Лексика - семантикалық, фонетикалық - орфограммалық және грамматикалық варианттардың ерекшеліктерін саралап көрсету, нормадан ауытқу немесе сай келу заңдылықтарын талдау және варианттарды кодификациялаудың теориялық негіздерін іздестіру


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
1. ТІЛДІК НОРМА ЖӘНЕ ВАРИАНТТЫЛЫҚ ҰҒЫМЫНА СИПАТТАМА . . .
1. 1. Тілдік норма туралы ұғым . . .
1. 2. Сөз варианттары ұғымына сипаттама . . .
1. 3. Варианттылық және оларды кодификациялаудың негіздері . . .
2. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЖАРЫСПА ТҰЛҒАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТІЛДІК НОРМАДА ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛДАРЫ . . .
2. 1. Сөз варианттарының түрлері және олардың тілдік нормада қалыптасу жолдары . . .
2. 2. Лексикалық, фонетикалық және грамматикалық варианттардың қалыптасу жолдары . . .
2. 3. Кісі есімдеріндегі жарыспа тұлғалар және оларды қолдану ерекшеліктері . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Елдің егемендігін, мемлекеттің тәуелсіздігін баянды етудің аса маңызды факторларының бірі - ұлттың тұтастығы мен бірлігі. Ал ұлттың ыдырамас тұтастығы, мызғымас бірлігі, түптеп келгенде, ұлт тілінің тұтастығы оның әдебилігімен тығыз байланысты. Өйткені ұлтты ұйыстыратын, оны өзге этностардан өзгешелігі мен айырмасын айқын аңғартатын негізгі белгісі де, бет - бедері де оның тілі, әсіресе ұлттық әдеби тілі. Халықтың ғасырлар бойы келе жатқан тіліне, оның дәстүрлі нормаларына сүйене отырып, ұлы суреткерлер, мәдениет, ғылым, қоғам қайраткерлері қазақтың ұлттық әдеби нормаларының жетіліп, дамып, саралана түсуіне, оның бейнелілігі мен орамдылығының арта беруіне зор үлес қосты.
Қазақ тіліндегі варианттылық проблемасын арнайы зерттеп, монографиялар жазған И. Ұйықбаев, С. Бизақов сияқты ғалымдар болды. И. Ұйықбаев: «Вариант сөзінің ауқымы кең жатады, өйткені ол барлық жарыспалы сөздерді қамтиды, ал дублет көбінесе лексика - семантикалық дәлме - дәлдікті білдіру үшін қолдынылады» деген пікірді айтады. Зерттеуші С. Бизақов А. А. Реформатский, Н. М. Шанский, Рогожникова, И. А. Короленко сияқты зерттеушілердің вариант пен дублет терминдерін орыс тіл білімінде ажыратып қолдану туралы пікірлерін келтіріп, бұл терминдер жайында бірсыпыра толығырақ мағлұмат береді де, қазақ тіліндегі еңбектерде бұл екі терминнің ара - жігі ашылмай, қабат алынып келе жатқанын білдіреді. Бұл зерттеуші де «вариант» пен «дублет» құбылыстарын бір - бірінен ажыратып танытатын белгілерді атап, фонетикалық дублеттер мен сөздің дыбыстық варианттарына жеке - жеке сипаттама береді. Ұсынылып отырған жұмыста біз варианттылық құбылысының зерттелу тарихын, таным деңгейін тәптіштеп толық баяндауды мақсат етпей, қазақ тілінің бүгінгі әдеби нормасы тұрғысынан келгенде, варианттар, дублеттер, қосар сөздер, жарыспа сөз (тұлғалар) деп атап жүрген тілдік элементтерді қалайша танып, жіктеуді қарастырамыз.
Қазақ тілінде сөз варианттары мен дублет сөздер көп. Бұлардың көпшілігі әлі күнге іштей сараланбаған. Оған байланысты әртүрлі пікір баршылық. Әсіресе вариант сөздерді сөздікте беруде кереғар пікірлер бар. Кейбіреулер варианттардың әдеби нұсқасын сөздікке ендірейік те, қалғандарын ескіртіп барып қолданыстан мүлдем жояйық дегенді айтады. Мұның дұрыс жағы да, бұрыс жағы да бар. Нормативті орфографиялық сөздікте вариант біткеннің бәрін қаптата бермей, оларды іштей саралап, ең қажетті дегендерін ғана көрсету жөн сияқты. Ал көптомдық түсіндірме сөздікте вариант біткендерді барынша мол қамтып, оларды стильдік белгілер арқылы саралап көрсету өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - лексика - семантикалық, фонетикалық - орфограммалық және грамматикалық варианттардың ерекшеліктерін саралап көрсету, нормадан ауытқу немесе сай келу заңдылықтарын талдау және варианттарды кодификациялаудың теориялық негіздерін іздестіру.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- сөз варианттары қарастыратын мәселелерін анықтау, нақтылау; “жарыспа тұлғалар” ұғымына анықтама беру; оның негізгі аспектілерін көрсету;
- жарыспа тұлғалардың тіл білімінің теориялық саласы ретінде қалыптасуының алғышарттарын көрсету;
- сөз варианттарына түрлеріне сипаттама жасау; кодификациялаудың негіздерін айқындау;
- лексикалық, лексика - семантикалық, лексика - фонетикалық сөз варианттарының тілдік нормада қалыптасу жолдарын анықтау;
- фонетикалық - орфограммалық, грамматикалық сөз варианттарының қолданылу ерекшеліктерін айқындап, талдау жасау;
- есімдердегі жарыспа тұлғалардың қолданылу ерекшеліктерін айқындап, мәнін түсіндіру;
- тілдің даму үрдісіне сәйкес өзгерістерді айқындау және варианттарды кодификациялау;
Зерттеудің нысанасы мен пәні. Ауызша және жазбаша формадағы сөз варианттарының қолданысы - зерттеудің нысанасы, ал зерттеудің пәні - олардың жасалу, жұмсалу, қабылдау ерекшеліктері.
Варианттылық құбылысын сөз еткенде зерттеушілер варианттылықты тудыратын факторлар, оның ішінде тілден тыс тұратындары, варианттылықтың әлеуметтік лингвистика тұрғысынан қарағанда туындайтын проблемалары деген жайттарға көңіл аударуды ұсынады. Бұлардан басқа ситуативтік варианттар, әдеби тіл мен диалектілер тұрғысынан алғандағы варианттылық мәселелері зерттеуші назарынан тыс қалмауы керек. Біздің бұл жұмыстағы негізгі нысанамыз да осы - тілдік бірлік - тұлғалардың ваианттылығын және норма мәселелерін зерттеу ұсынылады. Демек, вариант құбылысын әдеби норма қырынан қарастырар болсақ, алдымен тағы да кейбір терминдерді айқындап алу қажет. Ол - вариант және дублет терминдері. Зерттеушілердің басым көпшілігі, оның ішінде бұл екі сөздің терминдік мәндері бірдей деп қарайды, яғни бірінің орнына екіншісін жұмсау жиі кездеседі. Тепе - тең мағыналас қатарлар болмағанмен, ажыратылып, екеуі екі бөлек тұрақты термин болғанға дейін, осылайша алма-кезектеп жұмсай беруге де болады.
Зерттеудің материалдары. Зерттеу жұмысында мерзімді басылымдар мен баспа өнімдері, оқу құралдары, БАҚ-ның тілдік материалдары және нормативті сөздіктердің материалдары пайдаланылады.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу жұмысында салыстыру, талдау, саралау және жалпылау тәрізді жалпы ғылыми әдістермен қатар формалды тілдік талдау әдісі, салыстырма - тарихи әдіс, тілдік аналогия жасау, тілдік модельдеу әдісі сияқты лингвистиканың өзіндік әдістері мен тәсілдері қолданылады.
Зерттеудің жаңалықтары. Сөз варианттарының тілдік нормада қалыптасу жолдары және кісі есімдерінде қолданылу ерекшеліктері жұмыстың негізгі жаңалықтарының бірі болып табылады.
Тілдегі варианттылық лексикалық бірліктердің мағыналық дәлдігін сақтай отырып әр түрлі құбылыстардың ықпалымен өзінің қалыпты тұлғасынан басқа бірнеше дыбыстық вариантта айтылуы мүмкін. Қазақ тілінде варианттардың фонетикалық, лексикалық, семантикалық, морфологиялық, синтаксистік, орфографиялық және орфоэпиялық түрлері бар. Ана тілдегі сөздерден жасалған есімдер әдетте тұрақты болып келеді де көп өзгеріске түспейді, дыбыстық құрамы бұзылмайды. Сол себепті де көп вариантты болмайды. Өзге тілден енген есімдердің сол енген тілінің икеміне бейімделуі заңды құбылыс. Шет тілдерден енген есімдер дыбыстық өзгеріске жиі ұшырап түрлі вариантта айтылады және заңды құжаттарда қолданылады. Шет тілдерден еніп бейімделген есімдер семантикалық, морфологиялық және көп жағдайда фонетикалық өзгеріске ұшырап отырады.
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі тараудан, алты тараушадан және қорытындыдан, сонымен бірге пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ТІЛДІК НОРМА ЖӘНЕ ВАРИАНТТЫЛЫҚ ҰҒЫМЫНА СИПАТТАМА
1. 1. Тілдік норма туралы ұғым
Норма - тілдің «туа біткен» қасиеттерінің бірі іспетті. Ол белгілі бір реттілік, жүйелілік құбылыс ретінде ауызекі сөйлеу тіліне де («халықтық тілге» де), әдеби тілдің ауызша қолданысына да, жазба тілге де тән. Әдетте «норма» сөзін терминдік мағына емес, қалыпты бейтарап сөз мәнінде жұмсасақ, белгілі бір «тәртіп, жүйелілік, дұрыстық» деп ұғынамыз. Ал тілге келгендегі бұл сөздің ұғымы «жалпы тәртіптілік» дегенмен қоса, терминдік мәнге ие болатындығы мәлім.
Тілдік норманың табиғаты екі түрлі: бірі тілдің өзінде қалыптасқан нормалар және ереже бойынша ұсынылған нормалар. Соңғыларды «ереже бойынша» деп атауымыз шартты. Бұл жердегі «ереже» дегеніміз - грамматика оқулықтары мен әр алуан сөздіктер. Мысалы, қазақ тіліндегі септеу, жіктеу парадигмалары, сын есім шырайлары, етістіктің етіс тұлғалары, шақтық мағыналары, жұрнақтар арқылы жаңа сөздің жаслуы сияқтылар «туа біткен» - яғни өте ертеден тілдң өзінде қалыптасқан, әдеби орныққан, тілдің өз табиғатына тән жүйеге айналған заңдылықтар. Ал -мен (-пен, -бен) шылауын қосымша ретінде танытып, 7-көмектес септіктің көрсеткіші деп ұсыну, оны септік парадигмасының өзге жалғаулары сияқты сөзге қосып жазу нормасы - «қолдан жасалған», яғни ережемен реттелген норма. Сол сияқты екі түбірдің ұзақ уақыт бойы бірігіп айтыла-айтыла, дыбысталуы жағынан кірігіп (өзгеріп, қысқарып), бір мағынаны білдіретін бір лексикалық тұтастық (бірлік) ретінде қалыптасуы - тіл табиғатының өзінде пайда болған норма; мысалы, бүгін (бұ+күн), биыл (бұ+йыл), әкел (алып+кел), түрегел (тұра+кел), қайтіп (қалай+етіп), сөйтіп (солай+етіп), белбеу (бел+бау) деген сөздердің о баста екі түбірден бірігіп пайда болған сөздер екенін бірден сезе бермейміз, өйткені бұлар тілдің «о бастан келе жатқан» нормативті дүниелері, ал өнеркәсіп, кәсіподақ, ойталқы, жолсапар, гүлдесте, гүлшанақ сияқты тіркестерді біртұтастық деп тану - ереже арқылы ұсынылған норамалар, яғни бұларды біріккен сөз деп біріктіріп жазу бүгінгі лексика - семантикалық, орфографиялық нормалар болып шығады.
Әрине, «реттілік, жүйелілік» дегеннің өзі тіл қолданысының көрсетілген түрлерінде болсын, тілдің әлеуметтік - тарихи қызмет барысында болсын, біркелкі, бір сипатта болмайды, оның үстіне нормалылықтың белгісі тілдің лексика, грамматика, тіпті фонетика сияқты қаттауларының бірінде «көрінеу», «қатаң» болып тұрса, екіншілерінде «солқылдақтау», «босаңдау» болып келуі де заңды. Мысалы, ауызекі сөйлеу тілінде жалғаулық шылаулардың қолданылуы сиректеу ұшырасады, олардың орнын интонация немесе синтаксистік құрылым сияқтылар басуы мүмкін: дәрі ішіп алдым - басым ауырып тұр, бұл - ауызекі сөйлеу актісінде, ал жалпы кодификацияланған ереже бойынша: дәрі ішіп алдым, өйткені басым ауырып тұр немесе дәрі ішіп алдым, себебі басым ауырып тұрғаны деп құрылуы тиіс. Сол сияқты сөз варианттарының еркіндеу қолданылуы ауызекі сөйлеу тілінде де, шаршы топ алдындағы сөзде де жазба әдебиет тіліне қарағанда жиірек орын алады. Бұл жерде лексикалық норманың «босаңдығының» ғана емес, стильдік талаптың да ролі болады. Айталық, ауызекі сөйлеу тілінде дөрекі, қарапайым, жергілікті сөздер және бөгде тілдік сөз қатары әлдеқайда еркін жұмсаса, жазба тілдің шаршы топ алдындағы қолданысында немесе публицистикалық үлгілерде (газет - журнал беттерінде) бұлардың орын алуы мейлінше шектеулі, жоққа тән болуы керек, бірақ мұның барлығы да өз орындарында, өз салаларында норма болып табылады.
Жалпы әдеби тіл мен сол тілдің көркем әдебиетінің нормалары да бірдей емес, соңғыда әдеби нормадан «ауытқу» сияқты болып көрінетін сәттер аз кездеспейді, бірақ бұл «ауытқулар» көркем әдебиет тілі үшін норма болып саналады. Мысалы, шылау - жалғау болып қызмет ететін мен (пен, бен) тұлғасының менен (пенен, бенен) варианты, есімшенің -тын (-тін) деген көрсеткішінің -тұғын болып қолданылуы, едім, келіп, айтқанмын сияқты етістіктердің ем, кеп, айтқам болып кездесуі публицистикалық, ғылыми және кеңсе - іс қағаздары стильдері үшін норма емес болса (оны М. Балақаевтың жалпы әдеби тіл үшін бейнормалық санауы жаңсақтық), көркем әдебиет, әсіресе поэзия тілі үшін - норма. Егер бұлар әдеби тіл үшін бейнормалық, ауытқушылық болса, ұлы Абайдың өлеңдері мен қара сөздері әдеби тіл үлгісіне жатпаған болар еді, өиткені көрсетілген тұлғалардың барлығы ақынның поэзиясы мен прозасының тілінде «тұнып тұр», оларды Мұхтар Әуезовтың «Абай» эпопеясы сияқты көркем туындылары мен көркем публицистикасы тілінен де молынан кездестіреміз. Демек, әдеби тіл нормалары тілдің функционалдық стильдеріне қарай ажырату қажет: бірінде қатаң болып келетін норма екіншілерінде босаңдайды(ауытқу сияқты болып көрінеді) . Бірақ қай - қайсысы да өз саласында норма, әғни уәжді, орынды қолданыстар болып танылады. Сөйтіп, жүйелілік, реттілік болып танылатын норма тілдің барлық көрінісінде, яғни қолданысының барлық түрінде орын алатын тілдік, әлеуметтік категория. Сөйтіп, тілдік норма дегеніміз - көпшіліктің қатынас құралы ретінде тілдің қолданысында оның әлдеқайда орныққан, дәстүрлі құралы, амал - тәсілдері, тәртіптері: норма тіл - тілдің қай - қайсысында да даму (қызмет ету) кезеңдерінің баршасына тән құбылыс.
Норма деп тану үшін «әлеуметтік бағалау», яғни сол тілде сөйлейтін қалың жұртшылықтың «дұрыс не дұрыс емес, жағымды, әсем не жағымсыз, орынды не орынсыз» деген танымы, бағасы болуы керек. Нормалылық танымына тұрақтылық, (стабильность) дәстүрлілік, көпшілікке біршама ортақтық белгілер де кіреді. Бұлар - тілдегі нормалылықтың әлеуметтік категория ретіндегі белгісі. Тілдік норма құбылысын зерттеушілерінің айтуына қарағанда, норма мәселесіне тек сөздердің, грамматикалық амал - тәсілдерінің, тілдік құрылымдарының жүйелі түрде, біршама орныққан, көпшілік дұрыс, әсем деп тапқан қолданыстары ғана емес, осындай қолдыныстардың таңдалып алынуы мен қолданыс барысының тенденциясы, яғни бағыт - бағдары, өмір - шеңдігі, уәжділігі, әлеуеті (потенциалдығы) деген мәселелер де кіреді. Сондықтан «қазақ тіл мәдениеті», оның «тілдік нормалары» деген проблемаларын сөз еткенде, бұл салаға катысты зерттеулер жүргізіп, мақалалар мен диссертациялар жазғанда, кітаптармен құралдар ұсынғанда, бұларға қатысты мәселелердің тек бүгінгі күй - жайы, бары - жоғы туралы ғана емес, әрі қарайғы барысы мен бағыты да сөз болуы керек. Тілдік нормалардың өзін ғана көрсетіп қою, яғни бүгінгі лексикалық, грамматикалық, стильдік нормаларды атап, әр алуан ережелер жинағы мен сөздіктер түзу жеткіліксіз. Бұлардың әр қайырғы қолданылу, қырлану, өзгеріс - жаңалықтарға ие болу бағыты (тенденциясы) қандай деген пікірлер мен ұсыныстар болуы қажет. Әсіресе жазудың жаңа түріне - латын графикасына көшуге дайындық барысында да, көшу процесінде де, ол жазуды өмірде, тәжірибеде орнықтыру жұмыстарында да тілдік норма мәселелері айрықша мәнге ие болары сөзсіз, бұл орайда орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды бірден дұрыс көрсетудің, оны қолданыста берік орнықтырудың тек тілдік емес, әлеуметтік маңызы өте зор болмақ.
Қазақ емлесі мен сөзді дұрыс дыбыстауға қатысты күні бүгінге дейін орын алып келген қиындықтардың түп - төркіні 1929 жылы араб жазуынан латынға, 1940 жылы латыннан кириллицаға көшкен кезде әрі қауырттықтан (екі сәттің де саясат тоқпағынан «от ала келгендей » тездікпен орындалғанын білеміз), әрі сол кезде тіл, сөзді дұрыс айту мәдениеті дегендердің ғылыми танымдары қалыптаса қоймағандығынан туған жайттарда жатқанын айту керек. Тіпті бұл күндердің өзінде тіл мәдениетінің, оның өзекті проблемасы норма дегеннің теорялық негіздері түгел қаланып, практикалық шешімдері түгел жүзеге асып болған дей алмаймыз. Норманы сөз еткенде, әрдайым оның жалпы ұғымын, мән-мағынасын әңгімелеп қана қоймай, оны ажыратып (дифференциялап) қарастыру керек: әуелі ауызша тіл мен жазбаша тілдің нормалары, сондай - ақ функционалдық стильдердің әрқайсысының нормалары дегендерді бөліп - бөліп алу қажет. Әрине, бұл нормаларды бір - бірімен астаспайтын, бірімен - бірі байланыспайтын оқшау - оқшау автономиялар деуден гөрі, түп - тамыры ортақ «үлкен үйден» өрген отаулар деп таныған жөн, өйткені әдеби норманың өзегі (ядро) стильдік жағынан бейтарап, «көпшілік қолды» тіл элементтері болады. Барлығы жиылып келіп бүгінгі ұлттық әдеби тілдің, оның ауызша және жазбаша түрлерінің қолданылу жүйесін, тәртібін білдіреді. Сондықтан, зерттеушілердің танымына қарағанда, тілдегі нормалық үш тағанға орналасады: бірі - қандай да бір норма, негізінен, сол тілдің табиғатына, құрылымына сәйкес болуы, екіншісі - қатынас құралы ретінде көпшілікке ортақтығы, қайталанып келіп отыратындығы, үшінші таған - белгілі бір кезеңдегі әлеуметтік талғамның сол қолданысты дұрыс деп тануы. Соңғы таған ол нормаларды мақұл деп тануға, кодификациялауға алып келеді. Тілдің өзінде болатын табиғи норма мен кодификация тепе - тең құбылыстар емес, кодификация дегеніміз сөздерді орнымен қолдануды, сөзжасам тәртіптерін, сөз өзгерту жүйесін, сөздері тіркестіру мен сөйлем құрастырудың ережелерін заңдастырып, қалыптастырып хатқа түсіру, басқаша айтқанда, қабылданған тілдік нормалардың оқулықтарда, сөздіктерде, анықтағыштарда әр алуан ережелер түрінде ұсынылуы. Бірақ кодификация дегеннің өзі де қатып қалған зат емес: азды - көпті орын алып жататын өзгеріс - жаңалықтарға байланысты және экстралингвистикалық факторларға орай уақыт озған сайын кодификацияның да ішінара қырланып, өңделіп, толықтырылып отырылуы заңды.
Тілдік нормалардың анықтала, тұрақтана түсуі және олардың әлеумет тарапынан мақұлдануы, осылардың нәтижесінде қалыптастырылып хатқа түсуінің - кодификациялануының бүгінгі қазақ тілі үшін мәні өте - мөте зор. Мемлекеттік мәртебеге ие болып, әлеуметтік қызмет өрісі кеңейе түскен бүгінгі тіліміздің лексика - фразеологиялық қазынасы малығуда; сөз жасаудың грамматикалық, семантикалық мүмкіндіктері күшеюде; функционалдық стильдердің белгілері анықтала түсуде; тілдің ауызша жұмсалу процесінде орфоэпиялық заңдылықтары айқындалуда; жазу мәдениетіне, яғни ғылыми негізде түзілген орфографиялық нормаларды жүйелі сақтау талабы алға тартылуда - міне, осылардың баршасы тіліміздің лексикалық, грамматикалық, стильдік, орфографиялық, орфоэпиялық нормаларының мақұлданған, заңдастырылып хатқа түскен кодификациясын жақсы көрсетіп, дұрыс танытуды қажет етеді. Жалпы тілдің өзінде қалыптасқан нормалар мен кодификацияланған, оның ішінде ереже бойынша ұсынылған нормалардың арасында айырма болады. Тілдің өз нормасы әлдеқайда тұрақты, көбіне - көп ұзақ сақталған құбылыс, ал кодификацияланған норманы бұзып қолдану тәжірибеде аз кездеспейді.
Тілдік нормаларды тіркеп, реттеп жүйеге келтіріп отыру және оларды кодификациялау - жазба әдеби тілдің шаруасы (бұл қағиданы орыс тіл білімпаздары баса айтады) . Бұған қазақ тілінің 1940жылы кириллицаға көшкен кезінен бермен қарай алғашқы орфографиялық нормаларының екі рет: 1957 және 1983 жылдары елеулі түзетулер жаңғырғаны дәлел бола алады, соған сәйкес түзіліп, жарық көрген емле сөздіктерінің (оларды «Орфографиялық сөздік» деп ғылыми түрде атап келеміз) : 1941, 1948, 1963, 1968, 1972, 1978, 1988 жылдары жарық көрген басылымдарын жай көзбен салыстырып қарағанның өзінде, оның ішінде толық түрде ресми басылым ретінде алғашқысы 1963 жылдар үш рет түзетіліп, толықтырылып басылған емле сөздіктеріндегі сөзтізбеде (реестрде) берілген сөздердің түрлері, ұяда берілген тіркестер, кейбір сөздерге қосымша жалғану үлгілері арасында айтарлықтай өзгерістер бар екені де жоғарғы пікірдің айғағы болады.
Кодификацияланған нормалардың азды-көпті өзгеріске ұшырап отыруы - тәжірибе талабынан туған заңды құбылыс болса, тілдің табиғи өзінен туындайтын құрылымдық модельдерден ауытқушылық та орын алып жататындығын айтуға болады. Мысалы, жіңішке сөзге немесе соңғы буыны жіңішке дауыстыға аяқталатын сөздерге қазақ тілі қосымшаларының да жіңішке түрде жалғануы - табиғи норма, құрылымдық модель. Айталық, күнә - күнәлі, күнәсіз, куә - куәлік, Күләш - Күләштің. Ал кейбір қосымшалар, мысалы, барыс жалғауы немесе етістік тудыратын -ла (-ле, -да, -де, -та, -те) жұрнағы жуан түрде жалғануға бейім: күнәлау, Күләшқа, куәландыру. Мұндай ауытқуларға емле ережелерінің де тигізетін ықпалы бар, яғни күнәға, куәландыру деп жазу нормасы солай дыбысталуға дағдыландырады және оны орфоэпиялық норма ретінде тұрақтандыра түседі. Қазақ тілінің үндестік заңдылығын бұзып ұсынылған нормалар әсіресе кірме сөздерге, кірме элементтерге (жұрнақтарға) қатысты болып келеді. Мысалы, кірме -паз, -қор, -қой жұрнақтары жіңішке сөздерге де осы жуан түрінде жалғанады немесе -гер деген жұрнақ жуан сөздерге де жіңішке жалғанады: өнерпаз, сәнқой, шәйқор, саудагер. Сірә, бұл тәрізді сәйкессіздіктер, яғни қазақ тілінің үндестік заңдарына бағынбай қолданылудың уәжінде (мотивациясында) тілдің өзіне тән кейбір модельдер жататын болуы керек. Айталық, мен (бен, пен) көмектес жалғауының (оның түп-төркіні шылау екені мәлім), -нікі (-дікі, -тікі) қосымшасына жуан вариантының, -қой (сәнқой) сияқты бірен-саран жүрнақтардың жіңішке вариантының жоқтығы бұлардың да қазақ тілінің фонетикалық нормасына сай келмейтінін көрсетеді. Ал бұларды сөзден ажыратылмайтын қосымша деп танып, біріктіірп жазу - кодификацияның жемісі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz