Аудармашы арқылы сөйлесу әдебі



1 Байқалмау, өзімен.өзі бейтарап болу
2 Аудармашының кәсіби шеберлігі
3 Дұрыс аударма жасау
4 Ааударма интеллектуалды іс.әрекетінің жанды көрінісі
5 Сөйлеу әдебі
Жақсы кәсіби аудармашы жиі көлеңкеде қалып қояды. Бұл мамандықтың өзіне тән қағидасы. «Байқалмау, өзімен-өзі бейтарап болу» жақсы аудармашының ажырамас құндылығы. Жақсы аударма оқушылар мен тыңдармандарға аударма сияқты қабылданбайды, ол өз ана тілінде жасырылған мәтін сияқты қабылданады. Дарынды аудармашылардың арқасында – Хемингуэй, Демарка, Грэма Грин шығармалары ана тілінде сөйлейді, біз оларды оқимыз және де жатқа айтамыз. Дарынды аудармашылардың арқасында біздің балаларымыз Андерсен ертегілерін тыңдайды, ағылшын тілінде өлең айтады, ағылшынша «Humpty-Dumpty» оларға түсінікті әрі туғандай болып кеткен Шалтай –Балтай. Бірақ аздаған оқыған, аса білімді адамдардың біразы ғана мынадай аса дарынды аудармашылардың есімін біледі, мысалы Райт -Ковалева немесе Кашкина. Олардың орыс мәдениетіне сіңірген еңбектері ұшан-теңіз.
Сонымен, жақсы аудармашы көрінбейді, білінбейді. Кәдімгі, орта деңгейдегі аудармашы – бұл кәсіби маман емес, бұдан да төмен аудармашыдар бар екендігін айтпауға болмайды.
Нашар, көңілімізден шықпайтын аудармашылар туралы анекдоттар өте көп. Біз ол туралы кейін айтамыз, ал әзір өмірден бір мысал келтіріп кетейік: Халықаралық ғылыми конференцияның ашылу салтанаты. Қатысушыларды таныстырып тұрған төраға былай дейді: «Бізді өзінің қатысуымен белгілі ас тәжірибеші профессор Х қуантып отыр» Ал аудармашы –синхронист былай аударады: «We are honored by the presence of Professor X, known as an ass of experiment»,бұл хабарлама ағылшын тілді аудиторияны күлкіге батырды. Профессор Х қалжыңды түсінетін, қалжыңдай алатын адам еді. Үзілісте аталған профессор кабинадағы синхронистерге келіп былай деді: «Boys, you were right». Бәрі өте сәтті аяқталды, бірақ осы жайт туралы ойланайықшы. Бұдан біз қандай білім, қандай үлгі алып, қандай қорытындыға келеміз?
1. Рецкер Я.И. Теория перевода и переводческая практика.- М., 1987.
2. Федоров А.В. Основы общей теории перевода. -М., 1983
3. Флорин С. Муки переводческие — М., 1983
4. Чернов Г.В. Основы синхронного перевода. -М., 1987.
5. Швейцер А.Д. Перевод и лингвистика. — М., 1988

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Аудармашы арқылы сөйлесу әдебі

Жақсы кәсіби аудармашы жиі көлеңкеде қалып қояды. Бұл мамандықтың өзіне тән қағидасы. Байқалмау, өзімен-өзі бейтарап болу жақсы аудармашының ажырамас құндылығы. Жақсы аударма оқушылар мен тыңдармандарға аударма сияқты қабылданбайды, ол өз ана тілінде жасырылған мәтін сияқты қабылданады. Дарынды аудармашылардың арқасында - Хемингуэй, Демарка, Грэма Грин шығармалары ана тілінде сөйлейді, біз оларды оқимыз және де жатқа айтамыз. Дарынды аудармашылардың арқасында біздің балаларымыз Андерсен ертегілерін тыңдайды, ағылшын тілінде өлең айтады, ағылшынша Humpty-Dumpty оларға түсінікті әрі туғандай болып кеткен Шалтай - Балтай. Бірақ аздаған оқыған, аса білімді адамдардың біразы ғана мынадай аса дарынды аудармашылардың есімін біледі, мысалы Райт -Ковалева немесе Кашкина. Олардың орыс мәдениетіне сіңірген еңбектері ұшан-теңіз.
Сонымен, жақсы аудармашы көрінбейді, білінбейді. Кәдімгі, орта деңгейдегі аудармашы - бұл кәсіби маман емес, бұдан да төмен аудармашыдар бар екендігін айтпауға болмайды.
Нашар, көңілімізден шықпайтын аудармашылар туралы анекдоттар өте көп. Біз ол туралы кейін айтамыз, ал әзір өмірден бір мысал келтіріп кетейік: Халықаралық ғылыми конференцияның ашылу салтанаты. Қатысушыларды таныстырып тұрған төраға былай дейді: Бізді өзінің қатысуымен белгілі ас тәжірибеші профессор Х қуантып отыр Ал аудармашы - синхронист былай аударады: We are honored by the presence of Professor X, known as an ass of experiment,бұл хабарлама ағылшын тілді аудиторияны күлкіге батырды. Профессор Х қалжыңды түсінетін, қалжыңдай алатын адам еді. Үзілісте аталған профессор кабинадағы синхронистерге келіп былай деді: Boys, you were right. Бәрі өте сәтті аяқталды, бірақ осы жайт туралы ойланайықшы. Бұдан біз қандай білім, қандай үлгі алып, қандай қорытындыға келеміз?
Аудармашы үшін негізгі және өте маңызды сабақ-бұл аудармашының үнемі жұмыс үстінде болатындығы, үнемі өте тар және сенімсіз сүрлеу мен анық емес тіларалық сәйкестікпен жүретіндігі. Өмір бойы жинаған кәсіби аудармашының беделін бір ғана сәтте жоғалтып алуға болады. Оған мысал жоғарыда айтылған профессор туралы жайт. Аталған оқиғадағы асе және ass сөздері фонетикалық жағынан бір-бірімен өте жақын. Ал мүмкін, елдің бәріне бірдей тек ass естілді де, аудармашың аударымы дұрыс болған шығар? Ал мүмкін беделді аудиория аудармашы арқылы күлгісі келген болар. Алайда, қадірменді оқырман, шынын айтсақ, бұндай жағдайлар жиі кездесетіні рас.
Бұл жерде еске сала кету керек, аудармашы дұрыс аудармады деп итере салу біздің функционерлер мен дипломаттарға тән әдет. Бұл жерде аудармашы бірдеңені шатастырып алды немесе (нахамутал)-бұл тіркес үнемі мынадай екі жағдайда айтылады: бірде функционердің өзі ойға сыймайтын бірдеңені айтып қалады да, өзі осы ыңғайсыз жағдайдан қалай шығуды білмей, далбасалайды,немесе уақытты соза тұрады. Кейде кейін барып (бірақ өте сирек) аудармашыдан кешірім сұрайды,бірақ көбінесе бұндай жағдайға тіпті мән де берілмейді, ескерілмей қалады. Бұл айтылған аудармада аседеген сөзді қолдану керек болатын, ass дұрыс аударма емес.
Үнемі дайын бол!-бұл аудармашының негізгі ұстанатын қағидасы. Егер сен сөздің осылай айтылатынына сенімді болмасаң, не сөздің мағынасын түсінбесең, онда сол сөздің баламасын немесе синонимін тауып ауыстыр.
Ас сөзін аударғанда, аудармашы асе сөзінің орнына , айталық, master сөзін қолданса, ешқандай мағынасын жоғалтпайды. Айта кету керек, жоғарыдағы мысалда біз айтқан аудармашы өте жақсы аудармашы, тек ол әрбір сөздің мағынасын түпнұсқадағыдай бергісі келді.
Аудармашының кәсіби шеберлігінің төмендігінің басты себебі-жоғары сапалы аудармаға деген сұраныстың аздығы. Сұраныс берушілерді сапасы төмен аударма да қанағаттандырады (түсінікті болса жеткілікті).
Сапасы жоғары аудармаға сұраныс өте аз, оны орындайтын аудармашылар саны да өте аз: онымен жақсы ақша төленетін жоғары сапалы аудармашылардың аз ғана тобы айналысады.
Кеңес үкіметі кезінде сапасының жоғары болуымен әдеби аудармалар ерекшеленетін. Ал қазіргі кезде біздің нарық төмен сапалы детективтер мен, телесериалдардың сюжеттеріне бай. Солардың кесірінен,әдеби шығармалардың аударма сапасы күрт төмендеп кетті.
Біздің қоғамымызда жоғары сапалы аударманы (негізінен ауызша, сатылы,синхронды)дүниежүзілік ұйымдар, Халықаралық Банк, Халықаралық валюталық фонд және осыған ұқсас мекемелер, шетелдік ірі фирмалар талап етті. Бұл аударма ісінің нарығында салыстырмалы түрде өте аз еді және аудармашылардың аз ғана элиталық тобымен қамтамасыз етілетін. Жалпы алғанда жоғары сапалы аудармаға сұраныс төмен болды, бірақ нарық әлемінің глобальді шарықтау аясы болашақта оны күрт өседі деп есептейді: жоғары сапалы аудармаға деген сұраныстың төмендігі аудармашылар дайындығының төменгі сатыда екенін көрсетеді.
Біздің елде аудармаға үйретпейді, біздің елде шетел тілдерін үйретеді. Тіпті аудармашыларды дайындайтын арнайы бөлімшелерде, оның өзі біздің елде аса көп емес, санаулы ғана, аудармашыларды дайындау ісі көңілден шықпайды. Аудармашыларды дайындау ісінде шетел тілін білу өте қажет екендігі жиі ұмытылады. Өзінің туған ана тілін білу де өте маңызды. Аудармашы кейде өзін ит сияқты сезінеді, бәрін түсінеді, бірақ айта алмайды деген пікір бекерге айтылмаған. Аудармашы өз ана тілінде дұрыс сөйлеп, сауатты жаза білуге тиісті, оның аса бай сөздік қоры болмағанымен оны дұрыс қолдана білуге міндетті. Өз аударып отыратын адамның сөзін, стильдік мағына жағынан дұрыс жеткізуі керек. Көбінесе бізде шетелдіктердің образды сөздері орыс тілінде әдеби тілге аударылмайды,олар кеңсе тілінде аударылады. Ал соңғы кездерде кинофильмдер аударылғанда жастардың жаргон тілі қолданылды,сонда АҚШ президенті өзінің кеңесшісіне Конгресс жұмысына қанағаттанбайтындығын білдірді.
Ана тілінде дұрыс сөйлеу ана сүтімен берілмейді, оған қазіргі заманға сай мектептер мен институттарда үйретпейді. Сондықтан ана тілі мен риторика аудармашыларды дайындайтын арнайы бағдарламада шетел тілі сияқты аса маңызды орын алуға тиісті.
Дұрыс аударма жасау үшін сол аударылатын құбылыс туралы мәлімет маңызды екендігін ұмытпау керек. Бұл біліктілік аса терең болмаса да өте қажетті. Сондықтан жан-жақты дамыған білікті, кең ауқымды білімпаз-осы қасиеттерсіз жақсы аудармашыны елестетуге болмайды.
Бұл қасиеттер негізінен тәжірибе барысында жинақталады, дегенмен аудармашыларды даярлайтын бағдарламаның өзі де құрылымына әдебиетпен жұмыс жасау, мазмұнын жеткізу, тез оқу, жұмыс жасау сияқты іс-әрекеттерді енгізуге тиісті. Бұдан басқа көптеген аудармашыар өзінің не істеп жатқанына есеп бермей аударады. Аудармашы үйренетін бағдарламада, әдеттегідей аударманы жүйелі мазмұндау теориясы мен әдістемесін қатыспайды. Бұл туралы студенттер В. Н. Комиссаровтың Аударма эквиваленттілігінің деңгейлері туралы еңбегінен оқып біледі. Бұдан олар бұл деңгейдің не үшін керектігін және оны іс жүзінде қалай қолдануға болатындығын айқын біле бермейді. Бұл жерде теорияның негізі ғана жоқ емес, сонымен қатар оның тәжірибе жүзінде әдістемесі де көрінбейді.
Тәжірибе жүзіндегі іс-әрекет те мақтанарлық емес. Кеңес үкіметі кезінен болып келе жатқан кіріктірілген жасанды принциптері аударма тәжірибесі педагогикасымен алмастырылатынын көрсетті.Қазірдің өзінде студент өз бетінше талпыныс көрсетпесе, болашақ студент-аудармашы алғашқы рет шетелдік адамын оқуды бітірген соң ғана көре алады, оның өзінде оның не айтқанын түсінбейді. Өйткені ешқандай үнтаспа (магнитофон) жазбасы ауызекі сөйлесуді алмастыра алмайды.
Біздің студент-аудармашылар бөтен тілдің негізгі қағидалары туралы білім негізін меңгере алмаған. Бұл қиын жағдай білім алу тарапынан кеткен олқылықтардың орнын толтыра алмайды. Кәдімгі білім негізінсіз бөтен тілде сөйлеп үйренуге болады,бірақ шетелдіктің айтқан сөзін түсінуге мүмкіндігі болмайды. Бұл қиындықтар бөтен тілді ортада ұзақ тұрумен (күрделі фонетикалық стереотипі қалыптасқан ересек адам кемінде бір жылға жуық уақыт) ғана шешілетіні ақиқат.Бұл жерде қиындықтың қалай туындайтынын түсіндіргім келеді.
Айтылатын толғау сигнатура деген сөздің негізіне келіп тіреледі, бұл деген сөйлейтін адамның фонетикалық қолтаңбасына байланысы дегенді білдіреді. Әр адамның өзіне тән сигнатурасы болады, бұл жазу сияқты ерекше, өте бағалы және қайталанбайтын қолтаңба. Ана тілінің сигнатурасын біз бала жастан меңгереміз және сигнатура банкін өмір бойы толықтыра береміз. Сондықтан біз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударманың түсінігі мен түрлері
Ауызша және жазбазша аударма түрлері
Бір тілдегі мәтінді екінші тілдегі мәтінмен ауыстыратын тілдік операция
Стенографиялық жазба мәтіндерін анықтап оқу тәсілдері, конференциялар мен кеңестердің стенографиясын жазу жолдары
Аударма фразеологизмдердің түрлері
Ауызша және жазбаша аудармада грамматикалық және лексикалық тәсілдер
Аудармашы этикасы
Қағаздан аудару
Аудармашы - тіларалық делдал
Ағылшын тілімен байланысты мамандықтар
Пәндер