1918-1939 жылдардағы Франция



1. Франция үшін бірінші дүниежүзілік соғыстың экономикалық және саяси салдары.
2. Капитализмнің Францияда ішін.ара тұрақтануы және оның ерекшеліктері. “Солшыл одақтың” ќұрылуы
3. Дүниежүізілік экономикалық дағдарыс жылдарындағы Франция.
4. Францияда халық майданының құрылуы.
5. Франциядағы жаңа экономикалық дағдарыстың басталуы. Даладьенің Мюнхендік саясаты.
Франция өзiнiң басты қарсыласы Германияны талқандаған соң, Батыс Европадағы ең жетекшi елге айналды. Ол өзiне Эльзас пен Лотарингияны қайтарды. Француз отарлық империясының құрамына бұрынғы немiс және тұрiк иелiктерi кiрдi: Африкадағы Камерун мен Тогоның бiр бөлiгi, Таяу Шығыстағы Ливан мен Сирия. Франция француз империализмiнiң позициясы мығым болмаса да Европадағы гегемондыққа ұмтылды.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс Францияға үлкен шығын әкелдi. 1300 мың солдат пен офицерi өлдi, 2800 мыңы жараланды. 10 мыңдай фабрика-заводтары зақымданды, оның көбi Германия оккупациялаған солтұстiк-шығыс департаменттерде. Француз сауда флотының жартысы күйредi. Францияның соғыстағы жалпы шығыны - 134 млрд. алтын франк. Францияға шетелдiк капитал салу күрт қысқарды. Ол кредитор - елден қарыз алушы елге айналды. Франция өз одақтастарына 60 млрд. франктан астам берешек болды, оның 40 млрд франкке жуығы АҚШ-қа берiледi.
Соғыстан кейiн елдiң өнеркәсiбiн бейбiт өмiрге бағыттауға байланысты Францияда экономикалық дағдарыс басталды. Ол 1918-ден 1921 жылға дейiн созылды. Азық-түлiк, күнделiктi қажет товарлар бағасы соғысқа дейiнгi деңгейден 5-7 есе, салық 4 есе өстi. Францияда саяси жағдай да керағар болды. Бiр жағынан национализм мен шовенизм күшейдi, екiншi жағынан - жұмысшы және демократиялық қозғалыс өрледi.
Соғыстан кейiн Клемансо үкiметi ұлттық көңiл-күйдi күшейтуге тырысты. Ол осы мақсатта Эльзас пен Лотарингияның қайтарылуына байланысты ресми салтанат және Парижде жеңiс парадын ±йымдастырды. Германиямен келiсiм күнi - 11 қараша - ұлттық мереке деп жарияланды. Верден түбiндегi соғыс даласынан әкелiнген белгiсiз солдат қалдығы Елисей алаңындағы Триумфальдық арка түбiне жерленiп, мәңгiлiк от жағылды. Соғыс мүгедектерiне, бұрынғы майдангерлерге айрықша құрмет көрсетiлдi. Оларға жеңiлген Германия төлейтiн репорациядан ерекше пенсия тағайындалды.
Клемансо үкiметi өзiнiң басты мiндетi большевизм мен Кеңестiк Ресейге қарсы күресу деп есептедi. Батыс майданда соғыс қимылдары тоқтағаннан кейiн көп ұзамай-ақ француз үкiметi Англия мен АҚШ үкiметтерiмен бiрге Кеңестiк Ресейге қарсы соғыс интервенциясын ұйымдастырды. 16 қараша 1918 жылы ағылшын-француз эскадрасы Қара теңiзге тұсiрiлдi. Француз әскерi ақ гвардияшыларға көмек көрсетiп жатқан Одесса, Севастополь сияқты қалаларға ендi. Француз әскерi Англия, АҚШ, Жапония әскелерiмен бiрге Архангельск, Сiбiр, Қиыр Шығысқа жiберiлдi. Франция үкiметi Колчак, Деникин, Врангель, онан соң ақ поляк-тарға барынша көмек көрсеттi.
1. Егоров Ю.В. Народный фронт во Франции.- Л., 1972
2. Каспяравичус А.П. Коалиция национального единения во Франции и ее распад. Проблемы новой и новейшей истории.- М., 1982
3. Кузьмин М.Н. Внутриполитическая борьба во Франции (1926-1932 г.г.).- Л., 1975
4. Смирнов В.П. Новейшая история Франции.- М., 1975

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып 6: 1918-1939 жылдардаѓы Франция
Жоспары:
1. Франция %.шін бірінші д%.ниеж%.зілік соѓыстыњ экономикалыќ жєне саяси салдары.
2. Капитализмніњ Францияда ішін-ара т+-раќтануы жєне оныњ ерекшеліктері. "Солшыл одаќтыњ" ќ+-рылуы
3. Д%.ниеж%.ізілік экономикалыќ даѓдарыс жылдарындаѓы Франция.
4. Францияда халыќ майданыныњ ќ+-рылуы.
5. Франциядаѓы жања экономикалыќ даѓдарыстыњ басталуы. Даладьеніњ Мюнхендік саясаты.
Лекцияның мақсаты: Францияның ХХ ғасырдың басы мен Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы саяси-экономикалық дамуының ерекшеліктерін анықтап, ондағы экономикалық өсімнің барысын жан-жақты қарастыру.
Лекцияның мазмұны: Франция өзiнiң басты қарсыласы Германияны талқандаған соң, Батыс Европадағы ең жетекшi елге айналды. Ол өзiне Эльзас пен Лотарингияны қайтарды. Француз отарлық империясының құрамына бұрынғы немiс және тұрiк иелiктерi кiрдi: Африкадағы Камерун мен Тогоның бiр бөлiгi, Таяу Шығыстағы Ливан мен Сирия. Франция француз империализмiнiң позициясы мығым болмаса да Европадағы гегемондыққа ұмтылды.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс Францияға үлкен шығын әкелдi. 1300 мың солдат пен офицерi өлдi, 2800 мыңы жараланды. 10 мыңдай фабрика-заводтары зақымданды, оның көбi Германия оккупациялаған солтұстiк-шығыс департаменттерде. Француз сауда флотының жартысы күйредi. Францияның соғыстағы жалпы шығыны - 134 млрд. алтын франк. Францияға шетелдiк капитал салу күрт қысқарды. Ол кредитор - елден қарыз алушы елге айналды. Франция өз одақтастарына 60 млрд. франктан астам берешек болды, оның 40 млрд франкке жуығы АҚШ-қа берiледi.
Соғыстан кейiн елдiң өнеркәсiбiн бейбiт өмiрге бағыттауға байланысты Францияда экономикалық дағдарыс басталды. Ол 1918-ден 1921 жылға дейiн созылды. Азық-түлiк, күнделiктi қажет товарлар бағасы соғысқа дейiнгi деңгейден 5-7 есе, салық 4 есе өстi. Францияда саяси жағдай да керағар болды. Бiр жағынан национализм мен шовенизм күшейдi, екiншi жағынан - жұмысшы және демократиялық қозғалыс өрледi.
Соғыстан кейiн Клемансо үкiметi ұлттық көңiл-күйдi күшейтуге тырысты. Ол осы мақсатта Эльзас пен Лотарингияның қайтарылуына байланысты ресми салтанат және Парижде жеңiс парадын +-йымдастырды. Германиямен келiсiм күнi - 11 қараша - ұлттық мереке деп жарияланды. Верден түбiндегi соғыс даласынан әкелiнген белгiсiз солдат қалдығы Елисей алаңындағы Триумфальдық арка түбiне жерленiп, мәңгiлiк от жағылды. Соғыс мүгедектерiне, бұрынғы майдангерлерге айрықша құрмет көрсетiлдi. Оларға жеңiлген Германия төлейтiн репорациядан ерекше пенсия тағайындалды.
Клемансо үкiметi өзiнiң басты мiндетi большевизм мен Кеңестiк Ресейге қарсы күресу деп есептедi. Батыс майданда соғыс қимылдары тоқтағаннан кейiн көп ұзамай-ақ француз үкiметi Англия мен АҚШ үкiметтерiмен бiрге Кеңестiк Ресейге қарсы соғыс интервенциясын ұйымдастырды. 16 қараша 1918 жылы ағылшын-француз эскадрасы Қара теңiзге тұсiрiлдi. Француз әскерi ақ гвардияшыларға көмек көрсетiп жатқан Одесса, Севастополь сияқты қалаларға ендi. Француз әскерi Англия, АҚШ, Жапония әскелерiмен бiрге Архангельск, Сiбiр, Қиыр Шығысқа жiберiлдi. Франция үкiметi Колчак, Деникин, Врангель, онан соң ақ поляк-тарға барынша көмек көрсеттi.
Соғыстан кейiн Франция халқының басым көпшiлiгi национализм ықпалында болды. Алайда жұмысшы табы иен интеллигенцияның алдыңғы тобы револолюциялық позицияға ауысты. Қазан ревлюциясының әсерiнен металлистер, құрылысшылар, механиктердiң экономикалық, саяси талаптар қойған ереуiлдерi елдiң барлық жерiнде болып өттi. Француз интернационалистерi әрекеттерiнiң басты бағыты Кеңестiк Ресейдегi интервенцияға қарсы күреске арналды. Интрвенцияға қарсылар мерзiлiмдi басылымдар беттерiнде қарсы кампания, демонстрациялар, митингiлер ұйымдастырды. Оған француз мәдениетiнiң көрнектi өкiлдерi қатысты: жазушылар Анатоль Франс, Ромен Роллан, Анри Барбюс; атақты физик Поль Ланжевен; суретшi Поль Синьяк; көрнектi тарихшылар Альфонс Олар, Альбер Матьез. Кей жағдайларда оңшыл социалистер мен центристер де интервенцияға қарсы шықты.
Ресейдегi француздық оккупациялық жауынгерлердiң iшiнде большевиктер үгiт-насихат жұмысын жүргiздi. Соның iшiнде РКПб француздық тобының мүшесi мұғалiм Жанна Лябурбта болды. 1919 жылдың сәуiрiнде Севастопольде орналасқан француз эскадрасы теңiзшiлерiнiң көтерiлiсi бұрқ ете қалды. Теңiзшiлер интервенцияны тоқтатуды, елге қайтуды талап еттi. Дәл осы мезгiлде Тирасполь мен Одессадағы француз әскерлерiнiң арасында толқу басталды. 24 соғыс корабль мен 16 әскери бөлiм ереуiлге шықты. Француз үкiметi Қара теңiзден өз корабльдерiн әкетуге, Ресейден әскерiн қайтаруға және интервенциядан бас тарту жөнiнде мәлiмдеуге мәжбұр болды.
Француз әскерлерiнiң Ресейден әкетiлуi 1919 жылдың сәуiрiнiң соңында аяқталды. Бұлелде жаппай жұмысшы қозғалысының өрлеуiне және революциялық көңiл-күйдiң өсуiне ықпал еттi. 1919 жылдың 1 мамырында бүкiл Францияда көптеген митингiлер, демонстрациялар, ереуiлдер болып жатты. Оған 3 миллионнан астам адам қатысты. Демонстранттар Кеңестiк Ресей мен Кеңестiк Венгрияға қарсы +-йымдастырылған интервенцияны сынады, Қара теңiз көтерiлiсiне қатысқандарға амнистия* берудi талап еттi. 1920 жылы Польша үкiметi Кеңестiк Ресейге қарсы соғыс бастағанда француз докерлерi мен теңiзшiлерi қару-жарақ пен әскери жабдықтарды арту мен тұсiруден бас тартты, орыс революциясымен тiлектестiк демонстрациясын өткiздi.
Еңбекшiлер Кеңестiк Ресейдi қорғау күресiн демократиялық еркiндiктi кеңейту, әлеуметтiк заңдарды жақсарту, өмiр сұрудi көтеру күресiмен Үштастырды. Ереуiлшiлдердiң негiзгi экономикалық талаптары 8 - сағаттық жұмыс күнiн және жалақыны көбейту болды. 1919-1920 жылдары ереуiлдiк қозғалыс шырқау шегiне жеттi, жыл сайын оған 1 миллионнан астам адам қатысты, бұл1917 жылға қарағанда 3-4 есе көп. Француз жұмысшыларының ең iрiсi - 1920 жылы болған темiржолшылардың ереуiлi. Оның барысында темiр жолды национализациялау талабы қойылды.
Жұмысшы қозғалысының өрлеуi Социалистiк партия мен кәсiподақ қызметiне әсерiн тигiздi. Соғыстан кейiн көптеген жұмысшылар мен солдаттар Социалистiк партия мен кәсiподаққа кiрдi. 1918 жылы ВКТ саны 4 еседен асты, 1,5 млн. адамға жеттi. Социалистiк партия екi жылда - 1918 -ден 1920 жылға дейiн - 5 еседен астам өстi. Жалпы Еңбек Конфедерациясында ВКТ "революциялық синдикалистiк" ықпал күшейдi, олар социал-реформистiк басшылыққа қарсы күрес жүргiздi. Француз кәсiподағынан жалпы+-лттық кәсiподақ орталығы құрылды. 1919 жылы жұмысшылар мен қызметкерлердiң дiни көңiл-күйдегi топтары христиан еңбекшiлерiнiң француз конфедерациясын ФКХТ +-йымдастырды. ФКХТ-ның құрылуы француз жұмысшы қозғалысында социал-реформистiк ағымды күшейттi.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн француз үкiметi экономиканы әскери-мемлекеттiк реттеу жүйесiн өзгерттi. Карточкалық жүйе жойылды, әскери кезеңнiң шикiзатқа, тапсырыстарға, жұмысшы күштерiне байланысты заңдары тоқтатылды. Соғыс кезiнде құрылған әскери заводтардың бiразы жеке адамдарға сатылды. Дегенмен мемлекеттiк-монополистiк тенденция жойылмады. Әсiресе ол соғыс кезiнде б+-лiнген территорияны қалпына келтiруде айрықша бiлiндi. Үкiмет өнеркәсiптi қалпына келтiру министрлiгiн құрды және оған қайта құрулар жұмыстары үшiн 100 млрд. франкке жуық қаржы бөлiндi. Үкiмет кәсiпкерлер мен банкирлер ұйымдарымен бiрлесе қимылдап жеке фирмаларға iрi субсидия* мен мемлекеттiк тапсырыстар бердi. Мемлекет кейбiр соғыс заводтары мен темiр жолдарды басқаруын жалғастыра бердi, электротехника, авиация, кеме жасау, химия өнеркәсiбiнiң iрi фирмаларын басқаруға өз өкiлдерiн қойды.
Клемансо үкiметi Қара теңiз көтерiлiсiне қатысушыларды аяусыз жазалады: тұрмеге жабылды, каторгаға айдалды. Осыған қарамастан үкiмет еңбекшiлердiң кейбiр талап-тiлектерiн орындауға мәжбұр болды. 1919 жылдың сәуiрiнде ереуiлдiк қозғалыс өрiс алған жағдайда үкiмет парламентте жұмысшылар талабына сай екi заң қабылдата алды: 8 сағаттық жұмыс күнi туралы заң және ұжымдық келiсiм туралы заң. Алайда, оларды iс жүзiне асыру баяу жүрдi.
1919 жылдың қарашасында Францияда парламенттiк сайлау жүргiзiлдi. Сайлау қарсаңында оңшыл топтар бiр сайлау коалициясына - Ұлттықблокқа бiрiктi. Оған радикалдардың бiразы қосылды. Ұлттықблоктың басты мақсаты: "большевизмге қарсы" және "әлеуметтiк тәртiпсiздiктерге қарсы" күрес. Ұлттық блоктың сайлау бағдарламасы: елде "әлеуметтiк және дiни бейбiтшiлiк" сақтау, "тәртiп" орнату, республикалық құрылымды қорғау, б+-лiнген аудандарды қалпына келтiру, бұрынғы майдангерлер мен соғыс мүгедектерiне қамқорлық жасау, Версаль бiтiм-шартын "қатаң сақтауды" талап ету, нақтылағанда Германияның репарацияны төлеуi көрсетiлген.
Ұлттық блокқа социалистер мен радикалдардың бiраз бөлiгi қарсы шықты. Социалистiк партияның сайлау қарсаңындағы бағдарламасында жұмысшылардың көңiл-күйiне сай "капиталистiк буржуазияға" қарсы күреске шақыру, және реформа жүргiзу, 8 сағаттық жұмыс күнi мен кәсiподақтардың құқын қорғау, транспорт, металлургиялық заводтар, несие мекемелерiнiң кейбiреулерiн национализациялау, тегiн оқу, жаппай қарусыздану сияқты мәселелер көзделген.
Сайлау нәтижесiнде ұлттық блок жеңiске жеттi. Депутаттар палатасында 23-тен көп орынға ие болды. Ұлттық блоктың жеңiске жету себептерi: оңшыл партияның кәсiпкерлерден тұскен iрi қаржысының болуы, оларды француз газеттерiнiң көпшiлiгiнiң қолдауы, Ұлттық блок үндеулерiнiң ереуiл, демонстрация, жұмысшы қозғалысынан сескенген және шовинистiк пиғылдағы жекеменшiк иелерiнiң көңiл-күйлерiне сәйкес келуi. Негiзiнен центристер басқаратын социалистiк партия демократиялық талаптар қойғанына қарамастан революциялық көңiл-күйдегi еңбекшiлер арасында кең қолдау таба алмады. Ол кезде Францияда Коммунистiк партия әлi құрылмаған едi. 1919 жылы Мәскеудеқұрылған III, Коммунистiк Интернациональдың I конгрессi бүкiл дүниежүзi еңбекшлерiне социал-шовинизм мен центризмнен толық ажырап, өз алдына дербес саяси +-йым құруға шақырып үндеу тастады. Москваның тiкелей ықпалымен, Социалистiк партияның сол қанатының қолдауымен Францияда Коминтернге қосылу кампаниясы басталды. 1920 жылы желтоқсанда Тур қаласында өткен социалистердiң ХУIII съезi Коммунистiк Интернационалға қосылу жөнiнде шешiм қабылдады. 29 желтоқсан 1920 жылы Француз коммунистiк партиясы дүниеге келдi.
1919 жылғы сайлаудан кейiн Клемансо үкiметi отставкаға кеттi. Ұлттық блоктың бiрiншi үкiметiн социалистiк қозғалыстың ол кезде партияда жоқ бiрақ оңшылдарды қолдайтын социалистiк қозғалыстың ренегаты Мильеран басқарды. Мильеран үкiметi жұмысшы қозғалысына қарсы репрессияны күшейттi. Клемансо үкiметiнiң саясатын жалғастырып, ол Кеңес үкiметiне қарсы күресiп жатқан ақ гвардияшылар мен ақ поляктарды оқ-дәрi, қару-жарақпен қамтамасыз еттi. Мильеранның сыртқы саясатының өзектi мәселесi, Клемансо үкiметi сияқты, Версаль бiтiм шартын орындау үшiн күрес болды.Франция Ұлттықблок басқару жылдарында Версаль жүйесiне қарсы болғандардың бәрiне тойтарыс беруге барынша жанталасты.
Франциядағы жұмысшы қозғалысының өрлеуiнiң Орталық және Шығыс Европа елдерiнен ерекшелiгi ревлюциямен аяқталмауы болып табылады. Оның басты себебi: 1 Францияның жеңген елдер қатарында болуы: 2.Францияның +-лттық езгiнi, кемсiтудi сезiнбей, керiсiнше жеңiс қуанышын, ұлттық мақтаныштың дәмiн татуы: 3. Халықтың көпшiлiгi соғыста жеңiске жеткен буржуазияляқ үкiметке сендi. 4. Соғыстан кейiн Францияның экономикалық жағдайы мәз емес едi, бiрақта жеңiлген елдерден тәуiр болатын. Француз буржуазиясы соғыс сұраныстары арқылы байыған-ды.
1920 жылдың аяғынан Францияда жаппай жұмысшы қозғалысы бәсеңдей бастады. 1919-1920 жылдарға қарағанда 1921 жылы 3 есе аз, яғни 400 мың жұмысшылар ғана ереуiлге шықты. Үкiмет жұмысшыларға жасаған жеңiлдiктерiн қайтып алуға әрекеттендi. Ол транспортта 8 сағаттық жұмыс күнiн жойды. Елдегi 10 млн. жұмысшылардың 3 млн-ы ғана 8 сағаттық жұмыс күнiн пайдаланды.
Ұлттық блок бастаған үкiметтi 1922 жылы Францияның экспрезидентi Пуанкаре басқарды. Оның мақсаты революцияға қарсы күрес пен Европада француздық гегемония орнату едi. Репарация төлеуден бас тартқаны үшiн Германияны айыптап, Пуанкаре үкiметi Рурды оккупациялауға Үйғарды. 1923 жылы қаңтарда француз және бельгиялық әскер Рур облысына кiрдi. Оның бұләрекетiн ҰлттықБлоктың барлық партиялары қолдады, тек компартия ғана қарсы шықты. Оған жауап ретiнде үкiмет компартия басшыларының бiразын тұтқындады, соттады. Оларға "мемлекетке қарсы қастандық" жасаушылар деген айып тағылды.
Рурды оккупациялай отырып, Пуанкарье үкiметi тек репарация төлеудi ғана емес, немiс экономикасына өз бақылауын орнатуға, Европада Франция гегемониясын бекiтуге тырысты. Алайда, оның ұмiтi ақталмады. Германия бұрынғысынша репарация төлеуден бас тартты, Рур көмiрiн Францияға беру тоқтатылды, шойын мен болат балқыту азайды. Бұрынғы күш балансының бұзылуына наразы болған Францияның одақтастары Англия мен АҚШ Рурды оккупациялауға қарсы шықты. Ұлттық блоктың өз iшiнде де Пуанкаре саясатына наразылық өстi. Сондықтан 1923 жылы француз үкiметi Рурдан өз әскерiн әкетуге мәжбұр болды.
20-шы жыдардың ортасында басқа капиталистiк елдер сияқты Францияда да капитализм тұрақтана бастады. 1924 жылы өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi соғысқа дейiнгi деңгейiнен асып тұстi, ал ауылшаруашылық өнiмiнiң көлемi осы деңгейге жеттi. Ал 20-шы жылдардың аяғында өнеркәсiп өндiрiсiнiң өсуi тез қарқынмен жылына - 5% өсiп, Англия мен Германияны басып озды, тек АҚШ ғана алда болды. Францияның тез қарқынмен дамуына әсер еткен факторлар Эльзас пен Лотарингияның қайта қосылуы, соғыстан бұзылған аудандарды қалпына келтiру, немiс репарациясын алу болып табылады.
Тұрақтану жылдарында француз экономикасында елеулi өзгерiстер болды. Ауыр өнеркәсiптiң, соның iшiнде металлургия мен машинажасаудың үлесi өстi. Автомобиль жасау, авиация, жасанды жiбек шығару, радиотехника, киношаруашылық сияқты жаңа салалар пайда болды. Iрi кәсiпорындарда конвейерлер енгiзiлдi. ґндiрiске соңғы жаңалықтар қолданылды. Дегенмен өнеркәсiпте +-сақ және орта кәсiпкерлi басым едi. Осы жылдары Франция аграрлы-индустриальды елден индустриальды-аграрлы елге айналды. 1931 жылы қала халықының саны өстi.
Тұрақтану жылдарында Францияны екi коалициялық партия басқарды: "Солшыл блок" және "Ұлттықбiрлiк". "Солшыл блок" - социалистер мен радикалдардың одағы. "Солшыл блок" партиялары халыққа революциялық қозғалыстарға қатысқандарға амнистия беру, прогрессивтiк - табыс салығын енгiзу, 8 сағат жұмыс күнi туралы заңды өмiрге енгiзу, шiркеудi мемлекеттен бөлу туралы уәде бердi. Олар сыртқы саясатта бейбiт саясаты, қарусыздануға және uлттар Лигасы көмегi арқылы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға уәде бердi. Сонымен қатар олар Германиямен татуласып Рурдан әскердi эвакуациялап, оны uлттар Лигасына қабылдауын сұрады.
Осы бағдарламасына сай 1924 жылғы сайлауда "солшыл блок" жеңдi. Оның үкiметiн радикал партияның лидерi Э.Эррио басқарды. Социалистер үкiмет құрамына кiруден бас тартты. Сайлау алдындағы уәделерiн орындап Эррио үкiметi КСРО-ны ресми таныды және онымен дипломатиялық қатынас орнатты. Э.Эррио үкiметi репарациялық мәселеде "Дауэс жоспарын" басшылыққа алуға келiстi. Амнистия туралы заң қабылданды. 8 сағаттық жұмыс күнi туралы заң қолданыла бастады. Алайда үкiметтiң прогрессивтiк - табыс салығы туралы заңды өткiзу және Эльзас пен Лотарингияда шiркеудi мемлекеттен бөлу туралы заңды тарату әрекетi сәтсiз болды. Э.Эррио үкiметiне шiркеу және католиктiк +-йымдар қарсы шықты. Сенат Э.Эррионың қаржы саясатын айыптады. Өйткені банкирлер үкiметке кредит беруден бас тартып, капиталдарын сыртқа шығаруды көбейткен-дi, соған байланысты Францияның төлем балансына нұқсан келгендi және франк курсы тұсiп кеткендi. Үкiметтiң өз iшiнде де жiк туды да, Эррио 1925 жылы көктемде отставкаға кеттi.
Эррио отставқаға кеткен соң "солшыл блоктың" сыртқы саясаттағы басты бағыты Германиямен келiсiмге келу жолын iздестiру болды. 1925 жылы Локарнода өткен халықаралық конференцияда Франция, Бельгия және Германия бiр-бiрiне соғыс ашпауға және арасындағы шекараны құрметтеуге келiстi. Италия мен Англия Локарно келiсiмдерiнiң "гаранты" болды. Локарно келiсiмi Франция позициясын едәуiр әлсiреттi.
Солшыл блок басқару кезеңiнде француз иелiктерi - Марокко мен Сирияда отарлық соғыстар басталды. 1925 жылы көктемде Мароккода, Риф облысында, дербес мемлекет - Риф Республикасын құрған көтерiлiс болды. Француз отаршылдары Мароккоға үлкен күш жiбердi, олар испан отаршылдарымен бiрiгiп, 1926 жылы көктемде көтерiлiстi басты. Мароккомен қатар Сирияда да көтерiлiс басталды. Көтерiлiсшiлер Сирияның тәуелсiздiгiн талап еттi. Француз үкiметi 1927 жылдың күзiнде үлкен күшпен көтерiлiстi баса алды.
1926 жылдың жазында "Солшыл блок" тарқады. Радикалдар социалистермен ынтымақтасудан бас тартты. Бiразы оңшыл партиялармен бiрiгiп, "Ұлттықбiрлiк" деп аталатын коалиция құрды. "Ұлттық бiрлiкте" оңшылдар басым едi. Үкiмет басшысы болып, олардың лидерi экспрезидент Р.Пуанкаре болды. Пуанкаре үкiметi 1926 жылдан 1928 жылдар арасында өкiметтi басқарды. Ұлттық бiрлiк коалициясы 1928 жылғы сайлауда жеңдi.
Осы жылдары антисоветтiк компания жанданды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вашингтон конференциясының бірінші келісімі
Қарусыздандыру туралы халықаралық конференция
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихынан сабақ жоспарлары
Мюнхен келісімі қарсаңындағы европадағы халықаларық жағдай
Франция дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарында
Гитлердің ұстанған сыртқы саясаты
Германияның әлеуметтiк саяси бағыты
Дағдарыс қарсаңындағы бейбіт келісімдер желісі
І және ІІ дүниежүзілік соғыс аралығындағы Америка мен Еуропа
ЕУРОПА ЖӘНЕ АМЕРИКА ЕЛДЕРIНIҢ ҚАЗIРГI ЗАМАН ТАРИХЫ (1918 - 1945 жж. )
Пәндер