Жер құқығының түсінігі, пәні, жүйесі және қағидалары



1. Жер құқығы түсінігі, пәні және қағидалары.
2. Жер құқық қатынастарының түсінігі.
3. Ауыл шаруашылық мақсатына арналған жер учаскелерінің құқықтық жағдайы.
4. Жер құқығының басқа салалармен байланысы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Адам қоғамының барлық өмiрiнде, оның қалыптасуы мен дамуында жер өте маңызды рөл атқарған. Жер – табиғаттың берген сыйы ретiнде, адам қоғамының пайда болуына дейiн болған. Бiрақ, жер өзiнiң еңбектiң жалпы заты қызметiн атқаруы үшiн мiндеттi түрде оны бiреу иемденуi қажет және өндiрiстiк процесiн жүзеге асыруы қажет.
Мемлекетiмiздiң басты байлығы – оның экономикалық және әлеуметтiк қолайлы негiзi болып табылатын жер ресурстары. Қазақстан Республикасындағы саяси және экономикалық құрылысты реформалау процесi жер қатынастарын түбегейлi өзгерту және мемлекеттiң тiкелей бақылауы мен басқаруы арқылы жер реформасын жүргiзу қажеттiлiгiн туындатып отыр. Сонымен қатар, нарықтық экономикаға өту жердiң негiзгi өндiрiс құралы, аумақтық кеңiстiктiң негiзi және маңызды табиғи объект ретiнде жердiң басты функцияларын сақтай отырып, жерге әртүрлi меншiк нысандарын, жер пайдалану құқығының ақылығын енгiзу және жердi заңды түрде азаматтық және шаруашылық айналымның объектiсi ретiнде тану қажеттiлiгiн объективтi түрде туындатып отыр.
Қазiргi кезде жердiң экономикалық маңыздылығы өте жоғары деңгейде. Жер адам қоғамының кез келген шаруашылық қызметiнiң және өмiрiнiң негiзi. Жердiң экономикалық қасиетi-мен қатар, экологиялық маңыздылығында ескеру қажет. Жер – қоршаған ортаның ажырамас бөлiгi, табиғи ресурс.
Жер – тұтастай алғандағы адамзат үшiн қажеттi және басты материалдық ресурс болып табылады. Аталған бұл термин көп қырлы болып табылады және бiрнеше мағынада қолданылады:
1. Жер кең мағынада алғанда жер шары ретiнде түсiнiледi.
2. Жер – адамның өмiр сүретiн ортасы және табиғи байлықтардан, жер бедерiнен, ландшафттардан құралатын Жер шарының қабаты ретiнде.
3. Жер – жер құқығының реттеу пәнi ретiнде. Бұл тұста, бiз жер деген түсiнiктiң астарынан табиғи ресурстарды, ауыл және орман шаруашылық өндiрiстерiнiң басты өндiрiс құралы, құрылыстар, құрылымдар және басқа да объектiлер салу үшiн қажет болып табылатын кеңiстiктiң базис деген мағыналарды көре аламыз.
Заң ғылымында құқық нормаларын жекелеген салаларға өзара ажырату үшiн келесiдей алғышарттар қолданылады: бұл құқықтық реттеудiң ерекше пәнi, ерекше реттеу әдiсi, құқықтық реттеудiң жүйеленген қайнар көздерi, өзiндiк қағидалары және жеке құқық саласына бөлiп шығаруға деген қоғамның мүдделiгi. Жер қатынастарының экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық мәнi жер қатынастарының ерекше құқықтық реттеу пәнi ретiнде тануға негiз болады. Жер қатынастары тек жер құқығының нормаларымен ғана емес, сонымен қатар, әкiмшiлiк құқық, азаматтық құқық, қаржылық құқық және өзге құқық салаларының нормаларымен реттеледi. Сәйкесiнше, аталған жер құқық қатынастар тобын реттеу әдiсiнiң ерекшелiгi, яғни, жер қатынастарының субъектiлерiне әсер етудiң ерекше үйлесiмдiгi бар. Жер құқығының жүйеленген қайнар көзi 2003 жылғы 20 маусымда қабылданған
1. Стамкулов Ә.С. Жер құқығы, Алматы 2004 «Заң әдебиет»
2. Архипов И.Г. Земельное право, Алматы 1997 Издательство «Борки»
3. Хаджиев А.Х. Земельное право, Алматы 2002 Юрист
4. Стамкулов А.С., Стамкулова Г.А., Алматы 2004
5. ҚР Конституциясы от 30.08.95 ж.
6. Жер кодексі 20.06.03 ж.
7. ҚР Азаматтық кодексі Общая часть от 27.12.1994 г. Особенная часть от 01.07.1999 г.
8. ҚР Қылмыстық кодекс 15.07.1997 ж.
9. Кодекс РК «Об административных правонарушениях»от 30.01.2001 г.
10. ҚР орман кодексі 08.07.03 ж. – Алматы, Юрист, 2000.
11. ҚР су кодексі 09.07.03 ж. – Алматы, 1993.
12. ҚР экологиялық кодекс 09.01.07г
13. Ә.Е. Бектұрғанов. Қазақстан Республикасындағы жер құқық қатынастары. Алматы: Жетi жарғы, 1997. 240 бет.
14. Земельное право: Учебник для вузов / Под ред. С.А. Боголюбова. М.:
Норма, 2000. 400 бет.
15. Ә.С. Стамқұлов. Қазақстан Республикасының экология құқығы. Тараз: Тараз университетi, 2003. 190 бет.
16. Ә.С. Стамқұлов. Қазақстан Республикасының Жер құқығы. Алматы: Заң әдебиетi баспасы. 2005.
17. Хаджиев А.Х. Земельное право Республики Казахстан. Общая часть:
Учебное пособие. Алматы. 2001.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жер құқығының түсінігі, пәні, жүйесі және қағидалары

Адам қоғамының барлық өмiрiнде, оның қалыптасуы мен дамуында жер өте
маңызды рөл атқарған. Жер – табиғаттың берген сыйы ретiнде, адам қоғамының
пайда болуына дейiн болған. Бiрақ, жер өзiнiң еңбектiң жалпы заты қызметiн
атқаруы үшiн мiндеттi түрде оны бiреу иемденуi қажет және өндiрiстiк
процесiн жүзеге асыруы қажет.
Мемлекетiмiздiң басты байлығы – оның экономикалық және әлеуметтiк
қолайлы негiзi болып табылатын жер ресурстары. Қазақстан Республикасындағы
саяси және экономикалық құрылысты реформалау процесi жер қатынастарын
түбегейлi өзгерту және мемлекеттiң тiкелей бақылауы мен басқаруы арқылы жер
реформасын жүргiзу қажеттiлiгiн туындатып отыр. Сонымен қатар, нарықтық
экономикаға өту жердiң негiзгi өндiрiс құралы, аумақтық кеңiстiктiң негiзi
және маңызды табиғи объект ретiнде жердiң басты функцияларын сақтай отырып,
жерге әртүрлi меншiк нысандарын, жер пайдалану құқығының ақылығын енгiзу
және жердi заңды түрде азаматтық және шаруашылық айналымның объектiсi
ретiнде тану қажеттiлiгiн объективтi түрде туындатып отыр.
Қазiргi кезде жердiң экономикалық маңыздылығы өте жоғары деңгейде. Жер
адам қоғамының кез келген шаруашылық қызметiнiң және өмiрiнiң негiзi.
Жердiң экономикалық қасиетi-мен қатар, экологиялық маңыздылығында ескеру
қажет. Жер – қоршаған ортаның ажырамас бөлiгi, табиғи ресурс.
Жер – тұтастай алғандағы адамзат үшiн қажеттi және басты материалдық
ресурс болып табылады. Аталған бұл термин көп қырлы болып табылады және
бiрнеше мағынада қолданылады:
1. Жер кең мағынада алғанда жер шары ретiнде түсiнiледi.
2. Жер – адамның өмiр сүретiн ортасы және табиғи байлықтардан, жер
бедерiнен, ландшафттардан құралатын Жер шарының қабаты ретiнде.
3. Жер – жер құқығының реттеу пәнi ретiнде. Бұл тұста, бiз жер деген
түсiнiктiң астарынан табиғи ресурстарды, ауыл және орман шаруашылық
өндiрiстерiнiң басты өндiрiс құралы, құрылыстар, құрылымдар және басқа да
объектiлер салу үшiн қажет болып табылатын кеңiстiктiң базис деген
мағыналарды көре аламыз.
Заң ғылымында құқық нормаларын жекелеген салаларға өзара ажырату үшiн
келесiдей алғышарттар қолданылады: бұл құқықтық реттеудiң ерекше пәнi,
ерекше реттеу әдiсi, құқықтық реттеудiң жүйеленген қайнар көздерi, өзiндiк
қағидалары және жеке құқық саласына бөлiп шығаруға деген қоғамның
мүдделiгi. Жер қатынастарының экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық
мәнi жер қатынастарының ерекше құқықтық реттеу пәнi ретiнде тануға негiз
болады. Жер қатынастары тек жер құқығының нормаларымен ғана емес, сонымен
қатар, әкiмшiлiк құқық, азаматтық құқық, қаржылық құқық және өзге құқық
салаларының нормаларымен реттеледi. Сәйкесiнше, аталған жер құқық
қатынастар тобын реттеу әдiсiнiң ерекшелiгi, яғни, жер қатынастарының
субъектiлерiне әсер етудiң ерекше үйлесiмдiгi бар. Жер құқығының жүйеленген
қайнар көзi 2003 жылғы 20 маусымда қабылданған Жер кодексi және жер
заңнамасының жүйесiн қалыптастыратын нормативтiк-құқықтық актiлердiң
жиынтығы. Жер құқық қатынастарын реттеу барысында басшылыққа алынатын құқық
қағидалары осы аталған заңнама жүйесiнде тiкелей көрiнiс тапқан. Ал, ендi
жер құқығының дербес құқық саласы ретiнде қызмет етуi – тұрақты даму
жағдайында, жердi азаматтық айналымға енгiзу жағдайында тұрған, қазiргi
уақытта елiмiздiң жерiн ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етудегi
қоғамның мүдделiлiгiн айқындайды.
Жер құқығы аталған талаптардың барлығына жауап бередi, сол себептен
жеке дербес құқық саласы болып табылады. Сонымен, жер құқығының бар екенiн
дәлелдейтiн мынадай белгiлерi бар:
1. Жер құқығы қатынастарының қалыптасуы және дамуы;
2. Жер құқық қатынастары саласындағы заңдардың қалыптасуы мен дамуы;
3. Қалыптасқан жер құқық қатынастарының мемлекет тарапынан реттеу
механизмiнiң болуы;
4. Жер құқығының өзiне тән қағидаларының болуы.
Қазiргi таңда жер құқығын бiрнеше мағынада түсiнуге болады. Олар: жер
құқығы құқық саласы ретiнде, ғылым саласы ретiнде және оқу пәнi ретiнде.
Құқық саласы ретiнде жер құқығы дегенiмiз – жердi пайдалану мен
қорғаумен, жердi жеке меншiкке және жер пайдалану құқығына берумен
байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқық
нормаларының жиынтығы.
Ғылым саласы ретiнде жер құқығы дегенiмiз – көптеген ғылыми
теориялардың, тұжырымдардың, ой-пiкiрлердiң және әртүрлi ғылыми
көзқарастардың жиынтығы болып табылады. Бұлардың мақсаты – ғылыми тұрғыда
жер құқығының пайда болуын түсiндiрiп беру, оның әрi қарай даму жолына
болжам жасау. Сонымен бiрге, жер қатынастарын құқықтық реттеудегi
ақтаңдақтарды, кемшiлiктердi жою, оларды болдырмау және осы саладағы
заңдардың өзара қарама-қайшылықтарын жою болып табылады.
Жер саласындағы қазiргi күнгi отандық ғалымдар – Б.Ж. Әбдiрайымов, Д.Л.
Байдельдинов, Ә.С. Стамқұлов, А.Е. Бектұрғанов, А.Х. Хаджиев, Л.Қ.
Еркiнбаева, Г.Т. Айғаринова т.б.
Жер құқығының қағидалары
Құқық қағидасы – бұл қоғамдағы құқықтың мазмұнын, оның мәнiн және
мағынасын сипаттайтын алға қоятын идеялар. Бiр жағынан, олар құқықтың
заңдылықтарын көрсетедi, екiншi жағынан, құқықтық реттеудiң барлық аясында
әрекет ететiн және барлық субъектiлерге тарайтын жалпы нормаларды
бiлдiредi. Бұл нормалар заңда тiкелей көрсетiледi немесе заңның жалпы
мағынасынан туындайды. Құқық қағидалары заң шығарушы үшiн алға қоятын
идеялар ретiнде бола тұрып, құқық нормаларын жетiлдiру жолдарын анықтайды.
Қағидалардың арқасында құқық жүйесi адам мен қоғамның маңызды мүдделерi мен
қажеттiлiктерiне бейiмделедi. Құқық қағидалары – құқықтың мәнiн бiлдiруде
оған негiз болатын идеялар мен бастаулар.
Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және
бөлiнбейтiндiгi қағидасы. Бұл қағида жер заңдарында жаңадан орын алған және
Қазақстан Республикасының егемендiгiн қамтамасыз ететiн маңызды
қағидалардың бiрi болып табылады. Қазақстан Республикасының Жер кодексiне
сәйкес, жер учаскесiн Қазақстан азаматы мен заңды тұлғасына, сонымен қатар,
мемлекеттiк емес шетел тұлғаларына жеке меншiкке беру мемлекет аумағын
бөлiп берудi немесе берiлген жер учаскесiн мемлекеттiк басқару шеңберiнен
шығаруды бiлдiрмейдi. Жер учаскесi жеке меншiкке берiлгенiмен мемлекеттiк
реттеу аясында қалады.
Жердi табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмiрi мен
қызметiнiң негiзi ретiнде сақтау қағидасы. Бұл қағида бойынша жер – адамның
өмiр тiршiлiгiнiң, оның әлеуметтiк және экономикалық қажеттiлiктерiн
қанағаттандыру үшiн пайдалануға қажеттi табиғи ресурс болып табылады. Осы
табиғи ресурстарды қорғау мен сақтауды жүзеге асырмай әлеуметтiк және
экономикалық қажеттiктердi iске асыру мүмкiн еместiгiн бiлдiредi.
Жердi қорғау мен ұтымды пайдалану қағидасы. Жердi ұтымды пайдалану
қағидасының мазмұны жер санаттарының түрiне қарай әртүрлi болады:
ауылшаруашылық мақсатқа арналған жерлердi пайдалану кезiнде оларды ұтымды
пайдалану қағидасы жоғары деңгейдегi сапалы өнiм ала отырып, ауылшаруашылық
жердiң өнiмдiлiгiн жүйелi түрде көтерудi көздейдi; ауыл шаруашылығына
арналмаған жерлерде ұтымдылық жер учаскесiн үнемдеу мен объектiлердi
алқаптарда өте пайдалы әдiспен орналастыруда көрiнедi; ерекше қорғалатын
табиғи аумақтардың (рекреациялық немесе тарихи-мәдени мақсаттағы) жерi
пайдалануда ұтымдылық, аталған жерлердi пайдаланудағы арнайы мақсатын
қамтамасыз етiп адамдардың демалуын және тарихи-мәдени объектiлердi дұрыс
сақталуын қамтамасыз етуден көрiнедi. Бұл қағида жер құқығының барлық
институттарын қамтып өтедi және көптеген жер-құқық нормаларынан көрiнiс
табады.
Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету қағидасы. Бұл қағида жердi
табиғи ресурс ретiнде қорғау мен сақтау қағидасынан туындайды. Кеңес
Одағында, Қазақстан Республикасының аумағындағы полигондарды толып жатқан
әртүрлi атом жары-лыстары жүргiзiлдi. Осылардың әсерiнен, жер күйзелiске
ұшырап жердiң құнарлылығы төмендедi. Арал және Семей өңiрлерi экологиялық
апат аймақтарына айналды. Көптеген өндiрiс орындары экологиялық шараларды
қолданбайды, жерге, суға, ауаға өндiрiс қалдықтары мен улы заттарды
залалсыздандырмай шығарып тастайды.
Жердi нысаналы пайдалану қағидасы. Бұл қағида жер құқығының барлық
институттарының мазмұнын қамтиды. Егер мүлiк (үйлер, ғимараттар, көлiк
құралдарын және т.б.) өз мақсатында емес басқа мақсатта қолдануға мүмкiн
болса, жердi оның пайдалану режимiн куәландыратын құжатта көрсетiлмеген
пайдалануға болмайды. Мәселен, осы мақсат көрсетiлмесе егiстiкке бөлiнген
жерге орман ағаштарын отырғызуға болмайды немесе керiсiнше орман ағаштарын
отырғызуға арналған жердi егiстiкке пайдалануға болмайды.
Жердi нысаналы пайдалану қағидасы. Бұл қағида жер құқығының барлық
институттарының мазмұнын қамтиды. Егер мүлiк (үйлер, ғимараттар, көлiк
құралдарын және т.б.) өз мақсатында емес басқа мақсатта қолдануға мүмкiн
болса, жердi оның пайдалану режимiн куәландыратын құжатта көрсетiлмеген
пайдалануға болмайды. Мәселен, осы мақсат көрсетiлмесе егiстiкке бөлiнген
жерге орман ағаштарын отырғызуға болмайды немесе керiсiнше орман ағаштарын
отырғызуға арналған жердi егiстiкке пайдалануға болмайды.
Жердiң жай-күйi қолжетiмдiлiк ақпаратпен ету қағидасы. Бұл қағиданың
мазмұнынан Жер кодексiнiң 157-бабында жүзеге асырылғанын көруiмiзге болады.
Соған сәйкес, мемлекеттiк жер кадастры Қазақстан Республикасы жерiнiң
табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, нысаналы
пайдаланылуы, мөлшерi мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер
пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерiнiң кадастрлық құны туралы
мәлiметтердiң, өзге де қажеттi мәлiметтердiң жүйесi болып табылады.
Мемлекеттiк жер кадастры жер учаскелерiне құқықты субектiлер туралы
ақпаратты енгiзедi. Ал, Жер кодексiнiң 158-бабы 5, 6-тармағына сәйкес,
мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзетiн мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк
кәсiпорындар мен лауазымды адамдар жер кадастр құжаттамасына енгiзiлетiн
мәлiметтердiң дұрыстығын қамтамасыз етуге мiндеттi.
Жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi iс-шараларды мемлекеттiк қолдау
қағидасы. Жердi қорғау шараларын қаржыландыру мемлекетiмiздiң экономикалық
нарық жағдайына өтумен байланысты көптеген өзгерiске ұшырады. Ең алдымен,
қаржыландыру көздерi көбейдi. Егер алғашқы уақытта бұл тек мемлекеттiк
бюджеттiң және жер меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың еншiсi болатын.
Жердi қорғауға бағытталған шараларды қаржыландыру 2005 жылы 5 қаңтарда
қабылданған 2005–2007 жылдарға арналған ауылшаруашылық мақсатындағы
жерлердi ұтымды пайдалану бағдарламасы бойынша республикалық қаражат
есебiнен қарастырылған. Қаржыландырудың жалпы көлемi – 4655318 мың теңгенi
құрайды. Соның iшiнде: 2005 жылға – 1474669 мың теңге; 2006 жылға – 1905685
мың теңге; ал 2007 жылға – 1274964 мың теңгенi құрайды. Жердi қорғау
шараларын жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландыру жергiлiктi
бағдарламаларға сәйкес анықталады.
Жердi ақылы пайдалану қағидасы. Бұл 1917 жылғы Жер туралы декретпен
жердi тегiн пайдалану қағидасы заңды тұрғыда бекiтiлiп, мемлекет жердi жеке
және заңды тұлғаларға тегiн және мерзiмсiз пайдалануға берген. Заң
әдебиеттерiнде бұрын да жердi шаруаларға жердi өтеусiз беру қағидасы күмән
келтiрген, өйткенi ол жердiң қалыпты нарықтық айналымын құру туралы жалпы
ережеге сай келмейдi. Жердi және өзге табиғи ресурстарды тегiн пайдалану
оларға қатысты ешкiмнiң меншiгi емес деген түсiнiктiң дамуына септiгiн
тигiзедi. Жердi тегiн пайдалану жерге ұқыпты қарау тәрбиесi жеткiлiксiз
болды, оның құнын анықтау бойынша экономикалық зерттеулердi жүргiзудi
тежедi, елдегi жер экономикалық жағдайдың нашарлауы себептерiнiң бiрi
болып табылды.
Жер пайдаланудың ақылылығы жердi басқарудың ең негiзгi қағидасы болып
табылады. Ол жердi пайдалану тек ақы төлеу арқылы ғана жүзеге асырылады
деген ұғымды бiлдiредi. Жердi пайдаланудың тегiндiгi жердi ұтымды
пайдалануға жеткiлiктi ынталандырмай, елiмiздегi жер ресурстарының
экологиялық жағдайының нашарлап кетуiне әкеп соқты. Ақылық қағидасының
негiзiнде жердiң экономикалық құны, яғни, бағасы жатыр. Жердiң ақшалай
бағасы жердiң рөлiн өзге құнды ресурстармен салыстырып, ұтымсыз пайдалану
кезiнде келтiрiлген шығынды дәл анықтауға мүмкiндiк бередi.

Жер құқығының басқа құқық салаларымен байланысы және арақатынасы

Құқықтық қатынастардың қоғам талаптарына сай өзгеруi жер құқығы пәнi
мен мiндеттерiнiң өзгеруiне әкеп соғады. Нарықтық экономика және тұрақты
даму жағдайында жер меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың дербестiгi, жер
құқық қатынастарының демократиялылығы, жер меншiк иелерi мен жер
пайдаланушылардың құқықтарының кең ауқымға жетуi сияқты құбылыстар орын
алып отыр. Нәтижесiнде жер құқығының пәнi мен мiндеттерi өзгерiске
ұшыраған. Жер құқығының пәнi дегенiмiз – жер құқық нормаларымен реттелген
қоғамдық қатынастардың жиынтығы, яғни жер құқық қатынастары. Жер кодексiнiң
12-бабының 10) тармақшасына сәйкес, жер құқық қатынастары дегенiмiз – жерге
меншiк құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын
басқаруға, жекелеген субъек-тiлерге жер учаскелерiн бекiтiп беруге
байланысты жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi қатынастар болып табылады.

Жер құқық қатынастарының өзiне тән белгiлерi:
✓ бұл қатынастар жердi пайдалану мен қорғауды қамтамасыз етуге
бағытталған;
✓ бұл қатынастар жердi меншiк объектiсi, пайдалану объектiсi,
аумақтық кеңiстiгi және табиғат байлығы ретiнде қарастырады;
✓ бұл қатынастар жер құқық нормаларымен қатар, өзге де құқық
салаларының нормаларымен реттеледi;
✓ бұл қатынастар тек жер учаскесiн пайдалану емес, сонымен қатар,
жер учаскесiнде орналасқан жылжымайтын мүлiктi де пайдаланумен
байланысты қатынастар;
Жер құқық қатынастарының да өзге құқық қатынастары сияқты өзiне тән
болатын объектiсi, субъектiсi және мазмұны болады. Жер құқық қатынастарының
объектiсi ретiнде Қазақстан Республикасының жер қоры, жер учаскесi және жер
үлесi танылады.
А.Х. Хаджиевтiң пiкiрi бойынша: жер құқығы қатынастарының жалпы
объектiсi – елiмiздiң экономика салаларында қолданылып жатқан және
қолдануға мүмкiн болатын елiмiздiң жер ресурсы, барлық жер қоры құрайды.
Ал, Ә.Е. Бектұрғанов жер құқық қатынастары жердiң өзi туралы емес, оның
құқықтық мәртебесi туралы қатынастар оның объектiсi болып саналады дейдi.
Жер қоры Қазақстан аумағының барлық жерлерiнiң жиынтығы. Қазiргi жер
қоры нысаналы мақсатына сәйкес, жетi санатқа бөлiнедi:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер;
2) елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң)
жерi;
3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылығы
мақсатына арналмаған жерлер;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру мақсатындағы,
рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
5) орман қорының жерi;
6) су қорының жерi;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер құқығының түсінігі, пәні, әдістері, жүйесі
Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидалары
Қазақстан Республикасының жер құқығы жерге меншіктің құқықтық
Жер құқығының пәні, қағидалары және жүйесі
Мамандықтың пәндер каталогы
Қазақстан Республикасының жер құқығының негіздер
«Жер құқығы» пәні бойынша контактілі дәрістер материалдары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Халықаралық құқықтың түсінігі
Жерге меншік
Пәндер