Уахабилікпен күрес тарихынан сөз



1 Уахабилікпен күрес тарихынан сөз
2 Уахабшылдықтың Қазақстанға келуі
3 Бабаханов басқарған САДУМ
4 Қазақ жеріне төнген қауіп
Жақында Парламент Мәжілісінің депутаты, заңгер Ерзат Әлзақов еліміздегі салафизм ағымын (уахабилік) радикалды деп танитын уақыт жетті деген мазмұнда арнайы депутаттық сауал жолдады. Онда: «Елімізде салафизмді «қалыпты және радикалды емес» деп қарастыруымыз қазіргі таңда қате пікір екені белгілі болып отыр. Қазақстандағы діни ахуалды ертерек қолға алып, біз өз тарапымыздан тиісті заң жобаларын мерзімінде қабылдамай, бұл мәселеге үстірт қарайтын болсақ, ушығып кетуіне ешкім кепілдік бере алмайды», – делінген. («Алаш айнасы»,8 қыркүйек 2011ж.).Бұдан сәл бұрынырақ ҚМДБ өкілі Оңғар қажы Өмірбек те салафилікке заң арқылы тыйым салу керектігін мәлім еткен («Интерфакс-Қазақстан», 13 шілде 2011 ж.) болатын. Аталған мәселе бүгін ғана туа қалмағаны белгілі. Дабыл бұрын да қағылған. «Салафилер» мен «уахабшылардың» елімізге төндіретін қаупі туралы, елдегі діни ахуалды бақылау қажеттігі, қолға алу, реттеу керектігі туралы бұрын да талай мәрте айтылмап па еді?! Тек «айтқанның аузы, жылағанның көзі жаман» болып, тиісті орындар мәселеге көз жұмып қарап келгені болмаса... Бұл енді бөлек әңгіме. Бүгінгі айтпағымыз: осы «жер астынан шыққан жік» – уахабилік идеология қазақ топырағын қай кезден бері торуылдап жүр? Кесапатқа қарсы халқымыздың дін ғұламалары қандай әрекет еткен? Әңгіме желісі осы сауалдар төңірегінде өрбіме
Тарихқа көз жүгіртсек, уахабшылдықтың Қазақстанға келгені бүгін емес. Зерттеушілердің еңбектеріне сүйенсек, бүгінде Сауд Арабиясының діни идеологиясына айналған осы бір кереғар ілім Орта Азия жеріне 1952-1982 жылдар аралығында, Орта Азия мұсылмандарының діни басқармасының (орыс тілді деректерде қысқартылып, САДУМ деп беріледі) муфтиі болған Зияуиддин Бабахановтың (1908–1982) кезінде берік орныға бастаған. Белгілі осы сала ғалымдарының айтуынша, Бабахановтың әу бастан уахабшылдық рухында қалыптасуына оның ұстазы, ташкенттік діндәрлар арасында «Шами дамолла» атымен танымал Саид ибн Мухаммад аш-Шамиад-Димашкиат-Тараблуси (1867–1932) әсер еткен. Каирдегі «Әл-Азхар» діни оқу орнынан дәріс алған Шами дамолла ханафиттік-сопылық дәстүрлер тамыр жайған Ферғана алқабы мен Самарқанд қаласындағы ислам ғұламалары ұстанған діни тәртіптерді тәрк еткен әрекеттерін бастайды. Әулиелерді құрметтеуге қарсы шыққан ол Құран мен «сахих» («шыншыл») хадистерге ғана сүйенген болып, «таза ислам» концепциясын насихаттайды. Қашқарда дін уағыздап жүріп, Пекин түрмесіне түскен оны патша үкіметінің консулы қытайлардан аттай қалап, босатып алып, Орта Азиядағы жергілікті ғұламалардың идеологиялық қарсылығын басып-жаншуға пайдаланбақ ниетпен, арнайы Ташкентке алдырған екен. Сөйтіп жүргенде, 1917 жылы орыс патшасы ІІ Николай тақтан тайдырылады. Ең қызығы, патша пайдалануды көздеген Шәми дамолланы ендігі жерде кеңестер билігі қолдай бастайды. Ол кезде кеңестердің ислам социализмін пайдалану туралы идеялары келмеске кеткен еді. Соған қарағанда, патша билігі мен кеңестердің Орталық Азиядағы жергілікті діни элитаны талқандау үшін «сыртқы күшті» пайдалану туралы ұстанымы бірдей болғанға ұқсайды. Ал халықты біріктіру қуаты мол дәстүрлі исламның Кеңес үкіметі үшін бәсекелес күш ретінде қабылданғаны сөзсіз. Сөйтіп 1943 жылы САДУМ құрылғаннан кейін, Шами дамолланың идеялары, іс жүзінде, осы кеңестердің қолдауымен жүзеге асқан. Ендігі жерде, кеңестік мемлекеттің аппараттық күшімен «жергілікті», «ұлттық» исламды қаралайтын материалдар жаппай таратыла бастайды. Ғалымдардың пікірінше, дінді реттеу үшін құрылған кеңестік құрылымдардың басты мұрасы да осы діни-фундаменталистік ағымның, яғни «уахабшылдықтың» өңірге таралуы болды.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Төреғали ЖҰМАТАЙ. Уахабилікпен күрес тарихынан сөз
03 қазан, 2011

Жақында Парламент Мәжілісінің депутаты, заңгер Ерзат Әлзақов
еліміздегі салафизм ағымын (уахабилік) радикалды деп танитын уақыт жетті
деген мазмұнда арнайы депутаттық сауал жолдады. Онда: Елімізде салафизмді
қалыпты және радикалды емес деп қарастыруымыз қазіргі таңда қате пікір
екені белгілі болып отыр. Қазақстандағы діни ахуалды ертерек қолға алып,
біз өз тарапымыздан тиісті заң жобаларын мерзімінде қабылдамай, бұл
мәселеге үстірт қарайтын болсақ, ушығып кетуіне ешкім кепілдік бере
алмайды, – делінген. (Алаш айнасы,8 қыркүйек 2011ж.).Бұдан сәл бұрынырақ
ҚМДБ өкілі Оңғар қажы Өмірбек те салафилікке заң арқылы тыйым салу
керектігін мәлім еткен (Интерфакс-Қазақстан, 13 шілде 2011 ж.) болатын.
Аталған мәселе бүгін ғана туа қалмағаны белгілі. Дабыл бұрын да қағылған.
Салафилер мен уахабшылардың елімізге төндіретін қаупі туралы, елдегі
діни ахуалды бақылау қажеттігі, қолға алу, реттеу керектігі туралы бұрын да
талай мәрте айтылмап па еді?! Тек айтқанның аузы, жылағанның көзі жаман
болып, тиісті орындар мәселеге көз жұмып қарап келгені болмаса... Бұл енді
бөлек әңгіме. Бүгінгі айтпағымыз: осы жер астынан шыққан жік – уахабилік
идеология қазақ топырағын қай кезден бері торуылдап жүр? Кесапатқа қарсы
халқымыздың дін ғұламалары қандай әрекет еткен? Әңгіме желісі осы сауалдар
төңірегінде өрбіме
Тарихқа көз жүгіртсек, уахабшылдықтың Қазақстанға келгені бүгін
емес. Зерттеушілердің еңбектеріне сүйенсек, бүгінде Сауд Арабиясының діни
идеологиясына айналған осы бір кереғар ілім Орта Азия жеріне 1952-1982
жылдар аралығында, Орта Азия мұсылмандарының діни басқармасының (орыс тілді
деректерде қысқартылып, САДУМ деп беріледі) муфтиі болған Зияуиддин
Бабахановтың (1908–1982) кезінде берік орныға бастаған. Белгілі осы сала
ғалымдарының айтуынша, Бабахановтың әу бастан уахабшылдық рухында
қалыптасуына оның ұстазы, ташкенттік діндәрлар арасында Шами дамолла
атымен танымал Саид ибн Мухаммад аш-Шамиад-Димашкиат-Тараблуси (1867–1932)
әсер еткен. Каирдегі Әл-Азхар діни оқу орнынан дәріс алған Шами дамолла
ханафиттік-сопылық дәстүрлер тамыр жайған Ферғана алқабы мен Самарқанд
қаласындағы ислам ғұламалары ұстанған діни тәртіптерді тәрк еткен
әрекеттерін бастайды. Әулиелерді құрметтеуге қарсы шыққан ол Құран мен
сахих (шыншыл) хадистерге ғана сүйенген болып, таза ислам
концепциясын насихаттайды. Қашқарда дін уағыздап жүріп, Пекин түрмесіне
түскен оны патша үкіметінің консулы қытайлардан аттай қалап, босатып алып,
Орта Азиядағы жергілікті ғұламалардың идеологиялық қарсылығын басып-жаншуға
пайдаланбақ ниетпен, арнайы Ташкентке алдырған екен. Сөйтіп жүргенде, 1917
жылы орыс патшасы ІІ Николай тақтан тайдырылады. Ең қызығы, патша
пайдалануды көздеген Шәми дамолланы ендігі жерде кеңестер билігі қолдай
бастайды. Ол кезде кеңестердің ислам социализмін пайдалану туралы идеялары
келмеске кеткен еді. Соған қарағанда, патша билігі мен кеңестердің Орталық
Азиядағы жергілікті діни элитаны талқандау үшін сыртқы күшті пайдалану
туралы ұстанымы бірдей болғанға ұқсайды. Ал халықты біріктіру қуаты мол
дәстүрлі исламның Кеңес үкіметі үшін бәсекелес күш ретінде қабылданғаны
сөзсіз. Сөйтіп 1943 жылы САДУМ құрылғаннан кейін, Шами дамолланың идеялары,
іс жүзінде, осы кеңестердің қолдауымен жүзеге асқан. Ендігі жерде, кеңестік
мемлекеттің аппараттық күшімен жергілікті, ұлттық исламды қаралайтын
материалдар жаппай таратыла бастайды. Ғалымдардың пікірінше, дінді реттеу
үшін құрылған кеңестік құрылымдардың басты мұрасы да осы діни-
фундаменталистік ағымның, яғни уахабшылдықтың өңірге таралуы болды.
Шами дамолладан алған тәрбиесі мен 1947-1948 жылдары Сауд
Арабиясында алған біліміне сүйенген Бабаханов, салафилік ілімнің негізін
қалаушы Такиаддин Ахмад ибн Таймияның таза исламға оралу ұранын Орта Азия
жерінде жүзеге асыруға бар күш-жігерін салды. Бабаханов басқарған САДУМ
сопылықты дінге қосылған жасанды жаңалық, яғни бидғат деп таныған,
әулиелердің молаларына зиярат ету сияқты діни дәстүрлерді исламға жат
қылықтар деп жариялаған пәтуаларды көптеп шығарады. САДУМ пәтуаларындағы
салафилік мазмұнды ерте аңғарған жергілікті дін ғалымдары салафилік-
уахабшылдыққа қарсы идеологиялық күрес жүргізді. Ондай ғалымдар Қазақстанда
да қызмет етті. Солардың бірі – ұзақ уақыт бойына САДУМ-ның Қазақстандағы
қазиы (уәкілетті өкілі) қызметін (1952–1972) атқарған Сәдуақас Ғылмани еді.
Ғылмани ислам дінінің көрнекті ғұламаларының уахабшылдықтың идеологиялық
платформасын терістейтін еңбектерін аударды. Мәселен, Ғылмани тәржімалаған
Хусайн Мухаммад Махлуфтың Сафуат-ул баян лимағани-ил Құран (Құран
сөздерінің мағыналарына жасалған таза ашықтама) атты еңбекте Имам Таймия
пікірлерінің қате екені тәптіштеп тұрып дәлелденеді. Қолжазбада
салафилердің Құран Кәрімнің 53-сүресінің 39-аятын теріс түсіндірген
тәпсірін сынға алады. Бір Құдайдан басқаны мойындамауға шақыратын салафи-
діндарлар осы аятқа арқау болған адамның пайдасына өзінің қылған еңбегі
ғана қызмет етеді деген ұстанымды өздерінше түсіндіреді. Аталған еңбектің
кіріспесінде: Жоғарыдағы аятты тәржімалап-тәпсірлеп, ашықтап, ойын түйіп,
үкім шығарған Шайхул-ислам Ахмад ибн Таймия:Адам өзінің ғана еңбегімен
пайдаланады, басқаның еңбегімен емес, –дейді. Ал біздің шариғатымызда
басқаның еңбегін пайдалану кітап (Құран), сүннет (Хадис) және ижмамен
(ғұламалардың пікір бірлігі) дәлелденіп, бекітілген. Ибн Таймияның
көзқарасы бойынша, иланған адам ижманы жыртқан – харкилижма болады, яғни
дұрыс көзқарастан ауытқып адасқан. Ибн Таймияның бұл көзқарасы шариғатқа
теріс екенін муфти ғұлама нақты дәлелдермен батыл қылып, жоққа шығарған,
–делінген. Бұдан соң, С.Ғылмани Махлуфтың Ибн-Таймияның ұстанымын жоққа
шығаратын 21 дәлелін тізіп, көрсетеді. Оның ішінде: егер адам басқа
біреудің еңбегінен ешқандай пайда ала алмайтын болса, Пайғамбар с.ғ.с. неге
үмметтеріне шапағат қылады? Оларға тозақ отынан құтылуына көмектеседі?
Неліктен намазды жамағатпен оқудың сауабы жеке оқығаннан артық болады? –
деген уәждерді келтіреді
Салафилік-уахабшылдық идеологияның исламмен еш ортақтығы жоқ
екенін басқа да діндарлар көрсетеді. Солардың бірі – түркімен жұртынан
шығып, Ирандағы Ирфанабад медресесінің жетекшісі болған Әбдурахман ахун
Таңли Тана. Бізгеғұламаның өлең жолдарымен өрілген өсиет нақылдары жетті.

Мақшар күні аян – азап кешері,

Әділ Хақтың қиын болар есебі, –

Азғындарды уаһһабшылар деседі, –

Хабардар бол, уаһһабшылар қолынан,–

деп жырлаған ахун осы бір теріс ілімнің шығу тегін де сөз етеді:

Абдул уаһһаб Нәждиді естіп көрдің бе? –

Дұрыс оны оңнан, солдан таныған.

Туды ол лағин бір мың бір жүз он бірде,

Хабардар бол, лас, настың халынан.

Бұған дейін біз сөз еткен ибн Таймия да Әбдурахман ахунның назарынан тыс
қалмаған:

Бұл, “мақсатпен” ибн Таймиа азды да,

Ибн Қайим дамытты оны бағзыда.

Нәжди лағин таратты елге жазды да,

Хабардар бол, шайтандардың тобынан.

Уахабшылардың кесірлі идеяларын ахун былайша әшкерелейді:

Қабірлерді ету күнә зиярат,

Бір Алладан басқаны атау – қиянат.

Расул де бола алмайды тиянақ. –

Хабардар бол! – Солай дейді ол ылаң.

Айтады олар: Тек Алланы шақыр, – деп, –

Айтпа нәби, уәлилердің атын, – деп. –

Дәуре, исқат, підияға хақың жоқ! –

Хабардар бол, бұзықтардан молынан.

Құрыды, – дер, кісілерді дәуре еткен,

Мұсылманды жікке бөліп әуре еткен.

Қабірлерді быт-шыт қылды!

Жау неткен! –

Хабардар бол, шайтандардан жолы қан (Әдеби аударма)

Бас-аяғы 17 шумақ өлеңде ғұлама уахабшылдықтың тарихын, діни ұстанымдары
мен уәждерін сипаттап, терістеген. Ахунның бұл өлеңді дін жолында жүрген
бауырларын уахабшылдықтың шырмауына түсуден сақтап қалу ниетімен шығарғанын
байқаймыз.
Ақын уахабшыларды әшкерелеуде Пайғамбарымыздан (с.ғ.с)
Хазіреті Омар арқылы жеткен мына бір хадисін де өлең жолына қосады.
Хадистің мамұны мынадай: Пайғамбар с.ғ.с. дұға қылып отырып, Алла, өз
берекеңді Шамға, Иеменге енгізе көр! – дейді. Сонда сахабалардың бірі
тұрып: Уа, Расулулла, Наждіні қоспадыңыз, – деп ескертеді. Пайғамбар
с.ғ.с. екінші мәрте дұғасын тағы да: Алла, өз берекеңді Шамға, Иеменге
енгізе көр! – деп жасайды. Сахабалар тағы да сұрайды: Нажді қалып қойды
ғой, – деп. Сонда Пайғамбар с.ғ.с.: Күмәнім бар, ол жақтан зілзала, фитна
(аздыру) шығады және шайтанның мүйізі шығады, – деп жауап қайтарады.Кең
таралған осы хадисті Әбдурахман ахун былай жырлайды:

“Шайтан мүйізі шығар, – деген, Нәждіңнен,” –

Расул сөзін естімеген аз, мүлдем.

Бар мұсылман, күрес әлгі азғынмен,

Хабардар бол, ергендерден соңынан!

Дінді іштен іріткен ағым өкілдерін осы сияқты өткір түрде сынау уақыт өткен
сайын кең етек жая бастады. Мұның себебі де айқын, уахабшылдық идеология
жергілікті діни дәстүрлерге ғана емес, сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық
салт-дәстүрлер мен мәдениетке де кері әсерін тигізді. Уахабшылар дінді әр
түрлі халықтардың этномәдени, тарихи, әлеуметтік ерекшеліктеріне
негізделген барлық жат, кірме түсініктер мен тәжірибелерден тазарту
жолында жойқын күрес жүргізуді өздеріне мақсат етіп қойды. Олар исламдағы
барлық жаңалықтан бас тартуды, әуелгі догмаларға қайта оралуды, оның қатаң
түрде, дәлме-дәл орындалуын талап етеді.
Салафилік-уахабшылдық идеологияға қарсы дәстүрлі дін өкілдерінің
жүргізген істері ерекше атап өтуді қажет етеді. Орта Азиядағы дәстүрлі дін
өкілдерінің уахабшылармен күресі өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастау алады.
Бір муфтиятқа қарайтын Орта Азиядағы мұсылман қауымына індете еніп, іріткі
салған ағымға қарсы күрес жүргізгендердің бірі – Мұхамеджан Хиндустани.
Ханафилік ұстанымдарға қарсы Ферғана алқабында пайда болған жаңа діни
көсемдерге алғаш рет уахабшыл деген атауды берген де осы Хиндустани
болған. Ғұлама өз қарсыластарының саяси талаптарының, ғұрыптық және
догматтық ұстанымдарының Саудиялық Арабстандағы уахабшыларға ұқсайтынын
басты назарға алды. Хиндустанидың саудиялық уахабшылдықпен таныстығы оның
1929 жылғы осы елге барған қажылық сапарынан басталғанға ұқсайды.
Хиндустани уахабшыларды әшкерелейтін бірнеше еңбектер жазып, Ферғана
алқабындағы мұсылмандардың теріс ағым әсерінен жік-жікке бөлінуін тоқтатуға
тырысты.
1989 жылы Хиндустани қайтыс болғаннан кейін бұрынғы муфти
Мұхаммад Садық Мұхаммад Жүсіп мұсылмандардың арасында тереңдеп бара жатқан
жіктелуді тоқтатуға талпынды. Алайда 1991 жылдың қараша айында Діни
басқарманың ғимаратында өткен пікірталаста уахабшылдар мен ханафиттердің
арасын бітістіру іс жүзінде мүмкін еместігі айқын көрінді.
Кеңес үкіметі құлағаннан кейін, бақылаусыз қалған тоқырау
жылдары араб елдеріне барып діни білім алған жастардың ықпалымен
Қазақстанға дендеп енген салафилік-уахабшылдық идеология 2000 жылдардан
кейін ерекше күшейе бастады. Жаңа кезеңдегі діни фундаментализм
идеяларының, уахабшылдықтың үдеуіне алаңдаушылық білдірген зиялылар
баспасөз арқылы үн қатып, өз пікірлерін білдіріп жатты. Негізінен, кеңестік
идеологияның шырмауында жүріп, исламның негіздері, ұстанымдары, догматтары
тұрмақ, жалпы діннің қоғамдағы рөлі туралы жарытымды білім алмаған
қазақстандық шығармашыл интеллигенция ұзақ уақыт бойына елдің исламдану
процесінің бағыт-бағдарын дәл пайымдай алмай келді. Осы кездегі бірлі-
жарымды мақалалар көбіне сауал түрінде жазылып, онда авторлардың өз қауіп-
күдіктерінің қаншалықты орынды екеніне іштей сенімсіздігі сезіліп тұрды.
(Сөз орайына қарай айта кетейік, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы саяси элитаның қызметі (ХХ ғ. алғашқы ширегі)
Шешендік сөздердің мазмұндық түрлері
Ұлттық ойындардың дене тәрбиесіндегі маңызы
Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялау
Қазақ газетін зерттеушілер
«Серке» газеті – қазақ қоғамындағы алғаш демократия жаршысы
Қазақстан жағдайындағы діни экстремизм бастаулары мен себептері
ҚАЗАҚ КӨСЕМСӨЗІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Әлихан Бөкейхановтың-дара жолы
Қазақ әдеби сынының зерттелу тарихы
Пәндер