Балалардың шығармашылық дамуының міндеттері мен олардың шешім жолдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Балалардың шығармашылық дамуының міндеттері мен олардың шешім жолдары.

Жоспары:

  1. Шығармашылық жұмыстардың түрлері мен қызметі
  2. Олардың шешу жолдары

Шығармашылық - адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкіртін өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуы тиіс. Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы керек. Шығармашылықтың түрленрі көп. Алайда, біздің нысанамыз сөз өнері - өнердің биік шыны. Бұл ретте ұлы ұстаз А. Байтұрсыновтың сөз өнері туралы мына пікірі соншалықты бағалы.

“Сөз өнері - адам санасының үш негізіне сүйенеді: 1. ақылға; 2. қиялға; 3. көңілге”.

Ақыл ісі - андау, яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау.

Қиял ісі - меңсез, яғни ойдағы бар нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеп суреттеп ойлау.

Көңіл ісі - түю, талдау, яғни ұлы сыншының айтуынша, балаға сөз өнерін меңгерту үшін осы үш істі қарастыруымыз керек.

Жалпы баланың шығармашылық қабілетін дамытуға ең басты назарға алатын нәрсе:

  1. Өлең шығаруға, суырып салмалыққа үйрету, яғни сауат ашу.
  2. Ұйқасын тапқызу, сөзбен-сөзді байланыстыру.
  3. Алдарына ой тастау, логикалық қабылдауын дамыту.

Осыдан келіп мынадай міндет тұрады: баланың қабілет дамуына әсер етіп, білімімен қарулдандырып, еліміздің білімді, жан-жақты, ғылым мен техникада, өнерде шығармашылық жұмыс жасай алатын азаматты тәрбиелеу.

Ал қазіргі музыка сабақтары балаларды жан-жақты дамыту барысында алдына көптеген мақсаттар қояды. Дәлірек айтсақ: балаларды музыканы тыңдай білуге үйрету, оны тұтастай қабылдау, сезіну, музыкалық мәнерлікке баулу, дыбыстардың типін түсіну және музыкаға қызығушылығын арттыру.

Балаларды музыкаға тәрбиелеудегі сан сұрақтардың бірі - музыкалық шығармашылық болып табылады, яғни балалардың өздері құрастырған вокальдық және аспаптық шығармалар. Осы жерден келіп екі түрлі көзқарас қалыптасады:

  1. Композиторлық дарыны бар балалар ғана музыкалық шығармашылықпен айналыса алады, олардың әрі қарай шығармашылық қабілетін дамыту керек.
  2. Әрбір баланы музыкалық шығармашылыққа баулу - әрбір баланың дамуына зор роль атқарады.

Өзі құрастырған шығармалардағы музыкалық шығармашылық белсенділік қандай дәрежеде борлмасын музыкалық ойлауына, орындаушылық шеберлігіне елеулі әсер етеді. Музыкалық шығармашылықты қорлданудың негізін қалаған, ірі музыка зерттеуші Б. Л. Яворский. Сондый-ақ баланың шығаармашылық жұмысына көп назар аударған Брюсова.

Музыкалық шығармашылық ән айту, тыңдау, музыкалық сауаттылық және музыкалық ырғақ педагогикалық процесстермен байланыста болса ғана, шығармашылық белсенділік нәтижелі болады. Сонымен қатар, жоғары сапалы маманданған педагог баланың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеруге міндетті. Баланың негізгі музыкалық ойлауына бағытталған музыкалық бейне эмоционалдық көңіл күйдің, музыкалық шығармаларда орындауға ынтасын, соған сәйкес педагогтың әңгімесі әсерінен дүниеге келеді.

Сонымен, оқушыларды шығармашылық жұмысқа бауылып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Олар мынадай:

  1. Логикалық ойлауын дамытатын ойындар мен белгілі тапсырмаларды шешу (анаграмма, сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар, т. б. )
  2. Қиялдау арқылы сурет салғызу.
  3. Ой шапшандығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.
  4. Белгілі бір әннің мазмұнына байланысты мақал құрастыру, жұмбақтар шығару.
  5. Берілген тірек сөздер арқылы қызықты мәтін немесе сөздер құрастыру.

Ал сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері:

  1. Орталық мұражайға апару.
  2. Әртүрлі кездесулер өткізу (ақын, жазушылармен) .
  3. Әртүрлі тақырыптарға сайыс, пікірталас өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу.
  4. Балаларға арналған журналдарға жаздырып, оны сабақ кезінде үнемі пайдалану.
  5. Әрбір оқулып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинау, реферат жазу.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашлыққа баулу, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу - оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.

Сонымен қатар аспаптарды өткен кезде, мынадай тапсырам беруге болады төмендегі әріптерден сөз құрап жаз, яғни аспап аттарын.

  1. Домбыра.
  2. Қобыз.
  3. Шертер.
  4. Жетеген.
  5. Сыбызғы.
  6. Сырнай.
  7. Асатаяқ.
  8. Керней.

Осындай сөздікпен жүргізілген жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлесін тигізеді.

Музыкалық және эстетикалық тәрбие тарихы проблемаларының жекеленген аспектілері В. К. Белобородованың, И. П. Гейнрехстың, Ю. Б. Алиевтың, С. А. Карцеваның, О. А. Апраксинаның, В. Н. Шатскаяның және т. б. педагогикалық зерттеулерінде ашылды. Совет өкіметі кезінде қазақ халқының музыкалық творчествосы жөнінде бірқатар іргелі зерттеулер жарық көрді. Олардың ішінен А. Ерзаковичтің және т. б. еңбектерін еркеше атап өтуге болады. Қазіргі кезде қазақ музыка мәдениетін зерттеумен көптеген зертеушілер айналысуда. Олардың басты назарына музыкалық фольклордың түрлі аспектілері алынып отыр. Атап айтқанда, Б. Г. Ерзаковичтің, М. М. Ахметованың, А. Темірбаевтың, т. б. еңбектері қазақ халқының ән мәдениетін зерттеуге арналған. Ал П. В. Аравин, Б. Ш. Сарыбаева, И. Ф. Тификиди және т. б. авторлардың еңбектерінде қазақтардың аспаптық музыка, музыка мәдениеті проблеммалары қозғалса, Г. К. Котлованың, Б. Ғ. Ғазизовтың, В. Месманның жұмыстарында халық музыкасын профессионалдық музыкалық творчествода пайдалану мәселелері сөз болды. Музыкалық тәрбие -адамның музыкалық мәдениетін, музыкалық ынта-қабілетін нысаналы және жүйелі дамыту, оның бойынан музыкаға тебіреніп-толғана білуді, оны түсінуді сіңіру. Ол музыкалық қызметтің қоғамдық-тарихи тәжірибесін, музыкалық оқу мен элементтерін жаңа ұрпаққа табыс ету процесін қамтиды. Ал әрбір халықтың рухани мәдениетінің қалыптасу және даму процесі музыкалық-эстетикалық тәрбиенің даму процесі өзінше жүретіні мәлім. Музыкалық және эстетикалық тәрбиеде әрбір халықтың мәдени және рухани мұрасына дұрыс көз-қарасты қалыптастыру, олардың прогрессшіл және демократияшыл жақтарын таба білу, оларды қазіргі жоғарғы мектепте пайдаға жарату жолдарын көрсету маңызды мәнге ие болып отыр. Мұның бәрі, әлбетте, музыкалық және эстетикалық тәрбиенің бұрыңғы тәжірибесін және бүгінгі жәй-күйін терең талдауды қажет етеді. Музыкалық білім мен тәрбие беру жөнінде зерттеп, жұмыс істеген орта ғасырдың көрнекті ғалымы, философ Әбу Насыр Әл-Фараби. Ол 870 жылы Қазақстанның көне қалаларының бірі -Отырарда дүниеге келді. Әл-Фараби жан-жақты білім алып, ғылымға біржола ден қояды. Өзінің ерекше қабілеттігінің арқасында ол көрнекіт философ, математик, тарихшы, астроном, жаратылыстанушы, дәрігер, тамаша музыкант, музыка теоритигі және композитор болған. Әл-Фарабидің жас шағында жақсы ән айтқаны, өзінің бірнеше бірегей музыкалық аспаптарды жасап шығарғаны, музыкалық шығырмалады тамаша орындаушы болғаны туралы деректер баршылық. Әл-Фараби аса көрнекті музыка зерттеушісі болған. Оның «Музыканың ұлы кітабы» атты көлемді шығармасы қай кезде болмасын музыка зерттеушілерінің үлкен қызығушылығын тудырып келеді. Бұл еңбекті бүкіл музыка тарихшыралы бірауыщдан музыка теориясы жайлы жазылған үлкен еңбектерін қатарына жатқызады. Бұдан басқа «Ғылымдардың шығуы», «Музыка жайлы талдау», «Ырғақтардың классификациясы» атты туындыларында музыка ғылымын талдап береді. «Музыкалық ұлы кітабында» вокальдық шығармалар және вокальдық тәрбие беру туралы көптеген бағалы қорытындылары бар. Әртүрлі әуендерге келсек, адам ертеден-ақ ыңылдап ән салуға әуендетуге әуес және бейім болған. Біртіндеп бұл дәстүр ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа, халықтан-халыққа көшіп, музыкалық творчество байи түскен. Жалпы Әл-Фарабидің музыка жөнінде бізге жеткен еңбектерінде музыка теориясы, аспаптармен сүйемелдеу, музыкалық дарын туралы құнды пікірлер аз емес. Әл-Фараби мұрасы әлі толық зерттеліп біткен жоқ. Дегенмен қолда бар мұрасының өзі қазіргі музыка тану және музыка педагогикасы үшін орасан зор теориялық және практикалық қызығулық тудырады, әрі сол кездегі Қазақстан халықтарының халықтық музыкалық творчествосының қалыптасуы мен дамуына сипаттама береді.

Қазіргі уақытта музыкалық педагогиканың алдына қоятын негізгі мақсаты -әрбір жас талантты өз Отанын сүйіп, ұлттық өнер тасын қалауда өз күшін аямай жұмсауға тәрбиелеу. Сондықтан біз осы ЖОО-ны бітіріп шыққанда тек музыкант маманы болып қана қоймай, келешекте сол алған білімдерді пайдалана отырып, бүкіл елдің мәдениетін алға апару міндетіміз деп түсіну керек. Бұл мектепте сабақ берумен қатар, оқушыларды шығармашылыққа баулу, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, қиялын ұштау болып табылады.

Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығына, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.

Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, қазақ мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймыз. Оқу-тәрбие үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қарастыруға бағыттау білім беруде жеке оқытуды дамуына көзделуі қажет. Мұғалім үнемі оқушыға шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын нұсқап отырса, онда балалардың өздері де ізденіске түседі.

Психологтардың айтуынша музыкалық қабілеттілік туа біткен қасиет емес, ол тікелей пәндік әрекет арқылы дамиды. Оның дамуы баланың жаңа білім алуымен, оның біліктілігі мен дағдыларының қалыптасуымен тікелей байланысты. Шығармашылық қасиетті адам баласының бойында қальштастыруда сөз өнерінің берері мол. Бала жастайынан шығармашылық өнеріне қалай баулу керек. Қазіргі өзекті мәселелердің бірі-осы. Шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс:

- мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы керек.

- әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесу керек;

- оқушылардың шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай жасау;

- шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру қажет.

Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіру керек.

Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біреуі - «сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан ешнәрсе келмейді» деген қорқыныш сезімі, екіншісі-өзіне-өзі тым риза болмаушылық сезімі, үшіншісі - жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу көздері, мысалы:

- оқушылардың шығармашылықпен айналасуына мектепте, сабақ үстінде қолайлы жағдай жасау;

- шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыру.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсу үшін шығармашылықтарын, қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әртүрлі әдіс-тәсілдер қолдануға болады.

Бастауыш сынып оқушылары қиялшыл болып келеді. Мысалы, ертегі айтқанда олар көз алдына сол оқиғаны елестетіп отырады. Сондықтан ән айтқанда да, музыка тыңдағанда да, музыкалық-ырғақтық қимылдар жасағанда да дауысы, интонациясы, дене қимылы арқылы сол шығарманың сипатын дәл жеткізуге тырысады. Бұл қасиет балалардың бойындағы шығармашылық қасиетті дамытуға игі ықпалын тигізеді. Шығармашылық балалардың ойын ұштап, қиялын қанаттандырады, сезімталдық қабілетін, байқампаздығын арттырады.

Балалар шығармашылығын, әрине, шын мәнінде өнер деп қарауға болмайды, ол балалардың музыкалық саладағы ізденісінің көрінісі. Іздене отырып балалар өздері байқамаған жаңалықтар ашады. Балалардың шығармашылық әрекетінің тәрбиелік мәні зор.

Музыка психологиясын зерттеуші Б. Теплов болса, "шығармашылықпен айналысуды ең алғашқы күннен бастау маңызды, өйткені, музыкалық

мәдениеттіліктің іргетасын өз беттерінше қалауға ықпалын тигізеді", - деп көрсетті.

Л. Дмитриева, И. Черноиваненко оқушылардың шығармашылық әрекетке белсене, қызыға араласуы үшін мұғалімнің мына қағидаларды есте ұстағаны жөн екендігіне тоқталады:

1. Дидактикалық құнды, белгілі бір бағытта шығармашылықты қажет ететін музыкалық материалдар таңдай білу;

2. Сабақта шығармашылықпен айналысуға жағдай жасайтын әдіс-тәсілдерді қолдану;

3. Музыкалық іс-әрекеттің әрбір түрінде қолдануға болатын шығармашылық түрлерімен таныстырып отыру;

4. Импровизация түрлерін кеңінен пайдалану;

5. Шығармашылық тапсырмалардың бірнеше сериаларын әзірлеу;

6. Тақырыпқа байланысты қолданылатын іс-әрекеттерді бір жүйеге келтіріп, бір-бірімен тығыз байланыстыра білу.

Музыка сабағындағы шығармашылық баланы музыкаға қызықтыру арқылы суырып салма ән шығару, белгілі бір құбылыстарға музыкалық дыбыстың сәйкестігін табудағы басқалар. 1 сыныпта "Он саусақ" әнін үйреткенде музыкамен қоса қимыл қозғалыстарын келтіру. Осы әнді ойнау сергіту арқылы дамытуға болады. 2 сыныпта "Ақсақ құлан" күйін әңгімелеп тындатқаңда образға еніп, дыбыстардан құланның жаралану немесе домбыраның шегіне қорғасын құйғанда үзілуін шын мәнінде қабылдайды. Екінші сыныпта "Жыл басына таласқан хайуанаттар" музыкалық ертегісімен танысу барысында оқушылардың образға ену барысында шығармашылығы шыңдала түседі. Үшінші сыныпта айтыс тақырыбында суырып салма ұйқасын табу барысында да шығармашылықты талап етеді. Төртінші сыныпта классикалық шығармалармен танысу барысында оған сәйкес сурет салу, өлең шығару арқылы дамиды.

Түрлі шығармашылық тұрғыдағы әдістерді пайдалану арқылы тақырыпты терең меңгеруге, ой-өрісін шығармашылықпен ұштастыруда нәтижеге жетуге болады.

Сабақтан, сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысының орны ерекше.

1. Сыныптан, мектептен тыс түрлі музыкалық әрекет баланың музыка сабағына ашыла бермейтін жеке-дара музыкалық қабілетін ашуға ықпал етеді.

2. Балалардың ұжым болып әрекет етуге деген талпыныстарын қанағаттандырып, ұжымдық-орындаушылыққа, ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға үйренеді.

3. Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жүмыс ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатаң шектеу болмайды. Бұл баланың өз ынта-жігеріне қалауына, еркіне сәйкес ұйымдастырылатын әрекеті.

4. Сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың әлеуметтік-музыкалық тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оны музыка өнерінің таңдаулы үлгілерімен кеңірек танысып, қажетті музыкалық практикалық іскерлігімен дағдыларын қалыптастырады.

5. Балалардың сыныптан, мектептен тыс музыкалық тәрбие жұмыстарымен шұғылдануы олардың өз беттілігін, бастамашылдығын белсендіреді, тұрақты қызығушылығы қалыптасып, өз бетінше шығармашылықты тапсырмаларды нәтижелі орындалуын қамтамасыз ете алады.

Оқушылармен жеке жұмыс жеке дауыста ән салу немесе музыкалық аспаптарда: домбыра, қобыз, сырнай, фортопиано, скрипка, гитара және т. б. ойнап үйрену әуесқойлық қызығушылығын арттыру мақсатында музыка мамандарының жетекшілігімен ұйымдастырылады.

Топтық музыкалық тәрбие жұмысының түрлері көп: хор үйірмесі, музыкалық аспаптық ансамбльдер, балалардың музыка театры, т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымының теориялық негіздері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытуда педагогикалық негіздердің тигізетін ықпалын анықтау
Қазақстан мен америка ата аналарының тәрбиелерін салыстыру
Дарынды балаларды дамытудың маңызы
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың педагогикалық - әдіснамалық негіздері
Зерттеудің теориялық маңыздылығы
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz