Қазақ тілінің өзге түркі тілдерімен ортақ тұстары


І. Кіріспе 2
ІІ. Негізгі бөлімі
а) Қазақ тілінің өзге түркі тілдерімен ортақ тұстары 5
б) Туыстас тілдердің сөзжасам жүйесі 7
в) Қазақ және түрік тілдеріндегі ортақ сөздер 11
г) Туыс түркілер арасындағы термин жасам 17
ІІІ. Қорытынды 20
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер 22
Қай тілдің болмасын сөзжасам жүйесі ұзақ уақыттың ішінде қалыптасқан, ол қысқа, аз уақыт ішінде тез қалыптаса қоятын құбылыс емес. Түркі тілдерінің ең көне жазба ескерткіштерінің тілі бұл мәселеге толық куә бола алады. Көне жазба ескерткіштер тілінде негізгі түбір сөздермен қатар туынды сөздер болғаны белгілі. Олар: туынды түбір, күрделі сөз, бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы түрінде кездеседі. Басқаша айтқанда, көне жазба ескерткіштер тілінде жаңа сөз жұрнақтар арқылы (тір-іг, біл-іг, ур-уш, иел-ме, өт-унч), сөздердің тіркесуі арқылы жасалды. (күнтұз, Темір-қапығ, Қара-құм, Ілтеріс, арқыш-тіркес, секіз он, йеті йуз), сол сияқты бір сөздің бірнеше мағынада қолданылуы да сол кездің сөзжасам жүйесіне жатады:[қат] 1)қабат, қатар; 2)жеміс; 3)жануардың аты; 4)қату; 5)араластыру. Келтірілген мысалдар көне түркі тілінде сөзжасамның морфологиялық, синтаксистік, семантикалық тәсілдері болғанын анық көрсетіп тұр.[1,70]
Тілдің сөзжасам жүйесі көне құбылыстарға жатады, ол күмән туғызбайды. Өйткені сөз жасаушы тұлғалар сөзжасаудың тәсілдері, үлгілері күнде кұбылатын, күнде жаңаратын құбылыстар емес. Тілдің сөзжасам жүйесі тілдің даму әрекетінен де тыс қала алмайды. Сондықтан сөзжасам жүйесінде де өзгеріс болып тұрады, бірақ ол өте баяу болады және ол, тілде бар үлгілердің белгілі бір кезеңде белсенді қызмет етуі арқылы, ол қызметтің бәсеңдеуі арқылы, не сөз мағынасының кеңеюі, кейбір сөзжасамдық түрлердің қолданудан шығуы сияқты т.б. өзгерістер арқылы болады. Мысалы: көне жазба ескерткіштер тіліндегі туынды сөздер саны бір емес, қазіргі тіл туынды сөздерге өте бай. Тілдің туынды сөздермен толығуының тілден тыс жағдайларға қатысын былай қойғанда, оның сөзжасам жүйесіне де тікелей қатысы бар.
Көне жазба ескерткіштер тілінде сөзжасамның морфологиялық тәсілі болды, бірақ сөз тудырушы жұрнақтары санаулы ғана еді. Ал, қазірде морфологиялық тәсіл сөзжасамда үлкен қызмет атқарады, бірақ көне жазба ескерткіштермен салыстырғанда, қазіргі тіл сөз тудырушы жұрнаққа ете бай, сөзжасам құрамы түрлі жұрнақтар арқылы толыққан. Сөзжасамдық жұрнақтардың тілге қосылғанын көне жазба ескерткіштер тілі мен қазіргі тілді салыстыру арқылы көру жеңіл, осы екі арада талай ғасырлар өткенін еске алсақ, олардың әр кезеңінің тілдің сөзжасам жүйесінің қалыптасуына да, сөздік қордың баюынада үлесі болғаны анық көрінеді. Сөйтіп тілдің сөзжасам жүйесінің толығып отыруы, сөзжасамдық заңдылықтардың тілде орнығып, қалыптасуы баяу болса да, тіл дамуында үнемі болып отыратын құбылыс екені даусыз. Бірақ ол ерекше жылдамдықпен болатын құбылыстарға жатпайды. Соңғы 40-50 жылдың ішінде қазақ тілінің сөзжасам жүйесіне қосылған жұрнақтар өте мардымсыз. Жаңа жұрнақтар арқылы сөзжасам жүйесінің баюы, толығуы тез болып тұратын құбылыс емес. Тілімізде - хана сияқты жаңа жұрнақтың қосылуы, пайда болуы өте сирек құбылыс. Алғаш біріккен сөздің бір сыңары ретінде қызмет атқарған бұл морфема кейін жұрнаққа айналғаны белгілі. Бұрын шайхана, асхана, жатақхана, наубайхана, кітапхана, баспахана сияқты аздаған сөзде қолданылатын бұл морфема бірте-бірте қолданылу аясын кеңейтіп, қазір өнімді жұрнаққа айналды.
1. Күлтегін //Ертедегі қазақ әдебиеті. Хрестоматия.- Алматы,1967. - 75-806.
2. Қоңыратбаев, Ә Қазақ эпосы және түркология. - Алматы. - Ғылым, 1987. - 25-31 б.
3. Мыңжан, Н. Қазақтың қысқаша тарихы.- Алматы, 1994ж. - 103-1246,
4. Омарова.Г, Шарабасов. С. Қазақ әдебиетінің тарихы. - Фолиант, 2007. - 2506.
5. Сыздыкова, Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы. - Алматы, 1993. - 61-806.
6. Турсынов, E Древнетюркский фольклор: истоки и становление.- Алматы. - Дайк-Пресс, 2001.-18-376.
7. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989. 82-846.
Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен
фразеологиясы. - Алматы: Санат, 1997.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 900 теңге
бот арқылы тегін алу ауыстыру

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Мазмұны:
І. Кіріспе 2
ІІ. Негізгі бөлімі
а) Қазақ тілінің өзге түркі тілдерімен ортақ тұстары
5
б) Туыстас тілдердің сөзжасам жүйесі 7
в) Қазақ және түрік тілдеріндегі ортақ сөздер 11
г) Туыс түркілер арасындағы термин жасам 17
ІІІ. Қорытынды 20
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер 22

Қазақ тілінің бастауы - түркі тілдері
Қай тілдің болмасын сөзжасам жүйесі ұзақ уақыттың ішінде қалыптасқан,
ол қысқа, аз уақыт ішінде тез қалыптаса қоятын құбылыс емес. Түркі
тілдерінің ең көне жазба ескерткіштерінің тілі бұл мәселеге толық куә бола
алады. Көне жазба ескерткіштер тілінде негізгі түбір сөздермен қатар туынды
сөздер болғаны белгілі. Олар: туынды түбір, күрделі сөз, бір сөздің бірнеше
мағынада қолданылуы түрінде кездеседі. Басқаша айтқанда, көне жазба
ескерткіштер тілінде жаңа сөз жұрнақтар арқылы (тір-іг, біл-іг, ур-уш, иел-
ме, өт-унч), сөздердің тіркесуі арқылы жасалды. (күнтұз, Темір-қапығ, Қара-
құм, Ілтеріс, арқыш-тіркес, секіз он, йеті йуз), сол сияқты бір сөздің
бірнеше мағынада қолданылуы да сол кездің сөзжасам жүйесіне жатады:[қат]
1)қабат, қатар; 2)жеміс; 3)жануардың аты; 4)қату; 5)араластыру. Келтірілген
мысалдар көне түркі тілінде сөзжасамның морфологиялық, синтаксистік,
семантикалық тәсілдері болғанын анық көрсетіп тұр.[1,70]
Тілдің сөзжасам жүйесі көне құбылыстарға жатады, ол күмән туғызбайды.
Өйткені сөз жасаушы тұлғалар сөзжасаудың тәсілдері, үлгілері күнде
кұбылатын, күнде жаңаратын құбылыстар емес. Тілдің сөзжасам жүйесі тілдің
даму әрекетінен де тыс қала алмайды. Сондықтан сөзжасам жүйесінде де
өзгеріс болып тұрады, бірақ ол өте баяу болады және ол, тілде бар
үлгілердің белгілі бір кезеңде белсенді қызмет етуі арқылы, ол қызметтің
бәсеңдеуі арқылы, не сөз мағынасының кеңеюі, кейбір сөзжасамдық түрлердің
қолданудан шығуы сияқты т.б. өзгерістер арқылы болады. Мысалы: көне жазба
ескерткіштер тіліндегі туынды сөздер саны бір емес, қазіргі тіл туынды
сөздерге өте бай. Тілдің туынды сөздермен толығуының тілден тыс жағдайларға
қатысын былай қойғанда, оның сөзжасам жүйесіне де тікелей қатысы бар.
Көне жазба ескерткіштер тілінде сөзжасамның морфологиялық тәсілі
болды, бірақ сөз тудырушы жұрнақтары санаулы ғана еді. Ал, қазірде
морфологиялық тәсіл сөзжасамда үлкен қызмет атқарады, бірақ көне жазба
ескерткіштермен салыстырғанда, қазіргі тіл сөз тудырушы жұрнаққа ете бай,
сөзжасам құрамы түрлі жұрнақтар арқылы толыққан. Сөзжасамдық жұрнақтардың
тілге қосылғанын көне жазба ескерткіштер тілі мен қазіргі тілді салыстыру
арқылы көру жеңіл, осы екі арада талай ғасырлар өткенін еске алсақ, олардың
әр кезеңінің тілдің сөзжасам жүйесінің қалыптасуына да, сөздік қордың
баюынада үлесі болғаны анық көрінеді. Сөйтіп тілдің сөзжасам жүйесінің
толығып отыруы, сөзжасамдық заңдылықтардың тілде орнығып, қалыптасуы баяу
болса да, тіл дамуында үнемі болып отыратын құбылыс екені даусыз. Бірақ ол
ерекше жылдамдықпен болатын құбылыстарға жатпайды. Соңғы 40-50 жылдың
ішінде қазақ тілінің сөзжасам жүйесіне қосылған жұрнақтар өте мардымсыз.
Жаңа жұрнақтар арқылы сөзжасам жүйесінің баюы, толығуы тез болып тұратын
құбылыс емес. Тілімізде - хана сияқты жаңа жұрнақтың қосылуы, пайда болуы
өте сирек құбылыс. Алғаш біріккен сөздің бір сыңары ретінде қызмет атқарған
бұл морфема кейін жұрнаққа айналғаны белгілі. Бұрын шайхана, асхана,
жатақхана, наубайхана, кітапхана, баспахана сияқты аздаған сөзде
қолданылатын бұл морфема бірте-бірте қолданылу аясын кеңейтіп, қазір өнімді
жұрнаққа айналды.
Мысалы: емхана, дәрэхана, дәмхана (закусочная), дәрісхана
(аудитория), перзентхана (роддом), т.б. талай сөздің жасалуына қатысты, ол
сөзжасамдық белсенді қызметке көшті.Тілдің сөзжасам жүйесінің күрделенуі,
баюы, толығуы көбіне сөзжасамдық жұрнақтардың мағыналық құрамының кеңеюі
арқылы да болады, сөзжасамдық жұрнақтардың ішінде әр түрлі мағына беретін
жұрнақтар жиі кездеседі. Мәселен, -ыс, -іс жұрнағы тілде түрлі мағыналы
атаулар жасайды. Мысалы, ағыс, тігіс, сөгіс сияқты туынды сөздер мен жеңіс,
тыныс шабыс деген туындылардың мағынасы бір емес. Бұлардың алғашқыларында
нақты заттық ұғым болса, соңғыларында дерексіз заттық ұғым басым. Бұлардың
бәрінде де бір ғана жұрнақ қолданылып тұрғаны анық. Бұл арада бір жұрнақтың
мағынасы кеңейгенін көріп тұрмыз. Бұл жағдай тілде қосымшаның қызметін
арттырып, оның қолданылу мүмкіндігін күшейтіп тұр.
Қосымшалардың мағына жағынан дамуы өте ерте басталған. Мысалы, -ғы,
-қы қосымшасы ең көне жазба ескерткіш - орхон жазбаларында да әрі заттық
мағына әрі сындық мағына берген. Ал, -ығ, -іг жұрнағы көне жазба
ескерткіштердің өзінде көп мағыналы қосымша болған: ол біліг сөзінде
дерексіз заттық ұғым жасаса, учук дегенде жанды заттың атын жасаған, яғни
ол кұс деген сөз. Сондай-ақ бітіг дегенде жазу, жазба деген ұғым беріп,
жоғарыдағы келтірілген мағыналардан да басқа ұғым туғызып тұрғаны көрініп
тұр.[1,72]
Бұдан шығатын қорытынды Орхон жазбалары кезеңінде қосымшалардың
семантикалық жағынан дамуы басталған. Бұл құбылыс тілдің даму тарихында
үздіксіз жүріп отырған, сондықтан оны тіл дамуына тән негізгі
заңдылықтардың бірі ретінде қараған дұрыс. Қазіргі тіліміз көпмағыналы
қосымшаларға өте бай: -дық-дік, -тық-тік, -лық-лік жұрнағы қазақ тілінде
екі сөз табына жатады. Олар - зат есім және сын есім.
Жазба ескерткіштерде -лық жүрнағы заттық және сындық мағына ғана
берген. Оның қалған мағыналарының бәрі -кейін қосылған мағыналар.
Казақ әдебиеттанушылары Орхон жазбаларын қазіргі түркі әдеби
дәстүрлеріне ұластыра зерттеуде көбінесе жанрлық сәйкестіктерді тауып, сол
жағынан жанастырады. Мысалы, қазақ фольклорындағы жоқтау, шешендік арнау
жанрларының көрінісі Күлтегін, Тоныкөк ескерткіштерінен табылады дейді.
Сонымен қатар тілдік көркемдеуіш кұралдардың ішінде риторикалық сұрауларға
құрылған паралеллельдер (көктен тәңірі баспаса, төменде жер айырылмаса, ел-
жүртыңды кім қорлайды), антитезалы параллельдер (азды көп қылдым, кедейді
бай қылдым; биікте көк тәңірі, төменде қара жер), стереотип қайтаулар (Бек
үлдары қүл болды, пәк қыздары күң болды; бастыны еңкейткен, тізелені
бүктірген) орын алғандығын көрсетіп, олардың қазақ ауыз әдебиетіндегі
(эпостарындағы) аналогтерімен шендестіреді.
Құлпы тастардағы Күлтегін, Тоныкөк, Білге қағандар жайындағы жазу-
сызулар жоқтау, мадақ ретінде айтылған шешендік сөз үлгілері, өлеңдік
ұйқастар, мақал-мәтелді тіркестер болғандықтан, қазақтардағы ақын- жыраулық
өнердің кейбір тәсілдері мен эпос жырларына тән көркемдік дәстүрдің кейбір
нышандары Орхон-Енисей ескерткіштері тілінен байқалады. Мысалы,
ескерткіштерде тұрмыс-салт жырлары мотиві (айталық, жоқтау мотиві) бар
дегенді Жирмунский, Бертельстер атаған болатын.
Қазақ зерттеушісі әрі тіл маманы әрі әдебиетанушы Қ. Өмірәлиев
Тоныкөк ескерткішінде дидактикалық-философиялық шешендік толғау үлгісі
қазақ жыраулары айтқан толғаулардың қайнар көзі екенін дәлелдей келіп,
олардағы әдеби тілге тән көркемдеуіш-бейнелеуіш модельдердің, ырғақ
желісінің кейінгі қазақ поэзиясы тілінен табылатындығын көрсетеді.
Бұл зерттеушінің тануы бойынша, ежелгі түркі халықтары VII- VIII
ғасырларға дейін-ақ ауызша поэзияның жетілген түрлерін жасап үлгірген, яғни
оларда тұрмыс салт-жырлары, ерлік - жоқтау өлеңдер, дидактикалық шешендік
толғаулар болған ...
Ал бұлардың тілдік-көркемдік үлгісі қазақтың ауызша дамыған авторлары
поэзиясынан да, ескі жазба дәстүрінен де табылады деген түйінге келуге
болады. Ал жалпы тілдік оның ішінде әдеби тілдік белгілерді іздеуге бастысы
дәстүрлілік, нормалылық болғандықтан, соларды көрсету керек болады. Және
оларды тілдің барлық қаттауынан: фонетикасынан, лексикасынан,
грамматикасынан, әдеби көркем құралдарынан іздеу қажет.[1,75]

Қазақ тілінің өзге түркі тілдерімен ортақ тустары
Көне түркі жазбалар тіліндегі қазіргі тілдерге ұқсастық, іліктестік
белгілерін қазақ тіліне қатыстыра сөз етсек, мыналарды айтуға болады:
дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке болып, төрт жұп құрауы: а-э(е), ы-и(і), о-
е,ұ-ү және олардың позициялық орындары қазақ тілімен бірдей болып келеді.
Қазақ тілінде өзге түркі тілдеріндегі ш -мен келетін сөздер с-мен келетін
болса, көне түркі тілінде екеуі де қатар келгенін көреміз: іш-іс, кіші-
кісі, йаш-жас, аш-ас,барш-барыс, адаш-адас (жолдас), беш-бесинч.
Сол сияқты e мен и (i) дыбыстары да көне түркі ескерткіштері тілінде
жарыса қолданылған (ел-ил, бер-бир, йеті-йіті, кет-кит ), е-мен келгендері
жалғасын қазақ (және эзірбайжан, түрік, өзбек) тілінен табады. Екінші
буында у (у.) ү дыбыстарының орнына қысаң ы, i дыбыстарының келуі де (үчүн-
үчін, тоқуз-тоқыз, оғлум-оғлым, буңусуз-буңсыз) бүгінгі ізін қазақ тілінен
көре алады. Сонор р, л, н дыбыстарына аяқталатын сөздерге қатаң дыбыстан
басталатын қосымшаның жалғануы (келті, болтым, анта, адырылтым) көне
түркілерде басым болса, бұл заңдылық қазақ тілінде тек қалдық ретінде
сақталған (шідерті, жиынтық).[5,65]
Әрине, көне түркілік сөздердің барлығының тұлғасы (бітімі) қазіргі
қазақ тілімен бірдей түсе бермейді: бұлардағы таг, багыр, мүгіз, өгүр
сияқты ғ дыбысымен келетін сөздер қазақ тілінде бұл күнде й не у-мен
келетіні мәлім (may, бауыр, мүйіз, үйір). Сол сияқты ескерткіш тілінде д-
мен келетін тулғалар қазақ тілінде й-мен келетінін білеміз (ада -қайақ,
адырыл-айырыл, ұлгад-ұлгай).
Орхон жазбалары тілінде орын алған сингармонизм құбылысы, яғни көп
буынды сөздердің алдыңғы буынындағы дауыстының жуан-жіңішкелігі соңғы
буындарға әсер ететіндігі (сөздің біркелкі, бір қатарлы дауыстыларды
қабылдайтыны: баглар, білга, өлум сансыз, атлығ), алғашқы буынында еріндік
дауысты дыбыс келетін сөздердің екінші буынында еріндік емес, езулік
дауыстының келуі (бунсыз, оғлына, тутдым; буңсуз, оғлуңа, тутдум емес), сөз
буындарының құрылымдық + типтері (дауысыздардың орналасу тәртібі: дауысты +
дауыссыз + дауысты, дауысты + дауыссыз., дауыссыз+дауысты+дауыссыз), ғ, r,
n, p дыбыстарының сөз басында кездейспейтіндігі - осылардың барлығы қазіргі
қазақ тіліндегі әдеби нормаға сәйкес келеді.
Морфология саласында тәуелдік категорияның грамматикалық тұлгасы-І,
ІІ, III жақтық тәуелдік жалғаулары, септік жалғауларының (барыс септіктің -
ғару игеру, табыстың -ығіг түрінен басқасы) қазақ тіліндегі
көрсеткіштеріне сай келеді. Жіктеу есімдіктерінің мен, біз, ол болып, сұрау
есімдіктерінің на, анча, өздік есімдіктерінің өз, өзүм болып көрінуі де
қазіргі түркі тілдерінен, оның ішінде қыпшақтық тұлғалардан көп айырмасы
жоқ.
Әрине, бүгінгі қазақ тіліне тэн емес морфологиялық тұлғалардың бұдан
он екі ғасыр бұрынғы ата-бабаларымыз тілінде орын алғандығын білуіміз
керек. Мысалы есімшенің -мышміш (-мыс,-міс), -чы (-чі)
тұлғалары,көсемшенің -ы-і,-уү (-башлайу-бастап, алы-алып, іті-істеп) т.б.
Лексика-тілдің өте құбылмалы қаттауы екені мәлім, сондықтан Орхон-
Енисей ескерткіштері тілінің лексикасы мен қазіргі түркі тілдері арасындағы
өзгешеліктердің едәуір болуы заңды. Сөйтсе тұрасына жазулы, көне түркі
ескерткіштер тіліндегі жеке сөздердің көпшілігінің мағыналық және тұлғалық
бітімі жағынан қазіргі бірқатар түркі тілдеріндегі, соның ішінде қазақ
тіліндегі сөздермен бірдей (ұқсас) түсетіндігі байқалады. Оларды
зерттеушілер: адамдарға және туыстық қатынастарға байланысты сөздер: ата,
қатун, қыз, іңі, сіңлі, келін, йегін (жиен), оғұл (ұл); табиғат
құбыластырына қатысты сөздер: йер, тағ, қар, құм, т.б. қазақ тіліне тән
екендігін, бірлі-жарым фонетикалық айырмасы болмаса, негізінен сол қалпында
сақталғандығын көрсетеді.
Зерттеуші Ә.Құрышжанов пен М.Томанов Орхон-Енисей ескерткіштері
тіліндегі қазіргі қазақ тілінен тұлғалық әрі мағыналық жағынан ұқсастығы
(сәйкестігі) айқын ешқандай айырмашылығы жоқ сөздер деп 130 сөзді, ал
қазіргі қазақ тілімен салыстырғанда кейбір фонетика ерекшелігі бар сөздер
деп 397 сөзді, тұлғалықта, мағыналық жағынан да ұқсастық таппайтын сөздер
311 сөзді тізіп көрсетеді. Қай түркі тілі болмасын өздерінің лексикалық
қазынасында көне сөздерді ішінара сақтап қалғандығы да байқалады. Мысалы
қазақ тілінде мүлік мағынасындағы көне түркілік барым, шақыру
мағынасындағы оқу, сөйлеу, сөз мағынасындағы саб (сөз саптау-сөз сөйлеу),
кедей мағынасындағы шығай (Шығайбай, Шықбермес) деген сөздер тұрақты
тіркестердің құрамында немесе жалқы есімдердің аталуында сақталған.[5,67]

Туыстас тілдердің сөзжасам жүйесі
Сөзжасам - тіл білімінің ең жаңа жас саласы. Сөзжасам тілдегі жаңа
сөздерді зерттейді. Бұған қарап, жаңа сөздің тілге ену, жасалу сияқты т. б.
мәселелері бұрын зерттелмеген, назардан тыс қалған деуге болмайды. Бұған
дейін сөз тудыру тәсілдері, жолдары морфологияның, ал сол арқылы тілге
енген жаңа сөздер лексикологияның обьектісі ретінде қаралып келді. Соңғы
кездері ғана сөзжасам жаңа сала ретінде зерттеле бастады. Сөзжасам
мәселесіне қатысты зерттеулер оның тілдің өзге салаларынан бөлініп, жеке
зерттеу обьектісіне айнала бастағанын көрсетеді. Дегенмен, сөзжасам қазақ
тілінде лингвистиканың фонетика, лексикология, грамматика секілді бір
саласы ретінде емес, тіл білімінің әр саласының жеке-жеке тарауларында
қаралып жүр. Қазақ тілінде сөзжасамның аналитикалық және синтетикалық тәсіл
арқылы жасалған түлері грамматиканың, ал лексика-семантикалық түрі
лексикологияның шеңберінде қаралып, сөз тудырудың негізгі мәні - жаңа сөз
жасау процесі көлеңкеде қалып келді.
Сөзжасам ілімінің негізгі объектісі оның өзіне тән сипаттарын
айқындағанда анық білінеді. Оның негізгі сипаты, мәні - жаңа мағыналы сөз
тудыру болғандықтан, сөзжасам ол сөз қалай жасалды (сөзжасамдық тәсіл
қандай?), жасалған сөздердің мағынасы қандай (дериваттық мағынасы), сол
үлгімен тағы қандай сөздер жасауға болады (сөзжасамдық тізбегі), әр сөз
табының туынды сөздерінің жасалу үлгісі ( типі) қандай деген сұрақтарға
жауап береді. Демек, сөзжасамның негізгі обьектісіне туынды сөз жатады да,
сөзжасамдық тәсілдер, сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамдық
типтер оның негізгі мазмұнын құрайды.[7,81]
Сөзжасамның негізгі обьектісін анықтау арқылы сөзжасам дегеніміз не
деген сұраққа да жауап табуға болады. Сөзжасам өз алдына зерттеу объектісі
болғандықтан, ол тіл білімінің жеке бір саласы. Ал, зерттеу объектісінің
сипаты жағынан жаңа сөздердің жасалу жолдары мен мағыналық ерекшеліктерін
зерттейді. Жоғарыда айтқанымыздай, сөзжасам бұған дейін грамматиканың
морфология саласында, жеке сөз таптарының жасалуы ретінде қарастырылып
келді. Сөзжасам - грамматикамен де, лексикологиямен де байланысты тіл
білімінің жеке бір саласы. Лексикология мен сөзжасамның байланысы екі
жақты: Тілдік единица - сөзден жаңа сөз жасалады әрі жаңа сөз сөздік
құрамның қатарына еніп, лексикологияның объектісіне айналады.
Ал грамматика— сөзжасам деп алу қиын. Себебі лексикалық единицасыз
құр грамматикалық тұлғадан жаңа сөз жасалмайды. Яғни тілдегі дайын мағыналы
сөзден грамматикалық тәсіл арқылы жаңа сөз жасалады. Грамматика лексика мен
сөзжасамның аралығында тұрады: лексика— грамматика— сөзжасам. Бұл,
біріншіден, сөзжасамның лексикамен және грамматикамен байланысын көрсетсе,
екіншіден, сөзжасамның лексика, грамматика секілді тілдің жеке саласы
екендігін, тіл қабатынан өзіндік орын алатынын танытады.
Қазақ тіл білімінде сөзжасамдық мағынаны жеке сөз етіп, таптастыруға
арналған арнайы зерттеу жоқ.. Жаңа сөз тудыру туралы әңгіме болғанда, оның
жасалу тәсілі көрсетіледі де, туынды сөздің негізгі мағынасы күңгірт қалып
қояды. Мәселен, қойшы, елші, сөздерін зат атауларынан мамандық, кәсіп иесі
т.б. мағынасын беретін -шы, -ші жұрнақтары арқылы жасалды деп түсіндіретін
болсақ, жайлау сөзін етістіктен тұйық етістікжұрнағы арқылы жасалған жаңа
сөз- зат есім деуге болмайды. Бұндағы жаңа сөз-субстантивтену
(семантикалық) процесінің нәтижесі, осындағы зат атаулары (қой, ел)
негізінде қосымша арқылы пайда болған кәсіп, мамандық иесі деген жаңа
мағына, жайлау сөзін білдіретін жазғы қоныс, орын деген мағына сөзжасамдық
мағына болып табылады.
Ал, сөзжасам тәсілдері көп зерттелгеніне қарамастан, толық шешім
таппағандығы көрінеді. Мұның себебі, сөзжасамдық тәсілдерді аналитикалық,
синтетикалық, лексика-семантикалық деп бөлудің таза структуралық сипатқа
негізделгендігінен болса керек. Мәселен, синтетикалық тәсіл бойынша белгілі
бір сөз табын тудырушы қосымшалар көрсетіледі де, олардың дериваттық
семантикасы ашылмай қалып қояды немесе белгілі бір дериваттық семантиканы
білдіретін сөздер тудыратын қосымшаларды ( -шы, -гер, -ман) топтастыру,
кейбір функциялық қосымшалардың сипатын көрсету секілді мәселелер назардан
тыс қалып қояды. Синтетикалық тәсіл арқылы жаңа сөз жасалмай, сөз түрленуі
де мүмкін: (мәселен: біз кел-ді-к.). Сондай-ақ, аналитикалық тәсіл бойынша
сөздердің қайталануы, қосарлануы арқылы жасалған сөздердің бәрі бірдей жаңа
мағына білдіре бермейді. Мәселен, тау-тас, көйлек-көншек, жан-жануар
дегендер жинақтық я жалпылық мағына берсе, мая-мая, отыз-қырық дегендер
топтау мағынасын берген, демек, бұл сөздер әр түрлі грамматикалық мағына
ғана білдіріп тұр. Түркі тілдерінің грамматикаларына ортақ жағдай:
аналитикалық тәсілдің сөздердің бірігуі, қосарлануы мен тіркесуі ретінде
көрініс табуы. Олардың ішінде тек кейбіреуі ғана сөздердің қысқаруын
анлитикалық тәсіл ретінде қарастырады. Қысқару арқылы жасалған сөздердің
дені күрделі атаулардың шартты таңбалары, техникалық себептерге байланысты
қысқарулар. Бұлар жеке сөздер ретінде өзінің толық атауынан бөлек мағына
білдірмейді. Сондықтан оларды жеке сөз, жеке тілдік единица дей
алмаймыз.[7,83]
Сөз тудырушы қосымшалардың өнімділік-өнімсіздік, құнарлық-құнарсыздық
сипаты жайында сөз етсек, қазақ тілінің грамматикаларында сөз тудырушы
қосымшалар жаңа сөз жасауға қатысына қарай өнімді-өнімсіз, құнарлы-құнарсыз
болып бөлінгенмен, оларды бұлай бөлуде неге сүйенеміз, өнімділік пен
құнарлылықтың айырмасы неде, негізгі критерийлері қандай деген мәселелер
шешімін тапты дей алмаймыз. Соның нәтижесінде белгілі бір оқулықтарда
өнімді болып көрсетілетін, болмаса, өнімді және құнарлы қосымшалар,
өнімсіз және құнарсыз қосымшалар, деп берілетін жағдайлары кездеседі.
Біздіңше, қосымшалардың өнімділік сипаты құнарлылықпен сәйкес келе
бермейді. Мәселен, -ман, -мен (Көрермен, оқырман) , -кер, -гер (Қызметкер,
суреткер,
қаламгер), -м, -ым, -ім (басылым, айналым) өнімсіз болғанымен, 60-жылдардан
беріде
құнарлы қосымшаға айналған. Өнімділіктің негізгі критерийі - қосымшаның
белгілі бір
кезеңге, мерзімге байланыссыз, жаңа сөздер жасап, сөздік құрамды толықтырып
отыруы,
жасалған сөзінің көптеп болуы, сөз жасау улгісінің болуы. Құнарлылық-
қосымшаның
бір кезеңде жаядаяуы, жаңа сөздер жасауға көптеп қатысуы, потенциялық
мүмкіндігінің
болуы, яғни белгілі бір кезең, мерзімге байланысты сапалық қасиеті.
Сөздерде кездесетін синонимдік, омонимдік, көп мағыналық қасиет
жұрнақтарда да кездеседі. Мұндай жұрнақтардың әрқайсысының беретін мағынасы
мен атқаратын қызметтерінің өзіндік ерекшеліктері бар.
Синонимдес жұрнақтардың беретін мағыналары бір-біріне жақын
болғанымен, стилистикалық ерекшелігі жағынан бір-бірінен оқшауланып тұрады.
Мысалы: тоқтыша, тоқтышақ, ботажан, ботақан; бүзауқан, бұзаушық; күшіктей,
итақай; серкеш, серкешік т.б. Мұндағы сөздердің бәрінде кішірейту мағынасы
бар. Кейбіреуінде кішірейтуден тыс еркелету, қомсыну; секілді қосымша
мағыналары да бар. Синонимдік мағына тудыратын мұндай жұрнақтарды кез-
келген жануар атауына тіркеп қолдану мүмкін емес. Қозы, бұзау тәрізді түбір
күйіндегі жануар атауларын қозықан, бұзаушақ формасында қолдану, сондай-ақ,
сүзгіш, сүзеген синонимдерінің бірінің орнына сүзгір, сүзек сөздерін
қолдану әдеби тіл нормасынан ауытқушылықты көрсеткен болар еді.
Түрік тілінде Boğa сөзінің тобына 19 сөз енеді. Boğa сөзінде екі
мағына бар: 1.жануар атауы; 2.көкжиек. -lіk жұрнағының көмегімен bogalik
(Бір жасар бұқа атауы) сөзі жасалған. Boğazla, boğazlama, boğazlanmak,
boğazlatma сөздері la, -le, -t, -ma, -me, -s, -k жұрнақтары арқылы жасалған
етістіктер. Bоğazla сөзі екі мағына береді: 1) бұқаға тән қасиет көрсету;
2) малды бауыздау. Демек, сөз құрамындағы -lа жұрнағы омоним сөздердің
жасалуына негіз болып тұр. -li, -siz жұрнақтары арқылы bogazli (бұқалы),
bogazsiz (бұқасыз) тектес сын есімдер жасалады.
Deve сөзіне қатысты қарастырылатын сөздер саны - 17. Мұның басым
көпшілігі күрделі сөздер. Dеvе, boynu (түйе мойын), deve dikenini (түйе
тікен), deve kolu (шөлдегі жүк таситын түйелер тобы), deve kim (істің
ұзаққа созылуы), deve elmasi (түйе алмасы), deve disi (түйе тіс) тектес
сөздер осының айғағы. [9,10]
Өзбек, түрік тілдерінде синтетикалық тәсіл бойынша жаңа сөз жасау
тілде жиі кездесетін құбылыс. -сіз, -дай қосымшалары арқылы сын есімдер
жасалса (бұзоқдай, отдай, сигирдай, тайлоқдай, тұядай, чучқадай, эшакдай,
хукиздай, қучордай), Сондай-ақ, -чи, -каш, -ла, -лан сияқты жұрнақтардан да
(туякаш, туячи, эчкичи, куйчи,бутала, отдан, бузоқла, хурозлан) сөздер
жасалады.
Қазақ тілінде омонимдес қосымшалар арқылы жасалған үй жануарларының
атауын жиі кездестіруге болады. Бұған дәлел ретінде қазақ тілінің -у, -ша,
-ше, -тық, -тік, -ай, -ей, -тай, -тей сияқты т.б. қосымшалары арқылы
жасалған сөздерді алып қарастыруымызға болады. Мысалы: балапандау. Сөз
соңына жалғанған -у жұрнағы бұл сөзге екі мағына үстеп тұр. Яғни
балапандау: 1) қимыл атауы; 2) жассыну. Тағы бір мысал: құ-нанша:1) үстеу,
құнанға лайық қимыл; 2) зат есі, 2-3 жасар түйенің еркегі.
Кей аффикстерде жануарлардың жыныстық ерекшеліктерін ажыратып тұратын
қасиет болады. Мысалы:құнан-құнажын, дөнен-дөнежін; Мұндағы -жын, -жін
қосымшаларында сөз тудыру қасиетімен қатар, мағына айырушылық қызметі де
бар.
-жал, -қан, -ша, -ше, -шық, -шік, -сымақ, -аи, -ей, - шақ, -қай
жұрнақтарын сөз мазмұнының тілдік формасын тудырушы аффикстері деп
қарастырып, оған төмендегіше түрлі экспрессивтік рең беретін мысалдар тобын
дәлел ретінде тізіп көрсетуімізге болады:а) кішірейту, еркелету мәнді
сөздер: ботақан, ботажан бұзауқан, бұзаушық, күшікей, текешік, тоқтышақ,
құлыншақ, серкешік т.б э)қомсыну мәнді сөздер: бұқасымақ, текесымақ
т.б.[9,15]
Сөзжасау тәсілінің екінші бір өнімді түрі- аналитикалық тәсіл. Мұның
ішінде, әсіресе, сөздердің бірігуі арқылы жасалған күрделі сөздер өте көп
кездеседі. Бұл туралы О.Д.Мешков былай деп жазған: Сөздерді біріктіру-
маңызды тәсілдердің бірі, ол арқылы және де басқа тәсілдер арқылы тіл
өзінің сөздік құрамын толықтырады, тілдің кұрылысын жетілдіреді. Мәселен,
бутакуз, итболик, итбодан, итбурун, итпашша, иттиканак, отбоқор, отқулоқ,
отчопор, сигирқуйруқ, такасоқол, туясандиқ, туятовон, уячангал, туяпойпоқ,
чучқабоқар, эчкиэмар, эчкисоқол, қузиқорин, қузиқулоқ, қуйтиканак, қуйкуз
т.б.
Түркі тіл білімінде дербес теориялық зерттеу жұмыстары бар, олардың
ішінді өзбек тіліндегі қысқарған сөздерді зерттеген З.А.Аликуловтың
еңбегін, башкұрт тілі бойынша С.Н.Мұратовтың, азербайжан тілі бойынша
М.Адиловтың жұмыстарын айрықша айтуға болады.
Қосарлану тәсілі арқылы жасалған күрделі сөздер саны біріккен сөздерге
қарағанда түрік, өзбек тілдерінде азырақ. Мәселен, от-арава, сигир-бузоқ,
гоз-гоз, от-улов, болам-бутам т.б.

Қазақ және түрік тілдеріндегі ортақ сөздер
Түрік және қазақ тілдерінде аппелятив қызметті адам есімдерімен қатар
адам есімінің орнына жұмсалатын ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Туыс халықтарға қазақ тілін ортақ сөздер арқылы үйрету
Аударматану
Латын әліпбиін оралу идеясының маңыздылығы мен ұтымды тұстары
ТҮПКІТЕК ДАУЫСТЫЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ КӨРІНІСТЕРІ
ҮІІ-ІХ ғғ. түркі жазба ескерткіштері тілін зерттеу нәтижелері - көне түркілер тілін антропоөзектік бағытта зерттеудің базалық негізі
Түркі тілдерін топтастырудың теориялық және практикалық мәселелері
Латын әліпбиіне көшу қазаққа не береді?
Ескі қазақ жазба тілі үлгілеріндегі лексика-семантикалық және сөзжасамдық ерекшеліктер
Кұрамы жағынан әртүрлі халықтардың қонысы болып, аралас-құралас отырып, тығыз қарым-қатынаста болған өңірі тұрғындары тілін зерттеу
Ісмет Кеңесбаев және тіл білімі мәселелері
Пәндер