Ата-аналардың балалары алдындағы құқықтары мен міндеттері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Ата-аналардың балалары алдындағы құқықтары мен міндеттері

АХАТ органдарында адамдарды әкесі мен шешесі (асырап алушылар) ретінде жазу және баланың тууы (асырап алынуы) туралы, куәлік беру баланың туғандығың куәландыратын құжаттар болып табылады.

Баланың анасынан туғандығын анықтау, әдетте, киындық туғызбайды. Бала туған медициналық мекеменің берген анықтамасы, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда - баланы қабылдаган медицина қызметкері толтырған құжат, сондай-ақ куәлардың айғағы және басқа да дәлелдер, соңғысына, әдетте, медициналық сараптамалар жатады (каң сараптамасы) гендік дактилоскопия және басқалары баланың нақ осы әйелден туғандығын айғақтайтын дәлелдемелер болып табылады.

Баланың әкесінен туғандығын анықтау бұдан едәуір күрделірек. Сондықтан ежелгі қазақта бала әкеге - күмөн, шешесіне - аян деген мәтел бар. Бала тіркелген некеден туған жағдайда бала анасының күйеуі болып табылатын адамның өкелік дәлелі әрекет етеді. Бұл адам баланың әкесі деп есептеледі және дәлелді қажет етпейді. Бала неке бұзылған, оны жарамсыз деп таныған немесе бала анасының жұбайы қайтыс болған күннен бастап екі жүз жетпіс күн ішінде туған жағдайда анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып табылады.

Бала өзара некеде тұрмайтын ата-аналардан туғандығын әкесі жағынан ерікті турде не сот арқылы анықтауға болады.

Әкелігін ерікті түрде тану - әкесі мен шешесінің АХАТ органына бірлескен етініш беру жолымен жүзеге асырылады.

Кәмелетке толмаған ата-аналар үшін де әкелігін тану құқығы қолданылатын айтуымыз керек.

Баланың мүдделерін қорғау мақсатында әкелік - сот төртібімен анықталады. Баланың әкесі деп жобалаған адамға талап қойылады.

==Баланың құқықтары. Балалар мүдделерін. мемлекеттік қорғау Әрбір баланың отбасында тұрып, тәрбиеленуге құқығы бар. Отбасылық тәрбие баланы тәрбиелеудің ең тәуір түрі, сондықтан да оған басымырақ маңыз беріледі. Баланың өз ата-анасының отбасында және өзге де туысқандарымен тұруына, олармен қарым-қатынас жасауға қақысы бар. Неке бұзылған кезде бала көбінесе анасының жанында қалып, сонымен бірге тұрады, ал әкесімен, әдетте, демалыс күндері жолығып тұрады. Ата-аналарының ажырасуы бұдан кейін бөлек тұра бастаған әкесі мен баласының арасындағы қатынастарды тоқтатуға әсер етпеуі тиіс. Бірақ сот практикасында баланың әкесімен кездесіп тұруына анасының рұқсат бермейтіндігінің, не әкесінің баласын және оны тәрбиелеуге міндетті екендігін ұмытып кететіндітінін: сансыз мысалдарын кездестіруге болады. Заң ажырасқан, ата-аналарға, екі жақта баланы тең тіррде тәрбиелеуді міндеттейді. Егер олардың біреуі өз міндетін орындамаса, сот оны орындауға мәжбурлеуге құқылы. Мысалы, сот баланың әкесімен кездесу уақытын және орнын белгілейді немесе анасының талабы бойынша әкенің бала тәрбиесімен айналысуын міндеттейді.

Баланың өз ата-анасының тәрбиесінде болуға, мүдделері мен жан-жақты дамуының қамтамасыз етілуіне, оның адамдық кадір-касиетінің қүрметтелуіне қақысы бар. Бала өз мүддесіне қатысты кез келген отбасылық мәселелерді шешкенде өз ой-пікірін еркін білдіруге құқылы. Бала 10 жасқа толған соң, оның пікірімен де санасады. Мысалы, тегі мен атын өзгерткенде, бала асырап алғанда немесе оның кажеттігі болмағанда ескеріледі.

Баланың құқықтары жөніндегі Конвенцияға сәйкес әрбір баланың өзінің даралығын сақтауға қақысы бар. Оны даралайтын белгілер аты, тегі, әкесінің аты. Балаға есім беру ата-анасының келісімімен жасалады. Ата-аналардың бала мүддесіне қайшы келетін, оған айналасындағы адамдардың күлкісін келтіретін немесе қолайсыз жағдайларға қалдыратын есім пайдалануларына болмайды.

Отбасы жауапкершілігі.

Жұптық жарасым Бұлар - шаңырақтың алтын діңгектері

Еркек пен әйелдің бас қосып, шаңырақ құруы - отбасының салт-дәстүрлік негізін қалап, оны жүйелеп, ұрпақтан - ұрпаққа аманат етіп қалдырған. Сол бойынша үйдегі адамдардың өзіндік орыны мен атқаратын қызметі, отбасы үшін жауапкершілігі бар. Егерде ол орындалмайтын немесе бұзылатын болса, отбасының берекесі кетеді, оны күйреуге әкеліп соқтырады. Ал мұны болдырмаудың сара жолы - жұптық жарасым, өзара түсіністік пен сыйластық.
Қазақ отбасында ер мен әйел - шаңырақтың негізгі іргетасы. Бұл іргетас үйленумен қаланып, нығая- ды. Адам баласы жан-дү-ниесі аңсаған рахат пен татулық, бейбіт өмірді, ең шынайы сүйіспеншілік пен мейірімділік ыстық сезімдер- ді ана құшағы мен әке ша-ңырағынан табады, өзінің адамгершілік қасиетін, абыройын, намысын үйленіп, үй болу арқылы айрықша жар-қырата көрсетіп, айрықша қамқорлықпен қорғай алады.
Отбасы жауапкершілігі үй- ленген еркек пен әйелдің бірінің алдындағы бірінің парызы мен қарызын бұлжыт-пай орындаудан басталады. Бұл орайда М. А. Каньян былай дейді: « . . . Негізінде «қол ұстасу» деген күйеу жігіттің өз жарын қолынан ұстап үйіне алып келуін білдіреді. Бұл жұбайлық өмірдің басы. Сондай-ақ, бұл «жыныстық қатынас» дегенді білдіретін бейнелі сөз ретінде де пайдаланылады. Біз бұл жерде ерлі-зайыпты екі кісінің әрқайсысына жүктелетін ма- ңызды істерді баяндау үшін осы екі мағынаны да қатар қолданып отырмыз.
Біріншіден, әйелдің еркек үйінің табалдырығын аттауы - оның бір отбасынан екінші бір отбасына, бір ортадан екінші бір ортаға қоныс аударуы екені рас. Бұрын ол ата-анасы мен туыстары- ның ортасында болса, енді өзі қалаған жанның етегінен ұстап, оның өмірлік жарына айналды. Ері ендігі жерде әйелі үшін жауапты, әрі некемен келер жауапкершіліктің барлығы оның мойнында. Демек, ер-лі-зайыптылардың екеуі де араларындағы «алғашқы кез- десуге» психологиялық тұр-ғыдан дайын болуы тиіс. Бұл кездесуден бұрын еркек өзінің жауапты қадам алдында тұрғанын ескеріп, болашақ жарымен жақсы, һәм жарасымды тіршілік ету- ге, жұбайлық өмірдің ыс-тық-суығын бірге көтеруге, қиындыққа қайыспауға дайын болуы шарт. Сол секіл-ді жас келін де ендігі жер- де өзінің оң жақта отырған ерке қыз еместігін ескеріп, сүйгенінің сүйіктісіне айналатынын, болашақ отбасында құт-береке қонақтауы, не қонақтамауы өзіне де бай- ланысты екенін жан-тәні- мен сезініп, жауапты қадам-ға лайықты дайындық жа- сағаны жөн. Яғни, жас жұ-байлардың екеуі де неге қадам жасап жатқандарын, оның жауапкершілік аманатымен қоса, не нәрсе жүк- терін толық сезінгені дұ-рыс.
Екіншіден, олар жыныс- тық қатынасты ұрпақ кө-бейтуге, зинадан аулақ, нәп- сіқұмарлықтан ада болуға ықпал ететін іс ретінде қа-былдағаны игі». (Иман, №6, 2006 ж. ) . Халқымызда: «Екі жақсы қосылса, ай мен күндей жа-расар, екі жаман қосылса, ырылдасып айрылысар», - деген дана сөз бар. Отба- сы беріктігі ерлі-зайыптылар-дың бір-біріне керектігін жан-дүниесімен сезініп, қашанда бір-біріне мейіріммен қарауы арқылы нығаяды. Күнделікті қарапайым тіршілікте әйелі дайындаған тамағының дәмді екендігін күйеуінің аузынан естіп, риза болғысы келсе, күйеуі отбасына қажетті бір шаруаны тындырып қайт-қаны үшін жұбайының жылы лебізін тыңдағысы келеді. Немесе, жұмыстан шаршап үйге қайтқанында әйелінің балаларына: «Әкеңе көрпе сал, жастық әкеліп бер, дем алсын, мазасын алмаңдар», - деген тәрізді ыстық ықыласын күтеді. Мұның бәрі ұсақ-түйек сияқты көрінгенімен, жұп- тық жарасымды гүлдендіретін мінез-құлық, жауапкершілік, сыйластық.
Өмірде көріп жүрген бір жағдай, көптеген әйелдер күйеулерін «Отбасы өміріне жауапсыз қарайды. Бала-шағасын бағуды ойламайды. Жұрттың еркегі болса үйді де алып, автокөлікті де мініп, ата-анасына сыйлық та жасап, қолынан келген бар тірлігін жасап жатыр. Біздің күйеуіміз ұйқыдан бас көтер-мейді, ішетіні арақ, сыра», - деп зар жылайды. Бұл рас. Өмірде мұндай еркектер аз емес. Қазір біраз еркек ұсақталып кетті. Ішінде отбасыға масыл болып отырғандары да көп. Алайда жас келіншектердің есінде болғай, еркектер әйелдерге қарағанда отбасын асыраушы, әке болу парызын өтеуге бірден қалыптасып кете алмайды. Олар бойдақ кезінде бірге жүрген үйленбеген жолдастарынан да қол үзіп кете алмай, кейде оларға қосылып та кетеді. Сол себепті әйел бастапқы кезде күйеуіне үйіп-төгіп, көп талап қоя бермеуге тиісті. Кейде еркектің отбасы үшін жауапкершілік танытпауы, яғни, жауапсыздығы әйелінің отбасы үшін жауапкершілікті өз мойнына алып, бәрін де өзі билеп-төстеуінен де болады. Иә, отбасындағы кез-келген мәселені шешуге әйелінің белсенді түрде араласып, үстемдікті өз қолына алуы күйеуін отбасы жау- апкершілігінде енжарлыққа, бейтараптылыққа әкеліп соқ-тырады. Еркек отбасы үшін ең басты жауапты жан екенін ұмытады. Және де отбасын-да жалғыз ұл болып еркелеп, есейгенше шешесінің етегіне оратылып жүрген, өмірі еш нәрсеге араласпай өскен еркек те отбасы үшін өзінің жауапкершілігін бастапқыда толық сезінбейді, үйленген соң отбасын қаржымен, тамақ, киім-кешекпен, баспанамен қамтамасыз ету қажеттілігін түсінсе, уайымға батады, тіпті өнбойын қорқыныш сезімі де билейді. Ал мұндай еркектен жанұяға жақсылық күту қиын. Сол себепті күйеуі осындай жан болып шықса, әйелі оған түсіністікпен қарап, үмітін үз-бей, оның отбасы жауапкершілігін жете сезінуіне, отбасы үшін өмір сүріп, еңбек етуіне түсіністікпен жәрдемдескені жөн. Отбасы жауапкершілігінде бала тәрбиесі басты орын алады. Қазақ отбасында ер бала әкеге тартып оқ жонады, қыз бала шешеге тартып тон пішеді. Бұл орайда отбасы және туыстық дәстүрді зерттеушілердің бірі Ардақ Нұрғали былай дейді: « . . . үй ішіндегілердің өз міндеттері-не жататын аса қырағылық-пен әрі байсалды түрде орын- дайтын ісі - тәрбие. Әр от-басының бастаушы адамы тәрбие жұмысының тізгінін өзі ұстап, өзіне бағынуға тиісті әр адамға өнегелі үлгі- лер көрсетіп отырады, олар-ды жақсылыққа бастайды.
Бұл шара - үй-ішілік дәстүр-лі тәлім салты саналады. Әлеуметтік әрекеттерге әр адамның саналы түрде араласуына бағыт сілтейді. Үй-ішілік дәстүрге бала-шағаны қалай басқару, жақсылыққа қалай баулу, нендей жайлар- ға зейін қоюы керектігі, айна- ласындағы адамдармен қа-лай қарым-қатынас жасау мә-селелері жатады.
Жату-тұру, киіну, тамақ жеу, адамдармен сөйлесу, әрқи- лы мерекелер мен ойын-сау-ыққа бару секілді істердің барлығы үй-ішілік тәрбиенің жосындары. Ата-баба аруа-ғына сиыну да, үй-ішінің абы- ройын қорғау да сөзсіз орын- далатын шарттар. Бұл - үй-ішіндегілердің жүрегіне сіңі- ріп, көңіліне тоқып алуға тиіс ережелері» (Ақиқат, №11, 1998 ж. ) . Ал осынау отбасы-лық дәстүрлі тәлім-тәрбиенің жемісті жүзеге асырылуы ата- аналардың, яғни ерлі-зайып-тылардың отбасылық жауап- кершілікті қалай сезініп, қа-лай атқаратынына тығыз байланысты. Жұптық жарасымға жету жолдары Отбасындағы жұптық жарасым - бақытты болудың басты тірегі. Ол үшін ерлі-зайыптылардың үнемі есте сақтайтын қағидалары, бұл-жытпай орындайтын міндеттері, басшылыққа алатын ақыл-кеңестері бар.
Әйелдер есінде сақтайтын он үш қағида

1. Өзіңізге киім таңдағаны-ңызда құрбыларыңыздың ға- на емес, күйеуіңіздің де тал-ғамымен, ақыл-кеңесімен са-насыңыз.
2. Күйеуіңіздің қатты қас-терлейтін заттарына тиіспе- ңіз, пайдаланбаңыз, басқалар-ға ұстап көруге, қызықтауға ұсынбаңыз. Оның зат салатын жәшігін, үстелінің тартпасын, портфелін ақтармаңыз, ішін тәртіпке келтіремін деп әуре болмаңыз, киімінің қалтасын қарамаңыз.
3. Күйеуіңіз ұнататын та-ғамды қай кезде дайындау қажетін сұратпай-ақ білуге, дастарханға қоюға үйрені-ңіз.

4. Көпшілік ортасында кү- йеуіңіз өзіңе таныс бір әңгі-мені айтып отырса да, оны ықыласпен тыңдап отырған қалып танытып, сөзін бөлме-ңіз, күмән келтірмеңіз, қарсы дау шығармаңыз.
5. Отбасы мүшелерінің алдында күйеуіңізді сынап, мінемеңіз.
6. Жүріс-тұрысын аңдып, телефон арқылы біреумен сөйлескен әңгімесін тыңдап, өзгелердің айтқан өсегіне мән беріп сенімсіздік танытпаңыз. Олай жасасаңыз, оның көңі-ліне ауыр дақ қалдырасыз. Көшеде бір әйелмен сөйлесіп тұрғанын, бірге келе жатқанын көрсеңіз «Ол кім? Неге онымен бірге келе жатырсың? Қайда барасыңдар?», - деп алқымынан алмаңыз.
7. Күйеуіңіздің әке-шешесіне, туған-туыстарына деген ыстық ықыласына қызғаныш білдірмеңіз.
8. Күйеуіңіздің ұнатпайтын адамын қонаққа шақырмаңыз. Ол жақтырмайтын ортаға бар-маңыз. Жалғыз қыдырмаңыз, қонаққа да жалғыз бармаңыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланың құқықтары мен ата-ананың міндеттері
Бала тәрбиесі-отбасы өмірінің негізгі қызметі
Бала тәрбиесі-отбасы өмірінің негізгі қызметі жайында
Ата - ана құқығынан айыру тәртібі
Неке және отбасы туралы жалпы түсінік. Отбасылық құқық
Нарықтық қатынастар жағдайындағы отбасы
Ата - аналар мен балалардың арасындағы құқықтық қатынастар
Мұрагерлік құқықпен байланысты проблемаларды талдау
Отбасы тәрбиесінің құралдары
Отбасымен педагогикалық жұмыстардың мәні және әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz