Балабақшада сюжетті ойындарды ұйымдастырудың педагогикалық принциптері



1 Кіріспе
2 Балабақшада сюжеттік ойынды ұйымдастыру педагогикалық принциптері
3 Сюжетті.рөлдік ойындарды басқарудың қазіргі заман әдістері
3.5 жастағы балалардың сюжетті.рөлді ойындардың модельдері:
4 Банк
5 Теңізшілер. Балықшылар. Су астындағы кеме
6 Ұшқыштар
7 Отбасы. Қарлығаштың туылған күні
8 Супермаркет. Жайлаудағы дүкен
9 Мереке. Наурыз. Асхат пен Сәуленің тойы
10 Экологтар. Бағбандар
11 Құрылысшылар
12 Жедел жәрдем. Емхана. Аурухана
13 Телевизия
14 Жүргізуші. Гараж. Жол полициясы
15 Ателье. Сән Үйі
16 Мектеп
17 Цирк
18 Театр
19 Зерттеушілер
20 Пошта
21 Редакция
22 Билайн Корпорациясы
23 Зообақ
24 Дәмхана. Макдональдс. Пиццерия
25 Кітапхана
26 Жылжымайтын мүлік агенттігі
27 Ғарыш
28 Химиялық тазарту
29 Құтқару қызметі
30 Олимпиада
31 Мұражай
32 Дизайнер студиясы
34 Шаштараз
35 Әдебиет
«Ойын – бұл баланың рухани дүниесіне оны қоршаған ортасы туралы ұғымдардың және түсініктердің жандандыратын ағыны енетін үлкен жарық терезе сияқты», деп Сухомлинский В.А. жазған болатын.
Қазіргі заманда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жағдайы жаңаруда және дамуда. Жаңа Мемлекеттік стандарт мектепке дейінгі білім беру қызметінің негізі болып базистік оқу жоспары анықтайтынын педагогтың іс-әрекеті емес, бала - педагогикалық процестің субъекті ретінде болатынын көрсетеді. Біртіндеп қиындап отырған ойын іс-әрекетінің міндеттері балаға алға жүруді, өз шығармашылық қасиеттерін дамытып, өздігінен жетілуге мүмкіндік береді. Ал ойын - сауық, демалыс ретінде бола тұрып, оқытуға, шығармашылыққа, адам қарым-қатынастарының өмірдің әр-түрлі салаларында көрінудің, оларды модельдеуіне айналуға мүмкін.
Еркін сюжетті-рөлді ойын — мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ең қызықты іс-әрекет. Оның тартымдылығы — ойнай отырып, бала субъективті еркіндікті сезінеді, тәжірибелік туынды іс-әрекеттегі қарсылықтарға тап болып, қиынға түсетіндердің барлығы — заттардың, әрекеттер және қарым-қатынастардың оған тәуелді екенін сезінеді. Сонымен қатар, педагогикалық әдебиетте балабақшадағы балалардың ойын іс-әрекеті тиісті деңгейіне жете алмайтыны туралы мәселе бірнеше рет көтерілген болатын. Ойын — кез келген әрекет сияқты бей-берекет пайда болмайды — ересектер тарапынан қалыптастырылады. Балалар ойнай алу үшін олардың саналарында эпизод-әрекеттердің жиынтығы тұрақталу тиіс. Балалар қандай әрекеттерді орындау керек екенін білулері қажет және меңгерген білімдерінен тек осындай лайық сәттерді таңдай біліп, оларды қиялдан құрылған жаңа сәттер ойлап таба білулері тиіс. Сондықтан тәрбиешінің бала ойынын ұйымдастыру технологиясын меңгеру мәселесі айрықша өзекті болып отыр.
Осы әдістемелік нұсқауларда сюжетті ойынды ұйымдастырудың жаңа әдісі — модельдеу арқылы ұсынылып отыр. Әзірленген модельге сүйене отырып, тәрбиеші балаларға алдағы уақытта бақылаған оқиғалардың эпизодтарын, қатысушылардың әрекеттерін, әр бір нақты қатысқан адамдарды, әр бір әрекет етушінің міндеттерін, олардың қарым-қатынастарының мазмұнын еске түсіруге көмектеседі. Модельдеу процесінде тәрбиешінің міндетіне баланың барлық мүмкіндіктерін барынша өзектеуді қамтамасыз ететін ойынды басқаруды ұйымдастыру кіреді. Осылайша ойынның нәтижелі де қарқынды жоспарлауы, ойнау дағдыларының біртіндеп қиындатуы жүзеге асады.
Ұсынылып отырған модельдер қазіргі заманның барлық салаларын қамтып, құрамына әр түрлі тақырыптар кіреді: тұрмыстық, өндірістік және қоғамдық.
Әрбір модельдің келесі кезеңдері бар:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Технологиялық карта.
Балабақшадағы ойынды жоспарлауға және басқаруға қолданатын бұл әдіс мектеп жасына дейінгі балалардың еркін дербес ойын деңгейін бірталай арттыруға мүмкіндік береді.
Әдістемелік нұсқаулар педагогтар үшін пайдалы болады, әсіресе қазіргі уақытта, мектепке дейінгі білім берудегі «оқу» типі бойынша балалардың балабақшадағы өмірін ұйымдастыру дәстүрлі түрін кейін қалдырып, балалардың белсенділігінің еркін шығармашылық түрлеріне, соның ішінде балалар дамуының маңызды факторлары болып табылатын сюжетті ойынға көп көңіл бөлініп жатыр.
1. Березина В.Г., Викентьев И.Л., Модестов С.Ю. Детство творческой личности.- СПб.: изд. Буковского, 1994.
2. Левин В.А. Воспитание творчества. Томск: Пеленг, 1993.
3. Аджи А.В. Конспекты интегрированных занятий в подготовительной группе детского сада. Познавательное развитие. Развитие речи. Обучение грамоте: Практическое пособие для воспитателей ДОУ. - Воронеж: ТЦ "Учитель", 2006. 333 с.;
4. Шишкина В.А. «Прогулки в природу». Учебно-методическое пособие для воспитателей дошкольных образовательных учреждений. М.: Просвещение, 2009 год.
5. Николаева С.Н. «Юный эколог». Программа и условия ее реализации в детском саду. М.: Мозаика-Синтез, 1999 год.
6. Венгер Н.Ю. Путь к развитию творчества. Дошкольное воспитание. 1982. №11.
7. Ендовицкая Т.О. О развитии творческих способностей. Дошкольное воспитание. 1967.
8. Полуянов Д. Воображение и способности. М.: Знание, 1995.
9. Айджанова Д.К., Бейсенбаева С., Искакова А., Попова Т.Н., Саймасаева Г.А. Методическое пособие. Инновационная технология «Step by step» в дошкольных учреждениях Казахстана. 2000.
10. Алексеева Н.М. Взаимодействие дошкольного учреждения с семьей. Оренбург: 1998.
11. Образцова Т.Н. Ролевые игры для детей. М.: 2005.
12. Лободина С.В. Способности ребенка. Как их развивать? Санкт-Петербург: Диалог, 2005.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
1 Кіріспе 4
2 Балабақшада сюжеттік ойынды ұйымдастыру педагогикалық 5
принциптері
3 Сюжетті-рөлдік ойындарды басқарудың қазіргі заман 6
әдістері
3-5 жастағы балалардың сюжетті-рөлді ойындардың модельдері:
4 Банк 10
5 Теңізшілер. Балықшылар. Су астындағы кеме 12
6 Ұшқыштар 14
7 Отбасы. Қарлығаштың туылған күні 17
8 Супермаркет. Жайлаудағы дүкен 19
9 Мереке. Наурыз. Асхат пен Сәуленің тойы 21
10 Экологтар. Бағбандар 23
11 Құрылысшылар 24
12 Жедел жәрдем. Емхана. Аурухана 25
13 Телевизия 27
14 Жүргізуші. Гараж. Жол полициясы 29
15 Ателье. Сән Үйі 31
16 Мектеп 33
17 Цирк 35
18 Театр 37
19 Зерттеушілер 39
20 Пошта 41
21 Редакция 43
22 Билайн Корпорациясы 45
23 Зообақ 47
24 Дәмхана. Макдональдс. Пиццерия 50
25 Кітапхана 52
26 Жылжымайтын мүлік агенттігі 54
27 Ғарыш 56
28 Химиялық тазарту 58
29 Құтқару қызметі 61
30 Олимпиада 63
31 Мұражай 66
32 Дизайнер студиясы 68
34 Шаштараз 70
35 Әдебиет 72

КІРІСПЕ

Ойын – бұл баланың рухани дүниесіне оны қоршаған ортасы туралы
ұғымдардың және түсініктердің жандандыратын ағыны енетін үлкен жарық терезе
сияқты, деп Сухомлинский В.А. жазған болатын.
Қазіргі заманда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жағдайы жаңаруда
және дамуда. Жаңа Мемлекеттік стандарт мектепке дейінгі білім беру
қызметінің негізі болып базистік оқу жоспары анықтайтынын педагогтың іс-
әрекеті емес, бала - педагогикалық процестің субъекті ретінде болатынын
көрсетеді. Біртіндеп қиындап отырған ойын іс-әрекетінің міндеттері балаға
алға жүруді, өз шығармашылық қасиеттерін дамытып, өздігінен жетілуге
мүмкіндік береді. Ал ойын - сауық, демалыс ретінде бола тұрып, оқытуға,
шығармашылыққа, адам қарым-қатынастарының өмірдің әр-түрлі салаларында
көрінудің, оларды модельдеуіне айналуға мүмкін.
Еркін сюжетті-рөлді ойын — мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ең
қызықты іс-әрекет. Оның тартымдылығы — ойнай отырып, бала субъективті
еркіндікті сезінеді, тәжірибелік туынды іс-әрекеттегі қарсылықтарға тап
болып, қиынға түсетіндердің барлығы — заттардың, әрекеттер және қарым-
қатынастардың оған тәуелді екенін сезінеді. Сонымен қатар, педагогикалық
әдебиетте балабақшадағы балалардың ойын іс-әрекеті тиісті деңгейіне жете
алмайтыны туралы мәселе бірнеше рет көтерілген болатын. Ойын — кез келген
әрекет сияқты бей-берекет пайда болмайды — ересектер тарапынан
қалыптастырылады. Балалар ойнай алу үшін олардың саналарында эпизод-
әрекеттердің жиынтығы тұрақталу тиіс. Балалар қандай әрекеттерді орындау
керек екенін білулері қажет және меңгерген білімдерінен тек осындай лайық
сәттерді таңдай біліп, оларды қиялдан құрылған жаңа сәттер ойлап таба
білулері тиіс. Сондықтан тәрбиешінің бала ойынын ұйымдастыру технологиясын
меңгеру мәселесі айрықша өзекті болып отыр.
Осы әдістемелік нұсқауларда сюжетті ойынды ұйымдастырудың жаңа әдісі —
модельдеу арқылы ұсынылып отыр. Әзірленген модельге сүйене отырып, тәрбиеші
балаларға алдағы уақытта бақылаған оқиғалардың эпизодтарын, қатысушылардың
әрекеттерін, әр бір нақты қатысқан адамдарды, әр бір әрекет етушінің
міндеттерін, олардың қарым-қатынастарының мазмұнын еске түсіруге
көмектеседі. Модельдеу процесінде тәрбиешінің міндетіне баланың барлық
мүмкіндіктерін барынша өзектеуді қамтамасыз ететін ойынды басқаруды
ұйымдастыру кіреді. Осылайша ойынның нәтижелі де қарқынды жоспарлауы, ойнау
дағдыларының біртіндеп қиындатуы жүзеге асады.
Ұсынылып отырған модельдер қазіргі заманның барлық салаларын қамтып,
құрамына әр түрлі тақырыптар кіреді: тұрмыстық, өндірістік және қоғамдық.
Әрбір модельдің келесі кезеңдері бар:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Технологиялық карта.
Балабақшадағы ойынды жоспарлауға және басқаруға қолданатын бұл әдіс
мектеп жасына дейінгі балалардың еркін дербес ойын деңгейін бірталай
арттыруға мүмкіндік береді.
Әдістемелік нұсқаулар педагогтар үшін пайдалы болады, әсіресе қазіргі
уақытта, мектепке дейінгі білім берудегі оқу типі бойынша балалардың
балабақшадағы өмірін ұйымдастыру дәстүрлі түрін кейін қалдырып, балалардың
белсенділігінің еркін шығармашылық түрлеріне, соның ішінде балалар дамуының
маңызды факторлары болып табылатын сюжетті ойынға көп көңіл бөлініп жатыр.

БАЛАБАҚШАДА СЮЖЕТТІ ОЙЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ

Мектепке дейінгі балалық шақ — 3-тен 6-7-ге дейінгі жас — баланың
дамуындағы мүлде айрықша кезең болып табылады. Дәл осы жаста ішкі
психикалық өмір және жүріс-тұрысты іштей реттеу пайда болады. Бұл ішкі өмір
жалпы түсініктер бойынша әрекет ету қабілетінде, баланың қиялында, ерікті
жүріс-тұрыста, ересектер және құрдастар арасындағы мазмұнды қарым-қатынаста
танылады.
Осы маңызды қасиеттер мен қабілеттердің барлығы, ересектермен
әңгімелесуде, мамандар сабақтарының барысында емес, сюжетті-рөлді ойында
туындайды.
Осындай ойында балалар ересектердің рөлдерін ойнап, өздері арнайы
құрастырған ойын жағдайларында, қиялдан шығарған жағдайларда ересектердің
іс-әрекеттерін және олардың арасындағы қарым-қатынасты қайта орындайды
(немесе модельдейді).
Сюжетті ойын бала тарапынан шынайы, сезінетін өнімді талап етпейді, бұл
ойында барлығы шартты, барлығы әзіл сияқты. Бала елестеткен шегені
ойыншық балғамен соға алады, бірақ шын мәнінде шегені соға алмайды,
дәрігер болып, ауру қуыршақтарды емдей алады, ал шын мәнінде бұл
ересектердің мамандығы бала үшін алшақ жатыр; шын өмірде ешқашан болмаған
толғандыратын оқиғаларға енеді; өзін өзі ойдағыдай таныта алмай қалған
жағдайларды қайтадан бастан кешіп жатады.
Сюжетті ойынның осындай мүмкіншіліктердің барлығы мектеп жасына
дейінгі баланың тәжірибелік әлемін кеңейтіп, оған ішкі эмоционалдық
жайлылықты қамтамасыз етеді.
Қазіргі заманның психологиялық-педагогикалық зерттеулерде сюжетті ойын
- адамның кез келген іс-әрекеті сияқты — балада өз бетімен пайда болмайды,
оны меңгерген, ойнай алатын өзге адамдар арқылы қалыптасатыны туралы
көрсетілген.
Сюжетті ойын тақырыбынан тыс өзінің ең қарапайым түрінде заттармен
шартты әрекеттер тізбегі ретінде құрылуы мүмкін, күрделі түрінде —
спецификалық рөлдік ара-қатынастардың тізбегі ретінде, аса күрделі түрінде
— әр түрлі оқиғалардың бірізділігі ретінде құрылуы мүмкін.
Көптеген зерттеулер негізінде 3-5 жастағы бала ойнайтын рөлдеріне еніп,
оларды біртіндеп алмастыра білу керек екендігі, заттармен әрекет ету және
рөлі бойынша сөйлеу арқылы жүзеге асыруы тиіс, құрдас-серіктеспен рөлдік
қарым-қатынас құру тиіс екендігін көрсетті. Есейе келе, бала ойын барысында
әр түрлі оқиғалардың бірізділігін өрістету тиіс, оларды өзінің және 2-3
құрдас-серіктестің ойластырғанына сәйкес ұластыру тиіс, сюжетті оқиғаларды
рөлдік ара-қатынас арқылы және заттармен әрекет ету арқылы жүзеге асыру
тиіс.

Балабақшада сюжетті ойынды ұйымдастыру принциптері:
Тәрбиеші балалармен бірге ойнау тиіс
1. Тәрбиеші балалармен бірге мектепке дейінгі балалық шақ бойы ойнау
тиіс, бірақ ойынның әр бір кезеңінде балалар ойын құрудың жаңа, одан да
күрделі тәсілін танып және меңгере алатындай, ойынды ерекше әдіс арқылы
өрістету қажет.
2. Ерте жастан бастап және әрі қарай мектепке дейінгі балалық шақтың
әрбір кезеңінде ойын біліктері қалыптасқанда баланы ойын әрекетті жүзеге
асыруға, сонымен қатар, оның мағынасын серіктесіне — ересек адамға және
құрдасына — түсіндіруге бағыттау қажет. Осындай стратегия балалардың жеке
өзіндік ойынды, ерте жастағы шағын топтарда элементарлы жұптасқан ара-
қатынастан бастап балалардың үйлесімді біріккен ойынын қамтамасыз етеді.

Сюжетті-рөлдік ойындарды басқарудың қазіргі заман әдістері

Д.Б. Эльконин белгілеген балалалық шақ аралығындағы сюжетті-рөлді
ойынның төрт деңгейі тәрбиеші үшін ойынды дамытудың бағдары бола алады.
Бірінші деңгей. Ойынның негізгі мазмұны заттық әрекеттер болып
табылады. Іс жүзінде ойында рөлдер бар, бірақ олар әрекеттерді анықтамайды,
олар баланың орындаған әрекеттердің түрлерінен өздері туындайтын болады.
Әдетте ойынның алдын ала жоспары құрылмайды: балалар рөлдерді атамайды,
оларды ойын әрекетін орындап болғаннан кейін белгілейді. Әрекеттері
біркелкі және бірнеше рет қайталану тенденциясы бар және олардың логикасы
оңай бұзылады. Бала ойын барысында рөлдік жүріс-тұрысты құрайтын
әрекеттердің күрделі реттілігін орындамайды.
Екінші деңгей. Ойынның негізгі мазмұны заттық әрекеттер болып қала
береді. Ойында күрделі әрекеттердің тізбегі орындалады. Бұл ретте алдыңғы
қатарға ойын әрекеттің шынайы өмірдегі әрекетке сәйкестігі шығады.
Әрекеттер логикасын олардың шынайы өмірдегі реттілігі анықтайды. Ойын
әрекеттер түрлерінің диапазоны кеңейе түседі. Орын ауыстыру мүмкіндігі
шектеулі. Ойындағы заттардың атауларын ауыстыру тұрақсыз, орынбасар-
заттардың жаңа мағынасы тез жоғалады. Балалар рөлдерін атайды, алайда, ойын
әрекеттің өзі және ойындық заттың таңдауы баланың белгілі бір рөлді
қабылдауын анықтайды.
Үшінші деңгей. Баланың рөлді ойнауы және ойынға байланысты әрекеттерді
орындау - ойынның негізгі мазмұны болып табылады. Ойын іс-әрекетті алдын
ала жоспарлай бастайды, рөлдердің орындалуын қадағалап, түзетеді. Рөлдер
айқын, анық, балалар оларды ойын басталмай тұрып анықтайды, рөлдер
әрекеттердің логикасын және түрін анықтайды. Модельденген әлеуметтік қарым-
қатынастардың сипатын жеткізетін ойын әрекеттері пайда болады. Бұл
әрекеттер әркелкі, жалпыланған бола бастайды, жиі сөйлеу арқылы орындалады
(аталады). Кейіпкерлердің арсындағы қарым-қатынасты сипаттайдын өзіндік
рөлдік сөз сөйлеу пайда болады. Орын ауыстырудың мүмкіндіктері кеңейе
түседі: орынбасар заттың нақты белгіленген қызметі жоқ болса ғана заттық
ойындық жаңа мағынасы тұрақты болады. Ережелер ашық анық түрде
көрсетілмеген, бірақ іс жүзінде рөлдердің орындалуын реттейді және ойын
әрекеттердің логикасы бұзылған жағдайда өзекті болады.
Төртінші деңгей. Ойынның негізгі мазмұны — әлеуметтік және жеке тұлға
аралық қатынастарды көрсететін әрекеттерді орындау. Алдын ала жоспарлау
іске асырылады: ойынды ойластыру, рөлдер және ойнайтын заттар бөлу, кейде
ойын ережелері бөлінеді. Рөлдер анық және айқын, орындалуы ережелермен
реттеледі. Сөйлеген сөздері мәнерлі, өрістетілген және рөлдік сипаты бар.
Әрекеттердің логикасы бар және әр түрлі, нақты жүйе дамыған. Сөз сөйлеу
әрекеттерінің үлесі арта түседі. Бала шынайы өмірдің ережелерін алып,
оларға ойын барысында бағынатынын көрсетеді. Орын алмастыру кеңінен
қолданады. Егер нақты белгіленген қызметі бар зат орынбасар ретінде
қолданса да, балалар ойынның жаңа мағынасын, сақтау қабілеттерін танытады.
Мектепке дейінгі балалық шақ бойы ойынның бірінші деңгейінен (мектепке
дейінгі кіші жастағы) төртінші деңгейіне дейін даму динамикасы байқалады
(мектепке дейінгі ересек жастағы).
Алайда, көпшілік тәжірибелік мәліметтер көрсеткендей, мектепке дейінгі
балалық шақтың аяқталу кезінде ойын дамуының төртінші деңгейіне дейін
жететін балалардың саны көп емес. Әрине, осындай жағдай мектепке дейінгі
балалардың жалпы психикалық дамуында және жеке тұлғасының дамуына әсер
етеді.
Шығармашылық ойынның ерекшеліктерін талдау кезінде негізгі талданатын
ерекшелік - ойынның мазмұны. Ойынның мазмұны ересектер орындайтын
әрекеттерді бейнелейтін ойындардан, одан әрі адамдардың қарым-қатынастарын
бейнелейтін ойындарға қарай дамып, соңында — қоғамдық жүріс-тұрыстың және
қатынастардың ережелеріне бағыну негізгі мазмұны болатын ойындарға дейін
мазмұны өрістейді.
Ойынның мазмұны - жақсы ойынның дамуын анықтайтын маңызды фактор
болып табылады.
Осындай ойынның келесі критерийлерін атауға болады:
- ақыл-ойды және адамгершілікті дамытатын мазмұнының болуы;
- қиялды және шығармашылықты дамытатын;
- қарым-қатынаста ықыластықты дамыту;
- өз күшін сезінуден қуаныш алу.
Алайда, зерттеулердің мәліметтері бойынша (Артемова Л.В., Гаспарова
Е.М., Зворыгина Е.В., Новоселова С.Л. және т.б.) балабақшаның
тәрбиеленушілерінде шығармашылық ойыны стереотипті сипатында болады. Ол жиі
қатаң тәртіпті іс-әрекет түрінде болады, біркелкі, тәрбиеші алдын ала
барлығын ұйымдастырып, балалардың шығармашылық еркіндіктеріне орын
болмайтын фронтальды сабақтар тәрізді.
Ойынның осындай жағдайдың келесі себептерін атауға болады:
- ересектердің — ата-аналардың және тәрбиешілердің - саналарында бала
ойынының құндылығын түсінбеушілігі;
– тәрбиешінің пассивті бақылаушы немесе баланың жүріс-тұрысын және
әрекеттерін айтып істеткізуші позициясы;
– балабақшаның барлық топтарында бірдей тәптіштенген және балаларды
олармен әрекеттесудің бірдей тәсілге итермелейтін ойыншықтардың болуы:
- бала қиялының дамуына себеп болатын жабдықтылмаған ойын материалының
жеткіліксіз саны.
Тәрбиешіге тәрбие процесін модельдеуі ғана емес, ойынды өткізудегі
шығармашылық позициясы байланысты болады, себебі, тек тәрбиеші ғана балаға
әсер ету тәсілдерін анықтайды. Сондықтан, педагогикалық іс-әрекетте ересек
пен бала арасындағы қарым-қатынастың сипатын өзгеру басты болып табылады.
Ересек пассивті бақылаушы позициясын ұстанбай, ойынның белсенді серіктесі
ретінде болу тиіс.
Біздің ойымызша, осындай жағдайды қамтамасыз ету үшін:
– бала ойынына үн қатып, әрбір қатысушының эмоционалды күйін сезіне
алу;
– ойын сюжетінің дамуына сәйкес балалармен қарым-қатынастың сипатын
және мінезін өзгертуге қабілетті болу қажет. Ол үшін затты-ойындық
ортаны өзгерту арқылы және ересектің баламен ынталандырушы қарым-
қатынастары арқылы құрылатын мәселелі ойын жағдайлар қолданылады;
– бала ойынының мазмұнының көзі ретінде болатын ақиқаттағы оқиғаларды
тәрбиешінің білуі, оның балалар түсінетіндей мәліметтерді белгілі бір
тәсілмен, әдіспен жеткізе білуі, балалардың шығармашылық қабілеттерін
танытуларын және балалардың іс-әрекетін ынталандыру;
– балада ересектің бейнесін және оған еліктеуді тырысуын (ойын
сюжетінің даму деңгейіне байланысты) қалыптастыратын лайықты
педагогикалық ықпал құралдарын іріктей алу;
– ойынның мүмкін болатын нәтижелерін модельдеу.
Ойынға байланысты педагогикалық ықпалдың мақсаты білімді ұжымдық
өңдеу емес, балалардың өзіндік ойынды қамтамасыз ететін, шағын ойын
бірлестіктерде құрдастарымен қарым-қатынасқа түсу өз еркіндерімен әр түрлі
мазмұнды іске асыратын ойнау қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
Тәрбиеші мектеп жасындағы баланы ойынға тартып, оған жетіспейтін аға
мен әпкелердің, құрдастардың орнын басу тиіс. Осындай стратегия балалардың
жеке дербес ойынын, олардың шағын топтардағы келісімді ойынын, ерте жастан
бастап қарапайым жұптағы қарым-қатынасқа түсуді қамтамасыз етеді.
Ойын баланың өз шығармашылығын жүзеге асырудың шынайы құралы болып,
дамытушы қызметін толық атқаруы үшін, ол ересектермен жоғарыдан түсірген
тақырыптардан және әрекеттерді тәртіптеуден тәуелсіз болу керек. Балада
ойынның күрделі тілін меңгеру мүмкіндігі болу тиіс — өзінің ойластыруы
бойынша шығармашылық еркіндігін арттыратын жүзеге асырудың жалпы тәсілдерін
меңгеру (шартты әрекеттермен, рөлдік қарым-қатынаспен, сюжетті
шығармашылықпен құру).
Тәрбиеші, балалардың еркін іс-әрекетіне қосылып, ойнайтын серіктестің
позициясын қабылдап, балалардың дербес ойынын дамыту жақынарадағы даму
аймағын құрады.
Бала осындай жағдайда өзін ойынға кіру және одан шығу мүмкіндігінде
еркін және теңдес сезінеді, өзін бағалаудан тыс сезінеді: жақсы-жаман,
дұрыс-дұрыс емес, себебі, сюжетті ойында бағалау қолданылмайды.
Ересек пен баланың бірлескен ойыны бала үшін (сабақ немесе нұсқау
бойынша әрекет емес) болып осы іс-әрекетте тәрбиешінің, барлық жағдайларда
бағынатынын ересек адамның қысымын сезінбей, тек қызық ойнай алатын
серіктестің ілгерлігін сезінгенде ғана шынайы ойын ретінде болады. Осындай
позициялардың алмасуы және ойнай алатын серіктес ретіндегі тәрбиешінің
шынайы эмоционалды жүріс-тұрысы — баланың бойында жалпы сюжетті ойынға
деген ықыластың туындайтынның кепілі, сондай-ақ, ересек адам ойынға қосатын
тақырыптарға деген қызығушылығы пайда болады.
Балабақшада ойынды ұйымдастыру қажет:
Біріншіден, тәрбиеші мен балалардың бірлескен ойыны ретінде, ересек
ойнайтын серік ретінде болып, сонымен қатар, ойынның ерекше тілін білетін
адам ретінде болады. Балалардың әрбір ойластыруын қабылдайтын тәрбиеші және
оның шынайы эмоционалды жүріс-тұрысы баланың өзін емін-еркін сезінуін,
ойыннан ляззат алуын, ойын тәсілдерімен өзі меңгеруіне деген ынтасының
қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Екіншіден, әрбір жас кезеңдерде ойын балалардың еркін дербес іс-әрекеті
ретінде болуы тиіс, ойында балалар барлық өздеріне қол жетерлік ойын
әдістерін қолданатындай, бір бірімен еркін бірлесіп, қарым-қатынас орната
алатындай, ересектерден тәуелсіз балалық шақ әлемі қамтамасыз етіледі.
Балалардың дербес ойыны көбіне заттық-ойындық ортаны ұйымдастырылуына
және сәйкес ойын материалдарды іріктелуіне байланысты. Балалардың сюжетті
ойынының заттармен жабдықталуы бұрынғыдан икемді болу керек, тәрбиеші және
балалармен бірге (бұдан әрі балалардың өздерімен) ойын басталмай тұрып
ұйымдастырылуы керек.
Сюжетті-рөлді ойынды дер кезінде қалыптастыру үшін кешенді басқару
әдісін қолдану ең тиімді болып табылады.
І. Ойынды басқару кешенді әдісі бір-бірімен байланысты компоненттерді
қамтиды: балалардың белсенді іс-әрекетте айналамен танысуы; үйретуші
ойындар; заттық-дамытушы ортаны ұйымдастыру; ойын процесіндегі ересек пен
баланың қарым-қатынасы.
ІІ. Балаларды білімдермен, әсер алумен байыту. Түсініктерді
қалыптастыру: бақылау; экскурсиялар (алғашқы, екінші, қорытынды);
шығармашыл мамандық өкілдерімен кездесу; көркем әдебиет оқу; тәрбиешінің
әңгімесі; сұхбат-әңгіме; белгіленген тақырыптар бойынша балалардың әңгіме
құруы; балалармен жеке әңгімелесу; әдеби туындылар бойынша сахналау (әдеби
сюжеті бойынша, туындының басын немесе соңын өзгертіп); қиял-ойын;
эстетикалық әңгімелесу.
IIІ. Шығармашылық іс-әрекеттің қалыптасуы мен дамуына себеп болатын
әдістер: ұсыныс; еске түсіру; кеңес; ойын материалын іріктеу; ойынды
ойластыру бойынша сұхбат-әңгіме; тапсырыстар; сұрақтар; түсіндіру; сурет
материалдарды қолдану; костюм элементтерін әзірлеу; балалармен бірге
орындау; тәрбиешінің ойынға қатысуы (бір баламен ойнау, бастаушы немесе
жетекші рөлді орындау).
IV. Құрылыс материалдардан құрастыруға және салған заттармен ойнауға
үйрету: үлгіні қарау; құрастыру тәсілдерін көрсету; сызбаларды,
суреттерді, фотосуреттерді, кестелерді, модельдерді қолдану;
құрастырған заттармен ойнау үшін материалдарды іріктеу; қағаздан,
қатты қағаздан, табиғи және қосалқы материалдардан ойыншық жасауға
үйрету.
Балабақшадағы тәрбиеші уақыт мүмкіншілігі тапшылығына байланысты
балаларға нақты ойын тәжірибесін біртіндеп жинау және жалпылау барысында
белгілі бір ойын дағдаларын меңгеруге себеп болатын бірлескен ойынның
осындай көлемін қамтамасыз ете алмайды.
Ойын дағдыларын қалыптастыру үшін ойынды тиісті жас кезеңінде балалар
ойын құрудың жаңа, күрделі әдісін қолдануға қажеттілігі туындайтын түрде
ұйымдастыруға болады.
Бұл жағдайда балалар бастапқы кезде әдісті жаңадан ашып, оны ересек
адаммен бірге таза түрінде қолданып, кейін әр түрлі мазмұны нақты өзіндік
ойынға апарады.
Шартты ойын әрекеттер қалыптасу кезеңінде ересек адам көбіне ойынның
бір тақырыбын, бір сюжетін әрекеттердің мағыналы тізбегі ретінде
өрістетіп, балаларға сюжеттің дәл осы аспектін атап көрсету тиіс.
Рөлдік жүріс-тұрыстың қалыптасу кезеңінде тәрбиеші үшін кейіпкерлердің
(рөлдердің) іліктес жүйесі ретіндегі бір кейіпкердің басқаларымен қарым-
қатынасы, жаңа кейіпкерлерді енгізу арқылы және көп кейіпкерлі сюжет
негіз болу тиіс.
Жаңа сюжеттерді құру біліктерінің қалыптасу кезеңінде тәрбиеші мен
балалардың бірлескен ойында әр түрлі оқиғаларды құрамдастыруды болжайтын,
жаңа оқиғалардың қатарын қарастыратын көптақырыпты сюжеттерді өрістеру
керек.
Балаларды ойынға тартып, олармен бірге ойнау үшін тәрбиешінің өзі
белгілі бір түрде құрылған сюжетті тірідей ойын процесінде балаларды
қызықтыратын тақырыпқа сүйеніп, еркін өрістетуге үйрену керек.
Ересек адамның ойын процесінде балалардың ұсыныстарын қабылдап, баланың
ойластырған ойын әрекетін жалғастыра алу, жаңа кейіпкерді (сондай-ақ, ойын
рөлін) енгізе алу, құрастырғанды аяқтау, бала ұсынған оқиғаны өрістету
шеберлігінен балалар үшін ересекпен бірлескен іс-әрекеттің тартымды және
қалыптастыратын әсердің табысты болуы байланысты.
Тәрбиеші ойын сюжет-оқиғалардың элементтеріне, кейіпкерлеріне
(рөлдерге), олардың әрекеттеріне сүйеніп, еркін пайдалану тиіс, әр жастағы
балалармен сюжеттерді өрістете алу тиіс.
Балалармен бірлесіп ойнағанда да, өзіндік іс-әрекетері үшін жағдай
жасаған кезде де, ересек тарапынан мәжбүрлеу, тақырыптарды, ойын рөлдерін,
ойын түрін (өздік немесе бірлескен) міндеттеу мүлде жарамайды.
Балалардың бойында балабақшада өз еркінше емес, бұйрық бойынша ойнау
керек деген сезім тудырмау тиіс. Жалпы, педагогикалық процесте ойынға
қатысты бір бірімен тығыз байланысы бар екі құрамдас бөлікті ажырату қажет:
ойын процесінде жаңа біліктері қалыптасатын балалар мен тәрбиешінің
біріккен ойыны, және балалардың өздік ойыны, оған тәрбиеші тікелей
қатыспайды, тек ойын белсенді болу үшін және балалар меңгерген ойын
біліктер арсеналындағы ойын дағдыларын қолдану үшін жағдай туғызады.

Банк сюжетті-рөлдік ойыны

Ұйымдастыру жұмысы:
Көркем шығармалар оқу
- Л. Кларина Гном-экономның және перизат Экономиканың сабақтары;
- Лада И. Жаңа үй;
- Бомент А. Біз тұратын үй;
- Габе Д. Жұмыс;
- Липсиц И. Экономика еліндегі ғажайып оқиғалар;
- Корчак Я. Кішкентай бизнесмен;
- Кнышов Л. Сәбилерге арналған экономика немесе Миша қалай бизнесмен
болды, Экономикстің және достарының ертегілік саяхаты.
Өнімді іс-әрекет түрлері
- банкнот және банк карточкаларын әзірлеу;
- өз тобының ақшаларының суретін салу.
Балалармен әңгімелесу
- Баға, кредит, ипотека деген не?;
- Сатып алудың перспективасы.
Дидактикалық ойындар
- Сатып ал;
- Бір тауардың базары;
- Экономикалық сөздердің тізбегі.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
- Тиынның суретін салу;
- айналамен таныстыру Ақша. Ақша қандай болады? Адамдарға ақша не үшін
қажет?
Дүкенге саяхат.
Ата-аналармен жұмыс
- балалар мен ата-аналардың банкке саяхаты.
Банк сюжетті-рөлдік ойынының технологиялық картасы

Мақсаты: Рөлді таңдап, рөлге сәйкес әрекет ету, ынтымақтастық
дағдыларын қалыптастыру. Ойында әлеуметтік ақиқат оқиғаларын көрсету,
балалардың бақылаудың, саяхаттың және ересектер мен қарым-қатынастарының
барысында көргендерін ойында ауыстыру. Қоғамдық жерлерде жүріс-тұрыстарын
бекіту, сөз сөйлеу этикет дағдыларын қалыптастыру.

Жағдаят Атрибуттар Тәрбиешінің Балалардың
әрекеттері іс-әрекеттері
Банкке бару Бланктер; касса, Директор рөлінде Келушілер:
қажет жинақ кітапшасы, банк қызметін қажет қызметтерді
қызметтерді компьютер, ұйымдастырады, таңдайды, банк
таңдау. пластикалық кадрларды директорынан кеңес
Кассаның, карточкалар, әр тағайындайды, алады; карта бойынша
валюта түрлі елдердегі персоналды бақылап немесе қолда бар
айырбастау ақша, пластикалықотырады, жұмысты ақшамен төлем
пункттің карточкалармен дұрыс атқару үшін жасайды, валюта
қызметі. жұмыс істеу үшін бағыт береді; Келгенайырбастайды, кредит
Құжаттарды аппарат. адамдарға кеңес рәсімдейді.
рәсімдеу, береді, Кассир: клиенттің
коммуналдық шиеленістерді жояды,жинақ кітапшасын
төлемдерді қажетті жабдықтарға алып, оған беру
қабылдау. тапсырыс береді. керек ақшасын
Пластикалық санайды, ақшаны
карточкалармен береді,
жұмыс. Банк инкассаторлардан
директорынан ақша қабылдайды.
кеңес алу. Менеджер: дүкендегі
Кредит тауарларды сатып алу
рәсімдеу. үшін банктен ақшаны
Инкассаторларды қарызға алуды
ң келуі. ұсынады. Оператор:
дүкендегі тауарларды
сатып алуға,
туристтік
саяхаттарға кредит
рәсімдейді.
Инкассаторлар:
дүкеннен,
шаштараздан және
т.с.с., ақшаны
алады, санайды,
банкке әкеледі.

Теңізшілер. Балықшылар. Теңіз астындағы қайық сюжетті-рөлдік ойыны

Ұйымдастыру жұмысы:
Көркем шығармалар оқу
- Фосфорлық аулау Н.Рыжих кітабынан үзінді;
- Н. Сахарнов Екі радист;
- Б. Житков Теңіздегі өрт;
- С. Сахарнов Ең жақсы пароход;
- З. Петров Капитандар;
– М. Садовский Бәріміз - теңізшілерміз.
Өнімді іс-әрекеттер түрлері
- теңізшілер туралы альбом әзірлеу;
- әр түрлі балықтардың суреттерін салу;
- кеме құрылысы.
Балалармен әңгімелесу
- теңізшілердің қызметі туралы әңгімелейтін иллюстрациялар бойынша;
- теңізшілер болып қалай ойнау керек, қай заттарды өздері әзірлей
алатынын, қандай рөлдер ұнайды.
Дидактикалық ойындар
- Жұмыс істеу үшін не қажет екенін?;
- Лабиринт.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
- Тіл дамыту Сурет бойынша әңгіме құру;
- Құрастыру Біздің кеме;
- Сурет салу Теңіздегі кеме.
Ата-аналармен жұмыс
- балалармен бірге теңізшілер туралы иллюстрациялар жинау;
- теңізшілердің қызметі туралы әңгімелеп беру;
- телехабар көру.

Теңізшілер. Балықшылар. Теңіз астындағы қайық сюжетті-рөлді ойынның
технологиялық картасы

Мақсаты: Балаларда ойын барысында бірнеше әрекеттерді логикалық
бірізділікте байланыстыру, ойын жағдайына кіру, өзіне рөл алып, ойын аяғына
дейін рөлге сәйкес әрекет ету біліктерін қалыптастыру. Балалардың позитивті
және топта игілік қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.

Жағдаят Атрибуттар Тәрбиешінің Балалардың
әрекеттері іс-әрекеттері
Кеме, теңіз Торды жасау үшін Капитан рөлінде Кеме жасаушылар кеме
астындағы құрылыс және кемені жүргізеді, құрады, матростар
қайықтың құнсыз материал, команда мүшелеріне мачтаның үстінде,
құрылысы. штурвал, нұсқау береді, қараңғыға үңіліп
Жүзуге матростардың маршрут парағын қарайды, алдыға
дайындық, бескозыркалары, береді, басқа қарайтын матрос
маршрутты жалаулары бар кемелермен, көпірдің үстінде тұр,
таңдау, жүзу,кеменің мачталар,диспетчерлық руль басқаратын адам
рөлдік бинокльдер, қызметпен сейнерді жүргізеді,
әрекеттерді боцман үшін рупорбайланысқа шығады. қайықшы керме ауды
орындау, мен ысқырық, Бинокльдан балық дұрыс лақтырғандығын
кемені шлюпкалар, топтарын табады, қадағалайды. Боцман
жөндеу, құлаққаптар, зәкір тастайды, матростарға команда
сүңгіуірлердірация, балықшыларға береді, олардың жұмыс
ң жұмысы. сүңгуірлердің команда береді. атқарғанын
Байрақты шлемдері, от қадағалайды.
көтеру. сөндіру Сүңгуірлер теңіз түбін
Портқа қайту.машиналар, қарайды, зәкірді
Майшабақ шлангтер, от іздейді, краншылар
табу, аулау, сөндірушілердің кемеге жүк тиеді.
керме ау каскалары, Механик көмірдің
бұзылды, дәрігерлердің өртенгенін хабарлайды.
балық кетіп құралдары, касса, Дәрігер жүзу кезінде
бара жатыр, билеттер, ақша, ауырып қалған
кеме тесілді.ыдыс, аспаз үшін жолаушыларды емдейді.
Жаңа зәкір қалпақ, халат, Балықшылар: торды
түсіп, суға саяхатқа баратын айналдырады, теңізге
батады, қаланың суреті тастайды, балық
теңіздегі бейнеленген ашық ұстайды, түрі мен
өрт, көмек хаттар. сорты бойынша
келе жатыр. жәшіктерге салады.
Механик машиналардың
жұмысын тексереді,
Жолаушылар билеттерді
сатып алып, кемеге
отырады, қоғамдық
көліктегі
жүріс-тұрыстың
ережелерін сақтайды;
Аспазшы жолаушыларға
ас дайындайды.

Ұшқыштар сюжетті-рөлдік ойыны

Ұйымдастыру жұмысы:
Көркем шығарма оқу
- И. Винокуров Аэродромда, Ұшақты кім жүргізеді, Биік ұшып,
тереңді көреді, Далада ұшақ қалай жұмыс, Боран арасында.
Өнімді іс-әрекет түрлері
- ұшқыштар еңбегі туралы альбом әзірлеу;
- ұшқыштар ойынын ойнау үшін ұсақ-түйек атрибуттар әзірлеу;
- аэродром макетін ағаштан, ермексаздан, қағаздан және картоннан
әзірлеу.
Балалармен әңгімелесу
- ұшқыштардың еңбегі туралы иллюстрациялар мен фотосуреттерді қарау;
- ұшқыштардың еңбегі туралы үйде естіген әңгімелер туралы шағын
топтардағы балалармен әңгімелесу;
- Ұшқыш болып қалай ойнауға болады;
- Ойын үшін өздері не әзірлеп шығаруға болады.
Дидактикалық ойындар
- Аэродром пазлдары.
Ұйымдастырылған оқу іс-әркеті
- Қайратты мамандықтар қоршаған әлеммен таныстыру;
- Ұшқыштар тақырыбына сурет салу;
- Аэродромда мүсіндеу.
Ата-аналармен жұмыс
- аэродромға бару;
- ұшқыштар туралы иллюстрациялар, кітаптар, аудиожазбалар жинау;
- ұшқыштардың еңбегі туралы танымды телехабарлар қарау.

Ұшқыштар сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы

Мақсаты: Ойында қоршаған ақиқат өмірдің оқиғаларын көрсету біліктерін
қалыптастыру. Балалар арасында бірлесіп ойнау дағдыларын, рөлдерді бөлу
туралы келісу біліктерін тәрбиелеу. Сюжетті-рөлдік ойынды жаңа мазмұнмен,
жаңа эпизодтармен байыту арқылы жалғастыруға үйрету. Сөздік қорын дамыту,
сөз сөйлеу қабілетін байыту.

Жағдаят Атрибуттар Тәрбиешінің Балалардың
әрекеттері іс-әрекетті
Ұшар Ұшақ, шланг, машина,Диспетчер рөліндегі Техник ұшақтың
алдында көлікке жанармай жерден бақылауды моторынтексереді,
ұшақты құйушы жүргізеді. ұшақтың ұшуға
тексеру. ұшақтың штурвалдары,Ұшақ жағдайларына дайындығы жөнінде
Ұшақ ұшуда.штурма байланысты хабарлайды.
Санитарлы н картасы, радио бағыт беріп, Жүргізуші жанармай,
ұшақ станция, құлаққап, SOS-дабылы арқылы тыңайтқыш,
боранда торлар, байрақ аэродромдағы азық-түліктер
ұшуда. немесе жалаулары баржұмысшылардың іс- әкеледі.
Мұздақтағы бақан, кеме, ұшақ, әрекетін басшылыққа Экипаж командирі
балықтарды дабыл жалаулары алады. экипаж
құтқару. мүшелерінің іс
Ұшақ далада әрекетін
жұмыс бақылапбасқарады.
істеуде. Штурман
навигациялық
жағдайды қарайды
катамен
жұмыс істейді.
Радист балықшылар
диқаншылармен рация
арқылы байланысып
ауа райын сұрайды.
Ұшқыш ұшақты
басқарады, жерге
тыңайтқыш сеуіп,
балықшыларға тамақ
лақтырып, дәрігер
әкеледі.
Бортжолсерігі
жолаушыларды ұшаққа
кіргізіп орындарына
жайғастырып,
белбеулерді
іліктіруді, кофе,
газет пен
журналдар, кітаптар
оқуға ұсынып
әкеледі.
Ұшқыштарға түскі ас
дайындайды.
Дәрігер науқас
жолаушыны қарап,
оған көмек
көрсетеді.
Балықшылар балық
аулап, оларды ашық
көлге алып кетеді,
ұшақты байқап,
оларға байрақты
көтеріп белгі
береді.
Жолаушы билет сатып
алады, аялдамада
шығып, ұшатын
кезде ереже
тәртібін сақтайды.

Отбасы. Қарлығаштың туылған күні сюжетті-рөлді ойыны

Ұйымдастыру жұмысы:
Көркем шығармалар оқу
- Д. Габе Менің отбасым, Інім;
- С. Мендербеков Киіз үйде;
- А. Дүйсенбиев Бір күні өзенде, Жаз;
- Л. Квитко Әжемнің шебер қолдары;
- А. Яковлев Ана, Л. Воронков Анам не дер еді.
Өнімді іс-әрекет түрлері
- Бас киімді өрнектеу, тақия;
- Жайлауда панноны безендіру.
Балалармен әңгімелесу
- Менің Отаным - Қазақстан, жазғы жайлауда;
- Өз отбасыңның салт дәстүрі туралы әңгімеле, Отбасы мүшелерің қалай
және не киеді?, Қуыршаққа қалай үй тұрғызамыз, Қонақта не істейміз,
Өзімізді қонақта қалай ұстаймыз, Біз қонаққа не үшін барамыз,
Мақалдардың сырын ашамыз - отбасы, ана туралы мақалдардың мағынасын
біргелесіп талқылау.
Дидактикалық ойындар
- Әжемде қонақта;
- Тақия.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
- тіл дамыту Отбасы суреттері суреттеу жөнінде әңгіме құрау;
– сурет Асты өрнектеу, (дөңгелекшеде қазақтың ою өрнектерін салу);
– Кесе мүсіндеу.
Ата-аналармен жұмыс
– альбомды безендіру отбасымның қызықты тарихы;
– бауырсақ пісіріп, қазақ отбасы туралы әңгімелеу, кесемен шай беру.

Отбасы. Қарлығаштың туылған күні сюжетті-рөлді ойынның технологиялық
картасы

Мақсаты: Ойында әлеуметтік ортадағы шынайы оқиғаларды көрсете білуді,
отбасы - бірге тұратын адамдар туралы ұғымды қалыптастыру, жақын адамдарына
қамқорлық көрсету талабын дамыту, өзінің отбасын мақтаныш тұту сезімін
дамыту, өзінің отбасы туралы білімін тереңдету негізінде балалардың сөздік
қорын белсендіру. Сөйлеу қабілеті арқылы ойын барысында бірлесуге, өтініш
білдіруге, сұрақ қоюға, өз әрекеттерін түсіндіруге үйрету.

Жағдаят Атрибуттар Тәрбиешінің әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Қазақ Көрпе, дастархан, Әже рөлінде киіз Карлыгаш киіз үйдің
отбасына сандык, ыдыс, үйді тұрғызуға ішін реттеп, көрпе
үлкендер менторсык, тұлпар, көмектеседі, қонақ төсеп, дастархан жасап,
балалар бауырсақта, қазан,күту ережесімен кеселерді қояды.
қонаққа тарақтар, қамшы, таныстырып қазақтыңХабаршы қонақтарды
келеді. Үй қазақтың ұлттық салт-дәстүрі шақыру үшін тұлпарға
иелері аспаптары бойынша қонақ мініп басқа ауылға бет
қазақтың (домбыра, қобыз, күтуді алады. Апам қазанда
салт-дәстүрісырнай), қазақтың қонақжайлылықты етті бұқтырып, бауырсақ
бойынша ұлттық костюмдері үйретеді. пісіріп, көже дайындап
қонақтарды мен орамалдары. торсыққа құйяды.
күтіп алады.Қуыршақтар – Қонақ дәмнен татып,
Карлығаш, Катя, қонақжайлылықтарына
Қазақстан Дима. алғысын білдіріп,
туралы Ыдыс-кесе, шәйнек. туылған күн иесіне
альбомдарды Қант, кәмпиттер. сыйлық береді.
қарайды, Жиһаз – дастархан. Балалар музыкалық
домбыра Сыйлық – аспаптарда ойнап, ал
әуенін бауырсақтар қыздар қазақтың ұлттық
тыңдайды. киімінде Қамажай биін
Қонақтарға билейді, үлкендер
сыйлық. оларға сыйлықтар
Қазақтың тартады. Балаларға–
ұлттық қамшы, қыз балаларға
аспаптарында –айна және тарақ.
ойнау. Қонақтар ас-шайына
Қамажай алғыс білдіріп,
биі. үйлеріне қайтады. Үй
Қуыршаққа иелері қонақтарды
қонаққа шығарып салып,
барамыз. бөлмелерін жинап
реттейді.

Супермаркет. Жайлаудағы дүкен сюжетті-рөлді ойыны

Ұйымдастырылған жұмыс:
Көркем шығармалар оқу
- С. Мауленов Бәрі жұмыста;
- М. Әлимбаев Жұмыстың жаманы жоқ;
- К. Ыдырысов Жайлауда;
- А. Оразакын Жайлауда.
Ұйымдастырылған өқу іс-әрекеті
- балалармен бірге ермексаздан, табиғи материалдардан (кондитерлік
өнімдерді, көкөністерді, жемістерді, нан мен тоқаштарды, қағаздан
әмияндарды) дайындау.
- сауда қызметкерлері жөнінде иллюстрациялы альбомдарды безендіру.
Балалармен әңгімелесу
- Супермаркет деген не?. Балалар Дүкендер туралы тақырыпта не
біледі және оны топта қалай ойнайды, ол үшін не қажет, балалар ата-аналар,
педагогтармен бірге не істей алады.
– Жайлау дегеніміз не?, Малшы, көкөнісші, егінші; немен айналысады.
– Ойлануға жағдай туғызу. Тасымалды дүкен несімен ыңғайлы?.
Дидактикалық ойындар
- Сөз айт;
- Бір сөзбен ата.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
- дүкенге саяхат;
- мүсіндеу жемістер, көкөністер, кәмпиттер;
- сурет Жайлауда, Киіз үй.
Ата-аналармен жұмыс
- қажетті атрибуттарды жинауға көмектесу;
- ойынға қатысып көру, бақылау.
Супермаркет. Жайлаудағы дүкен сюжетті-рөлді ойынның технологиялық
картасы

Мақсаты: Балаларда ойын барысында бірнеше әрекеттерді логикалық
бірізділікте байланыстыру, ойын жағдайына кіру, өзіне рөл алып, ойын аяғына
дейін рөлге сәйкес әрекет ету, құрбы-құрдастарымен өзінің жеке ойын бөлісу,
келісе білу біліктерін қалыптастыру. Қазақтың салт-дәстүрі мен өмірі
бойынша балалардың білімдерін кеңінен қолдану. Билингвалдық компоненттер
негізінде диалогтік тілдік қатынасын дамыту.

Жағдайят Атрибуттар Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс-
әрекеті
Супермаркетке Касса, Дүкеннің директорыныңЖүргізуші көлік
келу. азық-түліктер рөлін ойнау: дүкенге жүргізеді,
Қажетті жинағы; тауар жинайды тауаршыдан тауар
тауарларды менеджерлер, (азық-түлік және алады, түсірілген
сатып алу. сатушылар, өнеркәсіптік). жүкті артады.
Менеджерлерден кассирлердің Дүкендердің жайлауға Тапсырыс берілген
кеңес алу. арнайы киімдері; тасымалдауын тауарды алады,
Тауарды орау, сувенирлер; ұйымдастыру. Қажетті меңгеруші оны
сатып алынған чектер, сөмкелер,тауарлады іріктеп жөнелпе құжатқа
заттар үшін әмияндар, қояды, тауарды жазады.
төлеу; ақшалар; ұсақ артқанда жұмысшыларғаСатушылар тауар
Директормен ойыншықтар тауардың сақталуы алып, сөрелерге
даулы жағдайды жинағы; жөнінде ескертеді. көрмеге жайып,
шешу. журналдар, сатып алушыларға
Жайлауға газеттер; киім, қызмет жасайды.
тауармен шығу. аяқ-киім, бас (ақшаларды алып,
(қазақтың қол киім; тіркеудегі қайтарып, тауарға
өнер заттарын кітаптар, чек береді).
және азық бағалар, бөлім Менеджер ұсынылған
түліктер, атауларының тауардың сапасы
орыстың, сілтемесі. жөнінде айтып,
қазақтың Телефондар, оларды сатып алуға
асханасынан) рациялар, кеңес беріп
Малшылар микрофондар; жарнамалайды. Әр
өздеріне ұнағанорау, бөлімнің
заттардың азық-түлікке сатушыларына
барлығын сатып арналған арбалар тауарға телефонмен
алады. Қазақ Қазақтың тапсырыс беріп,
және орыс тұрмыстық жөнелпе құжат алуға
тілдерінде заттары: көмектеседі,
тілдеседі (екі дастархан, кесе, еңбекақы алады.
тілдің шыныаяқ, шайнек, Сатып алушылар
элементтері) ұлттық киімдер, өзіне қажетті
Малшылар бірге қазақтың және тауарларды сатып
жиналып орыстың алады, сатып
бесбармақ жейдіасханасынан алынған заттарды
және шай ішеді.азық-түліктер сөмкеге салып
қояды.

Наурыз мерекесі. Асхат пен Сәуленің тойы сюжетті-рөлді ойыны

Ұйымдастырылған жұмыс:
Көркем шығарма оқу
- Я. Тайц Мереке;
- Т. Мұратова Наурыз мерекесі;
- З. Александрова Мамыр мерекесі;
- Н. Жанаева Туған ауыл.
Өнімді іс-әрекет түрлері
- ауыл макетін әзірлеу;
- мереке туралы суреттерді іріктеу.
Балалармен әңгімелесу
- Наурыз қандай мереке?, Неге оны тойлайды?, Мерекеге кім
келеді?;
- Той, мереке туралы айту. Неге тойлайды?, Калай тойлайды?,
Қандай сыяпат көрсетеді?, Не киеді?;
- Той бастар бейнеролик бойынша әңгіме.
- А. Ғалымбаеваның Тәтті шәй, Дастархан, Ә. Кастеевтің Киіз үйді
өрнектеу суреттерін қарау.
Дидактикалық ойындар
- Кім не істейді?, Отбасы, Үй, Ателье;
- Тобыл өзеніне саяхат;
- Қостанайға саяхат.
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті
- тіл дамыту - Наурыз мерекесі туралы әңгіме құрау;
- сурет Мерекеге безендірілген үй;
- тұзды қамырдан мүсіндеу Казақтың ұлттық зергерлері;
- айналамен таныстыру Қазақстан картасына саяхат.
Ата-аналармен жұмыс
- Наурыз мерекесін дәстүр бойынша тойлау ата-аналарға кеңес ;
- отбасылық газет дайындау Наурыз мерекесі біздің отбасымызда.

Наурыз мерекесі. Асхат пен Сауленің тойы сюжетті-рөлді ойынының
технологиялық қартасы

Мақсаты: Ойында ұлттық мерекелермен салт-дәстүрлерді айқындап көрсету.
Өз бетінше рөлдерді сәйкес бөлу олармен бірге іс әрекетті, диалогты рөлдік
моделдеуге қоғамдық өмірде ойын түрін айқындап үйретуді жалғастыру. Өзі
тұратын еліне құрмет, мақтанышпен қарауға тәрбиелеу.

Жағдаят Атрибуттар Тәрбиешінің іс Балалардың іс
әрекеті әрекеті
Мерекенің Ұлттық костюмдер,Жүргізуші ролінде Артисттер домбырада
басталуын киіз үй, мерекенің басталуын ойнайды, билейді,
хабарлау. тұрмыстық заттар,хабарлап, бағыттап қазақтың ұлтттық
Домбырада қазақ асханасы сюжетті-рөлді ойынды дәстүрін көрсетеді.
ойнау, сандық, құмыра, басқарады. Жігіттер бәйге
ақындар киіз үй, құрт, Балалардың ойынға жарысына қатысады.
айтысын, бесбармак, нандаржарыстарға қатысуы Көрермендер қазақтың
күресшілер,кө– қазақтың қонақтармен кездесудемузыкасын тыңдап
кпар асханасы. қазақ халқының концерт көреді.
жарыстары салт-дәстүрін еске Қонақтар иелерін
Ресей, түсіреді. күтіп алып және
Украина дан Барлық ойын түрінің оларға өздерінің
концерттік іс-әрекетіне коцертін ұсынып,
бағдарламасым қатысады. мерекелік сыйлықтар
ен келген таратады.
қонақтар. Иелері киіз үйдің
Қазақша ән ішін реттейді,
айту, мерекелік дәм
қазақтың дайындап дастархан
ұлттық жасайды, қонақтарды
музыкасын шақырады. Оларға шәй
тыңдау. ұсынып, өз
Асхат пен қолдарымен жасалған
Сауленің тойы сыйлықтарды тартады.
қонақтарға Барлығы бірге
бесбармақ,шәй қазақтың ұлттық
ден дәм ойындарын ойнайды.
тигізу
Кім дұрыс
атаса, сол
сыйлықтытабад
ы.
Мереке
ойынмен
аяқталады

Экологтар. Бағбан сюжетті-рөлдік ойыны

Ұйымдастырылған жұмыс:
Көркем шығарамалар оқу
- Б. Житков Мен не көрдім (шығарамдан алынған тараулар);
- М. Жаманбалинов Шебер;
- С. Баруздин Бұл үйді кім тұрғызды?
- Г. Юдин Экскаваторшылар.
Өнімді іс-әрекет түрлері
Құрылысшылар- альбомын жасау;
- Ұсақ құрылыс материалдарынан автомобиль жолдарын, көпір салу;
- табиғи және құнсыз заттарды пайдаланып құмнан құрылыс жасап
ойнау.
Балалармен жұмыс
- құрылыс мамандықтары: тас қалаушы, сылақшы,

краншы, өзі аудырғыш өлігін
жүргізушісі. Немен айналысады және жұмыста қандай көлік көмектеседі.
- үйді кім құрады, қандай құрылыс мамандықтары бар.
Дидактикалық ойындар
- Гараж тұрғызамыз;
- Ферма;
- Жас әрлендіруші.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті
- айналамен таныстыру Транспорт және құрылыс көлігі;
- тіл дамыту Құрылысшылардың еңбегі туралы әңгіме құру;
- сурет Әр түрлі үйлер.
Ата-аналармен жұмыс
- құрылыс фирмаларындағы жұмысшылардың еңбектері туралы
иллюстрацияларды жинақтау;
- құрылысқа саяхат.
Құрылысшылар сюжетті-рөлді ойынының технологиялық картасы

Мақсаты: Ойын жоспарларына сәйкес іс әрекетпен айтыс-тартысты әділдікпен
шешу, сюжетке сәйкес конструктор, құрылыс материалдарын қолданып келісіммен
берілген ролдерді бөлуге ойнауға үйрету. Балалардың тілдік мәнерлігін,
шығармашылығын, айналаны қоршаған ортамен ойын арқылы жүзеге асыру.

Жағдаят Атрибуттар Тәрбиешінің іс Балалардың іс әрекеті
әрекеті
Құрылыс Құрылыс жоспары;Құрылыс Тапсырыс берушілер
объектісін Түрлі құрылыс материалдарына құрылыс фирмаларына,
таңдау. материалдары. қажетті заттарға қай жерде құрылыс
Құрылыс Аспаптар; өтініш беру, жүргізетіндігі жөнінде
материалдарынБірыңғай киім қызметкелер хабарлайды,
таңдау, формалсы. арасындағы тапсырыс қабылдап
құрылыс Құрылыс дау-жанжалды жою, алғыстарын білдіреді.
алаңына техникасы.Каска;құрылыс басшы Әрлендіруші
жеткізу. материал рөлінде құрылысты құрылыс объектісін
Құрылыс үлгілері. бақылап басқару. құрылыс жоспарын
Құрылысты Әрлендіру Тапсырыс берушілер тапсырысшымен
әрлендіру. журналы. мен дизайнерлердің қабылдайды.
Объектті кездесуін Прораб қажетті құрылыс
тапсыру ұйымдастырады, материалына сәйкес
прорабтарға жарлық сюжетті,
береді. құрылыста қажетті
материалдардың барлығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балабақшада сюжетті ойындарды ұйымдастырудың педагогикалық принциптері жайлы
Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындық факторы ретінде сюжетті рөлдік ойында өзара әрекеттесу қабілетін дамыту
Ойындар үйретуде балалардың жан-жақты қабілеттерінің даму барысын зерттеу
Әр топ ерекшеліктеріне арналған ойын-сауықтар репертуарларының сипаттамасы
Ойындар үйретудің балалар өміріндегі рөлі
Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка
Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойын-сауықтарды ұйымдастыру
Ойын жайлы
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Пәндер