Суық қару


ЖОСПАР
1. Атыс қаруын ұқыпсыз пайдалану түсінігі . . . 2
2. Қаруды заңсыз сатып алу немесе алып жүру түсінігі . . . 3
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 9
- Атыс қаруын ұқыпсыз пайдалану түсінігі
Атыс қаруын оны басқа адамның пайдалануы үшін жағдай туғызған ұқыпсыз сақтау, егер ол ауыр зардаптарға әкеп соқса-
Екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не нақ сол мерзімге бас бостандығын шектеуге, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.
Атыс қаруын ұқыпсыз сақтаудың (қоғамға қауіптілігі сол, ұқыпсыз қалған қаруды кез келген адам (оның ішінде ақыл-есі кемдер де) пайдаланып орны толмас қайғылы қасіреттер келтірілуі мүмкін. Қылмыстың тікелей объектісі-қарумен айналысу саласындағы қоғамдық қауіпсіздік.
Қылмыстың заты заңды түрде пайдаланылуға берілген қолдануға жарамды атыс қаруы болып табылады. (ҚК-тің 251-бабын қараңыз) . Суық қару осы қылмыстың затына жатпайды.
Қылмыстың объективтік жағы-атыс қаруын оны басқа адамдардың пайдалануы үшін жағдай туғызған ұқыпсыз сақтау, егер ол ауыр зардаптарға әкеп соқса деп (ҚК-тің 253-бабы) сипатталған.
Ұқыпсыз сақтауға атыс қаруын сақтаудың арнайы нормативтік актілермен белгіленген ережелерін, сондай-ақ жалпы сақтық шараларының талаптарын сақтамаудан, оны бөгде адамның пайдалануы үшін жағдайлар жасаулар (мысалы атыс қаруы моншада, есігі ашық үйде, жас балалар немесе ақыл-есі кем адамдар көп жүретін орындарда қалдырылуы сияқты әрекеттер) жатады. Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау ауыр зардаптарға әкеп соққан жағдайда ғана қылмыстық жауаптылық орын алады. Қылмыс материалдық құрамға жатады. Ауыр зардаптарға ұқыпсыз қалған қаруды иеленген адамның өзін-өзі атып өлтіруі немесе басқа біреуді өлтіруі, жарақаттауы, адам шығынына немесе ірі материалдық залалға әкеп соққан өрттің пайда болуы және т. б. әрекеттердің орын алуы жатады. Атыс қаруын сақтау шараларын бұзумен орын алған ауыр зардаптың арасын байланыстыратын себепті байланыс болуы қажет.
Қылмыс субъективтік жағынан кінәнің абайсыздық нысаны арқылы істеледі.
Қылмыстың субъектісі-16-ға толған, кез келген есі дұрыс адам.
- Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру түсінігі
Қаруды кез-келген түрімен заңсыз іс-әрекеттер жасау өте қауіпті. Қаруыд адам әр уақытта да орасан зор зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан заң осындай заттармен айналысқаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген.
Көрсетілген қылмыстың тікелей объектісі-қаруыд, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды айналымға қауіпсіз шығаруды реттейтін қоғамдық қауіпсіздік болып табылады.
Қылмыстың заты-қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар және жарылғыш құрылғылар, суық қару болып табылады.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы желтоқсанның 30-ында қабылданған « Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы » Заңында осы көрсетілген заттарға анықтамалар берілген.
Осы заңға сәйкес қаруға конструкциялық жағынан алғанда тірі немесе өзге де нысананы зақымдауға, сондай-ақ белгі беруге арналған құрылғылар мен заттар жатады. Өзінің бағытталған мақсаты мен негізгі өлшемдері, сипаттамалары бойынша қару; жауынгерлік, қол атыс қаруы мен суық қару; азаматтық қару; қызметтік қару болып бөлінеді. Жауынгерлік қол атыс қаруына-оқ-дәрі немесе өзге де заряд қуатынын әсері нәтижесінде ұңғы оқпанынан оқты, снарядты, гранатаны ұшырып шығаратын қарулар жатады (автомат, карабиндер, винтовкалар, пистолеттер, пулеметтер т. б)
Суық қаруға -нысананы тікелей зақымдайтын, құралы адамның бұлшық еті күшінің көмегімен қозғалысқа келтірілетін қарулар жатады.
Азаматтық қаруға -Қазақстан Республикасының азаматтары өзін-өзі қорғауға қажетті: спортпен шұғылдану және аң аулау мақсатында пайдаланатын қарулар жатады. Азаматтық атыс қаруы оқты түйдектете атуды болғызбауға тиіс. Азаматтық қару былайша бөлінеді: 1) өзін-өзі қорғау қаруы; тегіс, ұзын ұңғылы, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтарының денсауылығын сақатау саласында басшылықты жүзеге асырған уәкілетті орталық атқарушы органның нормаларына сәйкес келетін, жарақат салатын, әсер ететін патрондары бар атыс қаруы; Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілеті орталық атқарушы органның нормаларына сәйкес келетін, жарақат салатын, газбен және сәулелі дыбыспен әсер ететін патрондары бар ұңғысыз атыс қаруы; газды қару-Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орталық атқарушы органы қолдануға рұхсаи еткен көз жасын ағызатын және тітіркендіретін заттармен оқталған газды, оның ішінде патрондармен қоса пистолеттер мен револьверлер, механикалық тоңазытқыштар, аэрозолды және басқа да құрылғылар. Спорттық қаруларға : а) ойық ұңғылы атыс қаруы; б) тегіс ұңғылы атыс қаруы; в) сұқпа суық қару; г) үрлемелі қуаты 25Дж-дан жоғары пневматикалық қару.
Аңшылық қарулар : а) ойық ұңғылы атыс қаруы; б) тегіс ұңғылы, оның ішінде ойық бөлігінің ұзындығы 140 милиметрден аспайтын атыс қаруы; в) аралас (ойық және тегіс ұңғылы) г) үрлемелі қуаты 25 Дж-дан аспайтын пневматикалық қару; д) сұқпа суық қару; и) белгі беретін қару.
Қызметтік қаруға мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет туралы заңға сәйкес қызметі мемлекеттік қызметшілердің жоғары және бірінші санаттарына жатқызылған лауазымдым адамдарының, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, судьялардың, прокурорлардың жеке басының, сондай-ақ ұйымдардың оларға заңмен жүктелеген немесе өз жарғыларында көзделген, азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншікті қорғау, қоршаған орта объектілерін және табиғи ресурстарды, бғалы және қауіпті жүктерді, арнаулы корреспонденциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайдалануға арналған қару жатады. Қызметтік қаруға қысқа ұңғылы тегіс және ойық ұңғылы атыс қаруы, сондай-ақ ұзын ұңғылы тегіс және ойық ұңғылы қару жатады. Қызметтік қару түйдектете оқ атуды болғызбауы тиіс. Қызметтік қару патрондары Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарт талаптарына сай болуы қажет.
Газды қару- қолданылуы көз жасын ағызатын немесе тітіркендіргіш заттарды пайдалануға негізделген қару; Электрлі қару-қолданылуы электр зарядының күшіне негізделіп арнайы бейімделген тетік.
Пневматикалық қару- нысананы зақымдайтын құралы сызылған, сұйытылған немесе қатайтылған газдық қуаты есебінен бағыты қозғалыс алатын қару.
Белгі беру қаруы- дыбыс, жарық және түтін белгілерін беру үшін пайдаланылатын қару.
Лақтырылатын қару- нысананы тікелей зақымдайтын құрал адамның бұлшық еті күшінің немесе механикалық құрылғының көмегімен бағытталып қозғалысқа түсетін қару.
Оқ-дәрі- конструкциялық жағынан қарудың тиісті түрінен ату үшін және нысананы зақымдауға арналған құрылғылар немесе заттар.
Оқ-дәрілер, тротил, нитроглицерин, пироксилин, аммонал, жарылатын басқа да химиялық заттар мен жарылғыштық қасиетке ие, оларды алуға немесе сақтауға арнайы рұхсат талап етілетін қоспалар-жарылғыш заттар деп аталады. Жарылғыш құрылғыларға әр түрлі зарядтардың күшімен нысананы құртатын, зақымдандыратын құралдар жатады.
Қылмыстың объективтік жағы заңда көрсетілген заттарды немесе құрылғыларды заңсыз алу, біреуге беру, өткізу, сақтау тасымалдау немесе алып жүру арқылы сипатталады.
Бұл жерде көрсетілген заттарды алу деп қаруды сатып алу, қаруды сыйлық, марапат ретінде заңсыз алулар жатады. Осы заңсыз иеленген заттарды бөтен адамға уақытша немесе мәңгілікке әр түрлі тәсілдерді қолдана отырып өткізуді біреуге беру деп айтамыз.
Өзіңде заңсыз сақталған осындай заттарды біреуге сату, айырбастау немесе тегін беру оны өткізу деп танылады. Көрсетілген заттарды кінәлінің сол күйінде ұстап тұруы оны сақтау деп саналады. Көліктің барлық түрі бойынша көрсетілген заттарды кеңістікте алып жүру оны тасымалдау деп танылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz