Әйелдердің киім-кешегі


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

3. 1. Қазақ әйелінің киім үлгісін тігуге қажетті материалдар және мата түрлеріне сипаттама

3. 2. Қазақ әйелінің киімінің сызбасын сызу және модельдеу

3. 3. Әйел киімінің өзіндік құнын есептеу

Әйелдердің киім-кешегі. Ғұрыптық салтқа негізделген, ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен әшекейленген, әлеуметтік дәрежені көрсететін әйелдердің киімдері. Қазақ әйелдер киім-кешегі көшпелі тұрмыс пен ауа райына бейімделіп, шаруашылық пен мәдени ғұрыптық негізде болған.

Әйел киімдерінің қазақ елінің бәріне мәлім ортақ түрлері: көйлек, кимешек, жаулық, сәукеле, тақия, қамзол, көзекей, кебіс, мәсі, кәкірекше сияқты киімдер. Сондай-ақ, әшекей, ажар жағынан қыз киімдері, келіншек киімдері, орта жастағы әйелдер мен қарт бәйбішелердің киімдері деп жас ерекшеліктеріне қарай тігіледі. Қазақ қолөнер шеберлері киімге катысты әртүрлі әшекейді зерделей білген. Маусымдық, өлкелік, әлеуметтік және жас ерекшеліктеріне байланысты, сонымен қатар күнделікті тұрмыстық және сән-салтанатты киім-кешек түрлерін тігуде мата, басқа да қажетті заттарға үлкен мән берілген.

Қазақтың ұлттық киімін сипатына қарай іштік, сырттық, сулық, бір киер, сәндік және кейбірінде салтанат ғұрып киімі деп бөледі. Бір киер киім деп қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға, жиын топтарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киімдерді атайды. Әйелдердің іштік киімдеріне көйлек, дамбал, желетке, қамзол, кәзекей; сырттық киімдеріне читан, күпі, кеудеше, тон, шидем; сулық киімдеріне қаптал шапан, кебенек, кенеп, сырттық жатады.

Мереке, той-думандарда, аста, дүбірлі жиындарда әжелер бастарына ақ кимешек, шылауыш, күндіктерін салып, үстілеріне ақ шағидан жалбырлы көйлек, жалаң бешпет, сыртынан оқалы шапан, түлкі ішіктерін киіп, белін жібек белбеумен буып, оюлы кебіс мәсі киіп төрден орын алған. Ал келіншектер, әйелдер бастарына кестелі кимешек шылауыш, түйреуіштерін тағып, сәукеле, қызыл желектерін салады, үстілеріне желбір көйлек, кестелі көйлек, кәзекей кестелі жекет, кестелі кәмзол, жанат ішіктерін киеді, жібек, кемер белбеу тағынады, құлақтарына алтын сырга, мойындарына алтын-күміс алқа тағып, білегіне білезік, саусақтарына жүзік салып, кестелі тізе қап, биік өкшелі көксауыр етік, қызыл етік, шеттік етік киеді. Сондай-ақ, қазақ қыздары мен бойжеткендері шаштарына шашбау тағып, құлаққа сырга, қолға білезік, сақина салып, мойындарына алтын- күміс алқалар тағып, қос етекті алты қиық, төрт қиық койлектерін киіп, кестелі тізе қап, аяқтарына оюлы қызыл, көк, қара былғары етік киеді.

Қазақ әйелдерінің бас киімдері өзіндік ерекшелік- терімен өзгешеленеді және жасалуының өзіндік ғұрыптық, салттық негізі бар. Әйелдердің бас киімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер, оюлы түрі бар) қасаба, бүркеніш, шылауыш және т. б. Қазақ әйелдерінің бас киімдері олардың жасы мен отбасыдағы жағдайына байланысты ерекшеленеді. Жаздыгүні қыздар түрлі-түсті жібек, барқыт, мақпалдан тігілген, төбесі жайпақ дөңгелек тақыя (тебетей) кисе, қыс маусымында ауқаттылар камшат бөрік киген. Бойжеткендер мен қыздар зере, тақия, төбетай, қарқара бөріктерінің төбесіне үкі таққан, себебі қазақ наным-сенімінде үкі құсы киелі саналады. Қыздардың тақиясы қызыл, күлгін, жасыл, т. б. бір түсті шұға, барқыт, мауыты сияқты кездемелерден, өңді маталардан қабатталып сырылып тігіледі

Сәукеле - ұзатылған қыз киетін аса қымбат бағалы, кәделі әрі әсем бас киім. Сәукеле 2-3 қарыстай биік, ол дөңгелек төбе жағына қарай жіңішкере береді. Жоғарғы жағына үкі тағады. Сәукеленің өн бойы қымбат матамен қапталып, оның сыртына алтын, күміс, інжу-маржан, меруерт сияқты асыл тастардан жасалған моншақтар тағылады. Түрлі түсті қымбат жіптермен тігіледі, безендіріледі. Сәукелені өте шебер әйелдер ғана тігеді. Ұзатылған қыздың дәрежесі осы сәукелесіне қарап бағаланады. Әрине, мұндай бағалы бас киімді байлар мен өте ауқатты адамдардың қыздары ғана киген.
Сәукеле - тек бас киім емес, ол - қазақ халқының байлығы мен сән-салтанатының мәдениеті мен өнерінің озық үлгісі, өнер туындысы ретінде бағаланатын өте қымбат этнографиялық мүлік.
Сонымен бірге ол - қазақтың қыздарына деген көзқарасының да бір белгісі. Дәстүр бойынша сәукеле тек ұзатылатын қыздарға ғана кигізіледі, оны айырбастамайды, басқаға киюге беруге болмайды.
Ішік - сәнді әрі жылы киім. Мұның сыртын берік матадан, ішін аң, мал терісінен тігеді. Сәндік үшін жағасынан бастап өңірі, етегіне дейін теріден жұрындайды. Ішік ұзын әрі мол пішіліп тігіледі. Жағасы тік болады. Ішіне салынған терісіне қарай ол күзен ішік, қасқыр ішік, бұлғын ішік, түлкі ішік, суыр ішік, сеңсең ішік, жанат ішік деп аталады. Бота терісінен жүні ішіне қаратылып тігілген ішік сирек кездеседі. Ішікті еркектер де, әйелдер де киген. Әйелдерге, жастарға арналған ішіктер әшекейленіп, түрлі ою, кестелер салынып тігіледі.
Камзол - әйелдің жасына қарай қызыл, көк, жасыл, қара түсті барқыт, шұға т. б. матадан әсем безендіріліп тігілетін киім. Жағалы, жиекті, жеңді немесе жеңсіз тігіледі. Өңір жиек, алқа, тұмарша, үкіаяқ т. б. алтын, күміс зергерлік бұйымдары тағылады, қатырмалы түймелі болады. Жағасына, етегіне зерлі оқалар, өрнектер жүргізіледі.
Жаулық - ақ матадан жасалатын әйелдің ең негізгі бас киімі. Әз әжелер, асыл аналарды ардақтап, ақ жаулықты деп атайды. Жаулық - қазақ әйелдерінің ары, ажары, беделі мен көркі. Арқа жерінде ардақты әжелерге жоғары және төмен деп аталатын жаулық тартқан. Мұндай жаулықтар биік әрі көрнекті болған, әжелер мәртебесі мен ажарын көтере түседі. Ертеде мұндай жаулықтарды көбінесе бәйбішелер киген. Әжелер иығынан асып тұратын кимешекте киеді. Оның алдыңғы жағы түрлі түсті ою-өрнекті болады.
Бөкебайды әйелдер өздеріне шаршылап, кейде үшбұрыштап, әр түрлі үлгіде із салып, ақ немесе күлгін түсті түбіттен тоқиды. Тоқудың да қарға тұяқ, ирек, айшық, құстаңдай, бұрама деген көптеген түрлері мен үлгілері болады. Жиегіне тоқу арқылы шашақ салып, селдіретіп те тығыздап та білтелеп тоқиды. Жаңа тоқыған бөкебайды жуып, керіп кептіріп, үлпілдетіп түбітін шығарады әрі жылы, әрі сәнді бағалы киім болып шығады.
Қазақша көйлек - әйелдер киімі. Түсі ашық, жақсы маталардан тігіледі. Ертедегі көйлектер тік жағалы, жеңді әрі ұзын болған. Етегінен жоғары бір неше екі қатар бүрмелеп, қосымша маталар тігіледі. Мұндай көйлекті желбіршек көйлек немесе қос етек көйлек дейді. Көйлек әйел қауымының «бұйрықты» киімі.
Кимешек - қазақ әйелдерінің бас киімі. Кимешекті жас келіншектерден бастап, егде жастағы әйелдерге дейін киген. Ол көбінесе ақ матадан тігілген, ал жастау келіншектерге үлбіреген ақ жібектен жасаған. Кимешек басты, мойынды, кеудені, иық пен жауырынды жауып тұрады. Оның өңірге, жауырынға түсіп тұратын бөлігін күйдік деп атайды. Көбінесе келіншектерге арналған кимешектердің бет жақтаулары алуан түрлі ою-өрнектермен кестеленіп, оқаланып, кей жағдайда алтын, күміс, асыл тастармен, түрлі шытыралармен, тана моншақтармен әшекейленеді. Қазақстанның әр өлкесінде сол өңірді мекендейтін рулардың киімдерінде орын алатын ерекшеліктер сияқты кимешектердің де пішімінде, түрінде, кестеленуінде, оқалануы мен әсемдеу тәсілдерінде өзіндік өзгешеліктері бар. Қазіргі кезде кимешек элементтері пайдаланылмаған әйелдердің бас киімін шығару өндірістік жолға қойыла бастады.
Мәсі - аяқ киімнің бір түрі, оны былғарыдан, шегіреннен, құрамнан тігеді. Мәсінің сыртынан кебіс не ластық киеді. Көбінесе мәсінің қонышы астарланып, көмкеріледі. Ал ұлтаны жалаң қабат болады. Ол тарамыспен, ішкі жағынан жөрмеп немесе жара шаншып өбістіре тігу арқылы ұлтарылады. Етікші мәсі тіккенде ең алдымен мәсінің басын, қонышын жұқа былғарыдан, ұлтанын қалың былғарыдан тігіп қондырады. Осыдан кейін мәсінің қонышын тігеді. Мәсінің қонышын қусырғанда тігістің арасына жіңішке сыздық салады.
Мәсі - әрі жеңіл, әрі жұмсақ аяқ киім. Ол әсіресе тазалық үшін аса қолайлы. Соңғы жылдары жергілікті кәсіпорындар мәсіні көптеп шығаратын болды. Аяқ киімнің бұл түріне деген сұраныс жылдан жылға көбейе түсуде.

ӘЙЕЛДЕР КИІМІ

http://vkoem.kz/images/stories/content/exp/dress/1_s.jpg http://vkoem.kz/images/stories/content/exp/dress/2_s.jpg Әйелдер киімінің түрлері ерлердікіне қарағанда көбірек және жасына қарай ерекшеліктері болған. Әйелдердің ішкі киімі көйлек пен дамбалдан тұрған. Сырт көйлекті жеңіл матадан тіккен, оның пішімі туника тәріздес болып келген.

ХІХ ғасырдың соңында ескі үлгіні біртіндеп ысырып шығарған жаңа үлгідегі көйлектер пайда болды. Көйлектерді кеудешелі етіп және етегі белден қиылып жасай бастады.

Қыздардың бүрмелі көйлегі де сол кезде пайда болды және оларды тұрмысқа шыққан жас келіншектер де киген. Бай әйелдер киімді жібектен, атластан, барқыттан, қамқадан тіккен. Ортаазиялық жібектерді, ал шығыста - қытайдікін таңдаған. Жастар көйлектердің кеуде ойындысының төңірегіне, етегіне, жеңінің ұшына кесте, жапсырма салып сәндеген. ХІХ ғасырдың екінші жартысында зермен өңдеу кең етек алды.

http://vkoem.kz/images/stories/content/exp/dress/3_s.jpg http://vkoem.kz/images/stories/content/exp/dress/4_s.jpg Қазақ әйелдері көйлектің сыртынан камзол киген, олар көбіне жеңсіз болған. Камзолды барқыттан және басқа маталардан тіккен, оны ілгегі мен ілмегі бар күміс қапсырмамен қапсырған.

Әйелдердің әдеттегі және ежелгі сырт киімі - ұзын жеңді, түзу тігісті кең шапан.

Бас киімдер әйелдердің отбасы жағдайын білдіретін. Қыздардың бас киімі - кепеш кестемен сәнделіп, төбесіне тұмар ретінде бір шоқ үкі тағылатын.

Тұрмысқа шығатын кезде киетін, сәнделуі жағынан бай келген сәукеле - орташа биіктігі 70 см шамасындағы конус тәріздес бас киім. Сәукелеге күміс пластиналар тігіліп, жиегіне үлбір жапсырылатын, сондай-ақ кестемен, зермен, маржанмен әшекейленді.

Кимешек - тұрмыстағы әйелдің бірінші балаға босанғаннан кейін киетін бас киімі. Ол шаршы матадан бетке арналған ойынды жасап пішіледі.

Әйелдердің аяқ киімі ерлердікінен ерекшеленбеген. Қыздар мен жас келіншектер биік өкшелі етік - шоңқайма етік кисе, кексе әйелдер аласа өкшелісін киген, бірақ көбіне мәсі және оның сыртынан былғары кебіс кигенді тәуір көрген.

Адам денесіне киім тігу үшін өлшемдер алу кезінде сақталатын ережелер:

1. Өлшемдерді адам денесінің оң жағында тұрып түсіреді;

2. Белін алдын ала жіппен буып қояды;

3. Өлшем алатын адам табиғи тік түруы керек;

4. Таспаны қатты тартуға немесе босатуға болмайды;

5. Ер адамдар тұлғасы тік бүрышты силуэтті, ал әйел адамдар үшбүрышты силуэтті.

6. Ұзындық өлшемдері толық, ен өлшемдері жартылай жазылады.

Адам денесінің өлшемін алу техникасы

Өлшем бірліктердің аты
Өлшем бірліктердің шартты белгіленуі
Өлшеу әдістері
№: 1
Өлшем бірліктердің аты: Мойынның жарты айналымы
Өлшем бірліктердің шартты белгіленуі: М. а.
Өлшеу әдістері: См-лі таспаны арқа бойдағы мойынның 7-ші омыртқасымен айналдырып, алдыңғы бой бұғанасына дейін алынады. Өлшем 2-ге бөлініп жазылады.
№: 2
Өлшем бірліктердің аты: Көкірек жарты айналымы
Өлшем бірліктердің шартты белгіленуі: К. а.
Өлшеу әдістері: Кеуденің горизонтальды сызығымен қолтық асты арқылы көкіректің ең жоғарғы нүктелері арқылы айналдырып өлшеу. Өлшем 2-ге бөлініп жазылады.
№: 3
Өлшем бірліктердің аты: Белдің жарты айналымы
Өлшем бірліктердің шартты белгіленуі: Б. а.
Өлшеу әдістері: См-лі таспаны белдің жіңішке тұсымен айналдырып өлшеу. Өлшем 2-ге бөлініп жазылады.
№: 4
Өлшем бірліктердің аты: Мықынның жарты айналымы
Өлшем бірліктердің шартты белгіленуі: Мқ. а.
Өлшеу әдістері: Мықынның ең шығыңқы нүктелерін айналдыра іштің шығыңқы тұстарын ескере отырып өлшеу. Өлшем 2-ге бөлініп жазылады.
№: 5
Өлшем бірліктердің аты: Арқаның жарты ені
Өлшем бірліктердің шартты белгіленуі: А. е.
Өлшеу әдістері: Өлшемді жауырын үстімен қолтық астынан алады. Өлшем 2-ге бөлініп жазылады.
№: 6
Өлшем бірліктердің аты: Көкірек жарты ені
Өлшем бірліктердің шартты белгіленуі: К. е.
Өлшеу әдістері: Өлшемді кеуденің жоғарғы жағынан екі қолтық астының аралығы өлшенеді. Өлшем 2-ге бөлініп жазылады.
№: 7
Өлшем бірліктердің аты: Көкірек центрі
Өлшем бірліктердің шартты белгіленуі: К. ц.
Өлшеу әдістері: Көкіректің жоғарғы нүктелерін қосатын горизонталь өлшенеді. Өлшем 2-ге бөлініп жазылады.
№: 8
Өлшем бірліктердің аты: Арқаның белге дейінгі ұзындығы
Өлшем бірліктердің шартты белгіленуі: А. Б. Ұ.
Өлшеу әдістері: Мойын мен иықтың қосылған нүктесінен бастап, белге дейінгі ұзындық өлшенеді. Өлшем 2-ге бөлініп жазылады.
№: 9
Өлшем бірліктердің аты: Кеуденің белге дейінгі ұзындығы
Өлшем бірліктердің шартты белгіленуі: К. Б. Ұ.
Өлшеу әдістері: Өлшемді мойын мен иықтың қосылған нүктесінен кеуденің көтеріңкі нүктесі арқылы белге дейінгі өлшем алынады.
№: 10
Өлшем бірліктердің аты: Көкірек биіктігі
Өлшем бірліктердің шартты белгіленуі: К. б.
Өлшеу әдістері: Мойын мен иықтың қосылған нүктесінен бастап, көкіректің жоғарғы нүктесіне дейінгі биіктік өлшемі. Өлшем тұтас жазылады.
№: 11
Өлшем бірліктердің аты: Қолтық ойындысының тереңдегі
Өлшем бірліктердің шартты белгіленуі: Қ. о.
Өлшеу әдістері: Өлшем иықтың жоғарғы нүктесінен бастап, жауырын биіктігі арқылы қолтық асты қосылған гоизонтальды сызықпен қиылысатын нүктеге дейінгі биіктігі өлшенеді.
№: 12
Өлшем бірліктердің аты: Арқаның белге дейінгі қиғаш ұзындығы
Өлшем бірліктердің шартты белгіленуі: А. Б. Қ. Ұ.
Өлшеу әдістері: Өлшем иықтың төменгі нүктесінен бел омыртқасына дейін өлшенеді.
№: 13
Өлшем бірліктердің аты: Көкіректің қиғаш биіктігі
Өлшем бірліктердің шартты белгіленуі: К. Қ. Б.
Өлшеу әдістері: Иықтың төменгі бөлігі көкіректің ең жоғарғы бөлігіне дейінгі өлшем алынады.
№: 14
Өлшем бірліктердің аты: Иық ені
Өлшем бірліктердің шартты белгіленуі: И. е.
Өлшеу әдістері: Мойын мен иықтың қосылған жерінен бастап қолдың ең жоғарғы нүктесі арқылы өлшенеді.
№: 15
Өлшем бірліктердің аты: Қолдың шынтаққа дейінгі ұзындығы
Өлшем бірліктердің шартты белгіленуі: Қ. Ш. Ұ.
Өлшеу әдістері: Мойынның иықпен қосылған жерінен бастап шынтаққа дейінгі өлшем алынады.
№: 16
Өлшем бірліктердің аты: Қолдың білезікке дейінгі ұзындығы
Өлшем бірліктердің шартты белгіленуі: Қ. Б. Ұ.
Өлшеу әдістері: Мойынның иықпен қосылған жерінен бастап, шынтақ арқылы білезікке дейінгі өлшем алынады.
№: 17
Өлшем бірліктердің аты: Қол айналымы
Өлшем бірліктердің шартты белгіленуі: Қ. а.
Өлшеу әдістері: Қолдың ең жуан жері қолды қолтық асты арқылы өлшенеді. Өлшем 2-ге бөлініп жазылады.
№: 18
Өлшем бірліктердің аты: Білезік айналымы
Өлшем бірліктердің шартты белгіленуі: Біл. а.
Өлшеу әдістері: Білезікті айналдыра өлшеу. Өлшем тұтас жазылады.
№: 19
Өлшем бірліктердің аты: Белден мықынға дейінгі ұзындық
Өлшем бірліктердің шартты белгіленуі: Б. М. Ұ.
Өлшеу әдістері: Артқы белден мықынның шығыңқы нүктесінене дейінгі ұзындық өлшенеді.
№: 20
Өлшем бірліктердің аты: Көкіректің бірінші айналымы
Өлшем бірліктердің шартты белгіленуі: К. А. 1
Өлшеу әдістері: Жауырын арқылы см таспамен қолтық астымен алдыңғы көкіректің ең жоғарғы шығыңқы жерін айналдыра өлшеу.
№: 21
Өлшем бірліктердің аты: Кеуденің екінші айналымы
Өлшем бірліктердің шартты белгіленуі: К. А. 2
Өлшеу әдістері: См таспамен алдыңғы күйден қозғалмастан көкіректің ең шығыңқы нүктелерін айналдыра өлшеу.

Керекті негізгі өлшемдер

D:\практика\merki.png

D:\практика\64714384_nuzhnuy_.png

2. Көйлектің сызбасын тұрғызу

Сызбада белгіленуі
Кесінділер мен нүктелердің аттары
Есептеу формуласы
Арнайы денеге
№: Көйлектің негізгі торы
№: 1
Сызбада белгіленуі: 2
Кесінділер мен нүктелердің аттары: 3
Есептеу формуласы: 4
Арнайы денеге: 5
№: 1
Сызбада белгіленуі: Ш Г
Кесінділер мен нүктелердің аттары: Көкірек сызығы
Есептеу формуласы: ҚО+ҚҚО
Арнайы денеге: 20, 5
№: 2
Сызбада белгіленуі: Ш Т
Кесінділер мен нүктелердің аттары: Бел сызығы
Есептеу формуласы: АБҰ+ҚАБҰ
Арнайы денеге: 42, 5
№: 3
Сызбада белгіленуі: Т Б
Кесінділер мен нүктелердің аттары: Мықын сызығы
Есептеу формуласы: БМҰ
Арнайы денеге: 26
№: 4
Сызбада белгіленуі: Т Н
Кесінділер мен нүктелердің аттары: Етек сызығы
Есептеу формуласы: ЮБҰ
Арнайы денеге: 60
№: 5
Сызбада белгіленуі: Т=Т 2
Кесінділер мен нүктелердің аттары: Арқа бойдың орта сызығы
Есептеу формуласы: Т 2 =1. 5
Арнайы денеге: Т 2 =1. 5
№: 6
Сызбада белгіленуі: Г 2 С
Кесінділер мен нүктелердің аттары: Арқа бойдың ені
Есептеу формуласы: АЕ+ҚАЕ
Арнайы денеге:
№: 7
Сызбада белгіленуі: Г 1 П
Кесінділер мен нүктелердің аттары: Кеуде ені
Есептеу формуласы: КЕ+ҚКЕ
Арнайы денеге:
№: 8
Сызбада белгіленуі: СК=П 1 К 1
Кесінділер мен нүктелердің аттары: Қолтық ойындысы
Есептеу формуласы: (Қа:3+2, 5+0, 5) :2
Арнайы денеге:
№: 9
Сызбада белгіленуі: Т 1 Ш 2
Кесінділер мен нүктелердің аттары: Алдыңғы бойдың қзындығы
Есептеу формуласы: КБҰ+ҚКБҰ
Арнайы денеге:
№: Артқы бойдың сызбасы
№: 10
Сызбада белгіленуі: ШР
Кесінділер мен нүктелердің аттары: Мойын ойындысының ені
Есептеу формуласы: Ма/3+ҚМа
Арнайы денеге: 7
№: 11
Сызбада белгіленуі: ШР 1
Кесінділер мен нүктелердің аттары: Мойын ойындысының тереңдігі
Есептеу формуласы: ШР/3
Арнайы денеге: 2, 3
№: 12
Сызбада белгіленуі: R
Кесінділер мен нүктелердің аттары: Иықтың төменгі нүктесі
Есептеу формуласы: Ие+қымтама
Арнайы денеге: 14
№: 13
Сызбада белгіленуі: Т 2 n
Кесінділер мен нүктелердің аттары: Иық қымтамасы
Есептеу формуласы: АБҚҰ+ҚАБҚҰ
Арнайы денеге: 42, 5
№: 14
Сызбада белгіленуі: СС 1
Кесінділер мен нүктелердің аттары: Арқа бойдың қолтық ойындысы
Есептеу формуласы: Сn/3+2
Арнайы денеге: 7. 7
№: Алдыңғы бойдың сызбасы
№: 15
Сызбада белгіленуі: Ш 2 Ш 3
Кесінділер мен нүктелердің аттары: Мойын ойындысының ені
Есептеу формуласы: ШР
Арнайы денеге: 7
№: 16
Сызбада белгіленуі: Ш 2 Ш 4
Кесінділер мен нүктелердің аттары: Мойын ойындысының тереңдігі
Есептеу формуласы: Ш 2 Ш 3 +1
Арнайы денеге: 8
№: 17
Сызбада белгіленуі: Г 1 Г 3
Кесінділер мен нүктелердің аттары: Көкірек центрі
Есептеу формуласы: Кц+Қкц
Арнайы денеге: 9, 3
№: 18
Сызбада белгіленуі: ШЦ
Кесінділер мен нүктелердің аттары: Көкірек биіктігі
Есептеу формуласы: КҚҰ
Арнайы денеге: 25
№: 19
Сызбада белгіленуі: ВВ 1
Кесінділер мен нүктелердің аттары: Көкірек бүкпесі
Есептеу формуласы: 2*(Ка2-Ка1)
Арнайы денеге: 6
№: 20
Сызбада белгіленуі: Цn 2
Кесінділер мен нүктелердің аттары: Иықтың соңғы нүктесі
Есептеу формуласы: КҚҰ+ҚКҚҰ
Арнайы денеге: 24, 5
№: 21
Сызбада белгіленуі:

ПП 1

ПП 2

Кесінділер мен нүктелердің аттары: Қолтық ойындысы
Есептеу формуласы:

СС 1 -2

СС 2 -0, 5

Арнайы денеге:
№: 22
Сызбада белгіленуі:

В

В/4

Кесінділер мен нүктелердің аттары: Бел сызығындағы қымтама
Есептеу формуласы: 2 Т 3 4 Т 5 ) -(Ба+ҚБа)
Арнайы денеге:

9

2, 3

№: 23
Сызбада белгіленуі: Б 1 Б 2 Б 3 Б 4
Кесінділер мен нүктелердің аттары: Мықын сызығындағы қымтама
Есептеу формуласы:

(Мқа+ҚМқа) -(Б 2 Б 3 4 Б 1 )

Б 3 Б 5 4 Б 6

Арнайы денеге: 2
№: 24
Сызбада белгіленуі: H 1 H 2 H 3 H 4
Кесінділер мен нүктелердің аттары: Бұйымның етек сызығы
Есептеу формуласы:

H 2 H 3 = Б 2 Б 5 +1

H 1 H 4 = Б 1 Б 6 +0, 5

Арнайы денеге: 21, 5
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КОСТЮМ ХАЛЫҚТЫҚ СӘНДІК ӨНЕРІНІҢ БІР БӨЛІГІ
Қазақ костюм тарихы
Қазақ ұлттық костюмінің дамуы
Қазақтың ұлттық киімі
Әйелдердің бас киімдері
Қазіргі киім үлгілеріне ою-өрнектерді әсемдеп безендіру
Ұлттық нақыштағы киiмдердi әзiрлеу барысында оқушылардың көркемдiк талғамын қалыптастыру мүмкiндiктерi
Қазіргі киім үлгілеріне ою-өрнектерді әсемдеп безендіру түрлері
Әйел киімдерінің классификация
Қазақ халқының ұлттық киімдері - киім үлгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz