Ташкент қаласының хіхғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ интеллигенциясының қалыптасуындағы маңызы
1 Ташкент қаласының ХІХғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ интеллигенциясының қалыптасуындағы маңызы
2 «Патшалық Ресейдің үстемдігі тұсындағы Ташкент қаласының қазақ зиялыларын қалыптастырудағы орны»
3 «Уақытша үкімет пен кеңестік билік жағдайындағы Ташкент қаласындағы қазақ зиялылары»

Ташкент қаласына қатысты зерттеу жұмыстарының басым бөлігі ХХ ғ. басында Түркістандағы қоғамдық-саяси өмірдің тарихнамасына байланысты қалыптасты.
Тарихнамалық талдау көрсетіп отырғандай Ташкент қаласының тарихына қатысты қалыптасқан әдебиеттер шоғырын хронологиялық тұрғыда үш топқа бөлуге болады. Бірінші топ - 1917 жылға дейінгі зерттеулер. Екінші топ - кеңестік кезеңде жазылған еңбектер. Үшінші топ-Кеңес одағы ыдырап, Қазақстан мен Өзбекстанның тәуелсіз мемлекет болғаннан кейінгі кезеңде жүргізілген зерттеулер.
Ташкент қаласының 1917 ж дейінгі кезеңдегі тарихының сипаттық ерекшеліктері оны арнайы тақырып етіп зерттеуді қажет етеді өйткені бұл кезеңде Түркістан өлкесінің Ресей отарына айналуына қатысты жарық көрген еңбектердің тарихнамалық сипатынан деректік мазмұны басым болып келеді. Сол еңбектердің арасында тікелей Ташкент қаласының тарихына арналған еңбек ретінде А.И. Добромысловтың зерттеуін бөлек атауға болады. Аталған еңбектің маңыздылығы сол, онда Ташкент қаласының әлеуметтік-экономикалық және саяси-мәдени өміріндегі ерекшеліктері алғаш рет біршама толық күйінде баяндалды және Ресейдің орталығына қала туралы тарихи ұғым қалыптастыруға қызмет етті.
Ал Түркістандағы отарлық биліктің әртүрлі дәрежедегі шенеуніктері де өздері басшылық жасаған салалар бойынша бірқатар тарихнамалық сипаттағы еңбектер жазып қалдырды. Солардың қатарында Ташкенттегі білім беру саласында басшы қызмет істеген Н.П. Остроумов және С.М. Граменицкийдің [3] еңбектерін атаймыз. Авторлар бұл еңбектерде Түркістан өлкесінде білім беру ісін дамытудағы Ташкент қаласының атқарған қызметіне ерекше мән береді. Соның ішінде қалада қазақ облыстарынан білім алған жастар туралы мәліметтер беріледі.

1 Назарбаев Н. Тарих толқынында. –Алматы: Атамұра -1999. –296 б.
2 Добромыслов А.И. Ташкент в прошлом и настоящем. –Ташкент: 1912. -225 с.
3 Додонов И.К. Восстание 1916 года в Узбекистане // Национально-освободительное восстание 1916 года в Узбекистане. - Ташкент: 1947; Житов К.Е. Победа Великой Октябрьской социалистической революции в Узбекистане. -Ташкент, Гос.издат УзССР. Тип.№3 Узбекполиграфиздата.- 1949. -72 с.; Житов К.Е., Непомнин В.Я. От колониального рабства к социализму. - Ташкент: (К 15-летие образование УзССР). Узпартиздат. 1939. -124 С.; Пулатов Г.П., Рашидов Г. Ташкент в первые годы советской власти (ноябрь 1917 – 1920 гг.). - Ташкент: «Узбекистан», 1972. -190 с. и др.
4 Вахабов М.Г. Ташкент в период трех революции. – Ташкент: Госиздат УзССР, 1957. -284 с.
5 Шомухамедов Ш.М., Дан З.П. Ташкентский университет-основоположник науки Средней Азии. - Ташкент: 1980. – 330 с.
6 Шамсиева И.М. Роль Ташкентского государственного унисверситета в истории высшего образования Средней Азии (1920-1960 годы): Автореф... канд. ист. наук.-07.00.02. -Ташкент, 1999. - 27 С.
7 Алимова Д.А. История как история, история как наука. - Т. 1. История и историческое сознание. –Ташкент: ИПТД «Узбекистан». -277 с.
8 Шарапова М.Ф. Тошкентнинг ХІХ асрнинг икинчи ярми ХХ аср бошларидаги ижтимои-сиесий ахволи: Тарих фан. номзоди... автореф. 070002. – Ташкент: 2005. -26 с.
9 Асылбеков М. Х. Формирование и развитие кадров железнодорожников Казахстана (1917-1970 гг.) – Алма-Ата: 1973. – 327 с.; Түрксібте тағдыры түйіскен арыстар // Қазақ тарихы. –2001. -№2. -44-49 бб. және т.б.
10 Ауанасова А. Национальная интеллигенция Туркестана в первой четверти ХХ века. – Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 260 с.
11 Нұрпейісов К.Н., Григорьев В.К. Турар Рыскулов и его время. // Рыскулов Т. Собр. соч. в 3-х т.– Алматы: Казахстан, 1997 - Том 1.. –С. 9-48.
12 Қойгелдиев М. Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры (ХVІІІ – ХХ ғғ.). Зерттеулер. –Алматы: Жалын, 2004. - 400 б.
13 Мажитов С.Ф. Национально освободительная война, 1916 г. // Исторический опыт защиты отечества. – Алматы. 1999. – С.139-162; Проблемы истории историографий народно-освоботельного движения ХVІІІ-ХХ в.в. в Казахстане. -Алматы: Мектеп. -2007. - С. 350.
14 Исмаилов А.И. Из истории южных областей Казахстана. – Шымкент: 2006. - 240 с.
15 Еңсепов Б.Б. Қазақстанның қоғамдық-мәдени өміріндегі Орта Азия мемлекеттік университетінің рөлі (1918-1930 ж.ж.): тарих ғыл. канд... дис. авторефераты. - Семей: 2010. - 24 б.
16 Туркестанские ведомости, 1899, 26 август.
17 Туркестанские ведомости, 1885, 22 октябрь.
18 Бендриков К.Е. Очерки по истории народного образавания в Туркестане (1865-1917 годы). - М.: Издательства Академии педогических наук РСФСР. 1960. - 602 с.
19 ӨРОМА. 372 - қ., 1-тіз., 20-іс, 1-2 – пп.
20 Садвокасов С.С. О значении ВУЗ-а для Казахстана // Год работы Казахского высшего педагогического института. - Ташкент: Типолитография № 2 Казгиза. 1928. - С. 21-32
21 ӨРОМА. 372- қ., 1-тіз., 29- іс.
22 ӨРОМА. 34- қ., 1-тіз., 16-20 іс.
23 Халк дорилфунуни.- 1918, 11 июля.
24 ӨРОМА. 1630 - қ., 1- тіз., 8-іс, 6 - п.
25 Жүргенов Т.К. Итоги и перспективы организации ВУЗ-а в КССР // Год работы Казахского высшего педагогического института. - Ташкент: Типолитография № 2 - Казгиза. 1928. – С. 3 – 19.

Ташкент қаласының ХІХғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ
интеллигенциясының қалыптасуындағы маңызы
Ташкент қаласына қатысты зерттеу жұмыстарының басым бөлігі ХХ ғ.
басында Түркістандағы қоғамдық-саяси өмірдің тарихнамасына байланысты
қалыптасты.
Тарихнамалық талдау көрсетіп отырғандай Ташкент қаласының тарихына
қатысты қалыптасқан әдебиеттер шоғырын хронологиялық тұрғыда үш топқа
бөлуге болады. Бірінші топ - 1917 жылға дейінгі зерттеулер. Екінші топ -
кеңестік кезеңде жазылған еңбектер. Үшінші топ-Кеңес одағы ыдырап,
Қазақстан мен Өзбекстанның тәуелсіз мемлекет болғаннан кейінгі кезеңде
жүргізілген зерттеулер.
Ташкент қаласының 1917 ж дейінгі кезеңдегі тарихының сипаттық
ерекшеліктері оны арнайы тақырып етіп зерттеуді қажет етеді өйткені бұл
кезеңде Түркістан өлкесінің Ресей отарына айналуына қатысты жарық көрген
еңбектердің тарихнамалық сипатынан деректік мазмұны басым болып келеді. Сол
еңбектердің арасында тікелей Ташкент қаласының тарихына арналған еңбек
ретінде А.И. Добромысловтың зерттеуін бөлек атауға болады. Аталған еңбектің
маңыздылығы сол, онда Ташкент қаласының әлеуметтік-экономикалық және саяси-
мәдени өміріндегі ерекшеліктері алғаш рет біршама толық күйінде баяндалды
және Ресейдің орталығына қала туралы тарихи ұғым қалыптастыруға қызмет
етті.
Ал Түркістандағы отарлық биліктің әртүрлі дәрежедегі шенеуніктері де
өздері басшылық жасаған салалар бойынша бірқатар тарихнамалық сипаттағы
еңбектер жазып қалдырды. Солардың қатарында Ташкенттегі білім беру
саласында басшы қызмет істеген Н.П. Остроумов және С.М. Граменицкийдің [3]
еңбектерін атаймыз. Авторлар бұл еңбектерде Түркістан өлкесінде білім беру
ісін дамытудағы Ташкент қаласының атқарған қызметіне ерекше мән береді.
Соның ішінде қалада қазақ облыстарынан білім алған жастар туралы мәліметтер
беріледі.
Түркістан өлкесінің саяси-әкімшілік орталығы ретінде Ташкент қаласының
қоғамдық-саяси тарихына қатысты зерттеулердің қомақты бөлігін кеңестік
кезеңде қалыптасқан тарихнамалық әдебиеттер шоғыры қамтиды. Бұл топтағы
әдебиеттер, әсіресе 20-жылдардың соңынан бастап кеңестік биліктің салтанат
құруын ашықтан-ашық дәріптеу бағытында жазылғандығын атап айтуымыз керек.
Түркістан өлкесінде, соның ішінде Ташкент қаласында іске асырылған
әлеуметтік төңкеріс адамзат тарихында жаңа дәуірге жол ашқан құбылыс
ретінде бағаланып, коммунистік идеология қоғам дамуын қамтамасыз ететін
бірден-бір тәсіл ретінде басшылыққа алынды. Содан да, бүгінгі тарихи таным
жетістіктерінің деңгейінде бағалар болсақ, ол еңбектерде жасалған
тұжырымдар мен берілген бағалалардың принципті сипатта ерекшеліктері мол
болғандығы аңғарылды.
Ташкент қаласындағы революциялық қозғалыс пен қазан төңкерісі туралы
алғашқы тарихи жарияланымдар негізінен осы оқиғалардың тікелей қатысушылары
болған кеңестік биліктің бастапқы кезеңіндегі қайраткерлердің үлесіне
тиеді. Бұл еңбектердің қатарында С.Д. Муравейский, В. Бауман, Д.И. Манжара,
И. Сольц, Н.А. Паскуцкий және т.б. атауға болады. Бұл аталған еңбектер
тарихи ойдың өз кезеңіне тән кемшіліктері мен жетістіктерінің жемісі
ретінде бағаланатындықтан да авторлардың жұмыс барысында Ташкент қаласының
рөлімен қызметі айтарлықтай талдау нысанына алына қойған жоқ.
Оның есесіне ХХғ. 20жылдары Түркістанның жергілікті халықтары арасынан
шығып, биліктің жоғары эшелонына араласқан Т. Рысқұлов, С. Сегізбаев,
Н.Төреқұлов, Ф.Ходжаев, А.Икрамов және т.б. саяси қайраткерлердің еңбектері
ғылыми ойда үлкен қызығушылық тудырады. Осы аталған қайраткерлердің
еңбегінде большевиктік биліктің ұлыдержавлық шовинизмге жол берген саяси
қателіктерінің өлкеде басмашылық қозғалысқа негіз болғандығы ашық айтылды.
Мысалы, Н. Төреқұлов экономикадағы жолсыздықтар мен билік құрылымдары
тарапынан жергілікті ұлттардың қысым көруі басмашылық қозғалысты тудырды
деп атап көрсетеді. Ал Т. Рысқұлов большевиктердің ұлттық-мәдени саясатты
іске асырудағы патша өкіметінің отарлық саясатын жалғастырудан туған
кемшіліктерін ашық сынады.
20-жылдардағы жарық көрген еңбектердің арасында П.Г. Галузонның, Г.И.
Сафаровтың еңбектері өлкеде орнаған кеңестік билікке сыни тұрғыда қарауымен
ерекшеленді. Сафаровтың тұжырымына негіз болған басты тезис революцияның
Түркістанға телеграф арқылы келгендігі еді. Содан да ол Орта Азиядағы
қазан төңкерісінің заңдылығын теріске шығарып, орыс революциясы
Түркістанда бірден болмай қоймайтын отаршылық бағыт алды деген тұжырым
жасайды: Негізінен алғанда, 20-жылдардағы жарияланымдардың басым бөлігі
саяси тарихқа арналды да олар ғылыми зерттеудің жүгін көтере қойған жоқ.
Партия, кеңес мектептеріне, партия-кеңес курстарының тыңдаушылары мен оқушы
жастарға оқу құралы ретінде жазылғандықтан ол еңбектердің білім тарату
сипаты басым болғандығын атап айтуымыз керек.
Түркістандағы отарлық және кеңестік биліктің сипаты мен мазмұнына
қатысты зерттеулер 30-жылдардың соңы мен 50-жылдардың ортасында тақырыптық
және желілік тұрғыда біршама кеңейе түсті. Тарихнамалық негізде
революциядан кейінгі кезеңдегі қоғамдық практикаға ғылыми талдау жасау
әрекеті байқалғанымен тарихи білімнің жаппай қадағалауға және басқаруға
мәжбүрленуі сталиндік жеке басқа табынудың ғылымға деңдеп енуі жағдайында
жүргізілген зерттеулер қатарында И.К. Додонов, К.Е. Житов пен В.И.
Непомнин, Г.П. Пулатов пен Г. Рашидовтың [3] еңбектерін атауға болады. Ол
еңбектерле аймақтағы қазан төңкерісі, соның ішінде Ташкент қаласында
өрбіген қоғамдық-саяси қозғалыстар мен әлеуметтік-экономикалық дамудың
салдарына тыңғылықты талдау жасауға деген ұмтылыс байқалғанымен өзекті
мәселелер тиянақты шешімін таба алмады. Сталиндік террор жағдайында
қалыптасқан таптық төзімсіздік, жаппай секемшілік жағдайында ғылым ретінде
тарихтың өзі аяусыз бұрмаланды. Осындай жағдайда Ташкент қаласында өткен
оқиғаларға қатысушылардың көпшілігі негізсіз қуғындалып, тарихтан
аласталды. Оның орнына жеке тұлғалардың қатысуынсыз кеңестік билік
құрылымдары мен коммунистік партияның жасампаздық рөлі құрғақ баяндалды.
Түркістан өлкесінің тарихнамасындағы мәселелерде 50 жылдардың екінші
жартысынан бастап еліміздегі саяси ауа-райының либералдана бастауымен
бірқатар оң өзгерістер байқалды. Осы қомақты тарихнамалық еңбектердің
арасынан жаңа мазмұнда баяндалған И.К. Додонов, К.Е. Житов, Х.Ш. Иноятов,
Х.Тураев, В.П. Хариннің зерттеулерін атаймыз. Осы тарихнамалық кезеңдегі
еңбектердің арасынан Ташкент қаласының тарихын арнайы желі етіп
алғашқылардың бірі болып қарастырған өзбекстандық ғалым М.Г. Вахабов болды
[4]. Оның зерттеулерінде Түркістан өлкесінің саяси орталығы ретінде ХХ ғ.
алғашқы ширегінде Ташкент қаласының атқарған рөлі жан-жақты қарастырылып,
көптеген тың деректік құжаттар ғылыми айналымға ұсынылды.
Жалпы, өзбекстандық тарихшылар Ташкент қаласының тарихына қатысты
ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің орталығы ретінде қомақты
тарихнамалық еңбектер тобын қалыптастырды. Бұл тақырып Ташкенттегі
университеттің құрылуы мен қалыптасуы тұрғысында алғашқылардың бірі болып
П.А. Барановтың еңбектерінде жан-жақты қарастырылды. Ғалымның бұл еңбектері
Ташкенттегі мемлекеттік университеттің алғашқы қалыптасу кезеңіндегі
қызметін баяндай отырып, қаланың Орта Азиядағы ірі ғылым мен білім
орталығына айналуының сипатын терең ашып көрсетеді. Осы тақырыпта белсенді
еңбек еткен Е.А. Дворкинаның зерттеулерінде Ташкент қаласында ашылған
университеттің атқарған мәдени, ғылыми қызметтері кеңінен қамтылып айтылды.
Сол сияқты Ташкент университетінің мерей тойларына арналған ұжымдық
жинақтарда жалпы мәселелер қатарында оқу орнының Сырдария және Жетісу
облыстарында ғылым мен білімнің дамуына жасаған ықпалы, оның қалыптасуы мен
қызметіне араласқан қазақ зиялыларының қызметтері деректік құжаттар
негізінде талданады.
Ташкент мемлекеттік университетінің қызметіне қатысты барынша кең
ауқымды зерттеу жүргізген Ш.М. Шомухамедов пен З.П. Данның [5] еңбегін
ерекше бөліп атауға болады. Бұл зерттеуде оқу орнының қалыптасу кезеңіндегі
қиындықтар қатарында ұлттық оқытушы кадрлардың жетіспеуімен бірге
жергілікті халықтардың тілінің ғылым мен білім тіліне айналуына кедергі
болған факторлар атап көрсетіледі.
Ташкент қаласының тарихына қатысты өзбекстандық тарихшылардың зерттеу
жұмыстары қатарында қалада мемлекеттік университеттің қалыптасуы жөнінде
арнайы жүргізілген И.М. Шамсиеваның [6] зерттеуін атауға болады. Бұл
зерттеуде ғалым университеттің қалыптасуы мен қызметінде Н. Төреқұловтың,
Т. Рысқұловтың, Т. Жүргеновтердің қызметтеріне арнайы тоқталады.
Жалпы, өзбекстандық тарихшылар тәуелсіздік жылдары жүргізген
зерттеулерінде кеңестік әдіснаманың қасаң қағидаларынан көптеген тарихи-
мәдени құндылықтарын аршып алды. Айталық, өзбекстандық зерттеушілердің
еңбектерінде басмашылық қозғалыс – ұлт-азаттық қозғалыс деп сыныпталса,
Түркістан Мұхтариятының құрылуы – ұлттық мемлекеттік құрылыстың алғашқы
тәжірибесі ретінде бағаланды. Осыған байланысты Д.А. Алимова Орталық Азия
тарихшылары тәуелсіздік алғаннан кейін өз халықтарының тарихын алдын-ала
дайындалған идеологиялық өлшемдерсіз шынайы, терең және мүлдем тәуелсіз
бағалауға мүмкіндік алды деген тұжырым жасайды [7, с. 38].
Ал С.С. Агзамходжаевтың іргелі зерттеуінде Ташкент қаласында өрбіген
ұлт-азаттық қозғалыстағы ұлт зиялылары М. Тынышбаев, М. Шоқай, С. Лапин, С.
Ақаев, Ә. Оразаевтардың қоғамдық-саяси қызметі жергілікті зиялы қауымның
қайраткерлік әрекетінің аясында қарастырылады. Өзбекстан Республикасында
осы тақырыпқа қатысты жүргізілген зерттеулердің арасында М.Ф. Шарапованың
[8] еңбегінің маңыздылығын атап өтуіміз керек. Ғалым бұл зерттеуінде
Ташкент қаласының ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басындағы қоғамдық-саяси ахуалын
барынша объективті бағалауға тырысқан. Әйтсе де геосаяси мүдделерге сай ол
зерттеуде қаланың Қазақстан үшін де атқарған үлкен маңызы ашылмағандығы
ескерілуі керек. Демек, шетелдік тарихнамада орын алған осы олқылықтардың
орнын толтыру жұмысымыздың басты міндеттерінің бірінен саналады.
Қазақ зиялыларының қалыптасуындағы Ташкент қаласының рөлі жалпы
мәселелердің қатарында отан тарихының қосымша желісі ретінде өткен ғасырдың
20-30 жылдарынан бастап қолға алынды. Айталық, Т. Рысқұлов пен С.Ж.
Асфендияров еңбектерінде қазақ интеллигенциясының, соның ішінде Түркістан
өлкесінде пайда болуы мен қалыптасуы кезеңделді.
70 жылдары жүргізілген зерттеулердің арасынан Р.Б. Сүлейменовтың
Ресейдің шет аймақтарындағы ұлттық интеллигенцияның тағдырына талдау
жасаған еңбектерінің маңызын атап өтуге болады. Р.Б. Сүлейменов қазан
төңкерісіне дейін Қазақстанда 22 ғана қазақ жоғары білімді болса, ал Орта
Азияда бірде-бір жоғары білімді жергілікті ұлт өкілі болмаған деген
кеңестік кезеңде орныққан тұжырымға алғашқы болып қарсы пікір айтады. Сол
сияқты В.М. Устинов Түркістанда ұлттық интеллигенцияның қалыптасуын
кешенді түрде қарастырды.
Түркістанда өнеркәсіптің қалыптасуы барысында Ташкент қаласы өндіргіш
күштердің шоғырланған аса ірі орталығына айналды және өлкедегі саяси-
әлеуметтік үрдістерге ықпал етуші рөлі арта түсті. Қаланың осындай
өндірістік-экономикалық маңызын айқындауда академик М.Х. Асылбеков теміржол
саласында ұлттық кадрлардың қалыптасуына мән бере отырып, Ташкент қаласына
қатысты мәселелерді қарастырады [9]. Аталған зерттеулерінде ғалым Орынбор-
Ташкент теміржолы бойындағы жұмысшылардың революциялық қозғалысқа тартылу
және Ташкент қаласының ірі өндіріс орнына айналуы мәселесін жан-жақты
ашады.
Ә.М. Ауанасованың зерттеуінде Ташкент қаласының қазақ қоғамындағы
саяси-әлеуметтік дамуға жасаған ықпалы туралы мәселе өлкедегі отарлық және
кеңестік биліктердің реформалық өзгерістерімен тығыз бірлікте талданады. Ол
мәселеге баға бере отырып, Интеллегенттерді әлеуметтік жат элементтерге
қосқан коммунистердің пролетарлық интеллигенттерді қалыптастырып алысымен
қазанға дейінгі ұлттық интеллигенцияны қоғам өмірінен аластау жоспары
болды. Соған байланысты партиялық-бюрократиялық аппарат интеллигент,
қызметкер, бюрократ ұғымдарының шекарасын жоюды көздеді [10, 37-б.] деп,
Ташкент қаласында қалыптасқан және сонда шоғырланған ескі үлгідегі ұлт
зиялыларын кеңестік биліктің саясаттан шеттетуінің мақсатын айқындайды. Бұл
еңбектерде Ташкент қаласының тарихи қызметі қазіргі заманғы ғылыми
зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздерін басшылыққа алып, кеңестік
тарихнамада жасалған тұжырымдар қайта қаралады, сонымен бірге тың деректік
материалдар айналымға ұсынылады.
Соңғы жылдары отандық зерттеушілердің Ташкент қаласына қатысты
қалыптастырған тарихнамасының едәуір бөлігін қызметі мен өмірі осы қаламен
тығыз байланыста өрбіген тұлғалар жайлы зерттеулер құрайтындығын атап
көрсетуге болады.
Ол тұлғалардың көпшілігі 30-жылдардағы қуғын-сүргіннің құрбаны
болғандықтан да олар туралы тыңғылықты зерттеулер 80-жылдардың ортасынан
бастап жандана бастады. Өмірі мен қызметі Ташкентпен тығыз байланыста
болған, кейінгі кезде саяси қуғынға ұшыраған түркістандық қайраткерлердің
арасында алғашқы болып көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Т.
Рысқұловтың тұлғасын зерттеу қолға алынды. О. Қоңыратбаевтың
монографиясында бай құжаттық деректер ғылыми айналымға ұсынылып, бірқатар
тың тұжырымдар жасалды. Т. Рысқұловтың Ташкент қаласындағы қайраткерлік
қызметіне концептуалды баға берген К. Нұрпейісов пен В.Х. Григорьев
еңбегінің де маңызы үлкен болды. Сол сияқты Т. Рысқұловтың өмірі мен
қоғамдық-саяси қызметін зерттеуге арналған диссертациялық еңбектерде [11]
оның Ташкенттегі қызметі жалпы мәселелермен бірге қарастырылады. Бұл
аталған еңбектерден қаланың қазақ қоғамына жасаған ықпал-әсері туралы мол
деректік материалдармен бірге жаңа тұжырымдар кездестіреміз.
Ташкент қаласындағы мұғалімдер семинариясының түлегі, өлкелік биліктің
жоғары эшелонында қызмет істеген С. Қожановқа қатысты еңбектер тақырыпқа
қатысты мәселелерді деректік және тұжырымдық тұрғыда кеңейте түседі.
Қоғамдық-саяси қызметі Ташкентпен тығыз бірлікте өрбіген Түркістан ұлт-
азаттық қозғалысының М. Шоқай, М. Тынышбаев, С. Лапин, К. Төгісов, Х.
Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, М. Дулатов, О. Жандосов сияқты көрнекті
өкілдері туралы қорғалған диссертациялар шоғыры осы аталған
қайраткерлердің қоғамдық-саяси қызметін жаңа көзқарас тұрғысында жеке желі
етіп қарастырғандықтан мәселені барынша терең талдап, тың құжаттық
деректерді ғылыми айналымға ұсынуымен бірге оларға берілген кеңестік
тарихнаманың сыңаржақ қорытындыларын ғылыми дәлелдермен әшкерелейді. Біздің
зерттеу тақырыбымызға қатысты мәселелер бұл зерттеулерде қосалқы мазмұнда
қарастырылғанымен олардың Ташкент қаласындағы қайраткерлік қызметі жан-
жақты ашылады.
Сонымен бірге отан тарихында жаңа көзқарас тұрғысында жазылған
монографиялық еңбектер қатарында М. Қойгелдиевтің еңбегінде [12] Түркістан
ұлттық элитасының көрнекті өкілдері М. Шоқай, С. Қожанов, Т. Рысқұловтардың
Ташкент қаласындағы қайраткерлік қызметтері кеңінген қамтылған.
Отан тарихында ұлт-азаттық қозғалыстың тарихын зерттеудің қазіргі
заманғы теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырған С.Ф. Мәжитовтың [13]
зерттеу еңбектерінде Түркістан өлкесіндегі ұлт-азаттық қозғалыстың
ерекшеліктері мен сипатты белгілері талданумен бірге Ташкент қаласының
Оңтүстік Қазақстан аймағының саяси орталығы ретіндегі рөлі айқындалады.
А.И. Исмаиловтың [14] зерттеу еңбегінде Түркістан республикасының
құрамындағы қазақ облыстарының тарихы кеңестік биліктің орнауы, ұлттық-
территориялық межелеу үрдісімен бірге Т. Рысқұлов пен Н. Төреқұловтың
Ташкент қаласындағы қоғамдық-саяси қызметін жаңа деректік құжаттар
негізінде қарастыруымен ерекшеленеді. Ал Орта Азия мемлекеттік
университетінің Қазақстанның қоғамдық-мәдени өміріндегі рөлі тақырыбын
арнайы желі етіп қарастырған Б.Б. Еңсеповтың [15] зерттеуінің де
мәселесінің тарихнамалық негізін жаңа деректік мәліметтермен жаңалағандығын
атап айтуымызға болады.
Қалатану (градоведение) мәселесін зерттеу отандық тарих ғылымы
дамуының іргелі бағыттарының біріне айналып отыр. Бұл бағыттың теориялық-
әдіснамалық негізінің қалыптасуына үлкен үлес қосқан Ж.Қасымбаев болды.
Оның еңбектерінде Шығыс Қазақстандағы қалалар және Ақмола қаласының ХІХ ғ.-
ХХ ғ. бас кезіндегі сауда, өнеркәсіп, қоғамдық-мәдени орталық ретіндегі
рөлі айқындалды. Осы бағыттағы жұмыстар Орынбор қаласының қазақ-орыс сауда
қатынастарының орталығы ретінде қалыптасуы тарихына қатысты А.Б.
Кушпаеваның, Ом қаласының ХІХ ғ соңы мен ХХ ғ бас кезіндегі тарихын дербес
желі ретінде қарастырған Г.М. Рахимованың зерттеулерінде одан әрі жалғасын
тапты. Қалатану мәселесінде осындай елеулі зерттеу еңбектердің болуына
қарамастан Ташкент қаласының қазақ халқының тарихындағы алар орны мен
атқарған рөлін арнайы қарастырған еңбектердің жоқтығын айтуға болады.
Демек, өз зерттеуімізді осы мәселеге арнай отырып, Ташкент қаласының
тарихына арналған іргелі тарихнамалық еңбектер алдағы уақытта қалыптасатын
болады деп есептейміз.
Патшалық Ресейдің үстемдігі тұсындағы Ташкент қаласының қазақ
зиялыларын қалыптастырудағы орны атты алғашқы тарауда Ташкент қаласының
Түркістан генерал-губернаторлығының саяси-әкімшілік орталығы ретінде
қалыптасуының тарихы деректік негізінде қарастырылды.
Өлкедегі ең ірі саяси-әкімшілік және сауда орталығы болып қалыптасқан
Ташкент қаласы генерал-губернаторлықтың саяси-әкімшілік орталығы ретінде
таңдалды. Қаланың географиялық орналасуы және аймақтағы ірі қалалардың бірі
болуы оның өлке орталығы болып қалыптасуына әсер етті. Ташкент
қаласын ескі қала және жаңа қала деп аталатын бөліктерге бөлінді. Ескі
қала бөлігінде - жергілікті халықтар - өзбектер, тәжіктер, қазақтар
мекендеді де, қаланың жаңадан салынған бөлігіне еуропалықтар орналасты. Бұл
жағдай қаланың коммуникациялық құрылымының қалыптасуына ұлттық теңсіздік
сипат берді.
Қаланың билігін орыстардың уысынан шығармау үшін оларға артықшылықтар
қарастырылды. Қалалық дума мүшелерінің үштен бірі қаланың азиялық
бөлігінен... Оның тұрғындары арасынан сайланады, ал қалған үштен екісі
қаланың орыс бөлігінен тек қана өз тұрғындары арасынан сайланады деген
талап ұлттық элита өкілдерінің жергілікті халықтың саяси құқын қорғауда
көтерген саяси дәлелдерінің біріне айналды.
Қаланың еңбекші халқы қалалық салықтарды төлей алмайтындар ретінде
Думаға сайланбады. Ташкент қалалық Думасының қызмет істеген кезеңінде
жергілікті халықтың көп санды болғандығына қарамастан қала басы (қалалық
Дума төрағасы мағынасында – Л.Р.) лауазымын атқарған 9 тұлғаның 8-і
еуропалық ұлттардың өкілдері болуы отарлық биліктің жергілікті ұлттың
өкілдеріне сенімсіздікпен қарағандығын көрсетеді.
Өлкедегі ұлттық демократиялық күштердің өз елінің болашағын Ресейде
жаңа мемлекетік құрылым қалыптастыратын Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының
шешімдерімен байланыстыруы европалық үлгідегі саяси күштердің қолдауына ие
болды. Осы жағдай Ташкент қалалық думасы төрағасына Мұхитдин Хановтың,
Уақытша Үкіметтің Түркістан Комитетінің құрамына М. Тынышпаевтың, М.
Шоқайдың тағайындалуы сияқты нақты әрекеттерден көрініс тапты. Ұлт
өкілдерін биліктің жоғары эшелонына тартудың бұл эволюциялық жолы ұлттық
элитаның үмітін, бұқара халықтың сенімін оятты.
Жергілікті тұрғындардың өкілдері азсанды болса да қалалық өзін-өзі
басқаруға тартылуы олардың саяси белсенділігінің артуына, қоғамдық өмірге
араласуына ықпал жасады.
Ташкент қаласындағы ұлт зиялылары саяси күрестегі парламентаризм
қағидаларын меңгеруде Қалалық дума қызметінің тәжірбиелеріне сүйенді.
Отарлық билік жүйесінің қоғамды жаңалау саясатының қарама-қайшылықты
сипаты оның практикасында бірден көзге шалынды. Атап айтқанда, өлкенің бай
табиғи ресурстарын игеру өлкенің экономикасына орасан зор көлемде қаржы
салуды қажет етті. Экономиканы модернизациялауға жұмсалған үкіметтік
шаралардың қайтарымы адам факторының қатысынсыз тиімді бола
бермейтіндігінен отарлық билік өлкеде экономиканың қандай саласына болса да
білікті жұмыс күшін дайындауға мүдделі болды. Осы қажеттілік Түркістанда
білім беру ісін салыстырмалы түрде қарқынды дамытуға алып келді. 1899 ж.
Ташкент қаласындағы Ер балаларға және қыздарға арналған училищелер, реалды
училищелер және мұғалімдер семинариясымен бірге 17 орта дәрежелі оқу
орындары болса, олардағы 1663 оқушының 183-і жергілікті ұлттың өкілдері
болды [16].
Отарлық билік жергілікті ұлт өкілдерінің орыс тілінде сауат ашуына
мүдделі болды. 1880 жылдардан соң өлкеде қалалық училищелердің жанынан
бұратаналардың орыс тілінде сауат ашуына арналған кешкі клубтар ашыла
бастаған. 1885 ж. өлкедегі 15 қалалық училищелерде осы тәсілмен 260 адам
білім алған. Ташкент қалалық училищесінің өзінде 15-41 жас аралығында осы
жылы 35 жергілікті ұлт өкілдері білім алған, олардың 10 сарт, 5 татар, 20
қазақ жастары болды [17].
Ресейдің отарлауына дейін Түркістанда халық ағарту ісінің негізгі түрі
дәстүрлі мектептер мен медреселер болды. Отарлық әкімшілік дәстүрлі оқу
түрінің қызметін шектеу арқылы ұлттық мәдениеттің негізін шайқалтуға
ұмтылды. XX ғ. басында өлкедегі дәстүрлі білім беру жүйесінде 5892 мектеп
пен 353 медресе жұмыс істеді. Жергілікті тұрғындардың сауаттылық деңгейінің
жоғары екендігін патша әкімшілігінің өзі мойындады.
Сауаттылықтың жоғары деңгейі отарлық биліктің қаупіне де негіз болды.
Отарлық билік барлық ұлттық мектептерден, соның арасында жадиттік
мектептердің де қызметінен жастарды ұлттық рухта тәрбиелейді, ұлттық сана
қалыптастырады, сол арқылы отаршылыққа қарсы күресті күшейтеді деп
қауіптенді. Осы қауіптің алдын алып, ол мектептердің қызметін шектеуге
байланысты әрекет жергілікті зиялылар мен діндарлардың қатты наразылығын
тудырды. Миссионер Ильминскийдің жүйесімен жақсы таныс болған Кауфман Орта
Азия халықтарының діни істеріне қол сұқпай жергілікті мұсылман
мектептерінің маңызын төмендетудің өзіндік теориясын жасады.
Қаладағы оқу орындарының қатарында 1876 ж. алғашқы ерлер және әйелдер
гимназиясы ашылды. Бұл гимназия 1879 ж. 6 кластық, 1881 ж. 8 кластық болып
құрылымдық тұрғыда жетілдірілді. Осы гимназияныда 1902-1910 жж. М. Шоқай
оқып, үздік дипломмен бітіріп шықты. Одан сәл ертерек осы гимназияда оның
жерлестері ағайынды Жорабек, Бабабек Есеновтер оқыды. Ташкент қаласындағы
оқу орындарында білім алған қазақ жастарының қатарынан отарлық езгі
жағдайындағы қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғауда белсенділік танытқан
қазақ қайраткерлері шықты.
1879 ж. 30 тамызда Ташкент қаласында 4 жылдық мұғалімдер симинариясын
ашылды. Бұл семинарияны әр жылдары Түркістан ұлттық элитасының жарқын
тұлғаларына айналған Қ. Ибрагимов, С. Лапин, С. Өтегенов, Қ. Қожықов, С.
Қожановтар бітіріп шықты.
Семинарияға оқуға түскендердің көпшілігі мұғалім болудан бой тартты
немесе стипендия алғандығы үшін міндетті түрде жұмыс істеу мерзімі біткен
соң мұғалімдікті тастап, жалақысы жоғары, қызмет бабында өсуіне мүмкіндік
беретін қызметтерге ауысып кетіп жатты. Өйткені, өлкедегі отарлық билік
органдары мен жеке фирмаларда жергілікті тілді жетік білетін қызметкерлерге
деген сұраныс үлкен болатын.
Түркістан мұғалімдер семинариясындағы стипендия алатын оқушылардың
үштен бірі жергілікті ұлттық өкілдері болуы тиіс еді. Шын мәнінде 1879-1904
ж.ж. семинарға түскен 415 адамның 384-і орыс, (83,9 %), 54-і қазақ (13%), 9-
ы өзбек (2,2%), 3-і татар (0,7%), 1-і түркмен (0,2%) болды. Осы мерзімде
оқу бітірген 254 тәрбиеленушінің 39-ы ғана немесе 11,4% жергілікті ұлт
өкілдері, олардың 1-і өзбек, қалғандары қазақ болды [18, 155 б.]
Түркістандағы ұлттық білім беру жүйесі және оның қалыптасуы мен
дамуында ұлт зиялылары елеулі еңбектер атқарды.
Оқу орындарының шоғырлануы Ташкентті ірі ғылым орталығына айналдырды.
Ташкент қаласындағы ең алғашқы ғылыми мекеме - 1868 ж. 22 қаңтарда құрылған
Түркістан статистикалық комитеті болды. Бұл ғылыми мекеме Материалы для
статистики Туркестанского края деген атпен 5 томдық жинақ жариялады [18,
-160 б.]
1895 ж. Ташкент қаласында Археология әуесқойларының Түркістан
үйірмесі атты жергілікті ғылыми ұйым құрылды. Үйірме құрылтайшыларының
бірі В.В. Бартольд еді. Ол 1902 ж. 3 қаңтарында құрылған Шығыстану
қоғамының Ташкент бөлімінің де белді мүшелерінің бірі болды.
Отарлық биліктің қоғамды жаңартудағы әрекеті жергілікті ұлттардың
мүддесіне сай келмегендіктен қоғамдық қарсылықтарға негіз болды. Ұлт
зиялылары қарулы күрестен саналы түрде бас тартып, халықтың саяси санасын
көтеруді алдына басты мақсат етіп ұстады.
Бұқаралық ақпарат құралдарынан өлкеде ең алғашқы қазақ тіліндегі
баспасөз органы ретінде 1870 ж. Түркістан уалаятының газеті жарық көре
бастады. 1870-1882 жж. жарық көрген газет Жетісу және Сырдария облыстарына
кеңінен тарады.
Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін-ақ Ташкент қаласындағы ұлт
қайраткерлерінің бағдарламалық құжаттарында отаршылдыққа қарсы саяси
күрестің дәлелдері айқындалып, билікті конституциялық жолмен реформалау
идеясының негізі қаланды. Бұл әрекетте Алаш зиялыларының жұмылдырушылық
қызметі елеулі болды. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс аяусыз басып-жаншылуына
байланысты жергілікті тұрғындар өкілдерінің талап етуімен тамыз айының
соңында Ташкентке Мемлекеттік Дума делегациясы келді. Делегация құрамы А.Ф.
Керенский, М. Шоқай және Қ.М. Тевкелеев Ташкентпен бірге Самарқанд, Жызақ,
Андижан, Қоқан қалалары мен кейбір ауылдық жерлерді аралады. 15 тамыз бен 2
қыркүйек аралығында өлкедегі қанды оқиғалардың салдарымен танысқан
делегация басшысы А.Ф. Керенский Мемлекеттік Дума мәжілістерінің бірінде
Түркістан мәселесін арнайы сөз етті.
Түркістан өлкесінде ХХ ғ. бас кезінде жергілікті халықтардың түрлі
саяси, ағартушылық ұйымдары құрыла бастады. Ағартушылық мақсатта құрылған
бұндай ұйымдар өлкедегі қоғамдық-саяси даму барысында өз қызметінің ауқымын
кеңейтіп, отаршылыққа қарсы күрес дәлелдерін бағдар етіп, қуатты
қозғалыстарға ұласа бастады. Ташкент қаласы Түркістан өлкесінің саяси-
әкімшілік орталығы болғандықтан деп ондағы қоғамдық-саяси даму практикасы
жергілікті ұлт өкілдерінің арасынан білімді де сауатты, европалық мәдениет
жетістіктерін меңгерген қоғамдық-саяси белсенділігі жоғары интеллигенцияның
қалыптасуына тарихи алғышарт жасады. 1917 ж. наурызында құрылған Шурои
Исламия ұйымы қоғамдық-саяси дамуға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz