ХАНАФИ МӘЗҺАБЫ НЕСІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ?



1 «Ұлық имам Әбу Ханифа мәзһабы және қазіргі заман»
2 Шариғаттың негізгі мәселелері
3 Имам Мәлік
2-3 сәуірде Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйінің салтанат залында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ұлық имам Әбу Ханифа мәзһабы және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Мәзһабымыздың негізін салушы дін ғұла-масының туғанына 1350 жыл толуына қатысты мұндай үлкен іс-шараның мұсылман елдерінде, оның ішінде ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында Қазақстанда тұңғыш өтуі айта қаларлықтай елеулі оқиғаға жатады.
Бұған Ханафи мәзһабын ұстанатын көптеген шет мемлекеттерден – атап айтқанда, Түркия, Мысыр, Ресей, Татарстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолиядан дінбасылары мен діни комитет төрағалары, бірқатар мұсылман мемлекеттерінің дипломаттары, Қазақстаннан Парламент Мәжілісінің депутаттары, Әділет министрлігінің діни істер комитетінің басшылығынан өкіл, ғылым қайраткерлері, ҚМДБ-ның облыстар мен өңірлердегі өкіл имамдары, Алматы қаласының, Алматы және Талдықорған өңірлерінің имамдары, Нұр – Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің ұстаздары мен шәкірттері, республикалық имамдардың білімін жетілдіру институтының тыңдаушылары және сондай-ақ қайырымдылық ұйымдарының басшылары қатысты.
Алматы Орталық мешітінің найб имамы Данияр қари Жұмабаев Құран оқыды. Келелі басқосуды кіріспесөзбен ҚМДБ мен Орта Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы, Бас мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі ашты.
Ол өткелі отырған конференцияның мән-маңызына кеңінен тоқталды. Кім-кімге де белгілі6 бұл күндері ханафи мәзһабын (діни құқықтық мектеп) әлем мұсылмандарының жартысына жуығы ұстанады. Қазақ даласына Ислам діні келгелі он екі ғасырдан асты. Содан бері халқымыз осы бір ғана мәзһабты ұстануының нәтижесінде ешқандай да діни алауыздыққа жол берілген емес. Бұған қатысты Алла тағала мұсылман үмметін: «Ей, иман келтіргендер! Аллаға, пайғамбарға және өз араларыңдағы ұлықтарыңа бойсұныңдар. Егер өзара бір нәрсеге келісе алмасаңдар, оның жайын Алладан, пайғамбардан сұраңдар. Аллаға, қиямет күніне сенетіндерің рас болса, бұл сендер үшін қайырлы әрі тиімді» ( «Ниса» сүресі, 59-аят),- деп ескертеді.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ХАНАФИ МӘЗҺАБЫ НЕСІМЕН ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ? 18:48

Сол жағынан Равиль ҒАЙНУДДИН, Ресейдің Еуропа бөлігі мұсылмандарының
Бас мүфтиі, Хамза АҚТАН, Түркия діни комитетінің төрағасы, Неғматулла
ОЛИМОВ, Тәжікстан наиб мүфтиі, Мұратәлі ЖҰМАНОВ, Қырғыстанның Бас мүфтиі,
Батырбек АДИСЫН, Монғолия мұсылман ұйымдары одағының атқарушы әкімі.

2-3 сәуірде Алматыдағы Қазақстан қонақ үйінің салтанат залында
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Ұлық имам Әбу
Ханифа мәзһабы және қазіргі заман атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференция өтті. Мәзһабымыздың негізін салушы дін ғұла-масының туғанына
1350 жыл толуына қатысты мұндай үлкен іс-шараның мұсылман елдерінде, оның
ішінде ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында Қазақстанда тұңғыш өтуі айта
қаларлықтай елеулі оқиғаға жатады.
Бұған Ханафи мәзһабын ұстанатын көптеген шет мемлекеттерден – атап
айтқанда, Түркия, Мысыр, Ресей, Татарстан, Қырғызстан, Тәжікстан,
Моңғолиядан дінбасылары мен діни комитет төрағалары, бірқатар мұсылман
мемлекеттерінің дипломаттары, Қазақстаннан Парламент Мәжілісінің
депутаттары, Әділет министрлігінің діни істер комитетінің басшылығынан
өкіл, ғылым қайраткерлері, ҚМДБ-ның облыстар мен өңірлердегі өкіл имамдары,
Алматы қаласының, Алматы және Талдықорған өңірлерінің имамдары, Нұр –
Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің ұстаздары мен шәкірттері,
республикалық имамдардың білімін жетілдіру институтының тыңдаушылары және
сондай-ақ қайырымдылық ұйымдарының басшылары қатысты.
Алматы Орталық мешітінің найб имамы Данияр қари Жұмабаев Құран оқыды.
Келелі басқосуды кіріспесөзбен ҚМДБ мен Орта Азия мүфтилер кеңесінің
төрағасы, Бас мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі ашты.
Ол өткелі отырған конференцияның мән-маңызына кеңінен тоқталды.
Кім-кімге де белгілі6 бұл күндері ханафи мәзһабын (діни құқықтық мектеп)
әлем мұсылмандарының жартысына жуығы ұстанады. Қазақ даласына Ислам діні
келгелі он екі ғасырдан асты. Содан бері халқымыз осы бір ғана мәзһабты
ұстануының нәтижесінде ешқандай да діни алауыздыққа жол берілген емес.
Бұған қатысты Алла тағала мұсылман үмметін: Ей, иман келтіргендер! Аллаға,
пайғамбарға және өз араларыңдағы ұлықтарыңа бойсұныңдар. Егер өзара бір
нәрсеге келісе алмасаңдар, оның жайын Алладан, пайғамбардан сұраңдар.
Аллаға, қиямет күніне сенетіндерің рас болса, бұл сендер үшін қайырлы әрі
тиімді ( Ниса сүресі, 59-аят),- деп ескертеді.
Шариғаттың негізгі мәселелері Құран мен хадисте қамтылған.
Сондықтан хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз мұсылман қауымына: Ей,
мұсылмандар! Мен сендерге екі нәрсе қалдырып барамын. Егер оларды бекем
ұстап, амал етсеңдер, ешқашан адаспайсыңдар. Олар Алланың кітабы – Құран
Кәрім және Алла Елшісінің сүннеті деген.
Уақыт өте келе мұсылмандар саны көбейіп, жаңа мәселелер туындауына орай
өмір мен тіршілік үнемі өзгеріп, өркендеп, жаңарып, дамыды. Осындай
жағдайда, сахабалар өз білімдеріне сүйеніп, шариғат шеңберінде ол
мәселелерді шешті.
Мысалы, Әбу Бәкір (р.а.) өзінің халифалық кезінде бір мәселеге байланысты
шешім шығарар алдында Құран аяттарына сүйенген, ол мәселенің жауабын
аяттардан таба алмаған жағдайда, хадистерден іздеген. Одан да таба алмаса,
білімді де, беделді сахабалардың басын қосып, олармен сол туралы кеңесіп,
ойларын тыңдап, содан кейін ғана шешім қабылдаған.
Бертін келе Ислам діні өзге халықтар мен ұлыстар арасына тарады.
Әлбетте, олар араб тілін де, дінін де білмейтін-ді. Діни үгіт-насихат пен
тағлым істерін оларға жеткізу сахабалар үшін оңай емес еді. Бұл ретте
сахабалар ислам дінін бүге- шігесіне дейін үйренемін дегендерге ұстаздық
етті. Сол ұстаздар хазреті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың ұлық төрт
халифасы, сондай-ақ, Абдулла ибн Масъуд (590-653), Абдулла ибн Омар (612-
643), Абдулла ибн Аббас (619-686), Абдулла ибн Әмр ибн Ас (571-664), Зәйд
ибн Сәбит (615-665) және Айша (613-678) (р.а.) анамыз өз заманының дара
тұлғалары еді. Абдулла ибн Аббастың (р.а.) үйі білім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбу Ханифа және оның ханафиліктің құрылуындағы рөлі
ХАНАФИ МАЗХАБЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БАСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ахли сунна уа-л жама-адағы фықых ғылымы
Ханафи фикх мазхабының негіздері мен ерекшеліктерін жас ұрпаққа көрсете білу
Ислам дініндегі мәзһабтардың шығуы
Намаздың маңыздылығы
Исламдағы құқықтық мектептердің қалыптасуы
Ислам ілімдерінің қалыптасуы және дамуы
«Ханафи мазхабы -ХХ ғасырдатарихи-рухани жолымыздың заңды жалғасы»
Ханафи мазһабы: калыптасуы және даму жолдары
Пәндер