Николай Коперник



1.1. Николай Коперник
1.2. Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі
1.3. Күн жүйесінің құрылысы туралы ежелгі ғалымдардың көзқарастары
Николай Коперник (нем. Nikolaus Kopernikus; итал. Nicolò Copernico; пол. Mikołaj Kopernik; 19 Ақпан 1473 Польша, Торунь – 24 Мамыр 1543 )) –дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы поляк астрономы. Краков университетінде оқып, 24 жасында каноник (діни қызмет) болып сайланды. Италия мемлекетінде астрономия, философия, заң, медицина, т.б. ғылым салалары бойынша білімін жетілдірді. 1504 ж. отанына қайтып оралып, ғылыми және саяси жұмыстарға белсене араласты. Коперник Италияда, кейін өз елінде жүргізген ұзақ зерттеулері мен бақылаулары негізінде 1500 жыл бойы ғылымда үстемдік етіп келген Әлем жөніндегі Птолемей іліміне (геоцентрлік жүйе) сын көзімен қарап, оған қарсы пайымдаулар мен қорытындыларға келеді. Птолемей жүйесі бойынша Әлем кіндігі ретінде қозғалмайтын Жер қабылданса, Коперник жүйесінде Әлем кіндігі ретінде Күн алынады. Коперниктің бұл еңбегі ғылымдағы үлкен төңкеріс болды. Коперник бұл жаңалықтарын өзінің “Аспан сфераларының айналуы” атты кітабында баяндайды. Осы кітаптағы кейбір кемшіліктер кейін Иоганн Кеплер мен Исаак Ньютонның еңбектерінде түзетіліп, толықтырылды. Бұл діншілдердің аспан, Жер жайлы қате қағидаларына қатты соққы болып тиді. Сондықтан да 1616 ж. инквизиция үкімі бойынша Коперниктің кітабы “қара тізімге” алынып, оны пайдалануға қатаң тыйым салынды. Бұл тыйым тек 1822 ж. ғана күшін жойды.

Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
1 Николай Коперник

Варшавадағы Коперник ескерткіші
Николай Коперник (нем. Nikolaus Kopernikus; итал. Nicolò Copernico; пол.
Mikołaj Kopernik; 19 Ақпан 1473 Польша, Торунь – 24 Мамыр 1543 )) –дүниенің
гелиоцентрлік жүйесін жасаушы поляк астрономы. Краков университетінде оқып,
24 жасында каноник (діни қызмет) болып сайланды. Италия мемлекетінде
астрономия, философия, заң, медицина, т.б. ғылым салалары бойынша білімін
жетілдірді. 1504 ж. отанына қайтып оралып, ғылыми және саяси жұмыстарға
белсене араласты. Коперник Италияда, кейін өз елінде жүргізген ұзақ
зерттеулері мен бақылаулары негізінде 1500 жыл бойы ғылымда үстемдік етіп
келген Әлем жөніндегі Птолемей іліміне (геоцентрлік жүйе) сын көзімен
қарап, оған қарсы пайымдаулар мен қорытындыларға келеді. Птолемей жүйесі
бойынша Әлем кіндігі ретінде қозғалмайтын Жер қабылданса, Коперник
жүйесінде Әлем кіндігі ретінде Күн алынады. Коперниктің бұл еңбегі
ғылымдағы үлкен төңкеріс болды. Коперник бұл жаңалықтарын өзінің “Аспан
сфераларының айналуы” атты кітабында баяндайды. Осы кітаптағы кейбір
кемшіліктер кейін Иоганн Кеплер мен Исаак Ньютонның еңбектерінде түзетіліп,
толықтырылды. Бұл діншілдердің аспан, Жер жайлы қате қағидаларына қатты
соққы болып тиді. Сондықтан да 1616 ж. инквизиция үкімі бойынша Коперниктің
кітабы “қара тізімге” алынып, оны пайдалануға қатаң тыйым салынды. Бұл
тыйым тек 1822 ж. ғана күшін жойды.

2 Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі

Ұлы поляк ғалымы Николай Коперник өмір сүріп, еңбек еткен кезеңде, яғни XVI
ғасырда, Птолемейдің өздеріңе мәлім геоцентрлік жүйесінің ақиқаттығына
күмәнді ойлар жаппай туындай бастады.
Планеталардың Күнді айнала қозғалатыны жөніндегі идея біздің өркениеттің әр
түрлі кезеңдерінде пайда болғанымен, ол жиырма ғасырдай уақыт бойы мүлгуде
болды. Өйткені, Птолемейдің геоцентрлік жүйесі Әлем құрылысы жөніндегі
мүлдем қате түсініктерге негізделгеніне қарамастан, ортағасырлық адамдардың
қарапайым тіршілікке қажетті талаптарын қанағаттандырып отырды. Ол
тұтылуларды, планеталардың көкжиектен көрінуін және аспан әлеміндегі
көрінерлік өзгерістерді алдын ала дәл болжауға мүмкіндік берді. Себебі бұл
жүйе де ұзақ жылдар бойы мұқият орындалған тәжірибелерге негізделген
болатын.

Николай Коперник
Алайда, Күн жүйесі құрылысының жобасын алғаш рет дұрыс түсінген Н. Коперник
болды. Ол ғасырлар бойы адамдардың санасына ұялап қалған Жер қозғалмайды
деген жобаны теріске шығарды. Жерді өзге планеталардың қатарына косып, Жер
Күннен үшінші орында болады деді. Сонымен бірге Коперник Жер өз осін айнала
отырып, барлық планеталармен бірге кеңістікте Күнді айнала қозғалады деп
көрсетті. Ал Ай Күнді емес,Жерді айнала қозғалады деді. Коперник осы идеяны
айтқан кезде сол кезеңнің ғалымдары онымен бірден келісе алмады. Тіпті
Коперниктің өзі де бұл тұжырымдар төңірегінде кырық жыл бойы ойланумен
болды. Коперник Полыпа мен Италия университеттерінде оқып, үздік әрі жан-
жақты (математика, астрономия, құкық,тіл, медицина бойынша) білім алған. Ол
планеталар мен Күнді бақылау барысында алынған мәліметтерге сүйеніп,
планеталардың Күнге қатысты қозғалысын анықтауды мақсат еткен еді. Теңдесі
жоқ, ғаламат есептеу жұмыс тары жиырма жылға жуық уақыт бойы тікелей
жүргізілген бақылаулармен ұштастырылды. Ғалым ерен математик ретінде
ғылымға көп жаңалық енгізді. Ол аспан денелерінің қозғалыс кестесін жасады,
ол үшін оған 324 мың шаманы есептеп шығару кажет болды.
Осындай ғылыми деректермен негізделген зерттеу жұмыс тарының нәтижесінде
Коперник планеталар қозғалысының жаңа жүйесін жасады. Оның Аспан
сфераларының айналуы туралы деп аталатын еңбегі 1543 жылы жарық көрді. Н.
Коперник планеталар жүйесінің центріне Күнді орналастырғандықтан, бұл жүйе
гелио-центрлік жүйе (гр. гелиос- Күн) деп аталды.
Коперник жасаған жүйе әлі де болса мүлтіксіз емес еді, ол қазіргі кездегі
қабылданған Күн жүйесі құрылысының сызбасынан өзгешелеу болды. Өйткені
планеталар Күнді Коперник айтқандай дөңгелек орбита бойымен емес, эллипстік
орбиталар бойымен айнала қозғалады. Коперник сол кездегі белгілі аспан
құбылыстарын және планеталардың тұзақ тәрізді болып көрінетін қозғалыстарын
Жердің айналуынан және оның Күнді айнала қозғалуынан болады деп өз
болжамының дұрыстығын батыл дәлелдеді. Коперниктің ілімін көптеген
ғалымдар: Тихо Браге, Джордано Бруно, Иоганн Кеплер, Галилео Галилей, Исаак
Ньютон қолдап, одан әрі дамытты.
Н. Коперник теориясы физика мен астрономияның және тұтас жаратылыстанудың
дамуында аса маңызды рөл аткарды. Соның негізінде ғылымға қозғалыстың
салыстырмалылыгы және санақ жүйесі деген ұғымдар енгізілді. Тек осы теория
негізінде И. Кеплер мен И. Ньютон қозғалыстың нақты заңдарын аша алды.[1]
Күн Жүйесі – Күннен, оны айнала қозғалатын 9 үлкен планетадан (Меркурий,
Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун және Плутон), планета
серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан), шамамен 1011
кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер
жүйесі. Күннен ең алыс орналасқан планетаға дейінгі орташа қашықтық шамамен
40 а.б. немесе 6 млрд. км-ге тең.
Күн – Күн жүйесіндегі орталық дене болып саналады, оның массасы Күн
жүйесіндегі барлық денелердің жиынтық массасынан 750 есе артық. Сондықтан
Күн жүйесінің массалар центрі Күн қойнауында орналасқан. Барлық 9 үлкен
планета Күнді айнала, дөңгелек дерлік орбита бойымен, бір бағытта
қозғалады. Олардың орбиталарының бір-біріне қатысты көлбеулігі өте аз.
Планеталардың Күннен қашықтығы белгілі бір заңдылыққа бағынған, яғни
көршілес орбиталардың ара қашықтығы Күннен алыстаған сайын арта түседі.
Планеталар қозғалысының физикалық қасиеттеріне байланысты Күн жүйесінің
үйлесімді екі топқа бөлінуі ғарыштық денелердің кездейсоқ жиынтық емес
екендігін көрсетеді. Барлық кіші планеталар да үлкен планеталар қозғалған
бағытта Күнді айнала қозғалады, бірақ олардың орбиталары едәуір созылыңқы
және эклиптика жазықтығына көлбеу орналасады. Кометалардың көпшілігі
параболаға жақын өте созылыңқы орбита бойымен қозғалады. Айналу периоды
миллиондаған жылға жетеді. Мұндай комета орбиталарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа заман ғылымы кезеңі. Екінші жаратылыстық - ғылыми төңкеріс
Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріндегі саяси- құқықтық ілімдер мен гелиоцентризмнің мемлекет пен қоғамды басқарудағы рөлі
Коперниктің гелиоцентрлік теориясы
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы туралы ақпарат
Ғылыми философиялық қайта түлеу
Қайта өрлеу философиясының дүниетенымдық орентациясы
Қайта өрлеу дәуірінің ерекшеліктері
Орта Азияда астрономияның дамуы
Ғалам туралы ғылымның дамуы
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы жайлы
Пәндер