Инновациялық және инвестициялық қызметтер



Кіріспе.
1.Инновациялық және Инвестициялық қызметтің теориялық негіздері
1.1 Инновациялық қызметтің теориялық негіздері..
1.2 Инвестицияның пайда болуы және мәні, атқаратын қызметі.

2.Инновациялық инвестициялық қызметтің кәсіпорындағы қазіргі
жағдайын талдау.
2.1 Инновациялық кәсіпкерлік түрлерінің ұйымдастыру.экономикалық
жағдайын талдау.
2.2 Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамыту және жетілдірудің
негізгі бағыттары.

2.3 Инвестициялық қызметті кәсіпорында басқарудың инновациялық
ерекшеліктері..
3. Қазақстан Республикасында инновациялық инвестициларды басқару теттіктеріннің қалыптасуы және дамуы..
3.1 Қазақстан Республикасында инновациялық инвестициялық қызметтері дамыту жолдары.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.Дағдарыстан кейінгі кезде нарықтық реформалардың нәтижелері инновациялық дамуға жаңа көзқарас қалыптастырумен анықталуда. Қазіргі қалыптасқан жағдайда ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде ерекше өнімнің ғылыми-техникалыќ жобалары, озық технологияларды басқарудың қазіргі заманѓы жүйесін жасаумен шұғылданатын ғылыми-зерттеу, конструкторлыќ және жобалық ұйымдар ерекше рол атқарады. Қазақстан тек табиғи ресурстарды ғана пайдалана отырып дамитын емес, сондай-ақ өзінің интеллектуалды капиталын да пайдаланып дамитын елге айналғаны белгілі. Мұның өзі дүниежүзілік бәсеке ғылыми-техникалық жобалардың өте жедел (2-3 жыл аралыѓында) жүзеге асуын талап етеді. Сыртқы әлемдік ортада үздіксіз жүріп жатқан өзгерістер дүниежүзілік экономикадағы біздің еліміздің де орнын белгілейді, сондықтан инновациялық кәсіпкерлік өмір сүрудің және дамудың маңызды факторына айналуда. Осыған байланысты туындайтын аса маңызды жайт – инновациялыќ кәсіпкерлік елдің экономикасының өсуін және экономиканың құрылымдыќ қайта құрылуын қамтамасыз ететін қуатты тұтқаға айналуы болып саналады. Инновациялық кәсіпкерлікті басқару мақсаты – жаңа идеяларды қолдау, бастама көтеру, оларды бақылау, инновациялық өнімді нарыққа шығаруға жағдай жасау болып табылады.
Бұл тақырыпты алғандағы мақсат еліміздің инвестициялық саясаттың ролін, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап көрсету .Оған дәлел Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асыруға арналды. 2010 жылдың Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның іщкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда « Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді.
1.Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтің 2010жылдың халыққа жолдауы ««Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Астана 2010 жыл
2.Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы” заңы. 2003 жыл және 2005, 2006 жылдардағы енгізілген өзгертулермен
3.Индустрия өндірісін қайта құрудың инновациялық құрылымдық негіздері. «Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық интеграциялық байланыстарын жаңғырту» атты Орта Азия елдерінің II Түркістан интеграциялық форумы. 29-30 сәуір 2006. Түркістан қ. ХҚТУ, 207-209б.
4Лизинг және лизингтік операциялар түрлері «Әуезов оқулары:-7: М.Әуезов және қазақтанудың өзекті мәселелері » атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция еңбектері – М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2008 ж., Том 7. 125-128 б.
5.Экономикалық дағдарыс және оны шешу жолдары //«Хабаршы». Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, №6(70) – Алматы, 2008. 8-11 б.
6.Индустрия өндірісін интенсивті дамытудың инновациялық тетіктері //«Ізденіс –Поиск». №4. Алматы, 2008 ж. 5-9 б.
7.Ғылыми-техникалық әлеуеттің қазіргі жағдайы және оның даму тенденциясы //«Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты», Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, Алматы 2008 ж., №4 185-189 б.
8.Ғылымның даму нәтижелері және стратегиялық басымдықтары //«Ізденістер, нәтижелер – Исследования, результаты», Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті, Алматы 2008ж, №4 189-194 б.
9.Қазақстанда франчайзингті қалыптастыру және дамыту мүмкіншіліктері //«Хабаршы», Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ, №3 (63)-Түркістан, 2008ж.
10.Концессиялық бизнестің қажеттілігі және оны пайдаланудың негізгі шарты //«Хабаршы», Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ, №3 (63)-Түркістан, 2008ж.
11.Венчурлік капитал – ҚР-да инновациялық қызметтің қалыптасу және дамуының негізгі факторы. «Аймақтық экономиканы индустриалдық- инновациялық дамыту мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Академиялық инновациялық университеті, Шымкент, 2009ж.
12.Кәсіпкерліктің ресурспен қамтамсыз етудің инновациялық әдістері //«Хабаршы». Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, №6 – Алматы, 2009.
13.Бизнес-инкубаторлар және технопарктер индустриалды иннвациялық қызметтің негізінде кәсіпкерлікті қолдаушы инфрақұрылымдық ұйымдар //«Хабаршы», Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ, №2 -Түркістан, 2009 ж. Шілде-тамыз.
15. Ұлттық инновациялық жүйені дамытудың ерекшеліктері //«Хабаршы», Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ, №2 -Түркістан, 2009ж. Шілде-тамыз.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1.Инновациялық және Инвестициялық қызметтің теориялық негіздері
1.1 Инновациялық қызметтің теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Инвестицияның пайда болуы және мәні, атқаратын
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ...7

2.Инновациялық инвестициялық қызметтің кәсіпорындағы қазіргі
жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.1 Инновациялық кәсіпкерлік түрлерінің ұйымдастыру-экономикалық
жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 11

2.2 Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамыту және жетілдірудің
негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

2.3 Инвестициялық қызметті кәсіпорында басқарудың инновациялық

ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

3. Қазақстан Республикасында инновациялық инвестициларды басқару
теттіктеріннің қалыптасуы және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

3.1 Қазақстан Республикасында инновациялық инвестициялық қызметтерін
дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 2

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...27

Кіріспе
Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті
мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді
жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген
елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары
технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен
анықталады.Дағдарыстан кейінгі кезде нарықтық реформалардың нәтижелері
инновациялық дамуға жаңа көзқарас қалыптастырумен анықталуда. Қазіргі
қалыптасқан жағдайда ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде ерекше өнімнің
ғылыми-техникалыќ жобалары, озық технологияларды басқарудың қазіргі заманѓы
жүйесін жасаумен шұғылданатын ғылыми-зерттеу, конструкторлыќ және жобалық
ұйымдар ерекше рол атқарады. Қазақстан тек табиғи ресурстарды ғана
пайдалана отырып дамитын емес, сондай-ақ өзінің интеллектуалды капиталын да
пайдаланып дамитын елге айналғаны белгілі. Мұның өзі дүниежүзілік бәсеке
ғылыми-техникалық жобалардың өте жедел (2-3 жыл аралыѓында) жүзеге асуын
талап етеді. Сыртқы әлемдік ортада үздіксіз жүріп жатқан өзгерістер
дүниежүзілік экономикадағы біздің еліміздің де орнын белгілейді, сондықтан
инновациялық кәсіпкерлік өмір сүрудің және дамудың маңызды факторына
айналуда. Осыған байланысты туындайтын аса маңызды жайт – инновациялыќ
кәсіпкерлік елдің экономикасының өсуін және экономиканың құрылымдыќ қайта
құрылуын қамтамасыз ететін қуатты тұтқаға айналуы болып саналады.
Инновациялық кәсіпкерлікті басқару мақсаты – жаңа идеяларды қолдау, бастама
көтеру, оларды бақылау, инновациялық өнімді нарыққа шығаруға жағдай жасау
болып табылады.
Бұл тақырыпты алғандағы мақсат  еліміздің инвестициялық саясаттың ролін,
яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап
көрсету .Оған дәлел Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан
Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына
Жолдауын жариялады.Мемлекет басшысының Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық
өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты Жолдауы Қазақстанның 2020
жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асыруға арналды. 2010 жылдың Елбасы
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың
басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады.
Қазақстанның іщкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың
құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда Экономикаға 30
миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі
Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға
көрсетеді деп  айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму
жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін
көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз  табыс табу және капиталды ұлғайту
мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып
табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір
табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс. Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың
ең алғашқы, яғни 1997 жылы 10-қазанда Алматы қаласында өткен Республика
белсенділерінің жиналысындағы Қазақстан – 2030 барлық қазақстандықтардың
өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы Жолдауында шетел
инвестициясы тоқталды.

I.Инновациялық және Инвестициялық қызметтің теориялық негіздері
1.1 Инновациялық қызметтің теориялық негіздері
XXI ғасыр жүзжылдық ғаламдық инновацияның өркендеу ғасырына айналатынын
қазіргі әлем елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр.Қазіргі кезеңде
кәсіпкерлікті дамытудың әлсіз жақтары оны жетілдірудің нарықтық
механизмдерінің инновациялық түрлерінің одан ары жақсартуды қажет етіп
отыр. Дамыған елдерде инновациялық (ноу-хау) өнімдер мен технологиялар ЖІӨ
өсімінің 70-85% беріп отыр. Инновациялық сфераның белгілі дәрежеде
ұйымдастырылмауы Қазақстанның 50 дамыған елдер қатарына қосылуға кедергі
болуы мүмкін. Өйткені соңғы жылдары осы сферада Қазақстанның рейтингі 65
орыннан 75 орынға төмендеп кетті. Мұндай жағдайдан шығудың бірден бір жолы
кәсіпкерліктің түрлі инновациялық нарықтық құралдарын одан ары дамыту болып
табылады.Теориялық талдау негізінде инновацияны түсіндіруде екі көзқарастың
қалыптасқаны анықталды:
біріншісі, инновация жаңа идеялар мен үрдістер ретінде қарап, оны қолдану
арқылы ең сапалы өнімдер мен технологияны жасауға әкелетін қоғамдық-
техникалық-экономикалық үрдіс ретінде қарастырған (Б.Твисс, Ф.Никсон,
Б.Сантон, т.б.);
екіншісі, инновацияны тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндірістік
және тасымал құралдарын, нарықтар мен өнеркәсіптегі ұйымдастыру формаларын
енгізу және қолдану мақсатындағы өзгерістер ретінде түсіндіреді
(И.Шумпетер). Инновация – бұл тек жаңа енгізулер емес, бұл өндірістің жаңа
қызметі. Оның негізі - өнім өндіру технологиясын өзгерту қажеттігі,
ұйымдастырушылық, қаржылық, ғылыми-зерттеу және басқа салаларда жаңалықтар
енгізу болып табылады.
Әр түрлі сипаттамаларды қорыта келе, инновация - өтімділігі жоғары
жаңа өнімді ойлап табу деген ұғым туады. Бұл тұрғыдан алғанда ашылған
жаңалықтың барлығы инновацияға жатпайтынын айтқан жөн. Өйткені, іргелі
міндеттерді атқаруға негізделген, яғни осыған дейін белгісіз болып келген
табиғат құбылыстарын ашу сияқты жаңалықтар ешқандай материалдық игіліктерді
тарту етпейтіндіктен де, ол ғылыми ізденістердің жемісі ретінде ғана
есептелінеді.Экономикалық қатынастар жүйесінен инновацияның алатын орны
орасан зор. Себебі инновациялық тәжірибені өндіріске қолданбастан, бәсекеге
қабілетті өнім алу мүмкін еместігін дамыған елдер ертерек түсініп, бар
күшті осы салаға жұмсап келеді. Осыған байланысты нарықтық экономика
кезеңіндегі бәсекелестік күресте инновация өнімінің өзіндік құнын азайту,
инвестициялар ағынын арттыру, өнім өндірушінің имиджін қалыптастыру және
жаңа нарықтарды, оның ішінде сыртқы нарықтарды бағындырудағы аса тиімді
таптырмас құралға айналуда деп зерттеулер негізінде тұжырымдауға
болады.Инновацияның дамуына қозғаушы тетік - бірінші кезекте нарықтық
бәсекелестік болып табылады. Нарық жағдайында өнім өндірушілер немесе
қызмет көрсетушілер әрдайым өндірістік дағдарысты болдырмаудың жолдары мен
тауарын өткізетін жаңа нарықтарды іздестірумен болады. Сондықтан,
инновацияны бірінші болып тиімді игерген кәсіпорындар өз бәсекелестіктері
алдында басымдылыққа иеленеді. Қазіргі кезеңде жаңа тауарлар түрлері өсіп,
тұтынушы талғамы артып отырған уақытта, әсіресе шағын кәсіпорындардың
икемділік қабілеттерін күшейту аса тиімді саналады. Әлемдік тәжірибе
бойынша мұндай шағын шабақтар қайрандап қалып қоймаулары үшін түрлі
салалардағы жаңа өнімдер мен жаңа технологияларды шығару басымдық негіздегі
сұрақтардың деңгейінде жүреді.Қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге
қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды
игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін
дамыту басты стратегиялық міндеттердің бірі болып отыр. Соған сәйкес 2003
жылы республикамыздың индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға
арналған стратегиясы қабылданды. Стратегияның мақсаты - шикізат бағытынан
қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің
тұрақты дамуына қол жеткізу. Мұнда ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-
технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау қарастырылған.ҚР
инновациялық қызметті қаржыландырудың көздері ретінде кәсіпорындардың өз
қаржысы, республикалық және жергілікті бюджет қаражаттары, инновациялық
қорлар қаражаты, мемлекеттік гранттар және заңға қайшы емес қаржыландырудың
басқа да түрлері жатады. Қаржыландыру инфрақұрылымы ретінде даму
инситуттары, венчурлік қорлар, кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер, екінші
деңгейлі банктер және т.б. жатады.Қазақстан тәжірибесі көрсетіп отырғандай,
көбінесе қарапайым қаржыландыру көздері, яғни банктер немесе басқа да
қорлар инновациялық ғылыми-техникалық жобаларды қаржыландырудан бас
тартады. Өйткені онда тәуекелділік жоғары болады. Сондықтан бұл жағдайда
арнайы осындай көп тәуекелі бар жобаларды қаржыландыру үшін әлемдік
тәжірибеде венчурлік қорлар құрылады. Венчурлік қорлар венчурлік
инвестициялаудың негізгі механизмі болып табылады. Венчурлік
инвестициялаудың бастапқы кезеңінде қызметті инновация жасауға және
коммерциялауға бағытталған компанияларға жеке, отандық және шетелдік
капиталды тарту мемлекеттің тікелей үлестік қатысуымен венчурлік қорларды
құрғанда мүмкін болады. Венчурлік қорға инвестицияланатын мемлекеттік
қаржылар осы қорға кіретін жеке инвестициялардың тәуекелдерін төмендетеді.
Венчурлік индустрияның қалыптасуының бастапқы кезеңінде мемлекеттің
араласуының осындай үлгісі барлық елдерде өзінің тиімділігін көрсетті.
Венчурлік қорларды құрғанда мемлекеттің қатысуы (Ұлттық инновациялық қор)
ҰИҚ–ң инвестициялық саясатының басты бағыттарының бірі – отандық және
шетелдік инвестициялармен бірлесе отырып құрылған венчурлік қорлардың
капиталындағы үлестік қатысуы (49%) арқылы венчурлік қорларды құру. Қазіргі
таңда Қазақстан венчурлік капиталы және тікелей инвестициялау ассоциациясы
құрылып, оған 9 венчурлік қор кіреді, оның біреуі ҰИҚ. Қазіргі таңда 5
венчурлік қор 5,6 млрд теңге құрайтын 13 жобаны қолдап отыр. Жобалар
негізінен биотехнология, фармацевтика және ақпараттық технологиялар
салалары бойынша. Бірақ инновациялық белсенділік өте төмен, венчурлік
қорларға ұсыныс берушілердің тек 20% ғалымдар, қалғандары бұрын ғылымға
қатысы болған бизнесмендер және ірі холдингтер.

1.2 Инвестицияның пайда болуы және мәні, атқаратын қызметі
Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл
инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер.
Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың
инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды
бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады.
Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір
қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты
проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті
қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны
қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған
байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге
келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және
жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және
тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық
инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу
тәжірибесін қарастырады.Шаруашылық іс-әрекеттер процесінде оған
қатынасушылар күрделі қаржыны жүзеге асырады, реконструкцияға әрекет етуші
ұйымдарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру, тұрғын үй,
коммуналдық және мәдени тұрмыстық құрылыстарға жұмсалатын шығындар күрделі
салымдарды жүзеге асырады.
Қазақстандағы болашақ басты міндеттердің бірі – XXI ғасырдың ортасына таман
экономиканың алдыңғы қатарлы салаларын бет бұрыс жасау. Мұны іске асырудағы
алғашқы орындардың бірі шетел инвестицияларын кеңінен тартуға бөлінеді.
"Инвестиция" деген сөз латынның "инвест" (салу) дегенінен шыққан. Енді кім
инвестор, ол не салады, не мақсатпен және қайда салады деген сұрақтарға
жауап туады. Капиталды салады, оның көптеген түрі болады:
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және
өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай
сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол
шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың
жиынтығын айтады.Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны,
мүлікті және басқа да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті
дамыту үшін жұмсап, сол арқылы клешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде
немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.Бұл жоғарыда
айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі –
уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция  экономикалық
өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы
айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты
қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс жетістіктерін
өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір
материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс)
өсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет
шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға
банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға
жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық; 
Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып
табылады.Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы.Инвестиция
дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және
басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни қаржы үнемі жұмыс
істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысқа немесе іске
жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа бөлінеді:
- жеке инвесторлар (жеке адамдар).
- инстиуттандырылған инвесторлар (банктер , инвестициялық қорлар ,
зейнетақы қорлары , тағы басқалары).
Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында
пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны
тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың , қоғамдық
өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық
шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір
шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды.
Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін , өндейтін және ол
өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі
керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі
оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып,
одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру
көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат
сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.
Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел
территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар
арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін
жүргізеді. Ал , капитал дегеніміз - тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға
айнала бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы
процесінде тікелей өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары капиталистік
кәсіпкерлердің қолына жинақтала бачстады. Өндіріс құрал жабдығынан
айырылған жұмысшы өз жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл
процесс тауар өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді.
Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар :
!--[if !supportLists]--1.                       Инвестициялаушы
елдегі капиталдың мол қорлануы;!--[endif]--
!--[if !supportLists]--2.                       Дүниежүзілік
шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға сұраныс пен ұсыныс
арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы;!--[endif]--
!--[if !supportLists]--3.                       Жергілікті
рынокты монополизациялау мүмкіндігі;!--[endif]--
!--[if !supportLists]--4.                       Капитал
экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің болуы;!--
[endif]--
!--[if !supportLists]--5.                       Саяси
тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал;!--[endif]--
Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі:
- өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына тікелей инвестициялар ;
- портфельдік инвестициялар (шетелдік облигацияларды, акцияларды
және басқа да құды қағаздарға алу үшін);
Ішкі инвестициялық ресурстар өте тапшы бүгінгі экономикалық жағдайда
экономиканы тұрақтандыруға , реформаларды тереңдету және құрылымдық
өзгерістерді жүзеге асыру шетел капиталын тартпайынша мүмкін емес.Шетел
инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары , шетел мемлекеттері
, халықаралық ұйымдар , шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар Қазақстан
Республикасының азаматтары , егер олар шаруашылық қызметін жүргізу үшін
азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде тіркелген
жағдайда.Шетелдік инвестиция дегеніміз-қабылдаушы елдегі компанияның
қызметін бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы
болып келеді. Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары
арасында бөлінуі кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер
етеді.Шетелдік инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң
нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан эксимбанкі, сырттан
қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді
органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал
ққалыптасты. Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті
қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ
және мұнай – химия салалары , электр энергетикасы , металлургия ,
коммуникация және де Қазақстан дәнді дақылдапр , жүн , мақта т.б. ірі
өндіруші болу себепті, ароөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-
қуат мұнай мен газ өндіріп , экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай
құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға жұмсалады.   1995 жылдың шетелдік
инвестициялардың көлемі 235 млрд. $-ға артып, 2.6 трлн $ деңгейін жетті.
Шетелдік инвестицияларды тартудың маңызды көзі- потрфель инвестициялары .
Олар ірі корпорациялардың , мемлекеттік және жекеменшік банктердің
облигациялық қарыздарын қаржыландырады. Қаржы емес активтерге жұмсалған
инвестициялар  мынадай элементтерді: негізгі капиталға жұмсалған
инвестицияларды , материалдық айналым қаражаты қорын толтыруға жұмсалған
инвестицияларды , өндірілмеген және материалдық емес активтерге жұмсалған
инвестицияларды , басқа да қаржы емес активтерге жұмсалған инвестицияларды
өзіне қосады.2004 жылғы қаңтарда қаржы емес активтерге инвестициялардың
бағалау көлемі (материалдық айналым қаражатының қорларын толтыратын
инвестицияларсыз ) 57.6 млрд. Теңгені құрады, оның 56.9 млрд теңгесі
(98.7%) негізгі капиталға инвестицияларға келеді. 2004 жылғы қаңтарда
негізгі капиталға инвестициялар  56.9 млрд. теңге болды, бұл 2003 жылдың
қаңтарымен салыстырғанда 17.2%көп.2004 жылғы қаңтарда инвестицияның өсуі
республиканың 12 өңірінде байқалды. Ең көп өсу Жамбыл (4.8 есе), Павлодар
(2.2 есе), Оңтүстік Қазақстан(1.6 есе), Қостанай , Атырау, Қарағанды (1.4
есе) облыстары мен Астана қаласында да(1.9есе ) байқалды. Өсім сондай-ақ
Шығыс Қазақстан , Ақмола, Қызылорда, Алматы облыстарында мен Алматы
қаласында да (4-13%) байқалды. Өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда
инвестиция көлемінің төмендеуі Ақтөбе (45%), Батыс Қазақстан (44%),
Солтүстік Қазақстан мен Маңғыстау (6%)облыстары байқалды.Мұнай өндіру және
табиғи газ (негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінен (61%) ,
жылжымайтын мүлікпен операция (12%), өңдеу өнеркәсібі (8%), көлік және
байланыс (4%)) басым салалар болып табылады.Шетел инвестицияларының жалпы
республикалық көлемінің ең көп үлесі Атырау (46%) және Батыс Қазақстан
(33%) облыстарында игерілді.  

II. Инновациялық инвестициялық қызметтің кәсіпорындағы қазіргі
жағдайын талдау

2.1 Инновациялық кәсіпкерлік түрлерінің ұйымдастыру-экономикалық
жағдайын талдау
Қазақстанның ғылыми-техникалық саясаты инновациялық үрдістерді
белсендіруге, жаңа технологиялық құрылыстар енгізуге, өндіріс өнеркәсібінде
жаңа шеңберлерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуметтің дамуына,
ғылым және өндіріс арасындағы алшақтықты еңсеруге, инновациялық қызметті
ынталандыруға, технологиялардың нақты трансфертін қамтамасыз етуге және
халықаралық стандарттарды енгізуге бағытталған. Қазақстан кәсіпорындарының
инновациялық белсенділігін дамыту негізі республиканың ғылыми-техникалық
әлеуеті болып табылады.Ірі корпорациялардың ғылыми орталықтарында,
институттар зертханаларында шоғырланған, жоғары технологиялармен жұмыс
істейтін кәсіпкерлік сегмент - бұл қазіргі экономиканың қарқынды дамып келе
жатқан құрылымы. Қазақстанда бұл сектор енді ғана дамып келе жатыр, әзірге
кейбір институттардың нәтижелері нарықта талап етілетін ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргізуге, коммерциялық табысты өнім мен технологиялар құруға
қабілеті бар.
Кесте 1 ­ Ғылымның жағдайы мен дамуының негізгі көрсеткіштері және оларды
салыстыру

2010 ж. 2006
жылға
Көрсеткіштер   2006ж. 2007ж. 2008ж. 2009ж. өсукему
қарқыны (%)
Жалпы ішкі өнім, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның инвестициялық және инновациялық жағымдарының бағалануы
Туристік саланың инвестициялық - инновациялық қызметін дамыту
Қазақстан өнеркәсібінің инновациясы
2015 жылға дейінгі елді дамытудың индустриалды-инновациялық Стратегиясын жүзеге асыру
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар
Инвестициялық қор
Қазақстан Республикасы индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы
Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының бағыттары мен мәселелері
Мемлекеттікбюджеттен тыс қорлар
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі
Пәндер