қорытыланды, жұмыс бір жүйеге келтірілді.

1 Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері

1. 1 Мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық білім беру мен тәрбиелеу педагогикалық мәселе

"Экология" терминін неміс ғапымы Э. Геккель -алғашқы рет 1866 жылы ғылымға енгізіп, "экология - тірі организмдердің тіршілік ортасымен, арақатынасын зөрттейтін ғылым", - деген анықтама берді. Экологиялық зерттеулердің табиғи қорларды тиімді пайдалану мен биосфераны сақтаудағы орны ерекше. Табиғат қорғау экологияның бір саласы, сондықтан экологиялық білімнің табиғат қорғау шараларын анықтауда үлкен маңызы бар. [12]

Экологиялық білім берудің келесі даму кезеңдері 1982 жылы Найробиде және 1987 жылы Москвада өткен халықаралық конференция жұмыстарымен де байланысты. Бұл арада ЮНЕСКО-ның Бас директоры Федерико Майордың: «Экологиялық проблемаларды шешудің бірден-бір жолы -жұртшылық арасында, оның ішінде мектеп жасына дейінгі балалар, оқушылар және студенттер арасында да жаппай және үздіксіз осы бағытта білім беру болып табылады», -деген сөздерін ерекше атап өткен жөн. Шын мәнісіңде заманалық маңызы бар бұл сөздер жаппай зкологиялық білім беруді ұйымдастыру ісіне көшудің бағдарламасына айналады.

1992 жылы Рио-де-Жанейрода шақырылған конференцияда экологиялық білім беру принциптері толықтырылып, кеңейтілді және мұның негізгі үш бағыты айқындалды:

- биосфера тұрақтылығын сақтау үшін ағарту жұмыстарын ұйымдастыру;

- халыққа экологиялық білім беру;

- жұртшылық арасыңда экологиялық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу.

Бұның бәрі экология проблемасының дүниежүзілік, әлемдік деңгейде ең көкейкесті мәселенің бірі болып отырғанын айғақтайды. [12]

Экологиялық тәрбие беру проблемасын зерттеуде педагогика кемеңгерлерінің прогресшіл ой-пікірлерін танып-білудің орны ерекше.

Педагог ғалымдар Ж. Ж. Руссо, Г. Песталоцци, А. Дистервег баланың табиғатпен қатынасын қалыптастыру арқылы білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын орнықтыру заңдылықтарын негіздеді. [20-22]

Баланы жастайынан «табиғат сезіміне» тәрбиелеу туралы айта отырып, оның адамгершілік, эстетикалық дамуыңдағы табиғаттың мән-маңызын ашты. Ж. Ж. Руссо балалардың кәдімгі табиғи тәлім-тәрбиесін табиғатпен тығыз жүргізуді насихаттады, оның пайымдауынша, табиғатқа деген қамқорлыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу баланың қабілет-дарынының іштей жетілуімен, әсіресе біздің қоршаған ортаны, табиғатты қабылдап, танитын сезім мүшелерінің көмегімен жүзеге асады. [21]

Сондай-ақ, балабақшадағы экологиялық тәрбие беру мәселесін зерттеуде педагогика ғылымының негізін қалаушы ғалымдардың ой-тұжырымдарына назар аударсақ Я. А. Коменский өнегелі, дұрыс тәрбие барлық жағынан табиғатпен ұштасып жатуы керек деген ойды қуаттайды. Осылайша, ол адамды табиғаттың бір бөлшегі деп санап, өз еңбектерінде табиғат пен бала тәрбиесі арасыңдағы ортақ заңдылықтарды тұжырымдап көрсетуге әрекет жасайды. [19]

Ал, И. Г. Песталоцци тәлім-тәрбиенің табиғатпен үндестігі туралы айтқанда, қоршаған дүниені танып-білуі арқылы баланың барлық табиғи қабілет-дарынының, күш-қуатының жетіліп, дамуын меңзеген болатын. Сол себепті де ол табиғатпен үндестікті тәрбие жұмысының иегізгі принципі, өзегі деп есептеді. [20]

И. Г. Песталоцци балаға білім берудің табиғи жолы - сезімдік қабылдауға жол ашу екендігін айта келіп, оның барысында қолданылатын көрнекі құралдар мен бақылау әдістеріне баса назар аударған болатын. Сонан бері қаншама уакыт әтсе де, білім беру саласында бұл әдістер өз мән-мағынасын жойған емес.

"Тәрбиенің табиғатпен ұштасуы дегеніміз - тәрбие жұмысының барысында адамның өзінің табиғи дамып-жетілуін бақылауы болып табылады", - деген болатын А. Дистервег. [20]

Табиғатты эстетикалық тәрбие құралы ретінде танып, бағалауда орыс педагогы К. Д. Ушинский адам мен табиғат арасындағы қарым- қатынасты педагогикалық аспектіде қарастырып бұл жөнінде, табиғат даусын ата-аналар да, тәрбиешілер, заң шығарушылар да аяғына дейін тыңдауы тиіс. Табиғатпен егесу жақсы емес . . . адамға тек оның бұл зандылықтарын білу және олардың күшін пайдалану, ғана қалады», - деген пікір білдірді. [29; 112]

Сондай-ақ К. Д. Ушинский табиғаттың тәрбиелік күшіне берік сене отырып, оны ой ұрығы, «ұлы тәрбиеші» деп атады. Ушинский жұртты баланың табиғатпен етене жақын өсуіне кең көлемде мән беруге үндеді. Ол: "Педагогикада табиғаттың тәрбиелік ықпалы болар-болмас дәрежеде ғана бағаланғаны таң қаларлық нәрсе", - деп қапалаңды. [29; 105]

Орта ғасырларда /ІХ-ХҮ ғғ. / қазақ топырағынан шыққан Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Қожа Ахмет Иассауи, М. Қашқари, С. Бақырғани тәрізді ғұлама ойшылдардың тіл ғылымы, логика, психология, география, этика, табиғат құбылыстары жайында жазған еңбектерінің кейінгі ұрпақ үшін тәрбиелік те, тағылымдық та мәні ерекше. [28]

Шығыстың екінші ұстазы атанған ғұлама ғалым Әл-Фарабидің қазақ жерінде дүниеге келіп, артына ұлан-ғайыр мол мұра калдырғанын бүгінгі ұрпақ, зор мақтаныш тұтады. Соның бірі - адамды оқу-білім, тәлім-тәрбие, ізгілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу үшін оны қоршаған дүниені, табиғат құбылыстарын танып-білуге баулу керектігі жайындағы пайымдаулары. Ол бала тәрбиесінің ұлттық тамырдан нәр алып, өз заманының таным-түсініктерімен байытылып, жаңғыруын занды құбылыс деп танып, педагогикалық ілімдегі тәлім-тәрбие, білім беру мәселелерін философиялық ой-тұжырымдармен байланыстыра түсіндіреді. [18]

Ғалым философияны меңгерудегі алғышарт - адамның жан, ар тазалығы, әдет тәрбиелілігі деп көрсетеді. Олай болса, қазақ даласында подагогикалық ой-пікірдің философиялық тұрғыда дамуының тұңғыш бастауы, қайнар көзі Әл-Фараби мұралары деп білеміз. [18]

Ал, М. Қашқаридың үлкен философиялық, этикалық ой-тұжырымды, білімділікті негізгі арқау еткен өлең-жырларында табиғат көріністері жиі бейнеленіп, адам мен табиғат арасындағы ара қатынас сөз болады. [17]

Асан Қайғы, Ақтамберді, Қазтуған, Бұқар, Махамбет, Базар және т. б. ақын-жыраулар шығармаларындағы салт-сана, болмыс, адамның еліне, жеріне деген қарым-қатынасы табиғат жайындағы ой-түйіндерімен астасып жатады. [17]

Жаратылыстың сұлу көріністері, жыл мезгілдеріндегі жағымды құбылыстар арқылы жас ұрпақты тәрбиелеуге казақ халқының ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, Абай өз еңбектерінде көп көңіл бөліп, табиғатқа қамқорлықтың ұлттық тәлім-тәрбиеден бастау алатынына үлкен мән берді. [26-28]

Туған өлкенің сұлу табиғаты, адамдардың табиғат аясындағы еңбегі, оған деген көзқарасы, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасы ағартушы-ғалымдарды да ерекше толғандырды. Көрнекті ағартушыларымыз Шоқан Уәлиханов қоршаған ортаның тылсым сырларына түсіну, оны өз шығармаларын жазуда арқау етті. Табиғатқа, қоршаған ортаға өз көзқарастарын көрсете келіп, адамның табиғатқа қатысты іс-әрекетінің жақсы жақтарын жастарға үлгі етіп, қолайсыз жақтарынан сақтандырды. [23]

Педагог-ғалым С. Ұзақбаева: "Қазақ ағартушыларының эстетикалық көзқарастары мен орнықты пікірлерінің халықтың қоршаған ортамен көзқарастарымен тығыз байланыстылығы сол өздері өмір сүретін дәуірдегі тарихи жағдайдан туындап отыр" - деп атап көрсетеді. [24; 102]

Ағартушы-ғалым Ш. Уәлиханов Қазақстан табиғатын суреттеп, зерттеп қана қоймай, оның әсем көріністерін қылқалам арқылы үлкен шеберлікпен өрнектей де білген. Шоқан бүкіл тіршілікті қоршаған орта ерекшелігіне байланыстыра, салыстыра суреттейді. Табиғат құбылысы арқылы дүние сырын, тіршілік пен тұрмыс мәнін, адамның табиғат аясындағы орнын айқындай түседі. Оның табиғатты, тіршілікті дұрыс қарастырып, байланыстыра, сабақтастыра ой топшылауын орта туралы көзқарас қалыптастырудың негізі деп тануға болады. [23]

Қазақ топырағында ағартушылық идея туын алғашқылардың бірі болып көтерген Ш. Уәлиханов халқымыздың дүниетанымына, психологиялық ерекшеліктеріне үлкен мән берген. Көркем очерк түрінде жазылған «Құлжа сапарының күнделігі», «Қашқария сапарының күнделігі» тәрізді жол жазбалары психологиялық тұрғыдан озық дүниелер саналады. Ғалым еңбектеріне белгілі акедемик Әлкей Марғұлан: «Табиғатты көз алдына әкеліп, кісіні қызықтыратындай бейнелеп жазу, бұларды сол өңірдегі халық өмірімен, жеке адамдардың қайталанбас өзіңдік психологиялық ерекшелігімен байланыстыру шеберлігі жағынан Шоқан күнделіктері кұнды еңбектер қатарында», - деп баға берді. [23]

Сондай-ақ, философиядағы ең негізгі маңызды мәселе адамның қоршаған дүниеге қарым-қатынасы дейтін болсақ, Шоқан бұл мәселенің маңызды екенін сонау XIX ғасырдың орта кезіңде-ақ айтып кеткен болатын. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», атты еңбегіңде табиғат пен адам, өмір мен өлім әрқашан да түпсіз сырға толы ғажайып таңданудың пәні болды, - деп атап көрсетті ғалым. [23]

Көрнекті ағартушы Ы. Алтынсарин ағарту және қоғам мәселелерін талқылауға арнаған шығармаларында дүниеге өзіндік көзқараспен қарайды. Тәрбие жөніндегі көзқарасын «ақыл-кеңесті алмасаң, анау тұрған қисық ағаш ұқсап өсесің», - деп түйіндеп, жастарды ата-атаның ақыл-кеңесін, ғибрат сөздерін көңілге түюге шақырады. [26]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ересектер тобында топсаяхаттарды ұйымдастыру
Мектепке дейінгі білім беру мен оқытудың мемлекеттік стандартына сай балаларды шағын орталық топтарында тәрбиелеу мен оқыту
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің әдістемесі
Балабақшада тәрбиелеу барысында мектеп жасына дейінгі ересек топ балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды бағалау және сабақ барысында олардың экологиялық мәдениетін дамыту жолдары
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда дидактикалық ойындарды қолдану
Балаларды табиғатпен таныстыру және оқыту әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат туралы ұғымды қалыптастыру
Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың әдістемесі (мектепалды даярлық топтары)
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАМЕН ТАНЫСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz