Кеңес мемлекетінің көрнекті педагогтары



1. Кеңес мемлекетінің көрнекті педагогтары.

2. К.Д. Ушинский педагогикалық идеясы

3. Н.К. Крупскаяның педагогикалық теориясы

4. А.С. Макаренконың педагогикалық ойлары мен тәлімі

5. Пайдаланған әдебиет
К.Д. Ушинский есімі ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы орыс ағарту-ісінің көрнекті қайраткерлерінің қатарынан бірінші орын алады. Ол Россиядағы педагогика ғылымының және орыс халық мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі. Оның «Балалар әлемі», «Ана тілі», «Педагогикалық антропология» атты еңбектері балалар мен мұғалімдер үшін таптырмайтын, қайталанбас, орыстың педагогикалық әдебиетінің алтын қорына қосылған туындылар. Сондай-ақ, педагогика ғылымы саласынан шетелге тұңғыш танылған еңбектер болды.

Ушинский педагогикалық жүйесінде оқудың принциптері мен мақсаттары, тәрбиенің мәні мен маңызы көрнекті орын алады. Ол қарапайым, заңдылық-парадоксті қамтитын тәрбие. Егер ол адамға бақыт сыйлағысы келсе, онда ол бақыт үшін тәрбиелемей, өмірге және еңбекке баулу керек. «Тәрбиені жетілдіре отырып, адамдардың дене, ақыл-ой, нравтық күшін белгілі деңгейден әрі жалғастырып. Көтеріп тастауы мүмкін» — деп жазды. Қалай болса да, адамда және тәрбиенің жоғарғы мұраты, тағыда ерекше күш тауып, межелі мақсатқа жетуге жол табуы тиіс» — деп көрсетті.

К.Д. Ушинский мектептегі қоғамдық тәрбиенің орталығы, ол мұның ең маңызды тұлғасы мұғалім деп бағалайды. Білім берумен тәрбие ісі көптеген жағдайларға байланысты деген. Олар: мектептің өзінің ішкі жағдайы, мектепке қалыптасқан дәстүрлер мен тәртіптер, оқу бағдарламалары, оқулықтар мен құралдары т.б. Ал, осылардың ішіндегі ең негізгісі – мұғалім, оқу мен тәрбие сол мұғалімнің сапалы сабағына байланысты болады деген. Осы жағдайды ескерте келе Ушинский былай деген: «Тәрбиеде барлығыда тәрбиешінің жеке басына негізелуі тиіс…
1. А.С.Макаренко. Тәрбие мақсаты .-1958

2. Е.Сағындықұлы. Педагогика 1999,Алматы

3. Ж.Қоянбаев ,Р.Қоянбаев ,- Алматы,1998,2000

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Кеңес мемлекетінің көрнекті педагогтары.

Ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский
(1824-1870)

К.Д. Ушинский есімі ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы орыс ағарту-
ісінің көрнекті қайраткерлерінің қатарынан бірінші орын алады. Ол
Россиядағы педагогика ғылымының және орыс халық мектебінің іргетасын
қалаушылардың бірі. Оның Балалар әлемі, Ана тілі, Педагогикалық
антропология атты еңбектері балалар мен мұғалімдер үшін
таптырмайтын, қайталанбас, орыстың педагогикалық әдебиетінің алтын
қорына қосылған туындылар. Сондай-ақ, педагогика ғылымы саласынан
шетелге тұңғыш танылған еңбектер болды.

Ушинский педагогикалық жүйесінде оқудың принциптері мен мақсаттары,
тәрбиенің мәні мен маңызы көрнекті орын алады. Ол қарапайым,
заңдылық-парадоксті қамтитын тәрбие. Егер ол адамға бақыт сыйлағысы
келсе, онда ол бақыт үшін тәрбиелемей, өмірге және еңбекке баулу
керек. Тәрбиені жетілдіре отырып, адамдардың дене, ақыл-ой, нравтық
күшін белгілі деңгейден әрі жалғастырып. Көтеріп тастауы мүмкін —
деп жазды. Қалай болса да, адамда және тәрбиенің жоғарғы мұраты,
тағыда ерекше күш тауып, межелі мақсатқа жетуге жол табуы тиіс —
деп көрсетті.

К.Д. Ушинский мектептегі қоғамдық тәрбиенің орталығы, ол мұның ең
маңызды тұлғасы мұғалім деп бағалайды. Білім берумен тәрбие ісі
көптеген жағдайларға байланысты деген. Олар: мектептің өзінің ішкі
жағдайы, мектепке қалыптасқан дәстүрлер мен тәртіптер, оқу
бағдарламалары, оқулықтар мен құралдары т.б. Ал, осылардың ішіндегі
ең негізгісі – мұғалім, оқу мен тәрбие сол мұғалімнің сапалы
сабағына байланысты болады деген. Осы жағдайды ескерте келе Ушинский
былай деген: Тәрбиеде барлығыда тәрбиешінің жеке басына негізелуі
тиіс... Ешқандай жарғы және бағдарлама, ешқандай оқу орнының
жасанды орталығы, қаншалықты жетілдіргенімен, тәрбие ісінде жеке
тұлғаны, мұғалімді алмастыра алмақ емес, тәрбиешінің тәрбиеленуші
әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей шын тәрбие беу мүмкін емес.

Дидактика және әдістеме мәселелері К.Д. Ушинский еңбектерінде көркем
орын алады. Бұл мәселелер оның Адам тәрбиесі, Н.И. Пироговтың
шығармалары, Ана тілін оқытуға басщылық, Швейцарияға педагогикалық
саяхат атты шығармаларында кең түрде баяндалды.
Ушинский оқудың тәрбиелік сипатта болу принципіне ерекше мән берді.
Оқуды ол Теорияның негізгі құралы деп бағалады. Сондықтан оқу
тәрбиелік ерекшелікте болуға тиіс. Ушинский сабақта әрбір оқытушы
балаға деректерді ғана ұсына бермей, мақсатты түрде олардың ақыл-
ойында, адамгершілігін де дамытатындай етіп ұйымдастырылуды талап
етті.
Ушинский оқудағы баланың саналылығы мен белсенділігі оқу процесін
ұйымдастырудағы негізгі және жетекші принциптердің бірі деп
бағалаған. Оқу ісінің сапалы құрылуы оқу процесін белсенді
ететіндігінде, бүкіл оқу процесінде бала белсенділігін тудыратынына
ол түсінді де сенді. Сондықтан оқудағы баланың саналылығы мен
белсенділігі бір-бірінен бөлінбейді, — деп есептеді.
Ушинский оқытудағы көрнекілік принципінің көптеген мәселелеріне
жаңаша талдау жасаан, бұл принципті жаңа сатыға көтерген. Оқытудағы
көрнекілік – Ушинскийдің дәлелдеуінше, оқуды жалпы ұғымдарға емес,
нақты факторларға, нақты образдарға негіздеу. Көрнекілік әдісімен
оқу – оқушыларды өз бетінше байқауға, үйретуге негізделеді.

К.Д. Ушинскийдің ескеруінше бала табиғаты үнемі көрнекілікті талап
етіп отырады. Сондықтан, көрнекі құралмен оқытуды баланың ерте
жасынан бастау керек – деген. Ушинский көрнекіліктің бастапқы оқуда
көбінесе сөзбен байланыты болуын талап етті. Себебі сол арқылы
баланың ойлай білуді де, тілі де дамиды.

Ушинский оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі жолы сыныптағы сабақ
жүйесі деп білді және осы жүйе үшін күресті. Ушинский еңбектерінде
ретті, дұрыс ұйымдастырыған жақсы сабақтың негізгі белгілері
анықталды. Олар: сабақтың негізгі мазмұны мен деректерін білдіріп
отыру, бұрынғы тиянақты меңгерілген білімдерге іштей байланысты
түрде жаңа ойларды, ұғымдар мен деректерді ендіру, білімдердің
байланыстарын ескеру, оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен
беленділігін арттыру, өтіліп жатқан тақырыпты оқушылардың терең
меңгеруін ойластыру, саналы тәртіп пен реттіліктің болуы т.б.

К.Д. Ушинский оқу процесін сапалы ұйымдастырудың басты шарты –
әдістемелік шеберлік әр түрлі оқыту әдістеріне байланысты деп
есептеді. Ол мынадай негізгі оқыту әдітерін ұсынды: түсіндіріп оқыту,
оқытушының әңгімесі, бақылай әңгімелесу, әр түрлі жаттығулар (ауызша,
графикалқ, жазбаша).

Әрбір сабақтың сапалы болуы – мұғалімнің бүкіл сынып бойынша жұмыс
істей білуінде, әрбір оқушының зейінін сабаққа жұмылдыра білу
шеберлігінде деді – Ушинский. Бұ туралы ол былай деді – Өз сабағына
барлық оқушыларды тарта білуі мұғалім ісінің көрнекілігі.

Ол тәрбиенің белгілі мақсатқа негізделген процесс екені сөзінің Ана
тілі, Балалар әлемі атты кітабында дәлелдеп берді. Ең бастысы, ақыл-
ой, адамгершілік, эстетикалық және дене, еңбек тәрбиесі жеке тұлғаны
қалыптастырудың құралы деген тұжырым жасады. Тәрбиенің мақсаткерлігін
жүзеге асыруда педагогика ғылымының рөлін жоғары бағалады, ол бала
туғанда белгілі бір оймен туады – оны тәрбие тек толықтырады және
саналыққа баулиды деген сол кездегі теріс көзқарасқа соққы берді.
К.Д. Ушинский: Тәрбие – деп жазды, адам деңгейін өсу қарқынын тездетеді
– оны ақыл-ой , адамгершілік, дене, еңбек тәрбиесі рухында жоғары
сатыға көтергенін педагогикалық тұрғыда дәлелдеді.

Педагогика ғылымының, оның негізгі саласы тәрбиенің басты мақсаты –
адамды өмірге даярлау екенін педагогикалық деңгейде дәлелдеді. Тәрбие
адамды бақытты жасаймын десе, ең алдымен соны еңбекке үйретуі
тиіс – деген тұжырым жасады Ушинский. Ол үшін бала арқылы денесі
жетілген, денсаулығы таза, адамгершілік рухы жоғары, эстетикалық
талғамды болуын жақтады. Жеке тұлғаның немесе бала басындағы бұл
салалық белгі. Оны белгілі бір принципке үйретеді және оның
негізінде халықаралық принципы жатады деді – ол.

Тәрбиенің халықтық принципіне мынадай талаптар қойды.

1.Тәрбие халықтық негізде құрылуы тиіс. Бұл мектептің ауқымды болуын,
сөйтіп, ол қарапайым халықтың барлығының мектеп ісіне қатысуын
қамтамасыз ете отырып, міндетті оқуды жүзеге асырып, жас
өспірімдердің халықтық экономикалық, мәдени-ағартушылық, қоғамдық
саяси көзқарасын қалыптастырып, оның халық мүддесін ойлауға
жұмсайтындай дәрежеде болуын ұйымдастыру.

2.Тәрбие жасөспірімді өмір шындығына баулып, олардың ақылын жетілдіріп,
білімін халық мүддесіне пайдалануын жетілдіріп, сақтап отыру.

3.Адамды және жасөспірімдерді қалыптастырудағы ана тілі рөлін жоғары
ұстау. Халықтың, ұлттың ана тілі – деп жазды Ушинский — ұлтты сыйлау,
оның рухани байлығын көтеру, мәдениетін көтеру, оның ұлттық
дәстүрін сақтау, ойы мен қырының экологиялық күйін байыту, жері мен
суын ауа райы мен айнала табиғатының байлығын сақтайтын, тарихи
мұраны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыратын, адамдардың өзара қарым-
қатынасының қайталанбас құралы.

4.Тәрбиенің халықтығы, оның Отанын сүю, халқын қадірлеу, оған
негізделе отырып бүкіл халық қамын ойлайтын патриоттар, халықтың
арасынан шыққан қажымас қайраткерлер өсіріп тәрбиелеу, білімділікке
үйрету – оның негізгі мұрасы осы болуы тиіс – деді Ушинский.

Тәрбиедегі халықтық идея жемісті түрде жүзеге асуы үшін, Ушинский
мынандай негізгі жолдарды белгіледі:

- Ағарту ісі мен тәрбиенің кең демократизм негізінде құрылуын
көздеді. Тәрбие ісіне халықтың өзі қожа болып, мектептер бүкіл
халықтың жастарын қамтуы тиіс деді. Бірақ Ушинский өмір сүрген
қоғамдық құрылыс жағдайында бұл талап орындалмайтын еді, ол үшін
помещиктік-буржуазиялық құрылысты революциялық жолмен қирату қажет еді,
мұны ол өзінің көзқарасындағы қайшылықтарға байланысты түсіне алмады.

- Халықтық идеяның басты бір сипаты – қоғамшылдық, соған
байланысты тәрбие мен білім беру салалары, олардың төңірегі қоғамдық
атмосферада болуы тиіс, себебі халықтық идея мейлінше кең қоғамдық
жолдар арқылы іске асады.

Ушинский: Адам өзінің жеке басының еңбегінсіз бір адым да алға
ілгерілей алмайды, бір жерге тұрақтап тұрып қалуға да тиіті емес,
ол адам қайта кері кетеді, — деді.

Ұлы педагогтың айтуынша, еңбек, біріншіден, адам өмірінің негізі,
өмірдің құралы. Екіншіден, еңбек – адамгершілік, ақыл-ой тәрбиелерінің,
адамның дене жағынан жетілуінің көзі. Сондықтан еңбек – тәрбиенің
күшті құралы. К.Д. Ушинскийдің педагогикалық талаптарының ең
бастыларының бірі – еңбек сүйгіштікке, еңбек ете білуге және ынталы
болуға тәрбиелеу. Ол кімде-кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адам
қоғамның лайықты азаматы бола алады деп білді.

Қандай да бір нәрсені қабылдағанда сезім мүшелеріміз неғұрлым көбірек
қатынасса, зат, яқұбылыс жөніндегі қабылданған ұғым, түсінік есімізде
соғұрлым берік, тиянақты орнығады да, кейін олар оңай еске түседі.
Сондықтан сабақта көзбен көру, дыбыс органымен айту, қолмен жазу т.б.
сезім мүшелеріміз белсенді қатысуы тиіс, ... егерде педагог баланың
есінде бірдемені берік қалдыруды көздейтін болса, ол көз, құлақ,
дауыс, бұлшық ет сияқты сезім органдарын, тіпті мүмкін болса, иі және
дәм сезімдерін де есте сақтап қалу актісіне көбірек қатыстыруға
тырысуы керек — деген Ушинский.

Ушинскийдің мұғалімдер алдына қойған бір талабы – балаларды жан-жақты
зерттеп білу болды. Кімде-кім оқытамын десе, дейді – Ушинский, — ол
оқушы талабына, оның ішкі сырына көз салуы керек.

Ушинский мұғалімдерді халық мұғалімі деп атады, сондықтан оның хаық
өмірінің мәселелеріне адал қарап, бұл өмірге белсене араласуын
талап етті. Класта өз ісін істеп, мектеп табалдырығынан шығысымен
қоғамға, әдебиетке араласпайтын оқытушы өз ісіне салқын қарауы
мүмкін, — деп жазды ол.

ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Ресейде Ушинскийдің
теориясы мен жүйесін қолдаушы, ұлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңестік психологияның дамуы
«ХVIII-ХХІ ғ. Қазақстандағы кәрістердің тарихы, әлеуметтік және құқықтық мәртебесі»
Қ.р-ның білім және ғылым министрлігінің экологиялық білім және тәрбие беру басындағы жасалып жатқан идеялары
XX ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идеяның қоғамдық тәрбие берудегі тағылымына концептуальды талдау
Ж. Аймаутовтың педагогика жөніндегі көзқарасы.
ҚАЗАҚ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАҒА ҚОСҚАН ҮЙЛЕСІ
Қазақ педагогика тарихында Ы.Алтынсарин еңбегінің маңызы
Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы халықтық идеяның тәрбие берудегі орны
М.Дулатовтың педагогикалық-психологиялық көзқарастары
Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлері (Әбу-Насыр Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М.Қашқари)
Пәндер