Мектепте сынып сағатын ұйымдастыру мен өткізудің теориялық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

І Бөлім Мектепте сынып сағатын ұйымдастыру мен өткізудің теориялық негіздері.

1. 1. Сынып сағаты ұғым және оның мәні

Мектептегі әрбір мұғалімге оқу процесін ұйымдастырудың негізгі ормасы сыныптык - сабак екендігі түсінікті. Орта мектептегі окушылармен ұйымдастырылатын тәрбие жұмысының негізгі формасысының немесе тәрбие сағаты деп аталады. Соның негізінде оқушылардың қоршаган өмірге жүйелі қатынасын қалыптастыруда, арнаулы ұйымдастырылған тәрбиелі әрекеттерге қатысады.

Сынып сағаты - оқушыларлардың адамгершілік қасиеті мен дұрыс көзқарасын қалыптастыруға, өнер саласындағы талғам - тілектерін тәрбиелеуде, адамдар өмірінде кездесетін жағымды -жағымсыз мінезқұлық нормаларына, олардағы дұрыс көзқарасты қалыптастыруға елжандылық сезімдерін шыңдауға арналған сабақтан тыс кезде өткізілетін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бір формасы болып саналады.

Сынып сағаттарын өткізу барысында оқушылардың танымдық белсенділігі артады, оларда іскерлік, дағды қасиеттері қалыптасады.

Сынып сағаты мынадай тәрбиелік қызметті атқарады: ағартушылық, бағыттаушылық, болжамдылық және қалыптастырушылық.

Сынып сағатының ағартушылық қызметі оқушылардың оқу бағдарламасында қамтылған білімдердің келемін кеңейтеді. Яғни, онда қарастырылатын нысана өмірдің барлық құбылысын қамтиды.

Болжамдық қызметінде оқушыларда ақикат өмірге белгілі бір қарым-қатынасты қалыптастыру, оларда белгілі бір заттық және рухани құндылыктарды жасау болады.

Егерде сынып сағатының ағартушылық қызметі айнала қоршаған өмірмен танысуға мүмкіндік берсе, ал болжамдылық оны бағалауға көмектеседі. Бұл оның негізгі қызметі . Дегенмен де ол сынып сағатының ағартушылық қызметімен өзара байланыста болады.

Бағыттаушылық қызметі, оқушылардың өмірін шынайы практикалық әрекетке бағыттауға көмектеседі. Егерде сынып сағатын өткізу барысында онда белгілі бір нақты бағыттың болмауы, онда оның ықпал ету эсері төмендейді, білім сенімге айналмайды, соның нәтижесінде тұлғаның мінез-құлқында келеңсіз сапалардың пайда болуына жағдай туады.

Қалыптастырушылық қызметі жоғарыда айтылғандай 3 қызметтің орындалуымен байланысты және оқушылар да ойланып істеу және өздерін, сонымен бірге өздерінің өмірін бағалауды дағдыға айналдыруды қалыптастыруды, төппен диалог құра білу біліктіліг тәрбиелеу, өзінің пікірін қорғай білуді көздейді.

Сынып сағатын өткізу барысында белгілі бір нақты бағыт болмаса, онда оның ықпал ету әсері төмендейді, білім сенімге айналмайды, соның нәтижесінде тұлғаның мінез - құлқында жағымсыз әрекеттердің пайда болуына жағдай туғызады.

Сынып сағатын негізінен екі бағытта жүргізіледі. Біріншісі, әдетте, өткен апта негізінде сыныптағы оқушылардың үлгерім нәтижелері, олардың сабаққа қатысуы, тәртібі, оқуы, қоғамдық істері және олардың бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы мәселелер қаралады. Оны ұйымдастыру тек сынып жиналыстары негізінде атқарылады. Екіншісі, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік ісшаралар. Олардың қатарына қызықты әңгімелер, кездесулер, пікірталас пен оқырмандар конференциясы т. б. бағыттағы жұмыстарды жатқызуға болады.

Сонымен қатар, сныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары да сынып сағыт немесе тәрбие сағаттары деп аталады. Онда өндіріске, табиғат аясына бару, оқушылардың теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан шыңдау, оларға деген көзқарастарын қалыптастыру, тамашалау, олардан әсет алу мақсаттарын көздесе, өздері туып-өскен ауыл өмірінің тіршілігіне атсалысуда тәрбие сағаттарының негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. Мысалы, табиғатты қорғауға қатысты тәрбие сағатын ормантоғайғада, кітапты таза әрі күтіп ұстауға қатысты мәселені ауыл жағдайындағы кітапханада, қала жағдайында баспалар үйінде т. с. с. еткізген жөн.

Сонымен, сынып сағаты - оқушылардың қабілеттін анықтаудан басталады. Бұған дайындау барысында оқушылар сурет салады, альбом жасайды, өткізу орнын әзірлейді, жоспар құрады. Әрине, тақырыптык тәрбие сағатын өткізу барысында, сынып жетекшісі оның тақырыбын, сыныптың нақты жағдайын, оқушылардың тәрбиелік деңгейін, олардың адамгершілік сапасының көлемін, көзқарасын, қызығушылығын, талап -тілегін алдын - ала анықтап белгілейді.

Сынып сағатын дайындау және өткізу жұмыстарында әртүрлі формалар мен әдістер және тәсілдер қолданылады: әңгіме, газет, журнал материалдарын оқып, соңынан талдау жасау, мамандардың белгілі бір тақырыптарға лекциялары, дөңгелек стол өткізу, туындылармен танысу, оқушылардың өздері жасаған шығармашылық жұмыстары т. б.

Сынып сағатын балалар әрекетінің сипатына, олардың белсенділігі және дербестігі, өздігінен жұмыс істеу дәрежесіне, тәрбие сағатын дайындау және өткізуде мұғалімнің релі қаншалықты екендігіне байланысты 3 түрге жіктеу қарастырылуда.

Біріншісіне, сынып сағатын өткізуде кең келемде білім, мағлұматтың, өмірлік және педагогикалық тәжірибенің болуы талап етіледі. Мұндай жағдайда балалар әңгіме барысына тек кейбір сұрақтарды талқылауға, деректерді мен мысалдарды келтіруге тартылады. Мысалы, «Өзін-өзі тәрбиелеу туралы », «Өздігінен білім алу дегенміз не?», «Есте сақтау қабілетін қапай дамытуға болады?» т. б. сынып сағаттарының тақырыптарын талқылауда ұстаздарды, мамандарды, психологтарды, лекторларда шақырған жен. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінің міндеті - оқушылар алдында олардың шығып сейлесуіне кемектесу, жағдай туғызу.

Екінші түрі, мұғалімдер мен оқушылардың өзара бірлікті атқаратын әрекетімен сипатталады. Ондағы негізгі ойды анықтау негізінен мұғалімге жүктелсе, оның жолдарын, амал-тәсілдерін құру әрі жүзеге асыру мұғалімнің оқушылармен бірлесіп атқаруымен сипатталады. Оқушылар мұғалімнің басшылығымен сынып сағатының жоспарын және мазмұнын құрайды, мұғалім оқушыларды талқыланып отырған сұраққа шақырып, олардың сөздерін үйлестіріп, бағытын қадағалап, оның барысын өзі жүргізеді. Онда қаралатын мәселе тақырыбына: «Адамның сырт көрініс мәдениеті», «Адамның сырт көрінісі және ішкі мәдениетінің әдемілігін тәрбиелеу», «Адам өміріндегі жолдастьщ, достықтың маңызы» т. е. с.

Үшінші түрі, оқушылардың өзіндік дербес белсенді жұмысы мен сипатталады. Яғни, сынып сағатын дайындау, өткізу барысы оқушылардың өздеріне немесе белгілі бір нақты топқа тапсырылады.

Сынып жетекшісі оқушылармен бірігіп оның негізгі ойын, бағытын және жоспарын құруда

оларға көмектеседі. Сынып сағатын өткізу оқушылардың өздеріне жүктеледі.

Сынып сағатын өткізуге дайындық барысына:

  • оқушылармен бірлесе сынып сағатының тақырыбын, мақсат, міндеттерін анықтау;
  • сынып сағатының міндеттеріне сай оның мазмұнына қатысты материалдар жинау;

- сынып сағатын дайындау және өткізудің жоспарын құру;

  • сынып сағатының дайындық және ету барысында талқыланып отырған мәселеге оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін оятуда олардың санасына, сезіміне және мінез-құлқына әсер ететін әр түрлі амал-тәсілдерді ойластыру;
  • көрнекі құралдарын, музыкалық шығармаларын таңдау, бөлмені даярлау;
  • оқушылар ұжымында ашық әңгіме, жаймашуақ жағдай туғызу;
  • сынып сағатына оқушылардың ата-анасын, жолдастарын, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерді шақырудың тиімділігін анықтау;
  • сынып жетекшісінің сынып сағатын өткізу және оған дайындық барысындағы рөлін, орнын анықтау;

- оқушылардың келешек практикалық әрекеттерінде сынып
сағатынан алған мағлұматтарын пайдалану және бекіту жолдары мен
мүмкіндіктерін қарастыру.

1. 2. Сынып саrаты ұйымдатыру мен өткізудің шарттары

Сынып сағатын дайындау және өткізу жұмыстарында әр түрлі формалар мен әдістер және құралдар қолданылады: әңгіме, газет және журнал материалдарын оқып, соңынан талдау жасау, мамандардың белгілі бір тақырыптарға дәрістері, «дөңгелек үстел» өткізу, өнер туындылармен танысу, оқушылардың өздері жасаған шығармашылық жұмыстары т. б.

Тәжірибе көрсеткендей, оқушылар үшін ең қызықты да нәтижелі өткен тәрбие сағатына, олардың ұжым болып атқарған шығармашылық әрекеттерінің амал-тәсілдері болатындығы. Сондықтан сынып немесе тәрбие сағаттарын өткізуде сынып жетекшілерінің еске алатын негізгі міндеті, осы істерге оқушылардың өздерін қатыстыру, оған олардың белсене араласуын, кез-келген оқушынын тәрбиелік шаралар барысында, яғни оларды дайындау және өткізу кезінде қалыс қалмауын қадағалау. Ол үшін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, оларға белгілі бір бағытта нақтылы тапсырма беріп, олармен ақылдасып, кеңесіп отыру, тәрбие жұмысының барысында оның нәтижелі болуын қамтамасыз етеді. Сондыктан, сынып жетекшісі сынып белсенділерімен алдын ала атқарылатын тәрбиелік шаралар төңірегінде әңгімелесіп, олардың қорытындысын барлық оқушылармен бірге тұжырымдап, әрқайсысына жекедара немесе топтап тапсырмалар беріп отыруы қажет. Сонда ғана ол қызықты, әрі табысты өтеді.

Сынып сағатын өткізуде дайындық жұмыстарының тәрбиелік маңызы да ерекше. Онда оқушылардың жауапкершілігі мен ынтасы артады, сезімін тәрбиелеуге ықпалын тигізеді. Сынып сағатын дайындау және оны өткізу жеке басты қалыптастыруда біріңгай тәрбиелік міндеттерді атқарады. Мұнда қайсыбіріне ғана баса назар аударуға болмайды. Барлық кезең тәрбиенің негізгі құралы болып табылады. Себебі сынып сағатын дайындау барысында оқушылар оның материалдарын өз беттерінше іздептауып, оған қатысты альбомдар әзірлейді, қабырға газеттерін шығарып, сыныпты безендіруге ат салыса, кейбір жекеленген топ оның мазмұны мен өткізу бағдарламасын жасайды. Мұндай тапсырмалар оқушыларды іскерлікке, тапқырлыққа шыңдап, дағдыларын қалыптастыра отырып, білім дәрежелерінің артуына да оң ықпалын тигізеді.

Сынып немесе тәрбие сағаттарын өткізуде жетекшілердің еске алатын негізгі міндеті, осы істерге оқушылардың өздерін қатыстыру, оған олардың белсене араласуын, кез - келген оқушының тәрбиелік шаралар барысында, яғни дайындау және өткізу кезінде қалыс қалмауын қадағалау. Ол үшін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, оларға белгілі бір бағытта тапсырма беріп, ақылдасып, кеңесіп отыру керек. Сондай - ақ жетекші белсенділермен алдын - ала атқарылатын тәрбиелік шаралар теңірегінде әңгімелесіп, олардың қортындысын барлық оқушылармен бірге тұжырымдап, әрқайсысына жеке - дара топтап тапсырмалар беріп отыруы қажет. Сонда ғана ол қызықты, әрі табысты етеді.

Сынып сағатының маңызын біліп, түсіну, өзекті мәселелерін көре білу. Оқушыларды зерттеу арқылы тәрбиелік міндеттерді анықтауы.

Оқушылардың дамуын болжау, олард әртүрлі іс-әрекеттерге араластырып, өзара жақсы қарым - қатынастарда болуға бағыттау, адамгершілік дағдыларын нығайтуы. Тәрбиеші іс - әрекеттерді ұйымдастырып қана қоймай, оқушылардың жақсы қасиеттерінің дамуынажағдай жасауға тиіс. Міне, бұл жоғарыда қозғалған мәселелер курстық жұмыстың теориялык мәнін ашады.

Тәрбие сағатын нәтижелі өткізудің көбінесе мына шарттарды еске алған жағдайда табысты болмақ.

1. Сынып жетекшісі тәрбие сағатының ұйымдастыру формалары мен
мазмұлын, амал - тәсілдерін түрлендіріп отырғаны абзал.

2. Сынып сағатының мазмұнын қарастыруда оқушыларға жаңа
мағлұмат бере отырып, біртіндеп бағалау, талдау әрекетін қошу.

  1. Сынып жетекшісі тақырыпты немесе мәселені талдау барысында оқушылардың сөзіне аса жауапкершілікпен назар аударып, кез - келген жағдайда түзетулер енгізіп, қосымша сұрақтар қою арқылы кемектесіп отыруы қажет.
  2. Оқушылардың материал мазмұнын қабылдаудағы психологиялық ерекшеліктерін ескеру керек. Әсіресе, тәрбие сағатын өткізу кезінде оқушылардың белсенділігі бәсендесе, мазмұны қызықты жаңа мәселе айту, таңқаларлық жағдай ойластырып, әрекет түрін өзгерту керек.
  3. Сынып жетекшісінің сөз мәнері, дауыс ырғағы, оның қарым -қатынаста тілектестігін ескерудің маңызы өте - мете ерекше.
  4. Сынып сағатының барысында оқушылардың орналасуы, кіммен парталас болуы таңдау құқығын өздеріне қалдыру.
  5. Сынып сағатын еткізу тәжірбиесін жинақтауды біртіндеп дәстүрге айналдыру қажет.

8. Сынып сағаты кезінде оқушылардың жағымды қарым -
қатынасын тәрбиелеу керек (тыныштықты сақтау, сейлеушілердің сезін
бөлмеу, жақсылып тыңдау, екпе - наз, талас тудырмау) . Мұндай дәстүрлі
тәрбіптің орнығуы оларда жалпы мінез - құлық мәдениетінің
қалыптасуына ықпалын тигізеді.

Сынып сағатын ұйымдастыру және өткізудің әдістері мен тәсілдері мынадай:

Пікірталас - оқушыларда қоғам және адамдар өміріндегі оқиғалар мен күнделікті тыныс-тіршілік жайлы олардың көзқарастары мен сенімдерін, жоғары адамгершілік қасиеттері мен жағымды мінез-құлық, нормаларын қалыптастырудың онтайлы құралы. Пікірталас барысында оқушылар қоғамдағы құбылыстар мен оқиғаларды, олардың себебтерін терең анықтау, жолдастарының және айналасындағы адамдардың әрекеттерін терең сезініп, ұғынуға үйренеді.

Пікіртапастың әңгіме тәсіліне ерекшелігі, онда сынып жетекшісінің қоғамдағы ортаға байланысты адамгершілік мәселелерін айқын меңгеруі. Соңынан, ол оқушылардың адамгершілік сенімдерін қалыптастырудың бірден-бір құралы бола алады. Әйткені пікірталас кезінде оқушылардың көзқарастары кеңейіп, тіпті жай тыңдаушылар қатарында емес, соңынан оларды сөилей білуге, өз ойларын еркін жеткізіп, дәлелдей білуге, өз жолдастарының ойына салмақтылык пен пайымдауға үйретеді.

Тәрбие сағатында ең көп қолданылатын тақырып - адамгершілік тәрбиесі. Соган орай этикалық әңгімені ұйымдастыру: жолдастык және достық, әділеттілік және әділетсіздік, қарапайымдылық және озбырлық, жомарттылың және қатыгездік, біреуге шын жүректен жақсылық жасау қасиеттеріне қатысты мәселелер қаралады. Осы мәселелерге қатысты өткізілген әңгімеде оқушыларға жалпы адамдык мораль ұстанымдарын жақсы ұғынуға, өмір тәжірибесін дұрыс та, нәтижелі қорытуға көмектеседі. Мұғалімнің әңгімесі оқушылардың жауаптары, пікірлерімен ұштасып

отырады.

Саяси хабарлама. Бұл - саяси білім берудің аса маңызды және кең тараған формасы. Мұның өзі оқушылардың еліміздегі және шет елдердегі аса маңызды саяси оқиғалар мен танысуына көмектеседі. Сонымен бірге ол ұлттық патриотизм сезімін, басқа елдердің халықтарына деген құрмет, өз елінің табыстары мен жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге жағдай туғызады. Мектеп тәжірибесінде саяси хабарларға шолу, тақырыптық, жедел хабар әдістері кептеп қолданылады.

Саяси шолуға арналған хабарда бір-екі жұма ішінде біздің еліміз бен шетелдерде болған оқиғалар туралы хабар беріледі, мысалы, бұл хабарды мынадай жоспар негізінде өткізуге болады:

1. Бір аптадағы әлемдегі саяси жағдайларға қысқаша сипаттама.

2. Біздің еліміздегі, республикамыздағы ең маңызды, ең кернекті

табыстар, жаңалыктар туралы хабар.

3. Халықаралық жағдайдағы негізгі оқиғалар туралы хабар.

  1. Шетелдердегі жастар өмірі туралы хабар.
  2. Қорытындылар.
  3. Тапсырмалар, кеңестер, ұсыныстар. Газетпен жұмыс жасай білу.

Сенің ең жақсы көмекшің л- газет. Газетті дұрыс пайдалана білсең,
біріншіден оқушыларды барлық саяси оқиғаларға қатынастыра аласың,
екіншіден - жазылған мақалалар жайындағы түрлі пікірталастар,
балалардың сұрақтары жаңа тақырыптарға түрткі, қызыкты істер
ұйымдастыруға себебкер болады.

Еліміздің қоғамдық, экономикалыкі мәдени өмірі, шетелдерде болып
жатқан жаңалық, оқиғалар сан алуан. Балаларды кішкентайынан осы оқиғаларға назар салып, оның мағынасын түсініп, талдай білуге үйретудің
мәні орасан зор. Балалар газеті оларға өз замандастарының өмірі мен
істерін жеткізе отырып, оларды өте маңызды саяси оқиғалармен белгілі бір
дәрежеде таныстыра алады.

Оқырмандар конференциясы мектеп оқушыларының оқудан тыс
кездерінде қызықты әдеби-көпшілік әдебиеттерін оқуға деген ынтасын
дамытудың аса маңызды тәрбие формасы.

Мектеп жағдайында ең көп тараған немесе кептеп қолданылатын конференцияға, оқырмандар конференциясын жатқызуға болады. Әдетте,

ол белгілі бір жазушылардың еңбектерін оқып танысуға бағытталады, соның негізінде жастардың рухани дүниесін байытып, оларды елжандылыққа, елі-жұрты алдындағы борышын өтеуге, туысқандық пен достык қарым-қатынасын қалыптастыруға, еңбекке, әрі еңбек адамдарына деген сүйіспеншілікке, шынайы махаббатқа, тәрбиелеудің тамаша бір құралы больш есептелінеді.

Конференцияның негізгі мақсаты кітап жайлы оқушылардың қызығушылығы мен ойын танып білу, эстетикалық талғамы мен сенімдерін қаңыптастыру, көркем-әдеби шығармаларын оқуға және оқи білуге дағдыландыру.

Тәрбие мен оқуды өмірмен, өндіріспен, қоғамдық құрылыспен тығыз байланыстыру - мектептегі тәрбие жұмысының өзекті мәселесі. Осы тұрғыдан алғанда, міектеп оқушыларының атақты адамдармен кездесуі тәрбиенің маңызды да қажетті саласы.

Сынып жетекшісі кездесуді дайындау барысында тәрбиелік жағдай туғызады: алдын ала шақырылған қонақпен әңгімелеседі, оған тәрбие сағатының мақсатын, оның идеялық бағытын, сынып ұжымының ерекшелігін түсіндіреді, оқушылар алдында сөйлейтін сөзінің мазмұны мен формасы жайында кеңес береді. Сонымен қатар кездесуге дайындайды, олардың қызығушылығын оятып, шақырылған қонақ жайында құнды мағлұмат береді.

Кездесуге әдетте өнеркәсіп және ауылшаруашылығы озаттары, Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері, ғалымдар, жазушылар, әртістер шақырылады. Дегенмен де мұндай кездесу оқушылардың қызығушылығын қанағаттандырғанда және тәрбиешінің педагогикалық ойын іске асырған жағдайда ғана табысты болмақ.

2. 1 Сынып сағатын ұйымдастыру формалары .

Сынып сағаты . Бұл - жаппай тәрбие жұмыстарын ұйымдасытрудың ең көп таралған түрлерінің бірі кейде оны тәрбиелік сағат, тәрбие сағаты немесе класс жетекшілігінің сағаты деп атайды.

Кейінгі кездері класс сағаттарын өткізу күн ілгері мектеп кестесіне енгізілетін болып жүр. Олар әдетте аптасына бір рет белгілі бір күнде өткізіледі. Оны өткізуге кететін уақыт қатаң шектемейді. Ол 20-30 минутка, ал кейде бір сағаттан астам уақытқа созылуы мүмкін. Барлығы класс сағаттарының сипатына, мақсатына, оқушылардың жасына байланысты. Бұл жерде оқушылардың жасына байланысты. Негізінен оқушылардың класс жетекшісінің еркін қарым-қатынасы басым болады. Класс сағаттарының тақырыптары класс жетекшілерінің жоспарларында белгіленеді. Олар, негізінен, идеялық-адамгершілік тәрбиелері, мәдени мінез-құлық мәселеріне, газет-журналдардағы ең ақтуалды мақалаларды, жаңа кітаптарды, спектакльдерді кинофильмдерді талқылауға, емірі қызық адамдармен кездесулер еткізуге арналады.

Класс сағатын жақсы еткізу сабақты жаксы бергеннен гөрі әлдеқайда қиын екенін ескерген жөн. Бұл жерде кеп нәрсе класс жетекшісінің творчествосына, оқушылар белсенділігінің даму дәрежесіне байланысты. Егер бір класс сағаты екіншісіне ұқсамаса, егер олардың мазмұны әр түрлі және кластың күнделікті өмірімен байланысты болса, онда жақсы.

Сыныптан тыс тәрбие жұүмысы - тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.

Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытьш, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.

Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады. Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі. Сондықтан бұл өте өзекті мәселеге айналуда.

Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзінің дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп спектакль қойды делік, онда өзара қарын-қатынас тәжірибесін белгілі бір салада байытады. Сыныптың тазалығын ұжым болып аткарса, вида өзара міндеттерін бвлісу тәжірибесін меңгереді. Спортың әрекетте балалар «бірі бәрі үшін, бэрі бірі үшін» деген қағиданың маңызын жете түсінеді т. с. с.

Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауға ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оган өзінің көзқарасы және сенімді тұрғысында әрекет етуге мүмкіндік берсе, екінші жағдайда, оның жауапкершілігін арттырады. Бұған қосымша, одан шығармашылық белсенділікті талап етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектепте сынып сағаттарын өткізу ерекшеліктері
Сынып сағатын ұйымдастыру
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе (ҮПТ) міндеттері
Үздіксіз педагогикалық тәжірибе міндеттері
Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру маңыздылығы
Мектептегі тәрбие процесі – динамикалық жүйе ретінде. Тәрбие процесінің мәні және заңдылықтары
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын және тәрбие сағатын ұйымдастыруы.
Тәрбие тарихи-мәдени құбылыс
Тәрбие жұмысы жүйесіндегі сенім
«Педагогика» пәнінен дәрістік тезистері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz