Жоғары оқу орындарында мектеп менеджерлерін басқарушылық қызметке даярлаудағы педагогикалық менеджменттің маңызын анықтау


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1. Жоғары оқу орындарында басқару қызметіне мектеп менеджерлерін

даярлаудың педагогикалық-психологиялық негіздері . . . 10

  1. Білім беру менеджерлерін даярлау педагогикалық білім сапасын

көтеру факторы ретінде . . . 10

  1. Білім беру менеджерлерін шетелдік және отандық мектептерде

дайындау тәжірибе негіздері . . . 19

1. 3. Білім беру менеджерлерін шетелдік және отандық мектептерде даярлау

тәжірибесі мен концептуалды негізі . . . …30

2. Университет жүйесінде білімдендіру менеджерлерін даярлау

2. 1 Қазіргі кездегі білім беру менеджерлерінің құрылымдық үлгісі

(моделі) . . . 41

2. 2 Болашақ мектеп менеджерлерін даярлау жүйесіне компетенттік

тұрғыдан келу . . . 44

2. 3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарының нәтижелері . . . 53

Қорытынды . . . 60

Әдебиеттер тізімі . . . 61

Қосымшалар . . . 65

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Әлемдегі заманауи әлеуметтік-экономикалық динамика өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің және қоғамның басқа да салаларының жаңа өлшемдерін талап етеді. Әлемдік экономикадағы өзгерістер тез өзгеретін бәсекеге қабілетті ортаға бейімделу қажеттілігін туындатты, адам капиталына, білім сапасына жоғары талаптар қойды. Қазақстан Республикасы, әлемдегі басқа да мемлекеттер секілді, заман талабына сай өзінің білім беру сферасын экстенсивті дамыту жолында. Білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, халықаралық білім беру кеңістігіне ену жөнінде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан білім беру жүйесіндегі көпсатылы реформалардың қазіргі кезеңі ең алдымен, бүкіләлемдік интеграцияға, оқу жоспары мен бағдарламаларын әлем тенденцияларына сәйкес түзету, сонымен қатар жоғарғы оқу орындарының және сонда дайындалатын мамандардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату.

Қазақстанның білім беру саласындағы жүйелі өзгерістер әлемдік деңгейдегі болып жатқан жаңашыл бастамалармен үндес. Қоғамның басқа салаларымен салыстырғанда білім беру жүйесіндегі жаңа сапалық деңгейге жету мақсатындағы жоспарланған өзгерістер бір сәттік немесе бір жылдық іс емес.

Білім беру кез келген қоғамның маңызды құрылымы болып табылады. Себебі ол болашақ ұрпақты өмірге, мамандыққа дайындаудың формасы ғана емес, құндылықтар мен нормалардың мәдениетке трансформациялануының формасы. Яғни, білім беруді үлкен әлеуметтік контекстен тыс қарау зерттеушіні маңызды әдіснамалық кеңістіктен тысқары шығарып, бағалау мен болжамдарды біржақты жасауға итермелейді. Алайда тұтастық кеңістігіне алдағы мақсаттар мен міндеттерді нақты анықтап алмай ену ешқандай нәтиже бермеуі мүмкін.

Кәсіби білім беретін ұйымдардың іс-әрекеті экономикалық заңдылықтарға бағынады және елде жүріп жатқан экономикалық үдерістердің басым көпшілігінің ықпалын сезінеді. О. А. Свиридов білім берудің даму деңгейі мен мемлекет масштабындағы шаруашылық механизмдердің жағдайы арасындағы байланысты және білім беру жүйесінің білім беру қызметі тұтынушыларының нақты мүдделеріне тәуелділігін айта отырып, білім берудің әрі әлеуметтік институт, әрі өндіріс саласы және қызмет көрсету саласы екендігіне тоқталады. Демек, кәсіби білім беру жүйесіндегі дағдарыстық құбылыстардың түп мәнін экономикадан іздеген жөн. Мұндай түсіндірмелік байланыс бойынша ізденуде «адам капиталы» теориясы бағыт нұсқаушы бола алады. Бұл амал дағдарыс себептерін анықтап қана қоймай, одан шығу жолдарын іздестіруде де көмекші болады. Жалпы тығырықтан шығудың жолы, басқаруға жаңашылдық ендірумен сипатталады. Осыған байланысты білім беру жүйесін жаңаша басқару мақсатында педагогикалық менеджмент туындады және сәйкесінше басқарушылар даярлануы тиіс болды. Білім менеджерлерін даярлау бүгінгі заман талабы. Өйткені, білім беру мекемелерін басқарып, оның жұмысын нәтижелі бағытта ұйымдастыру тек қана білікті де, білімді менеджерлердің жетекшілігімен жүзеге асатынын ескеретін болсақ, білім беруді басқарудың қаншалықты маңызды екендігіне айқын көз жеткіземіз. Педагогика ғылымы мен тәжірибесінде тұтас педагогикалық үдерісті басқару ғылыми тұрғыдан қарастырылып, оған қатаң ғылыми негізделген сипат беруге деген ұмтылыс күшейе түсуде. Шындығында басқару тек техникалық және өндірістік үдерістерге ғана емес, сонымен бірге күрделі әлеуметтік жүйе үшін де педагогикалық менеджмент қажет.

Соңғы жылдары білім беруді жаңаландырудың негізгі тенденциялары оқытудың гуманизация, гуманитаризация, демократизация, децентрализация, дифференциация, индивидуализациясымен сипатталады. Білім берудің ұлттық моделінің қалыптасу мен бекітілу процесі белсенді жүруде, оның негізгі идеясы - ұлттық-мәдени негізде тұлға мен қоғам талабына сай өзін-өзі дамытуға қабілетті білім беру мен тәрбие жүйесін құру. Ал бұл алдымен, мектепке дейінгі ұйымдарда қызмет ететін тәрбиешілерден, жалпы білім беретін мектептерде тәрбие мен оқу процесін ұйымдастыратын мұғалімдерден, педагогикалық процесс пен педагогикалық ұжымды басқаратын басқарушыдан, білім беру департаментінде жұмыс атқаратын қызметкерлерден, ең бастысы - осы аталған мамандарды дайындайтын жоғары оқу орындарынан басталуы керек деп есептеймін. Ескі кеңестік білім беру жүйесі біртекті, еш вариативсіз, оқыту мазмұны орталықтандырылған жоспарланумен ерекшеленетін тұлғаны дамытуға емес, білім-білік-дағдыны қалыптастыруға бағытталған жүйе болса, бүгінгі таңда оқу-тәрбие процесінің негізінде тұлға, тұлғаның қызығушылықтары, қажеттіліктері мен мүмкіндіктері тұр. Қазіргі уақытта мектептің дамуына кедергі келтіретін жаңа проблемелар пайда болды - ұйымдастырушылық-басқарушылық. Шынымен-ақ, даму үстіндегі мектеп өзге типтегі басшыны - мектепті тек басқарып қана қоймай, оны сапа тұрғысынан жаңа деңгейге көтеруге қабілетті эффективті менеджерді - қажет етеді. Бұған Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауындағы: “Білімді дамыта білмейтін ел XXI ғасырда сәтсіздікке ұшырайды. Біз келешектің ғылыми өндірісі үшін жоғары технологиялы кадрлық қор қалыптастыруымыз керек. Біз заманауи білім беру жүйесі мен кең масштабты, жаңаша ойлайтын менеджерлерсіз инновациялық экономиканы құра алмаймыз, ”-деген сөзі дәлел.

“Менеджер” ұғымы ең алдымен, кәсіби басқарушылық базалық білімі сипатындағы жаңа типтегі басшы ретінде түсіндіріледі. Білім беру мекемелерін басқару - кез келгені жинақтай алатын тәжірибе ғана емес, ол терең меңгеруді қажет ететін ғылыми білімдер жүйесі, және туа біткен қабілетті, ерекше дарындылықты, лидерлік қасиеттерді талап ететін өнер. Заманауи білім беру мекемесінің басшысы - ол тек қызмет қана емес, кәсіп те, өйткені бұл қызмет кәсіптің барлық белгілеріне ие: жетекші іс-әрекет, арнайы білімді, білік пен дағдыны, арнайы тұлғалық әрі кәсіби сапаларды міндеттейді.

Осы уақытқа дейін білім беру мекемелерінің басшылары басқарушылық білімді курстық қайта дайындау ұйымдары арқылы тек квалификациясын жоғарлату жүйесінде ғана алған еді. Осыған орай кейбір маман-ғалымдардың пікірінше (Т. И. Шамова, В. С. Лазарев, Г. В. Михайлов, М. М. Поташник, Ю. А. Конаржевский, В. П. Симонов, О. Кирилова, В. Ю. Кричевский, П. И. Третьяков, Н. А. Лебедева, В. Терентьев, А. Короткевич, Н. В. Кухарев, В. И. Бондарь, Н. Костылева, А. Кузибецкий, Н. Рождественская және т. б. ), заманауи басшы өзінен-өзі “туа біткен дарындылық” болып пайда бола қоймайды, қысқа мерзімдік оқу курстары нәтижесінде қалыптаса салмайды. Базалық басқарушылық-педагогикалық білімді студенттік партадан алу қажеттілігі туындаған кез келді. Соңғы кезде дәл осы мәселеге байланысты ғылыми зерттеулер мен публикациялар шыға бастады. Олардың көбісінде мектеп директоры қызметінің мазмұны жан-жақты талқыланды, кәсіби білім, білік пен дағдылар жүйесі, тұлғаға қойылатын талаптар қарастырылды, квалификациясын жоғарлату институттарындағы дайындау және қайта дайындау тәжірибелері сипатталды. Сонымен қатар, білім беру менеджерлерін арнайы курстар мен “Білім беруді басқару” мамандығы арқылы экономикалық бағытта дайындау мәселесі жөнінде алғашқы жұмыстар пайда болды (Н. Беляцкий, И. Д. Ладанов, Р. С. Каренов, Поль де Брюйн, В. Н. Чурматнеева, Д. Н. Бобрышев, В. Л. Мокряк, Н. А. Сакада, В. Н. Почтарук, Х. Зидентопф, З. Издебский, Е. Турей, Ю. Н. Голубева, Н. И. Боярко, З. Гельманова, З. Магрупова, Ю. А. Морозов, Ф. Ф. Аунапу, Ю. А. Розенбаум, Е. Голубчиков, С. И. Семенцов және т. б. ) . Бірақ бұл жұмыстарда басқару ғылыми-педагогикалық контекстен тыс түрлі аспектіде қарастырылған.

Білім беру мекемесін басқару басқа бір мекемені, кәсіпорынды немесе әлеуметтік ұйымды, басқарудан мүлдем ерекшеленеді. Ол педагогикалық мазмұнға толғанда және қойылған міндеттерді шешуге, оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеруге, соңында өскелең ұрпақтың оқу мен тәрбие процесі сапасын көтеруге бағытталғанда ғана нақты мәнге ие болады. Сондықтан да, біздің ойымызша, білім беру менеджерлерін басқарушылық-педагогикалық қызметке дайындаудың тағы бір эффективті формасы бар - ол “Педагогика” бағытындағы “Білім беру саласындағы менеджер” мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім алу. Өйткені, білім берудегі болашақ менеджерлерді дайындау педагогикалық білімдер негізінде жүзеге асуы керек, басқару теориясы саласындағы маман тұлғаны оқыту, тәрбиелеу мен дамыту заңдылықтарын терең білуі тиіс. Осылайша, білім берудегі болашақ менеджерлерді басқарушылық қызметке дайындау мәселесінің өзектілігі мектеп пен оның басшылар жұмысының жаңалануын қоғам тарапынан күтумен, басқарушы кадрлардың кәсіби деңгейде тамырымен өзгеруі үшін іс-тәжірибе қажеттілігімен, жоғары білім беруде оларды дайындаудың тұтас жүйесінің жоқтығымен анықталады.

Әлемдік менеджменттің теориясы мен практикасының талдауы бойынша, классикалық менеджменттің жетекші принципі болып адам факторын ескеру принципі табылады. Ғылыми менеджмент саласындағы қазіргі жұмыстарда менеджер - ұйымның ортақ мақсатына жетуде адамдардың біріккен іс-әрекетінің табысты болуын анықтайтын фигура және оған кәсіби білім керек деген пікір ерекше атап көрсетілуде (М. В. Колтунова, В. Царева, А. Блинов, А. Тур, В. В. Мехедов, В. Н. Скворцов, Д. Р. Принбекова, С. С. Хасенова, Р. Ф. Тагинцева, Л. А. Шипилина, Е. Н. Гребенюк, Л. В. Журавлева) . Менеджерлерді дайындау барысында менеджменттің теориясы мен практикасын меңгеруге және болашақ басшының жетекші қасиеті ретінде өзін-өзі дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Менеджерлерді дайындаудың білім беру жүйесінің әр мемлекетте (мысалы, АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа, т. б. ) әртүрлілігіне қарамастан, кез келген деңгейдегі басшы немесе менеджер берілген қызметке сәйкес келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

  • білімін үнемі жаңаландыруға ұмтылу;
  • экстремалды жағдайларда шешімді тез әрі дұрыс қабылдауға қабілетті және белгілі дәрежеде тәуекелділікке дайын болу;
  • қажетті коммуникативтілікті игеру, қоластындағылардың психологиясын жақсы түсіне алу, басқаруды кооперативті стильді ұстану;
  • қызметтегі міндеттері мен мекеме дамуының стратегиялық мақсаты арасындағы байланысты түсіну және қабылдаған шешімдердің салдарын білу.

Басқарушы кадрларын дайындау мәселесін Н. В. Кухарев, В. И. Бондарь, П. Брюйин, В. В. Чурмантеева, Д. Н. Бобрышев, В. Л. Мокряк, Н. А. Сакада, В. Н. Почтарук, Х. Зидентопф, З. Издебский, Е. Турей, Ю. Н. Голубев, Н. И. Боярко, З. Гельманова, З. Магрупова, Ю. А. Морозов, Ф. Ф. Аунапу, Ю. А. Розенбаум, Е. Голубчиков, С. Семенцов, Турин тобының ғалымдары, В. И. Долгова, Л. Б. Садовникова-Крысик, А. И. Панов, Ю. И. Иванов, Г. В. Можаева, А. Стрыгин, М. Соколова, А. Морита, Р. Х. Шакуров қарастырған;

Мектептегі білім беру менеджерлері үшін оқу процесіне жаңа пәнді негізу: Е. Лосевская, В. А. Балабан;

Басқару кадрларын дайындауда оқыту әдістерін қолдануды Т. М. Куриленко, М. А. Пивоварова, В. С. Бородай, А. Жукова, Л. Руднева, С. А. Габрусевич, Г. А. Зорин, С. Д. Неверкович, И. Курочкин, Ю. В. Громыко, Д. В. Татьяченко, С. Г. Воронщиков, В. В. Ходырев, Г. И. Рыбникова қарастырған.

Жоғары оқу орын жағдайында мектеп менеджерлерін басқарушылық қызметке дайындау С. С. Хасенова, Р. Ф. Тагинцева, Л. А. Шипилина, Л. А. Гребенюк, Л. В. Журавлева, Д. Н. Сухиненко, И. М. Курдюмова, В. Сенашенко, Н. Сенторова, Э. М. Коротков, З. А. Исаева, З. М. Садвакасова еңбектерінде қарастырылған.

Білім беру саласындағы теориялық және эксперименталдық жұмыстардың көптігіне қарамастан, бүгінгі таңда қазақстандық жағдайды ескере отырып педагогикалық университеттерде білім беру менеджерлерін дайындаудың концепциясы құрастырылмаған, осы процесті бағдарламалық және оқу-әдістемелік қамсыздандыру жасалмаған. Бұл саладағы зерттеулер үзік-үзік, сондықтан осындай зерттеулердің оқытудың жалпы моделімен өзара байланысының толық бейнесін құру қиынға соғады.

Біздің зерттеу мәселеміз: мектеп менеджерлеріне берілетін басқарушылық білімнің мәні мен мазмұны неде; жоғары оқу орындарында болашақ мектеп менеджерлеріне басқарушылық білімнің теориясы мен технологиясын тиімді меңгеру үшін қандай педагогикалық жағдай жасау керек деген мәселе диплом жұмысымыздың негізі болып отыр, сондықтан да тақырыпты “Мектепті басқарудағы педагогикалық менеджменттің ролі” деп алуымызға тура келді.

Мақсаты: жоғары оқу орындарында мектеп менеджерлерін басқарушылық қызметке даярлаудағы педагогикалық менеджменттің маңызын анықтау.

Объектісі: Мектепті басқару үдерісі.

Пәні: жоғары оқу орнында мектеп менеджерлерін басқарушылық қызметке даярлауда педагогикалық менеджменттің қызметі.

Болжамы :

мектеп менеджерлерін басқарушылық қызметке дайындау нәтижелі болады, егер де жоғары оқу орны құрылымында біртұтас интегративті жүйе құрылса, оның құрамында:

  • аралық және соңғы нәтижеге негізделген қызмет субъектісі ретінде мектеп менеджерлерін дайындаудың моделі;
  • интеграция, біртұтастық және оптималдылық принциптеріне негізделген дидактикалық жүйенің оқу жоспарына енгізілген басқарушылық білімнің мазмұны;
  • танымдық және тәжірибелік қызметтің ерекше формасы ретінде біліктілік көзқарас негізінде оқыту технологиясы, оның көмегімен болашақ маманда рефлексивті позиция мен өзін-өзі дамыту дамиды.

Міндеттері :

1. Білім беру менеджерлерін даярлаудың қазіргі жағдайдағы теориясы мен практикасын меңгеру және талдау.

2. Білім берудегі болашақ мектеп менеджерлерін басқарушылық қызметке даярлау жүйесінің әдістемелік, психологиялық-педагогикалық және басқарушылық негізін ашу.

3. Білім берудегі мектеп менеджерлерін даярлау мазмұнының моделін жасау.

  1. Жоғары оқу орнында білім берудегі мектеп менеджерлерін басқарушылық қызметке даярлаудың тиімді оқыту технологиясын жасау.

Зерттеудің жетекші идеясы. Заманауи әлеуметтік-экономикалық жағдайда базалық кәсіби-басқарушылық білімі бар мектеп менеджерлерін даярлау жаңаланған және сапалы даму үстіндегі білім беру мекемелерінің қажеттіліктеріне ие болып отыр. Бұл қажеттілікті танымдық және тәжірибелік қызметтің ерекше формасы ретінде біліктілік көзқарас негізінде, болашақ маманның басқарушылық әрі педагогикалық білімінің әдістемесі, теориясы мен технологиясының интеграциясы негізінде қанағаттандыруға болады және мұнда педагогикалық менеджменттің атқаратын маңызы зор.

Зерттеу барысында әдістер кешені қолданылады.

Теориялық деңгейдегі әдістер: мәселеге байланысты философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, басқарушылық әдебиеттерді талдау, абстрактіден нақтылыққа көшу әдісі, салыстыру, синтез, модельдеу, ойша эксперимент.

Эмпирикалық деңгейдегі әдістер : бақылау, сұрақтама мен бағалау, менеджерлерді даярлау саласындағы педагогикалық озық тәжірибелерді игеру, құжаттарды талдау, педагогикалық эксперимент.

Зерттеудің теориялық-әдістемелік базасын педагогикалық жүйе мен оны басқаруға әдістемелік тұрғыдан келу теориясы, оқу-тәрбиелеу поцесін гуманизациялаудағы заманауи психологиялық-педагогикалық концепциялар құрайды.

Зерттеудің көздерін менеджмент бойынша еңбектер, жалпы менеджерлерді, соның ішінде білім берудегі менеджерлерді даярлаудың шетелдік және отандық тәжірибелері, жоғары оқу орындарының оқу жоспары мен бағдарламалары, оқулықтар мен оқу құралдары құрайды.

Зерттеудің кезеңдері. Бірінші кезең (қазан 2009жыл) тақырып таңдалып, мектепті басқарудың қазіргі проблемаларын талдауға арналды. Мәселе бойынша материалдар қоры мен әдебиеттер тізімі жинақталды, ғылыми аппарат анықталды. Екінші кезең (қаңтар 2009жыл) мектеп менеджерлерін басқарушылық қызметке даярлау мәселесінің негізі, оның мазмұны белгіленді, теориялық бөлім толығымен анықталды. Үшінші кезең (сәуір 2010 жыл) эксперименталдық бөлімнің тәжірибелік жұмысы “050103 - Педагогика және психология” мамандығының студенттеріне бағытталды, білім берудегі болашақ мектеп менеджерлерінің жоғары оқу орнында басқарушылық қызметтің теориясы мен технологиясын меңгеруіне қолайлы педагогикалық жағдайлар жиынтығын жасау.

Зерттеудің базасы Орталық Азия университетінің “Педагогика және психология” бакалавриат студенттері.

Бітіру жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің өзектілігі дәлелденеді, объектісі, пәні, мақсаты мен міндеті, жетекші идеясы, теориялық-әдістемелік базасы, кезеңдері, жаңалығы айқындалады, болжам жасалады.

Жұмысымыздың “Жоғары оқу орындарында мектеп менеджерлерін басқарушылық қызметке даярлаудың педагогикалық-психологиялық негіздері” атты тарауында білім беру менеджерлерін даярлау проблемасы қозғалады, оларды шетелдік және отандық мектептерде дайындау тәжірибесі мен концептуалды негізі қарастырылады, болашақ мектеп менеджерлерін даярлауға компетенттік тұрғыдан келу мәселесі талқыланады.

“Университет жүйесінде білімдендіру менеджерлерін даярлау” атты тарауында қазіргі кездегі білім беру менеджерінің моделі құрылып, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізілді.

Қорытындыда жұмыстың қорытындысы беріледі, келешекте осы зерттеудің жалғасы мен перспективалары көзделеді.

1. Жоғары оқу орындарында басқару қызметіне

мектеп менеджерлеріні даярлаудың

педагогикалық-психологиялық негіздері

  1. Білім беру менеджерлерін даярлау педагогикалық білім

сапасын көтеру факторы ретінде.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін көпдеңгейлі реформалаудың қазіргі кезеңі білім сапасын көтеруді және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындап, тиімді қызмет ететін білім беру жүйесінің ұлттық моделін құруға бағытталған. Бүгінгі таңда білім берудің жаңа принциптерінің қалыптасуы мен бекітілу процесі қарқынды жүруде, білім саласындағы халықаралық байланыстарды кеңейту мен әлемдік білім кеңістігіне ену жұмыстары атқарылуда. Біз өзіміздің зерттеуімізде негізгі мәселе ретінде басқарушылар, білім менеджерлерін даярлауда педагогикалық менеджменттің маңызын көрсетуді алға қойдық. Ол ең алдымен маман даярлығынан басталаныты кімге болса да мәлім.

Қазақстандық қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі жағдайы мен жақын келешегіне болжамы еліміздің нарықтың экономикасы кәсіби жоғары оқу орындарының түлектеріне жаңа талаптар қоятынын көрсетеді. Олар әлемдік білім деңгейіне, әлемдік стандартқа сай білім мен біліктілікке ие болулары керек. Бірінші кезекте ол:

  • жалпы білім деңгейінің жоғарылығы;
  • терең де тар кәсіби, профильді білім негізінде жалпы біліми, техникалық, психологиялық, педагогикалық, экономикалық, құқықтық дайындықтың кеңдігі;
  • кәсіби біліктілік, жоғары кәсіби шеберлік, тәртіптілік пен еңбек сапасы;
  • өзіндік жоспарлау, өзінің еңбек қызметін жүзеге асыру мен бақылау қабілеті, әсіресе, заманауи есептеуіш және ақпараттық техника құралдарын пайдалану арқылы;
  • өз іс-әрекетіне өзі талдау жасай алу қабілеті, инициатива, шешімді өзі қабылдай алуы мен өз іс-әрекетінің нәтижесіне жауапкершілік арту, әсіресе, экстрималды және тәуекелділік жағдайларында;
  • өзін-өзі білімдендіруге, өзін-өзі оқытуға дайындығы, әдебиеттермен жұмыс жасай алуы;
  • еңбекті ұжымдық формада ұйымдастыру жағдайында топпен жұмыс жасай алуы;
  • мобильділік, коммуникативтілік;
  • ұжымды басқара алу қабілеті;
  • әлеуметтік жауапкершілік сезімінің жоғарылығы;
  • еңбектің интенсивті өзгеру жағдайына жоғары төзімділік пен кәсіби жарамдығы:
  • салауатты өмір салтын жүргізе алуы; оның ішінде, жүріс-тұрыс мәдениеті, тамақтану, жеке бас гигиенасы [1, Б. 21-22] .

Қазiргi заман мектебi - күрделi жүйе, ол оқушылардың, оларды оқытып, тәрбиелейтiн мұғалiмдердiң, мектеп әкiмшiлiгiнiң (директоры, оның оқу және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары), оқу-тәрбиелiк және қызмет көрсететiн адамдардың іс-әрекетiнен, мектеп алдында тұрған жалпы мiндеттердi шешуге белгiлi бiр жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады. Сонымен қатар, мектеп дегенiмiз - мұғалiмдер мен онда қызмет ететiн адамдар ұжымы, олар бiлiм беру жүйесiн мемлекеттiк тұрғыдан басқарудың объектiлерi болып табылады. Қазiргi мектептi өзара байланысы бар, iшкi құрылымы және социуммен белгiленетін тұтас әлуметтiк-педагогикалық жүйе ретiнде қарастыру керек. Ол өзара тығыз байланысты екi жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылушы. Бұл қазiргi кез-келген оқу-бiлiм беру мекемесiнiң алдына өмiрдiң өзi қойып отырған мiндеттердi жүзеге асыру бойынша барлық жұмыстың басты ұйымдастырушысы ретiндегi мектеп менеджерінің тiкелей басқару іс-әрекетiнде көрiну керек. Мектеп басшылығы мен мұғалiмдерден тұратын басқару жүйесi жетекшi болып келедi. Басқарылушы кiшi жүйеге оқушылар мен олардың ұйымдары жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепті басқарудың мақсаты мен міндеттері
Жоғары мектептегі ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау мәселесі
Жалпы кәсіби құзіреттілік
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне жаңа педагогикалық технологияларды меңгертудің педагогикалық шарттары
Менеджмент пәнін оқытуда дамыта оқытудың тиімділігі
Жалпы білім беретін мектепті басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Туризм саласындағы мамандарды даярлау
Білім сапасын басқару
Мектеп қызметін басқару
Басшыларды іріктеу жүйесінің тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz