Науқастарды қабылдау бөлімінің қызметі



І. Негізгі бөлім
1. Науқастарды қабылдау бөлімі туралы
2. Антропометрия
3. Салмағьін өлшеу
4. Кеуденің көлемін өлшеу
5. Науқасты санитарлық өңдеуден өткізу
6. Сырқатты бөлімшеге тасымалдау
Пайдаланылған әдебиеттер
Қабылдау бөлімі аурухананың бір бөлімі болып саналады. Қабылдау бөлімінің атқаратын жұмыстары: ауруды тіркеу, қарау, тексеру, санитарлык тазалық, аурудың алғашқы белгілерін анықтайды, алғашкы медициналык көмек керсетеді.
Қабылдау бөлімі аурухананың құрылымына қарай орналасады. Қабылдау орталық және жеке-жеке бөлімдерден тұрады. Орталық қабылдау бөлімі бүкіл аурухананың бөлімдерімен бірге орналасады, ал дербес қабылдау бөлімі жеке орналасады, әр бөлімдерде өзінің қабылдау бөлмесі болады, қабылдау бөлмесі ауруханадан алыстау орналасқаны дұрыс.
Науқастарды жеткізу ыңғайлы болу керек. Ол үшін маши¬на жүретін жол асфальтталған, подъездерге кіретін жол оңтайлы, көтерілетін баспалдақтар кең зембіл сиятындай болғаны кажет. Қабылдау бөлімдерінде бірнеше бөлмелер болады: науқастарды қарайтын бөлім, тіркеу бөлмесі, оңаша бөлме, жұқпалы ауруларға арналған бөлме, аурулардың алғашқы белгілерін анықтайтын жеке бөлме.
Үлкен ауруханаларда операция жасайтын, жарақат зардабын емдейтін манипуляция (әрекеттік) және рентген бөлімдері болады.
Әйелдерді қарайтын бөлмеде әр аурудан кейін астына төсейтін жаялықтар ауыстырылып тұрады. Тезірек көмек көрсету үшін керекті аспаптар болады. Қабылдау бөлімінің әр бөлмесіне күн тәулесі түсуі керек.
Бөлменің температурасы 20-25°С-ден төмен болмауы керек. Науқасты киіндіргенде суық тимеуі қажет. Әйелдер қарайтын бөлмеде тесекшенің астында ағаштан жасалған төсеніш болады. Науқастардың киімі сақталатын бөлме қабылдау бөліміне жақын орналасуы кажет. Науқас адамдардың сауыга бастауы медицина қызметкерлерінің ұйымдастыру қабілеті мен жемісті ісінін нәтижесіне байланысты,
Соңғы кездерде медицина қызметкерлерінің қабылдау бөліміндегі қызметі өзгерді. Медицина қызметкерлерінің алдына үлкен мақсаттар қойылды. Аурудың көбеюіне байланысты неше турлі аспаптар көбейді.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
НАУҚАСТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТІ
Қабылдау бөлімі аурухананың бір бөлімі болып саналады. Қабылдау
бөлімінің атқаратын жұмыстары: ауруды тіркеу, қарау, тексеру,
санитарлык тазалық, аурудың алғашқы белгілерін анықтайды, алғашкы
медициналык көмек керсетеді.
Қабылдау бөлімі аурухананың құрылымына қарай орналасады. Қабылдау
орталық және жеке-жеке бөлімдерден тұрады. Орталық қабылдау бөлімі бүкіл
аурухананың бөлімдерімен бірге орналасады, ал дербес қабылдау бөлімі жеке
орналасады, әр бөлімдерде өзінің қабылдау бөлмесі болады, қабылдау бөлмесі
ауруханадан алыстау орналасқаны дұрыс.
Науқастарды жеткізу ыңғайлы болу керек. Ол үшін машина жүретін жол
асфальтталған, подъездерге кіретін жол оңтайлы, көтерілетін баспалдақтар
кең зембіл сиятындай болғаны кажет. Қабылдау бөлімдерінде бірнеше бөлмелер
болады: науқастарды қарайтын бөлім, тіркеу бөлмесі, оңаша бөлме, жұқпалы
ауруларға арналған бөлме, аурулардың алғашқы белгілерін анықтайтын жеке
бөлме.
Үлкен ауруханаларда операция жасайтын, жарақат зардабын емдейтін
манипуляция (әрекеттік) және рентген бөлімдері болады.
Әйелдерді қарайтын бөлмеде әр аурудан кейін астына төсейтін жаялықтар
ауыстырылып тұрады. Тезірек көмек көрсету үшін керекті аспаптар болады.
Қабылдау бөлімінің әр бөлмесіне күн тәулесі түсуі керек.
Бөлменің температурасы 20-25°С-ден төмен болмауы керек. Науқасты
киіндіргенде суық тимеуі қажет. Әйелдер қарайтын бөлмеде тесекшенің астында
ағаштан жасалған төсеніш болады. Науқастардың киімі сақталатын бөлме
қабылдау бөліміне жақын орналасуы кажет. Науқас адамдардың сауыга бастауы
медицина қызметкерлерінің ұйымдастыру қабілеті мен жемісті ісінін
нәтижесіне байланысты,
Соңғы кездерде медицина қызметкерлерінің қабылдау бөліміндегі қызметі
өзгерді. Медицина қызметкерлерінің алдына үлкен мақсаттар қойылды. Аурудың
көбеюіне байланысты неше турлі аспаптар көбейді.
Сондықтан медицина қызметкерлері өз мамандықтарын жете білуі қажет.
Қабылдау бөлімінде дұрыс, әрі дәл істелінген жұмыс аурухананың жалпы
қызметіне әсер етеді.
Қабылдау бөлімінде өздеріне қажетті ьщғайлы зембілдер, науқастарды
басқа бөлімдерге апаратын қол арбалар және ақжайма көрпелер, өздері жүретін
науқастарға ауа райына байланысты киетін жылы шапандар болуы қажет.

Ақжайма әрбір науқастан кейін ауыстырылып тұру керек. Қабылдау
бөлімінің жұмысы өзінің ретімен жүреді. Науқастарды тіркейді. Дәрігердің
қарауы, тазалық сақтау шаралары жүргізіледі. Әр бөлім жоғарыда айтқандай
орналасады.
Науқас адамдар тіркелгеннен кейін оларды дарігер қарайды, ауру
белгілері анықтанғаннан кейін диагнозына қарай әр бөлімге беледі. Содан
кейін қандай тазалық шараларын қолдану керегін айтады.
• Қабылдау бөлімінде мейірбикенің істейтін жұмыстары
Мейірбикенің істейтін жұмыстары:
1. Ауруханаға түскен науқастардың құжаттарын тіркейді.
2. Науқастың денесінде бит-сірке бар-жоғын және жұқпалы аурудың
белгілерін қарайды.
3. Науқасты дәрігердің бөлмесіне дейін апарады.
4. Тазалық сақтау шараларын жасайды.
5. Ауруларды бөлімшеге апарады.

Құжаттарды қабылдау:
Бөлімшеге түскен науқастың сырқатының тарихын толтырылады; әкесінің,
өзінің атын, жасын, тұратын жерін, мамандығын. Ал ауруханаға есін білмейтін
жағдайда түссе, ол туралы мәліметті қасындағы туған-туыстарынан алады.
Науқас қабылдау бөліміне ауыр халде түсетін болса, оны тездетіп
ренимация бөліміне жіберіледі, қажетті көмек көрсетіледі.
Науқастардың қымбат заттары кұжаттарын қабылдау бөлімінде темір жәшікке
сақталынып қойылады немесе бас мейірбикеге тапсырылады.
Науқастың күйіне қарай мейірбике оның салмағын, бойының ұзындығын
өлшеп, дәрігердің қабылдау бөлімесіне апарады. Онда дәрігер болжау
диагнозын қойып, қандай тазалық шаралары керек екендігін және қайда
орналастыруды айтады.
АНТРОПОМЕТРИЯ (адам денесін өлшеу)-адам денесінің дамып жетілуін оның
бойының ұзындығын өлшеумен анықтау. Мейірбике науқастың бойын, кеудесінің
көлемін өлшейді. Жәй антропометриялық анықтауды мейірбике әрбір бөлімшеде,
емханада, шипажайда және, демалыс үйлерінде жасайды. Науқастың бойын бой
өлшейтін метрмен өлшейді. Бойын өлшегенде науқас бой өлшейтін сырыққа
арқасын тіреп тұрады, өкшесі, жамбасы, жауырыны желкесі тиіп тұру қажет.
Басы, құлағының ұшы, көзінің сырты бірдей көлденең сызықта тұрады, тақтайды
төбесіне жанастырып, бойын шкаланың төменгі белгісінен анықтайды, кей кезде
науқасты отырғызып та анықтайды. Анықталған цифрға отырған жерінен
аяғына дейін қосады.
САЛМАҒЬІН ӨЛШЕУ — медициналық жүз килограмнан асатын гирямен
атқарылады. Науқастың салмағын таңертең тамақ ішпей тұрып таңғы дәреттен
кейін іші тазаланған соқ өлшейді. Халі мүшкіл науқастың салмағын отырғызып
өлшеу кажет.
КЕУДЕНІҢ КӨЛЕМІН —сантиметрлік тасынмен кеуденің алдыңғы IVқабырғасы
мен артқы жауырынның бұрышын ала өлшенеді. Науқастың қолы төмен түсіп,
демалысы баяу болу керек. Қатты дем алған мезетте және дем шыққаннан кейін
өлшеген дұрыс.
Антропометр шен өлшегеннен соң мейірбике науқасты дәрігер қарап
болғанша қасында болады, кеңесшілер керек болса ЭҚГ жасауға көмектеседі,
санитарлық өту орнына апарады.

Науқасты санитарлық өңдеуден өткізу
Жоғарыда айтылып өткендей, науқас қабылдау бөлмесіне түскеннен бастап,
оны педикулезге қарсы тыңғылықты тексереді. Бұл жағдайда адам паразиті -
бас, киім-кешек және қасаға биті болуы мүмкін.
Бас биті-өзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Емдеу-сауықтыру мекемелерінің негізгі түрлері. Олардьің жұмыс істеу қағидалары
Стационардағы пациенттің медициналық анықтамасы
Емдеу –сақтандыру мекемелерінің түрлері және ондағы медицина қызметкерлер жұмысының ұйымдастырылуы
Жедел медициналық көмек
ӘСКЕРИ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ
ПСИХИКАЛЫҚ НАУҚАСТАРДЫ ТІРКЕУ
Госпитализациялау шарттары, инфекциялық стационардың тәртібі
Амбулаторлы хирургиялық қызметті ұйымдастыру
Халыққа амбулаториялық көмек көрсету
Ауруханалардың арнайы бөлімшелерінің (хирургиялық, акушерлік, балалар және поликлиникалық) ішкі ортасын жоспарлау мен ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар
Пәндер