Ерте Рим тарихының деректері



I. тарау Антика заманындағы зерттеулер.

II.тарау Римнің алғашқы жылнамасы және Рим дәстүрінің шығуы.

III. тарау Анналистер мектебі.
Ертедегі Римнің тарихы антикалық заманда-ақ зерттеле басталды. Біздің эрамызға дейінгі III ғасырдың өзінде-ақ Рим тарихын системалы түрде баяндауға талап етушілер болды. Бұл кездің жазушыларының шығармалары біздің уақытымызға дейін қалпында жеткен жоқ, бірақ сол жазушылардың шығармаларының негізінде құрастырылған өте ерте уақыттан бергі Рим тарихын баяндайтын біздің эрамызға дейінгі І ғасырға жататын тарихи шығармалар сақталып келді. Бұрынғы өткенге көңіл бөлу Рим тарихының бүкңл бойында орын алып келді, тіпті мәдениеттің барлық тарауы да кері кеткендігі байқалған кейініректегі Империя заманынан бізге келіп жеткен Рим тарихына байланысты шығармалар бар. Антика авторларының тарихи шығармалары біздің ертедегі Римнің тарихын зерттеуіміздің басты дерегі болып табылады. Бұлардың маңызы; Бүкіл Рим тарихы уақиғаларына байланысты баянын береді, біздерге көп фактілерді айтып, және бұларда өткен уақиғаларды түсіндіруге тырысушылық та бар. Тарихи шығармалармен қатар Рим заманының басқа әдеби ескерткіштерінің де маңызы зор (көркем әдеби шығармалары сөздер мен хаттар және уақиғалардың кезінде болған адамдардың басқа шығармалары, заң жөнінндегі шығармалар, діни сипатты шығармалар), бұлар да біздің кезімізге дейін тарихи шығармалар сияқты көбіне орта ғасырлардағы қолжазбалар түрінде келіп жетті. Соңғы кезде археология мәліметтерін зерттеушілердің мүддесін көздеп колондарды жерге бекітіп отырды. Сөйтіп құлиеленуші қоғамның өз ішінде біртіндеп феодалдық қоғамның өз ішінде біртіндеп феодалдық қатынастардың элементтері түзіле басталды. Бұлар әсіресе біздің эрамыздың ІV ғасырының ақрында және V ғасырдың бас кезінде күшейе түсті.
Өндірістің құлиеленуші тәсілінің кризисі құлдардың революцияларына алып келді, бұлар шабуыл жасаушы варварлармен бірлесе отырып әрекет етті. V ғасырдан бастап Византия әр түрлі славиян халықтарымен және тайпаларымен қатынасын үзген емес, арада кейде бейбітшілік кейде соғыс болып отырды, бірақ славян халықтары мен тайпалары византиялық феодализмнің дамуынан үлкен орын алды.
Мәдениет тарихына Рим едәуір мұра қалдырды. Рим мәдениеті дербес дамыған жоқ. Этрускілер мен гректердің ықпалы өте күшті болды, бірақ біздің эрамызға дейінгі І ғасырдың аяқ шенінен бастап мәдени өмірдің барлық салаларында дерлік римляндар өте тамаша ескерткіштер жасады, бұлар әр түрлі шет жерлік ықпалдарды жеңіп, олардың орнына Римнің жаңа мәдениетін құрағандығын көрсетті.
1 В.С Сергеев «Ертедегі Греция тарихы»

2 Кузищина «Источниковедение Древней Греций»
М-1982г
3 «Историография Античной Истории» под.ред Кузищина
М-1980г

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жанысбаев Нұрболат ТТА-415

Жоспар:

Ерте Рим тарихының деректері.

I- тарау Антика заманындағы зерттеулер.

II-тарау Римнің алғашқы жылнамасы және Рим дәстүрінің шығуы.

III- тарау Анналистер мектебі.

I-тарау Антика заманындағы зерттеулер.

Ертедегі Римнің тарихы антикалық заманда-ақ зерттеле басталды.
Біздің эрамызға дейінгі III ғасырдың өзінде-ақ Рим тарихын системалы
түрде баяндауға талап етушілер болды. Бұл кездің жазушыларының
шығармалары біздің уақытымызға дейін қалпында жеткен жоқ, бірақ сол
жазушылардың шығармаларының негізінде құрастырылған өте ерте
уақыттан бергі Рим тарихын баяндайтын біздің эрамызға дейінгі І ғасырға
жататын тарихи шығармалар сақталып келді. Бұрынғы өткенге көңіл
бөлу Рим тарихының бүкңл бойында орын алып келді, тіпті
мәдениеттің барлық тарауы да кері кеткендігі байқалған кейініректегі
Империя заманынан бізге келіп жеткен Рим тарихына байланысты
шығармалар бар. Антика авторларының тарихи шығармалары біздің
ертедегі Римнің тарихын зерттеуіміздің басты дерегі болып табылады.
Бұлардың маңызы; Бүкіл Рим тарихы уақиғаларына байланысты баянын
береді, біздерге көп фактілерді айтып, және бұларда өткен
уақиғаларды түсіндіруге тырысушылық та бар. Тарихи шығармалармен
қатар Рим заманының басқа әдеби ескерткіштерінің де маңызы зор
(көркем әдеби шығармалары сөздер мен хаттар және уақиғалардың
кезінде болған адамдардың басқа шығармалары, заң жөнінндегі
шығармалар, діни сипатты шығармалар), бұлар да біздің кезімізге
дейін тарихи шығармалар сияқты көбіне орта ғасырлардағы қолжазбалар
түрінде келіп жетті. Соңғы кезде археология мәліметтерін
зерттеушілердің мүддесін көздеп колондарды жерге бекітіп отырды.
Сөйтіп құлиеленуші қоғамның өз ішінде біртіндеп феодалдық қоғамның
өз ішінде біртіндеп феодалдық қатынастардың элементтері түзіле
басталды. Бұлар әсіресе біздің эрамыздың ІV ғасырының ақрында және
V ғасырдың бас кезінде күшейе түсті.
Өндірістің құлиеленуші тәсілінің кризисі құлдардың
революцияларына алып келді, бұлар шабуыл жасаушы варварлармен
бірлесе отырып әрекет етті. V ғасырдан бастап Византия әр түрлі
славиян халықтарымен және тайпаларымен қатынасын үзген емес, арада
кейде бейбітшілік кейде соғыс болып отырды, бірақ славян халықтары
мен тайпалары византиялық феодализмнің дамуынан үлкен орын алды.
Мәдениет тарихына Рим едәуір мұра қалдырды. Рим мәдениеті
дербес дамыған жоқ. Этрускілер мен гректердің ықпалы өте күшті
болды, бірақ біздің эрамызға дейінгі І ғасырдың аяқ шенінен бастап
мәдени өмірдің барлық салаларында дерлік римляндар өте тамаша
ескерткіштер жасады, бұлар әр түрлі шет жерлік ықпалдарды жеңіп,
олардың орнына Римнің жаңа мәдениетін құрағандығын көрсетті.
Рим империясының құрылуы ертеректе өткен өзге халықтардың ең
алдымен гректер қалдырып кеткен мәдениет мұралары кең түрде
таратуға себеп болды. Римнің сәулетті алып құрылыстарының қалдықтары
көп уақытқа дейін сақталып келген; римляндар шығарған көптеген
терминдер (атаулар) осы заманғы европалық тілдердің бәріне енді;
латын тілін, Рим ақындары мен прозайктерін үйрету көп уақытқа
дейін мектеп білімінің негізі болды. Барлық романдық тіл деп
аталатын тілдер (француз,италия,испан тілдері т.т) латын тілінің
базасында дамыды. Римнің юриспруденциясы ғасырлар бойы теңдесі жоқ
деп саналды және Рим заңының догмалары осы заманғы европалық
мемлекеттердің заң шығарушы тарихынан ерекше орын алады.
Рим тарихының соңғы ғасырлары сонымен бірге ертеде
құлиеленуші дүниенің тарихының аяқталуы болды. Одан кейінгі
дәуірлерде орта ғасырлар заманында ерекше орын алған қатынастар
міне осы заманда құрылды.
Рим тарихының тым ертедегі дәуірлерін зерттеу Ертедегі
римляндықтардың гректің Илиада, Одиссея поэмалары сияқты халық
творчествасының ескерткіштері келіп жеткен жоқ, ал Рим ертектері
өткен уақиғаларды тарихи шығармалардан ғана мәлім.

ІІ-тарау Римнің алғашқы жылнамасы және Рим
дәстүрінің шығуы.

Алдымен бұл дәстүрге негіз болатын документтік мәліметтер
қандай деген мәселе келіп шығады. Жазу сызу Римде VI ғасырда пайда
болды, бұл кезден кейбір жазулардың ізі мүлдем сақталмаған. Ең
алғашқы ресми документтердің бірі – календарь, мұны Римнің абыздары –
понтификтер жүргізіп отырды. Бұл календарьға dies fasti, яғни
жыйылас шақырылатын, сот жасайтын, қандай да болсын азаматтық
істерді жргізуге болатын күндер және dies nafasti-дін тұрғысынан
қарағанда қарағанда бұларды істеуге тыйым салынған күндер жазылып
отырды. Жыл санардың да календарьмен байланысты болғаны табиғи
нәрсе. Ертедегі Римляндарда жыл санын содан бастап санайтын эралары
болған жоқ. Республика заманында жылдар жоғарғы қызмет адамдарының
- консулдардың атымен аталатын. Бұл тізімдер фасталық тізімдері де
болды. Кейбір мәліметтерге қарағанда блар кендір кітапта жазылған
және Юнона Манета храмында сақталулы. Және де триумфалдық
фастыларда жазылып отырған, бұларды Рим қолбасшылары жасаған
триумфтер жазылған. Рим тарихнамасында консулдық фастыларға ерекше
маңыз берген, өйткені бұлар календарьмен қосылды және жыл санаудың
негізі болды. Консулдық фастылар қай уақыттан бастап жазыла бастады
және олардың ақиқаттығы қандай деген мәселе келіп туады. Бізге
консулдардың тізімі мәлім, бұлар бір жағынан тарихшылардың
шығармалары бойынша қалпына келтіріледі, екіншіден эпиграфиялық
мәліметтер бойынша қалпына келтіріледі.
Календарьмен қатар консулдың фастылары тек қана Римнің жыл
санауының негізі болып қойған жоқ, сонымен қатар Рим жылнамасының
негізі болды. Өйткені бұларда Рим тарихының ертеректегі замандағы
тарихи жазущылар пайда болудан көп бұрын понтификтер коллегиясының
бастығы ұлы понтифик өз көзқарасының тұрғысынан уақиғаларды жазып
отырды: әр түрлі ырым белгілерді, ерекше мейрамдарды,соғыстарды,
астықтың бағасының артуын т.т жазып отырды. Бұл Римнің тарихын
баяндайтын ең ертеректегі жанрлар болды, бұған ұқсас мәселелерді
басқа халықтардан да табуға болады. Жыл сайынғы жазу анналдар деп
аталды яғни жылнама жазушылар. Рим антиквары Фестың түсіндіруі
бойынша, бұлар ұлы анналдар деп аталған.
Жыл сайынғы жазулар IV ғасырдан бастап немесе V ғасырдан бастап
жазыла бастауы мүмкін. Алғашында бұлар жай заметкалар болды, бірақ
біздің эрамызға дейінгі 320 жылдың шамасында ұлы понтифик жазулар
жазып отыру туралы айтқан.
Ерте замандағы аңыз ертегілердің бірі Ромулла мен Рема туралы
аңыз. Ол антикварлардың жай ойдан шығарған дүниесі емес.VI ғасырдың
бас кезіне тура келетін қасқырдың суреті сақталып қалған бұл
соның айғағы болып табылады. ІІІ ғасырдың бас кезіндегі Рим
–Кампания ақшаларында да екі жас баланы қасқырдың емізіп тұрған
суреті Ромулла мен Рема туралы аңыздың көп тарағандығын көрсетеді.
Рим тарихының ертеректегі заманның өзінде-ақ элогиялар - қысқа
жазулар шықты, бұлар өлгеннен кейінгі атақты адамдар туралы
жазатын болды. Осындай элогия жазылған ең ертеректегі жазу Үшінші
Самнит соғысы кезінің қолбасшысы, біздің эрамызға дейінгі 298
жылдың консулы Луций Корнелий Сақалды Сципионның ескерткішінде
сақталып қалулы.
Бұрын Рим тарихымен айналысқан римляндықтардың өздерң емес
гректер болды. V ғасырдың өзінде-ақ Гелланик, Лессбоский Римді атап
өткен. Кейіннен Римнің өткен кезі туралы көбіне Сицилия Гректері
жазды.

ІІІ-тарау Анналдар мектебі.

Кампанийде туған Гней Невий өзі қатысқан Пуний соғысын тұңғыш
рет өлеңмен жазып шықты. Невий бұл шығарманың бірінші бөлімінде
Римнің шығуы туралы қысқаша мәләіметтер береді. Бұдан біраз кейін
Рим тарихының әңгімелерін гекзаметрмен баян етіп, ақын Кейн Энний
жазды.Эннийдің жылнамасы Энейден бастап ақынның өз тұсындағы заманға
дейін келеді. Невий мен Эннийдің поэмалары біздің күндерімізге
дейін келіп жеткен жоқ. Тек бұлардан кейін жазылған шығармаларда
үзінділері ғана бар.
Анналистердің бірі ірі саяси қайраткер Марк Порций Катон
Старший да аға анналистердің қатарына қосылды. Ол Римнің тарихын
тұңғыш рет латын прозасында баяндады. Катонның еңбектері де өте
маңызды.
Аға анналистер дәйекті римдік көзқарастарды жақтаушылар болды.
Римляндықтардың жеңісі асыра мақталып, сәтсіздіктері кішірейтіліп
көрсетілді. Олар римнің саяси маңызы ең алғаш салынған кезінде-ақ
зор болатын, сол кезден ол біздің эрамызға дейінгі ІІІ ғасырға
жеткен дәрежесінен кем болған жоқ деуге шейін барды. Сөйтіп аға
анналистер мен ақындар Римнің өткен кезі туралы түрлі мәліметтерді
жүйелеп, жазып алады. Бірақ олардың әңгімелерінде ақиқат шындықпен
қатар аңыздар мен жорамалдар да аз емес еді. Олардың
шығармаларынан бізге тек мардымсыз үзінділері ғана жеткен.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.История Древнего Рима Н.А.Машкин

А-1956ж
2.Хрестоматия историй древнего Рима.

3. Историография Античной истории под.ред Кузищина.
М-1980

Есалиева Айгерім ТТА-415

Ежелгі Грек тарихнамасы бойынша деректер

Жоспар:

І-тарау. Ертедегі Греция тарихының зерттеле басталуы.

ІІ- тарау. Георг Гроттың Греция тарихы еңбегі.

ІІІ- тарау. Грек тарихнамасындағы орыс ғалымдадың
зерттеулері.

І-тарау. Ертедегі Греция тарихының зерттеле бастауы.

Ертедегі Греция тарихының тыңғылықты зерттеле бастауы Қайта
өрлеу дәуіріне жатады. Ол кезде алдымен әдебиет пен мәдени
ескерткіштерге көңіл бөліне басталды. Антика заманы авторларының
қолжазбаларын іздеп табуға ерекше көңіл бөлінді. Сол уақыттың
өзінде-ақ құдайлардың шежіресі сияқты екінші дәрежесіндегі
мәселелердә зерттеуге бағытталған тұңғыш еңбектер де шыға бастады,
бірақ кейінгі кездегі мәселелерді зерттеуге бағытталған тұңғыш
еңбектер де шыға бастайды, бірақ кейінгі грек тарихын зерттеуде
едәуір маңызды боған еңбектер де шығы бастады. XVII ғасырдың ғалымы
Скалигер ғылыми хронологияның негізін қалады. XVII ғасырдың бас
кезіндегі философ Джанбаттиста Вико Гомерді шын өмір сүрген адам
деп айтуға болмайды. Ол халық творчествосына арналған жалпылама атақ,
символ деп жорыды.
XVII және XVII ғасырларда антик заманы искусствосының
ескерткіштері сияқты антик заманы әдебиетінің шығармалары да
өзгермейді деп танылды. Антик заманының үлгңлерңне еліктеушілік
поэзияның, драматургияның, кескін өнерінің жіне архитектураның ерекше
белгісі еді. Көп елдердің ұлт әдебиеттері, ұлт искусствосы антик
заманының ескерткіштеріне еліктеумен басталды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“Шетелдер тарихының тарихнамасы” пәнінің оқу-әдістемелік нұсқау
«Тарихнама» пәні бойынша лекция сабақтары
Ежелгі Шығыс тарихы
Қазақстан тарихы туралы көне жазба деректері (иран, грек, қытай)
Ғұн тарихы XVIII ғасырдағы орыс және шетел ғалымдары еңбектерінде
Деректанудың даму тарихы
Орта ғасырлар тарихы пәнінің мазмұны және хронологиялық шегі
Ежелгі грек жазба деректері
Көне парсы деректері
Қытай деректері көшпенді халықтар өркениетінің дерек көзі ретінде
Пәндер