Сауда саясаты: тарифтік емес әдістер мен қаржылық құралдар


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Сыртқы сауда операциясында қолданылатын баға.

1. Сауда саясатының түсінігі, бағыты, жабдықтары мен сипаты.

2. Сыртқы сауданың тарифтік емес әдістері және оның негіздері түрлері.

3. Сауда саясатының қаржы әдістері.

1. Сауда саясатының түсінігі, бағыты, жабдықтары мен сипаты.

Сауда саясаты - бұл ішкі нарыққа шетелдік тауарлардың келуін реттеу саласындағы, сондай-ақ бұл мемлекеттің тауарлары шетелдік нарыққа жетімді болуын қамтамасыз ететін саясат. Сауда саясаты негізінде тауарлар саудасы мен қызметтер саудасын қарастырады.

Ұлттық және әлемдік нарықтардың арасындағы өзара қарым-қатынас жағдайын сауда саясаты анықтайды. Белгілі мемлекеттің сауда саясаты өз бейнесін сауда режимінде табады. Сауда режимі - бұл ұлттық және әлемдік нарықтық қарым-қатынасын қалыптасытру үшін қолданылатын шаралар жиынтығы.

Мемлекеттік сауда режимінің сипаты кедендік тарифтің орташа деңгейін, сондай-ақ санды шектеулердің интенсивтігілі мен орташы деңгейін есептейтін агригалдық көрсеткіш ретінде анықталады.

Импорттық кедендік салымының орташа деңгейі 10% төмен, ал сандық шектеу импорттың 25% басып, тіркеу сипатына ие болатын мемлекеттің сауда режимі салыстырмалы түрде ашық болып танылуы мүмкін.

Мемлекеттік халықаралық саудаға араласу масштабына байланысты протекционистік сауда саясаты және еркін сауда саясаты деп айырамыз (жабық экономикадан ашық еркін сауда саясатына көшу жағдайын сыртқы сауданы либерализациялау деп аталады) .

Еркін сауда - еркін нарық күштері сұраныс пен ұсыныстың, негізінде дамитын сыртқы саудаға мемлекеттің минималды араласу саясаты.

Протекционизм - тарифтік және тарифтік емес құралдарды қолдану арқылы ішкі нарықты шетелдік бәсскеден сақтау үшін қолданылатын мемлекеттік саясат. Бұндай шектеулерді сауда кедергісі деп атайды.

4. Сыртқы сауданың тарифтік емес әдістері және оның негіздері түрлері.

«Мөлшерлік шектеулер » - сауда айналымын тарифтік емес реттеу формасы, ол белгілі бір уақыт аралығында экспорт пен импортқа рұқсат етілген тауарлардың саны мен номенклатурасын анықтайды.

Мөлшерлік шектеулер келесі формаларда болады: квоталау (контингенттеу), лицензиялау және экспортты «еркін» шектеу.

Квота немесе контингент - тауардың экспортын немесе импортын анықталған мөлшермен белгілі бір уақыт аралығында шектеудің мөлшерлік өлшемі.

Квоталар келесідей бөлінеді:

  1. экспорттық
  2. импорттық
  3. глобальді
  4. жекеше

Зерттеу барысында, протекционизмнің бұл түрінің артықшылығы жоқ, ал белгілі бір жағдайларда тарифке қарағанда нашар екендігі анықталды.

Еркін бәсеке жағдайында квоталарды енгізудің экономикалық нәтижесі баж салығын қолдану нәтижесіне ерекшеленбейді. Сондықтан квоталардың тарифтік эквиваленті туралы айтуға болады.

Бірақ, квота ішкі нарық монополизациясын жүргізгенде және оның икемсіз орналасуы орын алған жағдайда, ол экономикаға кеден тарифіне қарағанда, көбірек шығын әкеледі.

Мөлшерлік шектеулерді қолданудың ерекше жағдайы - бұл тарифтік квоталар. Олар елге енгізуге рұқсат алған тауарлардың көлемін қатаң түрде шектейді.

Тарифтік квоталар - белгілі уақыт кезеңінде, тарифтік бағаның ерекше, неғұрлым төмен ставкасымен елге енгізуге немесе шығаруға рұқсат алған тауарлардың мөлшерін бекіту.

Квоталау процесінің құрама бөлігі - лицензиялау. Лицензиялау - белгілі уақыт аралығында бекітілген мөлшермен тауарды елге енгізу немесе шығарудың мемлекетпен реттелетін рұқсат ету тәртібі.

Лицензияның бірнеше түрі бар:

І. Бір реттік лицензия - елге енгізуге немесе шығаруға 1 жыл мерзімге жазбаша түрде рұқсат ету, ол Үкіметпен нақты бір фирмаға, сыртқы сауда келісім шартын жүзеге асыру үшін беріледі.

2. Генералды лицензия - келісім шарт санына шектеу салынбайтын 1 жыл ішінде елге тауарды енгізуге немесе шығаруға рұқсат ету. Ол тауардың шектелмеген мөлшерін елге енгізуге құқық береді.

З. Глобалді лицензия - белгілі бір тауарды белгілі уақыт
аралығында саны мен бағасын шектемей, әлемнің кез-
келген еліне енгізуге рұқсат етеді.

Экспорттың «еркін» шектеулерінің мәні - қандай да бір тауарды, қандай да бір елге экспорттауды шектеу бойынша міндеттерді сауда әріптестерінің өз қарамағына алуына күштеу. Іс жүзінде мұндай экспорттық шектеулер еркін емес, керісінше міндетті болып табылады. Олар импорттаушы елдің саяси қысымы нәтижесінде, немесе неғұрлым қатаң протекционистик шараларды қолдану қаупінің әсерінен енгізіледі.

Халықаралық саудадағы техникалық тосқауылдар.

Техникалық тосқауылдар - бұл мемлекеттің бақылау және шектеу бойынша барлық шаралары, олар шетелден тауарды енгізуге кедергі жасаушы құрал ретінде қолданылуы мүмкін тауардың техникалық параметрлерінің талаптарымен байланысты. Техникалық тосқауылдар стандарттар, техникалық нормалар мен тәртіптер, қаптау талаптары түрінде болуы мүмкін.

Техникалық тосқауылдар ішінен мыналарды бөлеміз: санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық нормалар мен тәртіптер. Олар халықтың, ауылшаруашылық малдар мен өсімдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты.

Келешекте техникалық тосқауылдарды сауданы реттеу құралы ретінде қолдануы кеңейіп, күрделене түседі, сонымен бірге, техникалық талаптар мен стандарттарды унификациялау процесі жүріп жатады.

Мемлекеттік монополия және эмбарго.

Мемлекеттік монополия - жалпы мемлекеттік қызығушылықтарға сәйкес ұлттық нарықтың әлемдік нарықпен өзара әсерін орталықтан реттеу мақсатында, тек мемлекет қана экспорттық-импортық операцияларды жүргізу құқығына ие екендігін білдіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сауда саясаты мен кедендік тарифтер теориясы: тарифтік, тарифтік емес және қаржылық құралдар
Сыртқы және халықаралық сауда саясаты: тарифтер, тарифтік емес кедергілер және Қазақстанның ДСҰ-ға қосылу процесі
Экономиканы мемлекеттік реттеу: субъектілер, нысандар, әдістер, қаржылық құралдар мен көрсеткіштер
Халықаралық сауда мен Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты: мәні, құралдары және кедендік тарифтердің орны
Халықаралық сауда теориясы және сыртқы сауда саясаты: кедендік тарифтер мен Қазақстанның орны
Кәсіпорынның есеп саясаты және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру: әдістемелік негіздер, өзгерістер мен түзетулер, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің есебі
Дамушы мемлекеттердің сыртқы сауда саясаты: бағыттары мен Қытай тәжірибесі
Банктердегі негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің бухгалтерлік есебі
Қаржылық менеджмент: теориялық негіздер мен практикалық құралдар
Халықаралық сауда: сыртқы сауда саясаты, халықаралық экономикалық қатынастар жүйесі және Қазақстанның орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz