Ағылшын буржуазиялық революциясы туралы



Феодалдық жүйенің ірі халықаралық орталығы
Елдің тұрғындар саны
Ағылшын парламенті
Феодалдық құқықтың жойылуы
Әлемдік тарихтың жаңа уақыты
Феодалдық жүйенің ірі халықаралық орталығы римдік католик шіркеуі болған еді. Ішкі қайшылықтар мен соғыстарға қарамастан, ол бүкіл Батыс Европаның саяси жағынан біртұтас етіп біріктіріп отырды. Шіркеу феодалдық құрылысты құдайдың тәртібі деп қасиеттеп қорғаштады. Өйткені, шіркеу барлық католиктік елдерде ірі феодалдар қатарына жатты. Оның қоғамдағы ролі де күшті болды. Ғылым мен білім, мәдениет пен салт - дәстүр діни идеология аясындағы рух қоршауында еді. Сондықтан XVI XVII ғасырлардағы буржуазиялық революциялар діни бүлік сипатында болды.
Абсолютизмге және шіркеуге қарсы ұрандарды Батыс Европада университеттер мен саудагерлер-кәсіпкерлер көтерді. Буржуазия барлық жерде қолөнершілер мен жұмысшыларды күреске бастады.
Қандай да болсын буржуазиялық революцияның табысты болуы сол кездегі халықтың басым көпшілігі - шаруалардың қатысуына байланысты.
Шаруалар не үшін және неге қарсы күресті? Олардың күресі діни, саяси емес, әлеуметтік сипат алып, жер үшін жүргізілді. Шаруалар басыбайлықтың қандай да болсын түріне қарсы көтерілді, олар жер иелену құқығы үшін күресті. Күрес барысында шаруалар мырзалар зорлықпен тартып алған қоғамдық жерлерді: шабындық пен жайылымдарды, ормандар мен т.б. жерлерді қайтарып алуға тырысты. Түптеп келгенде шаруалар буржуазиялық революция арқылы дворяндар мен дін басыларының сословиелік өктемдігін жоюға ұмтылды. Яғни, негізгі мәселе азаматтық теңдік орнату еді.
Шаруалар феодалдардың көсемдігін жоққа шығарып, «Адам Ата жер жыртып, Хауа Ана да жіп иіргенде дворяндар осы қайда болып еді?» - деп, Англиядағы Уот Тайлер көтерілісіне қатысқан бір күрескердің сөзін қайталап айтатын.
Буржуазия сол қала тұрғындары мен шаруалар көтерілістеріне басшылық жасай алды. Ол мұндай көсемдікке қалай ие болды?
Мәселе мынада еді. Буржуазиялық революциялар дәуірінде феодалдар мен буржуазия қарама-қайшылықтарымен қатар ол кездегі қоғамда қанаушы мен қаналушылар, бай арамтамақтар мен кедей еңбеккерлер арасындағы шиеленіс ерекше көзге түсетін еді. Буржуазия езілген көпшіліктің бейшаралығы мен бақытсыздығының есебін феодал арамтамақтардан көру керектігін оңай үйрете білді. Осы жағдай буржуазияға бір таптың емес, бүкіл зардап шегушілердің атынан өкілеттік жүргізуге мүмкіндік берді. Буржуазияның өзінің нағыз қанаушы тап екенін еңбекшңлер әлі сезе қоймады.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Ағылшын буржуазиялық революциясы

Орындаған: Өнерхан А.
050116 - география
301 - топ
Тексерген:
Бисембаева Л.А.

Алматы 2009
Ағылшын буржуазиялық революциясы
Феодалдық жүйенің ірі халықаралық орталығы римдік католик
шіркеуі болған еді. Ішкі қайшылықтар мен соғыстарға қарамастан, ол бүкіл
Батыс Европаның саяси жағынан біртұтас етіп біріктіріп отырды. Шіркеу
феодалдық құрылысты құдайдың тәртібі деп қасиеттеп қорғаштады. Өйткені,
шіркеу барлық католиктік елдерде ірі феодалдар қатарына жатты. Оның
қоғамдағы ролі де күшті болды. Ғылым мен білім, мәдениет пен салт - дәстүр
діни идеология аясындағы рух қоршауында еді. Сондықтан XVI-XVII
ғасырлардағы буржуазиялық революциялар діни бүлік сипатында болды.
Абсолютизмге және шіркеуге қарсы ұрандарды Батыс Европада
университеттер мен саудагерлер-кәсіпкерлер көтерді. Буржуазия барлық жерде
қолөнершілер мен жұмысшыларды күреске бастады.
Қандай да болсын буржуазиялық революцияның табысты болуы сол кездегі
халықтың басым көпшілігі - шаруалардың қатысуына байланысты.
Шаруалар не үшін және неге қарсы күресті? Олардың күресі діни, саяси
емес, әлеуметтік сипат алып, жер үшін жүргізілді. Шаруалар басыбайлықтың
қандай да болсын түріне қарсы көтерілді, олар жер иелену құқығы үшін
күресті. Күрес барысында шаруалар мырзалар зорлықпен тартып алған қоғамдық
жерлерді: шабындық пен жайылымдарды, ормандар мен т.б. жерлерді қайтарып
алуға тырысты. Түптеп келгенде шаруалар буржуазиялық революция арқылы
дворяндар мен дін басыларының сословиелік өктемдігін жоюға ұмтылды. Яғни,
негізгі мәселе азаматтық теңдік орнату еді.
Шаруалар феодалдардың көсемдігін жоққа шығарып, Адам Ата жер жыртып,
Хауа Ана да жіп иіргенде дворяндар осы қайда болып еді? - деп, Англиядағы
Уот Тайлер көтерілісіне қатысқан бір күрескердің сөзін қайталап айтатын.
Буржуазия сол қала тұрғындары мен шаруалар көтерілістеріне басшылық
жасай алды. Ол мұндай көсемдікке қалай ие болды?
Мәселе мынада еді. Буржуазиялық революциялар дәуірінде феодалдар мен
буржуазия қарама-қайшылықтарымен қатар ол кездегі қоғамда қанаушы мен
қаналушылар, бай арамтамақтар мен кедей еңбеккерлер арасындағы шиеленіс
ерекше көзге түсетін еді. Буржуазия езілген көпшіліктің бейшаралығы мен
бақытсыздығының есебін феодал арамтамақтардан көру керектігін оңай үйрете
білді. Осы жағдай буржуазияға бір таптың емес, бүкіл зардап шегушілердің
атынан өкілеттік жүргізуге мүмкіндік берді. Буржуазияның өзінің нағыз
қанаушы тап екенін еңбекшңлер әлі сезе қоймады.
XVII ғасырдың алғашқы онжылдықтарында англия халқы, оның билеуші
топтары біршама өзгерістерді басынан кешірді. Байлық біртіндеп текті
дворяндардан көпестерге және жаңа іскер адамдар қолына көше бастаған еді,
бірақ иелік әлі де болса сол тектілердің қолында қала берді. Ақшаны
бұрынғыдай сән-салтанатқа шашу, әйтпесе қолда жинап отыру пайдасыз болды.
Одан пайда ойы ауқатты адамдарды мануфактуралар ұйымдастыру, сауда
қоғамдастықтарын құру отарлық құйтырқыларды қолдау, т.б. үшін ақшаны
көбейту жолдарын іздестіруге итермеледі.
Елдің тұрғындар саны 5 млн. адамға дейін өсті. Олардың көпшілігі
бұрынғыдай шаруа еңбегімен айналысты. Фермер-йомендер өздерінің азын аулақ
жеке меншігінде немесе жалға алған жерлерін өңдеумен айналысты. Сонымен
қатар шаруалардың жерді жалға алушы табы- копигольдерлермен қатар жерсіз
адамдар саны да өсе түсті. Бұлар жұмысты үйге алып істейтін: мысалы, иіру,
тоқу не болмаса қолөнер кәсіптерімен айналысты. Жалпы сол кездегі Англияның
өнеркәсіптік өндірісі үйде істейтін кәсіпшілікке негізделген-ді. Бұл жағдай
ісіресе ұлттық өндіріс - шұға өнеркәсібінде бытыраңқы мануфактура түрінде
кең қолданылып, қала шекарасынан шығып, қоршап алу барысында кедейленген
шаруаларды жалдамалы жұмысшылардың қатарына қосқан болатын.
Қолөнершілер мен қала тұрғындары санының өсуі нанға, етке, жүнге т.б.
ауыл шаруашылық өнімдеріне деген сұранысты ұлғайтты. Осыған байланысты
текті дворяндар өздерінің иеліктерін капиталистік шаруашылыққа қарай
бейімдей бастады, осыдан келіп жаңа дворяндар жігі пайда болды (аты дворян,
заты буржуа).
Осы болып жатқан өзгерістерден король өкіметі көп артта қалып қойды, ол
бұрынғыша ескі феодалдық тәртіпті жақтады. Жаңа ағылшын шіркеуінің
рәсімдерін бүкіл елге міндет ету арқылы король дінді де өзіне бағындырып
алды.
Стюардттар әулетінен шыққан корольдер I Яков ( 1603-1625), I Карл (1625-
1649) абсолюттік саясат ұстанды. Ағылшын парламенті, оның ішінде қауымдар
палатасы барлық жаңа буржуазиялық күштер оппозицияларының орталығы іспетті
еді. I Карл билігі тұсында - 1629-1640 жылдар аралығында елді он бір жыл
парламентсіз басқару абсолютизмнің озбырлығы мен өктемдігінің кезеңі болды.
Өзгеше ойлаушылыр діни және саяси қуғынға ұшырады, онсыз да экономикалық
дағдарыста тұрған халықтың шымбайына батқан жаңа салықтар мен салымдар,
қалалық бүліктер мен шаруалар қозғалыстары отызыншы жылдар аяғына қарай
Англияда революциялық ахуал қалыптастырылды.
Жоғарғылардың дағдарысы анық байқалды. Ағылшындар тәртібінен зығыр
болған протестанттық Шотландия өз корольіне соғыс жариялады. Ал корольдің
соғыс жүргізуге қаржысы болмады, парламент бекітпеген салықтарды ағылшындар
төлегілері келмеді. Содан келіп бүкіл елде үкіметке қарсы бұқаралық бас
көтерілулер етек алды.
1641 жылы күзінде салықтарға деген наразылықтардан және өзге де
қоғамдық тұрақсыздықтардан туындаған қозғалыс бүрк ете түсті. Революция
қарқыны ала бастады. 1642 жылы қаңтарда I Карл Ұлы ремонстрация талаптарын
қолдаған бес парламент жетекшісін тұтқындауға әрекеттенді, бірақ халық
оларды Лондондағы Сити орталығына жасырып қалды. Қала көшелерін қайтадан
қарулы топтар толтырады. Корольдің өзі бастаған әскерлердің 400 жасағы
парламентке баса кіріп бүлікшілерді ұстап беруді талап етеді. Бірақ
депутаттар оған келіспеді.
1640 жылы елде қалыптасқан жағдай I Карлді парламент жиналысын шақыруға
мәжбүр етті.
Ағылшын парламенті екі палатадан тұрды. Біреуі - қауымдар палатасы,
оның мүшелері дворяндар мен қалалықтардан сайланды, екіншісі - лордттар
палатасы, оның мүшелерін корольдің өзі ақсүйектер санатынан тағайындайды.
Қауымдар палатасының мүшелері ұсақ, орта дәрежелі помощиктер мен көпестер
болатын. Осы палатада жаңа дворяндар мен буржуазияның одағы қалыптасты.
Халық толқуларының қызу шағында парламент корольді барлық заңсыз
салықтарды жоюға, түрмелерден өкіметке қарсы шыққан саяси тұтқындарды
босатуға мәжбүр етті. Сонымен қатар корольдің бірінші министрі тұтқындалып,
кейіннен өлім жазасына кесілді. I Карл парламентті оның келісмінсіз
таратпауға келісім берді. Сөйтіп абсолютизммен күрестің орталығына айналған
парламент 1640-1653 жылға дейін жұмыс жасап, Ұзақ парламент деген атқа ие
болды. Парламент Ұлы ремонстрация (Ұлы қарсылық) деген атпен буржуазиялық
жаңартулар бағдарламасын ұсынды, бірақ король оған қол қойған жоқ.
1642 жылдың басында I Карл (ол тәкаппар да зұлым адам болған) елдің
ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрін бұзып, қарулы жасағымен қауымдар
палатасына келіп, олардың көсемдерін (Пимді,Гемпденді т.б.) тұтқындамақшы
болады, бірақ ол жерден іздегендерін таппай, осыдан кейін бүлікшіл астананы
тастап ескі феодалдық ақсүйектердің қолдауымен солтүстікке кетеді де, сол
жерден парламентке соғыс жариялайды. Ыңғайсыз жағдайға қалғанын ойлаған
король 1642 жылы 10 қаңтарда келіп, тамызда парламентке қарсы азамат
соғысын жариялайды. Революцияны жақтаушылар дұшпандары болды. I Карл
төменгі палатаға келіп оппозиция басшыларын оның қолына беруді талап етеді,
бірақ олар үлкен қарсылық көрсетеді. 1641жылдың ортасынан бастап Ұзақ
парламент билікті өз қолына алады, ол қазына мен әскери істерді өзі
атқарады. Корольдік әскерді ыдыратуын жариялап, парламент әскерін құрады.
Осы әскери күштерде бірнеше беделді генералдар пайда болды, оның бірі
Оливер Кромвель.
Оливер Кромвель ( 1599 - 1658) орташа ауқаты бар жаңа дворяндардан
шыққан, қажыр қайраты мен ерік жігері мол, ақылы мен ұйымдастырушылық
қабілеті тең және қолбасшылық шеберлігімен ерекшеленген адам болды. 1642
жылғы Эджихилл шайқасында ол резервтегі кавалериясымен бүкіл парламент
армиясын талқандаудан құтқарып қалған болатын. 1643 жылы өзі шыққан
Кембридж графтығында йомендер мен сквайрлерден түгелдей сауыт кигендіктен
теміржондылар деп атаған шағын жасақ құрды. Бұл жекеменшік шаруалар мен
пуритандардан тұратын кавалерия соғысқа, өлімге басын байлап иманын айтып
аттанатын еді. Офицерлерді таңдағанда Оливер Кромвелл әдетте: Дворяндығына
ғана масаттанатын құр кеуде сыпайыдан гөрі қарадан шыққан, бірақ не үшін
және қалай соғысу керек екенін білетін әскери капитанды артық деп санаймын
‒ деп айтатын еді.
Қолдарындағы биліктен айырғылары келмеген абсолитизм, меншік иесі
феодалдар, ағылшын шіркеуі буржуазиялық қайта құруларға қарсы болды. Ескі
консервативтік күштер, оның ішінде үстем тап өз билігінен ешқашанда
күрессіз бас тартқан емес.
1642 жылдың жазында азамат соғысы, яғни қоғамдағы бір-бірімен жауласқан
таптар арасындағы қарулы күрес басталды. Бүкіл Англияның I Карлдің
жақтастары не қарсылатары болып екіге бөлінді. Әскери жағына келгенде,
соғыс ісіне маманданған корольдің қарулы күштері соғысқа біршама жақсы
дайындалған болатын. Парламенттің көп санды жалданбалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын буржуазиялық революциясы туралы
XVII ғ Ағылшын буржуазиялық революция
Синьхай революциясы
Европа көлеміндегі буржуазиялық революция
Синьхай революциясы және оның Қытай тарихындағы орны
Түркиядағы ХХ ғ. басындағы революциялық қозғалыс
Буржуазиялық революцияның басталуы
Ағылшын революциясының тарихи маңызы
Ағылшын буржуазиялық революциясы
Ірі буржуазия өкімет басында
Пәндер