Мұрын аурулары


Мұрын аурулары
Фронтит (лат. frons, frontіs - маңдай және іtіs - қабыну) - маңдай қуысының қабынуы. Аурумұрын қуысындағы патогенді микроорганизмдердің маңдай қуысына енуі салдарынан пайда болады. Фронтиттің жедел және созылмалы түрлері болады. Жедел Фронтит ринит, тұмау, қызылша, т. б. жұқпалы аурулардың салдарынан дамиды. Бұл кезде бастың маңдай тұсы қатты ауырып, адам еңкейгенде ауру сезімі үдей түседі. Мұрын бітеліп, мұрыннан іріңді сұйықтық ағады. Кейде ауру көзге беріліп, көзден жас ағады, адамның иіс сезу қабілеті нашарлайды, қабағы ісініп, ыстығы көтеріледі. Дерт асқынып кетсе, созылмалы түріне ауысады. Бұл жағдайда науқастың маңдайы ауырып, саусақпен басқанда ауырсынады. Ауру көздің медиалды ұшына беріліп, адам жарыққа қарай алмайды, көзден жас тоқтамайды. Дене қызуы алғашқыда 38 - 39°С-қа көтеріліп, содан кейін біртіндеп түседі. Риноскоптық тексеруден өткізгенде мұрынның ішкі, ортаңғы бөлігінің ісінуі, іріңді жолақтар, полиптер анық көрінеді. Фронтитті негізінен консервативті жолмен емдейді: аналгетиктер беріліп, мұрынға нафтизин, галазолин, назифин, назол, т. б. тамшыларын құяды, физиотерапия тағайындалады. Фронтиттің созылмалы түрі асқынып кетсе, антибиотиктер беріледі, егер мұрын қуысының ішінде полиптерқайта-қайт пайда бола берсе, хирургиялық операция жасап, оларды алып тастайды.
Ринит , мұрын бітелу - мұрын қуысының шырышты қабатының қабынуы. Ауруды мұрын қуысына түскен микробтар менвирустар тудырады. Қоздырғыштардың дамуына организмнің мұздауы, ауаның құрамында шаң-тозаң мен зиянды газдар мөлшерінің артуы, гүл тозаңдары (қ. Поллиноз) әсер етеді. Көп жағдайда Ринит жұқпалы аурулардың (тұмау, дифтерия) әсерінен де болады. Риниттің жедел және созылмалы түрлері бар. Кейде вазомоторлы (вегетативті жүйке жүйесінің қабынуы) және аллерг. (организмнің аса сезімталдығы) түрлері де кездеседі. Аурудың бастапқы кезінде мұрынның шырышты қабаты ісінеді, науқастың тамағы қызарып, құрғайды. Бірнеше күннен кейін мұрыннан сұйық ірің ағады. Бұл кезде дене темп-расы аса көтерілмейді, бірақ ауру адамның басы ауырып, тыныс алуы қиындайды, көздің шырышты қабатының қабынуынан көзден жас ағады. Әсіресе мұрын бітелу нәрестелерде қиын өтеді, себебі, олардың мұрын қуысы тар болады да, мұрын ішіндегі болар-болмас ісіну олардың дем алуына, емшек емуіне кедергі жасайды. Кейде қабыну мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабатына, есту түтікшесіне, көмейге, кеңірдекке, тіпті өкпеге де таралуы мүмкін. Ауруды дер кезінде емдемесе, асқынып, созылмалы түріне ауысады.
Емі: аурудың бастапқы кезінде денені жылы ұстап, бал немесе таңқурай қосылған шай ішу, мұрын ішіндегі қан тамырларын тарылтатын ерітінділер (санорин, галозалин, т. б. ) қолдану. Ринитті болдырмау үшін денені шынықтырып, спортпен шұғылданған жөн; үйде және жұмыс орнында жеке бастың гигиенасын сақтау қажет; егер жұмыс орны шаң-тозаң, улы газбен байланысты болса, респиратор немесе қорғаныш дәкесін қолдану керек.
Созылмалы гайморит
- Тұмаудың асқынуы немесе тіске құрт түсудің салдары гайморитке әкеп соғады. Гайморит - жоғарғы жақ iшiндегi кеңсiрiктiң кiлегей қабықшасының қабынуы. Қызылша, тұмау, скарлатина аурулары мен азу және ақыл тiстер уақытында дұрыс емделмегеннен гайморит ауруы пайда болады. Иiс сезу қабiлетiн жойып, ұйқыны бұзатын, дене қызуын көтеріп, адамды әлсiрететiн гайморит қандай ауру?
- Гайморитті ең алғаш 1613-1685 жылдар аралығында ағылшын тәнтанушысы Н. Гаймор ашқан. Кейін бұл сырқат Гаймордың есімімен аталса керек.
- Гайморит қалай пайда болады? Тіс тамырларының қабынуы көп жағдайда гайморитке әкеп соғады. Сол себепті тіске үлкен мән бере білген жөн. Сонымен қатар, бактериялар мен вирустар да гаймориттің дамуына жол ашады. Олар алдымен мұрын арқылы ішке еніп, қанға араласады, содан соң мұрын сырты ісініп, қызарады. Одан кейін ағза әлсiреп, иммундық жүйе вирустармен күресе алмайды. Иммунитеттiң төмендеуiнен көптеген созылмалы аурулар пайда болады. Гаймориттi дер кезiнде емдемесе, кеңсiрiкке түскен iрiң миға шауып, менингит ауруына ұласуы мүмкiн . . .
- Гаймориттің белгiлерi: Алдымен науқастың мұрны бiтiп, демалуы қиындайды. Мұрын тұсы жағымсыз күйде болып ауырады. Даусы қырылдап, тамағы, тісі ауырады. Көп жағдайда мұрын қуысынан шырышты, түссiз немесе iрiң (жасыл, сары түстi) сұйық зат бүлiнедi. Сырқаттың халi нашарлап, шаршайды. Тамаққа тәбетi болмай, ұйқысы бұзылады. Дене қызуы 38 градусқа көтеріледі немесе кейде одан да жоғары болады. Бұл белгілер гаймориттің жедел
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz