Синтаксистің стилистикалық қызметі


Синтаксис ( гр. σύνταξις - құру, тәртіп, амал-тәсіл ) - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өзара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерін зерттейді. Қазақ тілінің Синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесінің Синтаксисі , сөйлемнің Синтаксисі . Соңгысы өз ішінен жай сөйлем Синтаксисі , құрмалас сөйлем Синтаксисі болып жіктеледі.
- Синтаксистік байланысорыс. синтаксическая связь- сөздерді түрлішеграмматикалық тәсілдер арқылы мағыналық, формалық жақтарынан өзара байланысқа түсіретін, сөз тіркесін, сөйлем жүйесін кұрастыратын формалардың көрінісі. Сөздернегізінен бір-біріне бағынынқылық және тен дәрежеде қатынас жасау арқылы Синтаксистік байланысқа түседі. Синтаксистік байланыстың екі түрі қалыптаскан:Синтетикалық байланыс- сөздердің қөсымшалар арқылы бір-біріне бағына байланысуы:жасымда ескермедім, өмірде кездесу, түсініп сөйлеу. Синтетикалық байланыссабақтаса байланысу арқылы жүзеге асады. Аналитикалық байланыс- сөздердің қосымшасыз, орын тәртібі, интонация арқылы тен дәрежеде байланысуы:темір пеш, ағаш курек, осы ауыл. Аналитикалық байланыссалаласа байланысу арқылы жүзеге асады.
- Синтаксистік емес категорияларорыс. несинтаксические категории- жасалу формасы жағынан сөйлемдегі басқа формаларға тәуелді емес, яғни сөйлемдегі бір сөздің басқа сөздерге бағыныштылығы байқалмайтын лингвистикалық категориялар. Бұған, мысалы, сын есім шырайларын, етістіктің етіс түрлерін, зат есімдердің көпше түрін жаткызуға болады. Синтаксистік категорияларғақарама-қарсы құбылыс.
- Синтаксистік категорияларорыс. синтаксические категории- сөйлемдегі бір сөздіңне форманың баска сөзге не формаға бағыныштылығын білдіретін лингвистикалық категориялар. Мысалы: зат есімнің септік жалғаулары, синтаксистік Жақ категориясы, байланыс түрлері т. б. Синтаксистік емес категорияларғақарама-қарсы құбылыс.
- Синтаксистік қатынастарорыс. синтаксические отношения- синтаксистік құрылымдардың (сөз тіркестері, сөйлемдер) компоненттері арасындағы қатынастар. Синтаксистік қатынастар компоненттердің категориалды-семантикалық, негізделеді. Синтаксистік қатынастардың көп кездесетін түрлеріпредикативтік, атрибутив/атрибутивтік, объектілік, пысықтауыштық т. б. қатынастарға байланысты.
- Синтаксистік құрылыморыс. синтаксическая структура- белгілі грамматикалық белгілердің негізінде бірлескен синтаксистік тілдік құралдардың тұтастығы. Синтаксистік құрылым атқаратын қызметінің сипатына қарай әртүрде кездеседі. Мысалы: сөзтіркесінің Синтаксистік құрылымы есімді немесе етістік тіркестерден әр түрлі жолдармен жасалса, жай сөйлемнің Синтаксистік құрылымы жеке сөздер мен синтагмалық топтардан жасалып, предикаттық, айқындауыштық немесе жақты, жақсыз, қыстырынды т. б. құрылымдарда көрінеді.
- Синтаксистік мағынаорыс. синтаксическое значение- синтаксистік категориялар мен құралдардын ішкі мазмұны. Сөйлемдегі, сөз тіркестеріндегі тіл құралдарының өзара байланысынан, қарым-қатынасынан туады. Мысалы: предикаттық(баяндауыштық) мағына, бастауыштық (тәуелсіз заттық) мағына, толықтауыштық (тәуелді заттық) мағына, аныктауыштық(заттың тәуелді белгісі) мағына, пысыктауыштық (белгінің белгісі) мағына т. б. түрде көрінеді.
- Синтаксистік талдауорыс. синтаксический разбор- сөйлемді түрлеріне, сөз тіркестеріне, сөйлем мүшелеріне қарай талдау.
- Синтаксис
- Синтаксис ( гр. σύνταξις - құру, тәртіп, амал-тәсіл ) - сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым. Сөйлеу дағдысы бойынша сөздер өз ара белгілі бір жүйемен тіркеседі. Сол тіркестердің де, сөйлемдердің де өз жүйелері, өз заңдары болады. Синтаксис сөйлеудің калыптасу ережелерің зерттейді. Қазақ тілінің Синтаксисі грамматикалық ілім ретінде екі салада зерттеліп келеді: сөз тіркесінің Синтаксисі, сөйлемнің Синтаксисі. Соңгысы өз ішінен жай сөйлем Синтаксисі, құрмалас сөйлем Синтаксисі болып жіктеледі. Синтаксистік байланыс орыс. синтаксическая связь - сөздерді түрліше грамматикалық тәсілдер арқылы мағыналық, формалық жақтарынан өзара байланысқа түсіретін, сөз тіркесін, сөйлем жүйесін кұрастыратын формалардың көрінісі. Сөздер негізінен бір-біріне бағынынқылық және тен дәрежеде қатынас жасау арқылы Синтаксистік байланысқа түседі. Синтаксистік байланыстың екі түрі қалыптаскан:Синтетикалық байланыс - сөздердің қөсымшалар арқылы бір-біріне бағына байланысуы: жасымда ескермедім, өмірде кездесу, түсініп сөйлеу. Синтетикалық байланыс сабақтаса байланысу арқылы жүзеге асады. Аналитикалық байланыс - сөздердің қосымшасыз, орын тәртібі, интонация арқылы тен дәрежеде байланысуы: темір пеш, ағаш курек, осы ауыл. Аналитикалық байланыс салаласа байланысу арқылы жүзеге асады. Синтаксистік емес категориялар орыс. несинтаксические категории - жасалу формасы жағынан сөйлемдегі басқа формаларға тәуелді емес, яғни сөйлемдегі бір сөздің басқа сөздерге бағыныштылығы байқалмайтын лингвистикалық категориялар. Бұған, мысалы, сын есім шырайларын, етістіктің етіс түрлерін, зат есімдердің көпше түрін жаткызуға болады. Синтаксистік категорияларға қарама-қарсы құбылыс. Синтаксистік категориялар орыс. синтаксические категории - сөйлемдегі бір сөздің не форманың баска сөзге не формаға бағыныштылығын білдіретін лингвистикалық категориялар. Мысалы: зат есімнің септік жалғаулары, синтаксистік Жақ категориясы, байланыс түрлері т. б. Синтаксистік емес категорияларға қарама-қарсы құбылыс. Синтаксистік қатынастар орыс. синтаксические отношения - синтаксистік құрылымдардың (сөз тіркестері, сөйлемдер) компоненттері арасындағы қатынастар. Синтаксистік қатынастар компоненттердің категориалды-семантикалық, грамматикалық қасиеттеріне негізделеді. Синтаксистік қатынастардың көп кездесетін түрлері предикативтік, атрибутив/атрибутивтік, объектілік, пысықтауыштық т. б. қатынастарға байланысты. Синтаксистік құрылым орыс. синтаксическая структура - белгілі грамматикалық белгілердің негізінде бірлескен синтаксистік тілдік құралдардың тұтастығы. Синтаксистік құрылым атқаратын қызметінің сипатына қарай әртүрде кездеседі. Мысалы: сөзтіркесінің Синтаксистік құрылымы есімді немесе етістік тіркестерден әр түрлі жолдармен жасалса, жай сөйлемнің Синтаксистік құрылымы жеке сөздер мен синтагмалық топтардан жасалып, предикаттық, айқындауыштық немесе жақты, жақсыз, қыстырынды т. б. құрылымдарда көрінеді. Синтаксистік мағына орыс. синтаксическое значение - синтаксистік категориялар мен құралдардын ішкі мазмұны. Сөйлемдегі, сөз тіркестеріндегі тіл құралдарының өзара байланысынан, қарым-қатынасынан туады. Мысалы: предикаттық (баяндауыштық) мағына, бастауыштық (тәуелсіз заттық) мағына, толықтауыштық (тәуелді заттық) мағына, аныктауыштық (заттың тәуелді белгісі) мағына, пысыктауыштық (белгінің белгісі) мағына т. б. түрде көрінеді. Синтаксистік талдау орыс. синтаксический разбор - сөйлемді түрлеріне, сөз тіркестеріне, сөйлем мүшелеріне қарай талдау.
Февраль 24, 2012 · Қазақ тілі
Синтаксис - сөз тіркесінің, сөйлемнің құрылысын зерттейтін грамматиканың бір бөлімі. Бұл бөлімде сөздердід тіркесу қабілет-тілігі, байланысы, сөз тіркестері мен сөйлемдердің түр-түрі, құрамы қарастырылады. Сонымен қоса тілдін, синтаксистік ережелері мен синтаксистік заңдылықтарын айқындау мақсаты көзделеді, тілдің синтаксистік тұлғалары мен синтаксистік құбылыстарын айқындау мен олардың мағыналық ерекшеліктері де сөз болады.
Тілде мағынасыз, мағына білдіруге қатыспайтын нәрсе жоқ. Әсіресе синтаксистік категория мен синтаксистік тұлғалар - адам ойын жинақты, тиянақты түрде білдірудің ұйымдастырушы бөл-шектері де, сөйлем - ойды білдірудің негізгі формасы болып есеп-теледі. Сондықтан синтаксисті оқыған кісі оның мағыналық жақ-тарына мән беруге тиіс, ал тіл ғылымында синтаксистің жеке мәселелері өздеріне тән мағыналарымен бірлікте қарастырылуға тиіс.
Олай болса, стилистика ғылымының синтаксисті зерттеуінің мақсаты не болмақ?
С т и л и с т и к а сөздер қалай тіркеседі, сөйлемдер қалай құ-ралады, олардың тілдегі қалыптасқан жүйелері қалай болады, ’ дегендерге жауап іздемейді және олардың әрқайсысы қандай мағынада айтылады? деп те жатпайды, - кісінің мақсатты ойын қалайша дүрыс айтуға болады? Ол, міне, осы сұраққа жауап іздеу мақсатымен синтаксис мәселелерін қарастырады. Сонда стилистика синтаксистік тұлғалардың жұмсалу аясын, мағыналық ‘кұбылыстар-ын, кісіге етер әсерін, экспрессивтік мағыналарын тіл жұмсау шеберлігі тұрғысынан қарастырады.
Сайын келгенде, стилистиканың мақсаты - дұрыс сөйлеуге, дұрыс жазуға үйрету.
Шебер суретшінің Суреті, композитордың музыкасы, зергердің өнері - бәрі де нәзіктілікті керек етеді. Онысыз ешбір өнерде ше-берлік қасиет болмақ емес. Сөз шеберлерінің де жазғандарында қыбын тауып қиюластырып айтылған нәзік үн, әсерлі леп, терең мағына болуға тиіс.
Тілдің ой өрнегін салу қасиетін ұлы Абай сондықтан да былай суреттейді:
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар бәhра ала алмас…
Толғауы тоқсан, қызыл тіл,
Сөйлеймін дөсең өзің біл!
Стилистика ғылымы, соның бір саласы синтаксистік стилистика, осындай “толғауы тоқсан” тілдің ой өрнегін дұрыс салу мүмкін-шілігін қарастырады, сөз маржанын тани білуді, сөйлемді дұрыс құрай білуді үйрётеді.
Әрине, айтылғанның, жазылғанның бәрі бірдей “маржан” емес. Олардың да жақсысы бар, жасығы бар. Стилистика жақсыдан үйренуге, қате-кемшіліктен аулақ болуға шақырады.
Әрбір стильдің синтаксисінде өзіне тән ерекшеліктері болады. Мысалы, нақышы мол көркем тіл үлгілерін көркем әдебиет стилі-нен, синтаксистік амалдарды күрделі дәлме-дәл пайдаланып, сөй-лөмдерді қатал құрау үлгілерін ғылыми әдебиет стилінен бай-қаймыз. Әсіресе ғылыми стильде жазған адам ойының дәлме-дәл айтылуын көздейді. Ол логикалық байланыстағы ойды бұлтартпай, әрі дүрыс білдіретіндей тіл мүмкшшіліктерін пайдаланып, тура мағыналарында жұмсауға тырысады. Сондықтан ғылыми стиль синтаксисінде күрделі құрам, қүрмалас сөйлемдер жиі қолда-нылады.
Әдеби тілдің қай стилінде болмасын, - оның бәріне тән нәрсе - о й а й қ ы н д ы л ы ғ ы, ол үшін сөйлем дүрыс құралу керек. Осы талап тұрғысынан әдеби тілдің сөйлемдері әбден қиюластырылып, сөздері рет-ретімен орналастырылып, синтаксистік басқа да тәсілдер белгілі қалыпқа түсіріліп жазылады. Әдеби тілде жазып отырған не сөйлеп тұрған кісі сөйлем қүраудыд бұл талаптарын да, оған керекті синтаксистік мүмкіншіліктерін де жақсы білуге тиіс.
Әдеби тілдің синтаксисін дүрыс бағдарлау үшін оны сөйлеу-тілінің оинтаксисімен салыстыруға болады.
Сөйлеу тілінің синтаксисі әрдайым жүйелі бола бермейді. Өйт-кені адамдар өз ара қарым-қатынас жасауда біріне-бірі әр алуан өмір әрекетінің жайын сөз қылады. Ондайда олар айтпақ пікірін алдын ала ойланып жазып алмай да сөйлей береді. Тіпті ойын ойланып, толғанып сөйлегенмен, оның сөйлем кұрауында тілдік нормалар сақтала бермеуі мүмкін. Әдетте сөйлеу тілінің синтаксисі қара-пайым, сөйлемдері кысқа-қысқа, көбнесе толымсыз болады.
Әдеби тіл халық тілінің ең жоғарғы формасы болатындықтан, студенттер стилистика пәнін әдеби тіл материалдары негізінде игеруге тиіс.
Әдеби тіл синтаксисінің стилистикаға да негізгі объекті бола-’ тын бір бүтін бөлшегі - сөйлем. Сөйлемдер әр алуан сөзден, сөз тіркестерінен құралып, түрлі-түрлі мағынада, экспрессивтік қыз-метте жұмсалады, олардың түрі көп, стильдік сыр-сипаты, кедір-бұдыр қыры көп. Сонымен қатар ол кісі ойының ғажайып жеміс бақшасы тәрізді. Сол бақшаның жемісінен “дәм татам” деген кісі сөйлемдердің стильдік қызметіне қанық болып, өзі оларды дұрыс жұмсай алатын болады.
Біздің басқаға хабарлайтын ойымыз жеке сөйлемдермен шек-телмей, ұласа айтылған көптеген сөйлемдер қатарымен тиянақта-лып тұрады. Сондықтан сөйлем тізбектері бір-бірімен өз ара дұрыс байланыста болуға тиіс. Бұл - стилистика ғылымының басты талабының бірі. Мына мысалды сол талапқа сай құралған сөйлем-дер тізбегі деуге болады.
Күн батып бара жатқан кезде, күйеулер отырган үйден үш-төрт жігіт шығып, қыз-келіншек отырған үйге қарай жүрді. Төрт жігіттің біреуі батсайымен тыстаған ақ елтірі тымағын көзіне таман киіп, насыбай атқан ернін томпитып шырт түкіріп қойып, қолындағы кішкене ақ домбырасын сыңқылдатып шертіп келе жатты
(С. Сейфуллин) .
Осындай, өз ара ішкі логикалық, әрі синтаксистік байланыстағы сөйлемдерде ой дәлдігі, сөзбен салынған сурет болса, оның эстетикалық әсерін бірден түсініп, тез сеземіз. Ал байланыстары айқын емес сөйлемдер қатары айтайын деген ойдың түсінігін ауырлатады, не мүлде түсініксіз етеді. Оның үстіне сөйлемдер қа-тары дұрыс тізіліп әрі мағыналық, әрі синтаксистік сымбаттылығын сақтамаса, айтылған ойда көрік болмайды, кейде бұлдыр, түсініксіз болады:
1. Оның әйелге тән тартымды рең-басына маңғаз келбеті жа-расып-ақ тұр. Бірақ оған қарамастан Ольга Всеволодина ағынан жарылып аңқылдап, біздің сұрақтарымызға барынша зейін қойып, зердемізге толық жеткізгенше түсіндіруге тырысып бәйек болып-ақ отыр (“Адам және химия”, 72-6. ) . Бұл мысалда әйелдің әсем келбетіне сүңғақ денесі жарасып тұр деу үшін толып жатқан артық сөз қолданылған. “Оған қарамастан” екі сөйлемді ұластырушы жалғаулық қызметіндегі сөздер. Бұл арада олардың екі сөйлемді байланыстыру қызметінде жұмсалуының реті жоқ. Әйел тартымды, әдемі еді, соған қарамастан бізбен жақсы сөйлесті дегенде, қандай логика бар? Әйел ауру еді, соған қарамастан бізбен жақсы сөйлесті десе, оның жөні бір басқа. Онда оның - “дені сау”, өз ара дұрыс байланысқан салалас құрмалас сөйлем болғандағысы.
2. Біз жоғарыда Орхон ескерткіштеріне жататын Тонькөкке ар-налған ескерткіштің тіліне біркелкі шолу жасадық. Осыған байла-нысты Тонькөк ескерткішін тек қазақ тілі материалы тұрғысынан қарауға болмайды. Мұндай ескерткіштер бүкіл түркі тілдеріне ор-тақ мұра. Бұл салада істелетін жұмыстар алда сан алуан (Қазак тілінің тарихы мен диалектологиясының мәселелері, 5-шығуы, 107-6. ) .
Осында төрт сөйлем бар. Оның біріншісі мен екіншісі арасында, үшінші мен төртінші сөйлем арасында ешқандай мағыналық байланыс жоқ, төртеуі төрт жаққа қарап тұр. Олардың басы зорлықпен бір жіппен байланып, қосақтала салынған сияқты. Оның үстіне текстегі жеке сөздер дұрыс қолданылмаған. Сондықтан автордың ойы дұрыс шықпаған. Оның айтайын дегені мынау:
Біз жоғарыда Орхон ескерткішінің бірі Тоньюкук ескерткіші тіліне біраз шолу жасадық. Соған қарағанда, ол ескерткіш тілінің мате-риалдары тек қазак, тіліне емес, бүкіл түркі тілдеріне ортақ мұра екендігі аңғарылады…
Ойы анық, қаламының ебі бар адамның сөзінен сөз туып, сөй-леміне сөйлем ілесіп, ондағы сөздер қатары дұрыс тізіліп, олар әрі мағыналық, әрі синтаксистік байланыста айтылады. Бұл - жазу, сөйлеу өнерінің басты шарты. Сол өнерге баулитын да - стилис-тика ғылымы. Сонымен қатар стилистика ғылымының ерекше көңіл бөлетін мәселесінің бірі - синтаксистік синонимдердің қол-данылуы.
Синтаксический разбор
- это разбор синтаксических единиц: словосочетаний и предложений.
Синтаксистік талдау - сөйлемді, оның мүшелерін, түрлерін, құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сейлемдерді анықтау.
По количеству грамматических основ предложения делятся на
простые
(одна грамматическая основа) и
сложные
(несколько грамматических основ) .
Сөйлемдер грамматикалық негіздер саны бойынша екі топқа бөлінеді:
жай
(бір грамматикалық негіз) және
құрмалас
(бірнеше грамматикалық негіздер) .
Например (мысалы) :
Мұғалім сыныпқа кірді.
(Жай сөйлем)
Мұғалім сыныпқа кірді, бірақ оқушылар тұрмады.
(Құрмалас сөйлем)
Простые предложения
по цели высказывания
делятся на 4 вида:
Жай сөйлемдер айтылу мақсатына қарай 4 топқа бөлінеді:
- хабарлы (повествовательные)
- лепті (восклицательные)
- сұраулы (вопросительные)
- бұйрықты (побудительные)
Например (мысалы) :
Далада жаңбыр жауады.
(хабарлы)
Қандай ғажап табиғат!
(лепті)
Мынау сенің қаламың ба?
(сұраулы)
Иван, сабаққа барсын!
(бұйрықты)
Простые предложения по строению делятся на 7 групп:
Жай сөйлемдер құрылысына қарай 7 топқа бөлінеді:
- жалаң(тек қана бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем) - предложение состоит только из подлежащего и сказуемого.
- жайылма(тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелерінен тұрады) - в предложении присутствуют второстепенные члены предложения.
- жақты(бастауышы бар, кейде айтылмай тұрса да, жақ арқылы табуға болатын сөйлем) - в предложении можно определить лицо, совершившее определенное действие.
- жақсыз(бастауышы жоқ және жақ арқылы табуға болмайтын сөйлемдер) - предложение является безличным.
- толымды(сөйлемде ойға қатысты айтысуға мүшелері түгел жай сөйлемнің түрі) - в предложении есть все 5 членов предложения.
- толымсыз(айтылуға тиісті тұрлаулы я тұрлаусыз мүшенің бірі түсіп қалған жай сөйлемнің түрі) - в предложении нет хотя бы одного члена предложения.
- атаулы(ойды білдірмей, тек соған байланысты заттың құбылыстың, мезгілдің, мекеннің аты аталып көрсетілетін жай сөйлемнің ерекше түрі) - назывное предложение. В предложении присутствует только подлежащее.
Например (мысалы) :
Жаңбыр жауады.
(жалаң)
Далада жаңбыр жауады.
(жайылма)
Ертең мен театрға барамын.
(жақты)
Осы сабақты оқу керек.
(жақсыз)
Кәлен бір ытқып сыртқа шықты.
(толымды)
Қазақстан Еуразия құрылығында орналасқан.
(толымсыз)
Алтын күз.
(атаулы)
Сложные предложения бывают 3 видов:
Құрмалас сөйлемдер 3 топқа бөлінеді:
- Салалас (Сложносочинённое предложение)
- Сабақтас (Сложноподчинённое предложение)
- Аралас (Сложная синтаксическая конструкция)
Пример синтаксического разбора простого предложения:
Пример синтаксического разбора сложного предложения:
да, де, та, те, және
Мұғалім сыныпқа кірді де, оқушылар тұрды.
бірақ, ал, дегенмен, әйтсе
Мұғалім сыныпқа кірді, бірақ оқушылар тұрмады.
не . . . не, немесе, әлде, біресе . . . біресе
Далада біресе жаңбыр жауады, біресе қар жауады.
не . . . не, я . . . я
Дүкенге я мен барамын, я сен барасың.
сондықтан, себебі, өйткені
Мұғалім сыныпқа кірді, сондықтан оқушылар тұрды.
сонша, мынау
Менің айтарым сонша, . . .
(-ған, -ген, -қан, -кен) + (-да, -де, -ша, -ше, -ғалы, -гелі)
Мұғалім сыныпқа кіргенде, оқушылар тұрды.
-са, -се
Мұғалім сыныпқа кірсе, оқушылар тұрады.
(-са, -се) + (-да, -де, -та, -те)
Мұғалім сыныпқа кірсе де, оқушылар тұрмады.
-у + үшін
Балаларды үйрету үшін, Алтынсарин мектептерді ашты. .
(-ған, -ген, -қан, -кен) + (-дықтан, -діктен)
Мұғалім сыныпқа кіргендіктен, оқушылар тұрды.
-ып, -іп, -п; -а, -е, -й
Мұғалім сыныпқа кіріп, оқушылар тұрды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz