Visual Basic ортасының деректер қоймасына қатынаудың құрауышының қызметі



Кіріспе
Тарау І. Мәліметтер қорын жасау жолдары
1.1 Мәліметтер қорын ұйымдастыру кезеңдері
1.2 Кестелік мәліметтер қоры
1.3 Microsoft Access программасында деректер қорын жасау
Тарау ІІ. Деректер қорын басқару әдістері
2.1 Деректерді оқу
2.2 Деректерді басқару
2.3. Тест бағдарламасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазіргі кезде дүние жүзінде программалаушыларға және пайдаланушыларға нәтижелі жұмыс істеуге мүмкіндік беретін көптеген жүйелер және деректермен жұмыс істеу технологиялары жасалған.
Visual Basic тілі өзіне орнатылған программалық құралдардың көмегімен осы жүйелердің және технологиялардың көпшілігін қолдануға мүмкіндік береді.
Қолданушының көзқарасы тұрғысынан қарағанда, мәліметтер қоры бұл информациямен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін программа. Мұндай программаны іске қосқанда, экранда қарап шығу арқылы қажетті мәдіметтерді табуға болатын кесте пайда болады.
Дискіге тұрақты файл түрінде сақталатын ақпараттар жиынтығы мәліметтер қоры деп аталады. Мәліметтер қоры арқылы кез келген уақытта кез келген қажетті шығарып алып, оқуға немесе редакциялауға болады. Мәліметтер қорын бір немесе бірнеше компьютерлер пайдалана алады. Әдетте мәліметтер қорында белгілі бір салаға байланысты мәліметтер сақталады.
Мәліметтер қорында сақталатын ақпарат бірлігі ретінде кестелер қарастырылады. Кесте деп қатарлар мен бағандарға бөлінетін мәліметтер жиынын айтады. Мәліметтер қоры терминінде қатарларды жазу деп, ал бағандарды өріс деп атайды.
1. Алексеев П.А. Информатика 2001. –М.: Издательство СОЛОН-Р, 2001.
2. Ананьев А.И., Федоров А.Ф. Самоучитель Visual Basic 6.0. – СПб.: БХВ – Петербург, 2002.
3. Браун С. Visual Basic 6.0 учебный курс. – СПб.: Питер, 2001.
4. Гарнаев А.Ю. Visual Basic 6.0 разработка приложений. СПБ.: БХВ – Петербург, 2001.
5. Гладких И.Г., Харламов А.И. Изучаем компьютерные телекоммуникации без модема. Информатика и образование, 1999, №8.
6. Моисеева М.В. Программно-методический комплекс “Компьютер в системах передачи информации”. Информатика и образование, 1994, №1.
7. Ж. Динисламов Visual Basic ортасында программалау, Қызылорда – 2004ж.
8. Информатика негіздері №6, 2002 ж.

Кіріспе
Қазіргі кезде дүние жүзінде программалаушыларға және пайдаланушыларға
нәтижелі жұмыс істеуге мүмкіндік беретін көптеген жүйелер және деректермен
жұмыс істеу технологиялары жасалған.
Visual Basic тілі өзіне орнатылған программалық құралдардың көмегімен
осы жүйелердің және технологиялардың көпшілігін қолдануға мүмкіндік береді.

Қолданушының көзқарасы тұрғысынан қарағанда, мәліметтер қоры бұл
информациямен жұмыс істеуді қамтамасыз ететін программа. Мұндай программаны
іске қосқанда, экранда қарап шығу арқылы қажетті мәдіметтерді табуға
болатын кесте пайда болады.
Дискіге тұрақты файл түрінде сақталатын ақпараттар жиынтығы мәліметтер
қоры деп аталады. Мәліметтер қоры арқылы кез келген уақытта кез келген
қажетті шығарып алып, оқуға немесе редакциялауға болады. Мәліметтер қорын
бір немесе бірнеше компьютерлер пайдалана алады. Әдетте мәліметтер қорында
белгілі бір салаға байланысты мәліметтер сақталады.
Мәліметтер қорында сақталатын ақпарат бірлігі ретінде кестелер
қарастырылады. Кесте деп қатарлар мен бағандарға бөлінетін мәліметтер
жиынын айтады. Мәліметтер қоры терминінде қатарларды жазу деп, ал
бағандарды өріс деп атайды. Кез келген мәліметтер қорының мәліметтер
жазылатын кемінде бір кестесі болуы тиіс. Кестелерді қатарлары белгілі бір
жазу, ал бағандары жазу өрістері болып табылатын екі өлшемді массив ретінде
де қарастыруға болады. Осындай кестелерден тұратын мәліметтер қоры моделін
реляциялық деп атайды.
Қазіргі кезеңдерде мәліметтер қорын жасайтын және олардың элементтерін
басқаратын көптеген жүйелер мен программалық орталар бар. Солардың ішінде
Paradox, Access және dBase жүйелері кеңінен қолданылады. Бұл құралда
VisData, Access жүйелері мен Visual Basic ортасында программалау барысында
мәліметтер қорын жасау жолдары мен олардың элементтерін басқару әдістері
қарастырылған.
Курстық жобаның мақсаты: Visual Basic ортасының деректер қоймасына
қатынаудың құрауышының қызметі және олардың қолданылу жолдарын қарастыру.
Зерттеу міндеттері: Мәліметтер қорының негізгі объектілері және
олардың бір-бірінен айырмашылығын анықтау.
Зерттеу объектісі: Visual Basic ортасын мәліметтер қорымен байланысу
жолдары қарастырылады.
Зерттеу пәні: Бағдарламалау тілдері
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдістемелік оқулықтар, программалық код
бөлімі, есептер үлгісі.
Курстық жобаның құрылымы: Кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Тарау І. Мәліметтер қорын жасау жолдары
1.1 Мәліметтер қорын ұйымдастыру кезеңдері
Қазіргі кезде дүние жүзінде программалаушыларға және пайдаланушыларға
нәтижелі жұмыс істеуге мүмкіндік беретін көптеген жүйелер және деректермен
жұмыс істеу технологиялары жасалған.
Біртекті құрылымды мәліметтердің кез келген жиынтығын мәліметтер
қоймасы деп атауға болады, ол қағаз немесе электрондық түрде көрсетіле
алады.
Біздің әрқайсысымыз бала кезімізден бастап мәліметтер қоймасымен
көптеген жағдайларда жұмыс істеп келеміз. Мысалы, мәліметтер қоймасында әр
түрлі анықтамалар жатады.
Мәліметтер қоймасында қасиеттерінің жиыны бірдей объектілер тобы
туралы информациялар сақталады.
Мәліметтер қоймасындағы информациялар реттелген түрде сақталады.
Мысалы, жазу кітапшасында барлық жазбалар алфавит бойынша реттелген, ал
кітапханадағы каталогтарда - алфавит бойынша немесе білім саласы бойынша
реттелген.
Егер біз жазу кітапшасына информацияларды реттелген құрылымды түрде
жазбасақ, онда ол мәліметтер қоймасы болып табылмайды.
Электрондық мәліметтер қоймасы қандай да бір информацияны қамтитын
файл ретінде көрсетіледі. Бұл файлды мәліметтер файлы деп атаймыз.
Мәліметтер файлы жазулардан тұрады. Әрбір жазу тек бір объекті туралы
информацияны қамтиды.
Жазулар өрістерден тұрады. Әрбір өріс объектінің бір сипаттамасы
туралы информацияны қамтиды.
Мәліметтер қоры бұл бірдей қасиеттер жиыны бар объектілер тобы туралы
мәліметтерді реттелген түрде сақтауға мүмкіндік беретін информациялық
модель. Информациялық модельдердің бірнеше әр түрлі құрылымдары бар және
соған сәйкес мәліметтер қорының да әр түрлі типтері бар:
- кестелік;
- иерархиялық;
- желілік.
1.2 Кестелік мәліметтер қоры
Қағазда мәліметтер қорын кесте түрінде көрсету ыңғайлы. Компьютерлік
мәліметтер қоймасындағы информацияны кәдімгі жағдайда экранға кесте түрінде
шығарады.
Кестелік мәліметтер қоры бір типті объектілер тізімін, яғни бірдей
қасиеттер жиыны бар объектілерді қамтиды. Мұндай мәліметтер қорын екі
өлшемді кесте түрінде көрсету ыңғайлы. Оның әрбір қатарында объектілердің
бірінің қасиеті тізбектеле орналасады. Қасиеттің әрбір мәні өзінің
бағанында, қасиеттің атымен аталған болады. Мысалы, “Жазу кітапшасы”
мәліметтер қоймасында кестенің әрбір бағанында белгілі адам туралы
информация болады, ал оның қасиеттерінің мәндері “N”, “Тегі”, “Телефоны”,
“E-mail” әр түрлі бағандарда сақталады.
N Тегі Телефон E-mail
1 Шардарбекова А. 87057045676 Aiagoz@mail.ru
2 Маханбетярова А. 87057045679 Aigul@mail.ru
3 Молдабекова А. 87014962888 Ainur@mail.ru

Кестенің әрбір қатары жазуларға, ал кестенің ұялары, яғни кестенің
объектілері сақталатын белгілі бір сипаттамалары бар болғаны - өріске
сәйкес келеді. Мұнда кесте бағынының тақырыбы - бұл өрістің аты, ал кесте
қатарының нөмірі - жазудың нөмірі.
Әрбір өріс өзінің атымен және берілген қасиетінің мәнін көрсететін
мәліметтердің типімен сипатталады.
Мәліметтер қорының өрісі - бұл белгілі қасиеттің мәнін қамтитын
кестенің бағаны.
Өріс
Атқаратын қызметі Аты, тегі Телефоны


Жазу
Топ басшысы Маханбетярова А. 87057045679
Топ басшысының көмекшісі Шардарбекова А. 87057045676
Мәдениет секторы Тойкенов Ғ. 87014586655
Тазалық секторы Сырлыбекова Ғ. 87016565745

Жазулар кесте бағандарына және өрістерге бөлінген, сондықтан әрбір
жазу өрісте бар мәндер жиынын көрсетеді.
Мәліметтер қорының жазуы - бұл мәліметтер қорының өрістерінде
орналасқан қасиеттердің мәндерінің жиынын қамтитын кесте қатары.
Әрбір кесте ең болмағанда ішіндегісі бұл кестедегі әрбір жазу үшін
бірегей бір кілтті өрісті қамтиды.

1.3 Microsoft Access программасында деректер қорын жасау
Microsoft Access программасында деректер қоры файлы болып бір немесе
бірнеше кестелерден тұратын, индекстері және сұраныстары бар mdb-типті файл
табылады. Индекс деп жазуларға сілтеме жасап тұратын байланысқан тізімді
атайды. Ол кестеден мәліметтерді іздеуді тездету үшін қолданылады.
Сұраныстар деп кестеден белгілі бір шарттарды қанағаттандыратын қажетті
жазуларды шығаратын SQR тілінің операторларын атайды.
Бұл программаны Қосу – Программалар - Microsoft Access командасын
орындау арқылы ашуға болады. Нәтижесінде шыққан терезеден жаңа деректер
қоры файлын (Новая база данных) немесе дискіде бұрыннан бар файл (открыть
базу данных) ашуға болады.
Microsoft Access файлдары кестелерден, сұраныстардан, формалардан,
есептерден (отчет), макростардан және модульдерден тұрады.
Файлда сақталатын мәліметтер белгілі бір критерийлері бойынша әртүрлі
кестелерде толтырылады. Кестелер қатарлары жазу, ал бағандары өріс деп
аталады. Ол мәліметтерді кестені ашып көруге, редакциялауға болады.
Сұраныстардың көмегімен бір немесе бірнеше кестелердегі мәліметтерді
таңдап қарауға, сұрыптауға, талдауға болады. Сұраныстарды Сұраныстар шебері
немесе Конструктор режимін таңдап жасауға болады. Формалар әр түрлі
мақсаттарда пайдаланылады. Олардың көмегімен деректер қорына мәліметтерді
енгізуге, деректер қорын көруге, редакциялауға болады. Формаға шығарылатын
мәліметтердің көбі кестелер мен сұраныстардан алынады. Кестелермен
байланысты емес мәліметтер форма макетінде сақталады. Форманы кестеге
жазуларымен байланыстыратын басқару элементтері ретінде графикалық
объектілер қызмет атқарады. Көбінесе деректер қорын енгізу және шығару үшін
текстік алаңдар қолданылады.
Есептер мәліметтерді баспаға керекті формада шығару үшін қызмет
атқарады. Есептер жасау үшін мәліметтер көбінесе кестелерден, сұраныстардан
немесе SQL-нұсқауларының көмегімен аланады. Қосымша мәліметтер есеп жасау
барысында енгізіледі. Есеп пен деректерді байланыстыру үшін басқару
элементтері қолданылады. Басқару элементтері ретінде мәтіндік мәліметтерді
шығаратын алаңдар мен есепті көркемдейтін графиктік декоративті сызықтар
қолданылады.
Макростар деп белгілі бір іс әрекеттерді орындау (мысалы форманы ашу-
жабу, есепті баспаға жіберу т.б.) үшін қызмет атқаратын макрокомандалар
жиынтығын айтады. Олардың көмегімен жиі атқарылатын жұмыстар
автоматтандырылады.
Модуль деп қосымшаларға арналған Visual Basic тілінің процедураларының
бір программалық бірлікке жиналған жиынтығын айтады. Модульдердің екі
негізгі типі болады: Класс модульдері және стандартты модульдер. Белгілі
бір формады немесе есеппен байланысқан модульді класс модульдеріне
жатқызады. Ал ешқандай объектілермен байланыспаған және деректер қорының
кез келген терезесінен іске қосыла беретін жиі қолданылатын процедуралар
стандартты модульдерге жатқызылады.
Microsoft Access-те жаңа кестелер жасаудың бірнеше жолы бар.
Кесте жасау үшін Жасау (Создать) батырмасын басу қажет. Нәтижесінде
шығатын диологты терезеде кесте жасаудың бес түрлі режимінен тұратын тізім
көрініп тұрады. Тізімнен режимдердің бірін таңдау арқылы жаңа кесте жасауға
болады.
Тізімнен кестелер режимін таңдап, Ok батырмасын басқанда өрістері
(Поле1, Поле2, ..., Поле20) дайын жаңа кестенің макеті шығады. Жаңа кесте
өрістеріне керекті параметрлерде орнатқаннан кейін кестені жабу батырмасын
басып, шыққан диалогты терезеде кестеге ат беріп сақтау қажет (егер қажет
болатын болса, Access кестеге кілттік өрістің орнатылуын сұрайды).
Тізімнен Конструктор режимін таңдап, Ок батырмасын басқанда экранға
конструктор терезесі шығады. Конструктор терезесінің бірінші бағанына өріс
аттары жазылады, екінші бағанында құрастырылған тізімнен олардың типтері
таңдалады. Өрістердің қосымша параметрлері Конструктор терезесінің төменгі
жағанда орналасқан алаңдарда орнатылады. Барлық параметрлер орнатылғаннан
кейін конструктор терезесінің жабу батырмасын басып, шыққан диалогты
терезеде кестеге ат беріп сақтау қажет (сонымен бірге Access кестеге
кілттік өрістің орнатылуын сұрайды).
Тізімнен кестелер шебері режимін таңдау арқылы дайын үлгілер мен
шаблондарды пайдаланып жаңа кесте жасауға болады. Бұл режимде үлгілер мен
шаблондарды қолданудың негізгі екі жағдайы қарастырылған: жұмысқа қолдану
және жеке басқа қолдану (деловое и личное применение). Кестелер шебері
терезесінен осы екі жағдайдың бірін таңдағаннан кейін Кестелер үлгілері
тізімнен керекті үлгіні таңдау қажет. Одан кейін өрістер үлгілері тізімінен
керекті өрістерді таңдап Оң жақ батырмасын басу арқылы таңдалған өрістерді
Жаңа кесте өрістері тізіміне кірістіру қажет.
Тізімнен Кестелерді импорттау режимін таңдау арқылы деректер қоры
файлына басқа файл кестелерін кірістіруге болады.
Тізімнен Кестелермен байланыс режимін таңдау арқылы деректер қоры
файлын басқа файл кестелермен байланыстыруға болады.
Жаңа кестені жасап болғаннан кейін оны ашып мәліметтер ендіре беруге
болады. Уақыт-мезгілдік-типті өрістердің мәндері берілген уақыт не
мезгілдің форматында жазылуы тиіс. Лигикалық-типті өрістердің мәндері
жалауша орнату немесе алып тастау арқылы енгізіледі. OLE-типті өрістерге
басқа программа файлдарын контексті мәзірден объект қосу командасын
басқанда шығатын объект кірістіру терезесінен таңдау арқылы кірістіріледі.
Гиперсілтеме-типті өрістерге басқа файлдарға сілтемелер контексті мәзірден
Гиперсілтеме – Гиперсілтеме өзгерту командаларын орындау арқылы жасалады.
Visual Basic ортасының құрамына кіретін VisData программасын ашу үшін
бас мәзірден Add-Ins - Visual Data Manager командасын орындау қажет.
Нәтижесінде шыққан VisData терезесінде жаңа деректер қоры файлын жасау үшін
File-New-MA-Ver7.0 командасын орындау керек. Select MAccess Database to
Create терезесінде қажетті буманы ашып, файлға ат беріп сақтағаннан кейін,
жаңа деректер қоры файлы mdb-типті болып сақталады(мысалы
C:\Base\Keste.mdb).
Жаңа деректер қоры файлының ішінде кесте жасау үшін Database Windows
терезесінің кез келген жеріне курсорды апарып, оң жақ батырманы басқанда
шығатын контексті мәзірден New Table командасын орындау қажет. Нәтижесінде
шыққан Table Structure терезесінің Table Name алаңында жаңа кестенің атын
жазу керек (мысалы Кесте1, Кесте2,...).
Жаңа кестенің өрістерін жасау үшін Add Field батырмасын басу қажет,
нәтижесінде шығатын Add Field терезесінде кесте өрістерінің параметрлері
орнатылады. Name алаңына өріс аты жазылады, Type алаңында өріс
элементтерінің типі көрсетіледі, ал Size алаңында өрістің өлшемдері
жазылады. Кесте өрісінің параметрлері орнатылғаннан кейін Ok батырмасы
басылады. Дәл осылай кестенің барлық өрістері толтырылғаннан кейін Close
батырмасын басу арқылы Add Field терезесін жабу қажет.
Кесте жасап болғаннан кейін Table Structure терезесінен Build the
table батырмасын басып шығу қажет.
Visual Basic ортасында деректер қоры файлын жасау үшін CreateDatabase,
CreateTableDef және CreateField әдістері қолданылады. Деректер қоры файлын
жасау үшін алдымен формаға Data компонентін орналастыру қажет. Сонан соң
CreateDatabase, әдісін қолданып, дискіде жаңа деректер қоры файлы жасалады,
жазылу форматы:
SetX=O. CreateDatabase(S, B, A) S файлын жасау
Мұндағы: Х – файлдық айнымалы.
О – объектілі айнымалы, егер бұл параметр көрсетілмесе, онда
стандартты Workspace объектісі қолданылады.
S – файлдың орналасатын жолы, мысалы c:\base\keste.mdb, егер файлдың
типі көрсетілмесе, онда автоматты түрде mdb типке тіркеледі.
B – жолдық қатарларды салыстыруларда және сұрыпталуларда қолданылатын
символдық реттік тәртібін анықтайтын міндетті түрде көрсетілуі тиіс шама.
Ол келесі мәндерді қабылдай алады: dbLangGeneral – ағылшын, неміс, француз,
португал, итальян, және испан тілдері. dbLangArabic – араб тілі.
dbLangChineseSimplified – жеңілдетілген қытай тілі.
dbLangChineseTraditoinal – қытай тілі. dbLangCyrillic – орыс тілі.
dbLangCzech – чех тілі. dbLangDutch – голланд тілі. dbLangGreek – грек
тілі. dbLangHebrew – иврит тілі. dbLangHungarian – венгр тілі.
dbLangIcelandic – исланд тілі. dbLangJapanese – жапон тілі. dbLangKorean –
корей тілі. dbLangNordic – Скандинавия тілдері. dbLangNorwDan – норвег
тілі. dbLangPolish – поляк тілі. dbLangSlovenian – словен тілі.
dbLangSpanish – испан тілі.
А – мәліметтердің жазылу форматтары мен шифрлау режимдерін анықтайтын
қосымша параметрлер, бұл параметрлердің жазылуы міндетті емес.
Деректер қоры файлын жасап болғаннан кейін CreateTableDef әдісін
қолдану арқылы кестелер жасалады, жазылу форматы:
SetY=X. CreateTableDef (A, B, C, D) жаңа А кестесін жасау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
X.TableDefsAppend Y кестені файлға кірістіру
Мұндағы: Y – кестелік айнымалы. Х – файлдық айнымалы.
А – жаңа жасалатын кестенің атауы.
В – жазылуы міндетті емес өрістің қосымша атрибурттары, келесі
мәндерде қабылдай алады: dbAutolncrField – жаңа жазудың мәні автоматты
түрде Long-типті шамаға өсе алады, dbDescending - өрістің мәндері Я-дан А-
ға немесе 100-ден 0-ге дейін сұрыптала алады, dbFixelField - өрістің өлшемі
тұрақты болады, dbHyperlinkField – Memo-типті өрістерде гиперсілтеме
жасалынады, dbSystemField – системалық репликациялар туралы мәліметтер, бұл
өрістерді өшіруге рұхсат етілмейді, dbUpdatableField - өрістің мәндерін
өзгертуге болады, dbVariableField – мәтіндік өрістердің өлшемдері айнымала
бола алады.
С – жазылуы міндетті емес, мәліметтердің көзі болып табылатын Variant-
типті сыртқы деректер қорының кестесінің атауы.
D – жазылуы міндетті емес, мәліметтердің көзі туралы ақпарат сақтайтын
Variant-типті айнымалы.
Кесте жасап болғаннан кейін Create Field әдісін қолдану арқылы кесте
өрістері жасалады, жазылу форматы:
Set Z = Y.CreateField(S, A, B,) S жаңа өрісін жасау
Y.Field.Append Z әрбір жаңа өрісті кестеге кірістіру
Мұндағы: Z – өрістік айнымалы.
Y – кестелік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәліметтер қорының орындалу жолдары
Delphi және мәліметтер қоры сервері
Delphi ортасының мәзір терезесі және саймандар тақтасы
Visual Basic 6 жобалау ортасы
ADO технологиясы
Файлдар және файлдық жүйе
Delphi және мәліметтер қоры сервері. мәліметтерге ado арқылы қатынау
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары туралы
Delphi-де мәліметтер қорын құру технологиялары жайлы ақпарат
Ақпараттық iздеу және ақпаратты iздеу жүйесi түсiнiктерi, олардың сұлбасы және жiктелуi
Пәндер