Нерв тіні



I Кіріспе

Нерв тіні
Нейроглия

II Негізгі бөлім

Жеке гистология
Жүйелер, нерв жүйесі
Жұлын түйіні
Шеткі нервтер
Вегетативті нерв жүйесі
Орталық нерв жүйесі. Жұлын
Жұлынның глиоциттері
Бас миы
Мишық

Қорытынды бөлім
Қолданылған әдебиеттер
Көзалмасының ішкі қабырғасының құрамындағы нерв тінінен дамыған миоциттер. Миоциттердің денесі нұрлы қабық эпителиінің астында орналасқан. Бұл миоциттердің өсінділері нұрлы қабыққа бағытталған, құрамында жиырылғыш аппараттары болады. Өсінділерінің бағытына байланысты бұлар көздің қарашығына қарай перпендикуляр немесе параллель бағытталғандықтан көз қарашығының кеңейтіп немесе тарылатын, миоциттер тобын құрайды.
Нерв тіні
Нерв тіні арнайы қызметтерді атқаратын: тітіркендіргіштікті қабылдап, қозадыда, нерв импульсін туғызып, оны өткізуді қамтамасыз ететін, бір – бірімен байланысты нерв жасушалары немесе нейрондары мен нейроглияның жиынтығы. Нейрология нерв тінінің қосымша аппараты болып саналады да маңызды қызмет атқарады. Бұл тін барлық тіндермен мүшелердің реттелуін, олардың ағзадағы және қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз ететін нерв жүйесінің мүшелерінің құрылысының негізі болып саналады.
Нерв тіні эктодермадан дамиды. Ұрықтың дорсальді жағындағы эктодерма алғашқыда қалыңдап – нерв пластинкасына, одан кейін пластинканың екі шеті көтеріліп ортасы науа тәрізді майысып, ең соңында бұл шеттері дорсальді эктодермадан үзіліп, ұштары бір – бірімен жалғасып, тері эктодермасынан бөлінеді. Осыдан нерв түтігі пайда болады. Нерв түтігі эмбриогенездің алғашқы сатысында көп қатарлы нейроэпителий жасушаларынан тұрады. Бұларды вентрикулярлы жасушалар деп атайды. Пішіндері цилиндр тәрізді болып келеді. Бұл жасушалардың біразы дифференцияланып нейроциттерге, ал біразы глияльді жасушаларға айналады. Глияльді жасушаларға жататындар: эпиндимоциттер, астроциттер мен олигогендрациттер болып табылады. Сонымен нерв тінінің құрамында екі компоненті болады. Олар нерв жасушалары мен нейроглия. Нерв жасушаларының немесе нейрондардың ерекшеліктері – тітіркендіргіштікті қабылдап, қозады да, тітіркену энергиясын нерв импульсына айналдырып, оны әрі қарай орталыққа өткізу процесін қамтамасыз етеді. Ал нейроглия болса, нерв тінінің қосымша аппараты болып саналады. Тіректік, трофикалық, секторлы және қорғаныс қызметтерін атқарады. Нерв тінінің ең негізгі қызметі – ішкі және сыртқы ортадан әртүрлі информацияларды қабылдап, оны сақтау, өңдеу. Сонымен қатар организмнің тіндері мен мүшелерін бір – бірімен байланыстырып олардың қызметін реттеу болып табылады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

I Кіріспе

Нерв тіні
Нейроглия

II Негізгі бөлім

Жеке гистология
Жүйелер, нерв жүйесі
Жұлын түйіні
Шеткі нервтер
Вегетативті нерв жүйесі
Орталық нерв жүйесі. Жұлын
Жұлынның глиоциттері
Бас миы
Мишық

Қорытынды бөлім
Қолданылған әдебиеттер

Нейральді ет тіні
Көзалмасының ішкі қабырғасының құрамындағы нерв тінінен дамыған
миоциттер. Миоциттердің денесі нұрлы қабық эпителиінің астында орналасқан.
Бұл миоциттердің өсінділері нұрлы қабыққа бағытталған, құрамында жиырылғыш
аппараттары болады. Өсінділерінің бағытына байланысты бұлар көздің
қарашығына қарай перпендикуляр немесе параллель бағытталғандықтан көз
қарашығының кеңейтіп немесе тарылатын, миоциттер тобын құрайды.
Нерв тіні
Нерв тіні арнайы қызметтерді атқаратын: тітіркендіргіштікті қабылдап,
қозадыда, нерв импульсін туғызып, оны өткізуді қамтамасыз ететін, бір –
бірімен байланысты нерв жасушалары немесе нейрондары мен нейроглияның
жиынтығы. Нейрология нерв тінінің қосымша аппараты болып саналады да
маңызды қызмет атқарады. Бұл тін барлық тіндермен мүшелердің реттелуін,
олардың ағзадағы және қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз ететін нерв
жүйесінің мүшелерінің құрылысының негізі болып саналады.
Нерв тіні эктодермадан дамиды. Ұрықтың дорсальді жағындағы эктодерма
алғашқыда қалыңдап – нерв пластинкасына, одан кейін пластинканың екі шеті
көтеріліп ортасы науа тәрізді майысып, ең соңында бұл шеттері дорсальді
эктодермадан үзіліп, ұштары бір – бірімен жалғасып, тері эктодермасынан
бөлінеді. Осыдан нерв түтігі пайда болады. Нерв түтігі эмбриогенездің
алғашқы сатысында көп қатарлы нейроэпителий жасушаларынан тұрады. Бұларды
вентрикулярлы жасушалар деп атайды. Пішіндері цилиндр тәрізді болып келеді.
Бұл жасушалардың біразы дифференцияланып нейроциттерге, ал біразы глияльді
жасушаларға айналады. Глияльді жасушаларға жататындар: эпиндимоциттер,
астроциттер мен олигогендрациттер болып табылады. Сонымен нерв тінінің
құрамында екі компоненті болады. Олар нерв жасушалары мен нейроглия. Нерв
жасушаларының немесе нейрондардың ерекшеліктері – тітіркендіргіштікті
қабылдап, қозады да, тітіркену энергиясын нерв импульсына айналдырып, оны
әрі қарай орталыққа өткізу процесін қамтамасыз етеді. Ал нейроглия болса,
нерв тінінің қосымша аппараты болып саналады. Тіректік, трофикалық,
секторлы және қорғаныс қызметтерін атқарады. Нерв тінінің ең негізгі
қызметі – ішкі және сыртқы ортадан әртүрлі информацияларды қабылдап, оны
сақтау, өңдеу. Сонымен қатар организмнің тіндері мен мүшелерін бір –
бірімен байланыстырып олардың қызметін реттеу болып табылады.
Нерв жасушалары. Нерв жасушалары немесе нейроциттер (нейрондар)
өсінділі тармақталған, мөлшері 4 – 130 мкм – дей. Нерв жасушалары
нейрондардың денесі одан тараған өсінділері біреу немесе бірнешеу болулары
мүмкін. Өсінділерінің санына байланысты, нейрондардың бірнеше түрлерін
ажыратады. Егер нейрондардың денесінен көптеген өсінділер шықса, онда
мұндай нейронды – мультиполярлы дейді. Бұл өсінділердің біреуі міндетті
түрде аксон, ал қалғандары дендридтер болып келеді. Аксон ұзын, ал
дендриттер тармақталған қысқа өсінділері. Бұлардан басқа псевдоуниполярлы
(жалған бір өсінділі) деген нейрондар да кездеседі. Мұндай нейронның
денесінен бір өсінді шығып, кейін екіге бөлінеді, оның – бірі аксон,
екіншісі – дендрит (мысалы, жұлын түйінінде) пішіні Т – тәрізді болып
келген. Нейрондардың тағы бір түрі униполярлы немесе бір өсінділісі – бұл
нейробласттар эмбриогенездік даму кезеңінде болады. Нейрондардың денесінде
екі өсінділері – бірі аксон, екіншісі – дендрит бұл биполярлы нейрондар,
біріншілік сезу мүшелерінің құрамында болады. Адам ағзасындағы (нернв
жүйесінде) нейрондардан шығатын өсінділердің ұзындығы әр түрлі, бірнеше
микроннан (мкм – ден) 1 – 1,5 метрге жетеді.
Нейрондардың мөлшері мен пішіні де сан – алуан. Нейрондардың ең ұсақ,
майдасының d=4 – 6 мкм, ал ірісінің d=120-140 мкм – дей болады. Ең ірі
нейрондар ми қыртысының сұр затындағы Бэц жасушалары. Нейрондардың
пішіндері: себет, жұлдыз тәріздес, алмұрт пішіндес, пирамидальды және дән
тәріздес болып келеді.
Адам организмінде нейрон өсінділерінің ұзындығы әртүрлі, бірнеше
микроннан (мкн – ден) 1 – 1,5 метрге дейін жетеді. Ал нейрондардың мөлшері
де әртүрлі, ең майдасы 4 – 6 мкм, ал ең ірісі 120-130 мкм – дей Бец
жасушалары ми қыртысының сұр затында кездеседі. Нейрондардың пішіні де сан
алуан болып келеді: корзина тәрізді, пирамидальді, алмұрт пішінді, жұлдыз
тәрізді т.б.
Нейрондардың жіктелуі. Нейрондар атқаратын қызметіне қарай рецепторлы
немесе сезімтал (афферентті), ассоциативті және қозғалтқыш (эфферентті)
болып бөлінеді. Бірінші нейрондар ішкі және сыртқы орталық әсерін
қабылдайды. Ал, ассоциативті немесе қыстырма нейрондар нерв жасушаларын
бірін бірімен байланыстырады. Эффекторлы нейрондар – жұмысшы мүшелерге,
олардың тіндеріне тітіркендіргіш реакциясын нерв импульсіне айналдырып
жіберіп отырады.
Нейрондардың ядросы. Адамда нейрондар көбінесе бір ядролы болып
келеді. Көп ядролы нейрондар болмайды, болса өте аз кездеседі. Мұндай
нейрондар вегатативті нерв жүйесін түйіндерінде және қуық асты безінде,
жатырдың мойын бөлігінде көп ядролы нейрондар кездеседі (ядролар 10 – 15 –
тен). Ядролардың пішіні дөңгелек құрамында, 1 – 2 ядрошығы болады. Егер
нейрондардың қызметі жоғары деңгейде болса, ядродағы ядрошығының саны
көбейеді.
Нейрондардың цитоплазмасы. Нейрондардың цитоплазмасында көптеген
органеллар бар. Оларға: эндоплазмалық тор, рибосомалар, митохондриялар,
Гольджи комплексі, жасуша орталығы лизосомалар, нейротубулалар мен
нейрофиломенттер өте көп. Ал, нейрондардың плазмолеммасының ерекшелігі –
қозу процесін өткізуі болып саналады (тітіркенеді). Плазмолеммасының
деполяризациялық қасиеті – N (натрийдің ионын) өткізуі. Бұл процесс
мембрананың ішкі бетінің оңға (+) зарядталуын қамтамасыз етеді. Ал бұл
болса К (Калийдің ионын) сыртқа шығаруға әсерін тигізіп, нерв
импульсін тез өткізуді қамтамасыз етеді. Нейрондарды арнайы бояулармен
бояғанда цитоплазмасында базофильді боялған түйіршіктер көрінеді. Бұларды
хроматофильді субстанция дейді. Мұндай түйіршіктер нейрондар денесі мен
дендриттерінде болады, ал аксондарында болмайды. Хроматофильді түйіршіктері
рибонуклеопротеидтер болып саналады. Электронды микроскопиялық зерттеулерде
бұлар түйіршікті эндоплазмалық тордың түтікше каналдары екені анықталды.
Қызметі белсенді нейрондарда бұл түйіршіктер болады. Мысалы, мұнда
синтетикалық процестері жоғары болса, соғұрлым эндоплазмалық тордың саны
көп болады. Әсіресе белок синтезі нейрондарда өте жоғары. Нейрондағы
базофильді түйіршіктерді Ниссель заты деп те атайды. Нейрондардың
цитоплазмасында болатын нейрофибриаллалар – жіңішке жіпшелер. Күміс тұзымен
(AgNO) бояғанда нейрондар цитоплазмасында бұлар қара түске боялған.
Бұлар нейрондардың денесінде (перекарионында) тығыз тор тәрізді болып
орналасса, ал дендрит пен аксон талшықтарында параллель жатады.
Нейрофибриллалар диаметриі 6-10 нм нерофиламенттермен диаметрі 20 – 30 нм
нейротүтікшелерден (нейротубул) тұрады. Бұлардың құрамында рет – ретімен
орналасқан белок молекулалары болады. Олар нейрондардағы ең қозғалмалы
жүйе, белоктардың синтезіне қатысады. Аксондарда тәулігіне 1-3 нм
жылдамдықпен белок синтезінің ағыны нейрон денесінен (перекарионынан)
өсіндісінің терминальді ұшына өтеді. Мұны өте жай белок ағыны дейді
(медленный ток), ал синапстарда сағатына 5 – 10 метрге өтетін белок
синтезінің ағыны байқалады (тез ағын). Нейрондарда реттрогадты ағында
болады (нейрон өсіндісінен денесіне бағытталған белок синтезінің ағыны).
Сезімтал нейрондар. Бұл мультиполярлы нейрондар болып саналады.
Дендриттері сезімтал нейрондардан импульсті қабылдап, қабылдаған импульсті
аксоны арқылы қозғалтқыш немесе тағы бір қыстырма нейрондарға беру мүмкін,
ал бұл болса бүкіл орталық жүйке жүйесінің құрамында болады.
Қозғалтқыш нейрондар. Құрамында мультиполярлы нейрондары бар, нерв
импульсін аксондары арқылы ет тініне, ондағы қозғалтқыш нейронның аксонына,
одан әрі аксонның қозғалтқыш нерв ұшына өткізеді. Көлденең жолақ бұлшық ет
тінінің құрамына келетін қозғалтқыш жолдардың нейрондары жұлынның алдыңғы
мүйізінің құрамындағы ядроларында жатады. Ал, бірыңғай салалы ет
тіндеріндегі қозғалтқыш жолдардың нейрондары вегатативтік түйіндерде
болады. Нерв жасушалары мен олардың талшықтары арасында байланыс немесе
контактыны (жалғасу, тоғысуды) синапс дейді. Нейрондардың жалғасатын
синаптикалық бетінде беткейлері өте жіңішке қуыстары арқылы іске асады.
Мөлшері 20 нм –дей болып келеді. Синапстардың бірнеше түрлері болады.
Оларға аксон – аксональді, аксон – соматикалық, аксон – дендритті т.б.
жатады.
Секретолы нейрондар. Нейрондардың көбі өзінен биологиялық белсенді –
гормондар синтездеп шығаруға қабілетті. Мұндай нейрондарды нейросекреторлы
нейрондар дейді. Бұларға бас миының гипоталамус бөлігіндегі нейросекреторлы
нейрондар жатады. Бұл нейрондардың ерекшеліктеріне: өте ірі нейрондар,
хромотофильді субстанциясы көбінесе нейрондар денесінің шетінде орналасады,
нейрондардың денесінде және аксондарда әртүрлі көлемде көрінетін
нейросекреттері болады (supstantia neurosecretoria ). Бұл секреттердің
(түйіршіктердің) құрамында белоктар, липидтер мен полисахариттері болады.
Нейрондарда синтезделген секрет немесе гормондар қанға не мидың сұйық
затына бөлінеді де, нейрогуморальді қызмет атқарады.
Нейроглия
Нейроглия (neuroglia). Нейроглия нерв тінінде сан алуан қызмет
атқаратын нерв тінінің аралық заты. Нейроглияның жасушалары үлкен екі топқа
бөлінеді. Олар: глиоциттер немесе макроглия және микроглия. Макроглияға
жататындар: эпендимология, астроглия және олигодендрология. Эпендимоглия
жұлын өзегі (каналы) мен бас миы қарыншаларының ішкі қабырғасын тыстайды.
Жасушалары эпиндомициттер. Эпендимоциттердің жұлын өзегі ішіне қараған
бетінде көптеген кірпікшелері болады. Олар жұлын сұйығын жылжытуға өзінің
қимылы арқылы қолайлы жағдай жасайды. Ал, базальді жағында миға бағытталған
ұзын өсіндісі болады. Бұл өсіндісі мида миханикалық және шектеушілік қызмет
атқарады. Көптеген эпендимоциттер сереторлы қызмет атқарады. Олар қанға
және ми қарыншаларына активті (белсенді) заттарды бөледі. Эпендимоциттердің
пішіні куб тәрізді.
Астроглия. Орталық жүйке жүйесінде тіректі аппарат болып саналады.
Жасушалары майда көп өсінділі астроциттер. Астроциттердің екі түрі бар.
Олар: протоплазмалы және талшықты астроциттер болып бөлінеді. Протоплазмалы
астроциттер мидың сұр затында орналасады. Денесінен көптеген тармақталған
қысқа өсінділер шығады, цитоплазмасында эндоплазмалық тор, бос рибосомалар,
көптеген митохондриялары болады. Бұлардың мидағы атқаратын қызметі
шектеулік (миды бөліктерге бөледі) және трофикалық. Талшықты астроциттер
мидың ақ затының құрамында орналасып, тіректік қызмет атқарады.
Олигодендроглия – жасушалары олигидендроциттер. Нейроглияның құрамындағы
саны жағынан ең көбі. Орталық және шеткі жүйке жүйесінің құрамындағы
нейрондар мен нерв талшықтарының сыртын қоршайды. Нерв жүйесінде трофикалық
қызмет атқарады, зат алмасу процесіне де қатысады. Бұларды леммоциттер
немесе Шванн жасушалары деп атайды.
Микроглия (microglia), жүйке жүйесінің макрофагтары болып саналады.
Сүйек миындағы қанның моноциттерінен дамиды. Микроглияциттер қозғалмалы.
Тітіркену процесі кезінзе бұлардың пішіні өзгеріп отырады. Бұндай кезде
оларды дән тәрізді шаралар деп те атайды.

Жеке гистология
Жүйелер. Нерв жүйесі
Нерв жүйесі тірі ағзаның тіршілігін және негізгі қасиеті
тітіркенгіштікті қастамасыз етіп, адамды сыртқы, ішкі ортамен
байланыстырады. Анатомиялық тұрғыдан нерв жүйесі орталық және шеткі болып
бөлінеді. Орталық нерв жүйесіне басмиы мен жұлын, ал шеткіге – шеткі
нервтердің түйіндері олардан шыққан талшықтар, талшықтардың терминальді
ұштары жатады.
Нерв жүйесінің морфологиялық субстраты болып табылатын рефлекторлы
доға. Рефлекторлы доғаның құрамында көптеген функциональді маңызы әртүрлі
нейрондар тізбегі бар. Бұл нейрондардың денесі нерв жүйесінің шеткі
түйіндері мен орталық бөлігіндегі сұр затында орналасады.
Нерв жүйесі физиологиялық тұрғыдан соматикалық және вегатативті немесе
автономды болып жіктеледі. Соматикалық адамның денесін, ал вегатативті ішкі
мүшелерді, ондаған қан тамырларын және бездерді нервтейді.
Дамуы. Нерв жүйесі нерв түтігі мен ганглиозды пластинкадан дамиды.
Нерв түтігінің краниальды бөлігінен бас миы мен сезу мүшелері, ал кеуде
бөлігі мен ганглиозды пластинкадан жұлын, жұлын түйіні мен вегатативті
түйіндер және ағзадағы хроммаффинді тін дамиды.
Сезімтал нерв түйіндері
Сезімтал нерв түйіндері жұлынның артқы түбіршегінің бойында және бастан
шығатын нерв талшықтарының құрамында кездеседі.

Жұлын түйіні
Жұлын түйіні сырты дәнекер тінді капсуламен қоршалған. Капсуладан
түйіннің паренхимасына өте нәзік қабыршақ түрінде перделер тарайды. Мұндай
перделердің құрамында көптеген қан, лимфа тамырлары болады. Жұлын түйінінің
құрамындағы ірі нейрондар көбінесе топталып, түйіннің шетін ала, ал шеткі
бөлігіне ядролардан шығатын нерв бағаналары, (талшықтары) түйіндері мен
нерв ұштары жатады.
Орталық вегатативті жүйенің ядролары орталық ми мен сопақша мида және
т.б. орналасады. Шеткі вегатативті нерв жүйесінің түйіндері мүшелердің
құрамында (немесе ішінде) немесе қабырғасында (жүректе, жатырда, ас қорыту
түтікшелерінде және қуықта) кездеседі. паравертебральды ганглий омыртқа
жотасының екі жағында, ал превертебральды ганглий құрсақ ортасының алдын
ала орналасып, көптеген тармақтарға бөлінеді. Бұларды жоғарғы және төменгі
шажырқай ганглиилері дейді.
Орталық нерв жүйесі.
Жұлын
Жұлын екі симметрлі бөлктен тұратын, құрамында құралсыз – ақ жай
көзбен көрінетін ішкі күңгірт түсті – сұр заты (Substantia grisea) және
шеткі ашық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шеміршектің жасқа байланысты өзгеруі
Бұлшық ет тіні
Тіндердің шығу тегі мен заңдылықтары
Тіндердің жіктелуі
Анатомия пәні мен міндеттері, аралас пәндермен байланысы
Дәнекер тіндері
Жүрек бұлшыкет тінінің қалпына келу мүмкіншіліктері
Бас миы мен ішкі ағзаларға темекі шаңымен пестицидтердің жекеленген және қосарланған әсері
Анатомияның түрлері
Органдар биохимиясы II жайлы
Пәндер