Жануарларда қорғаныш реңдер мен тұрпаттардың пайда болу жолдары



1 Жасырушы рең.
2 Көлеңке көмескілеуші рең
3 Ала.құла рең
4 Демонстрация
5 Белгілі бір заттарға еліктеуіш ұқсастық
6 Қолданылған әдебиет
Қорғаныш реңдер мен қорғаныш тұрпаттар жануарларда кең етек алған құбылыс, бұл олардың әр түрлі систематикалық топтарында кездеседі. Қорғаныш реңдер мен қорғаныш тұрпатқа жануарлардың тіршілігін сақтап қалуына себеп болатын реңдер мен тұрпаттардың бәрі жатады. Тіршілік сақтау әр түрлі жолмен жүреді. Оны мынадай төрт топқа бөлуге келеді. 1) бүркеніш, 2) демонстрация, 3) белгілі бір заттарға еліктеуіш ұқсастық, 4) мимикрия.
Бүркеніш. Жануарларды қоршап тұрған орта жағдайында, оларды көзге түсірмейтін реңдерінің бәрі бүркеніш болуға жатады. Бүркеніш реңінің табиғатта кең етек алған үш тобы бар: 1) жасырушы рең, 2)көлеңке көмескілеуші рең, 3) ала-құла рең.
Жасырушы рең. Бұған фонға сәйкес келетін бояу жатады. Жануардың осындай бояуы қоршаған ортаның фонымен үйлесіп, оны көрсетпей жасырып тұрады. Көптеген жағдайда жануардың реңі тұрпаты мен кейпіне сәйкес келеді. Жасырушы рең табиғатта шектен тыс өте кең тараған. Шөптесін жамылғының арасында мекендеуші насекомдардың көбінің реңі (шегіртке т.б ) сол жердің шөбімен түстес келеді. Ағаш діндерінде көптеген қоңыздар (ұзын мұртты-қоңыз, қарағай бізтұмсығы) және басқа жасырынатын көптеген насекомдар бір түсті бояулы барлық денесі ағаш қабығының түсімен тамаша үйлесіп тұрады. Қурап түсіп жатқан емен жапырақтарының арасында жүрген жылқышы құстың, қант қамысы мен қамыста жүрген әупілдектің реңдері сол жерге сәйкес келгендіктен көзге түспейді.
Әрбір экологиялық жағдайларда, сол жерге сәйкес жасырушы рең басым болады. Мысалы құмды шөлдерде құмға түстес реңдер басым; Қиыр Сібірдегі фауналарда ақ түс басым келеді.
Көптеген жағдайда реңдер маусымдық сипатта болады.Мысалы, қыста қар түсетін жерлерде мекендейтін жануарлардың жүнінің түсі қысқа қарай өзгереді.
Жағдайға сәйкес тез реттеліп отыратын жасырушы реңнің өте күрделі түрі бар. Бұл, жануар тканьдеріндегіарнаулы клеткаларда- храмосомаларда пигмент түйіршіктерінің қозғалып орын алмастыру қабілетінің болуына байланысты. Бас аяқты маллюскаларда бұл процесс жақсы зерттелген; оларда денесінің түсін тез өзгертіп жіберу қабілет бар. Мысалы, аспанның және судың түсінің өзгеруіне сәйкес кальмарлардың реңі өзгере салады. Кальмардың хроматикалық органдары өте күрделі құрылымды және арнаулы пигментті клеткалар тобынан құралып, бұларға нервтермен байланысты бірсыпыра ет талшықтары жанасып жатады. Осындай талшықтың жиырылуынан пигментті клетка керіледі, және ондағы пигменттер таралып, осыған дейінгі көлемінен үлкен көлемді орынға ие болады. Бұған керісінше, ет талшықтары босап кеткенде клетканың беткі қабаты жиырылып, ондағы пигменттер аз орын алады. Сөйтіп, бұл жағдайда түс өзгерісін нерв системасыбасқарып отырады. Бас аяқты моллюскалар сияқты, балықтар (камбала, көптеген тропиктік балықтар), амфибиялар (мысалы көлбақа) және рептилиялар (кейбір кесірткелер, хамельон т.б.) реңдерін су түбінің түсіне сәйкес тез өзгертіп отырады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жануарларда қорғаныш реңдер мен тұрпаттардың пайда болу жолдары

Қорғаныш реңдер мен қорғаныш тұрпаттар жануарларда кең етек алған
құбылыс, бұл олардың әр түрлі систематикалық топтарында кездеседі. Қорғаныш
реңдер мен қорғаныш тұрпатқа жануарлардың тіршілігін сақтап қалуына себеп
болатын реңдер мен тұрпаттардың бәрі жатады. Тіршілік сақтау әр түрлі
жолмен жүреді. Оны мынадай төрт топқа бөлуге келеді. 1) бүркеніш, 2)
демонстрация, 3) белгілі бір заттарға еліктеуіш ұқсастық, 4) мимикрия.
Бүркеніш. Жануарларды қоршап тұрған орта жағдайында, оларды көзге
түсірмейтін реңдерінің бәрі бүркеніш болуға жатады. Бүркеніш реңінің
табиғатта кең етек алған үш тобы бар: 1) жасырушы рең, 2)көлеңке
көмескілеуші рең, 3) ала-құла рең.
Жасырушы рең. Бұған фонға сәйкес келетін бояу жатады. Жануардың
осындай бояуы қоршаған ортаның фонымен үйлесіп, оны көрсетпей жасырып
тұрады. Көптеген жағдайда жануардың реңі тұрпаты мен кейпіне сәйкес келеді.
Жасырушы рең табиғатта шектен тыс өте кең тараған. Шөптесін жамылғының
арасында мекендеуші насекомдардың көбінің реңі (шегіртке т.б ) сол жердің
шөбімен түстес келеді. Ағаш діндерінде көптеген қоңыздар (ұзын мұртты-
қоңыз, қарағай бізтұмсығы) және басқа жасырынатын көптеген насекомдар бір
түсті бояулы барлық денесі ағаш қабығының түсімен тамаша үйлесіп тұрады.
Қурап түсіп жатқан емен жапырақтарының арасында жүрген жылқышы құстың, қант
қамысы мен қамыста жүрген әупілдектің реңдері сол жерге сәйкес келгендіктен
көзге түспейді.
Әрбір экологиялық жағдайларда, сол жерге сәйкес жасырушы рең басым
болады. Мысалы құмды шөлдерде құмға түстес реңдер басым; Қиыр Сібірдегі
фауналарда ақ түс басым келеді.
Көптеген жағдайда реңдер маусымдық сипатта болады.Мысалы, қыста қар
түсетін жерлерде мекендейтін жануарлардың жүнінің түсі қысқа қарай
өзгереді.
Жағдайға сәйкес тез реттеліп отыратын жасырушы реңнің өте күрделі
түрі бар. Бұл, жануар тканьдеріндегіарнаулы клеткаларда- храмосомаларда
пигмент түйіршіктерінің қозғалып орын алмастыру қабілетінің болуына
байланысты. Бас аяқты маллюскаларда бұл процесс жақсы зерттелген; оларда
денесінің түсін тез өзгертіп жіберу қабілет бар. Мысалы, аспанның және
судың түсінің өзгеруіне сәйкес кальмарлардың реңі өзгере салады. Кальмардың
хроматикалық органдары өте күрделі құрылымды және арнаулы пигментті
клеткалар тобынан құралып, бұларға нервтермен байланысты бірсыпыра ет
талшықтары жанасып жатады. Осындай талшықтың жиырылуынан пигментті клетка
керіледі, және ондағы пигменттер таралып, осыған дейінгі көлемінен үлкен
көлемді орынға ие болады. Бұған керісінше, ет талшықтары босап кеткенде
клетканың беткі қабаты жиырылып, ондағы пигменттер аз орын алады. Сөйтіп,
бұл жағдайда түс өзгерісін нерв системасыбасқарып отырады. Бас аяқты
моллюскалар сияқты, балықтар (камбала, көптеген тропиктік балықтар),
амфибиялар (мысалы көлбақа) және рептилиялар (кейбір кесірткелер, хамельон
т.б.) реңдерін су түбінің түсіне сәйкес тез өзгертіп отырады.
Көлеңке көмескілеуші рең. Мұндай жағдайда белгілі оптикалық жағдай
мен рең қорғаныштық сипат алады. Көлеңке көмескілеуші реңді жануарларда
арқа жағы қоңырқай, ал бауыр жағы ақшыл болып келеді, бұл жұлдызқұрттарда,
балықтарда, жыландарда және көптеген сүт қоректілерде (бұғы, қоян т.б.) жиі
кездеседі.
Осындай реңді жануардың үстінен түскен жарық арқасының реңін
ашыңқырайды да, бауыр жағына көлеңке түсіреді, жарықтың осындай
эффектілігінің нәтижесінде дененің реңі біркелкі болады; осы кезде сырттан
қарағанда жануар денесінің пішіні жалпайып, қоршаған фонымен үйлесе
қосылып, көзге түспей қалады.
Ала-құла рең. Мұнда жануар денесіндегі әркелкі теңбіл және жолақтар
ала-құла құбылысты болып, осының нәтижесінде тұтас дене көзге түспей, оның
шатырман реңі зейін аударып кетеді. Сөйтіп мұнда оптикалық эффектімен
психологиялық себеп ұштасып, реңге ерекше мәнер береді. Ала-құлалықта
контраст неғұрлым күшті болса, соғұрлым оның эффектісі де күшті болады.
Насекомдарда, амфибияларда және сүт қоректілерде осындай рең кең көлемде
тараған. Көптеген шегірткелер мен көшпелі шегірткелердің денесінің және
аяқтарының жолақтары, оның денесін бөлшектеп, үздіктендіріп көрсетеді.
Тауқұдірет пен жылқышының басы мен қанаттарындағы ақ жолақтары да осындай
роль атқарады.
Жануар денесінің жолақтары немесе теңбіл тізбегі денеге перпендикуляр
орналасса, ерекше эффект береді.
Осы тұрғыдан қарағанда мысалы жолбарыс пен зебірдің жолақ мәнерлері
ерекше пайдалы. Бір жерде қозғалмай тұрған күйінде зебрлер, осындай реңіне
байланысты тіпті ашық жерде 50 м қашықтықтан көзге түспейді.
Демонстрация. Бұл жасырушы реңге қарама-қарсы құбылыс. Мұнда қызыл
қара ақ түстер; сол сияқты сары, қара және ақ түстер; қызғылт сары және
қара түстер бір-бірімен кезекті үйлесіп жануарға ашық рең береді. Жалпы
мұндай рең организмнің жеуге жарамсыздығымен ұштасады, осыған орай бұл
сақтандырғыш рең делінеді. Сақтандырғыш реңді насекомдар- салдат қандала,
қан қызы, теректің жапырақ жегіші, күлдіреткіш қоңыз, алда көбелек және әр
түрлі жабайы аралар мен бал аралар мысал болады. Бұлардың қанынан улы зат
немесе жеркендіретін ерекше иісті зат болуымен байланысты, жеуге жарамсыз
болады. Көбіне айқын рең кенет көрініп үркітеді; бұл кезде дененің бір
бөлігі жасырушы реңді, ал басқа бөлігі демонстрациялық реңді болып
көрінеді. Мысалы, орден таспалары деп аталатын көбелектер де және
бұзаубастардың үстіңгі қанаттары жасырушы реңді, астыңғы қанаттары
сақтандырғыш реңді болады. Күндіз тыныштық жағдайда көбелектер қанаттарын
қомдап ағаш діңінің қабығына жабысып отырады, бұл жағдайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Насекомдардың басты дұшпаны насекомдар
Өсімдіктердің суыққа төзімділігі
Сезім мүшелері
Табиғи және қолдан сұрыптау
«Ағзаның шартты – рефлекторлық қызметтері және оның нейрофизиологиялық механизмдері»
3ds max программасымен жұмыс істеу
Эпителиалды тіндер
Вакцинация
Пробиотиктер, пребиотиктер және симбиотиктер
Қорқыныш туралы жалпы ұғым
Пәндер