Корпорациядағы инвестициялық қызметтің мәні, маңызы және принциптері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

Мазмүны

Кiрiспе . . . 4

1. Бөлім. Корпорациядағы инвестициялық қызметтің мәні, маңызы және принциптері

1. 1. Инвестицияның мәні және мазмұны . . . 6

1. 2. Корпорациядағы инвестициялық қызметінің мәні . . . 11

1. 3. Корпорациядағы инвестициялық қызметтің принциптері . . . 15

1. 4. Корпорациядағы инвестициялық процестердiң кезеңдерi және жүзеге асыру көздері . . . 18

2. Бөлім. Қазақстан Республикасындағы корпорацияға инвестиция тартудың тиімділігін талдау

2. 1 Қазақстан Республикасындағы корпорацияға инвестиция

тартудың ерекшеліктері . . . 22

2. 2 Оңтүстік Қазақстан обылысының корпорациядағы инвестициялық процестерді талдау . . . 32

2. 3 Корпорацияларға шетелдік инвестицияларды тартудың маңыздылығы мен механизмі . . . 40

3. Бөлім. Қазақстан Республикасындағы корпорациялардың инвестициялық қызметін реттеу және оларды жетілдіру жолдары

3. 1 Қазақстандағы инвестициялық қызметін мемлекеттік реттеу …… . . . 53

3. 2 Қазақстан Республикасындағы корпорациялардың инвестиция қызметін жетілдіру жолдары . . . 58

Қорытынды . . . 71

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 74

Кіріспе

Нарықтық қатнастарға өткен дербес егеменді еліміздің алға қарай даму барысынды түрлі әрекеттер атқарыла бастады. Кеңестік экономикадан өтпелі экономикаға өткенде еліміздің экономикасындағы байланыстар (өндірістік, экономикалық, сауда-саттық) үзіліп қалды, яғни экономикамыздың әсіресе үзілген байланыс салдарынан тоқтап қалған кәсіпорындарының жүмыс істеуі мен қайта жандануға инвестициялық көздердің маңызы зор.

Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға өтуіне байланысты өз нарықтық институтын, мемлекеттік басқару жүйесін, экономикалық шаруашылық жүйесін қалыптастырды. Осыған байланысты күрделі бақылау жүргізу барысында мемлекет экономикасына инвестицияны тарту жөнінде көлемі ұлғайғанын бақылап және тартудың маңыздылығы байқалып, әсерінен мемлекет экономикасының дамуы көрінуде. Мемлекеттегі инвестициялық климаттың тұрақтылығы оның масштабы, құрылымы, эффектілігі шетел инвесторларға бизнесін дамытуға, үлкен табыс алуға, елдің жағдайын көтеруге жол ашады.

Негізінен инвестицияларды тарту оның құрылымды саясатын жүргізу ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы тиіс. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына қатыстыру саясаты әр түрлі нысанда жүзеге асыруға мүмкіндігін, оған банктері мен халықаралық ұйымдардан қарыз алудан бастап, кәсіпорындарды тікелей инвестициялардың меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады. Мұның өтпелі формасы ретінде бірлескен кәсіпорындар ұйымдастырылу да мүмкін. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Бірден инвестиция құрылымдық саясаты елдің өндірістік базасын жедел жаңартуын және оның өндірістік мүмкіндігінің артуын қарастырады. Екіншіден, фирмалар жаңа өндіріс орындарын ашумен қатар, капиталистік бәсекелестік күресте шыңдалған еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін жүргізеді.

Инвестиция түсінігі капиталды салымдар мәнінен кең үғым болып табылады. Бұл түзетудің маңыздылығы «заңды тұлғалар, азаматтар мен мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асырудағы тәжірибелік іс-әрекеттер жиынтығы» түсінігіндегі инвестициялық іс-әрекет мәнін түсінуге қажет. Оларды жүзеге асыру инвестициялық сфералардың, яғни инновациялық, капиталды құрылыс, қаржы капиталын әр түрлі формада қолдануға іске асады.

Инвестицияны тар мағынадағы анықтамасын капитал құнын сақтау мен оны өсіруді қамтамасыз ететін, пайда, басқаша айтқанда, оң табыс көлемін әкелетін капитал орналастыруын айтуға болады. Бос ақшалай қаражаттар инвестиция емес, өйткені ақшаның құндылығын инфляция азайтуы мүмкін және ол ешқандай табыс әкелуін қамтамасыз ете алмайды.

Егер осы соманы жинақтау банкісіне салынса, оны инвестиция ретінде қарастыруға болады. Өйткені осы салым кепілденген табыс береді.

Көбінесе инвестиция деп - пайда, табыс пен әлеуметтік қажеттіліктерді алу мақсатындағы кәсіпкерлік іс-әрекет пен әр түрлі экономика салаларының обьектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалды құндылықтардың барлық түрлері түсіндіріледі инвестиция құрамына ақшалай қаржылар, мақсатты банк несиелері акциялары мен басқадай құнды қағаздар, қозғалмалы және қозғалмайтын (ғимараттар, құрал-жабдықтар және т. б. ) мүлік, жерді пайдалану құқығы, табиғи ресурстар, мүліктің құқықтар және т. б. кіреді.

Инвестицияның экономикалық мағынасындағы анықтамасындағы оны «тірі және затталған еңбектің өндірістік қуаттарды жасақтап, оның көмегімен өндіріс үрдісінде тірі еңбек тұтынуына қарағанда қосымша құнды өндіруге бағытталған салымдар үрдісі».

Дж. М Кейнс пікірінше инвестиция дегеніміз, капиталды мүліктің осы кезеңдегі өндіріс әрекеті нәтижесіндегі құндылықтың өсімі немесе ұлттық табыстың тұтынылмаған бөлігі.

Жалпы инвестиция арқылы қоғамның прогрессшіл дамуында таптар мен әлеуметтік топтардың мүліктік жағдайы, алатын табысы, орны мен маңызы, Қазақстанның дүниежүзі мемлекеттері арасындағы, макроэкономикалық көрсеткіштері мен абыройы артады, қоғам дамуында кешегі, бүгінгі және ертеңгі сатыларының рөлі анықталып, ол болашаққа екпінді қарқынмен жүруіне, дүниежүзілік цивилизацияланған елдерге интеграциялануына кеңістік ашады. Сонымен қатар, жаңа өндірісті рационалды орналастыру, барлық кәсіпорындар ішінде ірі, орта, шағын және шетел фирмалары толығымен қатысатындарының үлесін оптималды ету, экономикалық өрлеудің экстинсивтік түрінде қарағанда интенсивтік түрін барынша тиімді дамыту үлкен көлемде инвестициялар ағымдарына тәуелді.

Еліміздің экономикасының жақсы да тұрақты дамуы үшін, алға қойған мақсаттарға жету үшін біз дұрыс инвестициялық саясат жүргізуіміз керек. Экономикамызға неғұрлым көбірек инвестиция жұмсалса, ол соғұрлым жақсы да баянды дамитын болады.

Инвестиция - дамуға бет бұрған кез-келген ел экономикасының тамырына қан жүгіртіп, тынысын кеңейту үшін ауадай қажет. Шеттің қаржысынсыз бүгінде өсіп өркендеудің сара жолына түсіп, сар желіп келе жатқан ешбір ел еңсе көтере алмаған болар еді. Бұл тұрғыда кеңестің шекпенінен шыққан республикалар арасында әр түұғынға шаққанда құйылған инвестиция көлемі жөнінен Қазақстан еш елге дес бермей алда келеді.

1. Бөлім. Корпорациядағы инвестициялық қызметтің мәні, маңызы және принциптері

1. 1. Инвестицияның мәні және мазмұны

Инвестиция - алуан түрлі күрделі қаржы бойынша инвестиция мемлекеттік және жеке, тікелей және портфельді (қоржынды) болып негізгі материал мен тауар-материалдық қорға, үйлер мен ғимараттарға, машиналар мен жабдықтарға, тұрғын үй құрылыстарының қызметтеріне бөлінеді.

Инвестор - салым иесі, инвестицияларды жүзеге асыратын жеке адам, ұйым немесе мемлекет.

Инвестициялау (инвестициялық процесс) - бұл қарапайым және өндіріс қаражаттарын қалпына келтіруді ұлғайту процесі. Кәсіпорынның негізгі қоры, машиналармен құрал-жабдықтар ескіріп, табиғи және сапалық тозуға ұшырайды, олар өндірістік процесс барысында ұдайы ауыстырылып отырады. Кәсіпорынның дамуы, оның тиімділігінің ұдайы артып отыруы өндіріске жаңа үлгідегі техника мен технологияны тартуға, оны техникалық жағынан қайта жарақтану және қайта құруды жүргізумен тікелей байланысты.

Инвестициялық процесстің өзіне тән кешенді сатылары бар. Олар:

- капитал салымын қаржыландыру;

- инвестициялау объектілерін анықтау;

- аталғандардың орындалуын бақылау;

Инвестиция - бұл латын тілінен аударғанда күрделі қаржының әрқилы түрлері. Инвестиция капитал қорына қосылатын шығын, тауар қорына ақша салу басқа инвестицияға қарағанда пропорционалды түрде өзгереді. Фирмалардың материалдық өндірісті сатуға қатысы бар. Сауда-саттық ойламаған жерден төмен немесе жоғары болса фирмалар қолдағы тауарларын реттеу үшін өнім деңгейін өзгертеді. Мысалы: құлдырау жылдарының басында жиынтық сұраным төмен болса материалдық өндірістік қор қалыптасады. Егер фирмалар өндірісті қысқартса өнім жиынтық сұранымнанда төмен болады. Бұл инвентаризация циклі деп аталады. Өндірістік тұрақты инвестицияны % неоклассикалық теориясы бойынша инвестицияның пайыз мөлшері фирмалардың реттелген капитал қорының деңгейімен анықталады. Капитал қоры неғұрлым жоғары болса фирмада соғұрлым көп өнім шығарады да, ренталық құны аз болады. Инвестицияны болашақта өндіру көзделінсе онда алдағы уақытта тұрақты өнім алынып қажетті капитал қорын анықтайды. Нақты % мөлшері дегеніміз-номиналды % мөлшерінен инфляция мөлшерін шегеріп тастау. Капиталдың ренталық құны жоғары болса да онда нақты % мөлшері де жоғарылайды. Жоғарылаған уақытта фирманың капитал құны төмендейді, бірақ бұл кезде ақшаның құнсыздану мөлшері көп болады. Ренталық бағаға инвестициялық салық несиесі арқылы салықта әсер етеді. Инвестициялық салық несиесі шын мәнінде үкіметтің инвестициялауға қаражат бөлуі ретінде жүзеге асады. Фирмалар қолма қол ақшаға жеңілдікті пайдалана отырып инвестициялауды жөн көреді. Инвестицияны жеделдету үлгісі сол инвестицияны орнымен реттеудің ыңғайлы жағдайы, мұнда инвестицияға сұраным жалпы ұлттық өнімдегі өзгерістерге пропорционалды болады. Өйткені несие нормаға түседі. Ал фирмалардың инвестициялық шешімі балансқа және олар жұмыстан қол үзгендегі табыстың сомасына байланысты болады. Нәтижеден байқағандай өндірістің тұрақты инвестициясы өнімдегі өзгерістердің артта қалуына жауап береді. Жеделдету үлгісі ақшаның ренталық құнындағы өзгерістерін ескермегеннің өзіндеде инвестициялауды неоклассикалық үлгіге қарағанда біршама жүйелі түсіндіре алады. Үй құрылысын инвестициялау теориясы соған деген сұранымнан басталады. Ол сұраным өз кезегінде ауқаттылыққа, мүліктік салым мөлшеріне байланысты болады. Байлық мөлшері балама активтердің немесе мүліктік салым мөлшерінің өсуі капиталға деген сұранымды қысқартады. Үй құрылысының бағасы ақшаға сұраныммен соған орай ұсынылған капиталдың жеке дара әрекетінен анықталады. Үй құрлысын инвестициялау мөлшері сол құрылысты ұсыным бағасымен айқындалады. Ағымдағы жағдайларға қарай үй құрылысын инвестициялауда байланысты.

Енді осы қарастырылған әр түрлі инвестициялық үлгілердің қорытындысы:

  • біріншіден, жиынтық әр түрлі инвестиция шығындарының қосындысы болып табылады;
  • екіншіден, монетарлық және фискалдық саясат өндірістік және үй құрылысы инвестицияларына ықпал етеді. Бұл әсерлер негізінен нақты % мөлшеріндегі өзгерістерде және инвестицияға салық салу ынталылығынан туындап отыр;
  • үшіншіден, инвестиция шығынын реттеудегі артта қалған өнімге және инвестицияға өзінше әсерін тигізеді. Мұндай артта қалушылық жалпы ұлттық өніммен инвентаризациялық инвестиция аралығындағы байланыстан көрінеді және ол жалпы ұлттық өнімдегі өзгерістерді көбейтеді.

Инвестициялық жоба

Инвестициялық жобалар мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Жобалау класына қарай:

- мегожоба;

- мультижоба;

- моножоба деп бөлінеді.

Мегожоба - бұл үлкен көлемдегі жоба, бірнеше жобалардың өзара байланыстарын, ресурстарды бөлу және орындалу уақыттарын шектеуден тұратын мақсатты бағдарлама. Бұл жоба мемлекеттік басқару деңгейінде қалыптасады және басқарылады.

Мысалы:

- халық шаруашылығын құрылымдық реформа жасау;

- нарыққа өту және нарық үлгілерін таңдау;

- сондай-ақ экономиканың жекелеген секторлары мен түрлі өрістерін дамыту бағдарламалары.

Бағдарламалар:

1. Халықаралық;

2. Салалық;

3. Салааралық;

4. Аймақтық болуы мүмкін.

Мультижоба - ұйымдар мен кәсіпорындар шеңберінде жүзеге асырылатын жоба.

Моножоба - бұл нақтылы міндеттерді жүзеге асыратын әртүрлі:

- техникалық;

- ұйымдық;

- экологиялық;

- әлеуметтік.

Жобалар ұзақтығына қарай:

- қысқа мерзімді;

- орта мерзімді;

- ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

Көлеміне қарай жобалар:

- шағын;

- орта;

- ірі болады.

Күрделігіне қарай:

- жай;

- күрделі;

- өте күрделі;

Жобалар түрлері бойынша:

- инвестициялық;

- инновациялық;

- ғылыми-зерттеу;

- оқу-білімдік;

- аралас болып бөлінеді.

Инвестициялық жобалар негізінен мына төрт кезеңде жүзеге асырылады:

- тұжырымдама;

- жоспарлама;

- өтімділігі;

- бітімділігі.

Бұл кезеңдер жобаның "өмірлік циклі" деп аталады. Жобаның әрбір сатысының өзіндік мақсаты және одан туындайтын міндеттері болады.

Инвестициялық жобаларға саны, әсіресе сапасы жағынан тиісті талдаулар жүргізілуі қажет. Мұндағы басты мәселе инвестицияларға қосылған жоба құрылтайшыларының қаржылық ахуалын және қызметтерінің тиімділігін бағалау.

Жобаның нақтылығымен өміршеңдік қабілетін бағалау үшін мына түрде сараптау жұмыстары атқарылуы қажет:

- техника-технологиялық;

- коммерциялық;

- әлеуметтік;

- экологиялық;

- экономикалық;

Әрбір жобалық талдаудың өзіндік әдістемелері бар.

Инвестициялық жобаларға әрбір қатысушының жағдайын, оның құрамын анықтайтын негізгі көрсеткіштері мыналар:

- жарғылық капиталдың көлемі және оның ахуалы;

- салықтар;

- айналым қаржысы;

- негізгі активтер (материалды емес және негізгі қаржылар) ;

- өндіріс шығындары;

- таза табыс.

Инвестициялық жобаны қабылдау циклы мынадай кезеңдерден өтеді:

- жобаларды таңдау және алдын-ала бағалау;

-жобаның техника-экономикалық дәлелдемелерінің құрамдас бөліктеріне талдау жүргізу;

- мемлекеттік сараптау;

- қаржыландыру туралы шешімдер қабылдау;

- жобаларды қабылдау жұмыстарын атқару және бақылау.

Кәсіпорын инвестициялық тәуелділіктің мына түрлерін есепке алып, олармен санасып отыруы қажет:

- экономикалық заңдардағы кемшіліктер мен тұрақсыздық, заңдардың толықтай іске аспауы;

- сыртқы экономикалық жағдай;

- әлеуметтік өмірдегі өзгерістер;

- жаңа техника мен озық технологияны пайдаланудың нақты көрсеткіштері;

- нарық өзгерістері, баға, валюта курсы;

- өндіріске табиғи жағдайлардың әсері (климат, ауа райы, жердің байлығы және т. б) .

Инвестициялық жобалар негізінен көлік пен коммуникацияны, білім беруді, мәдениет, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қорғауды, ауыл шаруашылығын, мұнай және газ өнеркәсіптік; мемлекетпен қаржы жүйесін басқаруды өркендетуге бағытталды.

Қарыздар қалалық көліктік қолдауға, Алматы-Ақмола жолын оңалтуға, Ертіс өзені арқылы көпір салуға, темір жолы көлігінің қуаттарын дамытуға, Ақтау теңіз айлағын қайта құрылғылауға тартылады. Мұның бәрі жеңілдік шарттарымен, 15 жылдан 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Ауыл шаруашылығында қарыздар суғару және сорғылау жүйесін, сондай-ақ сумен қамтамасыз етуді арттыру үшін пайдаланылады. Қазір ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру мезгілінен кейінгі мерзімде қолдау жөнінде инвестициялық жобаны әзірлеу жүргізілуде, оны жүзеге асыруға қадамдар жасалуда. Бұл қарыз Қазақстан Республикасы Үкіметінің төралқасы мақұлдаған мемлекеттік инвестициялардың 1996-98 жылдардағы Бағдарламасына кіргізіледі.

Оның негізгі мақсаты-техникалық көмек пен қаржылауды екінші деңгейдегі банктер арқылы қайта құрылымдауды табыспен аяқтаған, коммерциялық қабілетін көрсеткен және қаржылық ұсыныстармен бірге бизнес-жоспарлары бар жеке меншік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына беру. Қарыздың жалпы сомасы -50млн АҚШ доллары. Қарыз туралы 15 және 35млн АҚШ долларына екі мәміле жасалады. Бұл жобаға үлкен икемділікпен ағымдағы экономикалық жағдайға бейімдеу мүмкіндігін береді, сондай-ақ қарызға қызмет көрсету шығындарын азайтуға ықпал жасайды.

Мұнай саласында техникалық жәрдем жөніндегі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Оның тиімділігін арттыру және мұнай саласындағы техникалық пен қаржылық қабілет қарымын ұлғайту, ең төмен шығындар дәйегіне негізделген және экономикалық талаптарға жауап беретін инвестициялық пен ұйымдық стратегияны жасақтау көзделуде. Бұл жергілікті мұнай өнімдерін өңдеу, тасымалдау мен тарату жүйесін біріктіруді қамтамасыз етеді.

1996 жылдан бастап инвестициялық қарыздар республикалық бюджетке кіргізіле бастағанын атап өтуіміз керек. Бұл респүбликада қарыздану жүйесінің жұмыс істеуінің бастамасы болады: оларды бюджетте көрсету ең алдымен қарыздану салалары, солардың іске асуына жуапты министрліктер мен ведомоствалар, сондай-ақ оларды жұмсаудың бағыттары туралы айқын ақпарат береді.

Бүгінгі таңда министрлікпен ведомоствалар жөнінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру топтары құрылады. Бұл топтарда шетелдік кеңесшілермен жергілікті мамандар жұмыс істейді. Олар республикада инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мен игеруді қамтамасыз етуге тиіс. Бірақ оларды құруда бүгінгі күні жүйелік жоқ. Жұмыс істеуі барысында қарызды игеру жөнінде есепке алу мен есептеме мәселелері туындайды, әзірше оларды жүзеге асырудың мониторингі түзілген қатысатын заңды және жекетұлғаларға салық салу мәселелері реттелмеген. Бұл мәселелерді шешу үшін қазір жобаларды жүзеге асыру тобы жөніндегі есепке алу мен есептеме нысаны, сондай-ақ қарыздарды игерудің мониторинг тетігі жасақталуда.

Менің пікірімше, қарыздарды түпкі пайдаланушылардың қайтару тетігі өте келелі мәселе болып табылады. Республикада бұл ойластырылуда, атап айтқанда, ақырғы қарыз алушылармен ішкі несиелік мәмілелер жасалуда. Алайда министрліктердің, ведмоствалардың, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жетекшілерінің, сондай-ақ агент-банктердің алынған қарыздарды игеруі, мониторингі және қайтаруы үшін жауапкершілігін күшейткен жөн.

Сонымен, басымды инвестициялық жобаларды әзірлеу, қарыздарды игеру мониторингі, қарыздарды жүзеге асырудың тиімділігін бағалау, қарыздарды түпкі пайдаланушылардың қайтару тетігі және қарыздарды жұмсағаннан ақырғы тиімділікті анықтау республикадағы қарыздану жүйесінің құрылымдық бөліктері ретінде қарастырылуы тиіс. Мұндай жүйенің құрылуы, біріншіден, шетелдік капиталдың республикада тартылуы мен жұмсалу тиімділігін көтеруге, екіншіден, сыртқы көрнекті басқарудың барлық процесін жетілдіруге, солайша мемлекеттің жалпы түгелдей қаржылық ресурстарын және атап айтқанда еліміздің бюджеттік ресурстарын басқарудың белгілі бір мүмкіндік жасайды.

Сонымен бұл инвестициялық жоба-жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға инвестициялар көздейтін іс-шаралар кешені.

1. 2. Корпорациядағы инвестициялық қызметінің мәні

Қазіргі уақытта кәсіпорындардың тиімді жүмыс істеуін қамтамасыз ететін экономикалық қүрылымдарды қалыптастыру өте маңызды. Олардың жүмысының алға басуы көп жағдайда қаржы ресурстардың, яғни инвестицияларды тартуды талап етеді. Осыған орай кәсіпорындарда инвестициялық қызметті күшейтуде. Себебі, кәсіпорындар бәсекеге қабілетті болып, өз өндіріс ауқымын кеңейтуде, яғни инвестициялық қызметті дамыту бірден-бір жол болып табылады. .

“Инвестиция” термині экономикаға жаңа келгендердің үйымдарында кейде шатасуға дейін апарады. Инвестиция жалпы тәртіп бойынша, бұрыннан бар активтерді әрүрлі адамдардың араларында бөліске түсіретін сатып алушылық экономика үшін инвестиция болып саналады. Экономистер қолданып жүрген инвестициялардың мазмұны жаңа капиталды жасау деген ұғымды білдіреді.

Негізгі қорға қаржы жұмсау ( өндірістің негізгі қоры) босалқы қорларға, резервтерге, сондай-ақ пайда, дивиденд және басқа да табыс табу мақсатымен құнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді капитал бөлуді инвестиция деп атайды.

Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

Инвестицияны материалдық-заттық және ақшалай нысанына бөлуге болады. Материалдық-заттық инвестиция − ол салынуға тиісті өндірістік және өндірістік емес объектілер, жабдықтар, машиналар және т. б. сонымен қатар, ол − ауыстыруға немесе техникалық парктерді кеңейтуге, материалдық заттарды басқа инвестициялық тауарларды арттыруға бағытталған, ал инвестицияның ақшалай нысаны болса, ол − ақшалай капиталдың материалдық-заттық инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларды қамтамасыз етуге жұмсалады.

Өндірістегі жалпы инвестицияны өнім инвестиция деп атайды. Ол − негізгі капиталдың (негізгі қор ) артуын қадағалауға бағытталады. Жалпы инвестиция біріктірушінің екеуінен қосылады. Оның ішінде біреуі − амортизация. Ол − негізгі өндіріс құралдарының ұдайы тозу және оның құнын өндірілетін өнімге көшіру процесі.

Екінші біріктіруші таза инвестиция − бұл капиталдың қаржы жұмсау негізгі қорларды арттыру, өсіре беру, ғимараттар салу, өндіру және қондыру, қосымша жабдықтар, қолда бар өндіріс қуаттығын жаңғырту мақсатында іске асырылады. Материалдық өндіріс салаларындағы инвестициялармен қатар, олардың едәуір бөлігі әлеуметтік-мәдени салаларына, яғни ғылым, білім, денсаулық, дене шынықтыру, спорт, қоршаған табиғи ортаны қорғау, осы салалардағы жаңадан салынатын объектілерге, олардағы қолданылып жүрген техника мен технологияларды одан әрі жетілдіруге жұмсалады.

Инвестициялар ЖІӨ-нің ең маңызды және ең өзгермелі компоненттерінің бірі болып табылады. Қашанда болмасын құлдырау кезінде тауарлар мен қызметтерге деген шығын қысқарады, бұл қысқарудың үлкен бөлігі инвестициялық шығындар көлемінің құлдырауына қатысты.

Қазастан Республикасының “Шетелдік инвестиция туралы” Заңында: “Инвестициялар дегеніміз- мүліктік құндылықтардың барлық түрлері және оларға деген құқық, сондай-ақ пайда (табыс) алу мақсатында инвесторлардың кәсіпкерлік қызмет нысандарында жұмсалған интеллектуалдық меншікке құқық”.

Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы екі біріктіруден анықталады: көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы. Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорын стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді.

Сонымен, жалпы түрінде инвестиция ақша қаражаты ретінде, банктік салықтар, акциялар және басқа да құнды қағаздар, технология, машиналар, жабдықтар, лицензиялар, оның ішінде тауар белгілеріне, несиелер, кез келген басқа да мүліктер немесе мүліктер құқығы, зиялы құндарды кәсіпкерлік қызмет объектілеріне немесе басқа да қызмет түрлеріне пайда (табыс) және әлеуметтік нәтижеге жету мақсатына пайдаланады.

Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді күрделі қаржылар формасында жүзеге асырылады. Инвестициялардың түрлері бойынша тәуекелдік (венчурлік), тікелей, портфельдік және аннуитеттік болып бөлінеді.

Венчурлік капитал − үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады. Венчурлік капитал жұмсалған қаржының үлкен өтелімділігі есебіндегі өз өзінен байланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне түрлі формадағы капиталды ұштастырады: несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік.

Тікелей инвестициялау − шаруашылық субъектілерінің табыстар түсіруіне және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалға капиталға жұмсалуы болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпорациядағы қаржылық жоспарлау мен бақылау
Корпорациялардың қаржысы: мәні мен мазмұны, атқаратын функциялары және қаржы механизмі
Кәсіпорын табысының қалыптасуы мен бөліну жүйесі
Баскарудың жапондық типінің түрлері
Корпорацияның айналым капиталы туралы
Корпорациялардың қаржы механизмі
Муниципалды басқару
Ұйымдарды корпоративтік басқару
Бағалы қағаздар нарығы және оған қатысушылар
Жапондық менеджмент. Басқарудың жапондық типінің түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz