Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1774-1860) бастаған көтеріліс



Кіріспе
1.Жанқожа батырбастаған Сыр бсйы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарына қарсы көтерілісі
2.Ресей отаршылдығына қарсы күресі
Қорытынды
Жанқожа Нұрмұхаммедұлының есімі Қазақ баласы үшін аса қадірлі де қастерлі есімдердің бірі. Әрі батыр, әрі би бабамыздың ерлік өмірі жайында әрісі орыс, берісі қазақ тарихшыларының ғылыми еңбектерінде соңғы бір ғасырдан аса мезгілде аз айтылып, жазылып жүрген жоқ. Сонау 18-ғасырдың соңғы жылдарында өткен қазақ-қарақалпақ қақтығыстары тұсында, бар-жоғы он жеті жасында Хиуаның белгілі батырын жекпе-жекте өлтірген Жанқожа содан кейінгі 70 жыл ғұмырында тұлпарынан түспей, азаттықтың киелі Ақ туын қолынан түсірмей, қартайған жасында да қас жауларымен қандыкөз көкжалдай алысып, алыстан тоят іздеген қыранша тұғырынан таймай фәниден өтті.Өзінің ұзақ өмірінде Қоқан, Хиуа, Ресей басқыншыларымен сан рет сұрапыл шайқастар өткізді. Жанқожа батыр сол ұрыстардың барлығына да қолбасшы, әрі басты ұйымдастырушы ретінде қатысып, теңдессіз ерлік, көзсіз батырлық көрсеткен болатын. Сонысымен, жанына ерген жауынгерлеріне үлгі болды, халқына қайрат, «елім» деген ерге ерік-жігер берді. Былтыр батырдың туылғанына 235 жыл толса, биыл батырдың дүниеден өткеніне 150 жыл болды.
Тарихшы М.Тынышбаевтың: «Жанқожа Үш жүздің ең атақты батыр-билерінің бірінен саналады. Ол қазақ тәуелсіздігі үшін күрескер ретінде орысты да, хиуалықтарды да, қоқандықтарды да, тіпті хандардың өзін де мойындаған жоқ» деген мінездемесі де жоғарыдағы пікірімізді айғақтай түседі.Жанқожаның шыққан тегі айтулы батырлар мен белгілі билердің әулеті. Арғы атасы Киікбай да, түп нағашысы Тама Есет тархан да, өз әкесі Нұрмұхаммед те сонау жоңғар шапқыншылығынан бастап, қазақ халқы басынан өткен небір сұрапыл шайқастарға қатысып, жұртымызға ерлігімен де, билігімен де еңбегі сіңген ерен тұлғалар.
Жанқожа батырдың аталары мен өзі және үзеңгілес, жорықтас кісілер жайындағы деректі құжаттар, айғақтар мен хаттар, басқа да мәліметтер Ресей мұрағаттарында көп ұшырасады.
Жанқожа батыр 1841 жылдың шамасында Кенесары ханмен тізе қосып, атақты Созақ қамалын Қоқандықтардың қолынан азат етуге тікелей атсалысты. Хан әскеріне он сегіз күн бойы алдырмаған бекіністі, Кенесарының соңғы үміті – Жанқожа бастаған Шекті батырлары атойлаған шабуылдарымен шеп бұзып алған дейді көнеден жеткен куәгерлердің айтуы. Бұдан кейін батыр мен ханның жолы екіге айрылды. «Кенесары – Қырғызға, Жанқожа – Ырғызға» дегендей, екеуінің де көздеген мақсаты бар-ды.
1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
2. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.
3.Ә.Оспанов «Жанқожа батыр» Алматы -1992 жыл, 104-б.

4. Шойынбаев Т.Ж. Воостание Сырдаринских казахов под руководством Жанкожы Нурмухаммедовы

5.Аничков И.В. Қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлы
Алматы, 1991 жыл.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1774-1860) бастаған көтеріліс.
Кіріспе
1.Жанқожа батырбастаған Сыр бсйы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарына қарсы көтерілісі
2.Ресей отаршылдығына қарсы күресі
Қорытынды

Кіріспе
Жанқожа Нұрмұхаммедұлының есімі Қазақ баласы үшін аса қадірлі де қастерлі есімдердің бірі. Әрі батыр, әрі би бабамыздың ерлік өмірі жайында әрісі орыс, берісі қазақ тарихшыларының ғылыми еңбектерінде соңғы бір ғасырдан аса мезгілде аз айтылып, жазылып жүрген жоқ. Сонау 18-ғасырдың соңғы жылдарында өткен қазақ-қарақалпақ қақтығыстары тұсында, бар-жоғы он жеті жасында Хиуаның белгілі батырын жекпе-жекте өлтірген Жанқожа содан кейінгі 70 жыл ғұмырында тұлпарынан түспей, азаттықтың киелі Ақ туын қолынан түсірмей, қартайған жасында да қас жауларымен қандыкөз көкжалдай алысып, алыстан тоят іздеген қыранша тұғырынан таймай фәниден өтті.Өзінің ұзақ өмірінде Қоқан, Хиуа, Ресей басқыншыларымен сан рет сұрапыл шайқастар өткізді. Жанқожа батыр сол ұрыстардың барлығына да қолбасшы, әрі басты ұйымдастырушы ретінде қатысып, теңдессіз ерлік, көзсіз батырлық көрсеткен болатын. Сонысымен, жанына ерген жауынгерлеріне үлгі болды, халқына қайрат, елім деген ерге ерік-жігер берді. Былтыр батырдың туылғанына 235 жыл толса, биыл батырдың дүниеден өткеніне 150 жыл болды.
Тарихшы М.Тынышбаевтың: Жанқожа Үш жүздің ең атақты батыр-билерінің бірінен саналады. Ол қазақ тәуелсіздігі үшін күрескер ретінде орысты да, хиуалықтарды да, қоқандықтарды да, тіпті хандардың өзін де мойындаған жоқ деген мінездемесі де жоғарыдағы пікірімізді айғақтай түседі.Жанқожаның шыққан тегі айтулы батырлар мен белгілі билердің әулеті. Арғы атасы Киікбай да, түп нағашысы Тама Есет тархан да, өз әкесі Нұрмұхаммед те сонау жоңғар шапқыншылығынан бастап, қазақ халқы басынан өткен небір сұрапыл шайқастарға қатысып, жұртымызға ерлігімен де, билігімен де еңбегі сіңген ерен тұлғалар.
Жанқожа батырдың аталары мен өзі және үзеңгілес, жорықтас кісілер жайындағы деректі құжаттар, айғақтар мен хаттар, басқа да мәліметтер Ресей мұрағаттарында көп ұшырасады.
Жанқожа батыр 1841 жылдың шамасында Кенесары ханмен тізе қосып, атақты Созақ қамалын Қоқандықтардың қолынан азат етуге тікелей атсалысты. Хан әскеріне он сегіз күн бойы алдырмаған бекіністі, Кенесарының соңғы үміті - Жанқожа бастаған Шекті батырлары атойлаған шабуылдарымен шеп бұзып алған дейді көнеден жеткен куәгерлердің айтуы. Бұдан кейін батыр мен ханның жолы екіге айрылды. Кенесары - Қырғызға, Жанқожа - Ырғызға дегендей, екеуінің де көздеген мақсаты бар-ды. Бұл жолы да батыр артында қалған панасыз Сыр халқының қамын ойлады, өйткені көне Жанкент жеріне қайта-қайта қамал салып, Қызылқұмдағы Дәуқараның үстінен дүрбі салып, Хиуа сарбаздары: өзбек, қарақалпақ, түрікпен жасауылдары тұрды. Жанқожа сол 1842, 1843, 1845 жылдары оларға үш дүркін тойтарыс беріп, қамалдарын қиратты, Әйімбет, Бабажан бастаған көптеген белгілі бек, батырларын өлтіріп, елдің мыңдаған малы мен қолды болған жесірлерін, мүліктерін қайтарып берді.
Жанқожа - жай, қатардағы қазақ батырларының бірі емес, алаш жұрты үшін жанын да жақынын да аямаған нағыз ер, бекзат мүсінді баһадүр болды. Ел аузынан жеткен аңыз бойынша батыр майдан үстінде шейіт кетуді армандап өткен. Алайда, бұған ағайын-туыстары жол бермегенге ұқсайды. Мәселен, алғашқыда Арықбалық маңындағы орыс әскерімен соғыста аты да, өзі де жараланып, ақырғы демі біткенше айқасып, ата жаудың қолынан өлмекші болған Жанқожаны Құлбарақ батыр сияқты етжақын туыс, қарулас достары ажал аузынан әрең алып шықса, кейіннен өлсем өз жерімде дұшпаныммен бір ұстасып өлейін деп Қызылқұмнан шығып елге беттеген сексен алты жастағы есіл ерді өздерімен өмір бойы көршілес, қоныстас әрі ағайын жұрты саналатын көрші рулардың қазанбұзар тентектері дегеніне жеткізбей, көш жолында, қапияда өлтірді. Сексен жастан асып, тоқсанды алқымдаса да Жанқожа сол баяғы қайсар мінезімен, бағзыдағы батыр пішінін де, тіпті намазын да бұзбастан хақ мұсылманша Жасаған иесінен иман тілеп қасқайып тұрып пәниден бақиға өтті.
Жанқожа батыр жайында 10-нан (12 мың жол) аса тарихи жыр-дастандар шығарылып, ел арасына кең тараған. Солардың арасында Мұсабай, Нұрмағамбет, Лұқпан, Жөкей, Қарман, Нұрсұлтан, Ізжан, Орнықбай сынды ақын-жыраулардың туындыларын ерекше атаймыз. Мәселен, Мұсабай жырау нұсқасын Қазалы бекінісінде қызмет атқарған орыс офицері И.В.Аничков оның өз аузынан жазып алып, жариялады. 1894 жылы осы зерттеушінің Қазақ батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлы атты тарихи очеркі жарық көргені мәлім. Жанқожа жайындағы тарихи жырды Н.Г.Веселовскийден бері қарай С.Сейфуллин, Т.Шонанұлы, С.Мұқанов, Ә.Қоңыратбаев, Б.Шалабаев, Н.Төреқұлов, С.Садырбаев, Ж.Тілепов, Б.Жүсіпов, т.б. ғалым-әдебиетшілер зерттеді. Бүгінде М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты Мәдени мұра бағдарламасы аясында жарық көріп жатқан Бабалар сөзі сериясына Жанқожа батыр жайында бір том дайындау үстінде.
Жанқожа 1774 жылы қазіргі Қазалы ауданындағы өзінің есімімен аталатын ауылдың шығысында жатқан Сарыкөл мен Қаракөлді қосатын Күркіреуік арнасы жағасында дүниеге келген. Ал 1860 жылы наурызда жалғыз үй отырған 86 жастағы батырды, он төрт жасар баласын патша сарайына кепілдікке беріп орыс армиясының полковнигі атағын алған Елекей (Ермұхаммед) Қасымов өз отрядымен қамап, Байқадам батырдың кенже ұлы он жеті жасар Ақсақалға аттырып өлтірген. Батыр Қызылқұмдағы өлтірілген жерінде жерленген.
Жанқожаның туған-өлген жылы, жері жайлы деректер ешқандай талас туғызбайды. Өйткені, ол жайлы 1992 жылы жарық көрген Жанқожа батыр атты тарихи романымның 1-кітабында мұрағаттық деректерді батырдың ХХ-ғ. басында өмір сүрген ұрпақтары айтып кеткен мәліметтермен салыстыра, жан-жақты зерттей отырып, жазған болатынмын.
Мұның қаншалықты дұрыс екендігін автордың осы жылы жарық көргелі отырған Наркескен тарихи-деректі трилогиясынан да (егер қаржы мәселесі шешілсе) айқын аңғаруға болар деп ойлаймын. Енді сол деректер мен басқа дамәліметтерді қысқаша айтып өтейін.
Батырдың туған ағасы Ақмырзаның немересі Бижан мен Жанқожаның 1936 жылы 83 жасында дүние салған кенже қызы Байсалды көрген, олармен Арал ауданының Ұялы ауылдық кеңесіне қарасты Биіктау ауылында көп жыл бірге тұрған Қабыл Сәрсенбайұлы мен Тойымбет Күлімбетұлының 1979 жылы наурыз айында менімен болған сұхбатында айтылған деректер бойынша, әкесі өлгенде Байсал 7 жаста болған. Олай болса, ол 1853 жылы туылған (1936-1983), оған 7-ні қоссақ, батырдың қайтыс болған жылын (1860) білеміз. Бірде, Жанқожаның әрі інісі, әрі баласы және батыр сарбаздарының бірі Жалмырза Ақмырзаұлы үлкен ұлы Бижанға: Жанқожа атаң орыстармен соғысатын кезде 82-83 жаста еді деген екен. Көтерілістің 1856 жылдың желтоқсанының басы мен 1857 жылы қаңтарының екінші жартысы аралығында болғаны мұрағат деректерінен белгілі. Көтеріліс кезінде сатқындық жасаған рубасыларына және Қазалы форт басшыларымен ауыз жаласып, орыстардың пайдасына тыңшылық еткен кейбір билер мен батырларға өкпелеп, Бұхара жеріндегі Ерлер шыңына көшіп кеткен батырдың үш жыл өткеннен кейін ғана ажал құшқан жеріне оралғанын ескерсек, онда оның 1860 жылы өлгені және 1774 жылы туылғаны (1860-1883-3) дау туғызбайды.
Қарасақал руынан шыққан, әрі Киікбай батырдың замандасы болған әйгілі Ақша батыр Итемгенұлының баласы Көлдейбек Ақмырзаның Зәуре деген қызына үйленген. Одан туылған және бес-алты жасында нағашысы Жанқожаны көрген Ерімбет ақын Шораяқтың Омарына жазған өлеңінде:
Жанқожа жау болады дегеннен соң,
Жанарал оқ жаудырды кәрі шалға-ақ.
Сол кезде сексен алты жасында екен,
Патша да гүжім қылды кемітпей-ақ... - дейді.
Ерімбет ақын бұл өлеңінде батырдың өлтірілетін кезде қанша жаста болғанын кейінгілерге ескерткені деген еді, Ерімбетті жас кезінде көрген, оның Шораяқтың Омарымен айтысын, сондай-ақ көптеген жыр-дастандарын жатқа білетін және оған жақын күйеу болып келетін Әлімбай қария, менімен елу жылдан астам уақыт бұрын болған бір сұхбаты кезінде.
Енді Жанқожаның жеке басын, түр-тұлғасы мен кескін-келбетін, мінез-құлқын суреттейтін деректерге үңілейік.
1. Райым, Қазалы форттарында қара жұмысқа жегіліп, 1847-1850 жылдары капитан А.И.Бутаковтың, ал 1860-шы жылдары Л.Бергтің шхуналарында ескекші болған, Жанқожаны көп жылдар бойы көріп-біліп жүрген Құттық Мусабай жыраудың мұрағаттарда сақталған әңгімелері мен өлеңдерінде: Жанқожаның түр-тұлғасы, мінез-құлқы бөлекше болған. Жас кезінен бастап-ақ мінезі ауыр, орынсыз сөйлемеген, балалармен де қосылып ойнамаған. Біреулер жанжалшығаруға қайымдасса, ол көзінің аласымен бір қарап, өз жөніне жүре береді екен. Жылдан-жылға бой-тұлғасы ерекшеленіп, айрықша көзге түсе бастаған деген деректер бар (ҚР ҒА Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорында).
Ресейдің отарлық езгісіне қарсы 1856-1857 жылдардағы көтерілісі кезінде батырдың мыңбасы болған Сырлыбай Шабақұлының шөбересі, Орақ Жанұзақұлының 1930 жылы қойған: Жанқожа атамыз қандай адам болған? деген сұрағына, Ұялы ауылдық кеңесіне қарасты Биіктау елді мекенінде өмір сүрген Бижан Жалмырзаұлы: Жанқожа өте сұсты, көздері жалын атып тұратын, қабағы қалың, назарын сәл төмен салса қою, бұйра қастары жанарларын жартылай жауып кететін адам болған. Ашу қысқанда екі көзі қанталап, үнемі білегіне іліп жүретін айбалтасын шыр айналдырып, ысқырады екен. Бірақ, соншалықты айбатты батырдың бойы ұзын болмаған. Орта бойлыдан сәл-пәл ғана жоғары, екі иығына екі адам еркін сыятындай қақпақ жауырынды, кең кеуделі, жуан мойын, мұрыны үлкен, төртпақ адам болған деген жауап қайтарған екен.
Қазақтың М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер ғылыми-зерттеу институты қолжазба қорындағы ХІХ-ғ. соңы мен ХХ-ғ. бас кезінде Жанқожа жайлы халық ақындары жазған сегіз жырдың бірінде:
...Кең кеуде, бөрі қабақ, жолбарыс бет,
Жаурыны еніменен теңдес келген...
Жұмырлау жолбарыстың жотасындай.
Шығыңқы құлақ жағы, жуан мұрын,
Айбатты жан көрінер арыстандай!
Алдынан не келсе де қайтпайтұғын,
Шұбар көз айға шапқан қабыландай!
Қабағы төмен түскен, ұзын мұртты,
Жауатын күннің қара бұлтындай... - дейді.
шұбар көз деп қабыланның көзін айтып отыр.
1893 жылы Қазан қаласынан Сыр, Арал өңіріне арнайы келіп, батырдың көтерілісі мен өміріне қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізген И.Аничков Киргизский герой (батыр) Джанходжа Нурмухаммедов атты еңбегінде (235-б.) оның түр-тұлғасы мен мінезі жөнінде: Что касается наружности батыра, то по рассказам видевших его и знавших, он не был как Исет Кутебаров большого роста и внушительной наружности, напротив имел небольшой рост и не отличался видною наружностью; никогда не раставался со своим оружием: кинжалом, шашкой и айбалтой, которые всегде лежали около него, даже когда сидел или лежал в кибитке; он, говорят, всегда строгал какую нибудь палочку, как будто так же строгает своих врагов; был он молчалив и неразговорчив дейді.
Жанқожа жігіт ағасы болған шағынан бастап, ұзын сақалын қыздың бұрымындай етіп өріп қоятын болған. Бұл батырдың ат үстінде және ұрыс кезінде желдің екпінімен кедергі болмасын деген ұқыптылығынан туғандай.
Батырдың сақалы жөнінде, оның ұлы, Итжеместі 1893 жылы Қарақұмдағы үйінде көрген И.Аничков, жоғарыдағы еңбегінде (220-б.): Сын батыра, еще находящийся в-живых, тоже называемый батырем, Итчемись, 80-ти летний старик, кочует на местности Акирек и в Каракумах, не имеет большого состояния, но пользуется большим почетом среди всех киргиз, у него есть потомство от нескольких жен; в памятьсвоего отца заплетает в косичку свою седую бородудеп жазған.

Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1774, қазіргі Қызылорда облысы,Қазалы ауданы, Арықбұлақ ауылы - 1860, Қызылқұм) - батыр. Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресей отаршылдарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы. 19 ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығы Жаңадария, Қуандария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңізіне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малдарын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап кетіп тұрды.
Осындай зорлық - зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасты. Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді.
Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды. Бұл кездерде Жанқожа ауылы Қарақұмда жайлап; Ырғызды қыстаған.

1.Жанқожа батыр бастаған Сыр бойы қазақтарының Хиуа,Қоқан хандықтарына қарсы күресі

Жанқожа Нұрмұхамедұлы - қазақ батыры. Сыр бойы қазақтарының Хиуа, Қоқан хандықтарының езгісіне және Ресейотаршылдарына қарсы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы.
19-ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанған қазақтарға өз үстемдігін жүргізе бастаған Хиуа, Қоқан хандықтары 1830-1840 жылдары жергілікті халыққа өктемдігін одан әрі күшейтті. Хиуа хандығыЖаңадария, Қуандария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорған, Арал теңізіне дейінгі аралықтағы Сыр бойындағы қазақтарға шапқыншылықтар жасап, малдарын барымталап, әйел, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Қоқандықтар шекара бекітіп, әкімшілік құрып, 1817 жылдан бастап салына бастаған бекіністерінен әркез жасақтар шығарып, бейбіт елді шауып, алым-салық жинап кетіп тұрды.[[1]]
Осындай зорлық - зомбылықтан жапа шеккен қазақтар, жастайынан әділдігімен, батырлығымен елге танымал болған Жанқожаның төңірегіне топтасты. Жанқожа 17 жасында Кіші жүз құрамындағы Әлімұлы тайпасының жергілікті рулары сайлап алған Қылышбай ханның Хиуа бекінісіне жасаған жорығы кезінде жасаққа елеусіз еріп барып, ешкімге дес бермей тұрған қарақалпақ батыры Тықыны жекпе-жекте өлтіреді.
Осы жорықта әділетсіздігі үшін Қылышбай ханның өзіне де қол жұмсайды. Бұл кездерде Жанқожа ауылы Қарақұмды жайлап; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс
Жанқожа бастаған Сырдария қазақтарының көтерілісІ
Нұрмұхамедұлы Жанқожа
Патша өкіметінің езгісіне қарсы күрес
Жанқожа Нұрмұхаммедұлы бастаған көтеріліс
ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ
Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
XVIII ғ. аяғы мен XIX ғ. басындағы ұлт-азаттық көтеріліс
Ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Жанқожа Нұрмұхаммедұлы туралы
Патша үкіметіне қарсы Сыр бойындағы ұлт-азаттық көтерілістер тарихы
Пәндер