Марат отарәлиев: «Тағдырмын ерте жоғалған...»



1 Ақын Марат Отарәлиев
2 Марат Отарәлиев өлеңдері
Жайсаң еді ғой. Онымен шүйіркелесіп сөйлесу, әңгіме-дүкен құру өзінше бір ғанибет. Осы бір асықтай ғана қатпа, қара жігіттің тал бойында қандай тартылыс күші барын қайдам? Әйтеуір, адам баласына тым үйірсек, өте-мөте бауырмал. Екінің бірінің көзіне әрдайым жылы ұшырайды. Ешкімді бөтенсіреп, шет қақпайды. Біз сияқты сәл-пәл кірпияз, кінәмшіл болу тіптен бойға бітпеген. Аңқау, адал, ақжелең. Көлденең көк аттымен сөйлессе де ағынан жарылып тұрады. Қаңқу сөзден іргесі аулақ.
ҚазГУ-дің студентіміз. Марат ақын, әсіресе, өлең табиғатын жеп-жетік меңгерген. Жаңа бастап жазып жүрген талапкерден гөрі тәжірибеге бай. Абайдан Қасымға дейінгі өлең-жырларды бала күнінен жаттап өскен жан. Алпысыншы жылдардың бас кезінде өлең әлемінде құйрықты жұлдыздай самғаған Төлеген Айбергенов, Мұқағали Мақатаев, Өтежан Нұрғалиев, Жұмекен Нәжімеденов және басқалармен үзеңгі қағыстырып, қоян-қолтық жүріп-тұру Марат ақынның пешенесіне жазылған. Ол да оразасын осынау өлең-жырмен ашты, көңіл кірбіңін де сонымен жазды. Шалқар шабытты ащы сумен шақырған шақтарын да кешіру, кең пейілділік таныту ләзім.
Марат ақынның бойына біткен бір қасиеті – онша көп күй талғамайтын. Бірқақпай өлеңдерінің талайын қолма-қол суырып салып немесе соңғы партаға отыра қап сүйкейтін. Онысы ойдан көшіргендей әсер қалдырмаушы еді.
Бірде кезекті лекция кідіріске ұшырады. Шетел әдебиеті болатын. Дәріс беретін оқытушымыз Ф.Г.Фролова аяғын әзер алып жүрген мәужіреген кемпір. Зейнеткерлікке шығып, қолын жылы суға малып отырса да теріс емес. Бірақ шетел классиктерінің шығармалары жайлы онан көп білетін зиялы да зерделі ұстаз кемде-кем. Сондықтан да бұл апайымыз әзірге жуан ортадан қалмай, жұрт легіне ілесіп жүр. Мейлі, өзінің жанын қинамаса, бізге бәрібір.
– Фролова апайдың сабағын сұрап алғанмын. Енді менің лекцияма құлақ түресіздер, өңшең көген көздер мен күлімкөздер.
Бұ кім десек, өзіміздің тай-құлындай тебіскен кәдуілгі Марат. Еш күлмейді. Бөтен сыр да бермейді.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Марат Отарәлиев: Тағдырмын ерте жоғалған...

Ақын Марат Отарәлиев. Жайсаң еді ғой. Онымен шүйіркелесіп сөйлесу,
әңгіме-дүкен құру өзінше бір ғанибет. Осы бір асықтай ғана қатпа, қара
жігіттің тал бойында қандай тартылыс күші барын қайдам? Әйтеуір, адам
баласына тым үйірсек, өте-мөте бауырмал. Екінің бірінің көзіне әрдайым
жылы ұшырайды. Ешкімді бөтенсіреп, шет қақпайды. Біз сияқты сәл-пәл
кірпияз, кінәмшіл болу тіптен бойға бітпеген. Аңқау, адал, ақжелең.
Көлденең көк аттымен сөйлессе де ағынан жарылып тұрады. Қаңқу сөзден
іргесі аулақ.
ҚазГУ-дің студентіміз. Марат ақын, әсіресе, өлең табиғатын жеп-жетік
меңгерген. Жаңа бастап жазып жүрген талапкерден гөрі тәжірибеге бай.
Абайдан Қасымға дейінгі өлең-жырларды бала күнінен жаттап өскен жан.
Алпысыншы жылдардың бас кезінде өлең әлемінде құйрықты жұлдыздай самғаған
Төлеген Айбергенов, Мұқағали Мақатаев, Өтежан Нұрғалиев, Жұмекен
Нәжімеденов және басқалармен үзеңгі қағыстырып, қоян-қолтық жүріп-тұру
Марат ақынның пешенесіне жазылған. Ол да оразасын осынау өлең-жырмен ашты,
көңіл кірбіңін де сонымен жазды. Шалқар шабытты ащы сумен шақырған
шақтарын да кешіру, кең пейілділік таныту ләзім.
Марат ақынның бойына біткен бір қасиеті – онша көп күй талғамайтын.
Бірқақпай өлеңдерінің талайын қолма-қол суырып салып немесе соңғы партаға
отыра қап сүйкейтін. Онысы ойдан көшіргендей әсер қалдырмаушы еді.
Бірде кезекті лекция кідіріске ұшырады. Шетел әдебиеті болатын. Дәріс
беретін оқытушымыз Ф.Г.Фролова аяғын әзер алып жүрген мәужіреген кемпір.
Зейнеткерлікке шығып, қолын жылы суға малып отырса да теріс емес. Бірақ
шетел классиктерінің шығармалары жайлы онан көп білетін зиялы да зерделі
ұстаз кемде-кем. Сондықтан да бұл апайымыз әзірге жуан ортадан қалмай, жұрт
легіне ілесіп жүр. Мейлі, өзінің жанын қинамаса, бізге бәрібір.
– Фролова апайдың сабағын сұрап алғанмын. Енді менің лекцияма құлақ
түресіздер, өңшең көген көздер мен күлімкөздер.
Бұ кім десек, өзіміздің тай-құлындай тебіскен кәдуілгі Марат. Еш
күлмейді. Бөтен сыр да бермейді.

Буфет көшіп келеді көшеменен,
Осындайда көңілде еседі өлең.
Егер арақ өзен боп ағып жатса
Масайғанша балық боп іше берем!

Мұнысы Шығыс жұлдыздарының темірқазығы іспетті Омар Һаямға еліктеп
шығарғаны. Иә, Мараттың да белгілі бір рубаяттарында ішімдік жайлы кең
мағлұмат беріліп, сусын ретіндегі рухани қасиеттері біршама мадақталды.
Мәселен:

Кім екен бұл арақты жаман деген,
Байқап сөйлеп жүрмей ме адам деген.

Мына өлең жолдарын естігенде бөлімшеміздің старостасы, жамбылдық
жардай қыз Жәмила Мәсімханованың шыдам-төзімі аяқ астынан таусылып, алғы
орындықтан атып тұрды.

– Әй, Марат, маған сенің маскүнемдікті уағыздаған өлеңдерің бес тиынға
да қажет емес. Ертеңгі күні байларымыз арақ ішіп кетсе, обалы саған. Осыны
бір деп біліп қой. Екіншіден, біз бәріміз де әдебиетшіміз ғой. Болашақ тіл
маманымыз. Фролованың орнына көңілімізді шын аулағың келсе, дені дұрыс,
ойлы өлеңдеріңді оқы, – деді.

Сол-ақ екен Марат төмендегідей жыр жолдарын төгілтсін келіп.

Қызықсам гүлге көктемде,
Сағыныш болар билеген.
Қиялға жүйрік жеткен бе,
Көңілде толы күй деген?!

Шомылсам мөлдір бұлаққа,
Жанымда ыстық махаббат.
Жүрсем де аулақ-жырақта,
Әкеттім соны арқалап.

Әкетсін мейлі қай бағыт,
Кеттің деп алыс ұрыспа.
Келермін сансыз айналып,
Туған жер, мені ұмытпа.

Қағады діріл көл беті,
Сәулесін төксе ай нұры.
Туған жер, әсем келбетің,
Қызықпай қалдым қай күні.

Ертемен тұрып жөнелсем,
Сейілер селдір тұманың.
Қымбатсың маған өз өлкем,
Қанады қашан құмарым.

Қанады қашан құмарым,
Жеткізбес түбі сырыңның,
Мен де бір жанған шырағың,
Мен де бір тентек құлының.

Ду қол соғып, қошеметтеп жатырмыз. Бір сәт тым нәзік, талдырмаш сары
қыз ептеп орнынан тұрды. Марат ағасына именіп қарады да, ойын әрі қарай
сабақтап әкетті. Қазақ радиосының болашақ дикторы Сауық Жақанованың сыңғыр
қаққан әуезді үнін ең алғаш рет естіп отырғанымыз осы.
– Ағатай, айып көрмесеңіз, тағы бір өлеңіңізге құда түсейік деп ек.

Жігітті жұрт мақтаған, қыз жақтаған. Отарәлиевтің тағы бір мәрте
өкшесі көтерілді. Жігерін және бір жанығандай. Қос жанар жалындап, от
шашады.

Жаңаөзеннен шыққан күні екеуміз,
Гурьев жаққа текке асыққан екенбіз.
Шығаруға келе алмады бойжеткен,
Артымыздан қол бұлғады бөтен қыз.

Келіскен ек, шығамыз деп жолға біз,
Ол келмеді, шын мұңайдық сонда біз.
Бойжеткеннен...
Мұнараның жанында
Сен түсірген бір сурет бар – олжамыз.

Ол келмеді, көп қарадық жол маңын,
Түсінбедік мұның қалай болғанын.
Қия алмадық Жаңаөзенді сол сәтте,
Қия алмадық мұнаралар орманын.

... Беу, бойжеткен, жүректерді жаз еткен,
Ұмытылады саған деген наз-өкпем.
Сол күні сен өндіріпсің мол мұнай
Оны кейін оқыдық біз газеттен.

– О, пәлі!
– Жарайсың, Марат досым!
– Дат, тақсыр, дат!

Ешкімнің қаперінде жоқ Естеу ағамыз атып тұрды. Бөлімдегі ең жасамыс,
қарт студент. Өзі Қытайдан. Кезінде ол жақта Шұғыла атты әдеби
журналдың бас редакторы болған. Жерлесі жазушы Бұқара Тышқанбаев, ақын
Оразақын Асқар, Қабдеш Жұмаділов, Марфуға Айтқожиналармен терезесі тең
сөйлесетін жан. Естеу ағасының өтінішіне орай Марат қайта көсілді.

Кеудеңде тоғай сөйлеп, бұлақ ағып,
Жылжыды қанша ғасыр, жыл ағарып.
Жасыл жер, тыңда, бүгін жыр оқиды
Төсіңде бір ерке ұлың тұра қалып.

Қанатын қағып беріп сан үміттің,
Кеудеңе сіңіп жатыр ағылып күн.
Жасыл жер, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үндістан елінің экономикалық-географиясы
Баймырзаұлы Балуан Шолақ
ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдарындағы әміршіл-әкімшіл жүйенің дағдарысының және оған қарсы орын алған наразылықтарды бүгінгі күннің талабына сай зерделеу
Телемедицина мақсаты
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БІЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙЛЕРІН ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақстан Республикасының іс жүргізу және мұрағат ісі мемлекеттік стандарты
Мақтарал ауданының сұлу табиғаты және экологиялық мәселелерін болдырмау жолдары
Балалар прозасы
Шетел тілі оқыту әдістемесі
Логопедиялық тексеру жұмыстары
Пәндер