Психиканың даму және қалыптасу заңдылығы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Психиканың даму және қалыптасу заңдылығын зерттейтін ғылым -
  2. психологияға түсінік
  3. Бозбала мен бойжеткендердің психикалық сипаттардың бірі - мінез.
  4. Бозбала психологиясы
  5. Бойжеткен психологиясы
  6. Бозбала мен бойжеткенді тәрбиелеу психологиясы

Қорытнды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазіргі таңдағы Қазақстан Респупликамыздың жастарының психологиялық жағдайы өте жаксы және де өте белсенді дамуда десек те болады өзге ұлттарға қарағанда сол себептті біз міндетті түрде ұлттық бұрыннан дамыған мінезімізге көңіл бөлгеніміз өте орынды деп санаймын .

Қазақстанда жағымсыз жат әрекеттердін қазіргі жағдайына, нарықтық қатынасқа ену мен мынадай: жумыссыздық акшанын кұнсыздануы, өндрістердін кұлдырауы секілді феномендердін пайда болуы үлкен әсер етіп отыр. Әрине, бұл феномендердің көріп отырғандай зиянды әсерінің нәтижесінде жастардың жат әрекеттері өсіп отыр.
Біздің көзқарасымыз бойынша, жастардың жағымсыз жат әрекеттерімен күресудің бірден-бір жол ретінде, жастармен профилактикалық жұмыс жүргізудің мақсаты-табысты әлеуметтенуте жағдай жасау мен адамдарда қабілететтілік, жауапкершіліктік қасиеттерін қалыптастыру процесіне көмек ету болып табылады.

Профилактика - бұл біздің жастарымызды тәрбиелеудің жалпы процесінін кұрама бөлігі, қылмыспен күрестегі басты бағыт, "өз ішіне медициналық педагогикалық, аспектіні алатын басты әлеуметтік мәселе". Құқық бұзу профилактикасы, қылмыс туралы алдын-ала ескерту не болмаса баска да асоциалды кубылыстар жайлы ескерту максатында, антиқоғамдык, өмір салтын жүргізіп жатқан жеке адамдарға жүйелік түрде іске асатын, мақсатты бағытталған әсердә болжайды. Бұл анықтамаларды өз жұмыстарында көптеген социологтар берген. Бұл түсініктер, әрине, бір түпті негіздейді.

Ұлттық мінез адамдардың тарихи калыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып саналатын этностын, ұлттың, халықтың өмір тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының, тұтастығы арқылы танылады. Әрбір халық пен ұлттын, этностың өзіндік мінез-құлыктарының ерекшеліктері болатындығы - тарихи шындық және объективті фактор. Қазақ халкының түркі тектес өзге халықтардан ерекшеленігі тұратын өзіндік сипатқасиеттері бар, Ыбырай Алтынсарин еңбектерінде өз халқының мінез- құлқына тән бірсыпыра қасиеттерді атап көрсеткенді. Оның, анықтауынша, қазақ, халқына қарапайымдылық пен кішіпейілдік, ашық-жарқын көңіл мен кеңпейілділік, өзге нәсілді адамдарға деген достығ және сыйластық көзқарас, қонақжайлылық, пен пайымшылдық, сияқты қасиеттер тән. Сондай-ақ олардын, бойында өзге де мінез-құлық, сипаттары бар. Бұл орайда, қазақтардың, өз жері мен Отанына, туған еліне деген шексіз сүуйіспенпеншілігі, мал шаруашылығымен айналысуға икемділігі, меймандостығы мен балажандығы, өмірдің қиыншылықтары мен әділетсіз істерге төзімділігі, сөз өнерін ардақтауы, шешендік қабілеті, еңбексуйгіштігі мен шыдамдылығы олардың жалпы ұлттық қасиеттері болып табылады.

Психиканың даму және қалыптасу заңдылығын зерттейтін ғылым - психологияға түсінік

Психология - жануар мен адам жанының (психика) пайда болу, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Жан құбылыстары бізді қоршап тұрған сыртқы дүне заттары мен нәрселерінің мидағы әр турлі бейнелері болып табылады. Түйсік, ой, сезім, елес, қабілет, қызығу, мінез т. б - осындай бейнелер түрінде көбімізге өз тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде қолданылатын сөздер. Бұлардың мән-мағынасы мен заңдылықтарын психология пәні арқылы танып-біліп, ұғынуға болады. Психология термині гректің екі сөзінен тұрады. Оның біріншісі, псюхия (қазақша жан) логия немесе логос (қазақшасы ілім-білім) . Сөйтіп бұл сөз «жан туралы» ілім дейтін түсінікті білдіреді. Бірақ психологияны қысқа түрде жан туралы ілім деп айта салмай өз алдына күрделі заңдылықтары бар дербес тәжірибеге сүйенген ғылым деп ұғынуымыз қажет.

Адамның жан-дүниесінің күрделі ағымын дұрыс аңғару үшін алдымен оларды белгілі жүйеге топтастыруымыз керек. Кісінің жан сыры, яғни ғылым тілімен айтқанда оның психикасы бір-бірімен тығыз байланысты үш топқа бөлінеді. Олардың бірі - психикалық процестер бұлер тілімізде жан қуаттары деп аталады. Жан құбылыстарының тағы бір түрі - психикалық кейіп немесе қалып, ал үшіншілері кісінің жеке-дара қасиеттері немесе өзгешеліктері деп аталынады.

Жан қуаттарының бір тобы (түйсік қабылдау, елес т. б. ) сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын тікелей танып-білуде көрінетін болса енді біреулері (ой, қиял т. б. ) бұлардың арасындағы күрделі байланыстар мен дәнекерлі қатынастарды, сапалық өзгерістерді тереңдей бойлап білуде ерекше орын алады. Адамның сыртқы ортамен (объективтік шындық) үздіксіз жасалып отыратын белсенді байланысында оның сезім, ерік процестері де шешуші рол атқарады.

Психикалық кейіп немесе қалып бұл адамның түрлі көңіл күйінің (шабыт, зерігу, абыржу, сергектік, белсенділік т. б. ) бірсыдырғы тұрақты белгілері. Психикалық қасиеттер немесе адамның жеке дара өзгешеліктері бұл бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын ең маңызды, ең тұрлаулы, тұрақты ерекшеліктері. Бұған әрбір адамның мінещі мен темпераменті, қабілеті мен дүние танымы, сенімі мен талғамы, мұраты мен қызығуы жатады. Бұлардың да қалыптасуында адамның өскен ортасы мен қатар кейбір ұлттық жас өзгешелік, кәсіптік өзгешеліктері бірсыдырғы орын алады. Адамның негізгі жан қуаттары сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі деңгейдегі бейнелері болып табылады. Аспанда жұлдыздар жымыңдап бір өшіп бір жанып тұр, оқтын-оқтын самал желдің ақырын ғана толқып ескен лебі денеге тиеді. Шөп сыбдыры баяу ғана құлаққа шалынады. Жас жусанның иісі мұрын жаратындай көлде әлсін әлі құрбақа бақылдайды. Осы үзіндіде адамның түйсік қабылдау деп аталатын жан қуаттары жақсы байқалады. Түйсікте сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының толып жатқан жеке сапалары мен қасиеттері сәулеленетін болса, қабылдауда олар мида тұтас зат күйінде бейнеледі. Қабылданған заттар санамыздан жойылып, өшіп кетпейді. Оларды түрліше жағдайда елестетуге болады. Мәселен, студент үйіне хат жазып отырып, ондағыларды бет-пішінін, үй ішіндегі нәрселерді көз алдына түсіре алады. Мұндай жағдайда оның басында елестету процестері пайда болады. Бұл тікелей қабылданбай тұрған нәрселер мен заттардың күңгірттеу жалпылама бейнесі. Оқушы саюаққа дайындалады. Кейін мұғалім сұрағанда ол оқиғаны есіне түсіріп, айтып береді. Сөйтіп, қажетті нәрселерді есіне сақтайды да қажетсіз, қызықсыз жәйттерді ұмытады. Бұл жерде ес, жад процестері жайлы айтылып отыр.

Бозбала мен бойжеткендердің психикалық сипаттардың бірі - мінез

Бозбала мен бойжеткендердің жеке басынан ерекше дараланып байқалатын психикалық сипаттардың бірі - мінез бен темперамент.

Адам мінезінің қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік қоршаумен (мектеп, оқу, өндіріс ұжымдары, қоғамдық ұйымдар, т. б. ) тығыз байланысты. Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен ешбір бала туысынан еңбексүйгіш не жалқау, тәртіпті не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі ұзақ жылғы өмір сүру барысында, өмірдің сан-алуан ситуацияларының ағымына қарай, тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады. Адамның сыртқы ортамен жасайтын қарым-қатынасы - белсенді қарым-қатынас.

Иманжүзді, адамгершілігі мол адамның бойынан таблатын ұйымшылдық, төзімділік, жігерлілік, намыстылық сияқты тамаша мінез бітістері де - қоғамдық-әлеуметтік жағдай тудырған ұнамды психологиялық қасиеттері.

ХХ ғасырдың соңында ғылыми танымның алдыңғы қатарына адамның болмыстық құндылықтарының мәнін түсіну мәселесі туындады. Сол себептен ғылымда жалпы білім беретін мектептердің әдістемелік тұрғыда даму кезеңін белгілеп, жасөспірімдердің мінез типтерін анықтау жолдары - адамның мінез- құлқының психологиялық реттеуші ретінде зерттелуде екенін дәлелдейді. Соңғы уақытта жалпы білім беретін мектептерде жасөспірімдердің ауытқушылық мінез-құлқы ретіндегі қатыгездік, агрессиялық, жағымсыз асоциалды мінез-құлықтарын интенсивті түрде зерттеуді талап етіп отыр.

Осыған орай қозғап отырған мәселеміз жасөспірімнің типтік ортақ мінездерімен қатар дара мінез бітістердің де сан алуан түрлері болатындығы мәлім. Сонымен қатар жасөспірімдердің мінез типін білмей олардың жүріс-тұрысындағы ауытқулардың пайда болуына әсер ететін мәселелерді шешу өте қиынға түседі. Жасөспірімдерде психопатия және мінез акцентуациялар бар болғанда кейбір мұғалімдер оқушылардың мінез ерекшкліктеріне түсіне алмағандықтан бұрыс көзқарас қалыптасып, артық талап қойылады, ал бұдан түсінбеушілік пен қайшылық туындайды. Сондықтан жасөспірімдердің мінез типін анықтау үшін жалпы білім беретін мектеп психологтары да қарым-қатынастың психологиялық коррекциялаудың табысты болуына ықпал етуге тиіс.

Жасөспірімдерді патомінездемелік тексерудің тағы бір маңызды міндеті мінез девиациялардың патологиялық типтердің диагностикалау болып табылады. Атап айтқанда конституционалды психопатия типтерін, психопатиялық дамуларды (патомінездемелік құрамалардың) және өзге де психопатияға ұқсас бұзушыларды анықтау.

Бозбала психологиясы

Жас мөлшері жігіттік пен жасөспірімдік шақтың аралығынан табылатын 15-17-дегі кейбір әлде де мектепте оқитын енді біреулері қызметте жүрген бозбала балаң жастағылардың осы кездері бойлары өсіп, салмағы артып, кескеін-келбеті де ересек адамға жақындайды. Жан қуаттары мен дене күшінің (бұлшық еттері, қаңқасы) мүмкіндіктері, арта түседі. Жас адамның жыныстық жағынан жетіліп, өзінің ішкі жан-дүниесіне ерекше үңіле түсуі құрбы-құрдас, жора-жолдастармен қарым-қатынас жасауға аса ынталы болуы бойымен қатар ақыл-ойының да біршама толысуы осы жастағыларға тән негізгі психологиялық құрылымдар. Жастық шақ адам өмірінің көктемі. Бұл жайлы халқымыз жеріне жеткізе айтқан. Мәселен, «Ақыл - жастан», «Жастық - жалын» «Болымдының баласы он бесінде баспын дер», «Жігіт болсаң, шоқ бол, Шоқ болмасаң, жоқ бол» секілді қатты сөздер бозбалалық шақ адамның ақыл-ой, қауыр өсетін қажырлы іс-әрекетке, қимыл-қозғалысқа аса құштар, албырт романтикалық кез екенін өте дәл бейнелейді. Жастық шақтың басты белгісі, адамның жаны мен тәнінің сапалылық жандық жағынан да үлкен өзгерістерге түсуінде. Осы жастан адамның қоғамдық белсенділігі артады, сана сезімі өседі. Жан қуаттары шыңдала, молайа түседі. Ол өзі өмір сүретін ортадан тиісті орын алуға тырысады. Қоршаған ортаға сын көзбен қарай бастайды. Бұл жастағылар да өзін-өзі бағалауға талпыну, рухани өмірге қызығу, имандылық пен адамгершілік идеялары оянып, кемелдене бастайды. Халық даналығы жастарға қызығы мол, қайтып оралмайтын, кейін іздесең де табылмайтын адам өміріндегі осынау қызықты кезеңді бос өткізсең, оның орнын ешуақытта да толтыра алмайсың дей келіп, бұл кезде, ғылым-білімді, өнердің сан-алуан түрін меңгеруге мүмкіндігі мол болатынын сол себепті оған көп оқып, үлкендерден тағылым алып, үйрене біле берудің керектілігін әдейілеп ескертеді. Олардың еңбексүйгіш, көпшіл, белсенді, өнергелі азамат болуын аңсайды. Мәселен, «Жігіт адамға жетпіс өнер де аз» «Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болсын», «Менмендік жігіттің соры» «Өзім білем деген жігіттің басына ойран салғаны, Көп біледі деген жігіттің басына қорған салғаны», «Селтеңдеген жігіттің серкесінің соры» «Жасында көргені жоқ, өскенде айтары жоқ» «Жас күнінде еңбек қылсаң, есейгенше жетілерсің» «Жастың жұмыссыз жүргені сөкеттік» деген мақал-мәтелдер бозбалаға, жас жігітке тікелей айтылған ақыл-кеңестің бір тобы.

Балғын жастық шақ тасқындаған күш-қуатымен, мөлдір де пәк көзқарасымен өзіндік сеніммен бәрін де елжірей қабылдай беретін өзіндік ерекшелігімен көрінетін қайталанбас тәтті дәурен. Осы жастағылардың арманы да мақсаты да көп. Бұл оған зор түрткі болып, ылғи да мазасын алып, тыным таптырмайды. Кім болам? Не үшін бұл дүниеге келдім? Тірлікте не тындырам? Жұртқа қалайша пайдамды тигізем? Өзімді қоршаған дүниенің сыры неде? Оның жақсылығы мен жаманшылығы қоса жүретіні несі? Адам қатарлы өмір сүру үшін қандай мінез керек? Оны қалай тәрбиелеуге болады? Бозбала шақтың аса бір жан сұлулығы оның өзіндік романтикасы, әсіресе болашаққа деген таудай талабы мен үлкен үмітінде.

Бойжеткен психологиясы

Қазақ ұғымында 15-16-ға келген бойжеткен ақыл-есі, дене бітімі, келбет-кескіні кемелденген, отау құруға жарап қалған қыз бала.

Қай халықта болмасын қыз әдемілік пен әдептіліктің, сұлулықтың баламасы іспеттес. Халқымыз жайсаң мінезді, әдепті жігітті де “қыз мінезді жігіт екен’’деп тегін айтпаған. Халық аузындағы “Қыздың жиған жүгіндей’’

“Қыздың тіккен кестесіндей’’деген тіркестер бойжеткенге тән психологияны (нәзіктік пен байсалдылықты, шеберлік пен ұқыптылықты, сұлулық пен сымбаттылықты т. б. ) аңғартып тұрған жоқ па?

Кез-келген қазақ отбасы осынау ерекшелікті жақсы түсіне біліп, бойжеткен қызын алақанына салып, әлпештеумен бірге, оны ылғи да жібектей мінезімен, уыздай тәтті қылығымен, әдеп-ізеттілігімен, иман-инабаттылығымен, күміс күлкісімен көргісі келген. Оларды кішкентай кезінен көздің қарашығындай сақтап әлпештеп, мәпәлеп, жаны мен арының таза, мінезінің өнегелі болуын қадағалап отыпған, сонымен бірге ''қызға қырық үйден тыйым'' салу керектігін де ұмытпаған. Сұлулық пен сымбаттылықты, шеберлік пен нәзіктікті қажетсініп үй ішіндік еңбекке (кесте, өрнек, кілем, тоқу т. б. ) көркем сөз, ән-күй, айтыс секілді түрлі өнерге баулуды - бойжеткен тәрбиесінің басты міндеті деп білген.

Халықтық дәстүр қыз бала тәрбиесінде ереже ұстанбайды, тек бағдар береді, өнеге көрсетіп, әдептілік жөн-жосығын нұсқайды. Ол негізінен қыздың мінезі мен құлқына кіріге өтілген адал мен арам, обал мен сауап деген төрт ұғым төңірегінде топтасады.

Адам үшін ең қымбат түсінік те, жұмбақ түсінік те - женмен сезіну, ойлану, толғану, әсерлену, әрекеттену. Мұның алғы шартты - бақылай білу, көре білу, кісінің ішкі сырын танып, ұғыну арқылы өзін-өзі түсініп, имандылық пен өнегені бойына сіңіріп, шама-шарқына қарай оны жүзеге асыра білу. Бүгінгі бойжеткен - ертеңгі отбасы ұйытқысы, болашақтағы асылжар, аяулы ана, ардақты, ақылмен әже. Олай болса, халық танымындағы бойжеткенге қажетті сипат - имандылық, инабаттылық, ізеттілік, әдептілік, ісмерлік, биязылық, мейірімділік әр бойжеткеннің асыл мұраты болса игі.

Халқымыздың ұлттық дәстүріндегі бір ерекшелік - тәлімдік ақыл-кеңесті жас ұрпақ санасына, әсіресе қыз балаға тұспалдап, астарлап жеткізу. Бұл салт ауылдық жерлерде күні бүгінге дейін сақталған. Мәселен, «Келінім саған айтам, қызым сен тыңда» деген бір ауыз сөздің өзінде -ақ тәрбиелік талар-тілектерді бірден бетке айта салмай, көбінде оларды жанамалап жеткізгенін байқаймыз. Мұндай ақыл-кеңесті көп жағдайда қыздың анасы, не сырлас жеңгесі айтатын болған. Бұлар - бірде талап-тілек, бірде ойланып-толғануға негіз болатын зілсіз ескертпе ретінде, яғни бойжеткеннің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне лайықты «жақсы сөз - жарым ырыс» дегендей, әдіс-тәсілдер арқылы құлаққа сіңіретін.

Қыз бала жастайынан үй-ішінжік, тұрмыс-тіршілікке (кесте тігу, ою-өрнек ою, киім тігу, құрт қайнату, шай құю, ет мүшелеу, оны сақтау, ас әзірлеу, үй ішін күту т. б. осы іспеттес істерге) машықтанып, баулынған. Ұлан-ғайыр даланы мекендеген қазақ елінің қайсыбір аймақтарына тән жеке ерекшеліктері мен өзгешеліктеріне қарамастан, қыздарды адамгершілік мінез-құлыққа тәрбиелеудегі халықтың дәстүірі ортақ еді. Қыз тәрбиесінде халқымыз күш көрсету, қорқыту тәсілдерінен бойды аулақ ұстап, оларды мәпелеу, иландыру, сендіру әдістері арқылы үлгі-өнеге көрсетуге ерекше мән берген.

Бозбала мен бойжеткенді тәрбиелеу психологиясы

Тәрбие ісі - ой-шұңқыры, қыры мен сыры мол, неше түрлі тәсіл, әдістерді қажет ететін аса күрделі процесс. Бұл жерде, осы айтылғанның бір жағына, яғни тәрбие әдістерінің бірі - тәрбиеленушілерге талап қоя білу, оның нәтижесін қадағалап отыру мәселесіне тоқталмақпыз. Адамға дұрыс талап қойылмаса, тапсырылған іс уақытында қадағаланбаса, біртіндеп берекесіздік пада болады. Сондықтан балаға кішкентай кезінен бастап, шамасы келетін талаптар қойып, міндеттер жүктеп олардың орындалуын бақылап отырмаса, жас өскін жауапкершілікке, өз борышын дұрыс түсіне білуге машықтандыру қиын. Талап қою, міндет жүктеу - бала мектепке барғаннан кейін ерекше мәнге ие болады. Мұнсыз оқудың, оны миға тоқудың өзі мүмкін емес. Мәселен, жеті жасар бала мұғалімнің үйге берген тапсырмаларын орындап тұруға біртіндеп машықтануы қажет, ұстаздың талдап тілектерін орындау оқушы үшін - заң. Оқушыға міндет алу, тәрбиешінің талабын мүлтіксіз орындап шығу - үлкен жауапты әрі жанды жадырататын іс. Бұл жәйт шәкірттің психикасына зор салмақ салып, бала психологиясын күрт өзгертуге себепші болады. Өйткені мектепке дейінгі тәрбиеде шын мәніндегі талап қоюшылық, міндет алушылық болмайды, белгілі міндет жүкте, белгілі талап, ережелерді орындатқызу - мектеп режимінің бұлжымас заңы. Балаға талап қоюдың түрлі жолдарын шәкірттің жеке-дара, жас, жныс және ұлттық ерекшеліктеріне қарап, әр кез нақтылы жағдайға орай үнемі түрлендіріп отыру қажет.

Бозбала мен бойжеткен талап қою оны бәр нәрседен сақтандыру, тиым салу түрінде де қолданылады. Дұрыс талап қоя білудің тиімділігі, тәрбиелік мәні ұстаздың байсалды, байыптылығына да байланысты. Адамға талап қоя білу - үлкен өнер. Бозбала мен бойжеткенге дұрыс талап қою білумен қатар оның іс-әрекетін оқтын-оқтын қадағалап отыру да қажет. Бақылау жүргізу олардың іске жауапкершілігін арттырады, өзіне деген сенімін күшейтеді, іс-әрекетінің қоғамдық маңызын аңғара білуге, сөз бен істің арасындағы алшақтықты біртіндеп жойып отыруға мүмкіншілік береді. Бозбала мен бойжеткенге талап қоюмен олардың әрекетіне бақылау жүргізуде мына төмендегілерді ескеріп отырған абзал. Біріншіден, әр уақытта орындалуы күмәнсіз нәрселерге ғана нақты талап қойылуы қажет. Кісіге ауыр талап қою, сондай-ақ оның шамасы келетін-келмейтінін ескермеу жақсы нәтиже бермейді. Сондқтан талап дәл, анық, нақтылып келіп, одан қайшы пәкірлер орын алмауы тиыс. Екіншіден, ол өте қысқа, ықшам сөздермен тұжырымдалып, оның орындалу жолын шәкірт жақсы түсінсе ғана нәтижелі болып орындалады. Үшіншіден, талап барынша байсалдылықпен, бозбала мен бойжеткеннің ар-ожданын сыйлау жағдайында қойылғаны жөн. Ең негізгісі - оның орындалғаны жөнінде адамнан есеп алуды ұмытып кетпеу керек. Осы айтылғандарды ретіне қарай жүзеге асырып отыру тәлімгерлік шеберлік пен ұстаздық тактіні қажет етеді. Шәкірт тәрбиесінде кісінің қол жеткен табыстарын уақытында көре біліп, оны ретімен мадақтап отырудың да маңызы зор. Мұның ең қарапайым түрі - мақұлдау. Егер бозбаланың немесе бойжеткеннің іс-әрекеті әркез мақұлданып отырса, ол еңбек етуге онан сайын ынталана түседі. Мәселен, «бәрекелде», «дұрыс», «жақсы» «тамаша», «мынауыңнан нәтиже шығады», т. б. осы секілді сөздер оның жігеріне жігер қосып, үлкен демеу болады. Ұстаз шәкірттің теріс істері мен қылықтарын дер кезінде көре біліп, ретті жерінде оған түрлі жазалау шараларын да қолданып отырғаны дұрыс. Жазалаудағы негізгі мақсат - теріс жолға түскен баланы қайтадан жақсы қасиеттерге бой ұсындыру. Мұның мәні де осында. Жазалауды да мадақтау сияұты аса ептілік, ерекше байсалдылықпен пайдалану қажет. Тіпті төменгі сынып оқушыларының да өздерінің тәртіпсіз істерінен ұялатын, жапа шегіп, қапаланатын кездері болады. Адамның кінәсі үшін әділ жазалау кісіні қатты ойландырып, бұл оның мінез-құлқын түзете бастауға себепші болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психика және сана түсінігі
Психикалық әрекетті зерттеу әдістері
Жануарлармен адамның психикалық әрекетін салыстыру
Балалар психикасының даму сатылары
Балалар психологиясы пәні оның міндеті
Әскери педагогика құрылымы
Псхологиядан билеттер
Баланың психикалық дамуының оның тілінің дамуына байланыстылығы
Антикалық кезеңдегі этнопсихологиялық ойлардың дамуы
Басқару мақсаты, міндеттері, мазмұны, психологиялық спецификасы жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz