Қазақстан Республикасының фискальды саясатын жүргiзу барысындағы салықтардың түсiмiн талдау
МАЗМҰНЫ
Кiрiспе. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5 б.
. Бюджет саясатының қалыптасуындағы салықтардың рөлiнiң теориялық негiзi
1.1. Мемекеттiк бюджеттiң мазмұны мен құрылымы ... ... ... ... ... ... .. 6 б.
1.2. Фискальды саясаттың мәні мен мазмұны, мақсаты және негізгі
құралдары. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9 б.
II. Қазақстан Республикасының фискальды саясатын жүргiзу барысындағы салықтардың түсiмiн талдау
2.1. Қазақстан Республикасында салық жүйесiнiң қалыптасу кезеңдерi және бюджет саясатын жүзеге асыру механизмi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14 б.
2.2. Бюджет саясатын қалыптастырудағы салықтардың ролi ... ... ... ... . 21 б.
2.3. Оңтүстiк Қазақстан облыс бюджетiнiң салық түсiмдерiн талдау ... ... 24 б.
Қорытынды. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31 б.
Пайдаланылған әдебиеттер. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33 б.

КlРlСПЕ
Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттiң орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.
Бюджет экономикаға бюджет механизiмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттiң бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. Бюджет механизiмi -мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнiң жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану формалары мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспарының көрсеткiштерi республика Жоғарғы Кеңесiнiң жыл сайын қабылдайтын мемлекеттiк бюджет туралы заңына сәйкес мiндеттi түрде орындалуы тиiс.
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан барлық меншiк формасындағы кәсiпорындар, бiрлестiктер мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер республикалық бюджетке, кеден тарифтерiне сәйкес ұлттық валютамен экспорттық және импорттық баж салықтарын төлейдi.
Нарықтық қатынастар жағдайында салықтар мемлекеттi қаржыландыру қызметi және оның аппаратын ұстайтын негiзгi қайнар көзi болып табылады.
Мемлекет салықтарды пайдалана отырып, елде болып жатқан экономикалық процестерге активтi түрде қатыса алады. Салықтар есебiнен жиналған ақшалай қаржылар мемлекетке әлеуметтiк саясат жүргiзуге мүмкiндiк бередi, соның iшiнде өзiнiң өмiр сүру деңгейiн минемальды деңгейде қамтамасыз ете алатын халық топтарына материалды көмек көрсету мүмкiндiгi бар.
Мемлекет ақшалай қаржыларды түрлi жолдармен табады, бiр жағдайда мемлекеттiк зайымдар iшкi және сыртқы ретiнде меншiк иесiнiң қаражатты өз еркiмен беруге негiзделетiн әдiс қолданылады, ал басқа жағдайларда ақшалай қаражаттар ерiксiз өндiрiп алу жолымен алынады.
Салықтар мемлекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгiлi мөлшерде мiндеттi төлемдер болып табылады.
Салықтар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бiр бөлiгiн бiлдiредi. Сонымен қатар, шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен халық табысының белгiлi бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне жинақтап, жинақтаудың қаржылық қатынастарын көрсетедi. Салықтар мемлекеттiң пайда болуымен бiрге қалыптасады және мемлекеттiң тiршiлiк етiп дамуының негiзi болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк-әрекеттегi қызметкерлер мен жұмысшылардың әлеуметтiк-экономикалық қорғалуы, елiмiздiң қорғаныс қызметiндегi iш-шаралардың жүзеге асырылуы осы экономикалық категроия ретiнде көрiнетiн бюджетке байланысты. Яғни, салықтың атқаратын ролi жоғары. Бұл менiң тақырыбымның маңыздылығын ашады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Раймқұлұлы С. «Экономикалық теория негіздері» Шымкент – 2005 ж.
2. Шеденов Ө.Қ., Сағындықова Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжанартов Ү.С., Камягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория» Ақтөбе – 2004 ж. «А – Полиграфия».
3. Бурабаева О. Б., Ермекбаев Б. Ж. жергiлiктi салықтар
4. «Оңтүстік Қазақстан» 2007 ж. 20 қаңтар.
5. Бухгалтерлiк бюллетенi, 2001ж, 1999ж N1-12
6. Деловой мир Казахстана –2001г. N3,с 20-22.
7. Дамудың бiр кепiлi салық Заң және заман 2001 ж. N4 47-51б.
8. Егемендi Қазақстан Салық және бюджетке түсетiн басқа мiндеттi төлемдер туралы Салық кодексiнiң жобасы, 2001.2 қараша.
9. Налоговое законодательство РК. /Изд Қаржы-қаражат-1997г.
10. Салыққа салаутты көзқарас керек Зерде N3 2001ж.
11. Салық жинауда салғырттық болмасын. Қ. Ашутов. Қаржы-қаражат 1998/8.
12. О налогах и других обязательных платежах в бюджет и закон РК с изменениями и дополнениями 1 января 2001 г. Алматы
13. Салық және бюджет саясаты Қазақстан ХХI ғасырға жол 2001 ж. N2
14. Салық- халық несiбесi Еегемендi Қазақстан, 2001ж.1 қазан
15. Салық бюджеттiң қайнар көзi Заң газетi 2001 жыл шiлде.
16. Нормативные акты по финансам, налогам, бухгалтерскому учету Алматы: Қаржы-қаражат 1997г.
17. Мән берiлер мәселелер- Салық қызметi туралы, Қаржы -қаражат 2001ж. N24-27б.
18. А.И. Худяков. Налоговое право РК. Алматы Жетi жарғы 1998г.
19. Экономика и право Казахстана 2001-6 6 стр. Налоговая политика.
20. Мемлекеттiк бюджет саясаты Заң газетi. 1999 жыл 3 желтоқсан.

Кiрiспе.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 5 б.
(. Бюджет саясатының қалыптасуындағы салықтардың рөлiнiң теориялық
негiзi
1.1. Мемекеттiк бюджеттiң мазмұны мен құрылымы ... ... ... ... ... ... .. 6 б.
1.2. Фискальды саясаттың мәні мен мазмұны, мақсаты және негізгі
құралдары.

... ... ... ... ... 9 б.
II. Қазақстан Республикасының фискальды саясатын жүргiзу барысындағы
салықтардың түсiмiн талдау
2.1. Қазақстан Республикасында салық жүйесiнiң қалыптасу кезеңдерi және
бюджет саясатын жүзеге асыру механизмi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 14 б.
2.2. Бюджет саясатын қалыптастырудағы салықтардың ролi ... ... ... ... . 21 б.
2.3. Оңтүстiк Қазақстан облыс бюджетiнiң салық түсiмдерiн талдау ... ... 24 б.
Қорытынды.

... ... ... ... ... ... 31 б.
Пайдаланылған әдебиеттер.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 33
б.
КlРlСПЕ
Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының
мемлекеттiң орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде
бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық
қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық
өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын
белгiлейдi.
Бюджет экономикаға бюджет механизiмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттiң
бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. (Бюджет механизiмi(
-мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және
пайдалану формалары мен әдiстерiнiң жиынтығы. Экономиканы реттеу
орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану
формалары мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi
қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспарының көрсеткiштерi республика Жоғарғы
Кеңесiнiң жыл сайын қабылдайтын (мемлекеттiк бюджет туралы( заңына сәйкес
мiндеттi түрде орындалуы тиiс.
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан барлық меншiк формасындағы
кәсiпорындар, бiрлестiктер мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер
республикалық бюджетке, кеден тарифтерiне сәйкес ұлттық валютамен
экспорттық және импорттық баж салықтарын төлейдi.
Нарықтық қатынастар жағдайында салықтар мемлекеттi қаржыландыру
қызметi және оның аппаратын ұстайтын негiзгi қайнар көзi болып
табылады.
Мемлекет салықтарды пайдалана отырып, елде болып жатқан
экономикалық процестерге активтi түрде қатыса алады. Салықтар
есебiнен жиналған ақшалай қаржылар мемлекетке әлеуметтiк саясат
жүргiзуге мүмкiндiк бередi, соның iшiнде өзiнiң өмiр сүру деңгейiн
минемальды деңгейде қамтамасыз ете алатын халық топтарына материалды
көмек көрсету мүмкiндiгi бар.
Мемлекет ақшалай қаржыларды түрлi жолдармен табады, бiр
жағдайда мемлекеттiк зайымдар iшкi және сыртқы ретiнде меншiк
иесiнiң қаражатты өз еркiмен беруге негiзделетiн әдiс қолданылады,
ал басқа жағдайларда ақшалай қаражаттар ерiксiз өндiрiп алу жолымен
алынады.
Салықтар мемлекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан
белгiлi мөлшерде мiндеттi төлемдер болып табылады.
Салықтар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының
қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бiр бөлiгiн бiлдiредi. Сонымен
қатар, шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен халық табысының белгiлi
бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне жинақтап, жинақтаудың қаржылық
қатынастарын көрсетедi. Салықтар мемлекеттiң пайда болуымен бiрге
қалыптасады және мемлекеттiң тiршiлiк етiп дамуының негiзi болып
табылады.
Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк-әрекеттегi қызметкерлер мен
жұмысшылардың әлеуметтiк-экономикалық қорғалуы, елiмiздiң қорғаныс
қызметiндегi iш-шаралардың жүзеге асырылуы осы экономикалық категроия
ретiнде көрiнетiн бюджетке байланысты. Яғни, салықтың атқаратын ролi
жоғары. Бұл менiң тақырыбымның маңыздылығын ашады.
І. Мемлекеттiк бюджеттiң қалыптасуындағы бюджет саясатының теориялық
негiзi
1. Мемлекетттiк бюджеттiң мазмұны мен құрылымы
Мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық мәнi сан алуан қаржы баланстарында
жекелеген ерекшелiктерi белгiленетiн айырықша салалары бар. Мәселен,
мемлекеттiк кәсiпорындармен, ұйымдармен және халықпен қалыптасатын қаржы
қатынастары қоғамдық өнiмдi құндық бөлудiң айырықша саласын құрайды. Бұл
қатынастар қоғамдық қажеттердi өтеуге арналған, орталықтандырылған қаражат
қорын құрап, пайдалануға байланысты. Бұл процесс мемлекеттiң тiкелей
қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы
(Мемлекеттiк бюджет( деп аталған ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды. [4]
Мемлекеттiк бюджетте экономикалық қатынастарының тұтастығы ретiнде
обьективтi қасиетi бар. Оның өзiндiк сала болып өмiр сүруi қоғамдық
өндiрiстерге байланысты, әрине олардың дамуына орталық қор қажет. Ақша
қаражатын орталықтандыру ұлттық шаруашылықта үнемi айналым болу үшiн қажет,
және экономиканы түзеу үшiн де қажет. Бағамдық үлестiрудiң бюджеттiк
саласының болуы мемлекеттiң өзiне де қажет. Мемлекетке керек салаларды
қаржыландыру үшiн орталықтандырылған қор қажет. Сонымен қатар бұл қор
мәдени-әлеуметтiк iс-шаралар өткiзуге, қорғаныс мәселелерiн шешуге,
мемлекеттiк басқарудың жасаған шығындарын жабуға қажет. Осыған орай
мемлекеттiк бюджеттiң болуы адамдардың субьективтi қалуының нәтижесi емес,
бұл обьективтi қажеттiлiк. Экономиканың бүгiнгi таңда дамуы кезеңiнде
орталықтандырылған қаржы қоры мемлекетке көптеген мүмкiндiктер бередi.
Мысалы, үшiн қоғамдық өндiрiстiң пропорциялдарын және қарқынын
қамтамасыз етедi, оның салалық және аймақтық жүйесiн көздейдi, салалық
экономиканың бiрiншi қажеттi бағдарламаларын дамытуға әсер ететiн қорды
қалыптастырады, әлеуметтiк өзгерiстер өткiзедi.
Қаржы орталықтандыруының арқасында ақша қоры экономикалық және
әлеуметтiк дамуға жұмсалады және мемлекеттiң әлеуметтiк және экономикалық
саясатының жүзеге асуына жағдайлар туғызады.
Осыған орай мемлекеттiк бюджет бағамдық үлестiрудiң ерекше бөлiмi
ретiнде өзгеше қоғамдық қызмет атқарады және қоғами мемлекеттiк сұранысты
қанағаттандырады. Обьективтi үлестiру қатынастарының экономикалық формасы
бола тұра, ерекше қоғамдық iс- әрекеттердi атқара тұра, мемлекеттiк бюджет
экономикалық санат ретiнде шығады. [10]
Мемлекеттiк бюджетке белгiлi бiр тұтас қаржы қатынастары ретiнде оған
қаржы санатының қасиеттерi тән, бюджеттiк қатынастардың үлестiру қасиетi
бар, ақшалай түрде жүзеге асады, бағытты ақша қорымен тетелес келедi.
Сонымен қатар, бюджеттiк қатынастарға белгiлi бiр ерекшелiк тән, ол әрине
қаржы тақырыбынан тыс болмайды. Мемлекеттiк бюджетiнiң өзгеше бiр сфера
ретiнде бағамды үлестiру қасиетiн қарасақ, ол мынадай:
1) мемлекеттiң жалпы қоғамдық өнiмiнiң бөлiгiмен байланысты және оны
қолдануымен, яғни қоғамдық сұранысты қанағаттандыру үшiн қолданылатын
үлестiру қатынастарының экономикалық формасы
2) халық шаруашылығы, аймақтар, экономика секторлары, қоғамдық iс -
әрекеттiң өрiсi арасындағы бағамды үлестiру үшiн қолданылады
3) ол қоғамдық өнiммен, яғни оның iс- әрекетiмен байланысты емес, ол одан
бөлек жұмыс жасайды, бiрақ соның өзiнде де қаржы қатынастары тауарлық
ақшалық прцесспен байланысын үзбейдi.
Мемлекеттiк бюджет басқа да экономикалық санаттар сияқты өндiрiстiк
қатынастар мен оларға тән материалдық - заттық өзгерiстердi көрсетедi.
Бюджеттiк қатынастар мемлекеттiң ақша қорының орталықтандырылған орында
заттандырылады. Осының нәтижесiнде, қоғамда болатын экономикалық процесс
өзiнiң iс – әрекетiн мемлекеттiң ақша қорында көрсетедi. Бюджеттiк қор бұл
бағамдық үлестiру кезеңiн басынан өткiзген және мемлекет сұранысын
қанағаттандыра алатын қоғамдық өнiмнiң және ұлттық өнiмнiң iс- әрекетiнiң
экономикалық формасы.
Экономикалық санат ретiнде мемлекеттiк бюджет – мемлекетпен басқада
жалпы қоғамдық өндiрiсiнiң арасында пайда болатын ақша қатынасы. Үлестiру
және қайта үлестiру жолымен мемлекеттiк орталықтандырылған ақша қорының
болуы өте тиiмдi. Себебi ол мемлекет сұранысын қанағаттандыруға, өндiрiстi
ұлғайтуға үлкен әсерiн тигiзедi.
Осыған орай "Мемлекеттiк бюджет" атты түрлендiрiлген түсiнiк келесi
құрамаларымен түсiндiрiледi:
- мемлекеттiң ақша қорының орталықтандырылған қоры;
- экономикаға әсер ететiн құрал;
- мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспары
- қоғамның барлық мүшелерi оны заң ретiнде орындау керек.
Мемлекеттiк бюджеттiң қызметi- бiрiншiден, мемлекеттiк бюджет арқылы
ұлттық кiрiстiң 30 пайыз, жалпы iшкi өнiмнiң 20 пайыз, жалпы қоғамдық
өнiмнiң 10 пайыз үлестiрiлiп және қайта үлестiрiледi.
Ол ақша қорын ұлттық шаруашылықтың, өндiрiс өрiсiнiң, экономикалық
аудандар мен мемлекет аумағының арасында үлестiрiледi. [13]
Мемлекеттiк бюджет экономикаға қатты әсер етедi, себебi ол бұл жерде
ұлттық шаруашылықтың бюджет қызметiн атқарып тұр. Мемлекеттiк бюджет
материалдық өндiрiс өрiсiнде үлкен қызмет атқарады, себебi ол бұл жерде өсу
симмуляторының қызметiн атқарып тұр. Бюджеттiң қоры жекелей және қоғамдық
қор айналымын қамтамасыз ету үшiн де қолданылады. Бюджет жүзеге аспай
қалған жоспарларды өз жолын табуға көмектеседi. Сондай-ақ кәсiпорындардағы
жұмыстың қарқынды және өтiмдi болуын қадағалап отырады. Мемлекеттiң,
бiлiмге, денсаулық сақтауға, әлеуметтiк сақтандыруға және әлеуметтiк
қамсыздандыруға, ғылымға, мәдениетке, өнерге, мемлекет шеңберiнде өтiлетiн
мәдени шығынның орнын толтырып отырады.
Қазақстан Республикасына жинақтап алғанда мемлекеттiң бiрiктiрiлген
қаржы балансын құрайтын республикалық бюджет жергiлiктi бюджеттер (арнайы
экономикалық аймақтардың бюджеттерiн қоса алғанда) және бюджеттен тыс
қорлар дербес жұмыс iстейдi.
Барлық денгейдегi бюджеттi қалыптастыру, бекiту және олардың
атқарылуын есепке алу ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы бюджеттiң құрылысы – республиканың бюджет
жүйесiне кiретiн барлық бюжеттердiң бiрлiгi толықтығы,нақтылығы, жариялығы
және дербестiгi принциптерiне негiзделедi. Бюджет жүйесiнiң бiрлiгi
бiрынғай құқықтық негiз, бiрынғай бюджеттiк жiктеудi пайдалану, бюджеттiң
бiр денгейiнен екiншiсiне берiлiп отыратын мемелекеттiк қаржы
статистикасының бiрлiгi, бюджет процесiнiң принциптерi, ақша жүйесiнiң
бiрлiгi арқылы қамтамасыз етiледi. Ол барлық денгейдегi бюжеттердiң
кiрiстердi қайта бөлу, нысаналы бюджеттiк қорлар құру. Оларға iшiнара қайта
бөлу арқылы өзара iс-қимыл жасауына негiзделген.
Экономиканың қазiргi жағдайында орталықтандырылған қаржы ресурстары
мемлекетке қоғамдық өндiрiс қарқынын қамтамасыз ететiн салалық және
аумақтық құрылымдар құрып, iрi әлеуметтiк өзгерiстер жүргiзуге мүмкiндiк
бередi. Орталықтан бөлiнетiн қаржының көмегiмен қаражат экономиканың басты
аймақтарына шоғырланып, мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк саясатын
жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сөйтiп, құндық бөлiнiстiң айырықша бөлiгi
ретiнде (Мемлекеттiк бюджет( айырықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттiк
қажеттердi қанағаттандыруға қызмет етедi.

қызметiндегi iш-шаралардың жүзеге асырылуы осы экономикалық категория
ретiнде көрiнетiн бюджетке байланысты.
Бюджеттiң құрылуы мемлекеттiң жалпы қызмет етуiнде маңызды фактор.
Сондықтан бюджеттiң түсiмiндегi салықтардың маңыздылығын ашу курстық
жұмысымның тақырыбын маңыздылауға негiз болып отыр.
Қазақстан Республикасының бюджетiнiң кiрiсiндегi бюджетке төленетiн
салықтар мен басқа да төлемдерден құралады. Яғни:
Салықтар: корпорациялық табыс салығы; жеке табыс салығы; қосылған құн
салығы;
акциздер; жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi;
әлеуметтiк салық; жер салығы; көлiк құралдары салығы; мүлiк салығынан
тұрады.
Алымдар: заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым; жеке
кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым; жылжымайтын мүлiкке
құқықтарды және олармен жасалған мәмiлерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн
алым; радиоэлектрондық құралдарды және жиiлiгi жоғары құрылғыларды
мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым; механикалық көлiк құралдары мен
тiркемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым; теңiз, өзен кемелерi мен
шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым; азаматтық әуе
кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым; дәрi-дәрмек құралдарын
мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым; автокөлiк құралдарының Қазақстан
Республикасының аумағы арқылы жүру алымы; аукциондардан алынатын алым;
елтаңбалық алым; жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн
лицензиялық алым; телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына
радиожиiлiк спекторiн пайдалануға рұқсат беру алымынан тұрады.
Төлемақылар: жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы; жер
бетiндегi көздердiң су есурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы; қоршаған
ортаны ластағаны үшiн төлемақы; жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн
төлемақы; орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы; ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы; радиожиiлiк спекторiн пайдаланғаны
үшiн төлемақы; кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы;
сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақыдан тұрады.
Мемлекеттiк баж: мемлекеттiк баждан.
Кеден төлемдерi: кеден бажынан; кеден алымдарынан; төлемақыдан;
алымдардан тұрады. [20]
1.2. Фискальды саясаттың мәні мен мазмұны, мақсаты және негізгі құралдары
Сонымен, фискалдық саясат дегеніміз, табыс табумен шығындарды жүзеге
асырудың қаржылық құралдар арқылы экономиканы реттеу.
Экономикалық теория фискалды саясатты мынадай типтерге бөледі:
1. Дискрециялық (белсенді).
2. Автоматты (енжар).
Дискрециялық фискалды саясат тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің
сатып алу, мемлекеттік трансферттер мен салықтар арқылы жүзеге асырылады.
Олардың көлемінің өзгеруі шығындар жиынтығының өзгерісіне әкеледі. Осылай
жиынтық сұранысқа ықпал жасай отырып, фискалды саясат біркелкі таза ұлттық
өнім көлеміне әсер етеді.
Дискрециялық фискалды саясат сипатына жағдайы да әсер етеді. Құлдырау
кезеңінде, әдетте, ынталандыратын фискалды саясат жүзеге асырылады. Ол
артық сұраныс жағдайында тежегіш сипатта болады.
Автоматты стабилизаторлар (өздігін тұрақтандырғыштар) – құлдырау
кезінде сұраныстар жиынтығын ынталандыруға бағытталған, ешқандай саяси
шешімсіз болатын қаржы-бюджет саясатындағы өзгерістер.
Мемлекеттің сатып алу мөлшерінің көбеюі тауарлар мен қызметтерге
сұранысты арттырады, бірақ ол пайыз мөлшерін (ставкасын) көтереді,
нәтижесінде тауарлар мен қызметтерге сұраныс қысқарады.
Ығыстыру тиімділігі – бюджеттік экспансия әсерінен пайыз мөлшерінің
көтерілуі арқасында сұраныстың төмендеуі.
Салықтың келесі атқаратын қызметі – бөлу және қайта бөлу. Салықтың
бұл қызметі фискалды қызметімен тығыз байланысты. Салықты жинау және
пайдалану процесінде бөлу және қайта бөлу қатынасы пайда болады. Мемлекет
бұл процессті өте ұқыпты және тиімді пайдалануы қажет. Өткен ғасырдағы
қиыншылық жылдарындағы өмір оның қажеттілігін көрсетті. Дағдарыс кезінде
салықтың фискалды қызметін баса пайдаланса, дағдарыстан кейінгі жылдары
салықтың реттеуші қызметінің мүмкіншілігін белсенді пайдаланды.
Салықтың бөлу және қайта бөлу қызметі бюджетаралық қатынастар
механизмін жүйелі етуде ерекше маңызы зор. Жаңа қабылданған Салық
кодексінде республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салық түрлері
объективті негізде бөлінген. Сонымен қатар олардың ставкалары (мөлшері) мен
нормативтері жүйеленген. Салықты қалыптастыруға заңды шектеулерден
(регламентация) басқа қаражатты мақсатты республикалық бюджеттен жергілікті
бюджетке аударуды көрсеткен.
Бюджет қаражатын қайта бөлу жолдары: трансферттік және субвенция.
Трансферттер – ағымдағы қаражаттық қолдау көрсету үшін, ал субвенция –
күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін.
Бюджетаралық қатынасты жетілдіру экономикалық өсуге, әлеуметтік және
саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге жағдай туғызады.
Салық арқылы реттеу әдістері салалардың бәсекелестігін ынталандыруға,
капиталдың қолайлы жағдай жасауға, корпорациялардың әлеуметтік қызметін
қолдауға кеңінен пайдаланылады. Салықты реттеуде мемлекет тек жекелеген
шаралар жүргізіп қоймай, сонымен қатар барлық шаруашылық конъюнктураға
ықпал етеді. Экономикалық тоқыраудан шығу үшін мемлекет салық салудағы
жеңілдіктер беру жолымен күрделі қаржыны ынталандырып, тұтыну мен
инвестицияны қолдап, тауарларға жиынтық қоғамдық сұраныстың болуы үшін
қолайлы жағдайлар жасайды. Бүкіл экономикалық конъюнктураны ынталандырудың
ірі шараларына мысалы, 80-жылдарда АҚШ үкіметінің басына келген Рейген
әкімшілігінің салықтарды едәуір қысқартуы жатады. Бұл бағдарламаның
теориялық негізі ретінде американ экономисі А.Лаффердің есебі алынған. Ол
салықты азайтудың нәтижесінде мемлекеттің экономикалық күрделі қаржыға
деген ынтасын жояды, ғылыми-техникалық прогресті тежейді, экономикалық
өсуді баяулатады, сөйтіп мемлекеттік бюджеттің түсімдеріне кері әсер етеді.
0
Y1 Y
Бюджеттік түсімдер
1 - сурет
Мемлекеттік бюджет пен салық ставкасының арасындағы тәуелділік
графикалық бейнесі. Лаффердің қисық сызығы деп аталады (1-сурет). Салық
ставкасы өскенде мемлекет табысы салық салудың нәтижесінде ұлғаяды. Салық
ставкасының қолайлы мөлшері (R1) мемлекеттік бюджетке жергілікті түсімдерді
қамтамасыз етеді (V). Салықты одан әрі көбейту еңбек пен кәсіпкерлік
ынтасын төмендетіп, 100 пайыздық салық салу мемлекеттік табысты нөлге
теңейді, өйткені ешкім де тегін жұмыс істегісі келмейді. Басқаша айтқанда
болашақта шектен тыс салықты азайту қор жинауды, инвестицияны, жұмыспен
қамтуды арттырып жиынтық табыстың көлемін ұлғайтады. Нәтижесінде салықтық
түсімдердің нәтижелілігі өседі, тапшылық азаяды, инфляция бәсендейді. Әрине
Лаффердің қисық сызығының тиімділігі тек еркін рынок механизмінің қалыпты
жағдайында ғана мүмкін болады.
ІІ. Қазақстан Республикасының фискальды саясатын жүргізу
барысындағы салықтардың түсімін талдау

бюджет саясатын жүзеге асыру механизмi
''Салық'' ұғымымен ''салық жүйесi'' ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте
алынатын салық түрлерiнiң, оны құру мен алудың нысандары мен әдiстерiнiң,
салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттiң салық жүйесiн
құрайды.
1991 жылға дейiн, яғни КСРО ыдырағанға дейiн елде көбiнесе экономиканы
басқарудың әкiмшiл-әмiршiл жүйесiне, бағаларға қатаң мемлекеттiк реттеуге
сәйкес келетiн салық жүйесi қызмет еттi. Бюджеттiң басты кiрiс көздерiнiң
бiрi болған айналым салығы тiркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу
бағаларын қолдануға және мемлекеттiк реттеп отыруға бағытталған болатын.
Қазақстан егемендiкке ие болғаннан кейiн 1991-1995 жылдары қабылдаған
бiрқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесi қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-нен бастап бiздiң елiмiзде тұңғыш салық
жүйесi жұмыс iстей бастады. Ол ''Қазақстан Республикасындағы салық жүйесi
туралы'' заңға негiзделедi. Бұл заң салық жүйесiн құрудың қағидаттарын,
салықтар мен алымдардың түрлерiн, олардың бюджетке түсу тәртiбiн белгiлеген
алғашқы құжат едi. Осы заңға сәйкес Қазақсатанда 1992 жылғы қаңтардың 1-нен
бастап 13 жалпы мемлекеттiк салық, 18 жергiлiктi салықтар мен алымдар
енгiзiлдi.
Қазақстан Республикасының үкiметi 1995 жылдың басында салық
реформасының ұзақ мерзiмдi тұжырымдамасын қабылдап, онда елiмiздiң салық
жүйесi мен салық заңнамасын бiрте-бiрте халықаралық салық салу
қағидаттарына сәйкестендiру көзделдi. Осыған байланысты ''Салық және
бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы'' 1995 жылғы сәуiрдiң
24-iнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығы шықты.
Ендi бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуiр қысқартылып, олардың саны
небәрi 11 болып қалды.
Қазақстан Республикасы Презилентiнiң 1995 жылғы сәуiрдiң
24-iндегi заң күшi бар жарлығы Қазақстан Республикасының
1999 жылғы шiлденiң 16-сындағы N440-1 заңына сәйкес заң мәртебесiн алды.
Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтармен және Қазақстан
Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлдi.
Салықтардың, оларды төлеушiлердiң, салықтарды алу әдiстерiнiң, салық
жеңiлдiктерiнiң жиынтығының болатындығынан салық жүйелерiнiң әжептеур
күрделi үлгiлерi болуы мүмкiн.
Барлық өркениеттi елдерде салықтардың бүкiл жиынтығы әртүрлi
қағидаттар бойынша былайша жiктеледi:
салық салу объектiлерi бойынша;
салықты алатын және салықтан жиналған сомаға билiк жасайтын органға
қарай;
пайдалану тәртiбi бойынша;
объектiнiң экономикалық белгiсi бойынша.
Салықтарды салу объектiсi бойынша, олар тура және жанама салықтар
болып бөлiнедi.
Тура салықтар – салық төлеушiнiң кiрiсi мен мүлкiнен тiкелей төленген
салықтар. Олар өз кезегiнде нақты және жеке салықтарға жiктеледi. Нақты
салықтар салық төлеушiлердiң мүлкiнiң (меншiгiнiң) кейбiр түрлерiне (үй,
жер, кәсiп, ақшалай капитал және т.с.с.) салынады. Жеке тура салықтар – бұл
жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкiне салынатын салықтар.
Нақты салықтардын айырмашылығы – жеке салық салу әрбiр салық төлеушiнiң жек
табысы мен мүлкiн де, оның қаржы жағдайын да ескередi.
Жанама салықтар – баға немесе тарифке үстеме түрiнде белгiленген салық
төлеушiнiң кiрiстерi мен мүлкiне тiкелей байланысты емес салықтар. Жанама
салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама
салықтарға сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетiн түсiмдер де
(кеден баждары түрiндегi, экспортқа немес импортқа салынатын салық
түрiндегi кеден кiрiстерi, iшкi рынокте сатылатын тауарлар бағасы мен
олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады.
Жанама салықтар мемлекеттiң фискалдық мүшелерiн бiлдiредi. Оларды
саналы қолдану баға белгiлеудiң процесiне жағымды ықпал жасауы және
тұтынудың құрылымына әсер етуi мүмкiн.
Жанама салықтар салудың мәнi салықтың тауар бағасына (немесе қызметтiң
тарифiне) қосылатындығында, кiрiстiрiлетiндiгiнде. Бұл жағдайда салықты
тауардың (қызметтiң) нақты тұтынушысы төлейдi, алайда тұтынушы мен мемлекет
арасында тiкелей байланыс болмайды.
Салықты алатын және оған билiк жасайтын органға қарай орталық
(жалпымемлекеттiк) және жергiлiктi салықтарды ажыратады.
Пайдалану тәртiбiне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты
(арнаулы) болып бөлiнедi.
Жалпы салықтар тиiстi деңгейлердегi бюджеттерде шоғырландырылады және
жалпымемлекеттiк қажеттiлiктердi қаржыландыруға пайдаланылады. Мақсатты
(арнаулы) салықтардың нысаналы арналымы болады және әдеттегiдей түрлi
арнаулы қорлардың қаржы базасын құруға арналады.
Объектiнiң экономикалық белгiлерi бойынша табысқа салынатын салықтар
және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын
салықтар төлеушiнiң салық салынатын кез келген объектiден алған
табыстарынан алынады. Түтынуға салынатын салықтар - бұл тауарлар мен
қызметтер көрсетуi тұтыну кезiнде төленетiн шығынға салынатын салықтар.
Салық салу объектiлерiн есепке алу және оларды бағалау тәсiлдерiне
қарай салық алудың мынадай төрт әдiсi қолданылады: кадастрлық, салық
төлеушiнiң мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзiнен ұстап қалу, патенттiк
негiзде.
Бiрiншi жағдайда салықты есептеу мен оны алу, салық салу
объектiлерiнiң нақты табыстылығын есепке алмай табыстылық (жер салығы,
мүлiк салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тiзiмдемесi негiзiнде жүзеге
асырылады.
Мағлұмдамада салық төлеушiлер табыстың көлемiн, қажеттi жеңiлдiктердi,
шегерiмдердi көрсетедi және салық сомасын есептеп, төлейдi. Олар
салықтардың түрлерi бойынша салық мағлұмдамасын есептi салық кезеңiне
сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпорациялық табыс салығын, жеке табыс
салығын, көлiк құралдарына салынатын салықты және жер салығын төлеушiлер
(арнаулы салық режiмiн қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда) салық
органына олар бойынша мағлұмдаманы есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31-
шi наурызына дейiн бередi.
Жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық төлеушiлер:
төлем көзiнен салық салынбайтын табыстары барлар;
тұрғын үй салу мен осындай құрылыс үшiн құрылыс материалдарын сатып
алуды қоспағанда салық жылында 2001 айлық есептiк көрсеткiштен жоғары
сомаға бiр жолғы iрi сатып алуды iске асырғандар;
Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерден табыстар алатын жеке
тұлғалар;
Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi шетел банктерiндегi
шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
заңнамалық актiлерiне сәйкес мағлұмдама беру жөнiндегi мiндеттеме жүктелген
адамдар;
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, судьялар табыс етедi.
Салық төлеушiден салық мағлұмдамасын табыс етуден белгiленген
мерзiмiне дейiн жазбаша өтiнiш алған жағдайда уәкiлеттi мемлекеттiк орган
салық мағлұмдамасын табыс ету мерзiмiн екi айдан аспайтын мерзiмге ұзартуға
хұқылы. Бiрақ салық мағлұмдамасын тапсыру мерзiмiн ұзарту салық төлеу
мерзiмiн өзгертпейдi.
Үшiншi әдiс бойынша салық төлеушi жұмыс iстейтiн ұйымның, мекеменiң
бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды (төлейдi).
Төртiншi әдiспен салық кәсiпкерлiк қызметтiң сан алуан түрлерiне
берiлетiн патент негiзiнде төленедi. Патент – арнаулы салық режiмiн қолдану
құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендiгiн растайтын
құжат.
Салық есебiнiң екi әдiсi қолданылады:
1) кассалық
2) есептеу әдiсi.
Кассалық әдiске сәйкес табыстар мен шегерiмдер жұмысты
орындау, қызмет көрсету, мүлiктi жөнелту мен кiрiстiру және ол бойынша
жасалынған ақы төлеу мезетiнен бастап есепке алынады.
Есептеу әдiсi бойынша табыстар мен шегерiмдер ақы төлеудiң
уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткiзу және
кiрiске алу мақсатымен тиеп жiберу мезетiнен бастап есепке алынады. Бұл
әдiс салық службалары үшiн қолайлырақ және оны Қазақстанның барлық
төлеушiлерi қолдануға қабылдаған. Төлеушiлер үшiн оның кемшiлiгi – салық
төлемдерi жеткiзiлiм тiптi төленбеген жағдайда да аударылуы тиiс, бұл
айналым қаражаттарын оқшауландыруға ұрындырады.
Қазақстан Республикасының салық жүйесi салықтардың, алымдардың және
баждардың түрлерiн, салық қатынастарын реттейтiн құқықтық нормаларды және
салық службасының органдарын қамтиды.
Қазақстан Республикасындағы салықтардың, салық сипатындағы алымдардың
тiзбесi мыналарды қамтиды:
1. Салықтар:
1. Корпорациялық табыс салығы
2. Жеке табыс салығы
3. Қосылған құнға салынатын салық
4. Акциздер
5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi
6. Әлеуметтiк салық
7. Жер салығы
8. Көлiк құралдарына салынатын салық
9. Мүлiкке салынатын салық
2. Алымдар:
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым
2. Жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiктiркегенi үшiн алынатын алым
3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалған мәмiлелердi
мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым
4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиiлiгi жоғары құрылғыларды
мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым
5. Механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркегенi
үшiн алым
6. Теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк
тiркегенi үшiн алым
7. Азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым
8. Дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым
9. Автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру
алымы
10. Аукциондардан алынатын алым
11. Елтаңбалық алым
12. Жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым
13. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк
спектрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым
3. Төлемақылар:
1. Жер учаскелерiн пайдаланғандығы үшiн төлемақы
2. Жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы
3. Қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы
4. Жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
5. Орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы
6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы
7. Радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы
8. Кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы
9. Сыртқы (көрнекi) жарнаманы орналастыру үшiн төлемақы
4. Мемлекеттiк баж.
5. Кеден төлемдерi:
1. Кеден бажы
2. Кеден алымдары
3. Төлемақы
4. Алымдар
Салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдердiң сомасы ''Бюджет жүйесi туралы'' Заң мен тиiстi жылға арналған
республикалық бюджет туралы заңда белгiленген тәртiппен тиiстi бюджеттердiң
кiрiсiне түседi.
Салық жүйесi өзiнiң құрамына мемлекеттiк салық службасының - Қаржы
министрлiгiн, облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы және қалалардағы
аудандардың салық комитеттерiн қамтиды. Салық службасы органдары салық және
бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң толық түсуiн, мiндеттi
зейнетақы жарнамаларының толық және дер кезiнде аударылуын қамтамасыз ету
жөнiндегi, сондай-ақ салық төлеушiлердiң салықтық мiндеттемелерiн
орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.
''Салық'' және ''салық салу'' ұғымдарын ажырата бiлген жөн: бiрiншi
жағдайда – бұл экономикалық және қаржы категориясы, екiншiсiнде –
экономикалық-құқықтық механизмдi пайдалана отырып салық төлемдерiн өндiрiп
алу (есептеу және алу) процесi.
Салық алуды ұйымдастыру
Салық салуды ұйымдастыру салық қатынастары нысандарының элементтерiн,
яғни салық түрлерiнiң нақты аттарын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртiбi
мен әдiстерiн, iс-қимылының тәсiлдерiн қамтитын салық механизмiн құруға
және оның жұмыс iстеуiне саяды. Салық механизмiнде өзара байланысты
элементтерден тұратын арнаулы нұсқаулық қолданылады (1.2.1 сызбаны
қараңыз).
1.2.1 сызба. Салық механизмiнiң элементтерi
Қазақстан Республикасының қазiргi салық жүйесi салықтарды құру мен
алудың нақтылы әдiстерiн анықтайды, салықтың тиiстi элементтерi арқылы
салық салудың тәртiбiн белгiлейдi.
Негiзгi салық элементтерiне мыналар жатады: салық субъектiсi, салық
салынушы, объектiсi, салық базасы, салық салудың өлшемi (еденицасы), салық
мөлшерлемесi, үлес (квота), салықпұл, салық жеңiлдiктерi, салық төлеудiң
мерзiмi мен тәртiбi, салық төлеушiлерi мен салық органдарының
мiндеттiлiктерi мен құқықтары, салықтарды төлеудi бақылау, салық заңнамасын
бұзғаны үшiн санкциялар және басқалары.
Салық субъектiсi немесе салық төлеушi. Ол – салықты және бюджетке
басқа төлемдердi төлеушi тұлға, алайда нарық механизмi арқылы салық
ауыртпалығы басқа тұлғаға – салық салынушыға аударылуы мүмкiн.
Салық салынушылар – нақты салық ауыртпалығы түсетiн жеке тұлғалар,
түпкiлiктi салық төлеушiлер, яғни мемлекет азаматтары.
Салық объектiсi. Мүлiк пен iс-әрекеттер салық объектiлерi және салық
салуға байланысты объектiлер болып табылады, олардың болуына байланысты
салық төлеушiнiң салықтық мiндеттемесi туындайды.
Салық базасы – салық салу объектiсi мен салық салуға байланысты
объектiнiң құндық, заттық немесе өзге де сипаттамалары, олардың негiзiнде
бюджетке төленуге тиiс салықтар және басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы
анықталады.
Салықтың негiзгi базасы мыналар болып табылады:
табысқа салынатын салық, бұған корпорациялық табыс салығы мен жеке
табыс салығы жатады;
тауарларға салынатын салықтар. Олар қосылған құнға салынатын
салықтарды, кеден баждарын қамтиды;
капиталға салынатын салық. Оған жер салығы, мүлiкке салынатын салық
және басқалары жатады;
Салық мөлшерлемесi. Салық мөлшерлемесi – салық базасының өлшем
бiрлiгiне салық есептеулерiнiң шамасын бiлдiредi. Ол салық базасының өлшем
бiрлiгiне пайызбен немесе абсолюттiк сомамен белгiленедi.
Салық салу практикасында мөлшерлемелердiң мынадай түрлерiн ажыратады:
тұрақты (берiк) салық мөлшерлемесi. Олар табыс көзiне қарамастан салық
салу бiрлiгiне абсолюттiк сомада белгiленедi (мысалы, мұнайдың 1 тоннасына,
газдың 1 текше метрiне);
үйлесiмдi салық мөлшерлемесi. Олар салық объектiсiне (оның мөлшерiн
саралауды есепке алмай) бiрдей пайыздық қатынаста iс-әрекет етедi;
прогрессивтi салық мөлшерлемесi. Бұл жағдайда прогрессивтi салық
мөлшерлемесi табыстың артуына қарай өсiп отырады. Нәтижесiнде салық төлеушi
салықтың үлкен абсолюттiк сомасын ғана емес, сонымен бiрге оның үлесiн
төлейдi. Прогрессивтi мөлшермелер ең алдымен табысы көп тұлғаларға
ауыртпалық түсiредi;
регрессивтi салық мөлшерлемесi. Олар табыстың өсуiне қарай төмендейдi,
және табысы көп тұлғаларға тиiмдi болып келедi, ал табысы аз адамдардың
иығына ауыртпалық түсiредi;
Салық кезеңi. Жекелеген салықтар және басқа да мiндеттi төлемдерге
қатысты белгiленген уақыт кезеңi салық кезеңi деп түсiнiледi, ол аяқталған
соң салық базасы анықталады және бюджетке төленуге тиiстi салықтар мен
басқа да мiндеттi төлемдердiң сомасы есептеледi.
Салықпұл – субъектiнiң бiр объектiден төлейтiн салық сомасы.
Салық жеңiлдiктерi – заңнамаға сәйкес төлеушiлердi салықтан толық
немесе iшiнара босату. Салық жеңiлдiктерiне мыналар жатады:
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz