Орыс халхының киімінің негізгі қалпын жоғалтпай, Калина красная киімінің конструкциясы негізінде киімдердің дизайынын жасау



КІРІСПЕ

1 «КАЛИНА КРАСНАЯ» КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Калина красная сән үлгілеріндегі ерекшеліктері
1.2 Фольклор стиліндегі сән үлгілерінің қызметі
1.3 Костюм композициясының түсі, декоры жәнефактурасы
1.4 «Калина»сән үлгілерінің көркем бейнесін әзірлеу
1.5 «Калина красная» сән үлгілерінің техникалық эскизі, сырт түрінің сипаттамасы

2 «КАЛИНА КРАСНАЯ» СӘН ҮЛГІЛЕРІНІҢ КОНСТРУКЦИЯЛАУ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Конструкциялау әдістемесін таңдап негіздеу
2.2 «Калина красная» сән үлгілерінің сызбасын құрастыру үшін бастапқы мәліметтерді, қосымшаларды таңдап негіздеу
2.3 «Калина красная» сән үлгілерінің сызбасын құрастыру

3 «КАЛИНА КРАСНАЯ»СӘН ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТІГУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
3.1«Калина красная» сән үлгілеріне өңдеу әдістерін және құрал.жабдықтарды таңдау
3.2 «Калина красная» сән үлгілерінің түйіндік өңдеулері
3.3 «Калина красная» сән үлгілерінің дайындаудың технологиялық бірізділігін әзірлеу
3.4 «Калина красная» сәнүлгілеріне кеткен материал шығынын мөлшерлеу

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМША
Зерттеудің көкейтестілігі.ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауында-Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.
Қазіргі Қазақстан – Ресей қатынастары ғасырлар бойы Еуразия кеңістігінде өмір сүріп, тарих тоғыстырған қазақ және орыс халықтарының ежелгі қатынастарынан бастау алады. Екі халықты ортақ тарих, жеті мың шақырымға созылған әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара мен көршілес орналасқан кең аумақ біріктіреді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ дәстүрлі шаруашылық байланыстарды сақтау мен ТМД елдерімен интеграциялану Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатының негізгі бағыты болды. Осы бағытта терістіктегі байырғы көршіміз – Ресей Федерациясымен көпсалалы, өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамытуға басты басымдық берілді. Сөйтіп, 1992 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынастар орнады. Сол жылы Қазақстанның Ресейдегі, Ресейдің Қазақстандағы елшілік қызметтері ашылды.
Президент Н. Назарбаев: «Екіжақты байланыс саласында Қазақстан алдындағы басым бағыт – Ресей Федерациясымен қарым-қатынасаты дамыту. Бұл әлем қауымдастығы алдындағы Ресей Федерациясының саяси-экономикалық рөлімен және ұзаққа созылған ортақ шекарамен шартталады. Ресей – республикамыздың ең ірі сауда серігі. Көптеген халықаралық мәселелер бойынша біздің ұстанымымыз ортақ. Оның үстіне, екі ел азаматтары арасындағы достық, туыстық қатынастар. Бұл Ресейді Қазақстанның табиғи әрі заңды одақтасы етеді», деп атап өткеніндей, бүгінде Қазақстан мен Ресей – стратегиялық әріптестер. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың маңызды буыны сауда-экономикалық байланыстар болып табылады.
Ресей мәдениеті — адамзат баласына баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Ресей мәдениеті — өзіндік ерекшеліктері бар қайталанбайтын мәдениет, ендеше оның әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлесіне де баға жетпейді.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
Ф-ОБ-001033
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 кАЛИНА красная КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Калина красная сән үлгілеріндегі ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... 6
1.2 Фольклор стиліндегі сән үлгілерінің қызметі ... ... ... ... ... ... ... ..15
1.3 Костюм композициясының түсі, декоры жәнефактурасы ... ... ... ... ..18
1.4 Калинасән үлгілерінің көркем бейнесін әзірлеу ... ... ... ... ... ... ... .23
1.5 Калина красная сән үлгілерінің техникалық эскизі, сырт түрінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

2 КАЛИНА красная сән үлгілерінің конструкциялау негіздері
2.1 Конструкциялау әдістемесін таңдап негіздеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
2.2 Калина красная сән үлгілерінің сызбасын құрастыру үшін бастапқы мәліметтерді, қосымшаларды таңдап негіздеу ... ... ... ... ... ..30
2.3 Калина красная сән үлгілерінің сызбасын құрастыру ... ... ... ... ...35

3 Калина краснаясән үлгілерінің ТІГУ тЕХНОЛОГИЯСЫ
3.1Калина красная сән үлгілеріне өңдеу әдістерін және құрал-жабдықтарды таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
3.2 Калина красная сән үлгілерінің түйіндік өңдеулері ... ... ... ... ... 44
3.3 Калина красная сән үлгілерінің дайындаудың технологиялық бірізділігін әзірлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .45
3.4 Калина красная сәнүлгілеріне кеткен материал шығынын мөлшерлеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейтестілігі.ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Нұрлы жол-болашаққа бастар жол Жолдауында-Біз Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол Қазақстан-2050 Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.
Қазіргі Қазақстан - Ресей қатынастары ғасырлар бойы Еуразия кеңістігінде өмір сүріп, тарих тоғыстырған қазақ және орыс халықтарының ежелгі қатынастарынан бастау алады. Екі халықты ортақ тарих, жеті мың шақырымға созылған әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара мен көршілес орналасқан кең аумақ біріктіреді.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ дәстүрлі шаруашылық байланыстарды сақтау мен ТМД елдерімен интеграциялану Қазақстанның сыртқы экономикалық саясатының негізгі бағыты болды. Осы бағытта терістіктегі байырғы көршіміз - Ресей Федерациясымен көпсалалы, өзара тиімді экономикалық ынтымақтастықты дамытуға басты басымдық берілді. Сөйтіп, 1992 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынастар орнады. Сол жылы Қазақстанның Ресейдегі, Ресейдің Қазақстандағы елшілік қызметтері ашылды.
Президент Н. Назарбаев: Екіжақты байланыс саласында Қазақстан алдындағы басым бағыт - Ресей Федерациясымен қарым-қатынасаты дамыту. Бұл әлем қауымдастығы алдындағы Ресей Федерациясының саяси-экономикалық рөлімен және ұзаққа созылған ортақ шекарамен шартталады. Ресей - республикамыздың ең ірі сауда серігі. Көптеген халықаралық мәселелер бойынша біздің ұстанымымыз ортақ. Оның үстіне, екі ел азаматтары арасындағы достық, туыстық қатынастар. Бұл Ресейді Қазақстанның табиғи әрі заңды одақтасы етеді, деп атап өткеніндей, бүгінде Қазақстан мен Ресей - стратегиялық әріптестер. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың маңызды буыны сауда-экономикалық байланыстар болып табылады.
Ресей мәдениеті -- адамзат баласына баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Ресей мәдениеті -- өзіндік ерекшеліктері бар қайталанбайтын мәдениет, ендеше оның әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлесіне де баға жетпейді. Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері негізінен төмендегі факторларға тығыз байланысты болды. Олар: көптеген этникалық топтар мен халықтар мекендеген орасан зор территорияны игеру; христиан дінінің ерекше тармағы -- православиені руханилылықпен дәстүрлі салт-дәстүрлерге негіздей отырып орнықтыру; уақытша болса да ұзақ уақытқа созылған батыс-еуропалық өркениеттік процестерінен оқшау дамуға байланысты туған тұйықтыққа бұдан әрі жол бермеу; жеке адамдардың мүддесін мемлекет мүддесіне бағындыру.Осы айтылған ойларымыз дәлелді болу үшін, орыс мәдениетінің қалыптасу кезеңдерін толығырақ қарастырып көрелік. Ақиқатына келсек, көп ғасырлық тарихы бар Ресей мәдениетінің жалпы көрінісі бұрынғыдан да айқындалып келе жатқан сияқты. Ұлттық топырақта пайда болып, өзіндік бет- бейнесімен ерекшеленсе де, мәдени өркендеудің жалпы арнасына келіп құйылатын Ресей мәдениеті, оның ішінде ұлттық бұлақтан нәр алған ежелгі Русь мәдениеті, византиялық көркем жүйемен және тағы да басқа мәдениеттермен тығыз алмасып жатады. Атап айтқанда, Ресей мәдениеті Византиямен қатар, көршілес жатқан Болгария, Сербия, Армения, Грузия сияқты елдердің мәдениетімен үндестік тапты Елбасы қазақстандық білім мен ғылым жастардың қолында екендігін және интеллектуалды ұлтты қалыптастыру туралы үнемі айтып келеді. Өйткені, әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына ену тек білім мен ғылымға негізделу керек. Бұл - заман талабы. Демек, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуы инновациялық жүйе мен адами капиталға байланысты екені тағы да бір дәлелденді. Осындай талаптар тұрғысынан алғанда, стратегиялық маңызды құжат республика жұртшылығына, оның ішінде, білім мен ғылым салаларындағы педагогтар қауымына айрықша серпін беріп, алдағы күндерге жігерлендіре түскені ақиқат [2].
Еліміздің тәуелсіздік даңғылындағы дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі ұлтық киімдерінің мән-мағынасын айқындаудың өзектілігі қазіргі өркениет мәдениетінде туындап жатқан объективті-әлеуметтік және субъективті-психологиялық қайшылықтар жағдайынан көрініс табады. Бұл мәселелердің барлығы да қазақ халқының бүгінгі рухани ахуалын жан-жақты, әр қилы қысымға ұшырап отырғанын да дәлелдейді, ол қазіргі мемлекет тарапынан атқарылып жатқан істерде, яғни рухани дербестікті қалпына келтіру, нығайту, дамыту секілді үлкен мәселе болып отыр. Өркениет жағдайынан туындайтын қайшылықтар, соның ішінде киім үлгілеу өнерінің сапалы белгілеріне ұлттың сана сезімін бүлдіретін бөтен үлгілерді талғамсыз, шатастырып пайдаланудан басталады деуге болады.
Әлемдегі әр түрлі елдердің дәстүрлі халықтық костюм үлгілері қазір де сән жасаушылар үшін шығармашылық жаңалықтардың негізгі бастауы болып отыр және де қандай жағдайда болмасын арналып тігілген киімдердің бәрінен де өзінің нақты көрінісін табуда.Бір сәт тарихқа көз салсақ, әрбір дәуірдің және әрбір халықтың өзіндік көркем стилі қалыптасқан. Белгілі бір стильдің өзінде киімнің жеке бөліктерінде өзгерістер болады және бұл киім тарихында сән ағымы деп аталады. Сән ағымына байланысты киім жаңарып, жетіліп отырады.
Калина киімді қайта жаңғырту мақсатында Орыс халқының ұлттық киімін ала отырып, киімді қайта жаңғырту мақсатында Калина киімінің дизайнын жақсарту қажеттілігі мен қазіргі кездегі бишілер киімінің сапа жағынан әлсіз болуы арасындағы қайшылықты негізге ала отырып дипломдық жобамыздың тақырыбын Калина красная атты фольклорлық стильде биші киім үлгісінің жиынтығын жобалау деп таңдауымызға негіз болды
Диплом жобасының мақсаты:
Орыс халхының киімінің негізгі қалпын жоғалтпай, Калина красная киімініңконструкциясы негізінде киімдердіңдизайынын жасау және оның жасалу технологиясын көрсету.
Диплом жобасының міндетері:
1) Костюм жасау композициясының негіздерін анықтау.
2) Калина красная сән үлгілерінің конструкциялау негіздерін анықтау.
3) Калинакрасная сән үлгілерін тігу технологиясын әзірлеу және көрсету.
Зерттеудің нысаны:
Калина красная биші қыздардың дизайн негізінде киімін конструкциялау және әзірлеу үдерісі.
Диплом жұмысының құрылымы:
Кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, сызбалар, зскиздердер мен пайдаланылған әдебиеттерден, қосымшадан тұрады.

1 Калина красная КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Калина красная сән үлгілеріндегі ерекшеліктері
Орыс - ұлт, Ресей Федерациясының негізгі халқы. Шығыс славян тайпасы байырғы заманнан русь атанған да, ежелден көршілер түрік тайпасы оларды орыс деп атап кеткен. Көне орыс мемлекеті 9-12 ғасырда құрылып, орыс ұлтқа айналды. Орыс халқы Ұлы Новгород аймағы мен Волга, Ока өзендері аралығыңда қалыптасқан. Орыс халқының салт-сана, мінез-құлқы, тірлік-тынысы, әсіресе, өз заманында күшейе тұскен орыс мемлекетінің отаршылық озбырлықтары ақын шығармаларында айтарлықтай із қалдырған.

Сурет-1
Орыс халқы ежелден орын тепкен атамекен-Шығыс Еуропа жазығы.Осы аумақта орыстар солтүстік ұлыорыстар және оңтүстік ұлыорыстар болып бөлінеді.Бұл екі үлкен топтың әрқайсысынан өздерінің айрықша топтары жіктеліп шығады.Ежелгі орыс халқы XII ғасырда әр түрлі шығыс славян тайпаларының бірігуі нәтижесінде қалыптасты.X ғасырда Киев Русі шоқындырылғаннан кейін христиандық орыстар арасындағы кең таралған дінге айналды. Дәстүрлі орыс ерлер киімі қисық жағалы көйлек болып табылады, оның сыртынан әдетте белбеумен буған.Сонымен қатар кенеп шалбар киіп жүрген.Қыста қалың шұғадан немесе барынша дөрекі шұғадан тігілген жағасыз (шекпен) шапан (армяктар) жамылған.Шаруалардың көпшілігі шабатамен, мерекелерде етік киіп жүрген.Әдеттегі әйелдер киімі ұзын кенеп көйлек,оның жоғарғы жағын жемелекпен көмкерген.Суық мезгілде күртеше киген.Көне әйелдер бас киімі қарқара, кейіннен орамал мен шәлі салған.Орыстардың кеңінен таралған сыртқы киімі тоң болып табылады.Кедейлер тоңды қой немесе қоян терісінен тіксе, ал ауқатты адамдар-тиін немесе сусар терісінен әзірлеген.Ал байлар - бұлғын немесе түлкі терісінен тігілген тоңдар киген. Ескі уақытта орыстар жер төлесі бар ағаш жармалы үйшіктер тұрғызған.Қос қабатты шатырларды тақтаймен жапқан, терезе жақтауларын ою-өрнекпен әшекейлеген.Әйнек жетіспегендіктен, терезені бұзаудың қарнымен керіп қойған, кейін оны слюда алмастырды.Үйге түнде шырағдандар жағып қойған.Әдетте үй үш бөлікке бөлінген:шөп қоятын жер қойма және пеш орналасқан жатын бөлме.Орыс ауласының ерекшелігі үйді қақпаның қасына емес, ішкерлей салған, бас қақпадан оған дейін жол жүрген.Аулаға әр түрлі шаруашылық құрылыстары көрік беріп тұрған.Үйдің биіктігі және ауланың кеңдігі қожайынның байлығынын хабардар етеді. Дәстүрлі орыс сусыны квас пен бал болған.Балдың қазір біз білетін балмен ешқандай ұқсастығы жоқ.Бұл сусынды дайындаудың құпиясы, өкінішке орай, ұмытылып кеткен.Және бір орыстың бал қатқан сусынын шайқурайға, сәлбіге, лавр жапырағы мен бұрышқа бал қосу арқылы әзірлеген.
Ежелгі славяндардың мәдениеті -- орыс мәдениетінің қайнар бұлағы болып саналады. Оның басты мәдени құндылықтары -- қасиетті жырлар, мифология, аңыз-ертегілер. Ғалымдардың пікірінше, олардың көпшілігінің тектері Христиан дінін қабылдағаннан кейін құрып кеткен. Ежелгі славяндар пұтқа табынушылықты бастан кешірген, сондықтан да болар Ресей топырағында пұтқа табынушылық мәдениетінің дамуы жоғары болды.

Сурет-2
XIII -- XIV ғасырларда орыс мөдениеті. XIII -- XIV ғасырларда орыс мөдениетінің орталығы Новгород қаласы болды. Кескіндемелік және сәулетшілік ескерткіштерімен өзін Ұлы мәртебелі Новгород деп атаған бұл тарихи қаланы шетелдік бір автор байлығы жағынан тек Риммен ғана теңесе алады деп бағалауы тегіннен-тегін емес сияқты. Мұндағы орыс халқының рухы сіңген өнер дүниелерінің бірі Новгород Кремліндегі қасиетті София соборы, Юрий монастырының Георгиев соборы және т.б. Дүниені табындырған әсемдіктің ұлы ескерткіштерінің қатарына жататын Киев соборының тікелей ықпалымен салынған Новгород Софиясы өзіне ғана тән ерекшеліктері бар құдіретті де, сымбатты ғимарат. Новгородтың князьдік ғибадатханаларының ішіндегі ең мәртебелісі Юрий монастырын орта ғасыр дәуірінің даңқты ғимараттарының қатарына әбден жатқызуға болады. Христиан мәдениетінің ажырамас бөлігі икона (бейне деген мағынаны білдіретін грек сөзінен шыққан) жасау ісінде дәл Ресейдегідей соншалықты ғажайып туындылар жасалып, ғасырлар бойы бүкіл бір халықтың бейнелеу өнерінің сүйікті түрі болған жоқ. Икона сюжеттері діни христиандық негізге құрылды. Ал сол Новгородтық иконалардың бүгінге дейін сақталғандардың ішінде әлемдік маңызы ғажайып дүниелер бар. Солардың бірі шамамен XII ғасырдың соңында жасалған Алтын шашты періште. Осы бір таңғажайып естен кетпес бейнеде қаншалық биік, таза сүлулық бар десеңізші.

XV ғасырда Новгородтық өнердің тарихы аяқталды деуге болады, өйткені бұл құбылыс өнердің үздік табыстарының тоқырауынан байқала бастады. Киев Русінің құлдырауынан кейінгі орыс мәдениетінің дамуындағы жарқын беттердің бірі -- орыс мәдениетінің гүлденген дәуірі XVI -- XVII ғасырлар, яғни мәскеулік кезең мәдениеті болып саналады. XV ғ. аяғына қарай Мәскеу шығыс Еуропада саяси жағынан да, сондай-ақ мәдени жағынан да беделге ие болды. Дүниені дүр сілкіндірген құдіретті Византия мемлекеті құрып бара жатты, оңтүстік славяндардың мәдениеті ыдырай бастады, монгол- татар езгісі әлі де жойыла қоймады, Дмитрий Донскойдың тарихи жеңісі Мәскеу державасының мерейін көтере түсті. Ендігі жерде тек Русьтен ғана емес, әр елдерден Мәскеу ұлы княздігіне өнер адамдары ағылып келе бастады, сөйтіп Мәскеу қаласы ең ірі мәдени орталықтардың біріне айнала бастады. 1454 ж. Константинопольдың құлдырауына байланысты орыстың православиелік шіркеуі біртіндеп тәуелсіздік алды және батыстық христиандық дүниеден бөліне бастады. Ендігі жерде христиан дінінің басты қамқоршысына айналған Русь правословиені жандандыру және дүние жүзіне тарату міндетін өз қолына алды, сөйтіп мәскеулік Русь өзін Қасиетті Русь деп танып, ал Мәскеу -- Үшінші Римге айналады. 1547 жылдан, яғни IV Иван патшалық таққа отырған кезден бастап, Русь Ресей -- деп, ал орыс елі -- Ресей мемлекеті деп ресми түрде атала бастады. 1480 жылы Мәскеудің алтын Ордаға тәуелділігі жойылды, бірақ орыс еліне шығыс мәдениетінің әсері толастай қойған жоқ. XIV -- XV ғасырларда кескіндеме ісінде Мәскеу мектебінің шоқтығы биік болды. 1390 ж. шамасында Мәскеуге Новгородта асқан өнерімен даңққа бөленген Феофан Гректің шақырылуы қаланың көркін одан әрі түрлендіре түсті. Ол XIV -- XV ғасырларда Мәскеудің көркемдік өмірінің басты тұлғасына айналды. Феофанның Мәскеуде жасаған туындыларынан салтанаттылықты, өмірге деген құштарлықты айқын аңғаруға болады. Орыс өнерінің ұлы шығармасы деп танылған -- Мәскеу Кремліндегі Благовещенск соборының икона тасын (1405 ж.) жасау Феофан Гректің басшылығымен және кейіннен өнер дүниесінде аты аңызға айналған Андрей Рублевтің (1360 -- 1430 ж. шамасы) қатысуымен жүзеге асырылды. Андрей Рублев көзінің тірісінде аса көрнекті шебер болып саналғанымен, шынайы даңққа өлгеннен кейін көп жылдар өткен соң ғана бөленді. Оның есесіне бұл талас тудырмайтын дүниежүзілік даңқ болатын. Рублевтің ең таңдаулы шегіне жете айқындалған шығармасы -- қасиетті Үштік. Суретші византиялық композицияларды ой елегінен өткізе отырып, басты назарды үш періштенің бейнесіне аударған. Сезімдері бірдей, ойлары ортақ үш періште бейнелері өздерінің әсерлі көріністерімен, қасиетті пейілдерімен, жан жүректі жарып шыққан мейірімділіктерімен, пәк сезімдерімен тартымды. Иә, бұл мәңгілік ажырамас тұңғиық бірлік дүниесі, сондықтан да біз бүл үш шығарманың сюжетін адамға тән бүкіл талпыныстардың тиянақ табуы деп қабылдаймыз. Ұлы шебердің осы бір ғажайып туындысының алдында тұрғанда Леонардо да ВинчидіңКескіндеме -- өнер падишасы деген даналық пікірін еріксіз еске аласыз. Қорыта келгенде айтарымыз, XIV -- XVI ғасырларда ұлы орыс халқының мәдениеті қалыптасу дәуірін бастан кешірді. Шындығында да, дәл XVI ғасырдан бастап орыс халқы мәдениетінің нағыз тарихы басталады. Ресейдің XVII ғасыр мәдениеті сол кезеңдегі буырқанған саяси жағдайларға (шетел интервенциясы мен шаруалар соғысы) байланысты қарама-қайшы талпыныстар мен арман-мақсаттарға толы болды. Орта ғасырлық дүние таным түбегейлі өзгерістерге ұшырап дүниенің бет-бейнесі өзгерді. XVII ғасырдың адамдары өткен мәдениеттің құлдырауын өздерінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл ұлттық трагедиясы деп қабылдады. Бұл кезең екі мәдениеттің -- барокко мен мұжықтық мөдениеттің бақталастық кезеңі болды. Орыс медениетінде идея бірлігі, тарихтың шексіздігі, болашаққа бағдар алу сияқты жаңа өмірдің нышандары байқала бастады. XVII ғасыр басыңда Борис Годунов мөдениетке, ағартушылыққа, Батыc өркениетіне ерекше мән бере бастады. Соның нәтижесінде Батыc елдерімен сауда қарым-қатынастары кеңейіп, қалалар гүлденіп, ірі мәдени орталықтарға айналды, Мәскеудегі Кремльді жаңғырту ісі қайтадан қолға алынды. Бірақ қалаларда Ресей халқының 2%-і ғана тұрды, демек халықтың басым көпшілігі шаруалар болды. Қалай болғанда да, XVII ғасырда орыс мәдениетінің орта ғасырлық дәуірі аяқталды, сөйтіп жаңа заман мәдениетінің элементтері туындап келе жатты. Мұңдай мәнді өзгерістер орыс мәдениетінің барлық салаларында да байқалады. Мысалы, әдебиет саласында: ақсүйектік бағыт қалыптасып, демократиялық сарын орын алса, ал ғылым саласында нақты тәжірибеге жүгінушілік, кескіндеме өнерінде реалистік тенденциялар орын ала бастады. Халықаралық қарым-қатынастардың кеңеюіне, мемлекеттік аппараттың өсуіне және қалалық өмірдің жандануына байланысты ағартушылық ісі жолға қойылды. Соның нәтижесінде XVII ғасырда халықтың сауаттылығы біршама өсті. Сол кездегі мәліметтер бойынша сауаттылық помещиктер арасында 65%, көпестерде -- 96%, ал шаруалар арасында небәрі 15% болған (Добрынин В.И.[3]. -- М., 1993. -- С. 87). XVII ғасыр ортасына қарай мемлекеттік және жеке мектептер ашылып, онда түрлі пәндермен қатар шет тілдері де оқытыла бастады. 1637 ж. Мәскеуде Ресейдің тұңғыш жоғары оқу орны Славян-грек-латын Академиясы ашылды. Оған Италияның Падуан университетін бітірген ағайынды Лихудалар басшылық жасады. Батыстық ықпалмен алғашқы театр қойылымдары қойыла бастады. 1675 ж. орыс театрының сахнасында алғаш ретбалет қойылды. Ресейдің XVII ғасырдағы мөдени өмірінің басты ерекше- ліктерінің бірі өнер адамдарының Мәскеуге шоғырлануы болды. Сондықтан да болар, елдің әр түкпірінен келген сәулетшілер, зергерлер, суретшілер және т.б. орыс халқының даңқты мәдениет мұраларының бірі Кремльдегі Қару-жарақ палатасының жұмыстарына белсене араласқан. Осы орайда реалистік өнердің қалыптасуына айрықша үлес қосқан, өнер теоретигі, XVII ғасырдың аса ірі суретшісі С.Ф. Ушаковтың (1626 -- 1686 ж.) мерейі үстем болды. Отыз жылдан астам уақыт орыс мемлекетінің барлық көркем творчествосын басқарған, өнер саласындағы қажымаc қайраткер, әрі тамаша педагог Ущаковтың аса көрнекті адам болғаны даусыз. Ол сонымен қатар келесі ғасырда тамаша өркендеген орыстың портреттік кескіндемесінің негізін қалаушылардың бірі болды. XVII ғасырдың бірінші жартысында шеберлер А. Константинов Б. Огурцов және т.б. салған Мәскеу Кремліндегі атақты Терем сарайы (1635 -- 1636 ж.) сол кездегі азаматтық құрылыстың ішіндегі ең ірісі болса, ал Никитинкадағы Троица шіркеуі (1635 -- 1653 ж.) XVII ғасырдан сәулетшілік және кескіндемелік ;ізденістен туған сүйкімді әшекейліктің сөлі болып саналады.XVII ғасырда миниятюра да, графика да гүлдеді, бірақ солардың ішінде орыстың зергерлік және қолданбалы өнерінің шоқтығы биік болды.XVII ғасырдың басындағы Ресей топырағындағы мәдени өзгерістер Ұлы Петрдің реформаларымен тығыз байланысты болды. Бұл кезеңде, халық тарихының жаңа дәуірі басталды. Ресейдің жаңа заман мөдениетінің басты сипаты -- оның басқа халықтар мөдениеттерімен тығыз байланыста дамуы болды. Ұлттық тұйықтықты бұзу мақсатында жүргізілген көрегендік мемлекеттік саясаттың нәтижесінде Батыс елдермен қарым-қатынастар арнасы кеңейіп, Ресейге гуманистік және рационалистік ілімдер біртіндеп ене бастады. Абсолютизм идеологиясы Еуропалық ағартушылық, рационализм идеяларымен толықтырылды. Бұл өзгерістер мәдениет саласына да өз ықпалын тигізбей қойған жоқ. Дифференциация процесі басталып, мәдениеттің жаңа салалары қалыптаса бастады. Ең бастысы, жаңа мәдениетте демократияға талпынушылық тенденциялары байқалды.Петрдің реформалары қоғамдық өмірдің барлық салаларымен қатар мәдени өмірді де қамтыды. Соның нәтижесінде бұдан кейінгі кезеңдермен салыстырғанда мәдени дамудың қарқыны күшейіп, өнер саласында жаңа стильдер (борокко, рококо, классицизм) қалыптасты. Бүл Ресейлік жаңа заман мөдениетінің басты ерекшелігі болды.Ерекше атап өтетін бір жайт, тек қана Петрдің кезінде ғана мектеп, жастарға білім беру мәселесі -- мемлекеттік мәселеге айналды.Мамандар тапшылығына байланысты отандық ақсүйектік мектептер жүйесімен қатар, XVIII ғасырдың бірінші ширегінен бастап жастарды шетелдерде оқыту ісі қолға алына бастады. Халықтық ағарту ісінің жолға қойылуы, түрлі мектептердің ашылуы -- оқулықтар санын көбейтуді қажет етті. Сөйтіп XVIII ғасыр басынан бастап кітап басып шығару ісі жолға қойылды. Жаңа жағдайда ескі оқулықтардың орнына Әліппе, Славян грамматикасы, Арифметика сияқты мүлде жаңа заман талабына сай оқулықтар шығарыла бастады.
Ұлы Петрдің Ресейде мерзімдік басылымдарды жолға қоюы -- халықты ағартудағы басты қадамдардың бірі болды. Халық ара- сына кеңінен тарай бастаған Ведомости ғазеті -- Ресейдің ең бірінші ресми газеті болды. Кітап басып шығару ісінің қолға алынуына байланысты кітап саудасы да жолға қойылды. 1714 жылы кейіннен Ғылым Академиясының кітапханасының қорына негіз болған, түңғыш мемлекеттік Кітапхана ашылды. Ал 1719 жылы орыстың бірінші музейі өз жүмысын бастады, кейіннен бүл музей, I Петрдің кезінде-ақ Ресей империясының тарихын жазуға алғашқы талпыныстар жасалды. Үлы Петрдің ғылым және ағартушылық саласындағы жемісті еңбегінің заңды қорытындысы Петербургте Ғылым Академиясының ашылуы болды. Бірақ, өкінішке орай, Академия ресми түрде 1725 ж., яғни Петр қайтыс болғаннан кейін ғана ашылды.Ұлы Петр жүргізген реформалар Ресейдің қоғамдық саяси, мәдени өнерінің сан-саласын қамтыды, бұл шаралар Ресейдің мәдени даму қарқынын тездетіп, мәдениеттің гүлденуіне ықпал жасады. Киев Русінен бастап императорлық Ресейге дейінгі орыс мөдениетінің тарихында XIX ғасырдың алатын орны ерекше. Біріншіден, бұл кезең мәдени өрлеу кезеңі болғандықтан рухани биіктіктен көрінген бүл дәуірді ұлы орыс Ренессансы деп атауға толық хақымыз бар. Басқаны былай қойғанда, орыстың қырық жазушысы адамзаттың екі бірдей ғасырына рухани азық берді. XIX ғасыр адамзат баласының ынтымақтастығы мен тендігі, бақыты мен еркіндігіне байланысты философиялық -- адамгершілік ізденістерге толы болды. XIX ғасыр -- XX ғасыр табалдырығында туындап келе жатқан жаңашылдық пен мөдени өзгерістердің дамуындағы шешуші кезең, орыс мәдениетінің алтын ғасыры. Алтын ғасыр ұлы орыс ақыны Пушкиннің өмірге келуінен басталып, ақылдылығы, ғүламалығы жөнінен ешкімнен де кем түспейтін метафизик-философ В. Совольевтің өлімімен аяқталды. Ресей тарихындағы бірде-бір ғасыр дөл Алтын ғасырдай Ресейді құтқаруға, жаңғыртуға бағытталған теориялар мен ілімдерді өмірге келтірген жоқ.Дәл XIX ғасырдағыдай еш уақытта да сансыз қоғамдық қозғалыстар (анархистер, атеистер, халықшылдар, марксистер, нигилистер және т.б.) белең алған емес. XIX ғасыр -- Ұлылар ғасыры болды. Олар: Пушкин мен Чаадаев,Гоголь мен Герцен, Хомяков пен Аксаков, Сперанский мен Уваров, Ушинский мен Михайловский, Чернышевский мен Лавров, Достоевский менТолстой, Леонтьев пен Соловьев. Н. Бердяевтің пайымдауынша, Ресей XIX ғасырда өзінің ерекше даму жолын ой елегінен өткізді, Батыс-Шығыс дилемасындағы өзінің тарихи рөлін анықтай білді. Олай болса, XIX ғасыр мәдениеті дүниежүзілік мәдениет тарихындағы асқарлы белестердің бірі болды, өйткені дәл осы бір тарихи кезеңде орыстың ұлттық мәдениетінің нақты қалыптасуы жүзеге асырылады.
Абай және орыс мәдениетіАбай өнер, білімі өркендеген, еңбеккер орыс халқына құрметпен қарап, ретті жерінде олардан үйренетін қасиеттің, өнегелі істің көп екенін ескертіп отырады. Өкінішті көп өмір кеткен өтіп... деген өлеңінде халқымыздың тура тілді кісіні орыс деп атайтынын әдейі тілге тиек етеді. Бар кінә сол білім алып, қулықпен сұмдық жолына түскендердің өздерінде, тек солардың Орыста қалар жаласы дейді. Абай еңбекқор, өнерлі орыс жағында. Ғақлияларының екінші сөзінде шамалыға тақымы толмай, өздерінен басқа жұртты өгей санап, күлкі етуге, мысқыл қылуға дайын тұратын халқымыз Орысқа да күлуші еді: ауылды көрсе, шапқан, жаман сасыр бас орыс деп. Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, ұзын құлақты тауып бер депті деп келеке қылатын орысты сөзінің тұжырымында: Орысқа айтар сөз жоқ, біз күңі-құлы құрлы да жоқпыз деп әжуадан арашалап алады. Ақын ел сөзі арқылы атқа мінсе шапқылай жөнелетін орыстың тасырлау, бала мінезін, жоққа сеніп, ұзын құлақты іздеткен аңғалдығын айнытпай тап басқан. Бірақ бұл уытты, өткір сын емес, жылы мысқыл ғана. Ағартушы-ақын жас ұрпақты өзі қолын кеш сермеп құмарын қандыра сусындай алмай қалған орыс ғылымын үйренуге шақырады. Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де ғылым да - бәрі орыста бар... Орыстың ғылымы - дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі деп жазады жиырма бесінші сөзінде. Абай үшін орыс ғылымы мен өнері - табыс көзі, өмірді арзандата түсетін құрал. Бұл оның орысшылдығы емес, өмірден түйген тұжырымы, тәжірибелі, іскер адамның озық білімге, тиімді құралға деген құштарлығы. Сондықтан да ол: Залалынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек деп ескертеді. Ақын орыс ғылымын үйреніп алып, әкесінің айтағымен өз халқына қырғидай тиіп жүрген кейбіржастарға реніш білдіреді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Абай және орыс отаршылдық саясатыОтаршылдық ойранын күнде көріп, оның түпкі зардаптарын тереңірек түсінген көзі ашық, көңілі ояу ақын орыс деген сөзді көп ретте патша әкімшілігі, соның жергілікті өкімет орындары мағынасында қолданады. Бұл орайда Абайдың қарапайым, өнер қуған орыс халқына деген жылы ықыласынан, барлық іс-әрекеті зорлық-зомбылыққа негізделген өкімет орындарына, патша жандайшаптарына деген жиіркеніші басым түсіп жатады. Ел ішін жайлаған айла-шарғыларға, пара-жалаға, ұрлық-қарлыққа осы билеушілік жүйе кінәлі екенін ақын айқын түсінген. Сондықтан да ол орыстың законсыз зорлығына көнбейтінін ашық айтады. Үкімет, билеуші кейпіндегі орысқа келгенде ақын тілі де ащы. Бір оқығанда-ақ жатталып қалатын:Мәз болады болысың,
Арқаға Ұлық қаққанға.
Шелтірейтіп орысың,
Шенді шекпен жапқанға...
- деген жолдарындағы ақын тіліне оралған ащы кекесін, уытты сөздері барша күлкілі жиіркенішті көріністі қаз қалпында көз алдыңа әкеледі. Абай:
Орыс айтты өзіңе ерік берем деп,
Кімді сүйіп сайласаң бек көрем деп.
Бұзылмаса оған ел түзелген жоқ
Ұлық жүр бұл ісіңді кек көрем деп... -
деген жолдар арқылы Ұлықтың айтатынының бәрі жалған, бос желеу сөз екендігін еске салады. Шындап келгенде елді түзу жолға салуды көздеп отырған үкімет жоғын аңғартады. Абай жергілікті би-болыстардың үкімет алдындағы бишаралық кейпін де әбден келістіре сипаттайды, сілейте соғады. Көжекбай болысты өлтіре әжуа ететінБөтен елде бар болса... атты өлеңіндегі:
Орыс сыяз қылдырса,Болыс елін қармайды.Қу старшын, аш билер
Аз жүрегін жалғайды.Орыссыз жерде тап болса,Шақырған кісі бармайды... -деген жолдар арқылы ойдан-қырдан бас қосқан ордалы қулардың бар сырын ашып көрсетеді. Мұнда жәдігөй жарамсақтық та, орыстың төресі, қазақтың би-болысы болып өлексеге үймелеген жемқорлық та бар. Ұры-қарыны қашықтан таниды дегендей, халық қанын сүлікше сорған қарақшылардың екі елден де табылып жатқанына қынжылады:
Құтырды көпті қойып азғанасы,
Арызшы орыс - олардың олжаласы.
Бірде оны жарылқап, бірде мұны,
Қуды ұнатты-ау, Семейдің бұл қаласы... -
деп налиды Тұлпардан тұғыр озар шабылса да... деген өлеңінде. Сөз аңдыған, қылмыс қуған қазаққа арыз жазып беруді кейбір көзі ашық орыстың кәсіп етіп алғанын көреміз. Кәдімгі жемтікке үймелеген құзғын-қарғаның жемдестігі. Ақын бұл жерде Семей қаласындағы орыс атауын патша әкімшілігі деген мағынада қолданған. Абай үшін елін сатқан, халық қамын ұмытқан адамнан өткен сұмырай жоқ. Ондайлардан тілінің зәрін, қаламының қаһарын аямаған. Ақын орыс ұрысса, аш бурадай бұрқырап өз жұртына шапқан болыс-билерді Үйден үрген итке теңейді. Бұл халықты қан қақсатқан озбырлықты көре тұрып, бұралқы итше жәутеңдеген жасықтыққа әбден қаны қайнап, қаһарына мінген, намыс тұғырына қонған өр мінез, орақ тілді адамның іркіліссіз құя салған ашу-ызасы. Жоғарыда келтірілген мысалдардан Абайдың, өзі айтқандай, орыстың залалды істерінен қашып, пайдалы жақтарынан үйренуге шақырғанын көреміз.[[31]]
Ресей мәдениеті -- адамзат баласына баға жетпес мол мәдени мұралар қалдырған дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бөлігі. Ресей мәдениеті -- өзіндік ерекшеліктері бар қайталанбайтын мәдениет, ендеше оның әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлесіне де баға жетпейді. Орыс мәдениетінің қалыптасу ерекшеліктері негізінен төмендегі факторларға тығыз байланысты болды. Олар: көптеген этникалық топтар мен халықтар мекендеген орасан зор территорияны игеру; христиан дінінің ерекше тармағы -- православиені руханилылықпен дәстүрлі салт-дәстүрлерге негіздей отырып орнықтыру; уақытша болса да ұзақ уақытқа созылған батыс-еуропалық өркениеттік процестерінен оқшау дамуға байланысты туған тұйықтыққа бұдан әрі жол бермеу; жеке адамдардың мүддесін мемлекет мүддесіне бағындыру.Осы айтылған ойларымыз дәлелді болу үшін, орыс мәдениетінің қалыптасу кезеңдерін толығырақ қарастырып көрелік. Ақиқатына келсек, көп ғасырлық тарихы бар Ресей мәдениетінің жалпы көрінісі бұрынғыдан да айқындалып келе жатқан сияқты. Ұлттық топырақта пайда болып, өзіндік бет- бейнесімен ерекшеленсе де, мәдени өркендеудің жалпы арнасына келіп құйылатын Ресей мәдениеті, оның ішінде ұлттық бұлақтан нәр алған ежелгі Русь мәдениеті, византиялық көркем жүйемен және тағы да басқа мәдениеттермен тығыз алмасып жатады. Атап айтқанда, Ресей мәдениеті Византиямен қатар, көршілес жатқан Болгария,Сербия, Армения, Грузия сияқты елдердің мәдениетімен үндестік тапты.
Киімдегі ерекшеліктерді оған пайдаланылған материалдың құндылығынан, киім-кешектің әшекейінен, бірінің үстіне бірі киілетін бешпенттен, бас киімнің көлемінен ажыратуға болады.Халық шеберлері киім тіккенде іс тапсырушының талғамын, жас ерекшелігін, дене құрылысын, бет әлпетін мұқият ескерген. Ертеден қалған киімдердің үлгі нұсқаларына қарағанда: киімді адам денесіне шақ етіп тігу беріректе, орыс халқымен аралас, қаламен қатынас көбейе түскен кезде қалыптаса бастаған. Қазақ киімдері іштік, сырттық, сулық, біркиер болып төрт топқа бөлінеді.Іштіккиімдерге- көйлек, дамбал, желетке, камзол.Сырттық - шапан, күпі, тон.Сулық- шекпен, қаптал шекпен. Біркиер- қымбат маталардан әшекейлеп тігілген, той-думандарға киетін киім. Сондай-ақ бойжеткендер, бозбалалар, белгілі бір топтар үйде де, түзде де күнделікті тұрмыста да ұдайы жақсы киініп жүрген. Мәтел: таныған жерде бай сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы.
Үлкен крест жорықтары тарихи оқиғаларға байланысты маңызды даталар бойынша жүргізілген. Қысты шығарып салу және көктем мерекесі масленица болған бұл мерекеде көбіне пұтқа табынушылық іздері сақталып қалған. Келесі үлкен мереке - Пасха. Бұл мерекеде орыс халқы кулич пісіріп, жұмыртқаны бояп пісірген және сауық-сайран құрған. Көктемнен жазға өту Тройца мерекесімен белгілі болған. Қыздар ағаш бұтақтарын және гүлден жасалған тәждер әкеліп, алау жағып, өлең айтып, су шашып жастар сауық құрған. Көптеген мерекелерге байланысты жәрмеңкелер ұйымдастырылған. Рухани мәдениеттің қайнар көзі ауызша поэтикалық шығармашылықта жатыр. Осы мәдениеттің ежелгі, көпшілікке мәлім жанры - ән болып табылады. Олар стилі, тақырыбы бойынша алуан түрлі болған: колядка, овесенъ немесе таусень, виноградь, веснянки және т.б. Сонымен қатар орыс халық ертегілері де ежелгі жанрлардың бірі болып табылады.

1.2 Фольклор стилінде сән үлгілерінің қызметі

Сәнде ең маңызды рөл атқаратын бөлігі - бұл сәннің өзгеру барысында. Сән күнделікті өзгеріп отырмайды, алдыңғы шығарылған сәннің толық өзгеруі үшін оған бірнеше жыл қажет етеді.
Сән біздің әрқайсысымыз үшін, ішкі әлеміміздің бір бөлшегі, жан дүниеміздің айнасы. Қазіргі сәнді демократияшыл десе де болады. Ол таңдау идеясы мен еркіндігінің көптігімен, яғни әр түрлі стильдермен, пішімдермен, үлгілермен, сондай-ақ әр түрлі көлемдермен және алуан түстілігімен ерекшеленеді.
Стиль (ағылш. style) сезінің астарында көркем идеялық мағынаға негізделген шығармашылық тәсілдер, айқындалған көркемдеу құралдары, тарихи негізделген жалпы белгілері, тұрақты бейне жүйелері деген мағына жатыр. Осы ортақ белгілер сәулет өнерінде, әдебиетте, сурет, кескіндеме өнерінде, костюм үлгісінде көрініс тапқан.
Стиль жүйесінің тұрақты:
-- формалъды;
-- көркем-бейнелі;
-- әлеуметптік-психологиялық. сипаттамалары бар. Формальдылыққа талапқа сәйкес силуетті сызықтар, конструктивтік және композициялық құрылым, орындау техникасы, декорациялық және түстік өрнектеу шешімі жатады.
Көркем-бейнелі сипаттама - адам пропорциясы, этникалық менталитетке негізделген сұлулық типі мен идеалы жөніндегі түсінік.
Әлеуметтік-психологиялық аспект адамның мінез-құлқының, жас ерекшелігінің киім үйлесімділігіне сай келуін қарастырады.Әрбір ғасыр стиль, мәдениет, қоршаған орта және киімнің, сәулет өнері мен қолданбалы өнердің арасындағы байланыстың міндетті түрде болуын талап етеді. Қоршаған ортадағы заттар мен сәулет өнерінің костюммен үйлесімділігі мәдениеттің стильдік белгісі боп са-налады. Негізінде, стильде сол заманға сәйкес сұлулық иделы көрініс табады. Стиль қоймасы - өз идеяларын айқындауға ұмтылған суретшілер тудырған бейнелер мен пішіндер. Кез келген тарихи кезеңде костюм пішіні идеясының негізіне бейне мен адамның толық не арық дене бітімі есепке алынады. Дене бітім сәулет өнерінде де модуль ретінде саналады. Ежелгі сәулет өнерінде жеке стиль мен алғанщы бейне негізге алынған. Әрбір ғасырда адамның дене бітімінің эстетикалық идеалы, пропорциясы мен масштабы, түстің және геометриялық пішіннің көлемі дамытылған.[9]
Стиль және сән - өзара байланысқан жүйе, олар бір-бірінсіз дамып, өрби алмайды. Әдетте, әр заманда бір уақытта бірнеше стиль өмір сүреді.
XX ғасырда киім үлгісінде классикалық, романтикалық, спорттық және фольклорлың стильдер қалыптасып орныққан. Өткен дәуірлердегі көркем стильдерге қарағанда аталған стильдер функционалдылығымен және костюмді орынды пайдалануымен сипатталады.
Осы заманғы киімдерді - фольклорлық стиль деп атайды. Фольклорлық сипаттағы киімдер сәнділігімен ерекшеленеді. Онда ұлттық құрастырмалы ою-өрнек, кестелер, қол жұмыстарының көптеген элементтері кеңінен пайдаланылады.
Ресей. Орыс әйелдерінің киімдері жейдеден (кейде бірнеше), сарафаннан, понядан (жүннен тоқылған белдемше), аяқ киімнен, белдіктен, басқа тағатын бұйымнан және әшекейлерден тұрады. Бойдақ және тұрмыс құрған қыздардың бас киімдерінің айырмашылығы бар. Бұлар ХІІІ ғасырда фин-угор халықтарынан енген екен. Тұрғындар XVII ғасырға дейін былғары етіктер мен кебістерді кисе, кейіннен қонышы қысқа туфлилерге ауысты.
Орыс халқының дәстүрлі киім-кешектері алуан түрлілігімен және аймақтарға байланысты бөлінуімен ерекшеленеді. Ресейдің кіші халықтарының әсері білінеді. Сонымен қатар кейбір жалпы стиль болды. Ерлер туника түріндегі және қисық жағалы жейделерді, шалбардың сыртына шығарып, белбеу тағып киген. Сыртқы киімі сол жағына қаусырылатын үшкіл шекпен болған. Көпестер мен бай шаруалар шекпен тәрізді белі бүрмелі бешпентше киген. Қисық жағалы жейде, етіктің ішіне салынған шалбармен бірге киілген поддевка 19 ғасырдың аяғындағы интеллигенция арасында сәнді болып саналған. Деревняларда шаруалар көбінесе шұғадан жасалған ұзын етек шапан армяк киіп жүретін болған. Қыста қойдың терісінен жасалған қысқа тондар мен тұлыптарды ашық түсті мата белбеумен орап буып киген. Киім-кешектердің солтүстік және оңтүстік болып бөлінуі әйелдердің киіміне ерекше тән болған. Ақ кенептен жасалған иығына ендірме салып, жағасы жинақталып келген ұзын жейделер жалпы орыстардың дәстүрлі киім үлгісіне жатады. Солтүстік аймақтарда түсі мен тігуі жағынан әр түрлі ұзын сарафандар (ұзын, жеңсіз көйлек) киген. Тұрмысқа шыққан әйелдер бастарына кестемен, маржандармен әшекейленген биік төбелі бас киім кокошник киіп жүрген. Күнделікті бастарына орамал - байлаған кішірек бөрік болған. Түсі, түрі және матасы жағынан әр түрлі байламдарды міндетті түрде байлаған. Оңтүстік аймақтардағы орыстардың киімдері кенептен, ұзын жейде мен торлы жүннен жасалған матаның тілімі поневадан тұрған. Оның сыртынан алжапқыштың бір түрі - запан киген. Кейде тұрмыс құрған әйелдер мүйіз формалы күрделі бас киім киіп жүретін болған. Нақышты жапсырмалар, інжу, маржандарыдан тұратын өрнектер, алтын, күміс бұйымдар сияқты әшекейлер ерекше алуан түрлі болған. Сурет 3,4,5 көруге болады

Сурет-3

Сурет-4

Сурет-5

1.3 Костюм композициясының түсі, декоры және фактурасы

Түс костюмдегі күрделі қасиеттің бірі бола отырып, ең алдымен костюмнің қолдану мақсатына бағынышты. Костюм пішініне байланысты үлкен ақпарат көлемін бере алады және белгілі бір мағынада таңбалық қызмет атқарады. Ол адамға эмоционалды түрде әсер етеді , оның үстіне қазіргі стандартты костюм пішінінің әр түрлі моделінде түрлі-түсті маталар комбинациясы қолданылады.
Костюм композициясының түсін зерттеу ахроматикалық түстен басталады. Пішін, селует, түзу сызықтары мен барлық композициялық заңдылықтарын зерттеу үшін, әуелі оны ақ-қара графикасында көру қажет. Пішіні мен түсі үйлесімді байланыстыру өте қиын, сондықтан сызықтан, пигменттен, көлемнен, фактурадан тұратын пішінмен жұмыс істеп, содан кейін сұр түсті қосып, ахроматикалық композицияны өңдеуге көшу қажет.
Көркемдеу тәжірибесінде қара мен ақ түстер және олардың әр түрлі жарықтық қоспасынан тұратын үш реңкті композиция жиі қолданылады. Үш реңкті және оданда көп үйлесімділікке сұр түстің жарқтық реңк байлығы арқылы ақ пен қара түстің қарама- қайшылығы жұмсара бастайды. Бұл бір - біріне қарама-қарсы ахроматты түстер арасында сәйкестікке әкеледі.Жарықтың біртіндеп градациялануы деп бірте-бірте ақ түсті қарамен немесе қара түсті қарамен немесе қара түсті ақ түспен қанықтыру айтылады. Градацияда әр жарықтың реңкі айқын білінеді.
Мамандар осы тәріздес тәсілді түстің созымдылығы деп атайды. Түс созымдылығы тәсілінің градатациядан айырмашылығы әрбір ашық түс арасындағы өзгешелік айқын байқалмай, ақырын ақ түстен қара түске көшуінен көрінеді.[10]
Түс созымдылығы біртіндеп іске асу үшін оның құрамындағы градацияның саны бестен кем болмау керек, мысалы: қара, қара-сұр, сұр, ашық-сұр,ақ. Түс созымдылығы шектеулі гамма түстерімен жұмыс жасау дағдысын береді. Мәселен, таза сұр түстің жеті градациясын көзбен байқауға болады, ал егер әрбір бес созымдылық градациясына азғантай ғана басқа түс қосса, онда әр түрлі сұр түстің нәзік түрде үйлескен көп түрін алуға болады. Осы түстер созылымды ақ түс пен қара түсті қолдану арқылы контур, сызық, жиек түрінде қатар орналасады, қарсылас түс жиегін және пішін ішідегі қарсылас түс сапасын қолдану арқылы қызғылтым нәтижелерге жетуге, ақ түстің жылтырау және жалтыру эффектісін алуға, топталған созылмалы сұр түсті бірте-бірте қара түске жеткізуге болады. Түс үндестігін зетрреудегі келесі кезең шектеулі гаммаларды пайдалану болып табылады. Гамма шектеулігі ақ және қара түске тек бір түс қосумен түсіндіріледі. Бұған кез келген түсті алуға болады, мысалы, қоңыр түс. Қоңыр түстің ренктері өте көп: қоңыр марс, сепия, қызыл орха, шоколад, сүт қосылған кофе, қызыл ағаш, еменнің түсі, корица түсін алуға болады. Қоңыр түс барлық киімде кездеседі. Бұл- табиғи былғарының, күдерінің, үлбірдің түсі. Қоңыр түс өзінің қолайлылығымен, басқа кез келген түспен үйлесу мүмкінділігімен қызықтырады.
Осылайша, костюмде ақ, қара, сұр және қоңыр түстердің көптеген реңктерін пайдалана отырып, біз өзара ғажайып әрекет жасайтын шексіз нәзік түстердің үйлесімділігін аламыз. Костюмнің түрлі-түсті коллекциясының гармониясы көп жағдайда адам бейнесімен қаншалықты үйлесетіндігімен, оның жеке - даралық ерекшелігімен айқындалады. Костюм адамның түр-түсімен үйлестіріле киіледі. Мысалы, қоңыр қара түс қоңыр-қызғылт-сары шашты, көгілдір койлек көгілдір көздің түсін айқындап тұрады.
Адам терісінің түр-түсі өте әркелкі және күрделі, сондықтан костюм түсінде осы жағдайларды ескере отырып, қарсыластық немесе үйлесімділік принципін пайдалану қажет. Түс арқылы маусымдық киім де анықталуы мүмкін.Мысалы: жазғы костюмдер түс үйлесімділігінің ашықтығымен, ашық жасыл, аспан түстес, теңіз түстес, көк, топырақ түстес, жасыл түспен үйлескен ашық және ақ түстердің көптігімен ерекшеленеді. Қыстық костюм өзінің композициялық құрылымында қара және ашық, ауыр және жылы түстер үйлескен ақ сұр түске ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қос етекті көйлек
Киім кию мәдениеті жайында
Балаларға арналған киімдер
Opтa ғасыр костюмі
Ұлттық ерлер костюмін сәндеудегі форма мен элементтерді жобалау
Киімнің негізгі міндеттері
КОСТЮМ ХАЛЫҚТЫҚ СӘНДІК ӨНЕРІНІҢ БІР БӨЛІГІ
Қазақ ұлттық киімінің негізгі қалпын жоғалтпай, киімініңконструкциясы негізінде ұлттық киімдердің дизайынын жасау
Киімге қойылатын талаптар
Қазақы киім - көненің көзі
Пәндер