Бәйсейітова, Күләш (Гүлбаһрам) Жасынқызы
1 Күләш Байсейiтова
2 Күләштiң өнер жолына түсуi
3 Туып.өскен жері
2 Күләштiң өнер жолына түсуi
3 Туып.өскен жері
Биыл Шығыс бұлбұлы атанған ұлы әншi Күләш Жасынқызы Байсейiтованың туғанына 100 жыл толып отыр. Жақсы – елге ортақ. Исi қазаққа мақтан болған әншi-актрисаның туған жерi, туған күнi ел аузында, құжаттарында әртүрлi болып жазылып жүр. “Жақсыға әркiм талас” дегендей, қазақтың даласында туса да, кiндiк қаны тамған жерi ашық бұрмаланып жүр. Бұл да – кезiндегi саясаттың әсерiнен туған жағдай. 24 жасында қазақ деген халықтың даңқын көтерiп, оның мәдениетiн, дарынын танытқан әншi-актриса қайткенде де астанада, яки Алматыда туып-өскен болуы керек едi. Оның ауылдан шыққанын ол кезде олқы санаған. Күләш Жасынқызының шыққан тегiн ашып айтсақ, оның туған жерi де даусыз болмақ. ХVIII ғасырдан Қараменде би бастап Солтүстiк Балқаш өңiрiн мекен еткен Дадан Тобықтының Манас атасынан тараған Мандардан Қара туады. Қарадан – Айқожа, одан Мәмбет, Бейiс, Уәли. Бейiстен: Жасын, Қасымбек, Разбек, Айтбек. Жасыннан: Тұрсын, Күләш, Райхан, Хамза (екiншi әйелiнен туған).
Күләштiң анасы Зибажан Айдарханқызы – ажарлы, әншi, ұлттық қолөнер шеберi болған кiсi. Күләштiң туған нағашы атасы Дадан Тобықтының Құланшы руынан Мәнжiғұл батыр, нағашы шешесi Қырмызы – атақты Ақсары Бөртебай көпестiң қызы. Жақын нағашысы – Исаев Сейтiхан Ахметұлы. Сондықтан Күләш Сейтiханды оқытқан екен, ол – ҚР-iне еңбегi сiңген қызметкер, президент Н.Назарбаевтың оқытушысы, Қаскелеңде тұрады. Күләштiң ауылдастары, Кенжебекова Дәнерия мен Кенжебекова Рысжанның (қазiр 90 жасқа келген) айтуынша, Күләштiң кiндiк шешесi – ақын Нарманбет Орманбетұлының немере iнiсi Мақатбектiң әйелi Зағипа. Белгiлi журналист Қасым Орманбетовтiң айтуынша, 1928 жылдары “бай тұқымы” деген атпен айыпталмау үшiн Нарманбет бидiң немере iнiсi Нақыпбек “Мақатбек” (1960 жылы дүние салды) болып өзгертiлiп жазылып кеткен. Күләштiң кiндiгiн сол кезде 20 жас шамасындағы келiншек Зағипаға (1970 жылдары қайтыс болды) кестiру себебi қалай десеңiз, Мәнжiғұл мен Байжомарт батырлар – құрдастар (1806 жылы туған), iргелерi алшақтамаған өте сыйлас жандар, қыстақтары тақау: Қарасу өзенi мен Балқаш көлiне жағалай тораңғылы тоғайда. Батырлық, елге ардақтылық қасиеттерi жұғысты болсын деген ырыммен немересi Күләштiң кiндiгiн кесудi Байжомарттың үлкен шаңырағын ұстап отырған келiнге жол берген екен. Күләштiң туған жерi – бүгiндерi Қарағанды облысындағы Ақтоғай ауданына қарасты Нарманбет ауылы. Бұл өлке ХХ ғасырдың басында Қотанбұлақ болысы, Қарқаралы уезi, Семей губерниясы атанған.
Күләштiң әкесi Жасын Бейiсұлы – қолы шебер (етiк тiккен), өнерлi кiсi болған, серiлiк құрған.

Бәйсейітова, Күләш (Гүлбаһрам)
Жасынқызы
Дүниеге келгені: 1912
Қарағанды облысы, Шет ауданы
Қайтыс болғаны: 1957
Күләш Байсейiтова – 100
Биыл Шығыс бұлбұлы атанған ұлы әншi Күләш Жасынқызы Байсейiтованың туғанына
100 жыл толып отыр. Жақсы – елге ортақ. Исi қазаққа мақтан болған әншi-
актрисаның туған жерi, туған күнi ел аузында, құжаттарында әртүрлi болып
жазылып жүр. “Жақсыға әркiм талас” дегендей, қазақтың даласында туса да,
кiндiк қаны тамған жерi ашық бұрмаланып жүр. Бұл да – кезiндегi саясаттың
әсерiнен туған жағдай. 24 жасында қазақ деген халықтың даңқын көтерiп, оның
мәдениетiн, дарынын танытқан әншi-актриса қайткенде де астанада, яки
Алматыда туып-өскен болуы керек едi. Оның ауылдан шыққанын ол кезде олқы
санаған. Күләш Жасынқызының шыққан тегiн ашып айтсақ, оның туған жерi де
даусыз болмақ. ХVIII ғасырдан Қараменде би бастап Солтүстiк Балқаш өңiрiн
мекен еткен Дадан Тобықтының Манас атасынан тараған Мандардан Қара туады.
Қарадан – Айқожа, одан Мәмбет, Бейiс, Уәли. Бейiстен: Жасын, Қасымбек,
Разбек, Айтбек. Жасыннан: Тұрсын, Күләш, Райхан, Хамза (екiншi әйелiнен
туған).
Күләштiң анасы Зибажан Айдарханқызы – ажарлы, әншi, ұлттық қолөнер шеберi
болған кiсi. Күләштiң туған нағашы атасы Дадан Тобықтының Құланшы руынан
Мәнжiғұл батыр, нағашы шешесi Қырмызы – атақты Ақсары Бөртебай көпестiң
қызы. Жақын нағашысы – Исаев Сейтiхан Ахметұлы. Сондықтан Күләш Сейтiханды
оқытқан екен, ол – ҚР-iне еңбегi сiңген қызметкер, президент Н.Назарбаевтың
оқытушысы, Қаскелеңде тұрады. Күләштiң ауылдастары, Кенжебекова Дәнерия мен
Кенжебекова Рысжанның (қазiр 90 жасқа келген) айтуынша, Күләштiң кiндiк
шешесi – ақын Нарманбет Орманбетұлының немере iнiсi Мақатбектiң әйелi
Зағипа. Белгiлi журналист Қасым Орманбетовтiң айтуынша, 1928 жылдары “бай
тұқымы” деген атпен айыпталмау үшiн Нарманбет бидiң немере iнiсi Нақыпбек
“Мақатбек” (1960 жылы дүние салды) болып өзгертiлiп жазылып кеткен.
Күләштiң кiндiгiн сол кезде 20 жас шамасындағы келiншек Зағипаға (1970
жылдары қайтыс болды) кестiру себебi қалай десеңiз, Мәнжiғұл мен Байжомарт
батырлар – құрдастар (1806 жылы туған), iргелерi алшақтамаған өте сыйлас
жандар, қыстақтары тақау: Қарасу өзенi мен Балқаш көлiне жағалай тораңғылы
тоғайда. Батырлық, елге ардақтылық қасиеттерi жұғысты болсын деген ырыммен
немересi Күләштiң кiндiгiн кесудi Байжомарттың үлкен шаңырағын ұстап
отырған келiнге жол берген екен. Күләштiң туған жерi – бүгiндерi Қарағанды
облысындағы Ақтоғай ауданына қарасты Нарманбет ауылы. Бұл өлке ХХ ғасырдың
басында Қотанбұлақ болысы, Қарқаралы уезi, Семей губерниясы атанған.
Күләштiң әкесi Жасын Бейiсұлы – қолы шебер (етiк тiккен), өнерлi кiсi
болған, серiлiк құрған. Зибажан мен қыздарын тастап, жиi ел аралап кеткен.
Найманның бiр қызынан туған Әсия атты қызы Пекинде атақты бишi болыпты,
оның балалары да бар, өнерлi жандар. Бiрақ оларды Күләштiң туыстары жақын
тұтпады, Қытайға қайтып кеттi. Әсияның қызы Зура Мамынның айтуынша, Күләш
пен Әсия Жасынқыздары бiрiн-бiрi бiлген, Күләштiң қаза тапқанын естiгенде
Әсия (ол кезде Пекинде) қайғыдан 40 күннен соң дүние салған, әкесiнiң
Балқаш деген көлдiң жағалауында екенiн, сол туған елге жету керегiн
ұрпағына тапсырып аманат етiп кеткен екен. 1957 жылы Күләш Байсейiтованың
Қытайға концертпен бармақ болған себебiнiң бiрi осы болу керек, бiрақ
белгiлi алтаудың жала хаты кедергi болған. Ақыры бiрiн-бiрi көре алмай
кеткен екi ару екi елде дүниеден өткен.
Күләштiң сiңлiсi Райханнан Раушан туған. Бұл жөнiнде Раушан Байсейiтова
былай дейдi: “Алматыда бiр үйде Күләш пен Қанабек, ұлы Алдан, қыздары
Құралай, Қарлығаш, Қаршыға және бүкiл Беиiсовтар отбасы: Жасын ата, Зибажан
апам, үлкен қызы Тұрсын, кiшiсi Райхан күйеулерiмен бәрi бiрге тұрыпты.
Күләштiң кiшкентай қызы Қаршыға қайтыс болғанда Райхан анам менi туыпты.
Қаралы болып отырған Күләш апасының бауырына анам менi салып берген. Содан
мен Байсейiтовтердiң қызы болып өстiм, оны мақтаныш та етемiн. Мәпелеп
өсiрдi, оқытты, еңбекке баулыды. Күләш пен Райхан екеуi де опера және балет
театрында актриса болып жүргенде мен де балерина болып еңбек жолын
бастадым, жеткен атақ-даңқым осы аналарымның арқасы...”.
Раушанның қолында Күләш Жасынқызының күнделiк дәптерi сақталған. Күләштiң
туған iнiсi Хамза Жасынұлы Балқашта тұрды. Күләш оны қолына алып оқытқан,
бiрақ өзi өтiнiп елге анасына қайтып кетiптi. “Неге өйттiңiз?” десем,
“Күләш тәтем өте сұлу, атағы таудай, үйiне қазақтың керемет iрi адамдары,
ғалымдар, жазушылар келедi. Мен әпкеме тартпағанмын, түрiм онша емес, содан
қатты ұяламын. Даңқты әншiнiң iнiсiмiн деуге жараспайтын сияқты... Сонан
соң сылтау тауып, ауылға қайтып кеттiм ғой. Қанша шақырса да бармадым”, –
дедi. Ұзын бойлы, қарасұр кiсi едi. Атақты әпкесiн перiштедей көрген ғой.
Хамза Жасынұлының балалары Әмзә, Құралай, Гауһар Жасыновтар Балқашта
тұрады. Бәрi бiлiктi мамандар, келбеттi жандар Жасын атаның шаңырағын ұстап
отыр.
Ал Мәмбеттен Ержан, одан Манарбек әншi туады. Сонда Күләш Жасынқызы
Беиiсова-Байсейiтова мен Манарбек Ержанов аталары ағайынды жақын туыс
екенiн көремiз. Тағы бiр дерек: Мандардың Мамай атасынан Құмалақ, одан
Жабай, одан Арыстанбек (академик Хайдар Арыстанбековтiң әкесi, елшi-
саясаткер Ақмарал Хайдарқызының атасы). Мандардың Байзақ атасынан
Сармантай, одан қаһарман күйшi Ахметжан туады. Қазақ тарихына өшпес iз
қалдырған осы бiртуар аталас адамдар Солтүстiк Балқаш өңiрiндегi Ақтоғай
ауданына қарасты Тоқырауын өзенi бойында туған. Осы өлкеде Шашубай ақын,
күйшi Аққыз Ахметова, халық әртiсi Мағауия Хамзин, медицина ғылымдарының
докторы Гүлбахрам Тарабаева, математик-академик Орынбек Жәутiков, профессор
Әлихан Мусин туған. Алаш көсемi Әлихан Бөкейханның, Жақып Ақпаевтың,
Әлiмхан Ермековтiң кiндiк қандары тамған да осы қасиеттi топырақ екенi
көпке белгiлi.
Осы өлкенiң тумасы Шашубай Қошқарбайұлы Күләштi қызындай көрген. Шашекеңнiң
айтыстарын тыңдап мәз болып отырған Күләштiң фотосуретi де бар. Шашекең
қайтыс болғанда ұлы әншiнiң көңiл айтып жазған жеделхаты жергiлiктi газетте
жарияланған.
Күләштiң өнер жолына түсуiне бiрден-бiр қамқорлық жасаған – әкесi Жасынның
кiшi iнiсi Айтбек Бейiсов. Ақтоғай жерiнен шыққан режиссер 1920 жылдардың
өзiнде дарынымен белгiлi болған. 1925 жылы “Еңлiк-Кебек” спектаклiн қойған.
Сонда Ораз Жандосов Кебек ролiн, оның әйелi Фатима Еңлiк болып ойнаған.
1926 жылы “Батыр Арқалық” пьесасын қойғанда басты ролдi Қанабек Байсейiтов
орындағаны, ал артынан Қанабектiң Күләштiң туысы Манарбек Ержановты өнерге
тартқаны белгiлi. Айтбектiң Күләш пен анасына баспана тауып берiп, әртiстiк
өнерге баулығанын туыстары Хайдар Арыстанбеков, Әсия Ыбышқызы Қасенова
куәландырады.
Ал Күләш Байсейiтованың туған күнiне келсек, төлқұжатында 1912 жылы 2
мамырда туған деп жазылған. Өзiмен қатар жүрген құрбы-досы Шара Жиенқұлова
“Өмiрiм менiң – өнерiм” атты кiтабының 192-бетiнде Күләштiң өзi қалжыңдап:
“1912 жылы қаңтар айының он екiсiнде дүниеге екi алып келдi. Оның бiрi –
Күләш, екiншiсi – Димаш, бiздiң соңымыздан Шара секiлдi “кәкiр-шүкiрлер”
келiптi, – деп бұлақ суындай сыңғыр күлкiсiне салып сақылдап күлетiн”, –
деп жазады. Күләштiң “Димаш” деп отырғаны – ұлы тұлға, мемлекетiмiздiң аса
көрнектi қайраткерi Д.А.Қонаев. Бұл жайды қызы Қарлығаш Байсейiтова да
растайды. Кезiнде қазақтар туған күн дегендi атамағанын және тууы туралы
орыстардың шiркеу кiтабындай дiни кiтапқа да тiркелмегенiн бiлемiз. Өзi
де, көзi де жоқ кiсiнiң туған күнiн айту орынсыз. Кеңес үкiметi тұсында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz