Қазақстан Республикасының қарулы күштері



№ 1 тақырып Кіріспе
№ 2 тақырып. Жалпы әскери жарғы. әскери қызметкерлер тәртібінің құқықтық негізі
№3 тақырып. Әскери құқық пен тәртіп 1.Әскер тәртіптің мәні мен мағынасы
№ 4 тақырып. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тәртіптік Жарғысы
№5 Тақырып. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық қызметінің Жарғысы
№ 6 тақырып. Қарауыл қызметінің тағайындалуы мен міндеттері. Қарауыл қызметін ұйымдастыру
№ 7 тақырып. Объектілерді қоршау және тұрақтарды жабдықтау
№8 тақырып. Сағатшының міндеттері
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Қызмет атқару –
әр азаматтық құрметті міндеті, ол бейбіт еңбекті әскери қызметшілердің қорғайды деген халықтың сенімі болып табылады.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрбір тәуелсіз мемлекеттің, соның ішінде Қазақстанның негізгі міндеті болып табылады.
Ұлттық қауіпсіздік дегеніміз- Қазақстан мемлекетінің дамуының тәуелсіз егеменділігімен территориялық тұтастығын сақтауды қамтамасыз ету.
Еліміздің қорғаныс қабілетін сақтау- бұл бүкіл халықтық іс, сондықтан жастарды қазақстандық патриотизмге, көп ұлттар тұратын Отанымызға деген сүйіспеншілікке, мемлекетіміздің гүлденіп дамуына деген жауапкершілікке тәрбиелеу болып табылады.
Кеңестер Одағы құлағаннан кейін орта оқу орындарында алғашқы әскери дайындықты алып тастағаннан соң жастарды әскери патриоттық тәрбиеге баулуда, әскер қатарына дайындауда, олардың жалпы білім деңгейлеріне және Қарулы Күштер құрамының моральдық адамгершілік сапасын төмендетуде айтарлықтай үлес қосты. Қазіргі уақытта ҚР Үкіметінің «Алғашқы әскери дайындық туралы» 1996 жылдың 1 қарашасындағы Қаулысына байланысты оқыту түріне қарамастан орта оқу орындарының барлығында өткізіледі.
«Жалпы әскери міндет пен әскери қызмет туралы» және «Келісімшарт бойынша әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына байланысты жастарды әскери қызметке дайындау Қазақстан Республикасы Үкіметінің және орталықтағы жергілікті әкімшілік органдарының жетекшілігімен жүзеге асырылады.
«Территориялық қорғаныс туралы» Заң қабылданып, жергілікті әкімшілік жетекшілерімен бірігіп, әскери мәселелер жағдайларын терең түрде шешуге мүмкіндік берді.
Қазіргі сатыда Қарулы Күштердің алдына қойған міндетін ескере отырып, әскерді реформалау жүріп жатқанда , әскери доктринаның ең маңызды талабы білікті әскери кадрларды дайындау болып табылады. ТМД мемлекеттерінің ішінде ең бірінші болып Қазақстан Республикасы «Келісімшарт бойынша әскери қызмет туралы» Заңды 2001 жылдың 20 наурызында қабылдады. Соған байланысты Мемлекеттік ведомство аралық комиссия құрылды.
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы
2.ҚР Қарулы Күштерінің ішкі қызметінің Жарғысы
3. ҚР Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауыл қызметінің Жарғысы
4. ҚР Қарулы Күштерінің тәртіптік Жарғысы
5.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі
6.Жалпы әсери дайындық бойынша оқу құралы
7.Алғашқы әскери дайындық оқулығы

Пән: Алғашқы әскери дайындық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
№ 1 тақырып Кіріспе

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде Қызмет атқару –
әр азаматтық құрметті міндеті, ол бейбіт еңбекті әскери қызметшілердің
қорғайды деген халықтың сенімі болып табылады.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрбір тәуелсіз мемлекеттің, соның
ішінде Қазақстанның негізгі міндеті болып табылады.
Ұлттық қауіпсіздік дегеніміз- Қазақстан мемлекетінің дамуының тәуелсіз
егеменділігімен территориялық тұтастығын сақтауды қамтамасыз ету.
Еліміздің қорғаныс қабілетін сақтау- бұл бүкіл халықтық іс, сондықтан
жастарды қазақстандық патриотизмге, көп ұлттар тұратын Отанымызға деген
сүйіспеншілікке, мемлекетіміздің гүлденіп дамуына деген жауапкершілікке
тәрбиелеу болып табылады.
Кеңестер Одағы құлағаннан кейін орта оқу орындарында алғашқы әскери
дайындықты алып тастағаннан соң жастарды әскери патриоттық тәрбиеге
баулуда, әскер қатарына дайындауда, олардың жалпы білім деңгейлеріне және
Қарулы Күштер құрамының моральдық адамгершілік сапасын төмендетуде
айтарлықтай үлес қосты. Қазіргі уақытта ҚР Үкіметінің Алғашқы әскери
дайындық туралы 1996 жылдың 1 қарашасындағы Қаулысына байланысты оқыту
түріне қарамастан орта оқу орындарының барлығында өткізіледі.
Жалпы әскери міндет пен әскери қызмет туралы және Келісімшарт
бойынша әскери қызмет туралы Қазақстан Республикасының Заңдарына
байланысты жастарды әскери қызметке дайындау Қазақстан Республикасы
Үкіметінің және орталықтағы жергілікті әкімшілік органдарының
жетекшілігімен жүзеге асырылады.
Территориялық қорғаныс туралы Заң қабылданып, жергілікті әкімшілік
жетекшілерімен бірігіп, әскери мәселелер жағдайларын терең түрде шешуге
мүмкіндік берді.
Қазіргі сатыда Қарулы Күштердің алдына қойған міндетін ескере отырып,
әскерді реформалау жүріп жатқанда , әскери доктринаның ең маңызды талабы
білікті әскери кадрларды дайындау болып табылады. ТМД мемлекеттерінің
ішінде ең бірінші болып Қазақстан Республикасы Келісімшарт бойынша
әскери қызмет туралы Заңды 2001 жылдың 20 наурызында қабылдады. Соған
байланысты Мемлекеттік ведомство аралық комиссия құрылды.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері сержант мамандарын дайындауда
көп күш жұмсауда, олар командирлер мен бастықтарға белсенді көмек
көрсетулері қажет, олардың міндетіне жатпайтын жұмыстардан босатып,
өздеріне кәсіби мамандарды дайындау жауапкершілігін алып және жеке құрамды
Қазақстан Республикасы Конституциясының баптарын, мемлекет заңдарын,
әскери антқа берілгендігін қатаң сақтауға тәрбиелеу міндеттерін алады. Осы
мақсатта Бас штабта жаңа штаб бригадалары енгізіліп, өңделіп, кәсіби
сержанттардың атқаратын қызметі белгілі деңгейде анықталған.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қоғам мен әскер байланысын
нығайту бойынша сатылы жұмыстар жүргізілуде.
Бұл Қазақстан халқының әскери қызметкерлер жөнінде қызметі мен тұрмыс
жағдайларын жақсы білуіне, әскери қызметкерлерді қазақстандық патриотизмге,
ұлтаралық қатынас татулығына, аға буынның жауынгерлік әдет-ғұрыптарына
берілгендік, әскери борышқа және әскери антқа адал болуға, ірі
компаниялардың аймақтармен, әскери бөлімдермен жаңа жетекшілік байланыс
жасауға көмектесіп, әскери тәртіпті және тұтастай жауынгерлік дайындықты
нығайтуға көмектеседі.
Әскер генералы М.К. Алтынбаев редакциялығымен 10 сынып оқушыларына
арналған Алғашқы әскери дайындық оқулығы мына бөлімдерден тұрады:
- әскери қызмет негіздері;
- тактикалық дайындық;
- қару ату дайындығы;
- саптық дайындығы;
- әскери топография;
- Азаматтық қорғаныс және медициналық білім негіздері.
1.Әскери қызмет негіздері бөлімінде Жалпыға бірдей әскери
міндеттер мен әскери қызмет туралы, Ұлттық қауіпсіздік туралы,
Азаматтық қорғаныс туралы Қазақстан Республикасы Заңдарынан білім алуға,
Алғашқы әскери дайындық туралы ҚР Үкіметінің Қаулысы және Қазақстан
Республикасы Қорғаныс Министрінің бұйрықтары мен директивалары,
ҚР Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштерінің Бас штаб бастығының, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
бойынша агенттік төрғасы және Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлықтарына көңіл бөлінеді. Бұл бөлімде идеялық сенімділікті
қалыптастыруды, Қазақстан Республикасының егемендігін саналы түрде
қорғауды, әскери қызметке жауаптылықпен қарауды, әскери ант қабылдаудаудың
мәнін түсінуге, Қазақстан халқына және оның заңды түрде сайланған
Президентіне адал қызмет етуге берген антына сонымен қатар Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштері Жарғысының талаптарымен әр әскери қызметшінің
негізгі міндеттерін оқытады.
2.Тактикалық дайындық бөлімінде жалпы әскери атыс негіздері,
оқушыларды атыс кезіндегі қимылдардың қағидаларын оқыту, қарсыластың
брондық машинасы мен жаяу әскеріне қарсы граната мен қару-жарақты қолдана
білуге үйрету, қарсыластың қандай мақсатта келе жатқанын анықтап олардың
тұрған жерлерін шартты түрде бағдарлай алып, барлаудың қорытындысын
келтіруді, атыс болатын жерді таңдауды, қазылған жердің бағытын, атыс
алаңында қозғалуды, жүгіруді, бауырымен жорғалауды үйретеді.
3. Атыс дайындығы бөлімінде оқушыларға ататын қарудың негізгі
құрылысын, оны ату тәртібін және ату ережесін оқытып түсіндіреді.
Пневматикалық қарумен және қолмен гранат лақтыру, қаруды сақтау, жатып ату,
қаруды қаруландырып және залалсыздандыру тәртібін үйренеді.
4. Саптық дайындық бөлімінде сабақ сапқа дайындау тәртібі бойынша
түсіндіріледі. Сапқа тұрған кезде берілген команданы дұрыс орындау, бір
орындағы және қозғалыстағы саптық ережелерді орындауға ерекше көңіл бөлу
керек.
5. Әскери топография бөлімінде горизонт тарапына қатысты өзіңнің
тұрған орныңды, заттардың орналасу жерін, белгісіз жерлерге бағыт –бағдар
жасай алатын қабілетін дамыту, азимут бойынша қозғалыс бағытын таңдай алуға
ерекше көңіл бөлу керек.
6. Азаматтық қорғаныс бөлімінде Қазақстан Республикасының халқын
табиғи ,ірі апаттардан қорғауға, сақтандырудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана
білуге, төтенше жағдайлардың шығу орындарында шұғыл аман алып қалу
жұмыстарын жүргізуге, жарақат алғанда жедел көмек көрсете алуға, жеке және
ұжымдық қорғаныс құралдарын пайдалануға, төтенше жағдайларда аман алып
қалу шараларында және атыста жарақат алғандарға алғашқы медициналық жедел
жәрдем көрсете алуға көңіл аудару қажет.

№ 2 тақырып. Жалпы әскери жарғы- әскери қызметкерлер тәртібінің құқықтық
негізі

ҚР Қарулы Күштерінің Саптық Жарғысы нені анықтайды? Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметкерлерінің өмірі мен қызметі қатаң
түрде жалпы әскери жарғының нормативтік –құқықтық құжаттарына негізделген.
Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау
және мәртебелері туралы Қазақстан Республикасы Заңында Қазақстан
Республикасы мемлекеттік егемендігін қорғау, оның ішкі және сыртқы
қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сыртқы агрессорларға тосқауыл қою деп
көрсетілген, сонымен қатар Қазақстан Республикасын мемлекет тұрғысынан
қорғау, әскери қызметшілер халықаралық міндеттерге байланысты әскери
борыштарын өтеуге міндетті; әскери антқа адал болу, әскери жарғының
талаптарын қатаң сақтауға міндетті.
Заң тұрғысынан қарағанда жалпы әскери жарғы мемлекет белгілеген
нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығын құрап, әскери тәртіп пен
заңдылықтың әскери қызметшілер арасындағы қарым-қатынасты әр қырынан реттеп
отыратын бастама болып табылады. Әскери қызметшілерді тәрбиелеу, оқыту
әдістері мен нормаларын, міндеттерін; ішкі, гарнизондық, қарауылдық,
патрульдық, саябақтық, лагерлік , күн тәртібін, материалдық-тұрмыстық және
медициналық жабдықтармен әскерді қамтамасыз ету, әскери қызметшінің құқығы
мен міндеттерін және тәртіптік жауапкершілігін, жауынгерлердің қызметтегі
және қызметтен тыс тәртібі мен қарым-қатынастарын, жарғының ережелерін
қатаң спқтау әдістерін, жоғарғы ұйымдастырушылықты, әскери тәртіпті ,
жауынгерлік дайындықты және басқа арнайы қызмет түрлерінің өмір сүру
әрекетерін әр қилы жақтарынан реттейді.

1.Ішкі қызмет жарғысы

Ішкі қызмет жарғысы әр түрлі категориядағы әскери қызметшілердің
қызметтік және жалпылай міндеттерін ,өз-ара, бастық пен қарамағындағысының
қарым-қатынастарын, бұйрықты беру және орындау тәртібін, әскери сыпайылық
ережесі мен жеке құрам тәртібін анықтайды.
Осы жарғыдағы ережелерге байланысты жеке құрамды орналастыру, күн
тәртібі белгіленіп, әскери қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетілу
ұйымдастырылып, сонымен қатар олардың бөлімнен босатылып шығуы
увольнение, дабыл бойынша жинау белгіленеді.

2. Тәртіптік жарғы

Тәртіптік жарғы әскери тәртіптің мәнін, оның негізгі талаптарын,
әскерде белгіленген тәртібін, көтермелеу мен талап ету взыскать,
командирлер мен бастықтардың тәртіптік құқықтарын анықтайды. Сонымен қатар
әскери қызметшілердің өтініш, ұсыныс және шағымдарының қаралу мерзімі мен
тәртібін қарастырып оның іске асуын жүзеге асырады.

3. Гарнизондық және қарауылдық қызметтің жарғысы

Гарнизондық және қарауылдық қызметтің жарғысы гарнизондық және
қарауылдық қызметті жүргізу мен ұйымдастырылуын анықтайды. Жарғыда
гарнизондағы қызметтік тұлға мен әскери қызметшінің құқықтары мен
міндеттерін, әскердің қатысуымен гарнизондық және басқа да шаралардың
өткізілу тәртібі көрсетілген.

4.Саптық жарғы

Саптық жарғы әскери қызметшілер мен бөлімшелердің сапқа тұру
ережелері мен тәртібін, сапқа тұру алдындағы міндеттерін, атыс алаңындағы
қозғалыс әдістерін түсіндіреді.
Қарулы Күштерде сонымен қатар атысу жарғысы да бар. Онда
жауынгерлердің атыс кезіндегі қимылдары мен міндеттері, оны жүргізудің
негізгі қағидалары мен әсерлерді басқару әдістері жазылады. Соғыс жарғылары
жаңашыл әскери өнердің негізі-жеңу туралы ғылымды ұсынады. Онда жаңашыл
соғыстың жан-жақты ерекшелігі сипатталады және әр түрлі қару-жарақтың, атыс
техникаларының қолдану жағдайларындағы әскердің қимыл әдістері анықталады.
Әскердің атыс қимылдарын қызметін, оқуын, міндеттері мен тәртіп нормаларын
қай жағынан, қырынан алмасақ та , барлығы жарғының нормаларымен,
командирлер мен бастықтардың бұйрықтарымен жүзеге асырылады. Жарғы олардың
өмірі мен қызметіне ерекше жинақылыққа үйретіп, әдет-дағдыларын
қалыптастырып, ерік-жігерін шыңдандырып, ішкі тәртібін, сөзсіз орындаушылық
қабілеттерін қалыптастырады. Осындай қасиеттерсіз флот пен Қарулы Күштердің
барлық саласында әскердің үнемі соғысқа дайындығын әскери тәртіпті, жоғары
ұйымдастырушылықты қамтамасыз ету мүмкін емес. Жарғының талаптарын
жауынгерлер сол сәтте қай жерде болғанына қарамастан, яғни сапта тұрма әлде
тұрған жоқ па, бөлімшеде ме, әлде бөлімшеден тыс жерде екеніне қарамастан
міндетті түрде орындайды. Қарулы Күштер үшін Президент бекіткен жарғының
мәні зор. Онда заң жүзінде ережелер бекітіліп, әскерилерге қойылатын талап
пен қызмет тәртібі анықталады. Бұл ережедегі талаптар жеке құрам жұмысында
жоғары-моральдық және әскери қасиеттерді қалыптастыруда маңызды рөл
атқарады. Нақты жарғылық тәртіп, қызметтегі және тұрмыстағы жоғары
ұйымдастырушылық, жауынгерлердің негізгі тәртіптері мен оқудағы
жетістіктеріне қызмет етеді.
Тәртіпті сарбаз деп заң талаптарын, жарғыны, әскери антты жақсы
білетін, оны күнделікті өмірде кездесетін жағдайларда қатаң басшылыққа
алып, жарғының тәртібін жүргізгенде командирлерге көмек көрсетіп,
жолдастарын келеңсіз істерден тоқтатып, бөлімнің немесе бөлімшенің жоғары
әскери дайындығына қолдау жасау міндеттерін нәтижелі шешу, әскери ұжымдағы
жарғылық қарым-қатынасты, достықты, әскери жолдастықты берік ұстап,
төзімділік пен өзін-өзі ұстай алатын адамды айтады.
Жарғыдағы ең басты талап Отанды қорғауда әскери қызметшінің жеке
жауапкершілігі, өзінің халқына, туған жеріне қалтықсыз қызмет ету болып
табылады. Әмкери қызметшілердің адамгершілік қағидалары мен қатар жүретін
құқықтық-тәртіптік нормалар жарғыда ерекше көрсетілген. Онда жоғары әскери
тәртіпті сақтау қатынастастары, үнемі жауынгерлік дайындықта болулары
бекітілген. Жарғыда қызмет бабы негізінде әскери атақ бойынша бағыну қатаң
түрде қарастырылған. Ішкі қызметтік жарғыда бір әскери қызметші өзінің
қызмет жағдайыжәне әскери атағы бойынша бастық та, бағынушы да, аға да,
кіші де болады. Бастықтардың өзінің қарамағындағыларға бұйрық беру және
оның орындалуына бақылауға құқығы бар. Қарамағындағылар сөзсіз бастықтың
айтқанын орындауға міндетті. Тәртіптік жарғыда Командирдің бұйрығы-
қарамағындағылар үшін заң деп атап көрсетілген. Бұйрық сөзсіз дәл өзінің
мерзімінде орындалу керек.
Барлық осы қатынастар адамгершілік қағидасы негізінде құрылады. Атап
айтқанда олардың бір-біріне деген қарым-қатынасы сыпайылыққа, сезімділікке,
адамның қажеттіліктері, сұраныстары жайлы біліп, қолынан келсе көмектесу
жағдайларын қарастырады. Әскери жарғы әскери қызметшілерден үнемі үлгі
болатын жоғары мәдениеттілікті, қарапайымдылық пен салмақтылықты,
адамгершілік нормаларын сақтап, қоғамдық орындар мен көшелерде өздерін
мақтанышпен ұстай білуді талап етеді. Қызметтік сұрақтар бойынша әскери
қызметшілер бір-біріне
Сіз деп айтулары керек.
Әскери қызметшілердің бір-біріне қарым-қатынастарын заңды түрде
тәртіпке келтіруге қарамастан, барлық жағдайларды бүге-шігесіне дейін
қарастыру мүмкін емес. Жарғының талаптарына сәйкес келмейтін жағдайлар да
кездесіп жатады. Әскеи бөлімшелерде әсіресе жаңадан толықтырулар келгенде
таңдалмаған озаттар пайда болуы мүмкін және олар жеке құрамға белгілі бір
сипатта әсер етеді. Оның ішінде кері әсерін тигізетін адамдар да кездеседі.
Олар адамгершілік атмосферасын жақсартуға тырыспайды, достықтың не екенін
түсінбей өзінен кіші жолдастарына менмендігін көрсетіп, не істесемде
маған болады деген жағдайларды туғызады.
Бұл адамдар адамгершілік қасиетке қарсы қылмыстар жасаудың себептері
болады. Республиканың Қарулы Күштерінде осындай көріністерді
болдырмайтын күрес жүргізіледі.
Әскери ұйымдар жарғы ережесінсіз, талап ету нормаларынсыз өмір сүре
алмайды. Жарғы қазіргі соғысты жеңу үшін жауынгерлерді тәрбиелеу үшін
оларды идеялық көзқарасқа, ерлікке, батырлыққа, әскери жолдастыққа, шешім
қабылдай алуға, ынта білдіруге, жауапкершілікке, жауынгерлік оқуларда
мақсатқа жетуге , талаптылыққа тәрбиелеудің ненгізгі құралы болып табылады.

№3 тақырып. Әскери құқық пен тәртіп
1.Әскер тәртіптің мәні мен мағынасы

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін жоғарлату бойынша
көптеген факторлардың ішінде әскери тәртіпті нығайту барысында жауынгерлік
дайындықтың дәрежесін нығайтуға мән беріледі.
Әскери тәртіп мемлекеттік тәртіптің бір түрі болып табылады. Ол
әскери ұжымның ішінде әскери құрылыс қағидаларын енгізіп, ішкі тәртіп
ережелерін ретке келтіріп, ұйымдастыру факторының рөлін атқарады. Оның
ережелері мен нормалары әскерилер арасындағы қарым-қатынасты бір-біріне тең
әскери атақтары бойынша реттеп отырады. Сөзсіз әскери тәртіп әскердің
жауынгерлік дайындығының бір бөлшегі болып табылады.
Тәртіптік жарғыға байланысты әскери тәртіп дегеніміз әскери
қызметшілер арасындағы заң бойынша белгіленген ережелерді қатаң сақтап,
орындау болып табылады. Бірақ та әскери тәртіптің көп қырлы қиындығы
жарғыда көрсетілгеннен де күрделі. Заң мен әскери тәртіп арасындағы тығыз
байланысқа қарамастан айырмашылықтары да бар. Конституциялық қағида
мемлекеттік органдардың , қоғамдық ұйымдардың, азаматтардың, қызметтік
тұлғалардың заңы болса, ал әскери тәртіп әскери басқарма орталығы
қызметінің қағидасы болып табылады.
Одан басқа әскери қызметкерлерге қойылатын бірқатар талаптар, мысалы,
әскери қызметтің қиындығын қажымай көтеру, әскери жолдастықты бағалау,
үнемі әскери кәсіптік біліммен қарулану және т.б ұғымдар толығымен заңи
тұрғыда қамтылмайды. Әскери тәртіптің заңнан айырмашылығы құқықтық
нормаларды ғана талап етіп қоймай, сонымен бірге жекелеген үзінділерді,
техникалық нормалар мен ережелерді, құқықтық сипатта орындауды талап етеді.

2.Әскери тәртіптің әскери қызметкерлерге қойылатын талаптары

Әскери қызметкерлерді әскери тәртіп неге міндеттейді? Мемлекеттік
тәртіптің бір түрі ретінде жалпы сипаттағы Әскери тәртіпке міндеттейді.
Әскери ұйымдардың әскери қатынастарындағы ерекшелікті ескере отырып,
әскери тәртіп мынадай айрықша белгілерді атап өтеді.
Біріншіден, әскери тәртіп әскери қызметкерлерге қойылатын талаптарды,
нақты ұсынып, басқа мемлекеттік тәртіп түрлерінен айырмашылығы реттеп
отырады. Мысалы, бұйрықтарды беру және орындауға байланысты қатынастар,
әскери сыпайылық ережесі, тәртіпті бұзып, шектен шыққандарға шара қолдану
және тағы басқа.
Екіншіден, әскери тәртіп ережесі қызметтен тыс салаларға да таралады,
мысалы, еңбек тәртібінің ережесі жұмыс уақытында еңбектегі міндеттерін
орындауға байланысты жұмысшы мен қызметшілерге ғана қатысты таралады.
Үшіншіден, әскери тәртіпке басқа тәртіптер мен салыстырғанда жоғары
талап қойылады. Мысалы, әскери қызметтің қиындығын қажырлылықпен көтеру,
әскери борышты қайсарлықпен орындау, адал, шыншыл , тәртіпті және жігерлі
болу, командирлерге сөзсіз бағыну және соғыста оларды қорғау болып
табылады.
Төртіншіден, командирлер мен бастықтардың тәртіптік құқықтың көлемі
басқа қызметтік тұлғаларға ұарағанда кеңірек. Жекелей алғанда ол Тәртіптік
жарғыда қарастырылған кейбір аяқ астынан болған жағдайларда қаруды
пайдалану кезінде көрінеді.
Бесіншіден, тәртіптің басқа түрлерімен салыстырып қарағанда әскери
тәртіптің талабын бұзғаны үшін өте қатаң түрдегі заңды жауапкершлік
белгіленген. Әскерилерге қылмыстық жауапкершілік, жасаған қылмысын мойнына
алып өкінбегені , бұйрықты орындамағаны, бөлімді өз бетімен қалдырғаны үшін
белгіленеді.

3.ҚР Қарулы күштеріндегі әскери тәртіптің ерекшеліктері

Сонымен әскери тәртіптің ерекшелігі оны бұзған дәрежесі мен сипатында,
мазмұны мен талаптарына қойылатын салаларда көрінеді.
Аталған әскери міндеттердің анализі, заңды түрде ғана емес, сонымен
бірге моральдық мінезді де нақты түрде көрсетеді. Мысалы: адал, тәртіпті,
жүректі болу, әскери жолдастықты нығайту, әскери істі ізеттілікпен орындау
және т.б.
Тәртіптік жарғының 3 бабында жазылған, әскери тәртіп әрбір әскери
қызметшіні міндеттейді;
- қоғамдық орындарда өзін мақтанышпен ұстай білу;
- қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу, азаматтарды бұзақылардан қорғау;
- оң шешімін табатын ынта білдіру;
- әскери қимылдарды жүргізудің халықаралық ережелерін қалтықсыз сақтау
және білу;
- жаралыларға, ауруларға, тұлғаларға, кеме апатына ұшырағандарға, атыс
болған аумақтардағы азаматтарға, сонымен бірге әскери қызметкерлерге
үнемі көмек көрсету;
- командирлер мен старшиналарға сыйластық көрсетіп, әскери сыпайылық
құқығын сақтауға міндетті.
ҚР Қарулы күштерінде әскери қызметкерлердің қызметтік және арнаулы
міндеттері белгіленген. Қызметтік міндеттер оқу орындарында, мекемелерде,
әскери бөлімдердің ұйымдастыру құрылысында әскери қызметкердің қызметімен
анықталады. Қызметтік міндеттер жалпыға бөлінеді. Мысалы, барлығына
арналған бастық және нақты бастық ( бригада командирі, батальеон командирі,
рота және взвод командирі).
Әскери қызметшінің арнаулы міндеті әскери қызметшінің атағы бойынша
тең келетін әскери қызметшілердің қарым-қатынасымен байланысты уақытша
сипат алады. Олар әскери қызметшілерге міндеті мен құқығынан тыс тапсырма
беруден туындайды. Мысалы, патрульдік қарауылдың құрамын, тәуләітік нарядқа
түсушіні, тексеру жүргізу үшін іссапарға жібергенде, инспектрлік тексеру
жүргізуге тағайындауда қосымша тапсырма беріледі. Арнаулының тізіміне
әскери атақтарына байланысты бастықтар мен қарамағындағылардың, үлкен мен
кішінің міндеттері жатады.
Сонымен әскери тәртіп объективтік және субъективтік жағынан
диалектикалық біртұтастық ұғымды қалыптастырады. Объективтік жағы әскер
қызметшілерге қойылатын тәртіп пен оны орындау талаптарын бекітіп,
тәртіптің құқықтық жағын анықтайды. Бұл деген әскери норманың құықтық
негізін құрап, белгіленген тәртіпті сақтау оның субъективтік жағы болып
келеді. ҚР Қарулы күштері әскери қызметшілерінің жауапкершілік туралы жалпы
ережелерінде мыналар аталған: Әскери қызметшілердің жауапкершілігі ,
Әскери қызметкерлерді және олардың отбасы мен мүшелерін әлеуметтік қорғау
мен статустары туралы бөлімінде бекітілген. Онда әскери қызметкерлер
қоғамға қауіпті құқық бұзу дәрежелік сипатына байланысты Қазақстан
Республикасының заңдарының негізінде жауапкершілікке тартылады деп
айқындалған. Әскердегі әскери тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыстың
барлығы сендіріп, күтеу әдістеріне негізделіп, бірінші рөлде сендіру орын
алады. Сонымен бірге сендіру күштеуді де алып тастамайды. Көптеген
әлеуметтік сауалнамалардың нәтижесі бойынша әскери қызметшілердің көпшілігі
жарғы мен заңның талаптарын жазалау шараларынан қорыққандықтан өз
еріктерімен орындаймыз деп жауап берген. Күштеу мүмкіндіктері шындыққа
жанаса келе, белгілі бір тәртіпті сақтауға психологиялық тұрғыдан
көмектеседі. Әскери қызметкерлердің әскери тәртіптің талаптары туралы
көзқарастары оларды орындау түсінігінен ғана тұрмайды, сонымен бірге
мемлекеттік күштеу шаралары да бар, әскери тәртіпті нығайту бойынша заң
тұрғысынан қарастырылған, талаптарды орындауға кепілдік беретін органдар да
бар екенін білулері керек. Бұл басқарушылық қатаң жарғылық тәртіптік
тұрғыдан қызметшінің мүддесіне қолданылу керек. Тәртіпті нығайту бойынша
құқықтық құрал заң жүзінде командирлерге (бастықтарға) беріледі:
- көтермелеу шаралары;
- әскери тәртіпті бұзушы шаралары;
- тәртіптік жазалар;
- тәртіптік іс қимылдарға қосымша шаралар.
Тәртіптік іс қимылдарының ішінде Тәртіптік жарғымен қарастырылмаған
айырмашылықтар да бар. Дегенмен заң жүзінде бекітілген командирлер мен
бастықтардың тәртіптік практикасында жиі қолданылатын мынадай шаралар бар:
- міндетті демалыстың мерзімін қысқарту;
- арнаулы әскери мекемедегі оқуды тоқтату;
- әскери қызметшіні әскери форманы дұрыс кимегені және әскери сәлемдесу
ережесін орындамағаны үшін ұстау;
- сапқа тұру дайындығы мен жарғыны оқу бойынша комендатурада әскери
сабақ өткізу шаралары бар.

№ 4 тақырып
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тәртіптік Жарғысы

1.Әскери тәртіпті нығайту бойынша командирлердің міндеттері

Қауіпсіздіктің және әскердің үнемі жауынгерлік дайындығының ең
басты жағдайларының бірі әскери тәртіп болып табылады.
Командирлер күнделікті әскери бөлімдерде, бөлімшелерде, кемелерде
заң талаптарын, әскер жарғыларды, бұйрықтарды, өкімдерді қатаң басшылыққа
ала отырып әскери тәртіпті қолдауға міндетті.
Әскери тәртіп дегеніміз барлық әскерилердің Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен заңдары белгілеген, әскери жарғы мен командирлердің
бұйрықтарын, сондай-ақ әскери қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас
тәртібінің нормаларын дәл және қатаң сақтауды айтамыз.
Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшінің әскери борышын және Қазақстан
Республикасын, өз Отанын қорғауда жеке жауапкершілігінің саналылығына
негізделеді.
Әскери тәртіп әрбір әскери қызметшіні өзінің әскери борышын саналы
түрде өз еркімен атқаруға міндеттейді.
Тәртіптілікке тәрбиелеудің негізгі әдісі сендіру, бірақ бұл сендіру
кім өзінің әскери борышын адал атқармаса, күштеу шараларын қолдануды да
алып тастамайды.

2.Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметін мерзім бойынша
атқаратын әскери қызметкерлерге қолданатын көтермелеулер

Көтермелеу әскери тәртіпті нығайту мен әскери қызметшіні тәрбиелеудегі
қызметі бойынша ең жоғарғы баға болып табылады. Әскери қызметшіге
көтермелеулер өзінің қызметтік міндеттерін талаптанып, тырысып, адал
атқаратын және әскери борышын өтеу барысында ерекшеленген жағдайларда
қолданылады.
Сарбаздарға, (матростарға) және сержанттарға (старшиналарға)
қолданылатын көтермелеулер
Әскери қызметін мерзімді өтейтін сарбаздарға, (матростарға) және
сержанттарға (старшиналарға) көтермелеудің мына түрі қолданылады:
а) бұрынғы тәртіптік жазасы болса, оны алып тастау;
б) алғыс жариялау;
в) әскери бөлімнен немесе кемеден екі тәулікке дейін босату рұқсатын
беру;
г) Отанына немесе бұрынғы жұмыс орны, оқу орнына әскер борышын үлгілі
түрде орындағаны және сол үшін көтермелеу алғаны жөнінде хабарлау;
д) мақтау қағазымен, бағалы сыйлықпен немесе ақшалай марапаттау;
е) әскери бөлімдегі жауынгерлік оралған (әскер теңіз туы) туды тіккені
үшін әскери қызметшіні жеке фотосуретімен марапаттау (сол мезеттегі);
ж) сарбазға (матросқа) ефрейтор (аға матрос) деген әскери атақ
беру;
з) кезектегі әскери атағын сержанттарға (старшиналарға) штаттық
лауазымнан ( әскери атағынан) бір сатыға жоғарлатып беру;
и) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Үздігі деген кеуделік
белгісімен марапаттау;
к) әскери бөлімнің, кеменің Құрмет кітабына енгізу;
л) демалысқа бару және қайтуға кеткен уақытын санамай 10 тәулікке
дейінгі қысқа мерзімді демалыс беру.
Келісімшарт бойынша әскери қызметін өтейтін әскери қызметшілерге
сарбаз матрос, сержант старшиналық лауазымдарға в, г, және л
тармақтарынан басқа жоғарыда аталған көтермелеулердің барлығы қолданылады.
Көтермелеу әскерилердің сапқа тұрар алдында, жиналысында салтанатты
түрде ауызша немесе бұйрық беру арқылы жарияланады.
Әскери қызметшіні көтермелеу туралы бұйрықтың жариялануы мен қатар
ереже бойынша марапаттау тапсырылып, сонымен бірге Отанына немесе бұрынғы
жұмыс орны, оқу орнына әскер борышын үлгілі түрде орындағаны және сол үшін
көтермелеу алғаны жөніндегі хабарлама оқылады.
Қысқа мерзімдегі демалыс әскери қызметшіге көтермелеу қай бөлімде
берілді сол жерден бір ай мерзімнен кешіктірілмей берілуі керек.

3. Тәртіптіктік жазалау шаралары

Тәртіптіктік жазалау шаралары дегеніміз қызмет бойынша уақытша болса
да бағынатын әскери қызметшіге бастықтың өкімімен қолданылатын жаза. Ол
әскери қызметшіге әскери тәртіп пен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарулы Күштер тылы
Қазақстан Қарулы Күштері туралы
Жауынгерлік қолдау бөлімдерінің санын көбейту және заманауи қару мен әскери техниканы сатып алу
Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің әскери рәміздері
ҚР Қарулы күштерінің техникасы мен жабдықталуы
Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің қалыптасуы мен дамуы (1991-2010 ж.ж)
Қазақстан Қарулы Күштері
Қазақстан Реcпубликасының мемлекеттік рәміздері
Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы заңнамасы
Қарулы Күштердің құрылысы
Пәндер