Заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Қызметте қолдану үшін

«Қорғауға жіберілді»

кафедра меңгерушісі

п. ғ. д., доцент Б. Т. Ортаев

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері

5В010100 - «Мектепке дейінгі мекемеке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы

Орындаған Досмагамбетова Г. А.

Ғылыми жетекшісі,

аға оқытушы Халилаева Э. Ж.

МАЗМҰНЫ

:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .
3: 3
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: АНЫҚТАМАЛАР . . .
3: 4
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .
3: 5
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: КІРІСПЕ . . .
3: 6
: 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ. . . .
3: 11
: 1. 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың қазіргі жайы . . .
3: 11
: 1. 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Мектепке дейінгі мекеме мен отбасының бірлескен іс-әрекеті және оның балаларды дамытудағы маңызы . . .
3: 20
: 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: ЗАМАНАУИ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ . . .
3: 34
: 2. 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері . . .
3: 34
: 2. 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: Заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың формалары мен әдістері . . .
3: 47
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 56
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
3: 58
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР. . .:
3:

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл дипломдық жұмыста кeлeci нормативтік құжаттарға ciлтeмeлep көрсетілген:

1. Назарбаев Н. Ә. : Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам / Н. Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. - 2012. - 10 шілде.

2. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» деп аталатын кезекті Жолдауы. http://kaz. gazeta. kz/art. asp?aid=66111.

3. ҚР Конституциясы. 27-бап, 2-тармағы. 2009. 08. 20 N 5 .

4. Бала құқықтары туралы конвенция. 5-бап. http://www. bala-kkk. kz

/fileadmin/user_upload/files/. PDF.

5. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасы. Астана, 2003.

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл дипломдық жұмыста келесі терминдерге сәйкес анықтамалар көрсетілген:

Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.

«Отбасы» ұғымына - отбасы тәрбиесіндегі функционалдық сауаттылық, ата-аналардың саналылығы, тәрбие, тәрбиенің бірізділігі, отбасы құрылымы, отбасының жіктелуі, тәрбиенің оң тәжірибесі, құқық, заң, құқықтық тәрбие, тәрбиенің ауытқуы, әлеуметтену, сауықтыру, отбасы мәдениеті жатады

Адамның дамуы дегеніміз - оның тегінде бар және туа біткен белгілердің жай ғана сандық көрінісі емес.

Даму - бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы біртұтас үдеріс.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ҚР- Қазақстан Республикасы;

МДЖД - мектепке дейінгі мекеме жасына дейінгі;

МДМ -мектепке дейінгі мекеме;

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан күн сайын қарқынды дамып келеді және ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға батыл қадам жасап отыр. Елдің білім беру жүйесі терең де сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңін бастан өткеруде.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында стратегиялық жаңғырту барлық саланы, сонымен қатар, білімді де түрлендіруді қажет ететінін атап көрсетті [1] . Осы орайда, өскелең ұрпақтың сапалы білім алуының маңызы зор.

Қазақстан Республикасы 50 бәсекелесуге қабілетті әлем елдері қатарына қосылуға талпына отырып, балалыққа қатысты саясатты жүзеге асырудың маңыздылығын сезінеді. «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Елбасының Жолдауында дағдарыстық уақытта әрбір қазақстандық отбасына аса көңіл бөлінуі керек екендігі туралы айтылады, . . . «әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз. Біз өз балаларымызбен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткенде қандай күйде көргіміз келеді» делініп, ұрпақ тағдыры мен мемлекет тағдыры қатар қойылған. Демек, балаға дұрыс бағыт беретін үлкен мықты тәрбие ошағы - отбасы болып саналады [2] .

Тұрақты дамитын және бәсекелесуге қабілетті мемлекет құра отырып, Қазақстан Республикасында балалар өмірінің сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар үнемі жүріп жатыр. Балалыққа қатысты саясаттың тиімділігін арттыру мақсатымен соңғы жылдары Қазақстан Республикасы балалар құқығын қорғайтын халықаралық ұйымдармен қызметтестік тәртіпте жұмыс атқарып жатыр.

Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.

«Отбасы» ұғымына - отбасы тәрбиесіндегі функционалдық сауаттылық, ата-аналардың саналылығы, тәрбие, тәрбиенің бірізділігі, отбасы құрылымы, отбасының жіктелуі, тәрбиенің оң тәжірибесі, құқық, заң, құқықтық тәрбие, тәрбиенің ауытқуы, әлеуметтену, сауықтыру, отбасы мәдениеті жатады[3, 240б; ] . .

Отбасы тәрбиесі мазмұнын анықтайтын ең маңызды құндылықтар: отбасы, отбасы әдет-ғұрпы мен дәстүрлері, баланың отбасына құқығы, қарашаңырақ, шежіре, әке және ана, әкенің және ананың беделі, ата-ана махаббаты мен қамқорлығы, баланың отбасында қорғалғандығы, қарттарға, кішілерге, науқастар мен мүгедектерге қамқорлық болып табылады.

Отбасы бала бойында балалық кезеңнен адамгершілік құндылықтарды, парасатты және тиімді өмір дағдыларын құру бағытын қалыптастыруы тиіс. PISA-2009 зерттеуі баланы оқыту мен тәрбиелеу үдерісіне ата-аналардың қатысуы функционалдық сауаттылық деңгейіне оң әсер ететінін көрсетті. Осыған байланысты, ата-аналарды мектепке дейінгі мекеме өміріне белсенді түрде қатыстыруға бағытталған шаралардың тұтас жүйесін: қамқоршылық кеңесін, ата-аналар қауымдастығын, ата-аналар университеттерін құру қажет.

Мектепке дейінгі мекеме мектеп жасына дейінгі баланы толыққанды тәрбиелеу отбасы мен балабақшаның тығыз ынтымақтастығы кезінде ғана мүмкін болады. Ата - аналардың балаларға тәрбие беру міндеті ҚР Конституциясында 27 бап 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» делінсе, [4], ал балалардың отбасындағы құқығы - бала құқықтары туралы конвенцияда[5] белгіленген.

Отбасы - барлығының басы, жан - жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты - баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық дамуын ескере отырып жарасымды жетілген ұрпақ тәрбиелеу. «Баланы жастан», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген даналық сөздердің мағынасы өте терең. Есейіп кеткен соң баланың теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын. Осы кезде «Балаңыздың тәрбиесін бастамас бұрын өзіңіздің мінез - құлқыңызды, өмірге көзқарасыңызды ой елегінен өткізіп бақыладыңыз ба?» деген сауал туады. Ұлы педагог А. С. Макаренко «Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата - ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан, бала санасына рухани өктемдік жасап тәрбиелейтін ата - ана баршылық. Бұл беделді болудың қандай жолы? Мұндай жолмен келген адал баланың санасы жетілгенде өздігінен жойылады» деген [6] . Отбасындағы ата - ана мен баланың қарым - қатынас нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал әке мен шеше - баланың алғашқы тәрбиешілері. Ата - аналар бала бақытының шынайы бағбаны балуы тиіс.

Бала бақыты - білімде. «Білім - бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды» дейді Ахмет Байтұрсынұлы [7] . Бүгінгі таңда болып жатқан өміріңіздегі өзгерістерге байланысты ұстаздар мен атааналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындай бірлесе жұмыс атқару керек. Бала психикасы үйдегі көрген - білген, естіген мәліметтермен толығады. Әрбір ұстаз ата - аналармен қарым - қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып ата - ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс атқарса, ата - ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.

Қазіргі уақытта жұртшылықтың балаларды тәрбиелеуге қатысы кеңейе түсіп, тәрбие жұмысы еңбек ұжымының күнделікті ісіне айналуда. Тәрбиешілердің практикасында ата - аналармен және көпшілікпен бірігіп жұмыс істеудің иәртүрлі формалары қалыптасып, жемісті түрде қолданылуда. Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата - аналардың педагогикалық - психологиялық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәжірибенің жоқтығынан болады.

Бұл жайында қазіргі заман мамандары мен отбасы мәселе бойынша ғалымдар айтып жүр (Т. А. Маркова, О. Л. Зверева, Е. П. Арнаутова, В. П. Дуброва, И. В. Лапицкая және т. б. ) . Олардың ойынша отбасы институты ол эмоционалдық қарым-қатынас институты. Әрбір бала бүгін, барлық кездеде, өз ата-аналарынан, жақындарынан (әкесі, шешесі, атасы, әжесі, әпкесі, ағасы) қалтқысыз сүйіспеншілікті қалайды: оны жақсы тәртібі мен алған ағалары үшін емес, оны бар болғаны үшін, ол қандай қалпында болса солқалпында жақсы көреді [8] .

Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата - аналарға көмектесу - тәрбиешілердің міндеті. Ата - аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін қалай ұйымдастыруға болады? Ол үшін біз, яғни психологтар, тәрбиешілер ата - аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі рөлін анықтау үшін ата - аналардың ұсыныс - пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата - аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді, себебі ата - аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптартарды өздері ұсына алады.

Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат мұраттарының ең бастысы - өзінің өмірін, тәжірибесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, ұрпақ тәрбиесі келешегін берік ететін басты фактор болып саналады.

Келешек ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуде, жаңа заманда көкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматты тәрбиелеу ұзақ әрі күрделі үдеріс болып табылады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда өткір қойылып, өз шешімін табуды қажет етіп отыр. Аталмыш мәселені шешуде көптеген ойшылдар мен ғалымдар өз үлестерін қосқан.

Отбасы тәрбиесі мәселелері Шығыстың ұлы ойшылдары Әл-Фараби [9], Ж. Баласағұн [10], Қ. Иассауи [11], М. Қашғари [12], классик педагогтер Я. Коменский [13], К. Ушинский [14], қазақ ағартушылары Абай Құнанбаев [15] пен Ы. Алтынсарин [16] еңбектерінде, кеңес педагогтері В. Сухомлинский [17], А. Макаренко [6, 12б; ], Н. Крупская [18], қазақ зиялылары М. Жұмабаев [19], Ж. Аймауытов [20], М. Әуезов [21] және т. б. еңбектерінде кеңінен орын алады. Бүгінде отбасы тәрбиесі мәселелері қазақстандық ғалымдар С. Ғаббасов [22], Р. Қоянбаев [23], Г. Байделдинова [24], Р. Төлеубекова [25] және т. б. тарапынан зерттелініп келеді.

Елімізде мектепке дейінгі мекемеке дейінгі тәрбиенің ғылыми-теориялық және әдістемелік мәселелерін зерттеген: Б. Баймұратова [26], Қ. Меңдаяқова [27], М. С. Сәтімбекова [28], Р. Аралбаева [29], Р. М. Жұмағожина [30], А. К. Меңжанова [31], Ф. Жұмабекова [32], Г. Меңлібекова [33], Ә. С. Әмірова [34], М. Т. Тұрыскелдина [35], Н. Храпченкова [36], Т. Иманбеков [37] . Т. А. Левченко [38], А. Е. Манкеш [39], С. Жиенбаева [40] т. б. педагог-ғалымдардың еңбектерін атауға болады.

Бұл ғылыми-педагогикалық еңбектердің құндылығы, республикадағы мектепке дейінгі мекемеке дейінгі мекемелердің тәрбиелеу және білім беру іс-тәжірибелері талданып оны ұйымдастарудың мазмұндарын, әдіс-тәсілдерін жаңартуда басшылыққа алатын ғылыми-әдістемелік ұсыныстар болып саналуымен қатар, зерттеу жұмысымыздың бағыт-бағдарын белгілеуге жағдай туғызды .

Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектепке дейінгі мекемеке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру үдерісінде балалардың ақыл-ойын дамытуды жаңа көзқарастар негізінде талдау - кезек күттірмейтін іс.

Баланың алғашқы бес-алты жас кезеңі оның дамуындағы ең жауапты кезең, себебі осы кезде баланың ақыл-ой қабілеттері, сенсорлық дамуы, эстетикалық сезімдері қалыптасады. Бала тұлғасының мұндай қасиеттері қызықты да мазмұнды сабақ, еңбек және ойын әрекетінде қалыптасады.

Қазiргi таңдағы мектепке дейінгі педагогиканың мiндетi - адам бойындағы жақсы қасиеттердi жас ұрпаққа үйрету, баланың білуге деген құштарлығын, ақыл-ой қабілетін дамыту, байқаған құбылыстардын талдауға, салыстыруға, қорытынды жасай білуге үйрету, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, сөйлеуге үйрету

Жас бала - жас шыбық тәрiздi қалай исең солай майысады. Сондықтан да бiлiм негiзiнің алғышарттары осы мектепке дейінгі мекемеалды кезеңінде қалыптасады деп айтылады, яғни осы кезеңнен бастап, балаға тиiстi көңiл бөлу керек екенiн заман талабы, тәрбие кепiлi деп түсiнуiмiз керек. [41, 19; ]

Балабақшадағы оқу, тәрбие жұмысының типтік бағдарламасын жасау қоғамның педагогикалық ғылымдар жүйесінің дамуы нәтижесінде және практикалық қажеттіліктен туындап отыр.

Осы айтылғандардың барлығы алынып отырған тақырыптың күрделiлiгiнiң, ғылыми және тәрбиелiк жағынан маңыздылығының, көкейтестiлiгiнiң дәлелi бола алады. Бүгінгі таңда мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың заманауи формаларын пайдалану қажеттілігі мен тәрбиедегі ата-аналармен жұмыс түрлерін дамытудың озық дәстүрлері жүйелі түрде зерттелмеуі арасында; бүгінгі заман балаларына заманауи озық дәстүрлерін меңгерту қажеттілігі мен оны пайдалануға байланысты бірегей тұжырымдама мен кешенді оқу-әдістемелік нұсқаулардың өте аз болуының арасында қарама-қайшылықтың бар екені анық байқалады.

Осы қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты «Заманауи мектепке дейінгі мекемеке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан талдау және оның тиімді формалары мен әдіс-тәсілдерін анықтау.

Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі мекемедегі оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні: баланы жан-жақты дамыту, оны тәрбиелеу мен оқытуға қажетті білім беру аймағын құруда заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері.

Зерттеу міндеттері:

- заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың ерекшеліктері мәселесі бойынша педагогикалық-психологиялық әдістемелік әдебиеттерге талдау;

- «форма», «ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру» түсініктеріне анықтама бере отырып, олардың ерекшеліктерін қарастыру;

- заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың формалары мен әдіс-тәсілдерін анықтап, педагогикалық үдерісте тиімділігін тексеру.

Зерттеу болжамы: Заманауи мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру формаларының ерекшеліктерін тиімді жүзеге асырса, онда балалардың ақыл-ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемінде ғана емес, жалпы білімділік-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету т. б. қабілеттерінің танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуына ықпал етеді.

Зерттеу әдістері: тақырыпқа байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді ғылыми-теориялық тұрғыдан талдау, бақылау, озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу, мектепке дейінгі мекемеке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың нәтижесіне баға беру,

Зерттеу базасы: Түркістан қаласы, «Алия» бөбекжай- балабақшасы;

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕЛЕРДЕ АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мектепке дейінгі мекемелерде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың қазіргі жайы

Жас ұрпақ тәрбиесі - адамзаттың мәңгілік тақырыбы, ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Баланың шын мәнісіндегі адам болып қалыптасуы қыруар уақыт пен тер төгетін, зор еңбекті қажет ететін, ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс. Ұлы Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы-жаманды таниды дағы сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады», - десе [42, 290б; ], француз педагогы Жан Жак Руссо: «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады, оның үстінде шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді», - деген екен.

Адамның дамуы дене, психикалық және әлеуметтік жетілу, пісу үдерісі болып табылады да, туа біткен және өсе келе бойға сіңген қасиеттердің, сандық және сапалық өзгерістерінің бәрін қамтиды. Дене дамуы бойдың, салмақтың өзгеруімен, бұлшық еттер күшінің артуымен, сезім мүшелерінің жетілуімен, қимылдардың үйлесімділігімен т. б. байланысты. Психикалық даму үдерісінде танымдық, еріктік, эмоциялық процестерде, жеке адамның психикалық сипаттары мен белгілерінің қалыптасуында елеулі өзгерістер болады. Даму барысында баланың биологиялық индивид ретінде адамға, жеке адам ретінде адамзат қоғамының мүшесіне айналуы жүзеге асады. Адамның дамуы дегеніміз - оның тегінде бар және туа біткен белгілердің жай ғана сандық көрінісі емес. Даму - бұл ең алдымен айналадағы болмыстың ықпал жасауымен ағза мен психикада болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуы мен оның жеке басының қалыптасуы біртұтас үдеріс.

Салауатты отбасы - өркениетті қоғамның талабы. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын дәстүрлер мен ізгі мұраттар тек отбасында ғана дамып, байытыла түседі. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алып, онда адамгершілік пен ізгіліктің негізі қаланады. Сонымен қатар отбасы сүйіспеншіліктің мектебі болғандықтан, онда әрбір адам: әйелі мен ері, әкесі мен анасы, қызы мен ұлы, ағасы мен қарындасы бола жүріп, сүйіспеншіліктің әр түрлі өлшемдерін танып біледі, адамды өзара түсіністікке алып келетін шынайы да тұрақты сүйіспеншіліктің дәстүрлері де тек салауатты отбасында қалыптасады. Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениеттілікке жеткізу, ең алдымен, әрбір отбасындағы өмірді дұрыс ұйымдастырудан басталмақ.

Қазақтың ұлы ақыны Абай да отбасындағы баланы тәрбиелеуде ата-аналар тарапынан жол берілетін кемшіліктерді ескерте отырып, отбасы тәрбиесін ұйымдастыруда кеңестер береді. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай өзінің 10-сөзінде: «Әуелі балаңды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, мұны берем деп, баста балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды[43, 26-27бб; ] .

Қазақ ағартушыларынан С. Көбеев те отбасы тәрбиесі мәселелеріне аса үлкен мән берген. Ол өзінің «Баланы семьяда тәрбиелеу» деген еңбегінде ата-аналардың балалары алдындағы беделі отбасындағы тәрбие нәтижесі екендігін атап көрсетеді [44] .

Бүгінде тәрбие берудің ауқымы кең, талабы жоғары. Соған сай заман талабы бүгінгі отбасына үлкен жауапкершілік пен жоғары білімділікті жүктеп отыр. Жеке тұлғаның қалыптасуына ықпалы ерекше болғандықтан, отбасы тәрбиесіне философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық және педагогикалық зерттеулерде ерекше көңіл бөлінген. Бүгінге дейін отбасы және ондағы бала тәрбиесін ұйымдастыру мәселелері қазақстандық ғалымдар Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев, Р. Төлеубекова, Г. Байдельдинова, Ж. Әбиев және т. б. тарапынан зерттеліп келді. Олар өз зерттеулерінде ұлттық ділді ескере отырып қоғам талабына сай бала тәрбиесін ұйымдастырудың жолдарын көрсетуге тырысады. Философ Р. Нұрғалиев өзінің сөздігінде «отбасы - ерлі-зайыпты одаққа және туыстық байланыстарға негізделген әлеуметтік қауымдастықтың түрі» деп көрсетсе, ғалым Қоянбаевтар өздерінің педагогикалық еңбектерінде «Отбасы - ол бірге тұратын некеге негізделген қандас туыстар тобы» деп анықтама береді. Отбасының типтері, оның қызметтері, психологиялық ауан мен отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы ондағы бала тәрбиесіне өзіндік әсерін тигізеді.

Біздің қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың дені сау, рухани әлемі бай, құштар болып өсуі, сонымен қатар туған халқы мен Отанына адал болып өсуі ең жоғары тілек, биік мақсат болып келген. Оның қуат алар қайнар бастауы - отбасы.

Отбасы баланың жеке басының қалыптасуына екі жақты әсер етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі мекеменің отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру
Мектепке дейінгі білім беру мекемеде түзету логопедиялық жұмысының жетілдіру жолдары
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жасауға даярлау процесін талдау
Жалпы мектеп жасындағымекемедегі мұғалімдердің сөйлеуі бұзылған балалармен жүргізілетін жұмысқа дайындығы
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУДЕ МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
Мектепке қабылданар баланың психологиялық даярлық деңгейін тексеру
Мектепке дейінгі ұйымдағы ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері
Мектепке дейінгі мекемеде логопед қызметінің бағыттары
Мектепке дейінгі мекемелерде оқыту үдерісінің мәні оның міндеттері мен құрылымын нақтылау
Ата - аналардың педагогикалық қатынастарымен талаптарды үйлестіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz