Қазақ қолөнерінің асыл мұрасы



1 Әйел әшекейлері
а) Қос білезік
б) Сырға
в) Сақина
Ата бабаларымыз ерте замандардан бері қолдан келгенінше табиғат байлығын игеріп отырған. Аң аулап, құс салып, мал өсірген, малдың терісі мен жүнінен киім тігіп, басқа да тұрмысқа қажетті бұйымдар жасаған.
Еңбек етумен қатар, уақыт ағымымен бірге өнерін де ұдайы дамытып отырды, Солардың бірі халқымыздың қол өнері. Қолөнер тарихи – экономикалық, саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты әр заманда әртүрлі сатыды дамып, түрленіп отырды.
Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Солардың ішінде халық арасына көбірек тарағаны – зергерлік өнері.
Зергерлік - өте ерте заманнан келе жатқан өнре. Қазақ халқы арасында жалпы темір соғатын ұсталарды да, зергерлерді де «ұста» деп атаған. Зергерге аса қажетті қасиет- суретшілік, дәлдік, еңбек сүйгіштік. Осыған қарағанда халық арасындағы- «зергердің көзі өткір, қолы ұсынақты, ойы жүйрік». – «ерінбейтіндігі ерге күміс шабушыдай» деген сияқты мәтелдер зергерлікті әрі құрметтеу, әрі зергерге талап қою негізінде туғанға ұқсайды.
Қазақтардың зергерлік өнері кәсіби сипат алды, бұл өндіріс ерекшелігімен байланысты болды. Алтынмен және күміспен жұмыс істейтін шеберлерді – «зергерлер» де атаған. «Зер» - парсыша алтын, алтын әшекей деген сөзді білдіргендіктен де «зергерлер» деп атаған. Зергерлер жеке дара жұмыс істеген, шеберліктерін көбіне өз ұрпақтарына мирас етіп қалдырып отырған зергерлердің басты өнімдері қоғамның барлық жіктері арасында үлкен сұранысқа ие болған әйелдердің зергерлік әшекейлері болған, бұдан эстетикалық табиғатына ғана емес, сонымен бірге салт-санаға, дәстүрге барлық идеялық-діни кешендерге байланысты бірқатар функциялық мән-мағынасы айқын танылған. Қазақ зергерлері металдың әдмілігіне әрқашанда білгірлікпен көңіл аударып отырған.
Халық зергерлер көбінесе білезік, сақина, сырға, шолпы, түйреуіш, сағат бау, түйме және т.б. адамның өз бойын әсемдейтін заттарды жасады. Ұлтымыздың мәдениет тарихында ерекше орын алатын зергерлік өнері мыңдаған жылдардың тереңінен тамыр тартады. Қазақ қолөнерінің өзге түрлеріне қарағанда зергерлік істің өзіндік ерекшелігіне қарай кәсіби сипаты болды. Маңыздысы сол, қазақ зергерлері бұл істің күрделі техникалық тәсілдерін (қалыптасу, қырнау, шекіме, ширату, қақтау, қаралау) жетік меңгерген. Зергерлердіңк басты жұмысы – қоғамның барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие болған әйелдің әшекей бұйымдарын жасау. Ол тек эстетикалық сұраныстан ғана емес, сондай-ақ діни иделогиялық, әдеп-ғұрыптық, салт дәстүрлік қажеттелікпен де туындап жатты. Негізгі материал ретінде тіл-көзден, пәле-жаладан сақтайтын тылсым күші, қасиеті бар деп танылған алтын, көбінесе күміс пайдаланылады.
Қазақтың ұлттық зергерлік өнерінің басты-басты үлгілері; білезік, сақина, жүзік туралы кеңінен тоқталмақшымыз.
1. ДЖәркембай Шоқпарұлы. Қазақтың қолөнері. –Алматы, 2005.
2. С.Қасиманов. қазақ халқының қолөнері. –Алматы «Қазақстан», 1995.
3. Х.Арғынбаев. қазақ халқының қолөнері. –Алматы, 1988.
4. Қазақтың зергерлік әшекейлері. –Алматы, «Өнер» баспасы, 1985.
5. Өзбекәлі Жәнібеков. Уақыт керуені. –Алматы, «Жазушы», 1992. 62-бет.

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ӘЙЕЛ ӘШЕКЕЙЛЕРІ. – ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІНІҢ АСЫЛ МҰРАСЫ
Ата бабаларымыз ерте замандардан бері қолдан келгенінше табиғат
байлығын игеріп отырған. Аң аулап, құс салып, мал өсірген, малдың терісі
мен жүнінен киім тігіп, басқа да тұрмысқа қажетті бұйымдар жасаған.
Еңбек етумен қатар, уақыт ағымымен бірге өнерін де ұдайы дамытып
отырды, Солардың бірі халқымыздың қол өнері. Қолөнер тарихи – экономикалық,
саяси-әлеуметтік жағдайларға байланысты әр заманда әртүрлі сатыды дамып,
түрленіп отырды.
Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру,
тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты творчестволық өнер
жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай
ғасырлық тарихы бар. Солардың ішінде халық арасына көбірек тарағаны –
зергерлік өнері.
Зергерлік - өте ерте заманнан келе жатқан өнре. Қазақ халқы арасында
жалпы темір соғатын ұсталарды да, зергерлерді де ұста деп атаған.
Зергерге аса қажетті қасиет- суретшілік, дәлдік, еңбек сүйгіштік. Осыған
қарағанда халық арасындағы- зергердің көзі өткір, қолы ұсынақты, ойы
жүйрік. – ерінбейтіндігі ерге күміс шабушыдай деген сияқты мәтелдер
зергерлікті әрі құрметтеу, әрі зергерге талап қою негізінде туғанға
ұқсайды.
Қазақтардың зергерлік өнері кәсіби сипат алды, бұл өндіріс
ерекшелігімен байланысты болды. Алтынмен және күміспен жұмыс істейтін
шеберлерді – зергерлер де атаған. Зер - парсыша алтын, алтын әшекей
деген сөзді білдіргендіктен де зергерлер деп атаған. Зергерлер жеке дара
жұмыс істеген, шеберліктерін көбіне өз ұрпақтарына мирас етіп қалдырып
отырған зергерлердің басты өнімдері қоғамның барлық жіктері арасында үлкен
сұранысқа ие болған әйелдердің зергерлік әшекейлері болған, бұдан
эстетикалық табиғатына ғана емес, сонымен бірге салт-санаға, дәстүрге
барлық идеялық-діни кешендерге байланысты бірқатар функциялық мән-мағынасы
айқын танылған. Қазақ зергерлері металдың әдмілігіне әрқашанда білгірлікпен
көңіл аударып отырған.
Халық зергерлер көбінесе білезік, сақина, сырға, шолпы, түйреуіш,
сағат бау, түйме және т.б. адамның өз бойын әсемдейтін заттарды жасады.
Ұлтымыздың мәдениет тарихында ерекше орын алатын зергерлік өнері мыңдаған
жылдардың тереңінен тамыр тартады. Қазақ қолөнерінің өзге түрлеріне
қарағанда зергерлік істің өзіндік ерекшелігіне қарай кәсіби сипаты болды.
Маңыздысы сол, қазақ зергерлері бұл істің күрделі техникалық тәсілдерін
(қалыптасу, қырнау, шекіме, ширату, қақтау, қаралау) жетік меңгерген.
Зергерлердіңк басты жұмысы – қоғамның барлық әлеуметтік топтарының
сұранысына ие болған әйелдің әшекей бұйымдарын жасау. Ол тек эстетикалық
сұраныстан ғана емес, сондай-ақ діни иделогиялық, әдеп-ғұрыптық, салт
дәстүрлік қажеттелікпен де туындап жатты. Негізгі материал ретінде тіл-
көзден, пәле-жаладан сақтайтын тылсым күші, қасиеті бар деп танылған алтын,
көбінесе күміс пайдаланылады.
Қазақтың ұлттық зергерлік өнерінің басты-басты үлгілері; білезік,
сақина, жүзік туралы кеңінен тоқталмақшымыз.
Қазақ зергерлері жасап жүрген білезіктердің: қос білезік, бес
білезік, жұмыр білезік, орама білезік, бұрама білезік, кавказ білезік,
көзді білезік, өрме білезік, үзбелі білезік, топсалы білезік, қолқа (қуыс)
білезік деген түрлері бар. Бұлардың үлкен-кішілігі, ауыр-жеңілдігі әркімнің
қалауынша әр түрлі бола береді. Білезіктердің аталу түрлеріне қарай,
олардың бітене жүргізетін өрнектер де түрлі-түсті.
Білезік соғатын қалып түрлері де болған. Олар салмақты бұйымдар
жасауға қолайлы суырып салынатын темір қайрақ. Қазақ зергерлері
білезіктерді ыстық және суық күйінде оғу арқылы жасаған. Олардың бірқатары
күміс тілімдерден ойып алынған, күміс сымдардан өрілген немесе үрлеу
тәсілімен жасалған іштері қуыс білезіктер.
Әйелдердің қолын білезік сәндендіреді, оларды бір-бірден немесе екі
қолына қос қостан, кей кезде бір қолға екі білезік тағатын болған.
Білезіктер тұтас және құрамалы болып келеді. Құрама дегеніміз: шарнир
тәсілімен қосылған екі-үш бөліктен тұратын – топсалы білезік, немесе
қақпақашалр арқылы қосылған – қақпақ білезік. Қимасында дөңгелеу, текше
болып келетін жұмыр білезіктер салмақты да көрнекті болып келеді,
олардыңк орталық бөліктері жұмыр, ал ұштары кейде жылнабас тәрізді етіп
жасалады. Жиекке орнатылған тастар жылжымалы етіп жылғастырылған тасты
білезік аса көркем көрінеді. Білезіктерді жасаудағы күрделілік пен өзіндік
ой сол бұйымда шебердің аты жазылып қалғандығымен ерекшеленеді. Онда араб
әрпі, қазақ тілі қолданылады. Бұйымдарды жасаудың стилі, техникасы қазақ
зергерлерінің ХІХ ғасырдың басы мен ортасында әшекейлер жасау үшін
техникалық құралдардың үлкен арсеналдарын жоғары көркем талғаммен
пайдаланғандығын байқатады.
Қос білезік- жалпақ бауырлы тұтас келеді де үстіңгі беті қатарласқан
қос жұмы р болады. Бұған көбінесе сыңар өкше, ырғақ, бұрма, көз
өрнектері салынады. Қос білезік салу Солтүстік Қазақстанда көбірек
кездеседі.
Бес білезік – бұл білезіктіңк баур сырты жалпақ, сағат бау сияқты.
Ортасында топсасы болады. Білезіктің екі басы түйісіп түймеленеді.
Білезіктің сыртқы жағында күміспен немесе алтын шынжырмен шыжымдап қойған
бес сақина бар. Сақиналар да өрнектеліп, тастан көз орнатылып әсемделеді.
Білезкіті білекке салардан бұрын осы бес сақинаны бес саусаққа киіп алады.
Бұдан кейін білезікті топсасынан сыртына қарай қайырып білекке салады да
екі басын қайтадан түйістіріп, түймелеп қояды. Бес білезікке асыл тастардан
алуан түсті көз орнатып, үстіңгі бетіне ирек, мүйіз, құс қанаты,
бөріқұлақ сияқты күрделі өрнектер жүргізеді.
Жұмыр білезік – салатын кісінің қалауынша жуандығы әр түрлі жұмыр
күмістен иіліп істелінеді. Білезікті кейде қодың басынан білезікке қарай
киілетін етіп, екі басын түйістіріп шығыр формасында жасайды. Кейде
қоспасын ашып білектің қырынан қапсыратын етіп түйіскен жерін ашық жасайды.
Жұмыр білекті кбінесе соғып, еген иеді.ал, қайсыбір жақсы өрнектерін
қалыпқа құйып шығарады. Қоспаға түйіскен екі басын қою шытырман
өрнектермен, сыртын неғұрлым нәзік өрнектермен оюлайды. Сонымен қатар, екі
басынан басқа жеріне көбінесе өрнек жүргізілмейді.
Орама білезік – қолға орай салатын белдік бейнелі жалпақ білезік.
Мұндай білезіктің екі шеті кейде алтынмен көмкеріліп сызықталады. Ортасына
жануарлар, өсімдіктер, геометриялық фигуралар тәрізді күрделі өрнектер
жасалады. Кейде алтын, күміс аралас кавказдалады.
Бұрама білезік жасалу жағынан өте оңай, түр жағынан жарасымды
білезік. Білезік екі не үш бөлек жұмыр күміс шыбықтарды қосып бұрау арықылы
істеледі. Екі басына әр алуан бедері бар бунақтар, бұршақтар, жиектер
келтіріп, кейде олардың үстіне тас көздер орнатып әшекейлейді.
Кавказ білезікті қарала білезік деп те атаған ел арасында. Бұл
білезікті жасау кавказ халықтарынан ауысқан. Кавказ білезік, кавказ
сақина, кавказдалған күміс белдік деген атаулар осыдан шықса керек.
Көзді білезік – жұмыр немесе жалпақ күмістің, не алтынның бетіне
бедерлі өрнеулер жасап, ақ, көк, қызық, жасыл түсті аыл тас көздер орантылу
арқылы жасалады. Көздерді ұстап тұратын ернеулі ұялар батыру, сызу,
бұрыштау әдістерімен өрнктеледі.
Өрме білезік – сәндеп дайындалған жуан алтын, күміс жіптерді өріп,
құрастырып, жасалынады. Мұндай білезіктің тұтас екі жақ басы алақан сияқты
тұтас келеді. осы алақанныңк бетіне қазтабан, жүрекше, қосырғақ
өрнектерінің бірін жүргізеді.
Шығыр, лоғабас, ілмек тәрізді етіп соғып, бөлек-бөлек күмістерден
жасаған білезікті үзбелі білезік дейді. Күмістен, алтыннан үзбелеген
осындай білезіктреді қол сағаттың бауы есебінде де пайдаланады.
Ортасынан екіге қайырып ашуға, екі басын топса арқылы түйістіріп
жабуға болатын білезікті ьопсалы білезік дейді. Топсалы білезіктің топсасы
өте биязы және өрнек мәнерімен үйлеседі де, сырт қарағанда бөлінбей тұрады.
Білезіктің екі басы ілмек, тиек арқылы жалғасады. Соңғы кездегі жаңашыл
шеберлер топсалы білезікті қол сағатпен қоса жасап өрнектеп жүр.
Қолқа білезік – шұжық тәрізді жұмыр, бірақ іші қуыс етіп жасалынады.
Соған қарай оны кей облыстарда шұжық білезік деп те атайды. Ол өте жеңіл
әдемі болады, оны кейде салдар мінетін аттардың аяқтарына да салатын
болған.
Сырт бейнесіне,, өрнек түріне, бір елге тән мәнеріне, орнатылған
көздерінің санына қарай әр жерде әр түрлі аталатын білезіктер көп.
Білезіктер негізінде әйелдерге тән. ата салтымызда бойжеткен қыз сүйген
жігітіне ұнатқандығының белгісі ретінде жүзігін білезігін сыйлайтын болған.
Сырға – сән үшін тағылатын зергерлік бұйым. Сырға тағу бүкіл дүние
жұзі халықтарына тән әдет. Сырғаны көбіне әйелдер құлаққа тағады, кейбір
елдерде мұрынға тағу да (Үндістан мен Африкада) кездеседі. Сырға неолит
заманында сүйектен, мүйізден, қо дәуірінрде металдан жасалған. Біздіңк
заманымыздан екі ғасыр бұрын алтын, күмістен асыл тас орнатылып жасалған
сырғаның өте сәнді түрлері шыға бастады.
Құлаққа тағатын сырғалар қзақ әйелдері арасында ең сүйікті
әшекейлердің бірінен саналған. Оларды бала күннен қартайған шаққа дейін
таққан. Негізінен, сырғаны бой жеткен қыздар, жас келіншектер таққан. Ал,
жасы укелген әйелдердің сырғалары болғанымен, оны құлақтарына тақпаған.
Өйткені революцияға дейінгі қазақ әйелдері жаулық тартып,кимешек киген.
Кимешек құлақты жасырап тұратындықтан, сырға тағудың қажеті де болмаған.
Сырғаның айшықты сырға, ай сырға, тұмарша сырға, салпыншақ сырға,
қозалы сырға, тасты сырға, алтын сырға, күміс сырға, қарала сырға, иықты
сырға, қоңырау сырға, күмбезді сырға, сояу сырға деп аталатын түрлері бар.
Сырғалардыңк атаулары негізінен оларың сыртқы көрінісіне, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қолөнер бұйымдарын жасауда ағаш өңдеу технологиясын дамыту
СӘНДІК ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫ
Қазақ халқының дәстүрлі қолөнер бұйымдарындағы ерлер қолөнері
Халық қол өнер негізінде еңбекке тәрбиелеу әдістемесі
Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру ( 5-сынып )
ОҚУШЫ БОЙЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНІҢ РӨЛІ
Қазақ халқының қолөнер түрлері
Қазақ халқы этнографиялық ескерткіштерінің мұралық маңызы
Бүгінгі күннің талабына сай сәндік - қолданбалы өнер түрлері сан алуан
Зергерлік өнер - кәсіптік өнер
Пәндер