Pred-a-Porter стильдегі қыз- келіншектерге арналған «РУКМИНИ» атты киім үлгісін жобалау



Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі
«Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру»
бөлімшесі
Срайл Нұрия Құлмаханбетқызы
Pred-a-Porter стильдегі қыз- келіншектерге арналған «Рукмини» атты киім үлгісін жобалау
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
0402000-«Дизайн» мамандығы
Түркістан 2015

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі
«Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру»
бөлімшесі
«Қорғауға жіберілді»
1304000-«Есептеу техникасы және
Бағдарламамен қамтамасыздандыру»
меңгерушісі:І. Керімбек
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: Pred-a-Porter стильдегі қыз- келіншектерге арналған «Рукмини» атты киім үлгісін жобалау
0402000-«Дизайн» мамандығы
Орындаған: Срайл Нұрия
Ғылыми жетекшісі: Диметова Нулифар
Түркістан 2015
КІРІСПЕ . . . 3-4
І БӨЛІМ. «РУКМИНИ» КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. «Рукмини» сән үлгілерін айқындау бағытындағы ізденістер . . . 5-26
1. 2. «Рукмини » сән үлгілерінің қызметі және дизайн обьектісі . . . 26-29
1. 3. Костюм композициясының түсі, декоры және фактурасы . . . 30-41
1. 4. «Рукмини» сән үлгілерінің түспен боялған эскизі және сыртқы техникалық эскизі мен техникалық сипаттамасы . . . 41-43
ІІ БӨЛІМ. «РУКМИНИ» СӘН ҮЛГІЛЕРІНІҢ КОНСТРУКЦИЯЛАУ НЕГІЗДЕРІ
2. 1. Конструкциялау әдістерін топтастыру . . . 44-45
2. 2. «Рукмини» сән үлгілерінің сызбасын құрастыру үшін негізгі
өлшемдерді және киімнің еркін қонымдылығына берілетін
қосымшаларды таңдап негіздеу . . . 46-50
2. 3. «Рукмини» сән үлгілерін құруға арналған есептеулер . . . 50-52
2. 4. «Рукмини» сән үлгілерінің конструкциялық сызбасын сызу,
модельдік ерекшеліктерін енгізу . . . 53-55
ІІІ БӨЛІМ. «РУКМИНИ» СӘН ҮЛГІЛЕРІН ТІГУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
3. 1. «Рукмини» сән үлгілеріне техникалық құжаттама жасау . . . 56-57
3. 2. Үлгіге арналған негізгі және қосымша маталардың шығыны…… . . . 57
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58-59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 60
Кіріспе
Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кең мүмкіндік беру керектігі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасындағы білім беруді 2005-2010 ж. ж. дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында, «Қазақстан-2030» Қазақстан Республикасының стратегиялық дамуында, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасының жоғары білім беру саласында білімді терең меңгерген мамандарға деген сұраныстың артуы мен оларды даярлаудағы әдістемелік білімділігі мен қабілеттілігі, біліктілігінің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және мамандардың даярлығын білім стандарттарының мазмұнына ылайық жетілдіру өзекті мәселе болып табылады. Қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа өнер шығармашылығы арқылы беріліп отырған эстетикалық көзқарастары мен талғамдары, педагогика тарихынан есімдері танымал ағартушы ғалымдар Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев еңбектерінде мұғалім мәдениеті мен шеберлігіне көп көңіл бөлінген. Бейнелеу өнерінің жалпы теориялық және методологиялық негіздері Н. Н. Ростовцев, В. С. Кузин, Г. В. Беда, Е. В. Шорохов т. б. еңбектерінде өзекті мәселенің негізі болған. Қазақстанның мектептеріндегі бейнелеу өнері пәнін оқыту әдістемесінің дамуын, көркемдік білім берудің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, әдістемелерін, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру мәселесіне назар аударған ғалымдар Қ. Е. Ералин, Қ. Ж. Әмірғазин, еңбектерінде ұлттық өнер негізінде оқушыларға эстетикалық тәрбие беру теориясы мен көркемдік білім беру зерттеліп, маңызы ашылып көрсетілген.
Бүгінгі тәуелсіздік таңында еліміз көптеген жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Жастарға білім беру мен оларды тәрбиелеуде сапаны арттырып, қоғам дамуына үлес қосу үшін сан-салалы істер жүргізілуде. Әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірдің жаңа жағдайлары шығармашылық өнерде де өз өрнегін айқындауға мүмкіндік бергендей. Өнер, білім, ғылым өркендеп, өркениетті 50 бәсекелес ел қатарына қосылу үшін әлі де көп тер төгіп, бар-жоғымызды түгендеп, асыл қазыналарымыздың құнын жоғарылатып, болашағымыздың жас жеткіншектері мақтана алатындай оны ары қарай жеткізуде, қадыр-қасиетін түсінетіндей, халық өнерін көзінің қарашығындай қастерлеп, жаңа технологияның өркендеуіне өзіндік үлесін тигізетіндей мұра жасауымыз қажет.
Диплом жобасының мақсаты:
Киім өнеріндегі үнді халқының дәстүрлі түрлерін қайта жаңғырту, бүгінгі заман талабына сай жаңалықтар қосу, ұлттық элементтердің мәні мен маңызын ашу.
Осы мақсатқа жеті барысында алдымызға қойылған міндеттер:
- Үнді халық дәстүрі жайлы, киім түрлері, киім технологиясындағы материалдар жайлы, киім дизайн өнеріндегі ғылыми ой-пікірлер, материалдар, шығармалар жинақтау, салыстыру, жүйеге келтіру.
- Жаңа тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің киім дизайны өнеріне өз тарапымыздан үлес қосу.
- Жас жеткіншектерге үнді халқының киім өнері үлгісін жаңа қырынан таныту.
Диплом жобасының нысаны:
Тігін өнеріндегі киім дизайны кешеніндегі жаңа туындылар.
Киім-адам денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Қоғам дамуы барысындағы материалдық, рухани, әлеуметтік талаптарға сай киім жиі өзгеріске ұшырап отырады. Киім адам денесін қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен сақтау қажеттігінен пайда болған. Киім-кешек ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйес сұлулық туралы белгілі бір ұғымын белгілетін сәнмен тығыз байланысты болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сәнде үнемі жаңарып отырады. Киімді әркім өзі бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүенеді. Жақсы киіне білүде- өнер. Киім таңдаудағы жақсы талғамдағы білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі- әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім ансамбльдерін түсімен сәніне қарай білу, яғни киім мен аяқкиімнің, басиімнің, сөмкенің бірі-біріне үйлесіп тұруына тікелей байланысты. ХХғ қалыптастыруда өнеркәсіп өндірісі, ғылымның, техниканың дамуы, жаңа материалдар белсенді роль атқарды. ХХғ үшінші жартысында мәдениеттің айрықша құнды стильдердің бірі ретінде постмодерн эклектика-көп стильдерден құрылған, көп стильдердің дамуы барысында соның ішінде 1990 жылдары прет-а-порте стилі дүниеге келді. Рукминилердің өте бай гаммасы болады. Рукминидік көк түсі титан мен темірдің А1203 матрицасындағы қоспаға негізделеді. Біздің көзіміз үйренген көк түсті тастардан басқа зергерлік сападағы қызыл қоңыр, күлгін-қызыл-қоңыр, жасыл және күлгін түс, сондай-ақ түсссіз даналары да кездеседі. Түсі: Рукмини өзінің таңғаларлық түсімен титан мен темірдің қоспасының алдында міндетті. Көк түс, көгілдір, жасыл, сары, түссіз, қызыл-қоңыр. Прет-а-порте бұл танымал модельер немесе белгілі сауда маркасының жоғары сапалы дайын киімдері.
1950 жылдары дайын киім коллекцияларын шығаруға кейбір Ж. Хейм, Ж. Фат сияқты кутюрьелер әрекет етті, алайда бұл бизнесте алғашқы болып аты шыққан Пьер Кордон болды, ол дәл осы прет-а-порте бағытына белсенді кірісті.
Прет-а-порте бұл дайын киімдер үлгісі, олар үлкен партиялармен және стандартты мөлшермен шығарылады. Дайын киімдер кішкентай сауда нүктелерінде де, сондай-ақ ірі әмбебап дүкендерінде де сатылады. Бұл дайын киім үлгілері сән салондарынан тыс жерлерде, көпшілік үшін шығарылуы мүмкін, сондай-ақ жетекші модельерлер дизайндары бойынша эксклюзивті ретпен дайындалуы да мүмкін.
- «рукмини» КОСТЮМ КОМПОЗИЦИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 «Рукмини» сән үлгілерін айқындау бағытындағы ізденістер
Үндістан - Оңтүстік Азияда Үндістан түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістан - өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол - терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж-Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі. Ол - “барлық халықтардың жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған” (Үндістанның “Халықтың жан жүрегі” мемлекеттік Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің үлгісі.
Үндістан, Үндістан Республикасы - Үнді мұхиты алабында, Гималай тауларынан оңтүстікке қарай Оңтүстік, Оңтүстік-Батыс Азия елдерін Еуропа және Африкамен байланыстыратын маңызды теңіз және әуе жолдарының торабында жатыр. Батыс жағалаулары Араб теңізінің, шығыс жағалаулары Бенгал шығанағының суларымен қоршалған. Аумағы 3, 3 млн. км² (Лаккадив, Андаман және Никобар аралдарын қоса есептегенде) . Астанасы - Дели (Нью-Дели) қаласы. Халқы 1 млрд. 33 млн. (2001), оның 72%-ы шығу тегі жағынан үнді-арийлер, 25%-ы дравидтер (негізінен оңтүстікте тұрады), 3%-ы - моңғол тектестер. Халқының 9/10 бөлігін ірі ұлттар: хиндустандықтар(31%-дай), бихарлықтар, бенгалдықтар, телугулар, маратхилер, тамильдер, гуджараттар, малаялилер, каннара, ориялар, пенджабдықтар, раджастхандар, ассамдықтар, кашмирліктер, т. б. құрайды.
Үндістан - федеративті республика, құрамына 25 штат пен 7 одақтық аумақ кіреді. Мемлекет басшысы - президент. Заң шығарушы жоғарғы органы - президент және қос палатадан (халық палатасы мен штаттар кеңесі) тұратынпарламент. Жоғарғы атқарушы органы - Министрлер кеңесі, оны премьер-министр басқарады.
Ұлттық мейрамдары: Республика күні - 26 қаңтар (1950) және Тәуелсіздік күні (15 тамыз) .
Британ Достастығының құрамына кіреді, БҰҰ-ның мүшесі (1945) . Ақша бірлігі - үндістан рупийі.
Геология
Үндістан негізінен Үндістан түбегін, Гималай мен Қарақорымның бір бөлігін, Инд-Ганг жазығының шығыс бөлігін, Бенгал шығанағы мен Араб теңізінің бірнеше аралдар тобын қамтиды. Ел аумағының 3/4 бөлігі - жазықтар мен үстірттер. Үндістанды түгел дерлік Декан таулы үстірті алып жатыр (шығысқа қарай 900 м-ден 300 м-ге дейін аласарады) . Теңіз жағалаулары негізінен аласа, құмдауыт, аз тілімденген. Кеме тоқтайтын қолайлы орындар аз, сондықтан көптеген ірі порттар өзендер жағасына (Калькутта) орналасқан немесе жасанды жолмен салынған (Мадрас) . Батысында үстірт биіктеп, Батыс Гаттар тауын құрайды. Оның теңіз жағалауындағы беткейлері тік жарлы, шығыс жағы ірі өзендердегі (Кришна, Годовари, Маханади, т. б. ) жазықтармен тілімденген. Батыс Гаттар тауы оңтүстікте Апаймалай, Кардамон тауларымен (ең биік жері - 2633 м) жалғасады. Солтүстік-батысында эрозиядан қатты бүлінген, қысқа, қатарлас қырқалардан құралатын ежелгі қатпарлы тізбек - Аравали таулары (биіктігі 1722 м-ге дейін) орналасқан. Декан үстірті солтүгінде Малва базальтты таулы жазығының жарлауыт шеті болып табылатын Виндхья тауларымен (ең биік жері - 881 м) шектеледі. Декан үстіртінің шығыс қиыр шетінде өзендермен жеке массивтерге бөлшектенген Шығыс Гаттар таулары (ең биік жері - 1680 м) орналасқан. Үндістан түбегінің солтүстігіне қарай аллювийлі Инд-Ганг жазығы жатыр. Оның солтүстігінен бастап үш тік құз баспалдақ түрінде дүние жүзіндегі ең биік таулы жүйелер - Гималай таулары мен одан солт-ке қарай Қарақорым көтеріледі (ең биік жері - Гималайдағы Нангарпарбат тауы - 8126 м) . Гималайдың бұл баспалдақтары - Сивалик таулары (800 - 1200 м), Кіші Гималай (2500 - 3000 м), Үлкен Гималай (5500 - 6000 м, одан да биік) бір-бірінен тауаралық қазаншұңқырлар тізбегімен бөлінген. Үлкен және Кіші Гималайлардың жер бедері альпілік формада, өзендермен терең бөлшектенген. Тас көмір, темір кентастары, марганец, хромит, боксит, алмас кен орындары бар.
Климат
Климаты негізінен тропиктік, солтүстігінде тропиктік муссондық. Үндістан егіншілігі үшін орасан рөл атқаратын жазғы ылғалды муссон кезінде жауын-шашынның 70 - 90%-ы түседі. Қысы құрғақ әрі салқын, наурыз айынан мамырға дейін құрғақ, ыстық маусым басталады. Қаңтардың орташа температурасы солт-тегі 15°С-тан оңт-тегі 27°С-қа, мамыр айында 28°С-тан 35°С-қа дейін жетеді. Инд-Ганг жазығының батысындағы жылдық жауын-шашын мөлш. 100 мм-ден кем болса, Деканның орталық аудандарында 300 - 400 мм, Шығыс Гималай мен Гаттардың сыртқы беткейлерінде 3000 - 6000 мм-ге, Шиллонг таулы жазығындағы (Жер шарындағы құрлықтың ең ылғалды орны) Черапунджиде 12000 мм-ге дейін жетеді. Еріген қар, мұздықтар мен жауын-шашын суымен толығатын Гималайдан басталатын өзендердің суы жыл бойы мол болады. Декан үстіртіндегі өзендер ағыны муссондық маусымға байланысты өзгеріп отырады, маусымнан қазан айына дейін суы молаяды. Барлық ірі өзендерде жазда су деңгейінің шұғыл көтерілуі байқалып, тасқын жиі болып тұрады.
Археологиялық ескерткіштер Үндістанда тас ғасыры кезеңінің өзінде-ақ адамзат қоғамының өмір сүргенін дәлелдейді. Бұл дәуірдің қабаттарынан шелль-ашель мәдениетіне жататын тас құралдар табылған. Инд өзенің жазығынан табылған қола мәдениетінің қалдықтары б. з. б. 3-мыңжылдықтың бас кезіне жатады. Инд жазығындағы ежелгі мәдениеттер б. з. б. 3-мыңжылдықтың 2-жартысынан б. з. б. 2-мыңжылдықтың 1-жартысына дейін, Гуджтаратта бұдан да бұрынырақта пайда болған деп есептелінеді (Хараппа мәдениеті) . Б. з. б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысында Үндістанға арийлер келіп, алғашында Пенджабты, соңынан Ганг жазығын мекендеді. Ежелгі үнді діни мадақтау жырлары мен жадылау өлеңдерінің жинағы - ведалар арий тайпаларының өмірін суреттейді. Арийлер мал, егін өсірумен айналысып, әр түрлі қолөнерді меңгерді, сауда-саттық жүргізді. Б. з. б. 1-мыңжылдықтың 1-жартысында Солтүстік Үндістанда бірнеше құл иеленуші мемлекеттер пайда болды. Бұл кезеңнің тарихы аз зерттелген. Б. з. б. 6 ғасырдағы құл иеленуші мемлекеттердің көпшілігі Солтүстік Үндістанның шығыс бөлігінде, Ганг мен Джамна өзендерінің алаптарында орналасты (Анга, Магадха, Вриджи, Каши, Кошала, Панчала, Ватса, Куру, т. б. мемлекеттер) . Олардан солтүстік-батысқа және оңтүстікке қарай орналасқанГандхара, Аванти, т. б. мемлекеттер жөнінде деректер аз сақталған.
Бұл құл иеленуші мемлекеттердің халқы 4 топтан құралды:
- брахмандар;
- кшатриялар;
- вайшьялар;
- шудралар.
Олардың алғашқы екеуі артықшылық жағдайда болды. Патша қазынасына егіншілер түскен өнімнің 1/6 - 1/12 бөлігін берді. Патша сондай-ақ қолөнершілер еңбегін пайдалану (айына 1 күн), әр түрлі алым-салықтар жинау құқығына ие болды. Егіншілер рулық және көршілік қауым болып өмір сүрді. Құлдардың еңбегі негізінен үй ш-нда пайдаланылды. Б. з. б. 6 - 4 ғасырларда қол жеткен экон. прогресс ежелгі үнді қоғамы өмірінің жағдайларына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Тауар-ақша қатынастарының дамуы құлдықтың таралуына жағдай жасады. Әлеум. қарама-қайшылықтардың өсуі діни-сектанттық қозғалысты туғызды, олардың ішінен буддизм мен джайнизм ерекшеленді. Б. з. б. 4 ғасырдың ортасында Нанд әулеті билеген Магадха мемлекетіне Ганг жазығы түгел бағынды. Инд өз. жазығының бір бөлігін Ахемен әулеті жаулап алды. Б. з. б. 327 - 325 жылы Үндістанға Александр Македонский әскері баса-көктеп кіріп, Биас өзендеріне дейінгі жерді иеленді. Магадханың көршілес аймақтарды басып алуы Маурья әулеті тұсында да жалғаса берді. Ашок патшаның кезінде Маурья әулеті Үндістанға түгелдей дерлік, қазіргі Ауғанстан аумағының бір бөлігіне өз биліктерін орнатты. Олар күшті әкімш. және әскери аппарат құрды. Бірақ ішкі қарама-қайшылықтар мен Үндістанға бактрия гректерінің баса-көктеп кіруі оларды әлсіретіп жіберді. Б. з. б. 2 - 1 ғасырларда Солтустік Үндістанда грек-бактриялықтар, парфиялықтар мен шактардың көптеген әулеттері билік жүргізді. Осы кезде Деканда Сатавахандар мемлекеті күшейе бастады. Б. з. б. 1 ғасырда Солтүстік Үндістанның көпшілік бөлігі Кушан патшалығының билігіне көшті. 1 - 3 ғасырларда Үндістан Риммен қызу сауда жүргізді. Шығыстағы елдермен, Қытаймен сауда қатынастары кеңейді. 6 - 12 ғасырларда Үндістанда көптеген ортағасырлық мемлекеттер өмір сүрді. Олардың арасында үздіксіз соғыс жүрді. 8 - 10 ғасырларда Солтүстік Үндістандағы мемлекеттердің неғұрлым ірілері - Палдар мен Гурджара- еді. 8 ғасырдың басында Синдіні арабтар жаулап алып, елге ислам діні тарай бастады. 11 ғасырдың бас кезінде Үндістанның солтүгіне Ғазнауи сұлтандығының билеушісі - Махмұд Ғазнауи бірнеше рет жорық жасап, Пенджабтың біраз бөлігін бағындырды. 12 ғасырдың соңы - 13 ғасырдың бас кезінде Солтүстік Үндістанды Гурлар мемлекетінің билеушісі - Мұхаммед жаулап алды. Ол қайтыс болғаннан кейін оның Ганг жазығындағы жергілікті билеушісі өзін тәуелсіз деп жариялап, астанасы Дели болған өз мемлекетін құрды (қ. Дели сұлтандығы) . Кришна өзеннен оңтүстікке қарай 14 ғасырдан 17 ғасырдың 1-жартысына дейінгі аралықта үлкен мемлекет - Виджаянагар өмір сүрді. 1565 жылы Виджаянагар билеушісі Кришна өзеннің жағасында Декан мұсылман одағынан жеңіліп, патшалығы ыдырап кетті. 17 ғасырдың ортасына таман бірнеше дербес князьдіктер құрылды (Мадура, Майсур, т. б. ) .
Үнді - будда мәдениеті . Жер шарындағы қасиетті де, құдіретті мәдениеттердің бірі - Үнді мемлекетінде қалыптасып өркендеген үнді-будда мәдениеті . Үнді елінің ғасырлар бойғы мәдени дәстүрлері оның талантты халқының діни сана-сезімінің қалыптасып, дамуымен тығыз байланысты болды.
"Будда"
Үнді жеріне келген арийлер өздерімен бірге б. з. б. 2000 жылы шыға бастаған көне мәдени мұралардың бірі - Ведаларды ала келіп, оны жергілікті халықтың арасына кеңінен тарата бастады. Ведалар дегеніміз - діни сарындағы дұғалардың, құрбандық шалу кезінде айтылатын суреттемелердің, табиғаттың поэтикалық бейнесінен хабардар ететін өлеңдердің жиынтығы. Үндінің атақты жазушысы Рабиндранат Тагор ведалық гимндерді «Халықтың қуанышшаттығы мен оның өмірге деген сүйіспеншілігі мен қорқынышының поэтикалық куәгері» деп өте жоғары бағалаған болатын. «Жаратушы әні» гимнінде бізді қоршаған дүние былай деп сипатталады: «Ең алғашқы кезеңде дүние хаос жағдайында болды. Бірақ, уақыт өткен сайын адамзат баласының тіршілік етуге деген құлшынысы байқалды, соның нәтижесінде жарық, одан кейін аспан мен су патшалығы пайда болды. Міне, дәл осы кезден бастап жер бетінде тіршілік қалыптасты, ал құдайлар дүние жаратылғаннан кейін барып пайда болды». Шамамен, б. з. б. 800 жылында қалыптасқан упанишадтар үнді-арийлердің діни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Өйткені, упанишадтар адамның ішкі жан дүниесі, оның өмірінің мән-мағынасы, адамды ақиқат пен шындыққа апарар жолдар мен олардың бұл өмірдегі маңызы, өлім мен мәңгілік ғұмыр жайындағы діни-философиялық толғауларға толы болып келеді. Ең бастысы - упанишадтарда Брахман мен Атман идеялары кеңінен көрініс тапқан. Брахман - абсолютті шындық, абсолютті руханилылық, бұл дүниеде одан тысқары еш нәрсе де жоқ, олай болса бізді қоршаған ортаның мәні де осы Брахманда. Ол Атман болса осы жағдайларды ескере отырып - жеке тұлғаны мойындау. Упанишадтар діни философиялық ой-сананың дамуына түрткі болды, сөйтіп көп ұзамай-ақ оның алты мектебі қалыптасты.
Үнді-будда мөдениетіне тән қасиет дін мен философияның өзара тығыз байланыста болып, ұштаса білуінде. Бұл туралыГегель былай деп жазды: «Үнді мәдениеті - жоғары дамыған сан-салалы құдіретті мәдениет, бірақ олардың философиясы дінмен сабақтас, өзара тығыз байланыста болып келеді. Философия ғылымы айналысатын мәселелерді діннен де көптеп кездестіруге болады. Сондықтан да болар, ведалар - діннің ғана негізі емес, сонымен қатар философияның да негізі болып саналады»
Бір-бірімен өзара тығыз байланыста, ірі табиғи бірлікте болуына қарамастан үнді философиясының алты классикалық мектебі де адамның әлемге дүниетанымдық қарым-қатынастарының сан саласын қамтып, танып-білудің түрлі әдістерін қарастырады. Мысалы, «миманса» - діни салт-жораларды түсіндірумен айналысады және діни құрбандықтар шалуды жақтайды. Құрбандық шалу- адамның құдай алдындағы өз парызын (дхарма) өтеуі болып саналады, онсыз «карманың» құрсауынан адам еш уақытта да шыға алмайды. «Карма» бүкіл үнді мәдениетінде айрықша орынға ие болған. Кең мағынада алғанда, карма дегеніміз - әрбір адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарларының жиынтығы, осы арқылы оның болашақтағы тағдыры анықталады, ал тар мағынасындағы кара адамның тіршіліктегі жасаған іс-әрекеттерінің қазіргі өмірі мен болашағына әсері. Кей жағдайларда, жоғарыда атап көрсеткен «мимансаны» атеистік ілімге де жатқызады, өйткені ол дүниенің атомдардан түратындығын мойындайды. Сөйтіп дүниені материалистік түрғыдан сипаттаудың арқасында Құдайды мойындаудың мәні жойылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz