Қазақ этнонимінің пайда болуы


Кіріспе . . . 2 “ Қазақ ” этнонимінің пайда болуы . . . 7 Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары. Керей мен Жәнібек . . . 10
Қазақ хандығы тарихын зерделеудің кезеңдері . . . 13
XV ғасырдың соңында қазақ хандығының нығаюы . . . 14
Қасымхан тұсындағы қазақ - ноғай қарым қатынастары « Қасымханның қасқа жолы» . . . 16
Хақназархан тұсындағы орыс-қазақ қатынастарының басталуы . . . 21
Тәуекелханың Орта Азияға жорығы, оның қорытындылары . . . 24
Қазақ хандығының Осман империясы мен қарым - қатынастары . . . 26
Қазақ хандығының Шайбани мемлекетімен қарым - қатынастары . . . 28
Қазақ хандығының Жоңғар, Бұқар хандығымен қарым - қатынастары . . . 31
ХV-ХVІІ ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті . . . 34
Қазақтың ауыз әдебиеті, жыраулары, шешендік сөз өнері . . . 35
Қазақ тілі мен жазба мәдениеті . . . 37
Қазақ мәдениетінің рухани және материалдық құндылықтары. Қазақ халқының әдет-ғұрыптары . . . 39
Қазақ халқының материалдық мәдениетінің белгілері . . . 41
Қорытынды . . . 43
Қолданылған әдебиеттер . . . 45
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі. Әрбір халықтың жеке халық болып қалыптасуы үшін көптеген тарихи кезеңдерді басынан өткізуіне тура келеді. Бұл күрделі процесс бір немесе екі ғасырдың ішінде болмайды, халық болу үшін бірнеше ғасырларды керек етеді. Мысалы, Қазақстан жерінде халық болып құрылу процесі алғашқы қауымдық құрылыс ыдырап, одан кейін қола дәуірі мен (б. д. д. II-I м. ж. кезеңі) темір дәуірі (б. д. д. VII-IV) кезеңдермен, немесе бұл кезде өмір сүрген ру-тайпалардың өсіп-өркендеуінен басталады. Олар Қазақстанның ұлан-ғайыр территориясын ежелден мекендеген байырғы (автохонды) тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінен құралған.
Орта Азия мен Қазақстанның ерте дәуірдегі кезеңдерін зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, біздің жерімізде қола дәуірі (Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері) мен темір дәуірінде өмір сүрген тайпалардың (сақ, сармат т. б. ) иран тілдес болғандығы айтылады.
Сондай-ақ, ғалымдардың көрсетуінше бұл кездегі тайпалар антропологиялық жағынан монголоидтық белгілері бар европеидтік нәсілдер екендігі көрсетіледі.
Қазақ халқының бастауы болып табылатын, сақ тайпаларының тікелей жалғасы болып үйсін, қаңлы тайпалары саналады. Оны қытай деректері "Өзі сары, көзі көк, ат жақты сэ (сақ) тайпалары үйсіндердің арасында жүр” - деп көрсетеді.
Қазақ халқының шыққан тегі туралы көптеген аспектілері ішінен өзекті ретінде лингвистикалық және антропологиялық мәселелерін бөлшектеп алған жөн.
Орта Азия мен Қазақстан өңірінде осы екі процестің екеуі де қатар дамып отырған. Қазақстанның ертедегі тарихын екі аумақты кезеңге: үндіеу- ропалық және түріктік кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде лингвистикалық тіл жағынан Қазақстан тұрғындары үндіеуропалық топтың ежелгі иран тобына кіреді, яғни бұл кез б. з. д. III-I мың жылдықтарды қамтиды.
Екінші кезеңде Қазақстан территориясына шығыс жақтан көптеген көшпелі тайпалардың соның ішінде ғұндардың Батысқа қарай қоныс аударуына байланысты, сақ және сариат тайпаларының жалғасы - үйсін мен қаңлылар ғұн тайпаларымен араласып, ассимиляцияға түскен.
Б. з. б. I ғасырда Солтүстік ғұндардың құрамына кірген көптеген түркі тілдес тайпалардың бір бөлігі Орталық Азиядан Тянь-Шань арқылы өтіп, қаңлы тайпалық бірлестігімен көрші-қолаң отырды, ғұндардың Қазақстанға өтуінің екінші толқыны б. з. II ғасырдың бірінші жартысында орын алды. Бұл кезде Солтүстік ғұндардың толып жатқан тайпалары Шығыс Қазақстан мен Жетісуға қоныс аударып VI ғасырға дейін өмір сүрген Юэбань мемлекетін құрды.
Ғұндардың біріктіруші рөлінің арқасында сырттан келген тайпалармен байырғы тұрғындардың этникалық жақындасуы іске асты.
Сөйтіп, үйсіндер мен қаңлылардың монголоидтық тәсілге өтуі басталды.
Б. з. VI ғасырынан бастап оңтүстік аймақта шығыстан, Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпаларының басымдылығы байқалды. VI ғасырда Қазақстан жері түгелдей құдіретті бір тұтас мемлекет - Түркі қағанаты құрамына кірді. Жазба деректерден алғаш Түрік қағанатының (542 ж. ) одан кейін Батыс Түрік қағанаты (603 ж. ) сияқты феодалдық мемлекеттер құрылғандығы белгілі. Одан кейін Түргеш қағанаты (704-756 жж. ), Қарлұқ қағанаты (756-940 жж. ), Оғыз мемлекеті (IX ғ. соңы - XI ғ. басы), Қимақ қағанаты (893 - XI ғ. басы), Қыпшақ хандығы (XI - 1219 ж. ), Қарахан мемлекеті (942-1212 жж. ) өмір сүрді. Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің тарихи рөлі ерекше болған. 1) Қарахан мемлекеті. Бұл мемлекеттің кезінде халық болып қалыптасу пісіп - жетіліп, қалалық өмір өркендеп, отырықшылық жанданып, қолөнер дамып, көрші жатқан елдермен сауда қатынасы артып, жалпы мәдени экономикалық дамуы өскен. Алғаш рет ислам дінін - мемлекеттік дін ретінде қабылдаған.
Қыпшақ хандығы (XI - XIII) Ертіс пен Еділ арасындағы кең жерді иемденді. Хандықтың құрылуына байланысты этникалық процестер жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Бұл кезде қазақ тілінің негізі - әдеби қыпшақ тілі құрылып, сонымен бірге қазақтардың өзіне тән антропологиялық кескіні қалыптасты. Қазақ этногенезінде қыпшақтар этнос ретінде маңызды рөл атқарды, "Қазақ” сөзінің шығу тегінің өзі қыпшақтар мекен еткен аймақтар- да пайда болды.
Бірақ, осындай сапырылыс кезеңде шығыстан кидандардың (қарақытай- лардың) шапқыншылығы болып, Қарахан мемлекетінің жағдайы нашарлады. XIII ғасырдың басында енді дамып келе жатқанда моңғол шапқыншылығы басталды, сөйтіп халық болып қалыптасу процесі тоқталды. Халық болып қалыптасу процесі XV ғасырға дейін, немесе 200 жылдай уақытқа кешеуілдейді.
Қазақстан жерінде қаншалықты жойқын шапқыншылықтар болғынымен халық болып қалыптасудың негізгі шарты тіл бірлігі жойылмады. Керісінше, уақыт өткен сайын моңғол - шапқыншылығының өздері жергілікті халықтың түркі тіліне, әдет-ғұрпына, салт-санасына көшіп XIV ғ. толық түркіленіп кетеді.
XIV-XV ғасырларда феодалдық қатынастардың нығаюы негізінде Моғолстан, Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасында толассыз тоқтамай жүріп жатқан феодалдық соғыстарға қарамастан, халықтар арасында өзара бірігу, топтасуға ұмтылу процестері белең алды. Қазақстан- ның ежелгі тайпалары тарихи-географиялық, экономикалық және саяси жағдайларына байланысты үш негізгі этникалық шаруашылыққа топқа бөлінді. Олар: Ұлы, Орта және Кіші жүз. Ұлы жүз Сырдариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлайды. Оның құрамына үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр, шанышқылы, қатаған т. б. ру - тайпалар кіреді. Орта жүз Орталық Қазақстан аудандары мен Солтүстік - Шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етеді. Оның құрамында қыпшақ, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ, тарақты тайпа - рулары бар. Кіші жүздің мекені - Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлігі. Оның құрамындағы тайпалар одағы - Әлімұлы (қаракесек, қарасақал, кете, төртқара, шөмекей, шекті) ; Байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, есентемір, қызылқұрт, шеркеш, ысық, таз, масқар) ; Жетіру (табын, тама, кердері, жағалбайлы, кереит, төлеу, рамадан) . Жүздердің ұйымдасқан уақыты, қалай құрылғаны әлі жете зерттелмеген.
Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық мүдделер негізінде топтасқан, өз шекарасында экономикалық жағынан оқшауланған еді. Олардың тілі, материалдық тұрмыс мәдениеті жөнінен басқа жүздердің тайпаларынан ешбір айырмашылығы болған жоқ. XV ғасыр қарсаңында бұл тайпалар түрік тектес халық болып топтасты да, кейінірек «қазақ» деген этникалық ортақ атауға ие болды, сөйтіп халықтың қалыптасу процесі негізінен аяқталады. Бірақ ол кейбір себептерге байланысты кешеуілдеп барып іске асты. Оған қазақ халқының этникалық құрамына кірген тайпалардың бірнеше мемлекет құрамына енгені, кейбір жеке тарихи қалыптасқан бөлшектердің бытыраңқылығы себеп болды. XIV-XV ғғ. көпте- ген жұрттың көшіп-қонып, сапырылысуы орын алды.
XV ғ. - II жартысы мен XVI ғ. қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет етіп біріктіру, халықтың да қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті. ХV-ХVI ғасырлар аралығында қазақ халқы күрделі саяси оқиғаларды бастан өткізді. Қазақ тарихында XV ғасырдың ортасы мен XVI ғасырдың аяғына дейінгі аралық этникалық және саяси өзгерістерге толы кезең болды. Біріншіден, саяси тұрғыдан алғанда XV ғасырдыі екінші жартысын- да құрылған Қазақ хандығы, екіншіден этникалык жағынан келген - де «есте жок ескі заманнан» бар этникалык үдерістердің жаңа сипат алуы, басқаша айтқанда біртұтас қазақ халқынаң пайда болуы еді.
Қазақ хандығының нығаюы этникалық аумақтың бірігуі XVI ғасырдың басынды Бұрындық және Қасым хандардың биләк ету кезімен байланысты. Солардың тұсынды мемлекеттік аумақ оның қазақтар мекендеген этникалық шекаралармен толық дерлік сәйкес болатындай етіп кеңейтілді. Қазақ өандағы Орта Азиядағы бірнеше хандықтармен қарым қатыныстар жасады. Жоңғар мемлекеті және Ресеймен Сібір хандығымен қарым қатынастары күрделі болды. Қасым хан 1511-1521 жылдары Ноғай Ордасымен қарама-қарсылық жағдайында Қырыммен Осман империясымен, сондай-ақ Мэскеумен достық қарым-қатынас орнату үшін Қазақ хандығының белсенді батыс саясатын жургізді Қасым хан қайтыс болғаннан кейін, 1523 жылы, кырымдықтар ноғайлардың қысқа мерзімдік бірақ жойқын шабуыл кезінде достық тілекті мәлімдеген қазақ елшілігі Қырымға келді.
Қазақ хандығы мен Осман империясының арасындағы қатынастарды үйлестірудің кезеңі XVI ғасырдың 40-50 жылдарының аралығына сәйкес келеді. Бұл Қазақ хандығыньщ 30 жылдардағы ауыр саяси-әскери дағдарысты өткізіп, өзінің айрылып қалған ұлыстарын қайта біріктіріп, тағы да кушейе бастаған кезі еді. XVI ғасыр қазақ-осман қатынастарының басталу уақыты. Бұл кезең өзара түсінушілік табудың алғашқы талпыныстары болатын. Қазақ та, осман жұрты да eкі ел арасындағы қашықтыққа қарамастан, өзара тығыз саяси байланыстар орнатуды көздеді. Қазақ хандығы Осман империясының әрдайым мұсылмандар мен түрік әлемінің басшысы ретінде көрді. Қазақ хандығының заңдары "жарғы" деп аталады. "Негізгі орта ғасырларда қыпшақ, шағатай ұлыстарында қолданған ярғұ заңынан алынған. Қазақша "жарғы" әділдік деген ұғымды білдіреді. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудырмай, дәл, әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық бұқарасы ардақтап "қара қылды қақ жарған" деп мадақтаған. Оның екі жағының біреуіне артық жібермей, дәл айыруы әділдіктің мезгеуі болған. Жарғы заңының негізі, міне, осында. Өзінің мазмұны бойынша бұл заңның түбегейлі идеясы ежелгі әскери демократия арнасына барып тіреледі".
Қазақ хандығы заңдарының түп төркіні қазақ халқында ұрпақтан -ұрпаққа жалғасып келген әдет-ғұрыптық ережелерден шықты. Бұл ғұрып -әдеттік ережелер ежелден ел салтына сіңген. Халық бұқарасына түсінікті заң болды.
Қазақ хандығының іргесін қалаушы хандардың бірі Қасым хан (билік құрған жылдары 1511 - 1523) жоғарыдағы саяси жағдайға және халық бұқарасы мен билер тобының тілегіне негізделіп, қазақ халқының ежелгі әдет-ғұрыптық ереже-тәртіптеріне мәнді өзгерістер енгізіп, дамытып билер кеңесінде ақылдаса отырып, "жарғы" заңын жасады.
Қазақ хандығында "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", Тәуке ханның "Жеті жарғысы" деп аталатын заңдар болды. Бұл заңдар сол заманда ислам дінін тұтынатын Күншығыс пен Орта Азияның бірсыпыра елдеріндегі феодалдық мемлекеттер мен хандықтарда жаппай қолданылып отырған ислам дінінің "шариғат" заңынан мүлдем басқаша болатын. Бұл қазақ хандығының ерекше тарихи әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайының туындысы еді. Қазақ хандығы заңдарының қылмыс заңынан оның таптық мәні айқын көрінеді: "Жеті жарғы" заңында қысаспен әдейілеп кісі өлтірушілерге бұрынғыдай "қанға қан, жанға жан алу" ережесі сақталды. Алайда, бұл көбінесе күн тарттырумен алмастырылып отырылды. Құнның мөлшері мынадай болды: еркекті өлтіргені үшін толық құн - "ердін құны екі жүз жылқы" (жүз түйе, немесе мың қой), ал әйелді өлтіргені үшін жарты құн - "жүз жылқы" (елу түйе, бес жүз қой) ; кісінің бір көзін шығарса - жарты құн, екі көзін бірдей шығарса - толық құн тартатын болды; бір қолынан немесе бір аяғынан айырса жарты құн, екі қолынан немесе екі аяғынан бірдей айырса толық құн тартатын болды.
Тарихнамасы. Тарихшылар, әдебиетшілер және тарихқа қызығушылық танытатын зерттеушілер қазақ халқы атауының шығуы туралы жиі және көп айтады. Белгілі ғалымдардың көптеген мақалалары «Қазақ» терминінің шығуын түсіндіруге арналған.
XX ғасырдын 50-60-жылдарындағы пікірталасқа қатысушылар М. Акынжанов [2], С. К. Ибрагимов [3], одан кейін В. П. Юдин және тағы басқа зерттеушілерден кейін ұзақ уақыт тыныштық орнады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін біздің ғылыми әдебиеттер мен жарияланымдар «қазақ» терминінің мәні туралы айта бастады.
Соңғы уақыттарда Т. И. Султановтың және 3. Қинаятұлының, қызықты зерттеулерін атап өтуге болады.
«Қазақ» этнонимы орыстардың, «қазақтары» да көптеген ғалымдардың пiкipi бойынша туркі-монғолдардан шыққан. Орталык Азиянын, көне ескерткіштерінде «қазақлық» (қазақтар) cөзi «epiктi, еркін тіршілік кешкен», деген баламалы ұғым ретінде қолданылады. Мысалы, осы мағынада көп ғасырлар бойы түсіндipiлiп келгенін ерте ортағасырларда түркі-моңғолдар әзірлеген әдеби шығармалар куә бола алады.
«Қазақ» сөзінің шығу тегі жайлы зерттеген орыстың әйгілі гғалымдарының пікірлеріне тоқталып өтейік.
XIX ғасырдағы В. Даль «қазақ-казак» сол сияқты «гайдук», «гайдамак» сөзінің шығу тегі «кезу, басы бос кезбе» деген мағынаны білдіреді деп болжам жасаған. Академик H. A. Баскаков түркі славян қарым-қатынастарында сан алуан байланыстардың болғанын анықтады. Оның болжамынша «қазақ-казак» cөзi орыс тіліне көрші түркі тілінен енген. 1395 жылы тұнғыш рет орыс тілінде «жалшы, жұмысшы» мағынасында, кейін келе «қазақ» мағынасында (көшпелілер шапқыншылығынан қорғайтын әскери, шекаралық күзеттен тұратын) поляк және украин тілдері арқылы тіркелуі мүмкін дейді. Барлық көрсетілген мағыналар бip-бipiмeн байланысты және жалпы «тәуелсіз адам» деген сөз мағынасын білдіреді. «Осы мағынамен қазақ туркі ұлтының - eрiкті тәуелсіз көшпелі» атауы байланысты деп корытындылайды H. A. Баскаков [2] .
Қазақ хандығының құрылуы туралы нақты деректі біз Мұхаммед Хайдар Дулатидің « Тарихи - и Рашиди » еңбегінен аламыз. Қазіргі күнде тарихшылар, зерттеушілер қазақ хандығының құрылуы туралы бірнеше болжамдар келтіреді. Осылардың ішінді ең нақтысы, шындыққа жанасатыны « Тарихи - и Рашиди » еңбегңнде көрсетілгеніндей қазақ хандығы 1465-1466 жылдары құрылған және ал. ғашында Керей мен Жәнібектің басшылығымен құрылған.
А. И. Левшиннің ( 1797-1879) 1832 жылы жарияланған «Қырғыз - қазақ, яғни қырғыз-қайсақ ордасы мен даласының суреттемсі» деген енбегінде қазақ халқының географиясы, тарихы мен этнографиясы жөніңде алғашқы іргелі монографиялық зерттеу болып табылады. Кітаптың бірінші бөлімінде қазақ халқы өмірінің табиғи жағдайлары көрсетіліп, екінші бөлімінде ең ерте заманнан XVIII ғасырдың аяғынадағы қазақтар туралы тарихи мәліметтер жинақталған. Ерекше бағалы үшінші бөлімінде қазақтардың рулық-тайпалық құрылысы, тұрмыс салты, әдет-ғұрпы, діни нанымдары, экономикалык және А. И. Левшин халықтың аталуы туралы өз пікірін келтірген, бұл - «ғылымда қазақ халқы этногенезі проблемасының тұңғыш рет қойылуы».
А. И. Левшиннің енбегін оның замандастарынан жоғары бағаланды, не- ғұрлым кейінгі зерттеушілер көптеген проблемалар жөнінен соның енбегіне жүгінеді А. И. Левшиннің шығармасын жаңадан басып шығару 1996 жылы Алматыда жузеге асырылды Қазақ хандығының жалпы көрші елдермен сыртқы саяси байланыстары туралы Қазақ хандығы тарихын зерттеуші ғалым Н. Атығаев өз еңбектерінде ұсынып отыр. Зерттеушілер Т. Султанов, М. Әбусейітова және А. Исиннің тұжырымдарындада кездестіреміз. «Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы» деген Аяған, Әбжановтардың еңбегінде «Қазақ хандығы мен Осман империясының арасындағы қатынастар XVI ғасырдың 40-50 жылдарының аралығына сәйкес келеді» - деп жазылған.
« Қазақ хандығы мен Осман империясының арасындағы қатынастарды үйлестірудің екінші кезені XVI ғасырдың 40-50 жылдарының аралығына сәйкес келеді » - деп Қазақстан тарихының 2 томында берілген деректердіде кездестіреміз. .
Мақсаты. Мұхаммед Хайдар Дулатидің аса құнды еңбегі «Тарих -и Рашиди» да Қазақ хандығының 1465-1466 жылдары құрылып Әбілхайыр хандығынан жеке хандық болып шыққаннан бастап Керей мен Жәнібек хандардан бастап олардан кейінгі билікке келген хандардың көрші мемлекет, хандықтармен жүргізген қарым қатынасы сыртқы байланыстары туралы. Қазақ хандығы жөніндегі тарихи деректерге анықтама беру, қазақ этнонимінің шығуына мән беру, Керей мен Жәнібектің Әбілхайыр хандығынан шығып, қазақ хандығын құруы, хандықтың құрылуының тарихнамасымен таныстыру. Қазақ хандығындағы негізгі хандардың басқаруы, қазақ - ноғай қарым қатынастары, орыс-қазақ қатынастары туралытаныстыру. Қазақ хандығының заңдары және заң шығарушы хандардың билігі, әділдігі, халықты жан жақты ойлауы, заңды дайындап жариялағаннан кейін ол заңның халық арасында қолданылуы.
Міндеті. 1. Қазақ хандығының құрылуы.
2. “ Қазақ ” этнонимінің пайда болуы.
3. Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары. Керей мен Жәнібек.
4. Қазақ халқының қалыптасу ерекшеліктері.
5. Қазақ хандығы тарихын зерделеудің кезеңдері.
6. XV ғасырдың соңында қазақ хандығының нығаюы. Туралы қарастырып барынша мол деректерді жинап, нақтылай баяндау.
1. Қазақ хандығының Осман империясы
2. Қазақ хандығының Шайбани мемлекетімен
3. Қазақ хандығының Жоңғар мемлекеті, Бұқар хандығымен қарым-қатынастары. Бұл мемлекеттердің өзара жүргізген саяси байланыстары, Қазақ хандығы үшін бұл қарым-қатынастардың тиімді және тиімсіз жолдарын ашып көрсету. Қазақ хандығындағы негізгі хандардың басқаруы, қазақ - ноғай қарым қатынастары, орыс-қазақ қатынастары туралытаныстыру. Қазақ хандығының заңдары және заң шығарушы хандардың билігі, әділдігі, халықты жан жақты ойлауы, заңды дайындап жариялағаннан кейін ол заңның халық арасында қолданылуы.
I. Қасымхан тұсындағы қазақ - ноғай қарым қатынастары « Қасымханның қасқа жолы».
II. Хақназархан тұсындағы орыс-қазақ қатынастарының басталуы оның себептері.
III. Тәуекелханың Орта Азияға жорығы, оның қорытындылары. Туралы толық баяндаулар жасап жан - жақты тақырапты ашу. Қазақ хандығы зандарының негізі - феодалдық базис пен патриархалдық-феодалдық өндірістік қатынас болды.
Онын міндеті: феодалдық базиске қызмет ету, феодалдық меншікті қорғау және нығайту, феодалдық үстем таптың еңбекші халықтың феодалдық қанауға қарсы күресін басып-жаншып тұншықтыру еді. Бұл заңдарда феодалдық меншікті қорғауға және меншік жөніндегі дау-шарларды шешуге баса мән берілді. Феодалдық құққа қайшы келгендер қатал жазаланып отырды.
Тақырыбы: “ Қазақ ” этнонимінің пайда болуы.
XV ғ. - II жартысынан бастап, қалыптасқан халық өздерінің көршілері арасында "қазақ” деген атпен белгілі болған.
Қазақ этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы зерттеушілердің қызу талас тақырыбына айналады. Кейбір деректерде бұл термин әлеуметтік мәнінде қолданылған "қашақ” деген атаудан шықты деп есептейді. Немесе "қазақ” атауы Жәнібек пен Керей бөлініп көшіп кеткен рулық одақтарды білдіру үшін бастапқы кезде "өзбек-қазақ”, кейін "қазақ” деп аталған дейді.
"Қазақ” термині 1245 жылы Мамлюк мемлекетіндегі қыпшақтардың ортасында жазылған ерте қыпшақ жазба ескерткіштерінде (түрік-араб) сөздігінде кездеседі. Мұнда "қазақ” деген сөз "басы бос - кезбе” деген мағына береді. Қалай дегенде де "қазақ” этникалық терминінің ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, тұрақты бір шешімі жоқ.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz