Ақша реформасы: ұлттық экономиканың дамуындағы қажеттігі мен маңызы



ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I АҚША РЕФОРМАСЫ: ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ҚАЖЕТТІГІ МЕН МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ...4

1.1 Ақша реформасы ақша жүйесін қайта құрудың негізі ретінде ... ... ... 4
1.2 Қазақстан Республикасында ақша реформасын жүргізудің алғышарттары мен себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3Қазақстан Республикасындағы ақша.несие саясатының бағыттары ..10
II РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА ӨТУ КЕЗІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... 12

2.1 Өтпелі жылдарда ақша реформасын жүргізудің алғышарттары және себептері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2 Ұлттық валюта . теңгенің экономикадағы ролі және маңызы ... ... ...17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
КIРIСПЕ

Қазіргі қоғамдық қатынастары дамыған заманда әрбір елдің ақша бірліктері, өзінің ақша айналысы ерекшеліктері, дүниежүзілік ақша бірліктері пайда болды. Бүгінде қандай да ел болмасын сыртқы экономикалық байланыстарға және ішкі шаруашылық қатынастарға барып отырады. Ал осы жағдайларда әр елдің арасында сауда жүргізілгенде ақша қатынастарының реттелуін, олардың нақты құнын анықтау маңызды талаптар екені белгілі. Осыған байланысты елдің ақша айналысын тиімді ұйымдастыру формасы белгілі бір ұлттық заңдылықтармен және тарихи қалыптасқан тәртіптер негізінде іске асырылу жүйесін ақша жүйесі деп атайды.
Ақша реформасы деп мемлекеттік ақша жүйесіне өзгерістер енгізуді айтады. Ақша реформасы жүргізілгенде бір ақша жүйесін екінші ақша жүйесімен ауыстырады, я болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгертеді. Сонымен ақша жүйесi – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен бекiтiлген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша реформасының негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы ұлттық ақша жүйесінің толық қанды қызмет етуі ұлттық ақша бірлігін теңгені 1993 жылы 15 қарашада айналысқа енгізгеннен бастап қызмет ете бастады. Осынау Қазақстан Республикасының егемендігін алғаннан кейінгі тұнғыш жүргізген ақша реформасы негізінде елдің ұлттық банк жүйесі мен несие жүйесі қалыптаса бастады. Сонымен қатар Ұлттық банк елдегі қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалардың түрлерін белгілеп отырады және елдегі ақша эмиссиясын монополиялы түрде жүзеге асырады.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын «Қазақстан Республикаcындағы ақша реформасы» деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi 1993 жылғы ақша реформасының жүргізілуінің негізгі себебі Қазақстан Республикасының толық егемендігін қамтамасыз ету, ұлттық қаржы жүйесін қалыптастыру, экономикалық тәуелсіздігін қалыптастыру және барлық шаруашылық басқаруды өз қолына алу болып табылатын.
Бұл жұмысты орындаудағы негізгі мақсаты және міндеттері: ақша реформасын ақша жүйесін қайта құрылымдаудың негізі ретінде оның экономикалық мәнін ашу, 1993 жылғы ақша реформасын жүргізудің алғышарттары мен жүргізілу барысын талдау және жүргізілген ақша реформасының бүгінгі таңдағы өзінің жалғасын табуын, экономикаға қосқан үлесін, ақша реформасын жүргізу аясында экономикада және қаржы саласында жеткен жетістіктер мен жүргізіліп жатқан қаржы-несиелік саясаттарға тоқталу болып табылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


Заңдар:
1. “Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы” Қ.Р. Президентiнiң заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.
2. “Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның Заңы // 13.12.1996.
3. “Валюталық реттеу туралы” Қ.Р –ның заңы // 24.12.1996.

Оқулықтар:
4. «Ақша, несие, банктер» Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001ж. - 466 б.
5. С.Б. Мақыш, Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, 2004 ж. – 248 бет.
6. Баян Көшенова , Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.

Журналдар мен ресми материалдар:
7. А.К.Омарбаева “Ұлттық ақша өлшемiнiң валюталық бағамын реттеу жөнiндегi валюталық саясат” // ҚазҰУ хабаршысы, Экономика сериясы №1, - 2003 ж.
8. «О международных резервах и денежной базе» // (Национальный Банк РК Пресс-релиз №33 от 17 октября 2005 года) Банки Казахстан, 2005 г. №10. 65стр
9. Кинасова О «Перегрев экономики и регулирование инфляционного процесса» // Банки Казахстана, №9, - 2005 г. 41-44 стр.
10. Сайденов А.Г. «О перспективах развития денежно-кредитной политики и других направлениях деятельности Национального Банка» // Банки Қазахстана, №10, - 2005 г. 2-4 стр.
11. «О текущей ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана, №9, - 2005 г. 2-3 стр.
12. 2004 жылдың алдын ала қорытындылары туралы статистикалық мәлiметтер // Банки Казахстана, №1, - 2005 г.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I АҚША РЕФОРМАСЫ: ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ҚАЖЕТТІГІ МЕН МАҢЫЗЫ
... ... ... ... ... ... ... ...4

1. Ақша реформасы ақша жүйесін қайта құрудың негізі ретінде ... ... ... 4

2. Қазақстан Республикасында ақша реформасын жүргізудің алғышарттары мен
себептері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

1.3Қазақстан Республикасындағы ақша-несие саясатының бағыттары ..10

II РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА ӨТУ КЕЗІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
АҚША РЕФОРМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... 12

2.1 Өтпелі жылдарда ақша реформасын жүргізудің алғышарттары және
себептері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 2

2.2 Ұлттық валюта – теңгенің экономикадағы ролі және маңызы
... ... ...17

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .26

Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...27

КIРIСПЕ

Қазіргі қоғамдық қатынастары дамыған заманда әрбір елдің ақша
бірліктері, өзінің ақша айналысы ерекшеліктері, дүниежүзілік ақша
бірліктері пайда болды. Бүгінде қандай да ел болмасын сыртқы экономикалық
байланыстарға және ішкі шаруашылық қатынастарға барып отырады. Ал осы
жағдайларда әр елдің арасында сауда жүргізілгенде ақша қатынастарының
реттелуін, олардың нақты құнын анықтау маңызды талаптар екені белгілі.
Осыған байланысты елдің ақша айналысын тиімді ұйымдастыру формасы белгілі
бір ұлттық заңдылықтармен және тарихи қалыптасқан тәртіптер негізінде іске
асырылу жүйесін ақша жүйесі деп атайды.

Ақша реформасы деп мемлекеттік ақша жүйесіне өзгерістер енгізуді
айтады. Ақша реформасы жүргізілгенде бір ақша жүйесін екінші ақша жүйесімен
ауыстырады, я болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгертеді.
Сонымен ақша жүйесi – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық
заңдылықтармен бекiтiлген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Жалпы
мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша
реформасының негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы ұлттық ақша жүйесінің толық қанды қызмет
етуі ұлттық ақша бірлігін теңгені 1993 жылы 15 қарашада айналысқа
енгізгеннен бастап қызмет ете бастады. Осынау Қазақстан Республикасының
егемендігін алғаннан кейінгі тұнғыш жүргізген ақша реформасы негізінде
елдің ұлттық банк жүйесі мен несие жүйесі қалыптаса бастады. Сонымен қатар
Ұлттық банк елдегі қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалардың түрлерін белгілеп
отырады және елдегі ақша эмиссиясын монополиялы түрде жүзеге асырады.

Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын Қазақстан
Республикаcындағы ақша реформасы деп алдым.

Бұл тақырыптың өзектiлiгi 1993 жылғы ақша реформасының жүргізілуінің
негізгі себебі Қазақстан Республикасының толық егемендігін қамтамасыз ету,
ұлттық қаржы жүйесін қалыптастыру, экономикалық тәуелсіздігін қалыптастыру
және барлық шаруашылық басқаруды өз қолына алу болып табылатын.

Бұл жұмысты орындаудағы негізгі мақсаты және міндеттері: ақша
реформасын ақша жүйесін қайта құрылымдаудың негізі ретінде оның
экономикалық мәнін ашу, 1993 жылғы ақша реформасын жүргізудің алғышарттары
мен жүргізілу барысын талдау және жүргізілген ақша реформасының бүгінгі
таңдағы өзінің жалғасын табуын, экономикаға қосқан үлесін, ақша реформасын
жүргізу аясында экономикада және қаржы саласында жеткен жетістіктер мен
жүргізіліп жатқан қаржы-несиелік саясаттарға тоқталу болып табылады.
I АҚША РЕФОРМАСЫ: ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ДАМУЫНДАҒЫ ҚАЖЕТТІГІ МЕН МАҢЫЗЫ

1.1 Ақша реформасы ақша жүйесін қайта құрудың негізі ретінде

Ақша реформасы – деп мемлекеттік ақша жүйесіне өзгерістер енгізуді
айтады. Ақша реформасы жүргізілгенде бір ақша жүйесін екінші ақша жүйесімен
ауыстырады, я болмаса сол ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгертеді.

Ақша жүйесi – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен
бекiтiлген ақша айналысын ұйымдастыру формасы. Жалпы мемлекеттiк заңдармен
реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады.
Әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша жүйесі болады. Алғашқы ақша жүйесі
XVI-XVII ғасырларда капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда
болды. Бірақ оның кейбір жекелеген элекенттері одан да бұрын айналыста жүре
бастаған, капиталистік өндірістің және тауар ақша айналысының қарқынды
дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді.

Ақшаның өмiр сүруiндегi объективтiк қажеттiлiк ол тауар өндiрiсi
мен тауар айналысының болуына негiзделедi. Кез келген тауар айналысында
ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бiр – бiрiнен
бөлiнбейдi. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

Ақша - жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық
басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде
қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы
үздiксiз жасала бередi.
Ақша айналысы - шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы
емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-
қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.
Ақша айналысының объективтiк негiзiнде де тауар өндiрiсi жатады.
Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегiмен тауарлар
айналысы, сондай-ақ несиелiк және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге
асырылады. Қайта құру кезеiне дейiн “ақша айналымы” мен “ақша айналасы”
ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма – қол
ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына
бергендiктен ол қолма – қол және қолма – қолсыз айналым мағынасын
сипаттайды.
Ақша айналысы шаруашылықтағы тауарларды өткiзуге, сондай-ақ тауарлы
емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-
қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы. Ал осы ақша
қозғалысын заңдылықтармен реттеу шаралары ақша жүйесін қалыптастырады.

Ақша белгiлерi әр түрлi жағдайда қамтамасыз етiледi. Қолма-қол ақша
тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етiлсе, қолма- қолсыз
ақшалар – бөлуге арналған өндiрiс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз
етiледi. Ақша айналысы мен ақша айналымы арасында шек жойылды. Тауар
айналысы процесiндегi қолма – қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге
асыру кезiнде қызмет көрсету, сонымен бiрге кәсiпорындар мен қаржы несие
мекемелерiнiң арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп
аталады.

Ақша айналысының объективтi негiзi – тауар өндiрiсi мен тауар айналысы
болып табылады. Құн формасының өзгерiп отыруы, яғни тауардың ақшаға және
ақшаның жаңа тауар сатып алу үшiн қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста,
яғни айналыста болуына мүмкiндiк жасайды.

Ақша айналысың реттеудiң маңызды элементi – қолма-қол ақшаның қолдану
аясын азайту болып келедi. Бұл мәселе бiздiң елiмiзде кәсiпорындар
арасындағы есеп айырысулардан қолма-қол ақшамен есеп айырысуын шектеу, есеп
айырысуда қолма-қолсыз түрлерін чектердi, вексельдерді және төлем
тапсырмаларын ендiру және дамыту болып табылады.

Сөйтiп айналысқа қажеттi ақша мөлшерi өндiрiстiң даму жағдайларына
әсер ететiн көптеген факторларға: айналыстағы тауар мөлшерiне, тауарлар мен
қызмет бағасының деңгейiне және т.б. байланысты өзгередi. Айналысқа қажеттi
ақша мөлшерi ақша айналысының жылдамдығына керi пропорционалды өзгередi. Ал
ақша айналысына әсер ететiн факторлар мыналар:

1. Несиенiң даму деңгейi, егер тауардың көп бөлiгi несиеге сатылса,
айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
2. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
3. Ақша айналысы санының өсуi.
Ақша жүйесінде айналысқа ақша екi түрде шығарылады немесе
эмиссияланады: қолма-қол ақша және банктiк айналымдағы ақша түрi, яғни
банктегi шоттарға жазылған сома. Екi деңгейлi банк жүйесiнде ақшаның
бiрiншi түрiн, яғни қолма-қол ақшаны монополиялы құқықпен Орталық банк
эмиссиялайды да, қолма-қол емес ақша белгiлерiн коммрциялық банктер жүйесi
шығарады.

Ақша жүйесін реттеудегі ақша айналысының негiзгi сандық
көрсеткiштерiнiң бiрiне ақша массасы мен ақша базасы жатады.

Ақша массасы – жеке тұлғаларға, кәсiпорындар мен мемлекетке тиiстi
және шаруашылық айналымына қызмет ететiн сатып алу және төлем құралдарының
жиынтығы. Белгiлi бiр күндегi және белгiлi бiр кезеңдегi ақша айналысының
сандық өзгерiсiн талдау үшiн, сондай-ақ ақша массасының өсуi мен көлемiн
реттеуге байланысты шараларды жасау үшiн әр түрлi көрсеткiштер пайдалынады.

Ақша айналымының екi жағының бiрлiгi, олардың бiр түрiнiң екiншiсiне
ауысуы жалпы ақша жиыны құрамын анықтауды қажет етедi. Себебi ақша жиыны
ақша айналымының сандық көрсеткiшi. Белгiлi бiр мерзiм аралығында сандық
өзгерiстердi талдау үшiн, сол сияқты ақша жиынының көлемiн және оның өсу
қарқынын реттейтiн iс-шаралар жүргiзу үшiн әр түрлi көрсеткiштер (ақша
агрегаттары) қолданылады.

Өнеркәсiбi өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны құрамын анықтау үшiн
негiзгi ақша агрегаттарының төмендегi жиынтығын пайдаланады:

М1 – айналыстағы қолма-қол ақша ( банкноттар, тиындар ) және банктiк
ағымдағы шоттардағы қаражат ( депозиттер ) жатады;

М2 – оған М1 агрегаты және мерзiмдi 4 жылға дейiнгi коммерциялық
банктердегi мерзiмдi және жинақ салымдары кiредi;

М3 – бұған М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелерiндегi жинақ салымдары
кiредi;

L – оған М3 агрегаты және iрi коммерциялық банктердiң депозиттiк
сертификаттары қосылады.

Ақша жиыны нақты әр мемлекеттiң өзiне тән ақша-несие жүйесiмен
анықталады. Мысалы, АҚШ-та ақша жиынын анықтау үшiн – төрт, Швейцария мен
Германияда – үш, Ұлыбританияда – бес, Францияда – екi ақша агрегаты
қолданылады.

Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы
құралдарының дамуына байланысты өзгередi.

Ақша жиыны ақша жүйесінде бiрнеше жолмен өсуi мүмкiн:

1. Банкноттар мен тиындарды эмиссиялау есебiнен;
2. Орталық банктен коммерциялық банктердiң несие алуымен;
3. Мемлекеттiк бюджеттiң кемшiлiгiн жабу үшiн Орталық банктiң үкiметке
несие беруiмен;
4. Орталық банктiң асыл металдарды, шетел валютасын және мемлекеттiк бағалы
қағаздарды сатып алуымен;
Ақша айналысының екi облысының бiрлiгi, яғни ақшаның қолма-қолсыз
формасының қолма-қол ақшаға ауысуы және бұған керiсiнше болуы ақша
массасының өзiне қандай компоненттердi қамтитынын анықтауды талап етедi.

Ақша массасының көбеюi бiрнеше каналдар бойынша жүредi:

• Банкноттар мен монеталар эмиссиясы есебiнен;
• Орталық банктен коммерциялық банктердiң несие алу жолдарымен;
• Орталық банктiң ел үкiметiне мемлекеттiк бюджет тапшылығын жабу үшiн
несие беру арқылы;
• Орталық банктiң бағалы металдарды, шетел валюталарын және мемлекеттiк
бағалы қағаздарды сатып алу жолымен;
• Коммерциялық банктердiң салымдарын жұмылдыру негiзiнде чектер эмиссиясын
шығару немесе займдар беру жолымен.
Осыдан барып ақша массасының көлемi Ұлттық банк жүгiзетiн ақша – несие
саясатымен тығыз байланысты, мұндағы ең басты мақсат ақша массасының
өсуiн сақтау екенiн көремiз. Мақсатты белгiлеуде Орталық банк келесi
көрсеткiштердi ескертедi:

• Нақты бейнелеудегi ЖҰӨ-нiң болжанатын өсiмi;
• Жоспарлы кезеңдегi ақша айналысының есептелетiн жылдамдығы;
• Жоспарланған кезеңдегi инфляцияның максималды рұқсат етiлген денгейi;
Ақша массасы өсуiнiң бақылау көрсеткiштерi елдiң экономикалық
потенциялының болашақтағы ұлғаюын және оның пайдалану дәрежесiн ескере
отырып есептеледi. Бұл көрсеткiштiң тәжiрибе үшiн де маңызы зор.

Ақша массасының құрамы сол елдiң несие-ақша жүйесiмен анықталады.

Ақша жүйесi – бұл тарихи түрде қалыптасқан және ұлттық заңдылықтармен
бекiтiлген ақша айналысын ұйымдастыру формасы.

Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың
ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Әрбiр мемлекеттiң өзiнiң ұлттық
ақша жүйесi бар. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1993 жылы 15
қарашада ұлттық валютамыз теңгенің қолданысқа енуімен басталады.

1.2 Қазақстан Республикасында ақша реформасының ретроспективасы

Қазақстанның жалпы экономикалық дамуындағы жүргiзiлген ақша
реформаларын келесiдей кезеңдерге бөлуге болады:

1. Революцияға дейiнгi Қазақстанда жүргiзiлген 1895-1897 жж. ақша
реформасы;
2. 1922-1924 жж. ақша реформалары;
3. 1947 жылғы ақша реформасы;
4. 1950 жылдың 1-шi наурызында рубльдi алтын базасына өткiзу;
5. 1961 жылғы ақша деноминациясы;
6. 1993 ж. Қазақстандағы ақша реформасы;
7. 1999 жылы ұлттық валютамыз теңгенi еркiн айналысқа жiберу.
Революцияға дейiнгi Қазақстанда жүргiзiлген 1895-1897 жж. ақша
реформасында алтын монета айналысы бар алтын монометализм жүйесi енгiзiлдi.
Айналыста алтын, күмiс және мыс монеталар жүрдi. Негiзгi ақша белгiлерiне
92% алтынмен қамтамасыз етiлген Мемлекеттiк банктiң несиелiк билеттерi
жатты.

1917 жылдары Уақытша өкiмет мемлекеттiк қазынаның қысқа мерзiмдi
мiндеттемесiн, займ купондарын енгiздi. Мемлекеттiк шығыстарды жабу
мақсатына үкiмет iрi купюрода қағаз ақшаларды шығарды. Бұл кезде Ресейде
ақша жүйесiнiң жалпы құлдырауы басталып, оның Қазақстанға да өзiндiк ықпалы
болды. Қазан революциясынан кейiн ақша айналысының жағдайы нашарлай түстi.
1993-1920 жылдар аралығында айналыстағы қағаз ақшалардың массасы 48 есеге
дейiн өсiп кеттi. Ақша 10 мың есеге құнсызданды.

Азамат соғысы мен шетел интервенциясы жағдайында интервенттер,
шетелдiктер және ақ гвардия “үкiметi” өздерiнiң ақшаларын басып шығарды.
Олардың бағамдары әр түрлi болды және олар тез уақытта құнсызданды. Ақшаның
қатты құнсыздануының нәтижесi: шаруашылық қатынастардың натуралдануы мен
ақшаның айналыстан шығарылуы болып табылады. 1920 жылы еңбекақыны ақысыз
беру бастлып, пәтерақы және коммуналдық қызметтер үшiн төлем төлеу алынып
тасталды. Оқушыларға тегiн киiм берiлдi. Базарлардың өзiнде азық-түлiкпен
алмасу ақшасыз, яғни кездейсоқ айырбас эквивалент түрiнде жүзеге асты.

Ақша айналысын қалыпқа келтiрудiң басты бiр қадамына 1922 ж.
мемлекеттiк ақша белгiлерiн шығару жатты. Мұндағы 1 рубль бұры шығарылған
10 рубльге теңестi. Ақшаларды қайта есептеу олардың төрт номерiн сызып
тастау арқылы жүргiзiлдi. 1922 жылдың 1 мамырынан бастап, барлық
есептесулер жаңа ақшалармен жүзеге асты.

1922-1924 жж. ақша реформасында көптеген адамдар құнсыз қағаз
ақшалардың орнына мыс монеталардың келуi ақша айналысының реттелуiн, ақша
белгiлерiнiң эмиссиялауды қатаң орталықтандырып Ұлы Отан соғысына тұрақты
ақша жүйесiмен қадам басуға мүмкiндiк жасады.

Ұлы отан соғысы елге – 679 млрд рубльге шығын алып келдi, оның iшiнде
әскери шығындар 551,1 млрд рубльдi құрады. Өндiрiс пен халық тұтынатын
тауарлардың сатылу көлемiнiң аяқ асты қысқаруы мемлекеттiк бюджеттiң
табыстарын азайтты. Бюджет тапшылығы ақша эмиссиясы есебiнен жабылды.

Ақша реформасын жүргiзумен қатар, барлық азық-түлiк және өнеркәсiп
тауарларына деген карточкалық жүйе алынып тасталынды және карточкалық
жүйемен салыстырғанда нанның бағасы 10-12 % төмендедi. 1947 жылқы ақша
реформасының ерекшелiгi Мемлекеттiк банктiң билеттерi черновеч емес рубль
түрiнде шығарылатын болды. Реформа ақша жүйесiн нығайта отырып, ақшаның
барлық қызметтерiнiң маңызын арттырды.

1947 жылы ақша реформасынан кейiн алғашқы жылдары экономиканың
дамуындағы қол жеткiзген жетiстiктер және карточка жүйесiнiң алынып
тасталуы өнiмнiң өзiндiк құнының төмендеуiне, дүкендерде азық-түлiктердiң
көбеюiне жол бердi. Жыл сайын бөлшек сауда бағаларының төмендеуi басталды.
Үкiмет рубльдiң бағамын шетел валюталарына қатысты көтеру және оны алтын
базасына өткiзу қажеттiгiн мойындады.

1950 жылы 1 наурыздан бастап үкiмет рубльдiң алтындық құрамын 0,222168
г таза алтынмен белгiледi. Осы белгiленген алтындық құрамына байланысты
рубльдiң шетел валюталарына қатысты бағамы анықталды. Осылайша АҚШ-тың 1
долларына 4 рубль болып жаңа бағам енгiзiлдi.

Рубль бағамын алтын базасына өткiзгеннен кейiнгi он жылдың iшiнде
елдiң ақша айналымы, мемлекеттiк бюджеттiң мөлшерi, сондай-ақ өндiрiс,
ұлттық табыс көлемi шамадан тыс өстi. Сондықтан да үкiмет баға масштабын 10
есеге iрiлендiру, рубльдiң алтындық құрамын көтеру және айналыстағы
ақшаларды жаңаға айырбастау туралы шешiм қабылдады. Айырбас 3 ай iшiнде
1961 жылы 1 қаңтарынан 1 сәуiрге дейiн ешқандай шектеусiз жүргiзiлдi. Баға
масштабын iрiлендiру ақша есебiн және олардың техникалық қызмет көрсетуiн
жеңiлдеттi. 961 ж. 1 қаңтарынан бастап, рубльдiң алтындық құрамы 0,222168 г
алтын орнына 0,987412 г алтын етiлiп қайта белгiлендi.

1964 жыл Экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық банкiнiң құрылуымен
байланысты, 1991 жылға дейiн Экономикалық өзара көмек кеңесiне мүше
елдердiң арасында көп жақты клирингтiк есеп айырысулар үшiн қолданылатын
ақша бiрлiгi – аудармалы рубль енгiзiлдi.

1.3 Қазақстан Респуьликасындағы ақша-несие саясатының бағыттары

Қайта құру жағдайында өндiрiстiң құлдырауымен бiрге айналыстағы
ақша массасының өсуi қатар жүрдi. Тауарлар мен азық-түлiктер көбiне
шетелден сатып алынды. Бұл үшiн қжеттi валютадағы 1,63 млрд доллар сомасын
алтынды сатудан түсiрдi: 1989 ж. – 300 т., 1990 ж. – 234 т. алтын сатылып
кеттi.

КСРО ыдыраған соң кеңес валютасы – рубль бiрiншi кезеңде, ТМД-ға
кiрмейтiн елдердi қоса алғанда, тәуелсiз мемлекеттер аумағында айналыста
жүре бердi. Әр түрлi себептерге байланысты, ең бастысы, жаңа мемлекеттердiң
саяси тәуелсiздiкке ұмтылысы, сондай-ақ тез қалыптасып үлгерген заңдармен
экономиканың социалистiк директивтi үлгiсiнен нарыққа өтуi мүмкiн
еместiгiне байланысты бiртұтас валютаны сақтау аумағы сәтсiз үзiлдi.

КСРО ыдыраған соң ақшаны дезинтеграциялау процесi өте күрделi
жүргiзiлiп және бұрынғы кеңес мемлекеттерiнiң меншiктi ұлттық валюталарын
енгiзiлуiмен аяқталды. КСРО республикаларының егемендiгi жариялағаннан
кейiн барлық 15 ұлттық банктер бiр-бiрiне тәуелсiз түрде орталық банктер
ролiн атқара бастады.

1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейiн Қазақстан ТМД-ның басқа
мемлекеттерiмен бiрге “рубль аумағында” қала бердi. Бiрақ бұрынғы
орталықтан басқарылып келген экономикалық жүйе ыдырап, рыноктық қатынастар
орын ала бастауына байланысты экономика айналыста жүрген ақша массасы
күннен-күнге өсiп, инфляция кең етек ала бастады. Осының салдарынан 1992
жылы айналысқа 200, 500, 1000 рубльдiк купюралар шыға бастады. 1992 жылы
маусым айында алғаш рет ресейлiк 5000 рубль, кейiннен 10000 және 50000
купюралары шығарылды.

1992 жылы бiрiншi жартысынан-ақ Қазақстан Республикасының жетекшiлерi
ендiгi жерде рубльден күдер үзiп, өз валютасын шығаруға бетбұрыс жасаған
болатын.

Қазақстанда Республикасында 1993 жылы ақша реформасын жүргізудің
негізгі себебі – ақша белгісін тұрақтандыру, орын алған инфляциялық толқуды
бәсендету және ұлттық жеке ақша бірлігін енгізу болып табылды.

Инфляция ақша жүйесiнiң дағдарыстық кезеңi болып табылады, яғни ол
қоғамның дамуының тепе-теңдiгiнiң бұзылуына себепшi болады. Инфляция
экономикалық құбылыс ретiнде Қазақстан Республикасының дамуында басты
мәселелердiң бiрi болып келдi. Өйткенi елiмiздiң 1991 жылы өз егемендiгiн
алуымен байланысты ұлттық экономикамыз бiрден дағдарысқа ұшырай бастады.
Оның бiрден-бiр себебi бұрынғы орталықтан басқарылып келген экономикалық
жүйе бұзылып, қатаң түрде реттелiп келген елдiң ақша айналысы жүйесiнiң
тиiмсiздiгi дереу көрiнiп қалды. Сол кездегi айналыста жүрген Ресейлiк
рубльдердiң құнсыздануы шапшаң болды. Олай болатын себебi, экономикада
өндiрiлген өнiмдер мен қызмет көрсетулерден ақша массасы тым артық болып
кеттi.
1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейiн Қазақстан ТМД-ның басқа
мемлекеттерiмен бiрге “рубль аумағында” қала бердi. Бiрақ бұрынғы
орталықтан басқарылып келген экономикалық жүйе ыдырап, рыноктық қатынастар
орын ала бастауына байланысты экономика айналыста жүрген ақша массасы
күннен-күнге өсiп, инфляция кең етек ала бастады. Осының салдарынан 1992
жылы айналысқа 200, 500, 1000 рубльдiк купюралар шыға бастады. 1992 жылы
маусым айында алғаш рет ресейлiк 5000 рубль, кейiннен 10000 және 50000
купюралары шығарылды. Алайда өндiрiстiң одан сайын құлдырауы, мемлекеттiк
бюджеттiң тапшылығының өсуi, жалпы экономиканың дағдарысқа үшырауы
инфлицияны одан сайын үдеттi. Тiптi сол кездегi инфляция гиперинфляцияға
айналды, нақтырақ айтсақ инфляция деңгейi 2000%-дан асып кеттi. Осыған
байланысты бұрынғы 15 елдiң рыноктық қатынастарға өтуге бетбұрыс жасауы
ортақ валютаны ұстап тұрудың тиiмсiз екендiгiн мойындады.

Елiмiзде инфляциялық дағдарыстың орны ерекше деп те атасақ болады.
Өйткенi 1990 жылдан бастап өндiрiстiң құлдырауы, бұрынғы орталықтнған
экономиканың ақшаны құнсыздануға жiбермей ұстап тұрған саясаты жойылып,
экономика нарықтық қатынастарға бет алғанда қаржы саласы дереу дағдарысқа
ұшырады. Өндiрiс пен инфлияцияның дағдарысқа ұшырауы әлеуметтiк саланың
күрт құлдырауына алып келдi. Халықтың ақшалай кiрiстерi кеми бастады, еңбек
ақы төмендедi, жалпы елде кедейлiктiң деңгейi өсе бастады.
Әлемдiк тәжiрибеде инфляциялық дағдарыс деп екi жыл аралығында
инфляция деңгейi 40%-дан төмендесе айтады. Ал Қазақстанда 1992-1994 жылдары
гиперинфляция болды.
Осы мәселеге мемлекетiмiз әр түрлi саясаттарды iске асыра бастады.
Бiрақ 1991-1993 жылдар өзiмiздiң ұлттық валютамыз болмауы себебiнен қаржы
жүйемiз ақша-несие және валюталық саясатты толық түрде жүргiзе алмады.
Осыдан бастап елiмiз экономиканы ақша-несиелiк және валюталық түрде реттей
бастады, ұлттық валютамызды тұрақтандыру саясатын жүргiзудi қолға алды және
жаппай мемлекеттiк меншiкке жекешелендiру сяасаты, яғни кәсiпкерлiктi
дамыту реформалары жүргiзiлдi. Бұл саясаттардың барлығын жүргiзiп, iске
асырып отырған мемлекетiмiздiң Ұлттық Банкi болды.

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1993 ЖЫЛҒЫ АҚША

РЕФОРМАСЫ

2.1 Ұлттық валютамыз теңгені енгізуімізге байланысты 1993 жылғы ақша
реформасы

1993 жылы Қазақстанда ақша реформасын жүргізудің басты сипаты бұрынғы
Кеңестік ақша белгісі рубльдің орнына ұлттық валютамыз теңгені енгізумен
және ұлтық ақша жүйесінің қалыптастыру, соның нәтижесінде Ұлттық банкті
және ұлттық несие жүйесін қалыптастыру болып табылды.

1992 жылы бiрiншi жартысынан-ақ Қазақстан Республикасының жетекшiлерi
ендiгi жерде рубльден күдер үзiп, өз валютасын шығаруға бетбұрыс жасаған
болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның “Харрисон” фирмасымен шарт
жасасты. Сөйтiп, 1993 жылы 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелiк ақшалар
Қазақстанға жеткiзiлдi. Оларды қолдан жасаудан қорғалатын 18 дәрежесi
болды.

Осылайша еліміздің өз егемендігін алғаннан кейінгі тұңғыш ақша
реформасы 1993 жылдың қараша айынан бастау алды. 1993 жылы 12 қарашада
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан
Республикасында Ұлттық валютаны енгiзу түралы” Жарғыға қол қойды. Осы
жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта – теңге
енгiзiлдi.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi теңгенiң валюталық бағамын: 1
доллар = 4 теңге 70 тиын шамасында белгiледi. Келесi жылдары ол бiрден өсiп
кеттi. Соған сәйкес бағамен жалақы да өстi.

Қолма-қол ақшалардың, рубльдiк шоттардың, салымдар мен
мiндеттемелердiң теңгеге айырбасы 1 теңге үшiн 500 рубль айырбас бағамы
бойынша жүргiзiлдi. Қазақстанның 16 жастан асқан барлық азаматтары 100 мың
рубль шегiнде ақша айырбастай алды.

15 қарашадан 18 қарашаға дейiнгi халық теңгемен және рубльмен де есеп
айырыса алды. Осылайша айналысқа ұлттық валютамыз теңге ендi. Бiрақ көп
ұзамай инфляцияның өсуi бiршама iрi ақша купюраларын қажет еттi. 1994
жылдан бастап 200, 500, 1000 және 2000 купюрадағы теңгелер айналысқа шықты.
1995 жылы ұсақ тиындар бiртiндеп айналыстан шығып қалды, олардың орнына мыс
никельден жасалған 1, 3, 5, 10, 20 теңгедегi монеталар шыға бастады.

КСРО Мембанкiнiң және 1992-1993 жж. Ресей үлгiсiндегi қазыналық және
банктiк билеттердi айырбастау 20 қарашада сағат 18-де аяқталды. Қолма-қол
ақшалардың, рубльдiк шоттардың, салымдар мен мiндеттемелердiң теңгеге
айырбасы 1 теңге үшiн 500 рубль айырбас бағамы бойынша жүргiзiлдi.

Айырбас бiр рет қана жүргiзiлiп, ол туралы төлқұжатқа белгi соғылды.
100 мыңнан асатын рубльдер арнайы жеке бет шотына аударылып, оны алты ай
мерзiм iшiнде пайдалануға құқысыз болды. Лимиттен асқан қаражаттардың шығу
тегiнiң заңдылығын арнайы құрылған комиссия тексердi.

15 қарашадан 18 қарашаға дейiнгi халық теңгемен және рубльмен де есеп
айырыса алды. Сондықтан заңды тұлғалармен, сол сияқты бөлшек сауданы жүзеге
асырушы және халыққа ақылы қызмет көрсететiн тұлғалардың ақшалай түсiмдерi
күнделiктi қабылданды. Кәсiпорындардың баланстарындағы рубльмен берiлген
активтер мен пассивтер екi күн iшiнде қайта есептелiндi. Қолма-қол ақшаны
айырбастау және активтер мен пассивтердi қайта есептеу кезеңiнде банктер
клиенттермен операциялар жүргiзбедi.

Сөйтіп, 1993 жылы 15 қарашада Қазақстан тарихында алғашқы валюта теңге
енгізілді. Ақша реформасын жүргізуде Қазақстан басшылары бір жарым жыл
уақыт өте құпия жағдайда дайындалып, нәтижесінде 700 милион доллар сома
шамасында алтын құймалары мен шетел валютасы қоры болды. Тәуелсіздік
жарияланған күннен бастап Қазақстан өндірілген алтын мен күміс енді
Мәскеуге жіберілмей, оны Ұлттық банк сатып алып, өз резерв қорына
айналдырды. Сондай-ақ резерв қорына экспорттық валюталық түсім мен
үкіметтің сыртқы заемдарын да Ұлттық банк сатып алып, қорға түсіре бастады.
Айналымға теңгені енгізуге жарты жыл уақыт қалғанда Республика Президенті
валюталық қаржыны жұмсауға мораторий енгізді.

Халықаралық валюта қоры Қазақстанда ұлттық валюта енгізу акциясын
қолдап, Ұлттық банкке 90 млн. Доллар көлемінде стендбай несиесін және
Жапония біздің елдің төлем балансын қолдау мақсатында Қаржы министрлігіне
180 млн. Доллар қаржы берді. Бұл 17 жылға берілген жұмсақ несиелер болды.
Қорыта айтқанда, 1993 жылы ақша реформасы ойдағыдай өтті. Енді ұлттық
валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет.

Айналымға теңгені енгізу инфляцияның қарқындауы және бұрынғы одақтас
республикалардың өзара байланысының үзілуі мен саяси ала ауыздығы тереңдей
түскен қаржы экономикалық дағдарыс жағдайында өтті. Теңгені енгізгеннен
кейін екі жарым айда, яғни 1994 жылы 1 ақпанына теңгенің курсы долларға
қарағанда 2,5 есе төмендеді. Одан кейін теңгенің курсы 1 долларға шаққанда
43,3 теңгеге жетті.

Алайда теңгенiң енгiзiлiнiң өзiнде де инфляция өсуi белең алып
отырды. Оның бiрден бiр себебi елiмiздегi өндiрiстiң құлдырауы, мемлекеттiк
бюджеттiң тапшылығы экономикадағы жаппай теңсiздiктiң орын алуы. Елiмiздегi
инфляцияның пайда болуының және қарқынды өсуiнiң себебiне сұраныс және
шығындық инфляциялар бiрдей әсер еттi.

Қазақстанда ақша масасының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары мен қазIргI ақша жүйесIнIң дамуы
Ақша туралы дәріс
Ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі мен маңыздылығы
Ақша айналысын басқару, реттеу әдістері
1961 жылғы ақша реформасы
Қазақстан Республикасының ақша реформасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1993 ЖЫЛҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ
Ақша жүйесі, түсінігі және элементтері туралы ақпарат
Металл ақшаның алғашқы түрі - құйма металл
Қазақстан Республикасында инфляцияны жүргізу саясаты және инфляциямен күресу жолдары
Пәндер