Міндетті бастауыш білім беру стандарты



1 Қолдану саласы
2 Нормативтік сілтемелер
3 Терминдер мен анықтамалар
4 Негізгі ережелер
5 Бастауыш білім берудің мақсаты
6 Бастауыш білім берудің күтілетін нәтижелері
7 Бастауыш білім берудің негізгі міндеттері
8 Бастауыш білім берудің базалық мазмұны
9 Бастауыш білім берудің базистік және типтік оқу жоспарлары
10 Білім беру үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері
11 Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау
Қосымша А. Орта білім беру ұйымдарының базистік оқу жоспары. Бастауыш білім.
Қосымша Ә Оқу қазақ тілінде жүретін орта білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспары. Бастауыш білім.
Қосымша Б Оқу орыс тілінде жүретін орта білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспары. Бастауыш білім.
Қосымша В Оқу өзбек тілінде жүретін орта білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспары. Бастауыш білім.
Қосымша Г Оқу ұйғыр тілінде жүретін орта білім беруұйымдарының типтік оқу жоспары. Бастауыш білім.
Қосымша Д Оқу тәжік тілінде жүретін орта білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспары. Бастауыш білім.
1.1 Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) қысқа мерзімді сипаттағы мақсат ретінде білім, білік, дағды, құзыреттер түрінде берілетін күтілетін нәтижелерді тағайындайды; бастауыш білім берудің базалық мазмұнына, оқу жүктемесінің жоғары шекті көлеміне қойылатын талаптарды сипаттайды.
1.2 Осы Стандарт:
– бастауыш білім беру бағдарламаларын іске асыратын меншік формасына, типіне және түріне тәуелсіз білім беру ұйымдарында;
– орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдарында;
- білім беру саласы мамандары жалпы білім берудің оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындауда, ғылыми мекемелер мен оқу орындарында;
- білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарында педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын жасау барысында;
- бастауыш білім берудің оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қаржыландырушы өкілетті және жергілікті атқарушы ұйымдарда қолдануға арналған.
1.3 Осы стандарт орта білім беру ұйымдарының қызметін лицензиялау, аттестациялау кезінде білім беру саласындағы өкілетті органдарға, жұмыс оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын әзірлеуде және олардың орындалуына бақылау жасау кезінде білім беру ұйымдарына таратылады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1 Қолдану саласы 4
2 Нормативтік сілтемелер 4
3 Терминдер мен анықтамалар 5
4 Негізгі ережелер 5
5 Бастауыш білім берудің мақсаты 5
6 Бастауыш білім берудің күтілетін нәтижелері 6
7 Бастауыш білім берудің негізгі міндеттері 9
8 Бастауыш білім берудің базалық мазмұны 10
9 Бастауыш білім берудің базистік және типтік оқу жоспарлары 13
10 Білім беру үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері 14
11 Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау 15
Қосымша А. Орта білім беру ұйымдарының базистік оқу жоспары.17
Бастауыш білім.
Қосымша Ә Оқу қазақ тілінде жүретін орта білім беру 18
ұйымдарының типтік оқу жоспары. Бастауыш білім.
Қосымша Б Оқу орыс тілінде жүретін орта білім беру 19
ұйымдарының типтік оқу жоспары. Бастауыш білім.
Қосымша В Оқу өзбек тілінде жүретін орта білім беру 20
ұйымдарының типтік оқу жоспары. Бастауыш білім.
Қосымша Г Оқу ұйғыр тілінде жүретін орта білім 21
беруұйымдарының типтік оқу жоспары. Бастауыш білім.
Қосымша Д Оқу тәжік тілінде жүретін орта білім беру 22
ұйымдарының типтік оқу жоспары. Бастауыш білім.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ
СТАНДАРТЫ

1 Қолдану саласы

1.1 Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандарты (бұдан
әрі – Стандарт) қысқа мерзімді сипаттағы мақсат ретінде білім, білік,
дағды, құзыреттер түрінде берілетін күтілетін нәтижелерді тағайындайды;
бастауыш білім берудің базалық мазмұнына, оқу жүктемесінің жоғары шекті
көлеміне қойылатын талаптарды сипаттайды.
1.2 Осы Стандарт:
– бастауыш білім беру бағдарламаларын іске асыратын меншік формасына,
типіне және түріне тәуелсіз білім беру ұйымдарында;
– орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламаларын іске
асыратын жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдарында;
- білім беру саласы мамандары жалпы білім берудің оқу бағдарламаларын,
оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындауда, ғылыми мекемелер мен
оқу орындарында;
- білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта
даярлау институттарында педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта
даярлау бағдарламаларын жасау барысында;
- бастауыш білім берудің оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру
ұйымдарын қаржыландырушы өкілетті және жергілікті атқарушы ұйымдарда
қолдануға арналған.
1.3 Осы стандарт орта білім беру ұйымдарының қызметін лицензиялау,
аттестациялау кезінде білім беру саласындағы өкілетті органдарға, жұмыс
оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын әзірлеуде және олардың орындалуына
бақылау жасау кезінде білім беру ұйымдарына таратылады.

2 Нормативтік сілтемелер

Бұл стандартта Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандартына, Орта білім, Негізгі ережелерге (ҚР МЖБС 2.003-2008)
сілтемелер жасалған.

Ресми басылым

3 Терминдер мен анықтамалар
Бұл стандарттағы терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасы Білім
туралы Заңына (27.07.2007 ж. №319), Қазақстан Республикасы мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандарты. Орта білім. Негізгі ережелерге (ҚР
МЖБС 2.003-2008) сәйкес қолданылады.

4 Негізгі ережелер

4.1 Осы стандарт
– бастауыш білім берудің мақсатын;
– бастауыш білім берудің күтілетін нәтижелерін;
– бастауыш білім берудің базалық мазмұнын;
– бастауыш білім берудің базистік және типтік оқу жоспарларын
анықтайды.
4.2 Бастауыш білім берудің меншік формасына, типіне, түріне және
ведомстволық бағыныштылығына тәуелсіз білім беру ұйымдары осы стандарт
талаптарының орындалуына жауапты.
4.3 Білім беру ұйымдары орта білім беру стандартының талаптарын
орындамаған жағдайда ата-аналар (немесе олардың орнындағы тұлғалар)
Қазақстан Республикасының Заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес
наразылығын білдіруге құқылы.

5 Бастауыш білім берудің мақсаты
5.1 Бастауыш білім берудің мақсатын айқындауда басты бағдар базалық
құзыреттердің негізін дамыту арқылы тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және
білім алушылардың өмірді адамгершілікпен түйсінуіне көмек беретін жалпы
мақсат болып табылады.
5.2 Бастауыш білім берудің мақсатын нақтылауда білім алушылардың
танымдық қабілеттерін, оқу және өмірлік жағдаяттарда алған білімдерін
шығармашылықпен қолдануын, түйінді және пәндік құзыреттерді қалыптастыру
арқылы өзін-өзі дамыту мен өзіндік басқаруды қамтамасыз етуде мойындалған
орта білім берудің мақсаты негізге алынады.
5.3 Бастауыш білім берудің мақсаты білім алушылардың қоршаған
шынайылықты түйсінуге, өзінің даралығын сезінуге, негізгі оқу және
айналасындағы адамдармен өзара әрекеттесу дағдыларын игеруге, өзінің оқу іс-
әрекетін ой елегінен өткізуге жағдай жасау арқылы көрінеді
5.4. Бастауыш білім берудің мақсаты түйінді және пәндік құзыреттерді
кіріктіру жолымен, сондай-ақ білім берудің базалық мазмұнында белгіленген
білім беру салалары бойынша күтілетін нәтижелерді анықтау үшін негіз болып
табылады.
5.5. Түйінді құзыреттерге:
– ақпараттық құзырет;
– коммуникативтік құзырет;
– проблемалардың шешімін табу құзыреті жатады.
Түйінді құзыреттер пәнаралық сипатта қабілет ретінде ең алдымен
қалыптасады және оқу пәндері арқылы әрбір білім беру салаларындағы орнына
сәйкес дамиды.
5.6. Пәндік құзыреттер білім беру салаларының мәні мен орнын
анықтайтын мақсат болып табылады және пәнаралық сипаттағы күтілетін
нәтижелерді қарастырады; оқу пәндерінің мақсаттары мен міндеттерін
айқындауға бағдар береді.
5.7. Пәндік құзыреттер білім алушылардың кең ауқымды әрекеттерін қамти
келе, олардың келесідей қабілеттерін сипаттайды:
- қоғам қажеттілігіне сай ана тілінде және басқа тілдерде қарым-
қатыныс жасауға ынталы болуы;
- кең ауқымды мағынада математикалық сауаттылыққа ие болу сонымен
қатар жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдана білуі;
- адамның табиғаттағы ролі мен орны тұрғысынан әлемнің ғылыми сипатын
түсінуі;
- өз халқының өткен тарихын білу, отбасында, қоғамдастықта және
басқа адамдармен қарым-қатынаста жалпыадамзаттық және әлеуметтік мәдени
құндылықтарға өз көзқарасын білдіре білуі;
- қазақ халқының мәдениетін, Қазақстан халықтарының және әлемнің
мәдени көптүрлілігін түсіну және бағалауы;
- өзінің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін өзін-өзі билеуге
және кәсіби өсуге ынталы болуы;
- өзінің дене күш қуатын, ақыл-ой қабілетін және жалпы өмірлік
әрекетін жоғары деңгейде ұстап тұру үшін салауатты өмір салтын сақтауы
жатады.
6 Бастауыш білім берудің күтілетін нәтижелері
6.1 Білім берудің күтілетін нәтижелері – бастауыш білім берудің оқу
жетістіктерінің деңгейлері ретінде ұзақтығы 2 жыл әрбір оқыту циклдері үшін
белгіленген бастауыш білім берудің қысқа мерзімді мақсаттар жүйесі.
6.2 Бастауыш білім беруде білім алушылардың оқу жетістіктерінің екі
деңгейі берілген:
оқу жетістіктерінің 1-ші деңгейі 1-2-сыныптарды қамтиды;
оқу жетістіктерінің 2-ші деңгейі 3-4-сыныптарды қамтиды.
Күтілетін нәтижелерді нақтылау оқу пәндерінің бағдарламаларында
циклдар бойынша білім беру салалары аясында көрсетіледі.
6.3 Бастауыш білім берудегі күтілетін нәтижелердің екі деңгейлі жүйесі
тұлғаның даму деңгейінің өлшеуіші болып табылады.
6.4 Күтілетін нәтижелер түйінді және пәндік құзыреттердің
біріктірілген біртұтастығын көрсетеді.
6.4.1 Тіл және әдебиет білім беру саласы бойынша білім алушылар
бастауыш білім беру деңгейінің соңында төмендегі күтілетін нәтижелерге
жетуі тиіс:
– қажетті ақпараттарды алу және іріктеу тәсілі ретінде сөйлеу іс-
әрекеттерінің әртүрлілігі туралы қарапайым түсініктері болады;
– кез келген ақпаратты беру және қабылдау үшін жағдайға қарай шағын
көлемдегі мәтін түрлерін қолдана алады;
– алынған ақпараттарға қатысты өзінің ойын білдіру үшін алғашқы сөйлеу
дағдыларын қолданады;
– оқу және өмірлік жағдаяттарда тілдік қатынас жасау үшін сөйлеу іс-
әрекеттерін пайдаланудың қарапайым тәсілдерін біледі;
– тілдік қатынас және қоршаған шынайылықты танып білу құралы ретінде
ана тілі мен басқа тілдердің маңызын түсінеді;
– топпен, командамен бірлесіп жұмыс жасау үшін алғашқы сөйлеу
дағдыларын пайдалана алады;
– қойылған мәселелерді шешу үшін сөйлеу дағдыларын қолданудың қарапайым
тәсілдерін біледі;
– қарапайым талдау, баға беру және кез-келген жағдаяттарды шешу үшін
сөйлеу типтерін таңдау қажеттігін түсінеді;
– әртүрлі жағдаяттардағы мәселелерді шешу үшін алғашқы сөйлеу
дағдыларын қолдана алады.
6.4.2 Математика және информатика білім беру саласы бойынша білім
алушылар бастауыш білім беру деңгейінің соңында төмендегі күтілетін
нәтижелерге жетуі тиіс:
– оқу жағдаяттарын шешу үшін қарапайым математикалық заңдар мен
терминдерді біледі;
– берілген математикалық және ақпараттық негізде қарапайым ақпараттарды
түсіндіре алады;
– математикалық білімін пайдалана отырып, оқу жағдаяттарын түсіндіреді;

– оқу жағдаяттарының шешімін қарапайым математикалық есептеу арқылы
дәлелдей алады;
– логикалық тұжырымдар жасау үшін математикалық тіл мен АКТ -дың
қарапайым дағдыларын пайдалана алады;
– қажетіне қарай АКТ-ға қатысты білім мен дағдыларды пайдалана отырып,
қоршаған ортадағы заттарға математикалық сипаттама бере алады;
– зерттелетін жағдаяттарды сипаттау үшін математикалық ақпараттарды
берудің қарапайым формаларын (диаграммалар, кестелер) пайдалана
алады;
– ауызша және жазбаша хабарлама жасау үшін математикалық тілді (шартты
белгілерді, символдарды, терминдік сөздерді) және АКТ дағдыларын
пайдалана алады;
– берілген жағдаятты шешу үшін математикалық және ақпараттық
мәліметтерді талдайды және олардың жеткіліктілігін анықтай алады;
– қоршаған болмыстағы нысаналарды салыстыру үшін қажетті математикалық
процедураларды таңдай алады;
– оқу жағдаяттарын шешу тәсілі ретінде қарапайым математикалық модель
құра алады;
– практикалық жағдаяттарды шешу үшін математикалық моделді түрлендіре
алады.
6.4.3 Жаратылыстану. Адам және қоғам білім беру саласы бойынша
білім алушылар бастауыш білім беру деңгейінің соңында төмендегі күтілетін
нәтижелерге жетуі тиіс:
– табиғат, адам, қоғам және олардың өзара байланысы туралы жалпы
мағұлмат алу үшін қарапайым терминдер мен ұғымдарды біледі;
– қоршаған болмысты танып білу үшін табиғаттағы және қоғамдағы
бақыланатын құбылыстарды түсініп, түсіндіре алады;
– таныс өмірлік жағдаяттардағы мәселелерді шешу үшін табиғат, адам
және қоғам туралы алған білімдерін қолдана алады;
– практикалық әрекеттерді жүзеге асыру үшін табиғат, адам және қоғам
туралы білімдерін қолдана алады;
– қоршаған орта болмыстарын түсіндіру үшін табиғат, адам және қоғам
туралы терминдер мен ұғымдарды пайдалану тәсілдерін біледі;
– өз көзқарасын анықтау үшін табиғат, адам және қоғам туралы
білімдерінің маңыздылығын түсінеді;
– топпен бірлестікте жұмыс істеу үшін табиғат, адам және қоғам туралы
алған білімдерін қолдана алады;
– бірлескен іс-әрекет үдерісінде табиғат, адам және қоғам туралы
білім алып, оны жеткізе алады;
– қоршаған ортаның күнделікті тыныс-тіршілігіне бағдарлана алу үшін
табиғат, адам және қоғам туралы алған білімдерін пайдалануға
мүмкіндігі болады;
– өз әрекеттерін анықтау мен жағдаяттарды бағалау үшін қоршаған
орта болмыстарын танып білу қажеттілігін түсінеді;
– қоршаған ортамен өзараәрекеттестікті жүзеге асыру үшін табиғат, адам
және қоғам туралы білімдерін қолдана алады;
– адамгершілік ержелерін сақтай отырып, табиғат, адам және қоғам
туралы білімдері негізінде жағдаяттарды шешу жолдарын анықтай алады.
6.4.4 Өнер және технология білім беру саласы бойынша білім
алушылар бастауыш білім беру деңгейінің соңында төмендегі күтілетін
нәтижелерге жетуі тиіс:
– табиғат және тіршілік сұлулығын танып білу тәсілі ретінде өнердің
негізгі түрлері туралы қарапайым түсініктері болады;
– оқыған көркем-өнер туралы шығармаларының мазмұнын түсінеді және
оған өзіндік эмоционалдық- құндылық қатынасын білдіре алады;
– оқылатын көркем-өнер шығармаларын қарапайым талдауда арнайы
терминдер мен ұғымдарды қолдана алады;
– мәдени ортада қарым-қатынас жасау үшін көркем-өнер шығармалары
туралы білімдерін пайдалана алады;
– оқыған көркем-өнер шығармалары туралы қарапайым тұрғыда өз пікірін
білдіре алады;
– өз шығармашылық қабілеттерін әр-түрлі көркем және музыкалық
әрекеттерде жүзеге асыра алады;
– өз білімдерін бекіту үшін көркем-музыкалық әрекеттерді пайдаланудың
қарапайым тәсілдерін біледі;
– көркем-музыкалық әрекеттерінің қарапайым дағдыларын бекіту және өзін
көрсету үшін өзінің шығармашылық жұмыстарының қажеттілігін түсінеді;
– әртүрлі жағдаяттарда мәселелерді шешу кезінде мінез-құлықтың
адамгершілік нормаларының қарапайым ережелерін сақтайды.
6.4.5 Дене шынықтыру білім беру саласы бойынша білім алушылар
бастауыш білім беру деңгейінің соңында төмендегі күтілетін нәтижелерге
жетуі тиіс:
– адам денсаулығына әсер ететін спорттық-сауықтыру жаттығуларының
түрлері туралы қарапайым түсініктері болады:
– денсаулығын нығайту үшін жағдаяттарға сәйкес әртүрлі жаттығу
түрлерін қолдана алады;
– денсаулығын сақтау үшін қозғалыс әрекеттерінің алғашқы дағдыларын
пайдалана алады;
– денсаулығын нығайту үшін сауықтыру жаттығуларын пайдаланудың
қарапайым тәсілдерін біледі;
– организмді дамыту үшін қозғалыс дағдыларын меңгеру құралы ретінде
дене шынықтырудың маңызын түсінеді;
– топтық және командалық бірлескен жұмыс үшін алғашқы қозғалыс
дағдыларын пайдалана алады;
– оқу және өмірлік жағдаяттарды шешу үшін қозғалыс дағдыларын
пайдаланудың қарапайым тәсілдерін біледі;
– кез-келген жағдаяттарды шешу, бағалау және қарапайым талдау үшін
жаттығу түрлерін таңдау қажеттілігін түсінеді;
– әртүрлі жағдаяттардағы мәселелерді шешу үшін алғашқы қозғалыс
дағдыларын қолданады.

7. Бастауыш білім берудің негізгі міндеттері
Қойылған мақсаттар жүйесі мен күтілетін нәтижелерді іске асыру:
– білім беру үдерісінің теңқұқылы субъектісі ретінде білім алушылар
мен мұғалімдердің бірлесіп жұмыс істеуі үшін педагогикалық орта
құру;
– білім алушылардың даралылығын ашуда сенім білдіру, табысқа жету
және қолайлы жағдай жасау арқылы педагогикалық қолдау көрсету;
– анықталған мақсаттар мен күтілетін нәтиежелерге жетуде адамгершілік
мәнділігі мен мақсатты бағытталған бағдарға орай сыныптан және мектептен
тыс әрбір іс-шаралар сипатында оқу үдерісін толықтыру бойынша мектептің
жаңашыл іс-әрекеттеріне бастама жасау;
– білім алушылардың, мұғалімдердің және мектептің үздіксіз даму
үдерісін қамтамасыз ету, олардың жетістікке жетуіне алғышарт құру
мен шынайы жетістіктерін қадағалау негізінде жүзеге асырылады.

8 Бастауыш білім берудің базалық мазмұны
8.1 Бастауыш білім берудің базалық мазмұны түйінді және пәндік
құзыреттер мен білім алушылардың оқу жетістіктерінің 2 деңгейі түрінде
берілген мақсаттар жүйесіне жетудің құралы болып табылады.
8.2 Бастауыш білім беру деңгейінің мазмұны Тіл және әдебиет,
Математика және информатика, Жаратылыстану. Адам және қоғам, Өнер және
технология, Дене шынықтыру сияқты 5 білім салалары арқылы беріледі.
Әрбір білім беру салаларының базалық мазмұны нақты оқу үдерісін жобалауға
негіз болады және күтілетін нәтижелерге жету үшін мазмұнды кіріктіруді
жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
8.3 Білім беру салаларының базалық мазмұны мазмұндық желілер мен оларды
құраушы компоненттер негізінде құрылады.
8.3.1 Тіл және әдебиет білім саласы
Тілдік деректер, заңдар мен ережелер.
Әліпби (алфавит), әріптер мен дыбыстар. Тілдің фонетикалық
ерекшеліктері. Орфоэпия мен айтылым нормасы. Лексика, активті және пассивті
сөздік қоры. Сөзжасам, сөз құрамы. Морфология: өз бетімен және қызметтік
сөйленіс. Сөз, сөзтіркесі және синтаксис тіліндегі сөйлем. Офография.
Грамматика. Пунктуация. Тілдік және грамматикалық нормалар.
Сөйлеу қызметі және оның түрлері.
Тіл және сөйлеу. Ауызша және жазбаша сөйлеу. Сөйлеу қызметінің
түрлері: оқу, жазу, тыңдау, айту. Диалог. Мәдени қатынас. Тақырып, негізгі
ой, мәтін бөлшегі. Жоспар. Сөйлеу түрі – сипаттау. Сөйлеу түрі – баяндау.
Сөйлеу этикеті. Этномәдени лексика.
Тілдің әлеуметтік-мәдени қызметі.
Мәдениет диалогындағы тілдер. Тіл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі білім
Білім берудің мемлекеттік стандарты және оған қойылатын талаптар
Білім берудің стандарты
ТЕҢДЕУ ҰҒЫМЫНЫҢ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТЫП ҮЙРЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Жалпыға бірдей орта білім берудің мазмұнын жетілдіру
Математиканы оқытудың теориясылық негізі
Әлемде жалпы білім берудің халықаралық стандарты қалыптасуы
12 жылдық білім беру – қазақ мектебінің болашағы
Қазақ бастауыш мектептеріндегі білім беру мазмұнының қалыптасуы мен дамуы (1991-2007 жж)
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
Пәндер