Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 2

Негізгі бөлім

I Қазақстан Республикасының ақша жүйесі

1. 1 Қазақстандағы ақша реформалары . . . 5

1. 2 Қазақстанның ұлттық валютасы - Теңге . . .

II Қ. Р - ғы валюта бағамы жағдайы

2. 1 Қазақстан Республикасы валюта жүйесiнiң дамуы және Ұлттық банктің валюталық бағамды реттеу шаралары . . .

2. 2 Құбылмалы валюталық бағам тәртіптемесіне өтудің елімізде жүргізілген сипаты мен оның сыртқы экономикалық қызметке әсері . . .

2. 3 Қазақстан Республикасында валютаның жүйесі және валюталық операцияларды жүргізу ережелері және реттеу органдары . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер . . .

КІРІСПЕ

Икемді ақша саясаты қоғамдық ұдайы өндірісті мемлекеттік реттеудің аса маңызды құралдарының бірі. Дж. М. Кейнстің пікірінше, оның инфляциялық әсерін фискальдық саясат және баға мен жалақыны бақылау арқылы кемітуге немесе белгілі шекте шектеуге мүмкіндік туады. Тұрақты жалақы мен өте баяу өзгеретін баға денгейі кейнсиандық үлгінің пәрменділігінің шарттары. Бірақ, жалақы мен бағаны заң актілері арқылы шектеу, олардың негізгі қоғамдық қызметі-қоғамдық қажетті шығындарды өлшеу мүмкіндіктерінен ажыратып, экономикалық дұрыс шешім қабылдауға, яғни нені, қалай және кім үшін өндіру қажеттігін айқындауына бөгет болады. Жоғарыда ескертілгендей, кейнсиандық үлгі бойынша ақшалай ұсыныстың ұлғаюы нақтылы өндірістің ынталандырушысы қызметін атқарады. Кейнсшілердің ойынша ақша көлемін артуы несие өсімінің төменлеуіне, қаржыландыруды, өндіріс пен іске тартылуды ынталандыруға ықпал етеді.

Ақшалай ұсыныстың артуы тек қысқа мерзім ішінде ғана өндірістің өсуіне мүмкіндік жасайды. Ал оның ұзақ мерзімдік нәтижесі тіпті де басқаша. Ақша мөлшерінің артуы бағаның шұғыл өсуіне әкеледі де, ол өз кезегінде өсім деңгейінің инфляциясын өршітеді. Алғашында халық қолындағы ақша табыстарының өсуі олардың тұтыну мүмкіндіктерін арттырып, өндірісті ынталандыруға қызмет етеді. Соңынан бағаның шарықтауына сәйкес халықтың нақтылы ақша мөлшері (тауардың бағасымен салыстырғанда) азайып, сұраныс пен өндірістің ара қатынасы жаңа жағдайларды өте жоғары баға деңгейінде теңеседі.

Ақша көлемі мен айналымын қатаң салыстырмалы бағалар құрылымының сәйкестенуін арттырып, осыдан жалпы іске тартылудың өзгеруі және сұраныс пен ұсыныстың құрылымдық деңгейіне игі әсер етеді. Тұрақты баға деңгейімен үйлестірілген жалақыға сенімнің артуы шаруашылық ұйымдарына экономикалық негізді және тиімді шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.

Жаңа классиктердің орталық идеяларының бірі экономикалық объектілер қолда бар мәліметтерді пайдалана отырып, экономикалық процестерді өз беттерінше болжай алады және үйлесімді шешімдер қабылдайды. Экономикалық обьектілер баға денгейінің болашағын болжай отырып, ағымдағы және келешектегі тұтынуды белгілей алады. Бұл жерде тұтынушылар пайдалылықты ұлғайтуға тырысады. Әрине, экономикалық объектілер қолда бар мәліметтерді әр қилы бағалау нәтижесінде теріс шешімдер қабылдауы мүмкін. Мысалы, өндірушілер бағалардың жалпы өсуін нақты тауарға сұраныстың артуы деп түсініп, тауарлар ұсынысын көбейтуі мүмкін. Бұл қателік жаппай сипат алса, белгілі бір мерзімнен кейін жалпы ұсыныс, жалпы сұраныстан артып кетеді. Ал мұның өзі құбылысқа айналса, өндірістің қысқаруына алып келеді.

I Қазақстан Республикасының ақша жүйесі.

1. 1 Қазақстандағы ақша реформалары.

Қазақстан Республикасында 1993 жылы ақша реформасын жүргізудің негізгі себебі - ақша белгісін тұрақтандыру. Себебі КСРО ыдырағаннан кейінгі екі жыл аралығында кеңестік рубль бұрынғы одақтас республикалардың орнына кұрылған тәуелсіз елдерде біртектес ақша ретінде қолданылды. Ол елдерде 1986 жылы басталған экономиканы қайта құру кезінде өндіріс құлдырап, айналыстағы ақша массасы өсіп, инфляция қарқыны шарықтады. Тауарлар мен азық-түлік негізінен шетелдерден тасылды. 1990ж. колма-қол ақша эмиссиясы 25 млрд сом болды, ол 1981-85жж. эмиссияланған қосынды сомадан әлдеқайда көп еді.

1991ж. қаңтарындағы КСРО Мемлекетптік банкінің 1961ж. үлгідегі 50 және 100 сомдық ақша белгілерін төлемге қабылдамау және оларды айырбастау тәртібі мен азаматтардың салымдарын қолма-қол ақша беруді шектеу туралы КСРО Президенттің Жарлығы және КСРО Министрлер Кабинетінің қаулысына сай 1991ж. үлгіде 50 және 100 сомдық купюралар шығарылды. Ескі ақшаларды жаңасына айырбастау процесі жеке адамдар үшін үш күнде өтті. Кейін 1992ж айналысқа 200, 500, 1000 сомдық кеңестік үлгідегі ірі купюралар шығарылды.

1992ж қаңтарында Ресей КСРО Мемлекеттік банкін Ресейді Орталық банкі деп қайта құрып, кеңестік рублъдің (сол кезде жоқ мемлекеттің) басты эмитенті кызметін атқаруды соған міндеттейді. Ресей мемлекеті бағаны босату бағдарламасын іске асыру шараларын жүргізе бастады, бағаның кенет көтерілуі айналымдағы қолма-қол ақша массасын көбейту қажеттілігін тудырды. Республикалар өздерінің, егемендігін жариялаған бойда оларда 15 ұлттық банктер құрылып, олар бір-біріне тәуелсіз орталық банк ретінде қызмет атқара бастады. Бірақ олардың барлығын қолма-қол ақшамен қамтамыз ететін жалғыз эмиссиялық орталық - ақша шығаратын станок - біреу, ол Москвада еді. Ресей бағаны босатқаннан кейін әрбір тәуелсіз елдерде олардың қатал ақша-несиелік саясатына байланысты рубльдің сатып алу мүмкіндігі әр түрлі қалыптасты және соған сәйкес рубльдің бағалануы да әр түрлі деңгейде болды. Қолма-қол ақшаның осындай жетіспеуі жағдайында кейбір елдер өз ұлттық банктерінің несиесін беруді ұлғайтты (Украина, Латвия, Литва) . 1992ж маусымында Ресей Банкі 5000 купюраларды сом, ал кейін 1 және 5 сом шығарды.

1992ж. шілдесінде Ресей Орталық банкі егемен мемлекеттерге Ресей Банкімен күнбе-күн екі жақты төлем есебін жүргізу туралы талап қойды. Қолма-қол ақшасыз өзара есеп айырысу тек Ресей Банкісіндегі осы мемлекеттердің орталық банкісінің корреспонденттік шотындағы қаржы көлемінде және техникалық несие ретінде жүргізілді. Бұл төлем Қазақстаннан Ресейге және керісінше 2-3 ай бойы жүретіндіктен және бұл кезде инфляцияның қарқыны жылына 2500% болғандықтан аударылған ақша кұнсызданып, оның төлем мүмкіндігі тез құлдырайды.

Жас тәуелсіз мемлекеттердің директивалық экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өту жағдайында заңдарды тез арада үйлестірудің мүмкін еместігі және өздерінің ақша, несие, баға, бюджет саясатын жүргізуге қабілетсіздігі Ресей банкінің қойған талаптарын орындауға мәжбүр етті. Бұл біртектес ақша зонасын сақтап қалу процесінің сәтсіздікке ұшырауының дәлелі еді. Келесі іс-әрекет - өзінің ұлттық валютасын енгізу - болмай қалатын процесс. Ол 1992ж маусымында Эстонияның, шілдесінде Латвияның, қазанында Литваның, қарашасында Украина мен Беларусияның өз ұлттық валюталарын енгізумен жалғасты.

1993ж. мамырында Қырғызстан, тамызында Грузия өз ұлттық валюталарын енгізді. Сөйтіп бұл мемлекеттер рубль зонасынан шықты.

1993ж. 15 мамырында Минскіде рубль зонасында қалған мемлекеттер рубльді ресми төлем құралы ретінде қолдану жөнінде жаңа келісімге қол қойды.

Онда койылған міндет:

ТМД елдерінің іс-әрекетіндегі ашықтық, айқындылық болуы. Бұл ең маңыздысы - рубль зонасынан шығатын мемлекеттер айналымнан шығарылған КСРО-ның банкнотасынтолық көлемінде оларды жою үшін Ресейдің Орталық банкіне қайтару жөнінде өздеріне міндеттеме алды.

Бұлміндеттемелерді орындау-айналыстан шығарылған банкноталарды кеңестік ақшаны пайдаланылатын елдерде қайтадан айналысқа түсіру мүмкіндігін жою болатын, яғни бір ел екінші елдің жерінде валюталық алыпсатарлықпен айналысуын алдын ала сақтандыру еді. Бірақ екі келісімді де ешкім, оның ішінде Ресей де, орындаған жоқ. Рубль зонасын 1993ж. Түркменстан, Әзірбайджан, Армения Молдова тастап шықты.

Сол кезде аймағында қалған мемлекеттер жаңа типті рубльдік зона құру туралы осы елдердің заңдарын үйлестіру үшін 9 біріккен топ Ресеймен белсенді түрде келіссөздер жүргізді. Бірақ Ресей келіссөздер жүргізумен қатар бір уақытта, 1993ж көктемінде жаңа Ресейлік 1993ж үлгіде рубль шығарып, оны өз жерінде Қиыр Шығыстан енгізе бастады.

Сол кезде рубль зонасында үш мемлекет - Ресей, Қазақстан және Өзбекстан қалған еді.

1993ж. 23 шілдесінде Ресей Банкісі 1961-1991 жж. шығарылған кеңестік үлгідегі ақша белгілерін және 1992ж шығарылған ресейлік 5000, 1, 5 рублъді айналыстан шығаратыны туралы және айырбас бір апта жүретінін хабарлады. Айырбас сомасы 35 мың рубль көлемінде белгілеген болатын. Екі күннен соң Ресей Президенттің Жарлығымен айырбас мерзімі 1993ж. 1 қыркүйегіне дейін ұзартылып, айырбас сомасы бір адамға 100 мың рубльге дейін көбейтіледі.

Сөйтіп, 1992-1993жж. Егемен елдердің бірсыпырасы өз ұлттық валютасын енгізуге орай КСРО Мемлекеттік банкі мен Ресей Орталық банкісінің 1961-1992жылдардағы банкноталарының айналыстан ығыстырылуына байланысты оларды Қазақстанға заңсыз әкелу мөлшері қауырт өсіп, соның салдарынан тауарлар бағасы жоғарылап, халықтың тұрмысы төмендеді.

1992жылдың бірінші жартысында Қазақстан Республикасының Президенті, үкіметі, Жоғары кеңесі Қазақстанға өз валютасын енгізу қажеттін түсініп, шегіне жеткен құпия жағдайда Қазақстанның ұлттық валютасының пішінін дайындайтын топ құрып, оны басып шығаратын шетелдік фирмамен келісімге қол қойған. 1999ж. наурызында Англияда Харрисон және ұлдары атты жеке фирмада қажетті ұлттық валюта - 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 теңге дайындалып, Алматыға жеткізілген.

1993ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы Жарлық шығарды. Осы жарлыққа сәйкес:

  • 1993ж. 15 қарашада сағат 8-де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта- теңге енгізді.
  • 1993ж. 18 қарашадан бастап теңге Қазақстан Республикасында бірден-бір занды төлем кұралы болып тағайындалды. Бір теңге 100 тиыннан құралады, ол қолма-қол ақша айналысында банкнота және майда тиындар түрінде жүреді. Қолма-қол ақша, рубльдік шоттардағы жинақтар мен салымдар 500рубль 1теңгеге арақатынасымен айырбасталып, ол 18 қарашада сағат 18-де аяқталды. Қарашаның 15 мен 18 аралығында екі валюта-сом және теңге айналымда қатар жүрді.

Қазақстан Республикасының жасы 16-ден асқан барлық азаматтары 100 мың сом ақша айырбастауға құқылы болды. Айырбас тек бір рет жүргізіп, ол туралы төлқұжатта белгі соғылды. Азаматтардың 100 мың сомнан артық ақшасы банктегі арнаулы дербес шотқа салынып, оны 6 ай бойы пайдалану құқығы болмады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі теңгенің валюталық курсын бекітті: 1 АҚШ доллары 4, 7 теңгеге тең болды.

Сөйтіп, 1993ж. 15 қарашада Қазақстан тарихында алғашкы ұлттық валюта-теңге енгізілді. Ақша реформасын жүргізуге Қазақстан басшылары бір жарым жыл уақыт өте құпия жағдайда дайындалып, нәтижесінде 700 миллион доллар сома шамасында алтын құймалары мен шетел валютасы қоры болды. Тәуелсіздік жарияланған күннен бастап ҚР-да өндірілген алтын мен күміс енді Москваға жібермей, оны Ұлттық банк сатып алып, өз резервы қорына айналдырды. Сондай-ақ резерв қорына экспорттың валюталық түсім мен үкіметтің сыртқы заемдарын да Ұлттық банк сатып алып, қорға түсіретін. Айналымға теңгені енгізуге жарты жыл уақыт қалғанда Республика Президенті валюталық қаржыны жұмсауға мораторий енгізді.

Халықаралық валюта қоры ҚР-да ұлттық валюта енгізу акциясын қолдап, Ұлттық банкке 90 млн. доллар көлемінде стенбай несиесін және Жапония біздің елдің төлем балансын қолдау мақсатында Қаржы министрлігіне 180млн. доллар берді. Бұл 17 жылға берілген жұмсақ несиелер еді. Қорыта айтқанда, 1993жылы ақша реформасы ойдағыдай өтті. Енді ұлтық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығымен қамтамасыз ету қажет.

Айналымға теңгені инфляцияның қарқындауы және бұрынғы одақтас республикалардың өзара байланысының үзілуі мен саяси ала ауыздығы тереңдей түскен қаржы-экономикалық дағдарыс жағдайында өтті. Теңгені енгізгеннен кейінгі 2, 5 айда, яғни 1994ж. 1 ақпанына теңгенің курсы долларға қарағанда 2, 5 есе төмендеді. Келесі 4 айда, яғни кәсіпорындар мен бюджеттің арасындағы қарызды өзара есептеудің кең ауқымды компаниясы басталғанда теңгенің курсы долларға 11, 58 теңгеден 43, 3 теңгеге жетті.

1995 ж. орта кезінде Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі қаржы нарығына алғашында қазыналық векселъдерді, одан соң міндеттемелер мен ноталарды және басқа мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарғаннан кейін теңгенің құлдырауын тежеуге мүмкіндік туды. Инфляция теңге енгізген 1993ж. 2500 процент болса, ал 1994ж. бас кезінде 1260 процентке дейін төмендеді, 1995ж. ҚР-ғы инфляция 58 процент болды.

1997 ж. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы дағдарыстың күшеюі, әлемдік бағалардың төмендеуі отандық өндірушілердің бәсекелестік мүмкіншілігінің әлсіреуіне тіреп, ҚР-на валюталық түсімдер біраз қысқартты. Сонымен қатар өндірістің одан әрі құлдырауы, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін 25 процентке жоғарылату, төлемеудің өрістеуі және бюджет пен әлеуметтік проблемалары теңгенің бағалығын одан әрі төмендетті. 1994ж. таңдап алған монетарлық үлгінің өзгермейтіндігі және теңгемен инфлюцияны қатаң қадағалау экономиканы кеселге ұшырататын көптеген қаржы сарапшылары мен талдаушылары 1998ж. күзінен бастап түсініп, оны өзгерту туралы ортақ ойға келген.

1999ж. сәуірінен ҚР үкіметі теңгенің еркін өзгермелі курсын енгізу туралы шешім қабылдады. Ол жөнінде Премъер-министр былай деген:Бұдан былай доллар бағамы валюта рыногында сұраныс пен ұсыныстың қалай қалыптасатынына байланысты анықталады, ал Ұлттық банк ол процеске елеулі түрде араласпайтын болады. Ұлттық банк бүгінгі күнге дейін өзінің алтын валюталық резервін айырбас бағамын белгілі бір децгейде ұстап отыру үшін жұмсап келеді. Ендігі жерде олай болмайды.

ҚР-ның төңірегіндегі елдерде - біздің негізгі сауда әріптесімізде - ұлттық валюталардың бағамы күрт кұлдырап кетті. Мысалы, Ресей рубльдің бағамы 1998жылғы тамыздың 17-сінен бері қарай 4 есе төмендеді. Сол валюталармен салыстырғанда теңге тез қымбаттады және біздің тауарымыз бәсекеге түсу қабілетінен айырылып қалды, өнеркәсібіміз туралай бастады, кәсіпорындар тоқтап қалды, жұмыссыздық арта түсті. ҚР-ның сыртқы сауда айналымы 9 процентке дерлік, немесе 1 млрд. 300 млн доллар мөлшерінде кеміді, ал біздің экспортқа шығаратын тауарларымыз 1 млрд. 250 млн долларға қысқарды.

Біз Ресейден әкелінетін кейбір импорттың тауарларға салынатын баж салығының мөлшерін 200 процентке дейін жеткіздік . . . Шетелден әкелінетін арзан тауарлар біздің өндірісшілеріміздің қол-аяғын бірдей матап, валютаны елімізден сыртқа қарай ағылтуда.

Міне осы тұрғыдан алғанда, жағдайдан шығудың бір ғана жолы бар - теңге бағамының емін-еркін өзгермелі болуына жол беру керек

Сонымен, ҚР теңгесі міне 11 жылдан астам уақыт берік төлем құралы болып келеді. Ол еркін айырбасталатын валюталарға шектеусіз айырбасталады. [1]

1. 2 Қазақстанның ұлттық валютасы - Теңге.

Теңгенің алғашқы банкоталарын полиграфиялық дайындауды «Харрисон және ұлдары» фирмасы жоғары деңгейде жүзеге асырды (ол ең жақсы экспорттық өнім ретінде Ұлыбритания королевасынан «Алтын белгі» алды) .

Ұлттық валюта енгізілгеннен кейін алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективті қиындықтар (бағаларды ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғары деңгейі, импорт тауарларына қанағаттандырмайтын сұраныстың едәуір көлемі) шетел валютасына сұраныстың едәуір өсуі не, ал ізінше, бағамның өсуіне әкеп соқтырды. Теңгені енгізуіне байланысты есеп айырысу жүргізген кезде ұлттық валюта тұрақтылығына ықпал ете алатын барлық негізгі факторлар есепке алынады. Алғашқы кезде теңге бағамы төмендейді деп күтілген болатын. Алайда, мысалы, 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген өзара шаруашылық есеп беруі сияқты өкінішті экономикалық жаңсақтықтар алғашқы айларда теңге айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізілген кезден бастап алғашқы 7 айда теңге 8 есе құнсызданды.

Бұдан кейінгі жылдары теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша құнсыздану қарқыны едәуір баяулады. Мәселен, егер 1995 жылы теңгенің бағамы 17, 9%, 1996 жылы - 15, 4% төмендеген болса, 2001 жылы теңгенің номиналдық құнсыздануы 5, 17%, ал 2002 жылы - 3, 25% болды.

Негізінен, теңгенің он жылдық тарихын мынандай кезеңдерге бөлуге болады:

1-кезең. Инфляцияны ауыздықтау, ұлттық валютаның және және қаржы рыноктарының қалыптасуы (1993-1996 жылдар) .

1995 жылдың аяғында - 8, 2% болған ЖІӨ өсу қарқыны төиендеуінің сақталуына қарамастан, осы кезеңнің аяғында инфляцияның деңгейін 60, 3%-ға дейін төмендетуге қол жетті.

1993 жылғы қарашада теңгенің енгізілу кезіне қарай Қазақстанның банк жүйесі едәуір дәрежеде реформаланған болатын: екі деңгейлі банк жүйесі жұмыс істеді, барлық мамандандырылған банктер акционерлік банктер болып қайта құрылды, ал Ұлттық банке орталық банктің бірқатар функциялары берілді. Бұл өз валютвмызға көшуді және Қазақстанның ақша-кредит саясатын жүргізуін едәуір жеңілдетті.

Банк секторын едәуір сауықтыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу нәтижесінде 1993-1996 жылдар арлығындағы кезеңде екінші деңгейдегі банктердің саны 204-тен 101-ге азайды.

2-кезең. Экономиканы тұрақтандыруға қол жеткізу және банк жүйесін жедел түрде реформалау (1997-1999 жылдар)

Банк секторын шоғырландыру және сауықтыру процестері екінші деңгейдегі банктердің жалпы санының 55-ке дейін азаюына ықпал етті. Жекелеген банктер қайта ұйымдастырылды.

1998 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан рыноктық қатынастар негізінде құрылған және ұзақ мерзімді перспективаға есептелген үш деңгейлізейнетақы жүйесіне көшті.

3-кезең. Экономиканың тұрақты өсуі, қаржы секторын қарқынды дамыту және барлық қаржы секторының халықаралық стандарттарға көше бастауы (2000 жылдан бастап) .

ЖІӨ-нің жиынтық өсуі соңғы 3 жылда 33%-ға жуық болды, бұл Қазақстанның экономикалық даму қарқыны жағынан әлемдік лидерлердің бірі болуына мүмкіндік жасады. 2003 жылдың 9 айында экономикалық өсу 8, 6% болды.

Соңғы 3 жылда инфляцияның орташа жылдық деңгейі 13, 2% -дан 5, 9%-ға дейін біртіндеп төмендеді. Инфляция 2003 жылдың 10 айында (2002 жылдың желтоқсаны - 2003 жылдың қазаны аралығында) 4, 2% болды.

Инфляция қарқынының баяулауы Ұлттық банкке қайта қаржыландыру ставкасын Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері ең төменгі деңгейге - 7%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.

Банк секторы қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамитын бөлігі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанның банк секторын халықаралық ұйымдар мен рейтинг агенттіктері ТМД елдерінің ішіндегі ең реформаланған, қаржылық тұрғыдан тұрақты және тез дамып келе жатқан банк секторы деп танып отыр.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 36 банк жұмыс істейді, оның үшеуі мемлекеттік. Қазақстан Даму банкін, Әсимданкті және Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін қоспағанда, барлық банктер жеке банктер болып табылады.

Банк жүйесінің тұрақтылығы нығая түсуде. Оның валюта баламасындағы жиынтық меншікті капиталы 1, 4 млрд. Астам АҚШ долларын құрайды. ТМД елдері ішінде бір банкке келетін меншік капиталының мөлшері бойынша Қазақстан жетекші орында (43 млн. АҚШ доллары) .

Соңғы 3 жылда банк жүйесіндегі депозиттер 5, 1 млрд. астам АҚШ долларына дейін 3 есе, ал халықтың салымдары (резидент еместерді есептегенде) - 2, 1 млрд. АҚШ долларына дейін 4 есе өсті.

Банктердің ресуртық базасының қарқын алуы оларға экономиканы кредиттеу қызметін едәуір жандандыра түсуге мүмкіндік берді. Соңғы үш жылда банктердің экономикаға кредиттері 5, 9 млрд. АҚШ долларына дейін 4 есе өсті (ЖІӨ-нің 22%-ы) . Қазіргі кезде бенк активтерінің 57%-ға жуығы кредиттер түрінде экономиканың нақты секторына орналастырылды.

Ескі банкноттар

10 теңге: 10 теңге
100 теңге: 100 теңге
10 теңге:
1. 000 теңге
100 теңге:
20 теңге
10 теңге:
200 теңге
100 теңге: 2. 000 теңге
10 теңге:
200 теңге(жаңа)
100 теңге:
5 теңге
10 теңге:
50 теңге
100 теңге:
500 теңге

Жаңа банкноттар

2000 тенге:
2000 тенге
2000 тенге: 2000 тенге
2000 тенге:
5000 тенге
2000 тенге:
5000 тенге
2000 тенге:
1 тенге
2000 тенге:
1 тенге

II Қазақстан Республикасындағы валюта бағамы жағдайы

2. 1 Қазақстан Республикасы валюта жүйесiнiң дамуы және Ұлттық банктің валюталық бағамды реттеу шаралары

Қазақстанның ұлттық валюта жүйесi қазiргi кезде өзiнiң қалыптасуы және даму дәуiрiн бастан кешiрiп отыр. Дегенмен оның негiзгi тенденциялары мен қағидалары жеткiлiктi түрде анықталды деп айтуға толық болады. Бiздiң мемлекет дүниежүзiлiк шаруашылыққа интеграциялануға бағыт алып, 1992 жылдың 15 шiлдесiнде Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) мүше болып кiрдi.

Ұлттық валюта жүйесi дүниежүзiлiк валюта жүйесiнiң құрылымдық принциптерiне сәйкес қалыптасты. Қазақстан Республикасының қазiргi валюталық жүйесi мен оның негiзгi элементтерiн мұқият қарастырып көруге мүмкiндiктер жеткiлiктi деп есептеймiз.

Ұлттық валюта жүйесiнiң негiзiн осы мемлекеттiң заңымен бекiтiлген ақша бiрлiгi құрайды. Қазақстанның ұлттық валютасы Елбасының 1993 жылғы 12 қарашасындағы “Қазақстан ұлттық валютасын енгiзу туралы” жарлығы негiзiнде 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап айналымға теңге енгiзiлдi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы
Қазақстанның ұлттық валютасының пайда болуы және дамуы
Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы жайлы мәліметтер
Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы жайлы мәлімет
Қазақстан Республикасында ұлттық валюта жүйесі
Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы туралы
Ұлттық валютаның енгізілуі және валюта үлгілері
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы: пайда болуы және дамуы
Қазақстанның ұлттық валютасы: пайда болуы, дамуы
Теңге айналымы және тұрақтандыру шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz